КЕҢ КӨЛЕМДІ ЭПИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
I. КЕҢ КӨЛЕМДІ ЭПИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Роман - сюжеттік құрылымы күрделі, көп желілі, кең тынысты, кейіпкер бейнесін ол өмір сүрген уақыт, ол тірлік кешкен орта ауқымында, жан-жақты мүсіндейтін, басқа прозалық жанрларға қарағанда ұзақ уақытты, байтақ кеңістікті қамтитын көлемді эпикалық шығарма. Роман халық өмірінің айнасы іспетті. Романда суреттелетін жайларда жалпы адамзатқа ортақ гуманистік мәселелердің қамтылуы заңды құбылыс.
Егер шағын көлемді сюжетте бір ғана эпизод болатын болса, орта көлемді шығармада бірнеше эпизод болады да, олар біртіндеп дамиды. Роман көп желілі көріністермен, көп қатпарлылығымен ерекшеленеді. Бұл ретте мұғалімнін міндеті аталмыш сюжеттік желілерді қалай талдауды көрсету. Әр жазушынын жазу мәнері бар. Сондықтан автордың эпикалық шығармасын басқа туындыларымен қатар қарастыру кажеттігі бар. Туынды табиғатын талдау анықтанды.
Талдауды баяндау детальдарына құруға болады. B. Голубков темендегідей талдау компоненттерін ұсынады:
- туындыда көрініс тапқан тарихи жағдайлар мен қоғамдық проблемалар;
- жазушының көзқарасы мен позициясы;
- туындының тақырыбы мен негізгі идеялық бағыттылығы;
- туындының басты кейіпкерлері, олардың негізгі проблеманы шешудегі рөлі мен орны;
- туындының композицитсы, оның каһармандар характері мен басты идеяны
ашудағы релі мен ерекшеліктері;
- туынды тілі образдар жүйесін айқындаудың құралы ретінде (лексика мен
синтаксистін өзгешелігі):
- жанрлық ерекшелігі; [1, 31]
Егер эпикалық туындыны қабылдау ерекшіелігіне келер болсак, қиын кабылданатыны авторлық позиция, жеңілірегі сюжет және характерлер болып табылады. Жоғары сынып оқушылары туындының идеялық мазмұнын, онын жекелеген стильдік мәнерін түсінгенімен, автор дүниетанымы мен көркем сөздің автор дауысына қатыстылығын сезіну қиынға соғады Жоғары сыныптарда қабылдау автордың қай ағымға жататындынына байланысты болады.
Қазақ романы туралы айтқанда, оқытуда колданатын әдіс-тәсілдері туралы айту керек. Бітібаеваның романды оқытуда қолданатын әдістерінің бірі ұжымдык оқыту, яғни мәтінді ұжымдык оқыту арқылы меңгерту. Ұжымдық оқыту оқу үрдісін төрт түрлі ұйымдастыруға негізделетін технология болып табылады. Яғни жекелей, жұптық, ұжымдық, топтық жұмыс тәсілдерінің барысында жүзеге асады. Осы тәсілдердің ішінде бастысы ұжымдық оқыту тәсілі. Ұжымтық оқыту әдісі тек бірлесіп жұмыс істеуді ғана қарастырмай, сонымен бірге өзара жарысқа түсу мен бәсекелестікке ұмтылуды көздейді. Ұжымдық оқыту барысында мынадай нәтижеге кол жеткізуге болады:
оқушылар алған білімдерін жүйелі баяндауға, өз бетімен білім алуға, оны тәжірибемен ұштастыра біледі;
- оқушыларда дүниетанымдық көзқарас қалыптасады;
- өзіндік пікір айтуды, тұжырым жасауды үйренеді;
- өз білімдерін жалпылауға, жүйелеуге дағдыланады оқушылар топта жұмыс істеу арқылы өзара ұйымшылдыққа тәрбиеленді.
Ұжымдық оқытудағы жұптық жұмыс жүргізу тәсілі де тиімді болып саналады. Жұмыстың бұл түрінде оқушылар (екі жұп) бірігіп, ақылдасып, бір-бірін толықтыра отырып еңбек етеді. Мұғалім оқушылардың жұптық жұмыстарын ең алдымен олардын алдына барып тындайды, сыныптың бәрі тапсырмаларын аяқтады деп шешкен кезде, олардын жауабын бүкіл оқушылар болып тыңдайды, талдайды. Бүкіл сыныптың көмегімен мұғалім қорытынды жасайды.
Алдынғы жұп өз жұмысын толық орындап болған соң, енді арттарына отырған жұппен жұмыс істейді. Әр бала өзінің артқы қатарындағы баланы тексереді, түсіндіреді, бірге отырып қорытынды жасайды. Жеке-жеке жұмыстан соң екі жұп бірігіп, ортақтаса, ынтымақтаса, ұжымдаса отырып бір-бірін тындайды.
Аталған жұптық жұмыстың түрінде үшінші жұп төртіншімен, бесінші жұп алтыншы жұппен бірге отырыл, бүкіл сыныптың жұмыс істеуіне ұласады. Қорытынды жасарда оқушылар жұптық жұмыстың негізінде есеп бере отырып, оқушылардың білімін талдап, бағалайды. Бұл жұптық негізінде оқушылар өзіндік пікір білдіруге, жұрт алдында өз ойын ашық айта білуге үйренеді, ұстаздың және бағаны тек мұғалім қоймай, барлық оқушының қатысымен қойылады. Білікті ұстаздың әдебиетті оқытудағы мақсаты ой салу, ойлау, ойлантудан тұратын болса, аталған әдіс-тәсілдер мақсатқа жетудің бір жолы болып санамалақ.
Қ. Бітібаева бұл оқыту түрінде жеке жұмыс жасаудан, жұптық жұмысқа одан топтық жұмысқа топтық жұмыстан ұжымдық жұмысқа қарай жылжу арқылы көркем мәтінді талдауға, оны толық менгертуді көздейді. Ұжымдық оқыту әр оқушының ой-тұжырым жасауын, өзіндік пікірін, сөйлеу дағдысын қалыптастыруда пайдасы көп. Оқушылар тек мұғалімді ғана тыңдап қана қоймай, білгендерін басқасына жеткізе алады, үйретеді, барлығы бірігіп өзара ұйымшылдыққа тәрбиленеді.[2, 79]
1.1.Эпикалық шығармаларды талдап тану
Әдеби шығарманы талдаудың жалпы тақырыптық мәселелеріне байланысты: оның сюжетін, композициясын, әдеби кейіпкерді, әдеби туындының идеялық-көркемдік қуатын танытуды мақсат еткен зерделі зерттеу еңбектері әдебиеттану ғылымында да әдебиетті оқыту әдістемесі ғылымында да молынан жарияланған. М.А.Рыбникова, В.В.Голубков, Г.А.Гуковский, Л.И.Тимофеев, Г.Л.Абрамович, Д.С.Лихачев, В.И. Сорокин, А.И.Ревякин, Н.И.Кудряшев, В.Г.Маранцман, Н.О. Корст, Н.А.Демидова, Г.И.Беленький, Т.Ф.Курдюмова, З.Я.Рез, Л.С.Айзерман сияқты т.б. әдебиетші, әдіскер-ғалымдардың еңбектерінде көркем шығарманы талдап танудың ғылыми-әдістемелік жүйесі жасалған.
Бұл мәселе қазақ әдебиетінде де біршама шешімін тауып келеді. Әдебиетті оқыту әдістемесінен жазылған оқулықтар мен оқу құралдарында көркем шығарманы талдау, оқыту мәселелері қарастырылған. Көркем шығарманы талдау түрлерінен әдіскерлердің ой-пікірлерін жоғарыда айтып өттік. Ал жеке қаламгердің шығарамаларын оқыту әдістемесінен жазылған еңбектерде де прозалық шығармаларды оқыту қарастырылады. Атап айтар болсақ:
1.Қ.Тасболатов М.Әуезов шығармашылығын оқыту мәселесінен әдістемелік ғылыми-зерттеу еңбегін жазды.
2.Ал Қ.Бітібаева М.Әуезов шығармашылығын оқыту әдістемесін практикалық жағынан жетілдіре түсті.
3.С.Қалиев Ғ.Мүсірепов шығармаларын оқыту жолдарын қарастырған.
4.С.Мұқанов шығармашылығын оқыту әдістемесінен жазылған әдіскер-ғалым Б.Ө.Смановтың оқу-әдістемелік құралында эпикалық шығармаларды оқыту, соның ішінде Ботагөз романын оқыту әдіс-тәсілдері көрсетілген.
5.Әдебиетті оқыту әдістемесінен жазылған бір қатар әдістемелік нұсқауларда прозалық шығармаларды оқыту мәселесі талданады. Бұл қатарда С.С.Қирабаевтың, Қ.Мырағалиевтің, К.Елікбаевтың құралдарын атауға болады.
Эпикалық шығармаларды оқытудың ұстанымдары әдеби тектің өзге түрлеріндегі оқу-әдістемелік жұмыстармен мазмұндас келеді. Көркем шығар- маның тақырыбы, идеясы, көркемдік әлемі, тарихи-әлеуметтік ұстанымдар қай жанрды талдағанда болсын ортақ мәселелер екені белгілі. Дегенмен, прозалық шығармалардың көлемі, сюжеттік, композициялық құрылымы, образдар жүйесі, тілдік ерекшеліктері әдеби жанрдың өзге тектерінен гөрі эпикалық жанрды танытуда оқу-танымдық жұмыстың күрделілігін байқатады.
Шығарманың идеялық мазмұнын ғылыми тұрғыда талдап айқындауда жазушының эстетикалық талғамын, дүниетанымын, көзқарасын танып білудің мәні бар. Ал, ол жазушылардың өмірінен мәлімет беру арқылы жүзеге асырылады. Соған орай, мектептерде оқылатын шығармалардың идеялық, композициялық, жанрлық негізіне қарай жазушының өмір сүрген дәуірінің белгілі бір кезеңіне (қоғамдық көзқарасы) оқушылардың назарын аударып, ерекше мән беріліп оқытылады.
Жазушы өмірінен мәлімет берілген соң, шығарма мәтінінің меңгерілу дәрежесі анықталып, мәтінмен жұмыс жасалады. Эпикалық тектің жанры, оның өзіндік ерекшелігі, сюжет, композиция, тақырып, идея, кейіпкер, образ, портрет т. б. қатысты әдеби теориялық ұғымдар жайлы түсінік оқу бағдарла- масы бойынша оқушының жас ерекшелігіне сай әр сыныпқа жіктеліп беріліп отырады. Оқушының есінде қалмаған немесе оларға әлі таныс емес ұғымдар болса, онда сабақ барысында қысқаша мағлұмат беріледі.
II. М.ДУЛАТОВТЫҢ БАҚЫТСЫЗ ЖАМАЛ РОМАНЫНА ШОЛУ ЖАСАУ ОНЫ ОҚУШЫЛАРҒА ТИІМДІ ОҚЫТУ
М.Дулатовтың Бақытсыз Жамал романы мектеп бағдарламасында 8 сынып оқулығында берілген. Мен бүгінгі жұмысымда 2 оқулықты нысанаға алып қарап, болашақ мұғалім ретінде шығарманы оқушыларға қалай оқытатындығым жайлы айта кетіп, 2 оқулықтың ішіндегі тапсырмалар мен роман үзіндісінің берілу, орналасу тәртібіне назар аударсам деймін. Екі оқулықты салыстыра қарап, қайсысының тиімдірек оқытуға сай келетінін айтамын.
Ең алдымен авторлары Қасқабасов С., Әлмұханова Р., Раушанов Е., Тиынтай А оқулығыназер салар болсам:
Бұл оқулықта 105 бетте М.Дулатовтың өмірбаяны берілген. Өмірбаян екі бетке созылып одан соң роман туралы түсінік берілген. Ары қарай оқулық роман үзіндісімен жалғасын тапқан. Тірек сөздер берілген.
Олар:Жастар, Қос ғашық, Молда, Үсүл жәдид, Қалыңмал, Неке.
Үзінді 5 бөлімнен 7 беттен тұрған. Үзіндіден соң сөздік беріліп жалпы саны 7 сөздің мағынасы ашылып, көрсетілген. Одан соң әдебиет теориялары- роман, сатира, ирония ұғымдарына анықтама берілген. Әдебиет теорияларынан соң роман аясында жалы саны 7 тапсырма берілген. Олар өз ішінен 2-3 сұрақтан тұрған. Мысал келтірер болсам:
1. Міржақып Дулатүлының өмір жолы туралы не білесіңдер? Бұл сұрақты оқушыларға қойған соң оларға 3-5 минут көлемінде ойлануға уақыт беру қажет. Сол аралықты оқушылар ауызша әңгімелеу арқылы немесе жазбаша түрде немесе сурет түрінде өз оцларын білдіре алады. Яғни бұл тапсырма оқушыларды жылдам ойлауға, ситуациядан оңай шығуға жол көрсетеді.
2. Міржақып Дулатұлы кім? Бұл сұраққа оқушылар тірек-сызба арқылы жауап бере алады. Дәптерлеріне дөңгелек пішін сызып ортасына Міржақып деп жазып қаламердің қасиеттер мен еңбектерін жаза алады. Бұл арқылы оқушылар сабақты қаншалықты сақ отырып, жақсы назар салғанын біле алатын боламыз.
3. Міржақып Дулатүлы шығармашылығындағы идея неден туындаған? Бұл тапсырманы Бір сөйлеммен түйіндеу әдісі арқылы орындатуға болады. Яғни оқушылар өтілген шығарма бойынша, сабақ бойынша білімдерін түйіндейтін бір сөйлем жазады.
4. Оян, қазақ! өлеңінің патшалық Ресейге бодан болған түркі халық- тарына әсерлі болуының себебі неде?
5. Бақытсыз Жамал шығармасының роман болып саналуы үшін қандай шарттар қамтылған? Джигсо әдісі арқылы орындатуға болатын тапсырма деп ойлаймын. Оқушыларды топқа бөліп топтарға ортақ осы сұрақтарды үлестіріп, ойларын тыңдауға болады.[3, 105]
Бұл тапсырмалардан соң оқулықта Оқу сауаттылығы және Оқушы күнделігі деген шартты белгілер арқылы екі сұрақ берілген. Одан әрі портрет деген әдеби теорияға анықтама берілген. Яғни бұл оқулықта роман үзіндісі жақсы қамтылған деп ойлаймын. Тапырмаларда жақсы берілген. Мен ұсынған әдіс-тәсілдер негізінде оқушылар шығарманы жақсы меңгере алады деп ойлаймын.
Ал енді осы ромнды авторлары Ақтанова А.С., Жүндібаева А., Жұмекенова Л Қазақ әдебиеті 8 сынып оқулығында қалай берілгендігі туралы айтар болсам. Бұл оқулықта қаламгер М.Дулатовтың өмірбаяны 90 бетте берілген. Ол 1 бетке созылған. Автор өмірбаянынан соң 2 тапсырма берілген. Оның бірі романды хрестоматиядан толық түрде оқып алыңдар деген тапсырма. А.Ісмақовтың роман ұғымына берген анықтамасы берілген. Одан соң бірден роман үзіндісі бастау алады. Роман үзіндісі 15 бетке созылған. Яғни жоғарыдағы оқулықтан қарағанда көлемді. Үзінді ішінде суреттер бейнеленген. Яғни ол суреттерге көз жүгірту арқылы оқушылар басқа күйге енері анық. Үзінді аяқталған соң пафос ұғымына анқытама беріліп, 7 тапсырма беріліп кеткен. Сонда бұл оқулық бойынша бұл тақырыпқа бас-аяғы 9 тапсырма берілген екен. Сол тапсырмалардың барлығына болмасада бірен-сараңына тоқталып кетсем.
4-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
1. Романның идеясы мен пафостық ерекшелігі неде?
2. Автор шығарманың идеясы арқылы қандай ой айтқысы келді?
3. Романда қай тарихи кезең суреттелген?
4. Не себепті автор романды Бақытсыз Жамал деп атаған егер сен ат қойсан, қалай атар едің?
5. Романда ұлттық пафос қалай көрінген?[4, 90]
Бұл тапсырманы Домино әдісі арқылы орындатуға болады. Оқушылар карта қиындыларын домино пішіндес қиып, ортасын қаламмен сызады. Топтағы бірінші оқушы оң жақ бөлікке осы сұрақтың бірін жазады, келесі оқушы келесі домино парақшасының сол жағына сол сұрақтың жауабын жазып, оң жағына өз сұрағын жазады, тиіінше келесі оқушы өз доминосына осындай жазба қалдырады.
Ал сабақты екі жұлдыз, бір тілек әдісі арқылы қорытындылатар едім. Екі жұлдыз-сабақ барысында оқушыларға ұнаған екі пікір немесезат, бір тілек-жақсартуға болатын нәрсе.
Бұдан бөлек романды оқытуда келесідей әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.
Еркін жазу. Бұл әдіс ой толғаныс кезеңінде пайдалануға лайықты да тиімді. Мұғалім сабақ барысында қарастырылған жаңа ақпарат жайында, одан алған әсері, не үйренгені, нені әлі де біле түсу керек екені т.б. туралы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде, оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады. Оқушылардың алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.
Еркін талқылау. Бұны шағын топта қалай болса, сондай-ақ барлық сыныппен орындауға болады. Құрылымы болмағандықтан, бұндай талқылауда көмек болуы мүмкін.
Білемін-мен үшін түсініксіз, мен үшін жаңа ақпарат, мені таңғалдырады.
INSERT - оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну - әрине, ынта-зейінді қажет ететін күрделі әрекет. Сондықтан да зейіні тұрақсыз оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өз пікірін өмірдегі жайттармен ұштастыра алмау кемшіліктері жиі кездеседі. Бұл орайда үйретуші мұғалім баланы дағдыландыруға күш салады. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру - аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі. Үйретушілер білетіндерін аңықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді.
2.1. Бақытсыз Жамал романындағы идеялық-көркемдік ізденістер
М. Дулатов шығармашылығының ең бір биік белесі - прозадағы шоқтығы биік жанр-роман жазуы. ХІХ ғасырдың екінші жартысында және ХХ ғасырдың басында қазақ әдебиетінде прозаның шағын жанрлары новелла, хикая әңгімелер туып, дами бастады. Ал, осы саладағы көлемді туынды алғаш Міржақыптың қарымды қаламынан қанат қақты. Ол 1910 жыл Қазанда басылып шыққан Бақытсыз Жамал романы еді. Өз кезегінде Міржақып замандастары - зиялылар, ақын-жазушылар, сыншылар А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, К. Кемеңгеров, С. Сәдуақасов романды Әр қилы бағалағанымен, оның қазақ прозасындағы көлемді шығарма ретіндегі тұңғыштығына, ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасының табысы болып саналатындығына еш шек келтірмеген. Ендеше Бақытсыз Жамал - бүгінгі күнде қазақ әдебиетінде жетекші жанрға айналған роман жанрына тұңғыш түрен салған шығарма.
А. Байтұрсынов 1914 жылы Арысұлы деген бүркеншік есіммен жазған Роман не нәрсе? деген мақаласында Міржақыптың Бақытсыз Жамалы туралы Қазақта бұрын роман жоқ еді. Біздің арамызда қазақша бірінші роман жазып шығарған Міржақып Дулатов болды. Оның Бақытсыз Жамал деген романы 1910 жылы басылып жарыққа шықты... - десе, С. Сәдуақасов: Меніңше, Міржақыптың Бақытсыз Жамалы да ескермеген ескі мұраның бірі. Бақытсыз Жамал - сүйгеніне тие алмаған қазақ қыздарының бірі. Оны бақытсыз еткен - малына сенген таз Жұман..., - деп, романға замананың көкейкесті мәселесі арқау болып, өз кезеңіндегі ірі шығарманың бірі болғандығын нақты айтады.
Ал, көрнекті сыншы Қошке Кемеңгеров романның жұртшылыққа кең тарағандығын айта келіп: Міржақыптың Бақытсыз Жамалы, Бедная Лиза сияқты болған, - деген қорытынды жасайды. Кезінде қазақ оқығандары мен қарапайым оқырмандарының жылы қабылдауына ие болған туынды қазақ прозасының дамуындағы үлкен белес болып табылады. 1914 жылдары бұл шығарманың жанрын роман деп айқындаған Ахаң, 1926 жылы шыққан Әдебиет танытқышта басқаша пікір айтқан. