Отбасы ролі мен отбасы ішіндегі рольдердің құрылымы


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

  1. Отбасы ролі мен отбасы ішіндегі рольдердің құрылымы
  2. Отбасы типологиясы

2. 1. Отбасының әлеуметтік қызметтері

2. 2. Әлеуметтік бағдарлама мен тұлғалық тәрбие

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Жақсы ата-ананың балалары да жақсы болады деген сөздi өте жиi естимiз, сонда осы жақсы ата-ана деген кiмдер. Қазақта бұған байланысты мақалдар да жиi айтылады. Мысалы, “Ұяда ненi көрсең, ұшқанда соны аласың” .

Болашақ ата-аналар өз ұрпағының саналы да сапалы болуы үшiн арнайы бiр әдебиеттердi оқу немесе тәрбиелеудiң ерекше әдiстерiн ұйрену керек деп ойлайды. Әрине, педагогикалық және психологиялық бiлiмдер өте қажеттi, бiрақ тек қана бұлардың өзi баланы тәрбиелеуге жеткiлiксiз.

Ешқашан күдiктенбейтiн, әрқашан өздерiнiң iстерiнiң дұрыстығына сенетiн, ылғи да балаға не iстеуге болады және оған не керек екенiн дәл бiлiп отыратын, әр уақытта өзiнiң баланы өсiруде қалай дұрыс iстеу керектiгiн бiлетiн және әр түрлi жағдайларда өз балаларының мiнез-құлқын ғана болжап қоймай, оның болашақ өмiрiнде кiм болатының көрегендiкпен болжай алатын ата-аналарды жақсы деп айта аламыз ба?

Әлде үнемi қобалжып жүретiн, балаларының жаңа бiр тәртiп бұзуы кезiнде оларды қалай жазалауын бiлмейтiн, егерде жазаласа өз әрекеттерiне өкiнетiн ата-аналарды жақсы дей аламыз ба? Мұндай ата-аналар баласынан күтпеген өгде әрекеттер көрсе қорқады, ол ата-аналар балаларын өздерiн сыйламайды деп күдiктенедi, ал кейде өздерiн жақсы көрмейдi деп ойлайды. Ол ата-аналар балаларын бiр жаман қылық iстеп жүр деп ойлап, олардың болашағын ойлап қиналады. Оларға сыртқы орта “көше” керi керi әсер етедi деп санайды және олар балаларының сихологиялық денсаулығы үшiн сескене бастайды.

Яғни, жоғарыдағы ата-аналардың ешқайсысын жақсы деп айтуға болмайды. Ата-аналардың бала тәрбиелеуде өздерiне қатты сенiмдi болуы да немесе шектен тыс көп сескене берудiң де олардың жақсы ата-ана болуына көмектеспейдi.

Адамның кез-келген әрекетi әдетте бiр нормаға бағынады. Бiрақ тәрбиелеушiлiкте мұндай норма болмайды. Өйткенi бiз өз өмiрiмiзде күйеу және әйел болып немесе кез келген мамандықты қалай тәжiрибеде және теориялық жағынан үйренемiз, сол сияқты ата-ана болып та үйренуiмiз керек. Жанұядағы тәрбие бұл да сол өмiр және бiздiң балаларға деген iс-әрекетiмiз немесе көзқарасымыз өте күрделi, өзгермәлi және қайшылықты болып келедi.

Кез-келген баланың ата-анасына деген махабаты шексiз, шартсыз, шекарасыз және мәңгiлiк. Бұл тұрғыда ата-анаға деген махабат өз өмiрiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етсе, өсе келе ата-аналарының махабаты адамның iшкi, эмоциялық және псиологиялық әлемiн ұстап тұратын қызметтердi атқара бастайды. Ата-ана махабаты - адамның болашақ өмiрiнiң бағдары, оның дене және iшкi жан дүниесiнiң, денсаулығының қайнар көзi мен кепiлi болып табылады.

Сондықтан да ата-ананың басты және негiзгi мiндетi - ең бiрiншi балаларына өздерiнiң жақсы мiнез-құлығымен, адами құндылықтарымен жақсы көрiнетiндiгi мен оларға әрқашан да қамқор болатындығына сенiм туғызу. Яғни, ешқашанда балалары өздерiн ата-аналары жақсы көретiндiгiне күмән туғызбауы керек. Ата-ананың ең табиғи және ең қажеттi мiндетiнiң бiрi өз балаларына олардың кез келген жасында оларға жылы махабатпен, қамқорлықпен және ұқыптылықпен қарау.

Балаларының өсе келе өз ата-аналарымен айырылысатын жағдайлар өмiрде жиi болып тұрады және бұл шартты құбылыс. Олар өздерiнiң ең жақын адамдарымен эмоциялық байланысын жоғалта отырып, психологиялық мағынада айырылысады.

Психологтар жасөспiрiм алкоголизмi мен нашақорлығының қайғысына көбiнесе ата-аналарының өз балаларын жақсы көрмеуi, оларды бауырына тартпауы себеп болатындығын дәлелдеген. Яғни, жанұялық тәрбиеге қойылатын басты талап жанұя iшiнде бiр-бiрiне кiршiксiз махабаттың болуы талабы. Осы мақсатта ата-ана өз балаларын жақсы көрiп қана қоймай, балалардың өздерiн ата-анасының жақсы көретiндiгiн әрқашан және кез келген жағдайда сезiнiп жүруiне көмектесу қажеттiгi туындайды. Бала өз ата-анасының махабатына сенiмдi болғанда ғана оның психологиялық әлемi дұрыс қалыптасады, яғни махабат махабатқа үйретедi.

Көп ата-аналар өздерiн балаларына деген махабатының жоғары болуы жағдайында бала өзiн ата-анасының жақсы көретiндiгiн сезiп, ерке, өзiмшiл болып өседi деп ойлайды. Бұл тұжырым өте дұрыс емес. Дәл осы жағымсыз тұлғалық қасиеттер ата-аналық махабаттың жетiспеушiлiгiнен, қайсыбiр эмоциялық тапшылық пайда бола қалғанда қалыптасады. Ата-ананаңы өз баласына оны жақсы көретiндiгi мен қамқор болатындығы туралы сезiмiн бiлдiру ата-анасының баласына бөлетiн уақытына да, баласының қайда өсетiндiгiне де, баласын материалдық қажеттiлiктермен қамтамасыз ету дәрежесiне де байланысты емес. Ол ең бiрiншi ата-ананың баламен терең психологиялық байланыстың болуы тәрбиеге қойылатын бiрегей талап, ол барлық ата-аналарға тәуелдi және мұндай байланыс барлық жастағы балаларды тәрбиелеп жеткiзуде қажеттi болып табылады.

Бұрынғы тәжiрибе ықпалымен адам санасында өте жоғары деп аталатын құндылықтар қалыптасады. Мұндай құндылық болып белгiлi бiр адамның қажеттi, өмiрде маңызы бар деп табылғанм қасиеттерi саналуы мүмкiн. Мұндай жағдайларда ата-аналар өз балаларында да осындай қасиеттер қалыптасатындай етiп тәрбиелеуге талпынады. Мысалы, ата-аналар өзiнiң ұлынын немесе қызының мейiрiмдi, ақ көңiл болып өсу керек деп ойлайды. Ата-аналары балаларын тәрбиелеуде құнды деп тапқан қасиеттерi баласының индивидуалдық, өзiндiк ерекше қасиеттерiне қарама-қарсы келгенде баланың тәуелсiздiк мәселесi одан сайын күрделене түседi.

Осы мысалдағы мiнез-құлықтық бұзылуына ата-ананың баласының даму ерекшелiгiне, оның жасына қарамастан оған жоғары құндылықтарды “күшпен” үйретудiң нәтижесiнен пайда болып отыр.

1. 1 Отбасы ролі мен отбасы ішіндегі рольдердің құрылымы

Жанұя қажетілігін және жанұя функциясын басқалардан бөліп алып, оны үлкейтіп, жалпылау қажет. Г. Навайтистің пікірі бойынша жанұя қажеттілігін мынадай негізгі топтарға бөлуге болады:

  1. Отбасының материалдық жағадайын құру мен қолдау қажеттілігі;
  2. Екі жастың үйленгеннен кейін ата-ана болумен байланысты - сүю мен қорғау қажеттілігі;
  3. Психологиялық және физический жақындасу қажеттігі;
  4. Отбасында ерлі-зайыптының бір-бірімен сөйлесу, ақылдасу, араласу қажеттігі.

Осыдан келіп жанұя әсерінің негізгі сферасы белгіленеді: тұрмыс , балалар , интим және сөйлесу . Жанұяда қанағаттандырылатын қажеттіліктер отбасынан тыс жерлерде іске аса алады, бірақ та отбасы олардың бәрін біріктіріп комплексті түрде қанағаттандыра алады. Сондықтан әлеуметтік дамудың бастапқы қайнар көзі отбасы болып табылады. Осыдан келіп әлеуметтік дамуда отбасының сан түрлі қызметтері қалыптасады.

