Әңгіме жанрымен тереңірек танысу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Әдебиет қашаннан өмір оқулығы деп танылған. Әдебиет арқылы оқушы өмірді, қоршаған ортаны, адамды танып біледі. Әдебиет даму үстіндегі құбылыс, ол өзгереді, күрделенеді, жаңа сапаға ие болады.
Әдебиет - жекелеген ақын, қаламгерлердің шығармашылық жігерімен жасалады. Әдебиет жанрлары да сол көркем сөз зергерлерінің тынымсыз ізденуімен алға басады. Әңгіме жанры - прозаның шағын түрі. Онда оқиға, кейіпкердің іс - әрекеті қысқа болып, уақыт жағынан да аз мерзімді қамтиды. Әңгіме жанрының осы қасиеті тыңдаушылардың оны тез игеріп, түсінуіне жағдай жасайды.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Жұмысын жазу барысында қазақ және түрік халық шығармашылығының төл жемісі ретіндегі көркемдік құндылығын, маңыздылығын, ғасырлар бойы қалыптасқан халық даналығы іспетті әдеби мұраның ұлағатын танытуды, әңгіме жанрын оқыту құралы ретінде қолданудың әдістемелік негізін пайымдауды басты мақсат ете отырып, мынадай міндеттерді шешу көзделді:
- әңгіме жанрын оқыту;
- әңгіме жанрын таныту;
- әңгіме жанрын тақырыптық тұрғыдан талдау;
Курстық жұмысты зерттеу әдістері: жинақтау, саралау, баяндау.
Курстық жұмыстың міндеті: Әңгіме жанрымен тереңірек танысу. Пәтер іздеп жүр едік әңгімесін жаңа оқыту форматына сай әдіс-тәсілдермен тиімді оқыту.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымша берілген.Суреткер кейіпкерін өзара қарым-қатынасқа түсіру,сөйлету-монолог, диалог арқылы мінез-құлқын, болмысын, ішкі сырын, сөз саптауын, ой толғанысын ашады.
Алайда бұл әңгімені жеңіл деп, үстірт оқыту дегендік емес. Керісінше, оқушылар әңгіме жанрынан бастап, көлемді прозалармен танысады. Ендеше әңгімені мұқият меңгерген оқушы повесть, роман жанрларын талдауды тез игереді. Мұғалім осы үлкен проблеманың бастауы болатын әңгімені меңгертуге көп көңіл бөлген жөн. Оқушылардың мәтінді түсініп, нақты сюжетті меңгеруінде түрлі тәсілдер мен жолдар қалыптасқан. Курстық жұмыстың өзекті мәселесі болып табылатын әңгімені меңгертудің тиімді жолдарын ұсыну ғана жұмыстың басты мақсаты емес, сондай - ақ әңгімелер балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор. Әңгіме жанры оқушылардың ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді. Сонымен қатар баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі
өте зор. Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала - үздік оқушы, себебі жоғарыда аталғандар - жақсы үлгілердің негізі. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ. Демек, бала тілін дамыту - қоғам дамыған сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірі. Оның үстіне еліміз егемендік алғалы бері мемлекеттік тілде сөйлеу соны оқыту әдістемесін жетілдіру, соның ішінде, бала тілінің дамуы мен сөздік қорының молаю мәселесі әдіскер ғалымдардың зерттеуінен түспей, назардан тыс қалмай жүрген мәселелердің бірі.

I.ӘДЕБИЕТТЕГІ ӘҢГІМЕ ЖАНРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1.Әңгіме жанрының қазақ әдебиетінде алатын орны мен қалыптасу тарихы

Әңгіме жанрын оқытудың маңызы мен әдісіне тоқталып кетсем:
Әңгіме жанрын оқыту-оқушының сөйлеу дағдысының, мәнері оқуының, рухани дүниесінің қалыптасуының негізгі кілті болып табылады. Әңгімені оқытуда берілетін білім мен тәрбиенің аясы өте кең. Аталған жанрды оқытуда берілітін теориялық ұғымдар туралы түсінік үшін, ең алдымен, материялды неше сағатта өтуге болады, әр сағатта өтілуге тиісті материал көлемі мен мазмұны және оның оқушыларға бұрыннан таныс, не таныс еместігі, сондай-ақ, оқушылардың қабылдай алу қабілеттілігі, өресі, дағдыларының бар-жоғы сияқты мәселелерді күн ілгері ойластырып, жоспарлап алу қажеттілігі туады. Әңгімені оқытуда оқушыға берер тәрбиесі мол. Әңгіменің идеясы, ондағы кейіпкерлердің мінез-құлқы оқушыларды ойға жетелейді. Яғни, оқушы әңгіме мазмұнын түсіне отырып, оның кейіперлерінің бойындағы ұнамды, ұнамсыз қасиеттерін ажыратып отырады. Сол арқылы өзін- өзі тәрбиелеуге көп көңіл бөледі. Сондай- ақ, әңгіме авторы оқушыларға жеке тұлға ретінде жақсы қасиеттерімен танылады. Кей оқушылар әңгіме авторын үлгі етіп, тіпті кейбір кейіпкерлерге еліктеп, оларды өнеге тұтуға ұмтылады.
Мектепте оқылатын қазақ әдебиеті курсының бағдарламасында әңгіме жанрының алатын орны мен оны оқытудың мәні зор.
Әңгіме жанрын оқыту - оқушының сөйлеу дағдысының, мәнерлеп оқи алуының, рухани дүниесінің қалыптасуының негізгі кілті болып табылады. Әңгімені оқытуда берілетін білім мен тәрбиенің аясы кең. Атап айтқанда, оқушылар мынадай білім алады:
1. Әңгіме жанры туралы түсінік;
2. Әңгіме жанрының өзіндік белгілері мен ерекшеліктерін сезіне отырып оны талдау;
3. Әңгіме жанры аясында берілетін теориялық ұғымдар туралы түсінік.[1, 25]
Ең алдымен, материалды неше сағатта өтуге болады, әр сағатта өтілуге тиісті материал көлемі мен мазмұны және оның оқушыларға бұрыннан таныс, не таныс еместігі, сондай-ақ, оқушылардың қабылдай алу қабілеттілігі, өресі, дағдыларының бар-жоғы сияқты мәселелерді күн ілгері ойластыра, жоспарлап алу қажеттілігі туындайды.
М.Әуезовтің 8-сыныпта берілген Қараш-Қараш оқиғасы хикаясын оқыту алдында оқушылардың қызығуы, ынтасы, таным белсенділігін арттыру мақсатында, әңгімедегі оқиғалар өмір шындығынан алынғанын, Бақтығүл - өмірдегі Рыскұлдың прототипі екенін (әрине, прототипке түсінік беру қажет) қосымша материалдарды пайдалана отырып әңгімелеу қажет. Яғни Тұрар Рысқұлов жайында деректер, қуғын-сүргінге ұшырауы, т.б. туралы. Жалпы шығарманың көтерген проблемасы феодалдық замандағы қорғансыздар, кедейлер тағдыры, әділетсіздік, жауыздық, ел ішіндегі барымта, ұрлық, күндестік сияқты сахара өмірінің небір шындық картинасын көрсету, әділдік іздеу, шындық іздеу, сол жолдағы адасу, кек қайтару сияқты бас қаһарманның жанталасқан іс-әрекеті, психологиялық күй-жағдайлары повестің негізгі өзегі, қазығы. Әңгімені оқытуда тек мазмұны ғана емес, ең бастысы, оның негізгі проблематикасы, жазушының идеялық-эстетикалық мұраты, сол жолдағы табысы сөз етілуі керек. Сюжет, композиция тұтастығы, тіл көркемдігі, характерлердің жасалу жолдары айналасындағы еңбек те ең негізгі мәселелер. ұғымдарын тереңдету, хикая, прототип, кейіпкерлердің психологиялық күй-жайы, сюжет, композиция, суреттеу, портреттеу, баяндаулар туралы да түсінік беру сабақтың басты мақсаттарының бірі болып табылады. Повесті талдау ең алдымен мазмұнын меңгеруден басталмақ- Қараш-Қарашоқиғасы көлемі жағынан, көтерген проблемасы жағынан салмақты болғандықтан, бағдарламада берілген санаулы сағаттардың ішінде оны талдау да күрделі мәселе. Сондықтан мұғалім ең тиімді деген әдіс-тәсілдер іздеуі керек. Мазмұнын сыныпта, әрі үйде меңгерту жөн. Шығарманың ұзақтығын ескеріп, әрі оқушының тез оқуы, қызығуын ұйымдастыру мақсатында, тарауларына тақырып қойып, ол талдаулардағы басты оқиғаларды көрсетіп, төмендегі үлгіде көрнекі етіп жазып, пайдаланып отырудың маңызы зор.[2, 58]

Бөлімдер
Тақырып
Басты оқиғалар
I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII
Іште кеткен кек

Кек жолындағы жортуыл

Қуғыншылар

Пана іздеу

Адасу

Екі жүзді аярлық

Қуғын

Өш
1.Тектіғұлдың ауруы, ауыр тағдыры
2. Аянышты өлім

1.Бақтығұлдың өш алу жолындағы Сәлмен жылқысына барымтаға аттануы.
2. Биені ұрлап әкетуі.

1.Биені әкеп, сойып алуы.
2.Қуғыншылар үстінен дөп түседі.
3. Масқара соққыға ұшырауы.
4. Намыс, ар, қорлану

1.Арқар атуы.
2. Жарасбай ауылына оны тарту етуі.
3. Жарасбайға айтқан өтініші, тілегі.

1.Жарасбайдың сенімді серігі.
2.Бақтығұлдың ақ жолдан таюы
3. Барымтаның жиілеуі.
4. Әділет іздеп, әділетсіздікке еріксіз баруы

1.Ел ішіндегі тартыстың ұлғаюы.
2.Жарасбайдың сатқындығы.
3.Билер соты, үкім

1.Қашып құтылуы.
2.Қуғын

1.Тау-тасқа жасырыну.
2.Жарасбайды атып өлтіріп, өш алуы.

Мазмұнын сыныпта оқыған кезде мұғалім оқылып жатқан бөлімдердің басты-басты эпизодтарын ашатьн сұрақтар қойып, тұжырымдап отырады. Ал үйге берер алдында сол бөлімдердің мазмұнын қысқа түрде өзі айтып беріп, өз беттерімен оқуды тиімді ұйымдастыру үшін сұрақтар беріп, соған жауап дайындауды талап етеді. Мысалы, IV бөлімді үйге өз беттерімен оқып келу тапсырылса, мынадай сұрақтар, тапсырмалар жүйесін ұсынуға болады:
Соққыдан оңалған Бақтығұл қандай шешімге келеді?
Архар ату себебі не?
Оны Жарасбайға неге сыйға тартады?
Жарасбайға қандай тілек, өтініш айтады?
Жарасбайол өтінішке қалай қарайды?
Мәтінмен жұмыс кезінде мұғалім, әсіресе, оқиғаларменқабаттаса келіп отыратын суреттеу, портреттеулерге ерекше көңіл бөлуі керек. Сол себептен де осы үйге берілген бөлімді сұрақтар арқылы талқылай отырып, кітаппен жұмыс, яғни практикалық жұмыс арқылы портреттеу, суреттеулерді таптырып, олар қандай тілмен берілген, оның шығармадағы орны, маңызына да тоқталып отыру тиімді болмақ. Әңгіме-хикаяны оқытуды қандай әдіс-тәсілдермен жүзеге асыру керек, ол солардың өзіне тән ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, осы Қараш-Қараш оғиғасында практикалық жұмыстардыыың рөлі ерекше. Себебі, суреттеулер, портреттеу, мінездеу, баяндаулар, кейіпкерлердің психологиялық әр түрлі жан дүниесінің сипатталуы өте жиі кездеседі, тілі де күрделі (сөйлемдердің ұзақ, құрмалас сөйлемдерге құрылуы, пейзажды беруде бейнелі, образды суреттеулердің молынан кезігуі, диалогтар мағынасының, астарлы ойларының тереңдігі, т.б.)- Тіпті, мазмұнын меңгерту де, яғни мазмұндату да мұғалімге оңайға түспейді. Мысалы, оқулықтыыың Бақтығұл келе жатқан Талғар сайының көрінісін суреттейтін жерді балалардың айтып беруі - мүмкін емес нәрсе. Мұғалімнін өзіне де сол қалпында суреттеп беру қиындыққа түсер еді. Сондықтан да мазмұнын айтқызу кезінде ондай суреттерді кітаптан оқи отырып айтқызу тиімді болмақ. Әсіресе, бұл шығарманы оқу барысындағы ең тиімді әдістердің бірі - мәтінге жуық мазмұндату, портреттеу, көріністер, диалогтегі ұтымды сөздер, көр-кемдегіш айшықты сөздерді сақтай отырып, мазмұндату болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін, шыгармадағы суреттеулер, портреттеулерді жинақтап, үнтаспаға мәнерлеп оқу арқылы жаздырып, тыңдатып,сөйтіп, құлақтарына сіңісті ете отырып, сол арқылы ойша көз алдарына сол сурет, көріністерді келтіріп отырудың да маңызы ерекше. Мазмұнын меңгерту жұмысынан кейін идеялық-эстетикалық мәніне әдеби талдауды проблемалық сипаттағы, пікірталас тудыратын, іздендіру сұрақтары арқылы жүзеге асыруға болады. Әңгімелеу, пікірлесу, әдеби шағын пікірталастар бұл сабақтарда да жетекші әдіс болмақ.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Тектіғұл өлімінің негізінде қандай саяси-әлеуметтік мән жатыр?Ол өлімнің шығармадағы орны?
Бақтығұлдың барымтаға аттануы, ұрлық жасауына қалай карайсың? Ақтайсың ба, қаралайсың ба?
а) Қуғыншылар ізге қалай түсті? Бақтығұл неге ұсталып қалды?
3.Жарасбай болысқа баруын құптайсың ба, жоқ па?
4. Бақтығұлдың басты-басты қателіктерін, адасуларын ата.
5. Адасуларға тек Сәлмен, Жарасбайлар ғана кінәлы ма? Өзіңе кінә қояр ма едің?
а) Жарасбай мен Сәлменге салыстырмалы мінездеме бер.
6. Жарасбайды өлтіру қылмыс па? (Иә десең де, жоқ десең де, оиыңды дәлелдеуге тырыс.)
7. Билер алдындағы Неде болса да ақпын, Менде айып жоқ деген ойынан бастап, Бактығұл монологін қайта оқып шық. Осы монологтің маңызы неде деп ойлайсың?
8. Сол билер алдындағы Егер осы Қокыш сөзіндей Жарасбайдың айтқаны шын болса,... деп басталатын Бақтығұл сөзінің мәнін түсіндір Осы абзацтың Бақтығұл бейнесін ашуда маңызы бар ма?
9. Ақылды, әрі күшті рухы бар Бақтығұл неге қол шоқпарбарымташы, сорлы малайға айналады?
Қараш-Қараш оқиғасы арқылы жазушы қандай мәселелердікөтерген? Шығарма неге Қараш-Қараш оқиғасы деп аталған?
Автордың бас кейіпкері Бақтығұлға деген сезімі, қарым-қатынасы қалай? (Мәтіннен үзінді оқи отырып дәлелдеу.)
Қазақ даласындағы партия, съезд, қақтығыс, күншілдік бақталас, ырду-дырду шығармада қалай берілген? Олардың бас кейіпкер тағдырындағы орны бар ма?Шығармадағы Бақтығұл, болыстар, жуандар бейнесі туралы сөз қозғағанда, тағы да мынадай тапсырмалар орындатуга болады:
- Бақтығұлдың монологтерін тауып оқы. Ол монологтерде Бақтығүл бейнесін, іс-әрекетін, жан дүниесі, психологиясын көрсетудегі рөлін ашуға тырыс.
- Шығармада осы монологтерге неге кеп орын берілген?Жазушының осы көркемдік тәсілінің маңызын қалай түсіндірер едің?
Сабаққа Бақтығұл бейнесін ашатын, онын адасып-адасып келіп, кек алуын, сол жолдағы азапты да аянышты тағдырын тұжырымды түрде көрсететін көрнекілік - сызба пайдалануға болады.
Үлгі:
Кек жолында
Тектіғұлдың өлімі. Сәлмен қолындағы ит тірлік.
Сәтсіз барымта.
Пана іздеу.
Жарасбай жанында.
Бақтығұл - ұры, барымташы, Жарасбайдың қол шоқпары.Сатқындық. Бақтығұл - күндестік құрбаны.Бактығұл - қашқын. Өш алу. Әділ жаза
Мұғалім оқушыларға партия, съезд жайында, онын қазақ даласындағы сұмдық ылаңы туралы да осы шығармамен байланыстыра отырып түсіндіруі керек. Кейбір күрделі, қазіргі балалар түсінбейтін, бүгінгі күнде күңделікті тіршілікте пайдаланылмайтын сөздерге де түсінік жүргізіледі, яғни түсіндірме сөздік жұмысына да орын беру керек. Сөздік жұмыстары жалпы әдебиеттің қай жанрын оқытқанда да, міндетті түрде қатар жүріп отыруы керек. Оқушылардың түсінбеген сөздеріне, тарихи, архаизм сөздерге үнемі түсіндірме жұмысын жүргізу ләзім. Мұндай жұмыстар тіл байлығын дамытады, танымын арттырады, шешен де оралымды сөйлеуге баулиды. Әдебиетті оқытудағы мақсаттың өзі де осы.
Әңгіме жанрын жоғары сыныптарда оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар. Төменгі сыныптарда әңгімелер монографиялық жолмен оқытылса, ал жоғары сыныптарда өтілгелі отырған ақын, не жазушының бірнеше әңгімелері көтерген тақырыбы, ортақ мәселелері бойынша қатарынан топтап беріледі. Мысалы, ұлы жазушы М.Әуезовтің алғашқы әңгімелерінен Қорғансыздың күні, Жетім, Барымта, Ескілік көлеңкесінде, Жуандық, т. б. әңгімелері оқуға берілген (11-сынып, шолу дәрежесінде олар оқулықта талданған). Бұл әңгімелер - жиырмасыншы жылдардағы әңгімелері. Оқытқанда, оларды тақырыбы, идеясы, көтерген проблемаларының үндестігіне карай топтап алып, талдау керек. Мысалы, алғашқы әңгімелерінің ішінен Қорғансыздың күні Жетім, Оқыған азаматта көтерген проблемалары негізінде М.Әуезовтің алғашқы әңгімелеріндегі қорғансыздар проблемасы, жазушы қорғансыздарын қалай қорғайды? деген ортақ сұрақпен талдауға болады.[3, 73]
Сыныпта талданғалы отырған шығармалардыыың санына байланысты топ-топқа бөліп, берілген әңгімелерді өз беттерімен оқып келу, талдауға жұмылдыру керек. Жазушының алғашқы әңгімелері қысқа, оқиғасы қызықты болып келгендіктен, өз беттерімен талдауға ұсыну тиімді болмақ. Жоғарғы сыныптарда көркем шығармаларды өз беттерінен талдауға көп көңіл бөлу дұрыс.
Осы үш әңгіме бойынша ортақ мәселе - қорғансыз тағдыры. С. Мұқанов айтқандай: М.Әуезов өзінің алғашқы әңгімелерімен-ақ қазақ прозасын еуропалық дәрежеге жеткізді. Еуропалық прозаның әлемдік алыптары: Бальзак, Мопассан шығармаларында ақша, тек қана ақша билеп тұрған буржуазиялық қоғамда махаббат та, ар да, отбасылық қарым-қатынас та әке мен баланың махаббаты да - бәрі-бәріне ақша үстемдік ететіні айдай шындықпен көрсетіледі. Жалғыз қызы үшін бәрінен айырылып, ешкімге керексіз боп, жалғыз қалған Горио әкей (Бальзак), тағдыр жезөкше етсе де, адамдық рухынан, мейірімділіктен ада болмаған Пышка, т.б. (Мопассан) - бәрі-бәрі де қорғансыздар. М Әуезов қорғансыздары да сахара тағылары, жауыздарының құрбаны болып көрсетіледі. 13-тегі сәби, қорғансыз Ғазиза жалғыз ұлдан айырылып, тас бауырлар түбіне жеткен бейшара ана, жетім Қасым тағдырлары - жеке адамдар жеке қорғансыздар тағдырлары емес, ол өркениет пен(TM)жзм дәш кектемей жатқан, мал, байлықка деген аш көздік жайлаған сахара, дала, онын қорғансыздарының тағдыры әңгімелер негізіндеп осындай басты-басты проблемаларды дәп тауып, тұжырымды, нақты ғана талдау жасау - жоғары сыныптарда әңгіме жанрын өтудің ең бір өзекті мәселесі. Проблеманы шешу төмендегідей сұрақтармен жүзеге асырылмақ.
- Қалай ойлайсыңдар, осы үш әңгімеде де қорғансыздар тағдыры сөз болады деп жатырмыз. Жазушының оларға көзқарасы қандай? Қорғансыздарын қорғай ма, қорғаса,қалай қорғайды?
Үш әңгімеде де бас кейіпкерлер тағдыры трагедиямен аяқталады. Авторлық осы шешімге қосыласыңдар ма?
Жазушы шеберлігі, стилі туралы не айтар едіңдер? Деталь, штрихтердің әңгіме идеясын ашудағы маңызы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейнелеу іс-әрекетінің негізгі міндеттері, әдістері мен жұмыс тәсілдері
Бастауыш сыныптардағы Әдебиеттік оқу пәнінің жаңа мазмұны
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ПӘНІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ
КӨРНЕКТІ ТҮРІК ЖАЗУШЫСЫ ӘЗИЗ НЕСИН ТУРАЛЫ БІРЕР СӨЗ
Бастауыш мектепке арналған әдебиеттік оқытудың бағдарламасы
«Әдебиеттік оқу» пәнінің базалық мазмұны
Тау бөктерінде
МЫСАЛ ЖАНРЫН МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Публицистика жанрлары
Балаларға бейнелеу өнерінде шығармашылық қабілеттерін дамыту технологиясы
Пәндер