Автор және көркем туынды



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
I. КЕҢ КӨЛЕМДІ ЭПИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Эпикалық шығармаларға әңгіме, роман, эпопея, мысал, хикаят (повесть) жатады. Эпикалық шығармалардың өзіне тән ерекшеліктері - олардың негізгі бір мазмұнға құрылуы, сюжет, композициясы, тақырыбы, көркем бейнелері, яғни көркем компоненттерінің барлығы. Сондықтан оларды талдау барысында, ең алдымен, әдебиет теориясынан білім беріледі. Эпикалық шығармаларды оқытуда, талдауда міндетті түрде мына мәселелер басшылыққа алынады:
Көркем шығарманың сюжеті, көтерген тақырыбы, проблематикасы.
Көркем образдары, образдар галереясы.
Автор - көркем туындыны жасаушы, көркем туындыны жазушы. Автор және көркем туынды.
Көркем шығарманы талдау оны оқудан басталады. Көркем туындыны толық оқымай, мазмұнын жете меңгермей тұрып, оны талдау мүмкін емес. Әңгіме, мысал сияқты шағын жанрларды талдау (барлық көркем компоненттерін қосып) роман, эпопеяларға қарағанда әрі қолайлы, әрі жеңіл болады. Әңгіме мен мысалды талдауда мұғалімнің олардың көркем табиғатын таныту, барлық бітім-болмысын сөз етуге мүмкіндігі мол. Ал роман, эпопеяны бағдарламада көрсетілген аздаған сағаттарда толық дәрежесінде талдау мүмкін емес. Сондықтан әсіресе, осындай көлемді шығармаларды оқыту үшін, мұғалім айрықша еңбектенеді. Көлемді шығармаларды талдауда да мұғалім көркем мәтінмен жұмысқа ерекше ден қоюы керек. Әрі оны тұтастай қарастыруды ойластырғаны жөн. Эпикалық шығармаларды талдау әр буында өзіндік ерекшеліктерімен даралана талданады (сыныбы, жасына қарай). Мысалы, бастауыш буында (5-7) сюжеті, композициясы, кейіпкерлеріне назар аударылса, 8-9 сыныптарда ол тереңдей түседі, авторлық тұрғыға, оның негізінде жатқан проблематикаға көңіл бөлінеді, ал жоғары сыныптарда әдебиеттану ғылымының басты талаптарымен талдау, әдеби-теориялық негізде тереңірек талдау жүзеге асуы тиіс.
Эпизодтармен жұмыста мына мәселелерге ерекше көңіл бөлу керек:
Қай буында болмасын, оқушылар өздері оқыған шығармалардың мазмұнына, оқиғасына ерекше көңіл бөледі. Ал оқиғалар бір-бірінен туындап жатады, оқиғаның басталуы, дамуы, шарттары, шешімдері бар. Олардың барлығы оқиға құрылысына жатады. Талдауда ең алдымен оқиға, композиция назарға алынады. Басты оқиғаларды мазмұндату, оған жоспар жасату сюжет-композициялық талдаудың ең негізгі әдіс-тәсілі болады.
Өнер атаулысылың ең құдіреттісі - әдебиет. Әрбір өнердің өзіне тән қолданатын құралы бар. Осы тұрғыдан алғанда әдебиеттен өзге өнердің бәрінің де мүмкіншілігі белгілі бір шамадан аспайды. Мысалы, сәулет өнерінің туындылары сом сымбаты тетіктерінің жарастығы, сондай-ақ формаларының ірілігімен таң қалдырады; аспанмен тірескен сүйір мұнаралары көрерменнің көңілін сергітіп, көкке көтереді. Алайда олардың жанға жылы ұшырауы осымен ғана шектеледі. Ойткені ол нағыз көркемөнер емес, ол шартты символизмнен шын мағынадағы көркемөнерге қарай ойысу ғана, көркемөнерге беттеген алғашқы адым ғана; ол тек сол ойдың ұшығын аңғартатын көркем форма ғана.
Әдебиеттің құралы - тіл, тіл дыбысты да, суретті де айдан анық пікірді бере алады. Сондықтан әдебиеттің бойында көркемөнердің барлық түрінің қасиеті бар. Көркемөнердің басқа түрлерінің еншісіне тиген азды-көпті
мүмкіншіліктерді әдебиет үзіп-жармай, бірден түгел пайдалана алады. Әдебиет - өнер атаулының бәрін қамтитын тұтас тұлға, өнердің уызы. Оның бойында көркемөнердің баршасына тән барлық қыр, барлық сыр, барлық жақындық, барлық алшақтық бар.
В.Г.Белинский өз еңбегінде:Әдебиет идеяны сыртқы көрініске, рухани тіршілікті нақтылы, пластикалы образға айналдырады. Ішкі сыр түгелдей сыртқы көрініске айналып, ішкі мен сыртқының жігі білінбей екеуі біте қайнасып келіп, дербес бір шындық - оқиға болады. Ондайда автордың өзі тасада қалады да, біздің көз алдымызда езді імен өсіп-өніп жатқан өмір ғана тұрады. Автор сол өмірдің жай-жапсарын айтып беруші ғана тәрізді. Эпикалық жанр деп осыны айтамыз[1, 16] деген қортындыға келсе, ал ғалым Қ.Жұмалиев Эпос (грекше - epos - сез әңгіме). Эпос - көркем әдебиеттің негізгі жанрының бірі. Әдебиетін басқа жанрларына (тектеріне) қарағанда эпос жанрына жататын көркем шығармаларда оқиға, адамдардың араларындағы қарым-қатынастар біртіндеп дамиды. Қандай өмір құбылысын суреттесе де, әр жағдайдағы адамдардың арасындағы тартысты баяндаса да, не олардың мінез-құлық, іс-әрекеттерін сипаттаса да, жазушы өзінің оларға қалай карайтынын аңғартпайды. Тек көруші, бақылаушы, біреулерден естіп, сол естігенін, объективтік қалыпта суреттеп айтып беруші дәрежесінен аспайды. Міне, осыәдіс негізінде берік сақталып жазылған көркем шығармалар,мейлі өлеңмен, мейлі қара сөзбен жазылсын, эпостық жанрға жатады[2, 47] деген анықтама береді. Академик 3.Қабдолов: Эпос (грекше еpos - баяндау, әңгімелеу, тарихтап айту) - көркем әдебиеттің байырғы, негізгі тектерінің бірі, дәлірек айтқанда, өмір шындығын мейлінше мол қамтып кең суреттейтін адам мінезін мүмкінділыше терең ашып, жан-жақты танытатын іргелі, күрделі жанр [3, 256] деген пікірді ұсынады.
Эпикалық тектің немесе эпостың жанрлық түрлері сан алуан: аңыз, ертегі, мысал, очерк, әңгіме, новелла, батырлар жыры, дастандар, поэма, повесть, роман және роман-эпопея [4, 97]
Өмір шындығын қамту адам мінезін ашу мүмкіндіктеріне қарай эпикалық жанр бөлінеді:
1) шағын көлемді эпикалық түр;
2) орта көлемді эпика кең көлемді эпикалық түр.
Қандай эпостық шығарма болсын, бәрібір осынау үш түрдің біріне жатады. Эпостың ендігі ерекшеліктерін неғұрлым ұтымды аңғарту үшін осы айтылған жанрлық түрлердің әрқайсысын (құрамындағы кейбір үлгілерін мысалға ала отырып) жеке-жеке сигаттауға көшеміз.
Шағын көлемді эпикалық түрге жататын әдеби туындышарда, негізінен, өмір шындығы бір немесе бірер ықшам эпизод мөлшерінде, адам тағдыры бір немесе бірер жинақы оқиға көлемінде ғана кэрсетіледі. Оқиғаға қатысатын қаһармандар санаулы, олардың басынан өтетін құбылыстардың бәрі емес, кейбір үзіктері ғана суреттелетін болғандықтан, мұндай шығарманың көлемі де шағын, ыкшам. Адам мінезі мұнда көбіне қалыптасқан, дайын қалпында көрінеді. Кейі кер емірінің көп бұралаңы - шығарма сыртында - баяндаудан да, суреттеуден де тыс; авторлық материал - нағыз қажетті детальдар мен штрихтар ғана. Шығарманың сюжеттік арқауы ұзақ желілі, арналы даму үстінде емес, қысқа қайырылған келте суреттер түрінде тізбектеледі; композициясы да - жинақы, үйірімді, ширақ.
Шағын эпикалық шығармалар әдебиет тарихының әр кезеңінде әр сипатта болған. Мәселен, ежелгі көне дүниедегі бұл тектес көркем туынды - миф, одан кейінгі әр тұстардағы үлгілері - аңыз, ертегі, мысал, новелла т.б.
Ал,орта көлемді эпикалық жанрдың түлеріне. повесть, поэма т.б. жатса, кең көлемді эпикалық түрге роман,эпопея т б. жатқызуға болады.
Эпикалық жанрлардың анықтамасын беріп,оның түрлеріне тоқталдық. Енді
эпикалық жанрдын табигатын ашу үшін өзіндік ерекшеліктерін сипаттауға, басқа жанрлармен әзара салыстыруға кірісеміз.
Әрбір әдеби туындының жанрлық табиғаты әр алуан: көлемді эпикалық шығармада өмірдің күрделі шындығы нақты көркем тұлғаларға жинақталып, олардың өзара қарым-қатынастарынан туған қат-қабат оқиғалар арқылы ашылса, лирикада адамның жеке басына тән көңіл-күйі, нәзік және терең психологиялық тебіреністер суреттеледі. Ал драмалық шыгарма көбіне адамдардың қимыл-әрекетіне, қақтығыстарына - түрліше тағдырлар тартысына құрылатыны мәлім.
Сөйтіп, көркем әдебиет туған күнінен бермен қарай өзінің тегі жағынан жоғарыда аталған үш түрде дамып келеді. Сөз өнерінің осынау үш түрін кейде бейнелеу өнерінің үш түрімен салыстыруға да болады: мәселен, эпос - живопись, лирика - орнамент секілді болса, бір ғана диалогтан тұратын драма бір түсті крафика тәрізді екені де рас.
Эгикалық және лирикалық жанрлар - өмірдің екі арнасы, бір-біріне мүлде ұқсамайтын екі көрініс; драмалық жанр - сол екеуінің өзара жымдасып, дербесті тұтас бір тұлғаға айналуы.
Эпостық туындыда бейтараптық, объектинтік басым. Ол автордан да, оқушы қауымнан да тыс оқшау, бөлек тұрған дүние. Эпикалық жанр табиғат пен өмірді еш нәрсеге телімей, оқшау, өздеріне де өздерінен өзгенің бәріне де бейтарап қалпында қарастырады.
Ал лирикалық жанрда керісінше, субъективтік басым жүреді, автордың өз басын апсары басым келеді. Жан-Поль Рихтердің айтуы бойынша: Лирикалы жанрда суретші өзінің салған суретіне, ақын өзінің өлеңіне айналып кетеді. Эпосты сәулет, сурет, мүсін өнерлері тәрізді білімдар өнерлермен салыстыруға болатын болса, лириканы тек музыка өнерімен ғана салыстыру мүмкін.
Адамның көңіл күйінен туатын лирика мен қимыл-әрекетіне негізделетін драмадан эпостың айырмасы - мұнда шындық кең көлемдегі баяндау, әңгімелеу арқылы жинақталады. Сонда эпикалық шығармадағы авторлық суреттеу мен қаһармандардың диалог-монологтары - эпостық баяндауды жүзеге асыру жолдары, амалдары мен тәсілдері ғана. Мұны Горький де айтқанды. Ал Белинский эпикалық шығарманың тағы бір ерекшелігі ретінде, мәселен, драмадағы басты нәрсе - адам болса, эпостағы басты нәрсе - оқиға екенін ескергеді. Бұдан шығатын түйін - эпос жан-жақты жанр: эпикалық шығармада адамның өмір жолы кеңінен баяндалады, оның басынан кешкен тағдыр мен тіршілік толық жинақталады, ол қатысқан оқиғалар молынан суреттеледі, ол жасаған іс-әрекеттер тұтас бейнеленеді, сайып келгенде, адамдар арасындағы қарым-қатынастар әр қырынан айқын көрсетіледі. Эпикалық шығармаларда қоғамдық өмір шындығы мен адамдар тағдырының жекелеген сәттері мен кезеңі де, сондай-ақ тұтас дәуір, бірнеше ұрпақ ғұмыры да кеңінен қамтылып, жан-жақты көрініс таба алады. Сөйтіп, эпикалық туындыларда уақыт пен кеңістік тұрғысынан ешқандай шектеулік болмайды.
Орыстың ұлы сыншысы В.Г.Белинский айтқандай, эпостың айрықша ерекшелігі - олда оқиғаның үстемдік құруы, яғни, эпостың геройы - оқиға болуы Алайда Жазушының оқиғаның тарихын жазбайтынын, адамның нағыз тарихын жазатынын (М.Горький) ескерсек, оқиғаның атқаратын рөлі де өз-өзінен айқындалып қалады. Оқиға, түрлі жағдаяттарды әңгімелеу-баяндау автор үшін түптеп келгенде сол оқиғалар ортасында көрінетін кейіпкерлерді, олардың бір-бірімен қарым-қатынасын бейнелеу арқылы мінездерін даралау, тартысты таныту үшін қажет.
Эпикалық шығарманың және бір айырмалылығы, мәселен, лирикадан, баяндаудың байыптылығы, яғни автордың өзі әңгімелеп суреттеп отырған өмір құбылыстары мен кейіпкерлер хақында сезімге берілмей, оқиғалар дамуы мен
адамдар арасындағы қарым катынасты объективті, байсалды, жүйелі әңгімелеп беруі. Автерлық позиния һемесе шығарма идеясы оқиғалардың табиғи өрбуі, аяқталуы ғартыстың шешімі, кейіпкерлер тағдыры арқылы танылуға тиісті. Міне осы себелті де Белинский эпикалық поэзияны объективті поэзия деп атаған.

II . БАҚҚОЖА МҰҚАЙДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Баққожа Мұқай Баққожа Сейдінұлы Мұқай 1948 жылы 31 қаңтарда Алматы облысы, Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында туған. Жазушының туындылары аудандық, облыстық, республикалық басылымдарда жарық көрген. Ол қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Б.Мұқай мынадай шығармалар жазды: Өмір арнасы (1978 ж.), Аққу сазы (1980 ж.), Мазасыз маусым(1986 ж.) повестерін, Жалғыз жаяу (1983 ж.), Өмірзая (1998ж.) романдары. Қаламгердің Иірім, Қош бол, менің ертегім, Сергелдең болған серілер, Өзгенің өмірі үшін, Дүние кезек, Заманақыр, Раушан
гүлі, Ерулік, Өмірзая, Тойы көп үй атты драмалық шығармалары еліміздегі және шетелдердегі елуден астам театр сахналарында қойылған. Шығармалары орыс, тәжік, қырғыз, беларусь, түрікмен, башқұрт, татар, якут, қарақалпақ тілдеріне аударылған. Өзі де бірқатар жазушылардың шығармаларын қазақ тіліне аударып шығарған. 1917 - 1990 жылдар аралығы Кеңес өкіметінің өмір сүрген кезеңімен тарихта қалды. Бұл кезеңде коммунистік партия деп аталған бір ғана партия болды. Осы партия бүкіл жауапкершілікті, билікті өз қолына алып, халықты уысынан шығармай ұстады. Кеңес өкіметіне, партияның ұстанған саяси бағытына қарсы келген бірде-бір шығарма жарыққа шықпайтын, ал қарсы тұрған адам аяусыз жазаланып, құлдық сананың құрбанына айналып отырды. Тәуелсіздік алғаннан кейін бұл кезең тоталитарлық дәуір деп аталып кетті. Баққожа Мұқайдың Өмірзая романы сол кезеңдегі ұлттық мұрамызды тарихи шындық тұрғысынан қорғауға бар күш-жігерін аямаған екі адамның ауыр тағдыры арқылы дәуір шындығын танытады. Роман Өмірзая деп тегін аталып тұрған жоқ.
Мұнда ажалға қарсы шапқан азамат туралы жазылған. Басты кейіпкері - Аяған Қуатов. Зерделі тарихшы, жасы 35-ке жеткен, қалыптасқан азамат. Парасаты, кісілігі, мейірбандығы, бар мінезіне жайсаң жан. Оның бағалайтын қасиеті - туған халқын сүйетіні. Намыс, жігері. Ақыр түбінде мінге айналған, басын құртып тынатын тағы бір мінезі - қызбалығы. Аяған әуел баста Совет үкіметінің қағазға жазылған заңына сенеді. Бұрмалаушылар беріде деп ойлайды. Ұстазы, профессор Алдияр Ақпанұлының жолын әрі қарай жалғастырып, ол Кенесары туралы еңбек жазса, бұл Сыздық төре туралы көлемді зерттеуін тәмамдайды. Бар шырғалаң содан басталған. Әуелі Алдияр ақсақал құлап кейін өз басына қатер төнеді, жұмыстан шығарады. Бірақ Аяған әділ заңның күшіне сенеді. Ақсақалдың да, өзінің де ешқандай жазығы жоқ. Аяған ең жоғары советтік мекемелерге, ең биік партиялық басшыларға арыз жазады. Жаздым, жаңылдым деп емес, ісім ақ, қазақ тарихына қиянат жасалып отыр деген сарында. Нәтижесінде әуелі түрмеге түседі, одан шығысымен жындыханаға қамайды, ақыр аяғында өлтіріп тынады. Жазушы Баққожа Мұқай білгір саясаттанушы да болатын еді,- деп суреттейді Жұмабай Шаштайұлы.
Міне, озбырлық кезең - зобалаң заман шындығын көре аласыз. Романда күрес жолындағы азаматтың барлығы да шейіт болады. Сұмпайылар мен опасыздар ғана қалады. Бірақ халық рухының өлмегені, елінің әлдебір терең қойнауында жаңа ұрпақ өсіп келе жатқаны оймен аңдалып, көңілмен ұғылғандай. Роман-трагедияның ең басты мұраты - отарлық заманның қара түнек зұлматын суреттеген. Бұл мақсат өзінің үдесінен шыққан. Бақ - қо - жа Мұ - қай ро - ма - нын жа - зу ба - ры - сын - да шы - ғар - ма сю - же - ті - не қа - жет - ті маз - мұн - ды шы - найы көр - се - ту үшін ау - ру - ха - на, жын - ды - ха - наға, тіп - ті түр - ме - ге ба - рып, ма - ман - дар - мен жиі ке - ңес - кен дәл жеткізген туынды. Кей - бір зерт - теу - ші - лер шығарма атауын Өмірзая жұлдызымен байланыстырады. Ол өзге жұлдыздардан бұрын туып, бұрын сөнетін, айдың жанынан көрінетін жұлдыз екен.
Романның мазмұнына ой тұрғысынан тиянақтаушы - Алдияр Ақпанұлы деген қарт. Ескінің сарқыты, тарихшы профессор. Атағы алашқа мағлұм адам. Алдияр ақсақал отаршылдық сабағын жақсы біледі, ұлтын жарыққа жетелеу жолындағы күрес құралы - халқының тарихи зердесін ашу деп санайды. Осы орайда Кенесары хан туралы зерттеу жазады. Ресми саясатқа қайшы бұл еңбек халыққа жат деп жарияланып, атақты ғалымның басына қара бұлт орнайды, күштілер тарапынан қудалауға ұшырап, шал ауру болып қалады. Оның түбіне жеткен отарлық саясатының жалауын көтерген ұраншысы ғана емес, қиын кезде бас сауғалап кеткен шәкіртінің опасыздығы. Ғұлама профессорды оп-оңай құлатқан, институт ректоры Мұса Байларов. Әлдебір жоғары мансапты партия қызметкерінің жекжаты. Сөзде майда, істе аяусыз. Бір көрімге тәуір адам, қулығына құрық бойламайды. Ең ақырында, Желтоқсан дүрбелеңі кезінде өкімет әрекетіне қайшы сөз айтып, көзге шалынып қалған туған әкесін өз қолымен жындыханаға қамайды. Бұл да - отаршылдық сананың жемісі. Бірақ құрбаны емес, құрбан - Алмас деген жас жігіт. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Авторлық құқық түсінігі және мәні
Авторлық құқықтың түсінігі туралы
Авторлық құқықтың түсінігі
Әдеби және көркем өнер туындыларына халықаралық құқықтық қорғау мәселелері
Автордың мүліктік құқықтары
Психологизм - көркем шығарманың жұлын жүйесі
Шығармашылық қызметпен байланысты қатынастарда азаматық-құқықтық реттеу
Авторлық құқық туралы
Авторлық құқықтың объектілері
Заңдық фактілердің мағынасына ие фактілерді анықтау
Пәндер