Отбасы функциясының көптүрлілігі оны әр авторлар әр түрлі негізде айтады, бірақ та олардың функцияларының жиынтығы ұқсас. Мысалы: И. В. Гребенников отбасы функциясын тиімді, тәрбиелі, коммуникативті қызмет пен демалысты ұйымдастыру функциясын жатқызады.

Э. Г. Эйдемиллер және В. В. Юстицкис бойынша: отбасына тән тәрбие, тұрмыстық-шаруашылық, эмоция функциялары және рухани байланыс, бірінші әлеуметтік бақылау және сексуалдық - эротикалық функциялар жатады.

Негізінен әлеуметтану пәндерінде отбасы функцияларын негізгі және негізгі емес деп топтастыруға болады.

Отбасының негізгі функциясына жататын бала туу және оларды тәрбиелеу, отбасылық және қоғамдық мазмұн және тәрбиелеу процестері жатады және олар қоғамның әр түрлі кезінде де сақталады.

Негізгі емес функцияларға келесілер жатады: меншікті жинақтау және басқару, статус, өндірістік және жұмсауды ұйымдастыру, үй шаруашылығын және демалыс шараларын іске асыру, отбасы мүшелерінің денсаулығын қорғау және микро деңгейде мемлекет құру шаралары жатады.

Отбасылардың функциялары өзара әрекет процесі кезінде табысты түрде іске асып отыру үшін отбасы мүшелері нақты бір рольді орындап отырылулары керек. Кейде отбасында осы аталған отбасылық рольдердің арасында келіспеушіліктер мен бірін-бірі мойындамау орын алады.

Отандық ғылымда отбасы функциясы түсінігі отбасының ролі және отбасы құрылымы түсінігіне қатысты болады. Көптеген социологтар отбасы функциясын отбасындағы әлеуметтік рольдер жиынтығының негізгі мазмұны деп анықтайды. Отбасы рольдік құрылымын суретеу кезінде рольдерді бөліп беру маңызды мәселе болып табылады. Зерттеушілердің негізгі көңілі шаруашылық - тұрмыстық және тәрбие функцияларының рольдерін зерттеуге бағытталған. Бұл рольдер үй иесі мен әйелі, бала мен тәрбиелеуші және отбасыны асыраушылар.

Отбасының негізгі функцияларының осы күнге дейін нақты аталған бірдей тізімі жоқ екенін атап кетуіміз керек. Әлеуметтік ғылымдарда әр авторлар өзінің модельдерін ұсынады. Көптеген авторлар келесі 6-7 негізгі функцияларды пайдаланады:

  • Туу және бала тәрбиелеу функциясы;
  • Ата-аналардың рухани қалыптасу функциясы;
  • Эмоциялық қолдау және психологиялық қорғау функциялары;
  • Нақты бір әлеуметтік статусқа жетуді;
  • Өзін-өзі көрсете білуі;
  • Сексуалдық байланыстарға мағына беруді қосады.

АҚШ пен Батыс Еуропа ғалымдары отбасындағы рухани байланысқа көп көңіл бөледі, ал Шығыс Еуропа әдебиеттерінде отбасылық тұрмысқа байланысты функцияға көп көңіл бөледі. Ал Қазақстанда бұл аталғандардың кез-келгенің кездестіруге болады. Өйткені елімізде 100-ден астам ұлттар және олардың әлеуметтік жағдайлары да әр түрлі болуына байланысты.

Әрбір ер адам әке мен күйеу болуға, ал әрбір әйел адам ана мен әйел болуға табиғи және қоғаммен бірге дайындалады. Әйел мен еркек арасындағы қатынастар отбасындағы, қоғамның экономикалық құрылымымен анықталады. [1]

Матриархатта - өзінің экономикалық негізі болды және патриархатта да. Екі жағдайда отбасы абыройлы болып келді. Қоғамның дамуының жаңа кезеңінде отбасын құру және қалыптастыру мәселелеріне деген қызығушылық өседі. Қазіргі кездегі жас отбасын әр түрлі ғылымдар саласы зерттеп, оны бақылап отырады.

Отбасылық рольдер түсінігі әлеуметтік құрылым болып табылады. Социологиялық психологтар осыған сүйеніп өз зерттеулерін жасай алады. Социалдық роль социологиялық жүйенің басты функцияларының бірі ретінде түсіндіріледі.

Роль дегеніміз - қабылданған нормаларға сәйкес келетін жеке тұлғаның әлеуметтік функциясы, адамдардың өз ролінің негізінде қызмет етуі, олардың өзіндік тәртібі, тәсілі, олардың ұстанған статусына, қоғамдағы жағдайды ескеру, сонымен қатар әрбір роль қызмет ету барысында қоғамдық қарым-қатынастар жүйесіне тәуелденген.

Рольдердің, қарым-қатынастардың, нормалардың анық болуына байланысты қазіргі кездегі отбасылардың алдында бірталай әлеуметтік-психологиялық мәселелер тұрады. Ең бастысы отбасылық рольдік әрекеттесу тәсілін таңдау мәселесі туындайды.

Отбасындағы рольдік құрылымның пайда болу процесі отбасының әлеуметтік және психологиялық жалпылық болып қатысуының негізін көрсетеді, ерлі-зайыптылардың бір-біріне өзара үйренгенін, отбасылық өмірдің стильінің пайда болғанын көрсетеді. Бұл процесс ерлі-зайыптылардың өзара рольдік қатынастарымен тығыз байланысты. Қазіргі кезде өзара қатынастар сапасы оны ерлі-зайыптылар қалай қабылдағанына және оны қаншалықты деңгейде іске асыруында деп саналады.

Бүгінгі таңда үйленген жастар өз некелерін қалай қабылдайды, осы кездегі олардың рольдік қатынастары қандай орын алады деген маңызды сұрақтар аз зерттелген сұрақтар болып табылады. Шетелдерде психология саласында жыныстық рольдер жүйесі, жыныстық рольдер дифференциясы деге нтүсініктер бар.

Жыныстық рольдер - мәдениетті норма жүйесі қатынасына жататынына қарай анықталатын тәртіп-тәсілі және жеке адамның санасы болып келеді. Бұл жүйені жыныстық рольдік жүйе деп атайды.

Жыныстық роль жүйесі дегеніміз - еркек пен әйелге келісетін және оны мойындайтын социологиялық рольдер мен социологиялық әрекеттердің мәдени көрініс табуы. Батыс мәдениеттерінде «үй-жұмыс» деген линия бар. Ер адам - маман болу керек, тұрақты және жалақысы жоғары жұмыс істеуі керек, ал әйел үйге, отбасыға, балаға жауапты болуы керек.

Әйел адамның мамандық қызметі екінші сатыда тұрады. Осындай бөліс жыныстық рольдік дифференция деп аталады. Еркек немесе күйеуі отбасын материалдық жағынан қамтамасыз етуі керек, ал әйел - үй шаруашылығына қарап, бала тәрбиесіне жауапты болуы қажетті. Осы рольдік модельдерді шетелдік көптеген зерттеушілер қолдайды, оны жақтайды. Мысалы: Най Ф. И., Пляк Дж., Сканцони Дж және т. б. айтып өтсек болады. Бірақ соңғы уақыттарда шетелдік зерттеушілер еңбектерінде анализдің басты пәні факторлар мен одан қалған әсерлер болып табылады.

Біріншіден, әйелдер отбасын асырайды, екіншіден еркектер де үй шаруашылығына және бала тәрбиесіне қатысады. Осыған әсер ететін әлеуметтік-демографиялық факторлар, әлеуметік сыныптарға тән болуы, отбасылық кезең циклдары, әйелдің жұмыс істеу қажеттілігі екені бізге белгілі.

Қазіргі жаңа отбасылардағы рольдің әлеуметік-психологиялық талдауы үшін, отандық және шетелдік зерттеушілердің нормалардың анық емес екені туралы қорытындысы ең басты белгісі болып табылады. Мұндай жағдайлар отбасының алдына көптеген әлеуметтік-психологиялық мәселелерді туғызады. Бұл кезде отбасындағы роьдердің маңызды ойнаушылары ерлі-зайыптылардың алдында таңдау функциясы туады.

Адамның кез-келген әрекетi әдетте бiр нормаға бағынады. Бiрақ тәрбиелеушiлiкте мұндай норма болмайды. Өйткенi бiз өз өмiрiмiзде күйеу және әйел болып немесе кез келген мамандықты қалай тәжiрибеде және теориялық жағынан үйренемiз, сол сияқты ата-ана болып та үйренуiмiз керек. Жанұядағы тәрбие бұл да сол өмiр және бiздiң балаларға деген iс-әрекетiмiз немесе көзқарасымыз өте күрделi, өзгермәлi және қайшылықты болып келедi.

Мысалы, егер ата-ана барлық жағдайда жаңаша көзқараста болса, кез-келген сұрақтарға дұрыс жауап қайтара бiлсе, онда мұндай жағдайда олар ең басты ата-аналық мiндеттi орындай алмайды, себебi баласына бәрiн өзi iстеп отыратын ата-ана баласын өзiнше iзденуге, жаналарды өзiнше танып бiлiп, оның оңы мен солын айыруына мүмкiндiк жасамайды.

Ата-аналар баланың алғашқы қоғамдық ортасы болып табылады. Ата-аналарының тұлғасы кез-келген адам өмiрiнде маңызды рөл ойнайды. Мысалы, өмiрлiк тәжiрибеден алып қарасақ қиын сәттерде бiздiң ата-аналарымызбен, әсiресе анамызбен сөйлесуiмiз кездейсоқ жағдай емес. Сондай-ақ бала мен ата-ана қатынасын бейiмдейтiн сезiмдер - бұл басқа эмоциялық байланыстардан күштi ерекше сезiмдер.

Ата-ананың махабатына деген қажеттiлiк - жас өспiрiмге шындығында керектi өмiрлiк қажеттiлiк. Кез-келген баланың ата-анасына деген махабаты шексiз, шартсыз, шекарасыз және мәңгiлiк. Бұл тұрғыда ата-анаға деген махабат өз өмiрiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етсе, өсе келе ата-аналарының махабаты адамның iшкi, эмоциялық және псиологиялық әлемiн ұстап тұратын қызметтердi атқара бастайды.

Болашақ ата-аналар өз ұрпағының саналы да сапалы болуы үшiн арнайы бiр әдебиеттердi оқу немесе тәрбиелеудiң ерекше әдiстерiн ұйрену керек деп ойлайды. Әрине, педагогикалық және психологиялық бiлiмдер өте қажеттi, бiрақ тек қана бұлардың өзi баланы тәрбиелеуге жеткiлiксiз.

Ата-ана махабаты - адамның болашақ өмiрiнiң бағдары, оның дене және iшкi жан дүниесiнiң, денсаулығының қайнар көзi мен кепiлi болып табылады.

Мысалы, егер ата-ана барлық жағдайда жаңаша көзқараста болса, кез-келген сұрақтарға дұрыс жауап қайтара бiлсе, онда мұндай жағдайда олар ең басты ата-аналық мiндеттi орындай алмайды, себебi баласына бәрiн өзi iстеп отыратын ата-ана баласын өзiнше iзденуге, жаналарды өзiнше танып бiлiп, оның оңы мен солын айыруына мүмкiндiк жасамайды.

Бала мен ата-ана арасындағы байланыс адамдар арасындағы ең күштi және ең мығым байланысқа жатады. Тiрi организм неғұрлым күрделi болса, ол сщғұрлым аналық организмге жақын болады. Бұл байланыссыз баланың дамуы мүмкiн емес, ал ерте жасынан баланы анасынан айыру оның өмiрiне, болашағына қауiп төндiруi мүмкiн. Адам болса ең күрделi биологиялық организмге жатады, сондықтан ещқашан толықтай тәуелсiз бола алмайды.

Сондықтан да ата-ананың басты және негiзгi мiндетi - ең бiрiншi балаларына өздерiнiң жақсы мiнез-құлығымен, адами жақсы құндылықтарымен жақсы көрiнетiндiгi мен оларға әрқашан да қамқор болатындығына сенiм туғызу. Яғни, ешқашанда балалары өздерiн ата-аналары жақсы көретiндiгiне күмән туғызбауы керек. Ата-ананың ең табиғи және ең қажеттi мiндетiнiң бiрi өз балаларына олардың кез келген жасында оларға жылы махабатпен, қамқорлықпен және ұқыптылықпен қарау. Өз балаларын қоғамдық жағынан дамыған тұлға етіп тәрбиелеу. Бiрақ қазiр кез келген болашақ ата-аналар өз балаларына осынау бiр үйреншiктi болып кеткен сөйлемдердiң қаншалықты дұрыстығына немесе қандай жағдайларда айтылатынына қарамастан, осы сөйлемдердiң өз балаларымен байланысқа түсуiне кедергi болатындығын, олардың өздерiн жақсы көретiндiгiне күдiк тудырып, бала мен ата-ана арасының алыстауына себеп болатындығын түсунуi керек. Сондықтан ата-аналар өз балаларының тек қана терiс қылықтарын ғана бағаламай, оны қандай болсын өзiнiң махабаттарына, оны сондай жақсы көретiндiктерiне сендiруi қажет. [2]

Нақты махабаттың формуласы - бұл “сен жақсы болғасын сенi сүйемiн емес, сен барсың, мен сенi сен қандайсың сондай кейпiнде сүйемiн” деген сөздердi жиi қолданылуынан бала мен ата-ана арасында шынайы махабат туындайды. Бұл арадағы ата-ананың өз балаларының алдындағы отбасылық ролі оларға қамқор болу, оларды жан-тәнімен сүйе білу.

Отбасындағы рольдік қатынастағы тепе-теңдік деңгейдегі ережесі отбасының өмір сүруі негізіне тиімді болып келеді. Сонымен енді әлеуметтану пәні және тағы басқа қоғамдық ғылымдар негізінде жүйеленген отбасылық рольдерді келесідей жіктеуге болады:

  1. Отбасын материалдық қамтамасыз етуге жауапты адам. Бұл рольдің отбасындағы орны жоғары, өйткені отбасын кім материалдық жағынан нақты қамтамасыз етсе, сорың сол тұлғаның отбасындағы өзіндік үстемдіктері болады. Сонымен қатар, осы рольдегі адам отбасының көптеген күнделікті ұсақ-түйек шаруаларының барысынан хабарсыз болады, себебі ол көбінесе сырт жерлерде болады.
  2. Отбасындағы ер адам мен әйелдің өзіндік ролі, тарихи қалыптасқан үрдіс бойынша түркі халықтарында отбасындағы ер адамның ролі өз отбасына қамқор болу, оны қорғау, отбасын асырау және т. б. қызметтер болған, ал әйелдің балаларына қамқор болу, үйдің көркі болу, балаларын тәрбиелеу сияқты қызметтерді мойнына алған.
  3. Жаңа туған сәбиге қарау жауапкершілігі ролі; Бұл рольді отбасында сол отбасының құрамына байланысты әр түрлі отбасы мүшелері атқара алады. Мысалы, әжесі, үлкен балалары, туыс-туғандары, бірақ бұл жерде әрине жас сәбиге қарауда ананың жауапкершілігі бірінші орында болады.
  4. Тәрбиелеуді іске асыру ролі; Тәрбиелеуді отбасында жоғарыда атап өткендей отбасының барлық мүшелері өз дегенінше бере алады. Бұл жерде ерекше атап өтетін тәрбиелеу ролін көбінесе баланың әжесі мен атасы көп айналысады.
  5. Сексуалдық партнер рольдері; Бұл отбасында ерлі-зайыптылардың арасындағы рольдер болып табылады.
  6. Бос уақытты жақсы өткізуді ұйымдастырушы ролі;
  7. Отбасының субъмәдениетін ұйымдастырушы;
  8. Туған-туыспен байланыс және қарым-қатынас жасауға бейім адам ролі;
  9. Отбасындағы «психотерапевт» ролі.

Баланы тәрбиелеу мақсаты эмоциялық қажеттiлiк куәлiгiне байланысты болатын жағдайлардан тұруы мүмкiн. Бала қажеттiлiктiң орталығы, оны қанағаттандыру ата-ананың жалғыз объектiсi болып табылады. Бұл орайда мысалдар өте көп, әсiресе қандай-да бiр себептермен басқа адамдармен қарым-қатынаста қиналатан, ата-аналар болуы немесе жалғыз ғана аналардың болуы, бар уақытын немерелерiне арнаған аналар болуы мүмкiн. Ата-аналар ешбiр ойсыз өз қажеттiлiгiнiң объектiсiн сақтауға, баланың жанұядан тысқары ортаға шығуына кедергi бола отырып, тырысып бағады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасындағы балалар рөлі
Отбасындағы гендерлік тәрбие
Отбасындағы гендерлік рөлдерді (іскерлік ойын әдісін қолдана отырып) талқылау
Отбасылық тәрбиенің балаға әсері
Тұлғаның қоғамдағы өлеуметтік рөлі
Ерлі - зайыпты жұптардың қатынасы психологиялық феномен ретінде
Тұлғаның қоғамдағы әлеуметтік рөлі
Жеке тұлға туралы
Әлеуметтік инстуттардың қоғамда атқаратын қызметтері
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУЛЕРДЕГІ ОТБАСЫ МЕН ОТБАСЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ АЖЫРАСУДЫҢ ТЕНДЕНЦИЯСЫН ТАЛДАУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz