Шығарманың образдар жүйесіне талдау
I. ЭПИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАР ОНЫҢ ІШІНДЕ ПРОЗАҒА ЖАТАТЫН ПОВЕСТЬ ЯҒНИ ХИКАЯТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Жалпы білім беретін қазақ мектептеріндегі әдебиет пәнінің ең ауқымды бөлігін эпикалық шығармалар құрайды. Эпикалық шығармалардың алғашқы легі ертегі, аңыздардардан басталады.
Орта буын сыныптардағы әдеби материалдарды жанрына қарай жіктеп айтар болсақ, 5-8 сынып аралығында қамтылатын шығармалар:
1.Ертегілер;
2.Аңыз әңгімелер,
3.Жырлар: батырлар жыры, лиро-эпостық жырлар, тарихи жыр (Күлтегін);
4.Мысал өлеңдер;
5.Әңгіме жанры (көбіне классик жазушылардың роман, повестерінен алынған үзінді әңгімелер)
6.Повестен үзінді;
7.Поэма;
8.Баллада ұсынылған.
Бердібек Соқпақбаевтың Менің атым Қожа, М.Әуезовтің Көксерек әңгімесі, Әбдіжәміл Нұрпейісовтің Балықшылар тақырыбымен Қан мен тер романынан үзіндісі, Шерхан Мұртазаның Тұтқын бала тақырыбымен Қызыл жебе романынан үзіндісі, Сәбит Мұқановтың Есіл бойында, (Өмір мектебі романынан) әңгімесі, Сайын Мұратбековтің Жусан иісі, Қабдеш Жұмаділовтің Қаздар қайтып барады, Оралхан Бөкейдің Тортай мінер ақ боз ат әңгімелері әңгіме жанрын тақырып, құрылым ерекшелігі жағынан да еркін ашуға мол мүмкіндік береді.[1, 184]
Әңгіме бірнеше адамның баяндауында өрбиді. Әңгімедегі уақыт пен кеңістік те бірнешеу.
Әдеби шығарманы талдаудың жалпы тақырыптық мәселелеріне байланысты: оның сюжетін, композициясын, әдеби кейіпкерді, әдеби туындының идеялық-көркемдік қуатын танытуды мақсат еткен зерделі зерттеу еңбектері әдебиеттану ғылымында да әдебиетті оқыту әдістемесі ғылымында да молынан жарияланған. М.А.Рыбникова, В.В.Голубков, Г.А.Гуковский, Л.И.Тимофеев, Г.Л.Абрамович, Д.С.Лихачев, В.И. Сорокин, А.И.Ревякин, Н.И.Кудряшев, В.Г.Маранцман, Н.О. Корст, Н.А.Демидова, Г.И.Беленький, Т.Ф.Курдюмова, З.Я.Рез, Л.С.Айзерман сияқты т.б. әдебиетші, әдіскер-ғалымдардың еңбекте- рінде көркем шығарманы талдап танудың ғылыми-әдістемелік жүйесі жасалған.
Бұл мәселе қазақ әдебиетінде де бір шама шешімін тауып келеді. Әдебиетті оқыту әдістемесінен жазылған оқулықтар мен оқу құралдарында көркем шығарманы талдау, оқыту мәселелері қарастырылған. Көркем шығарманы талдау түрлерінен әдіскерлердің ой-пікірлерін жоғарыда айтып өттік. Ал жеке қаламгердің шығарамаларын оқыту әдістемесінен жазылған еңбектерде де прозалық шығармаларды оқыту қарастырылады.
Эпикалық шығармаларды оқытудың ұстанымдары әдеби тектің өзге түрлеріндегі оқу-әдістемелік жұмыстармен мазмұндас келеді. Көркем шығар- маның тақырыбы, идеясы, көркемдік әлемі, тарихи-әлеуметтік ұстанымдар қай жанрды талдағанда болсын ортақ мәселелер екені белгілі. Дегенмен, прозалық шығармалардың көлемі, сюжеттік, композициялық құрылымы, образдар жүйесі, тілдік ерекшеліктері әдеби жанрдың өзге тектерінен гөрі эпикалық жанрды танытуда оқу-танымдық жұмыстың күрделілігін байқатады.
1.1.Прозалық шығармаларда талданатын құрамды элементтер
Прозалық шығармаларда талданатын құрамды элементтер. Жалпы прозалық шығармаларға нысан болатын талдау бағыттары ретінде мына мәселелерді атауға болады:
1.Шығармадағы басты және қосалқы тақырыптарын анықтау;
2.Шығармадағы күрделі сөздер мен сөз тіркестерін тауып, оларға түсіндірме сөздіктен анықтама жаздыру;
3.Шығарманың образдар жүйесіне талдау. Образдарды дербес талдау, салыстыра талдау, топтай талдау түрлерін жүргізу;
4.Шығарманың тілі бойынша жасалатын жұмыс түрлері (тұрақты сөз тіркестері, мақал-мәтелдер, көп мағыналы сөздерді, фразеологиялық сөз оралымдарын мәтінінен тауып жазып, оларға түсініктеме жасау);
5.Шығарманың композициялық құрылымына талдау:
а) Сюжеттік композиция;
ә)Образ композициясымен жұмыс;
б) Баяндау композициясы; пейзаж композициясы т.б. 6.Шығарма идеясын айқындау мақсатындағы жұмыс түрлері.
Эпикалық шығармалардың өзіндік ерекшелігінің бірі - композиция- сында дедік. Осы орайда сюжетті шығарманы композициясына қарай талдау жолы:
Композицияның өзі ішкі жане сыртқы болып бөлінеді. Композиция (латынша composito - құрастыру, қиыстыру) бір сөзбен айтқанда, көркем шығарманың құрылысы. Алайда бұл тек пішінге ғана байланысты ұғым емес. Композиция мазмұнмен тікелей байланысты. Ол - әдеби шығарманың сыртқы түрінің симметриясы, сонымен қатар ішкі сырының да гармониясы.
Композициялық шеберлік - шығармадағы барлық бөлшекті бір ғана бүтінге тұтастыру, бәрін бір ғана нәрсеге - негізгі идеяға бағындырудан танылады. Жалпы композицияны екіге бөледі:
::сыртқы композиция
::ішкі композиция
Сыртқы композиция компоненттері:
::тақырып
::эпиграф (дәйек сөз)
::арнау
::пролог (алғы сөз)
::эпилог(соңғы сөз)
::Ішкі композицияның деңгейлері:
::идеялық тақырыптық жүйенің композициясы;
::Образдар жүйесінің композициясы (әсіресе лирикалық өлеңдерде де
көп болады);
::Сюжет композициясы;
Баяндау композициясы;
::Уақыт пен кеңістік композициясы; Композициялық тәсілдер:
::Қайталау (егер шығармада бір сөз, бір жол, бір сөйлем үнемі қайталанып отырса, ол ритмотивке айналады).
::Қарама - қарсы қою.
::Күшейту
::Ретроспекция - кері шегіну (Мысалы, Ғ.Мүсірепов Ананың анасы,
Т.Ахтанов Боран).
::Ритордация - баяулату ( Мысалы, Абай жолы романындағы ақын-
дардың Абай аулына келуі).
Тақырып - көркем шығармаға арқау болған өмір құбылыстарының
тобы, өмір шындығы.
::Мәңгілік тақырыптар - адам болмысының рухани болмыстарын, жаны
мен тәнінің ұмтылыстарын, өмір мен өлім, жақсы мен жаман, ақ пен қара т.б тақырыптарды қамтиды.
::Нақты тарихи тақырыптар - белгілі бір кезеңмен, дәуірмен сабақтас келеді.
Идея - тақырып туралы авторының бағасы, көз қарасы, ой - түйіні, позициясы, концепциясы. Идеяның өзін екі мәнде қарастыруға болады:
::Авторлық идея (субъективті).
::Объективтік идея - шығармадан туатын мақсатты идея.[2, 35]
Ал сюжет композициясы орта мектепте эпикалық шығармаларды оқыту барысында жиі талдау нысанына ілінеді.
Сюжет (французша sujet - зат) - көркем шығарманың мазмұнын ашып, мазмұнды пішінге көшірудің негізгі түрі, жолы немесе тәсілі. Сюжет дегеніміз - жалпы алғанда, адамдардың өзара қарым-қатынасы, байланысы, қайшылықтары, жек көру, жақсы көру, әр характердің, типтің өсу, жасалу тарихы дейді М.Горький.
Пролог (грекше prologos - алғы сөз) - көркем шығармаға кіріспелердің бір түрі.
::Сюжеттің басталуы (экспозиция) - Көркем шығармадағы іс-әрекет, тартыс басталмай тұрып, оқиға болатын орынмен, ортамен, болашақ кейіпкермен, жағдайлармен таныстыру, алғашқы мәлімет беру. Экспозиция - шығармадағы оқиға желісіне, қақтығысқа тікелей әсер етпейді, тек мезгілдік- мекендік сипат береді.
::Сюжеттің байланысы - тартыстың басталуына түрткі болған адамдар арасындағы қимыл-әрекеттің басы. Сюжет желісіндегі тартыстың әуелгі туындау себебі.
::Сюжеттің дамуы - адамдардың өзара қарым-қатынасынан, қимыл- әрекетінен туатын түрлі жағдайларға байланысты өрбу.
Сюжеттің шарықтау шегі (кульминация - биік шың) - оқиға дамуының ширығып, ең жоғарғы нүктеге жетуі. Адамдар арасындағы қимыл- әрекеттің мейлінше күшейіп, шыңына жеткен жері.
::Сюжеттің шешімі - шығармадағы оқиғаның бітуі, нәтижесі, соңғы түйіні. Сюжеттің шешімі - оның идеялық-көркемдік шешімі.
Эпилог (грекше epilogos - соңғы сөз) - көркем шығарманы қорыту- дың бір түрі. Пролог пен эпилог сюжет композициясына жатпайды, сыртқы композиция элементтері болып есептеледі.
Әдеби шығармада кейіпкер, оның өсу динамикасы, сюжеттік желі болмаса, тұтас құрылым − композиция болмайды. Сондықтан мұғалім мектеп қабырғасында көркем шығарманы оқып-үйрену барысында кейіпкерлерді әртүрлі жағдайларға байланысты өзге бейнелермен тығыз органикалық бірлікте, қарым-қатынаста қарастыруы қажет. Мұны өмірлік мәні бар құбылыстармен салыстыра танытуға, оған шәкірттердің өз пікірлерін білдіруіне назар аударуы керек.
Әдетте оқушы шығармадағы көркем ойды шындық түрінде ғана қабылдап, ондағы образдылық, типтілік, мазмұн мен форманың бірлігі секілді әдебиеттің теориялық астарларына назар аудара бермеуі мүмкін. Сол үшін мұғалім көркем мәтінмен жұмысты тереңдете отырып, оқушыларды әдеби- теориялық сауаттылыққа дағдыландыруы керек. Бұл көркем туындыны дәйекті түрде талдауға, білімді саналы меңгеруге үйретеді.
II. МЕНІҢ АТЫМ ҚОЖА ХИКАЯТЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Жазушы Б.Соқпақбаевтың Менің атым Қожа хикаяты 5 сынып Қазақ әдебиеті оқулығында берілген. Оқулықта ең алдымен қысқаша жазушының өмірбаяны берілген. Ары қарай хикаяттың үзіндісімен жалғасқан. Үзінді 11 бетке созылған. Суреттер берілген. Суреттер арқылы оқушылар шығармамен кең түрде таныса алады. Үзіндіден соң 9 тапсырма 2 мәтін және түсіндірме сөздер берілген. Бұл шығарманы оқушыларға оқудың өмірмен байланыстылығы принципі арқылы оқытуға болады.
Оқытудың өмірмен байланыстылығы принципі дегеніміз - оқушылардың бастағалы отырған тақырыптық ғылыми негізі мен оның өмірмен қажеттік сезімін оятып, назарын еріксіз аударып қызықтыруды сабақтың кіріспе бөлімі дейміз. Сабақты оқыту барысында осы байланысты айқындау - шешуші кезең.
Ал әдістен әңгіме және көрнекілік әдісін алуға болады.
Әңгіме әдісі. Бұл әдіс бойынша оқушылар көркем сөздің мазмұны тақырыбы мен идеясы, образдары, тілі, композициясы жөнінде де өз түсініктерін айта білерліктей бағытта жұмыс істеуі тиіс. Бұл әдіс тұсында оқушының өзінше оқып, өзінше топшылауына үлкен мән беріледі, сол сияқты сұрақжауапқа негіз беріледі.
Көрнекілік әдісі. Бұл дидактиканың практикалық заңдарының бірі. Ол сабаққа бағынышты. Бұл әдіс оқу, түсіндіру, жаттықтыру, үйрету, балалардың өзіндік жұмысы тұсында қолданылатын тәсілдердің бірі.
Ал оқулықта берілген тапсырмалар легінен мысал келтірер болсам:
1 тапсырмада 3 сұрақ берілген.
Сұрақтар:
1.Хикаят дегеніміз не? Басқа жанрлардан қандай ерекшелігі бар?
2.А.Байтұрсынұлы хикаятты қалай атаған?
3.Б.Соқпақбаевтың қандай шығармалары бар?[3, 92]
Мен болашақ мұғалім ретінде бұл шығарманы оқыту барысында сыныпты 3 топқа бөліп бұл тапсырмадағы сұрақтарды топтарға үлестірер едім. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы арқылы әр түрлі, әр қилы оқушылардың топтарына деңгейлеріне сай қылып сұрақ үлестірер едім.
3-тапсырма.
A) Хикаятта берілген Менің атым... бөлімі бойынша өз есіміңнің мағынасын баяндап жазыңдар.
Ә) Есіміңнің қойылу тарихын достарыңа айтып бер.
Ал бұл тапсырмадағы берілген сауалдарға жауап алу үшін эссе және баяндау әдісін қолданар едім. Яғни оқушылар Менің атым ... тақырыбында шағын ээсе жазады. Қандай мағына беретінін, қай тілден аударылғаны туралы эссе жазады.
Ал екінші сұраққа баяндау әдісі арқылы ауызша есімдерін кім қойғанын, қойылу тарихын сөз етеді. Бұл тапсырманы осы әдістер арқылы орындау оқушыларға қызық болары сөзсіз. Олр бір-бірінің есімдерінің қандай мағына беретінін қызыға тыңдайды деп ойлаймын.
4-тапсырма
A) Сәйбек қарттың әңгімесі Қожаға қалай әсер етті? Неліктен?
D) Сәйбек пен Қожа арасындағы әзілді тауып, кезектесіп рөлге еніп оқыңдар.
Б) Түбінде адам болатын бала деген пікірді айтқан кейіпкерге портрет жасандар.
Бұл тапсырмадағы бірінші сұрақты дебат әдісі арқылы оқушыларға сауалды ортаға салып әр оқушының жекелей пікірін білу арқылы орындатсақ болады.
Ал екінші сұрақты Әдеби үйірме әдісі арқылы оқытуға болады.
Яғни оқушылар хикаяттан берілген бөлімді рөлге еніп оқиды. Ол арқылы оқушылардың шығармашыл жаңа қыры ашылады.
Ал үшінші сұрақты суреттеу әдісі арқылы оқушылар кейіпкердің портретін қағаз бетіне түсіріп, одан соң оны өз ой-пайымдарына орай суреттеп, түсіндіріп береді.
Бұл тапсырмалар мен әдістер арқылы оқытуда оқушылардың тек шығарманы оқуы ғана емес оны тыңғылықты меңгеруі де есепке алынатын болады.
2.1 Менің атым Қожа повесіндегі ұлттық таным
Б.Соқпақбаевтың Менің атым - Қожа повесі - әлемнің 40-тан астам тіліне аударылып,1967 жылы Балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдердің Канн қаласында (Франция) өткен халықаралық фестивальда арнаулы жүлдеге ие болған жұлдызды туынды.Өмірдің өзіндей сұлу, өмірдің өзіндей мінезді, өмірдің өзіндей нақты,қарапайым, өмірдің өзіндей ыстық, ұлттық бояуы қанық, қалыптан қапысыз шыққан бұл туынды Бердібек Соқпақбаевтың атын әдебиетке мәңгі қалдырды.Жүрегімізді қолымызбен басып тұрып айтар болсақ, егер Бердібек Менің атым - Қожа повесін ғана жазып,басқа нәрсе бермесе де ол әдебиет тарихында жазушы ретінде онда да классик жазушы ретінде мәңгілік орнын сайлап алар еді. Өйткені, Менің атым - Қожада қаламгер композицияны шебер құрып,образдар галереясын қашап жасаған.Тілі де,мазмұны да қандай қатал талаптар тезінен кідіріссіз өткен шығарма. Академик Зейнолла Қабдоллов: Композиция - көркем шығарманың сырт бүтіндігі ғана емес, ең алдымен оның ішкі тұтастығы, көркем шығармадағы шындық құбылыстардың үндестігі,гармониясы (Жебе, Жазушы,1977,196-бет),-деп теориялық тұжырым жасайды. Иә, шығарманың сырт бүтіндігі, ішкі тұтастығы, тақырыбы,идеялық мазмұны,көркем образдардың сомдалуы характерлермен оқиғалардың динамикалық дамуы, әсіресе шығармада назарымыз көбірек ауатын қазақтың қара баласының ерке, еркін арманшыл мінезі, күлкілі қылықтары, сенімі мен нанымы, өмірге деген тұңғиық көзқарасы,жүрегінің дірілі, қырсық, қайсар қылықтары, ақылмандығы, нәзік психологиялық жан құбылысы, алғырлығы, табандылығы, досқа адалдығы - бәрі қоспасыз келістіре бейнеленген. Өзін жазатын жазушымын деп жоғарыда өзі айтқандай, автор шығармаларының қай-қайсысында өмірбаяндық деректерді пайдаланып,басқа туындылармен сабақтастырып отырады. Әсіресе, қазақ балалар әдебиетінде үлкен құбылысқа айналып, өзіндік бір жаңа леп, жаңаша бет ала келген Менің атым Қожа повесінің де алғаш Өзім туралы повесть аталғанын бүгінде біреу білсе, біреу білмейді. Бұл шығарма туралы оқырмандар арасында Қожа кім? Өмірде болған ба? деген сауалдар жиі болып тұратын. Ол туралы жазушының өзі былай дейді. Егер шынымды айтсам, мінез-құлық жағынан Қожа өзге емес, менің өзіме ұқсаңқырайды. Жасымда қой аузынан шөп алмас момын едім деп, сірә, айта алмасам керек.
Ал бірақ Қожаның басынан кешкенінің бәрі де дәл осы күйінде менің басымнан кешкен екен деп ұғылмағаны дұрыс. Жазушылық қиял ақсақты тыңдай, өтірікті шындай етіп баяндай білсе, ол айып емес, Сұлтан, Жанар, Жантастар да әлгіндей жиынтық образдар. Бірақ солардың қай-қайсысы туралы жазғанда да автор өзі жақсы білетін біреулерді көзіне елестетіп отыруы әбден мүмкін.
Ал енді повестегі Қожа қандай бала қандай кейіпкер?... Шығарма бойындағы жаңалық неде? Жалпы, Менің атым Қожа повесі жарық көргенге дейін қазақ балалар әдебиетіндегі кішкентай геройлардың бәрі де бір қолдан шыққандай шетінен тәрбиелі, тіл алғыш, жүріс-тұрысы әдепті,т белсенді болып келетін. Ал осы схематизмді бұзып, таптаурын болған көне жолмен жүрмей, өзінше келген жазушыға да, жағымды қылығынан жағымсыз қылықтары көп Қожаға да жұрт әуелі тосырқай қарады. Жалпы, қандай да бір жаңалық, құбылыстың бірден қабылдана, мақұлдана қоюы қиын ғой. Балаларға бұл кітап қандай тәрбие бермек, Балалар тек жақсы, өнегелі кейіпкерлер болуы керек. Ал Кожа бұзық, жүрген жеріне шөп шықпайтын сотқар оқушы деп алая қарағандар аз болған жоқ. Тіпті, кейбірі Мектептегі барлық баланы хулиган етіп шығарғыларыңыз келсе, бұл кітапты тезірек басыңыздар деп те пікір айтқан. Қожа бейнесі қазақ балалар әдебиетіне қосылған үлкен олжа, ірі табыс. Осы бір қара баланың бейнесі өзіне табындырып, барған сайын биіктеп, Марк Твеннің Том Сойерімен, Аркадий Гайдардың Тимурымен, қазақ ауыз әдебиетінің Тазша баласымен теңеспей-ақ қойсын, дегенмен солардай бір тосын мінез байқатып, қазақ деген халықтың ақылды тентегі Қожаның өзгеше танылып, солардай қызық көрсетіп, елге жағуы елімізді де, әдебиетімізді де биікке көтеріп тастағанын неге мақтанышпен айтпаймыз!
Қазақ деген халықта да бала бар, оның тентегі де, телпегі де болады, байқап көріңдерші, адамзат! Баланың бәрі бала емес пе! деген оймен қазаққа да осындай шығарма керек-ау [4, 89] деп барып дүниеге келген туынды. Осының өзі Бекеңді сол дүниежүзілік классиктермен теңестірер еді. Сол дүниежүзі таланттарының бірі Сингрид Ульгер (Нобель сыйлығының лауреаты), балалар әдебиетінсіз бейбітшілік болмайды депті. Менің атым - Қожа бүгінде бірнеше ұрпақты тәрбиелеуге қызмет етті, әлі де талай ұрпақтың тамырына нәр беретіні сөзсіз.
Өмірдің өзіндей сұлу, өмірдің өзіндей мінезді, өмірдің өзіндей нақты, қарапайым, өмірдің өзіндей ыстық, ұлттық бояуы қанық, қалыптан қапысыз шыққан бұл туынды Б.Соқпақбаевтың атын әдебиетке мәңгі қалдырды (Т.Сыдықов).
Балалардың жанына жағар, ойын өрістетер, көркем шығарма жазу - асыл мұрат. С.Бегалин, Ө.Тұрманжанов, С.Омаровтардың шығармаларын бірнеше буын бойына сің ріп, тағылым алды. Бұл жазушылардың кітаптары халқымыздың өткені мен бүгінінен хабардар етіп, дәстүр, салт- санамыздағы, әдет-ғұрпымыздағы асылдарымызды көркемдік шеберлікпен бере білді. Әсіресе, С.Бегалиннің "Бүгінгі Ыбырай", "Қазақтың Маршагы" атануы тегіннен-тегін емес. Есімдері әлемге аян Том Сойер, Гаврош, Тимур секілді қызық мінезді, қайратты балалардың қатарына С.Бегалин өз кейіпкерлері Сәтжан, Көксеген, Уәш, Ердендерді қосты.
Алдыңғы толқын ағалар тәжірибесі - кейінгі толқынға өнеге.Дүниетаным, білім, білік сипаттары әртүрлі болғанмен де бұл жазушылырдың дәстүрін Соқпақбаев өзінің ең таңдаулы деген туындылары арқылы жалғастыра білді. Суреткердің атақты Қожасы жоғарыда аталған кейіпкерлердің заңды жалғасы іспетті.
Дей тұрғанмен, шығарма алғаш 1957 жылы "Өзім туралы повесть" деген атпен жарық көргенде әдебиетшілер арасында талас та тудырған еді. Бұзақы Қожаның шәлкес қылықтарымен танысқан балалар бұзылып кетеді деп қорқушылар да болған. Өйткені, елуінші жылдардағы балаларға арналған санаулы повестерді шолып шықсақ, балғын кейіпкерлер негізінен тәртіптілігімен, ересектер алдында инабаттылығымен, социалистік меншікті сақтауға және қорғауға, қоғамдық еңбекке шама-шарқына қарай ұмтылушылығымен ерекшеленетін. Міне осы кезеңде бойындағы табиғи болмыс-бітімімен, өзіндік қарама-қайшылықтарымен әдеби аренаға шыға келген Қожа тәрізді бейнені көргенде әдеби қауымның тосылып қалуы түсінікті еді. Бірақ повесть орыс тіліне аударылуы мұң екен, қазақтың сүйкімді де сотқар баласы дүние жүзін аралап кете барды. Туынды украин, өзбек, молдазан, литван, латыш тілдерінде бірінен соң бірі басылып шықты. Француз тілінде де жарық көрді. Талантты режиссер Абдолла Қарсақбаевтың повесть бойынша түсірілген кинокартинасы 1967 жылы Францияның Канн қаласында өткізілген балалар мен жасөспірімдер көркем фильмдерінің дүниежүзілік фестиваліне қатысып, жүлделі орынға не болды. Бұндай творчество бақыты тек талантты, санаулы суреткерлердің еншісіне ғана бұйыратыны мәлім.
"Образ жасаудағы ең жауапты буын - таптаурын сүрлеуге түсуден, бір шиырды айналсоқтаудан сақтану болеа керек" [5, 54]. Осы таптаурын жолға түспей, көркем бейненің кілең ұнамды сипаттардан тұрмайтынын, өмірдің өзі сияқты оның да ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz