Асқабақтың емдік қасиеті



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің Сәкен Иманасов атындағы орта мектеп КММ

Авторы: 2 А сынып оқушысы Нұрболқызы Арайлым
Асқабақтың адам денсаулығына пайдасы туралы ғылыми жұмысына
2023-2024 оқу жылы
Пікір
2 А сынып оқушысы Нұрболқызы Арайлым. Асқабақтың адам денсаулығына пайдасы туралы ғылыми жұмысында асқабақты жан- жақты зерттеген. Оның адам денсаулығына пайдасы,одан жасалатын дәрі- дәрмек түрлері,үй жағдайында қандай дәрі ретінде қолданылатындығы, қандай тағам түрін жасауға болатындығы туралы көп ақпараттар мен мәліметтер жинастыра отырып,өз сыныптастарына түсіндіре білген.Ол ата әжесімен,жетекшісімен, мектеп дәрігерімен бірлесе отырып,асқабақтан дәрі жасап, үнемі асқазаны ауыратын туысына дәрі ретінде қолданған.Әжесі нашар көретіндіктен дәрі ретінде дайындап пайдаланған. Әжесіне паразитке,қан аздыққа, өт айдау үшінде қолданған. Үйінде асқабақтан манты,самса, салат т.б. түрлерін жасауды үйренген.
Бұл жұмыста оқушының көп ізденгенін көруге болады.Жинаған ақпараттары мен жасаған зерттеу жұмыстарына қарап, жалпы адамзатқа тигізетін пайдасы барын көруге болады.Арайлым асқабақтан сыныптастарымен бірлесе отырып, дәрі дәрмек жасауға болатындығын айтты.Денсаулығымызды нығайтуды ойласақ асқабақтан дәрі дәрмек жасап, ақшамызды үнемдеп, ерінбей еңбек етіп, тағам түрлерін жасап, күнделікті тұрмыста тиімді қолдана білсек, пайдасы көп екеніне көз жеткіземіз, деп сыныптастарына үндеу тастаған.
Пікір жазған:

Аннотация
Бұл ғылыми жобада оқушы асқабақтың сырлы қасиеттері, күнделікті тамаққа қолдануы, адамдарға қандай емдік қасиеттермен ғылымда дәлелдеуі зерттелген. Асқабақтан тағам түрлерін жасап, оны емдік ретінде қолдану, асқабақтың пайдасы ғана емес, дәнегінің пайдасының өзі ұшан теңіз екендігін жан-жақты зерделеген.Асқабақтың керемет емдік қасиеттерінің ерекшеліктерін анықтап, қандай ауруларға ем екенін біле отырып, асқабақ өсіруді қолға алмақ.
Денсаулықтың құпиясын дұрыс тамақтану арқылы, сақтауға болатынын, денсаулық кепілі бола білетін асқабақты күнделікті ас мәзірінде қолдану арқылы, сауалаутты өмір салтын сақтау керек екендігін дәлелдеп жаза білген.
Аннотация
В данном научном проекте школьник подробно изучил секретные свойства тыквы, ее ежедневное употребление в пищу, какие целебные свойства она оказывает на людей. Создавая блюда из тыквы и применяя ее в качестве лечебной, он глубоко исследовал, что тыква-это не только его польза, но и польза его зерна. Выяснив особенности замечательных целебных свойств тыквы и зная, от каких болезней она лечится, приступают к выращиванию тыквы.
Секрет здоровья можно хранить, правильно питаясь, используя в ежедневном меню тыкву, которая может стать залогом здоровья, и доказывая, что нужно вести здоровый образ жизни.

Annotation
In this scientific project, the student fully studied the mysterious properties of pumpkin, its use in everyday food, and what healing properties it has proven in science for humans. Having prepared a variety of dishes from pumpkin and used it as a medicinal product, he studied not only the benefits of pumpkin itself, but also the benefits of its grain. Having identified the features of the wonderful healing properties of pumpkin, knowing what diseases it is a cure, we will start growing pumpkins.
He was able to prove that the secret of health can be preserved through proper nutrition, the use of pumpkin in the daily menu, which is the key to health, and the formation of a healthy lifestyle.

Мазмұны
І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
ІІ.1. Асқабақ туралы жалпы мағлұмат
ІІ.2. Асқабақтың биологиялық сипаттамасы
Жұмыстың зерттеу бөлімі
ІІІ.1. Асқабақ жемісінің құрамы
ІІІ.2.Асқабақтың емдік қасиеті.
ІІІ.3. Асқабақтың еті мен майының ем болатын аурулары
ІІІ.4. Асқабақтан жасалған тағамдар
ІҮ. Қорытынды
Ү. Қолданған әдебиеттер тізімі

Тақырыбы: Асқабақтың адам денсаулығына пайдасы
Мақсаты:Асқабақтың адам денсаулығына пайдасын, дәрілік көкөністің тіршілік көзі, өзегі екенін білу, дәрі-дәрмек, тамақ жасау туралы мың бір қасиетін үйрену, зерттеу жүргізу.
Міндеті: Асқабақтың емдік қасиетін зерттеу;
Қалай өсіп өнетіндігі және құрамындағы заттарды анықтау;
Күнделікті тұрмыста емдік дәрі ретінде, әртүрлі шипалы дәрі-дәрмектер, тағамдар дайындау туралы мәліметтерді жинау арқылы, жасалған өнімдерді сатылымға шығару жолын ойластыру;
Өзектілігі: Асқабақ көкөнісін білгенімізбен оның сырлы қасиетін, қандай ауруларға ем екенін біле бермейміз.
Зерттеу әдістері:
-Мәліметтер жинау, өңдеу;
-Ақпараттарды іздеу, кітапханамен жұмыс жасау;
- Ғылыми әдебиеттердегі анықтамалармен танысу;
- Талдау , зерттеу, қорытынды жасау;- Сұрақ-жауап;
Зерттеу объектісі: Асқабақтың адам денсаулығына пайдасы.
Болжам:
Егер біз асқабақтың сырлы емдік қасиеттерін зерттей отырып, дәрілік көкөністерді пайдаланып денсаулықты сақтауға, отбасының қаражатын үнемдеуге, табиғат байлығын қорғауға, емдік қасиеттерін, көкөністен жасалатын қайнатпаларын дайындауды үйренсек, жанға шипа, ерекше дауа болары сөзсіз екендігін білеміз;
Күтілетін нәтиже:
Асқабақтың емдік қасиеттерін анықтай отырып, болашақта осындай емдік қасиеті мол көкөністерді қорғау, өсіріп бапбау, күтімге, қамқорлыққа алу, оның емдік қасиетін басқаларға ұғындыру, түсіндірме жұмыстарын жүргізу, дәрі-дәрмек жасау жолын, қолдану тәсілін үйреніп әрбір отбасы саламатты өмір салтын қалыптастыруда, қаражатын үнемдеулеріне тиімді қолдана білер еді.
Кіріспе
Мен асқабақ жобасын таңдап алған себебім, ауылда тұратын әжем мен атамның үйінің бақшасында асқабақ көп өсірілетін. Әжемнен асқабақтың қандай пайдасы бар, неге қызанақпен, қиярмен бірге асқабақты да көп өсіргенсіз, деп сұрадым. Балам оның адам денсаулығына пайдасы көп. Сондықтан көбірек өсіріп, қыс бойы осы асқабақты тамаққа да, дәрілік ретінде де қолданамыз деді. Сол кезден бастап менің асқабақ туралы зерттеуге деген қызығушылығым пайда болды. Асқабақтың қандай ауруларға ем екенін, асқабақ етінен, майынан қандай дәрі жасауға болатынын, қандай тағамдарға қолданатыны туралы мәліметтер іздей бастадым. Атамнан, әжемнен, ауыл дәрігерінен сұрадым. Ғаламтор желісінен мәліметтер алдым. Мектеп кітапханасына барып біраз мәліметтермен қанық болдым. Міне осы зерттеулерімнің барысында мынадай тәжірибелерге қол жеткіздім.

І.Негізгі бөлім
І.1.Асқабақ туралы мәлімет
Асқабақ (тыква - Cucurbita) бірнеше мың жылдар бойы өсіріліп келе жатқан өсімдік болып табылады. Америкадан таралған және шамамен 20 шақты сорты бар деп есептелінеді. Бүгінгі тақырыбымызға арқау болып отырған асқабақ жидегі адам денсаулығына пайдалылығы жағынан өзге жеміс - жидектер мен көкөністерге қарағанда дәрумендерге аса бай. Асқабақ - қияр, қарбыз, қауын сынды бақша көкөністерінің туыстасы. Асқабақты жеуге жарамды және техникалық (түтікше және музыкалық аспаптар жасалатын) деп екіге бөледі. Сіз бен біздің бақшамыздан немесе аналарымыздың дәмді тағамдарынан көріп жүрген асқабақтың түсі сарғылт болғанымен, жасыл, ақ, сары, қызыл және сұры түсті асқабақтар да бар екен. Асқабақтың орташа салмағы 4 - 8 кг. Асқабақтар Антарктидандан басқа кез-келген жерде өсе береді және айтарлықтай күтімді қажет етпейді. Көп күй талғамайтын, ексе бау - бақшаның бәрінде өсе береді.
АСҚАБАҚ (Cucurbita) - асқабақ тұқымдасына жататын бір және көпжылдық шөптесін өсімдік. Асқабақ біздің заманымыздан бұрын ІІІ ғасырда Мексикада, Перуде белгілі болған. 15 ғасырдың ақырында Мысырға әкелінген. Қазақстанда асқабақтың ірі жемісті, қатты қабықты және мускатты түрлері кездеседі. Орыстардың 1926 жылы жасаған экспедициясының нәтижесінде жабайы асқабақтар Африканың солтүстігіндегі мекендерден табылған екен. Ғалымдардың болжамы бойынша, асқабақтың отаны - Африка. Ол күллі әлемге сол жерден таралған. Қазір кәдімгі асқабақ еліміздің барлық аумағында өсіріледі. Асқабақтың отаны Солтүстік және Оңтүстік Америка. Ол жерлерде Асқабақ б.з.б. 3 мың жыл бұрын егіле бастаған. Қазақстанда Асқабақтың кәдімгі Асқабақ (С. реро), мускатты (С. moschata) және ірі Асқабақ (С. maxіma) деген түрлері мен Волгалық сұр-92, Мозолеевская-10, Қашғарлық-1644 сорттары өсіріледі. Кәдімгі Асқабақтың қатарына кәді мен патиссон жатады. Асқабақ сабағының ұзындығы 2 - 10 м, жұмыр, түкті, бұтақты, жайыла өседі. Жапырағы - ірі, ұзынша қалемшелі, бүйрек пішіндес. Гүлі - қос жынысты, ірі, сарғыш түсті. Тарамдалған мұртшалары жанындағы өсімдіктерге оралады. Жемісі - жалған жидек, ірі, пішіні - дөңгелек, сопақша, түсі әр түрлі болады. Шырыны жұмсақдәмді. Ірі жемісті Асқабақтың салмағы 40 - 50 кг-ға дейін тартады. Асқабақ жемісінің құрамында 15 - 18% құрғақ заттар, 8 - 10% сахароза, аскорбинқышқылы, каротин, тиамин, рибофлавин, т.б. болады. Дәнінде 20 - 40% май бар. Асқабақтың асханалық сорттарын піскен, қуырылған күйінде тамаққа пайдаланады. Мал азықтық түрінен сүрлем дайындалады.
І.2.Асқабақтың биологиялық сипаттамасы
Асқабақ - ірі жемісті тағамдық, дәрілік, мал азықтық және сәндік, біржылдық шөптекті өсімдік. Оның ұзындығы 5 метрге дейін жететін жатаған сабағы болады. Бес қырлы сабағына тікенектер өскен. Жай жапырақтарына қарама - қарсы орналасқан мұртшасы бар. Мұртша түрін өзгерткен өрнек, жатаған сабағы нәзік болғандықтан, жан - жағындағы басқа өсімдікке ораулы тірек үшін қажет. Жапырағы - ірі, тақтасының жиегі 5 салалы тілімденген жай жапырақ. Гүлі дара жынысты, бір үйлі жапырақ қолтығындажеке-жеке өседі. Аталық гүлдер - ұзын гүлсағақтарда, аналық гүл қысқа гүлсағақтарда болады. Сабағы жерге жатып, желі тартып өседі. Жапырағы ірі, гүлі сары, жемісі әр түрлі, кейде ересек адамның құлашы жетпейтіндей үлкен болып өседі. Гүлдері жапырақ қолтығында, шашақты гүлшоғыр түрінде немесе жеке өседі. Көпшілігі даражынысты, кейде қосжыныстылары да кездеседі. Асқабақ тұқымдарының гүлінде жіңішке 5 тостағанша жапырақшалары, 5 тұтасқан күлтесі бар. Аталығы 5 - еу, оның4-еуі тұтасып, екі-екіден біріккен. Бір аталығы бос тұрады. Кейде 5 аталық тұтасып, гүл ортасында ғана түзеді. Аталық тозаңдағы имек. Аналық жатыны үш ұялы. Жемісі - қабақ. Қабақ деген - өсімдіктердің сырты қатты, шырынды жеміссерігі болатын жидектес жемісі. Қос жарнақты бір және көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Кейде бұта не кішігірім ағаш түрінде өседі. Асқабақтың ұзын шырмалғыш сабақтарының ұшында дара не айыр мұртшалары болады. Тұтас не салаланған дара жапырақтары сабаққа кезектесе орналасады.Гүлдері сарғылт, кейде жасылтүсті гүл шоғырын құрайды немесе жапырақ қолтығына жекелене орналасады. Мінеки асқабақтың негізгі сипаты осындай. Ол - экологиялық таза өнім.
ІІ.Зерттеу бөлімі
ІІ.1.Асқабақтың жемісінің құрамы
Қазақстанда бұл өсімдікті көкөністік өсімдік ретінде өсіреді. Асқабақ тұқымдасының көпшілігінің дәнінде көп мөлшерде май болады, тамаққа да, техникаға да пайдаланады. Елімізде асқабақтың кәдімгі түрлері мен ірі асқабақтардың түрлері мен сорттары өсіріледі. Құрамында 15 - 18 пайыз құрғақ заттар, 8 - 10 пайыз сахароза, аскорбин қышқылы, каротин, тиамин, риофлавин, дәнінде 40 пайыз май бар. Құрамында әртүрлі физиологиялық әсері бар кукурбитацин заты болады. Адамға пайдалылығы жағынан бұл бақша өнімі өзге жеміс жидектер мен көкөністерге қарағанда дәрумендерге өте бай. Адам ағзасына қажетті С,В1, В2, В5, Е, РР, ағзадағы зат алмасуын жеделдедетін Тжәне қанның ұюына ықпал болатын К дәрумені, калий, кальций, темір кездеседі. Қабығынан тазартылған (кілегей қабығымен бірге) тұқымы ішек құртына қарсы (қоймалжың, қайнатылған түрде) қолданылады, асқабақтың жемісінен (ұрығынан) каротин (А провитамині) алынады. Кәдімгі асқабақтың сан алуан іріктемелері (қауақ, бәлішқауақ) бар. Асқабақ тұқымдастар азықтық, дәрілік және техникалық мақсатта өсіріледі. Асқабақ майы.Ол - денсаулыққа пайдалы табиғи өсімдіктегі зат. Асқабақ майы 90 пайызға жуық қанықпаған майларды, 45-60 пайызға дейін линолді қышқылды құрайды. Асқабақ майында омега - 3, омега - 6 май қышқылдары өте бай.
Тұрмыста асқабақ майы қуырылған асқабақтың дәнінен сығып алынады. Осы майдың өзіне тән ерекшеліктері: түсі - қошқыл жасыл немесе қою қоңыр, иісі өткір, хош иісті, дәмі тәтті. Яғни асқабақ майы - биологиялық белсенді зат. Құрамындағы белсенді май қышқылдары:пальмитин, стеарин, олеин, линол қышқылдары, стериндер, фосфолипидтер, каротинойдтар, дәрумендер мен микроэлементтерге бай. Асқабақ дәнінің майын дәрі ретінде капсула, флакондарда сақтап, пайдаланды. Асқабақ майының құрамында қанықпаған май қышқылдары болғандықтан, ол жануар майының ең жақсы алмастырушысы болып саналады. Өйткені жануар май қышқылдары қанықпаған, сол себепті эмульсия түзбейді де ағзаға қиын сіңеді. Асқабақ майында қанықпаған майлар бар, ол тағамның сіңіп, жеңілдеп, зат алмасуының тездетуіне жәрдемдеседі. Соның нәтижесінде, ағзадағы асқорыту, зәр шығару мүшелерінің жұмысы күшейеді. Қазір дамыған елдерде асқабақ майы биологиялық белсенді зат - фитопрепарат ретінде қолданылып жүр.
ІІ.2.Асқабақтың емдік қасиеті
Асқабақтың шипалық қасиетіне тоқталсақ, асқабақ әсіресе асқазаны ауыратындарға таптырмайтын дәрі. Сонымен бірге жүрегі әлсіздерге, түрлі аурудан жүдеп, шаршағандарға күш-қуат беретін бірден-бір пайдалы ас. Асқабақтың ішіндегі жұмсақ жерін, яғни етін күйген денеге таңуға да болады. Мұны дәрігерлер де мақұлдайды. Отқа, ыстық суға күйіп қалғандар үй жағдайында асқабақтың сары етін алып таңса болғаны. Мың да бір ауруға дауа болатын асқабақтың пайдасын айтып тауысу мүмкін емес.
Ол: көзі нашар көретіндерге;
-қаназдыққа (анемия);
-семіздікке;
-несеп-жыныс жүйкесінің көптеген ауруларына;
- өт айдауға;
-бұйрекке;
-паразиттерді жоюға көмектеседі.
Науқастардың жарасын таңуға кеңес береді. Асқабақ көру қабілеті нашарлағандарға, қаназдықтан жапа шеккендерге көмек бере алады. Құрамындағы жасанды талшықтың арқасында артық салмақтан арылғысы келетіндер үшін де таптырмайтын ем. Асқабақ ағзаны шлактан тазартып, зат алмасуды тұрақтандырады. Несеп-жыныс жүйесінің көптеген ауруларын емдеуге көмектеседі. Несеп айдаушы, қабынуға қарсы, өт айдағыш қасиеті бар және де паразиттерді жояды. Құрамында жасанды талшық, ақуыздар, каротин, калий, кальций, темір, фосфор және А, В1, В2, РР және С дәрумендері, ағзадағы зат алмасу процесін жеделдететін Т және қанның ұюына ықпал ететін К дәрумендері, калий, кальций және темір бар. Құрамында дәрумендердің көптігінен болар, ол мың бір ауруға ем боларлық көкөніс деп есептеледі.
Асқабақтың шипалық қасиетіне тоқталсақ, жүрек әлсіздігінен жүдегендерге ем ретінде қолданылатын асқабақтың ішіндегі жұмсақ жерін, яғни етін дәрігерлер отқа немесе суға күйген науқастарға жарасын таңуға кеңес береді. Асқабақ көру қабілеті нашарлағандарға, қаназдықтан жапа шегетіндерге көмек бере алады. Құрамындағы жасанды талшықтың, судың және жасұнықтың көп мөлшерінің арқасында артық салмақтан арылғысы келетіндер үшін де таптырмайтын ем. Асқабақ ағзаны шлактан тазартып, зат алмасуды тұрақтандырады. Несеп жыныс жүйесінің көптеген ауруларын емдеуге көмектеседі. Несеп айдаушы, қабынуға қарсы, өт айдағыш қасиеті бар және де паразиттерді жояды. Асқабақтың уытты қайтару,қабынуды жазу, ауырғанды басу тәрізді де қасиеттері көп. Халық емшілері асқабақты несеп-жыныс жүйесінің көптеген ауруларынемдеуге қолданады. Асқабақтың несеп айдаушы, қабынуға қарсы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Морфологиялық, экологиялық және биоэкологиялық классификация
Асқабақ тұқымдасының биологиялық ерекшеліктері
Қазақстандағы дәрілік өсімдіктер жайлы
Дәрілік өсімдіктер жайлы
Асқабақ - асқабақ тұқымдасына жататын бір және көпжылдық шөптесін өсімдіктер
Бақша дақылдары
Суықпен және ыстықпен ысталған құс етін стандарттау
Қазақстандағы дәрілік өсімдіктердің теориялық мәнін негіздеу
Жеміс-жидек түрлері туралы ақпарат
Асқабақ өсіру
Пәндер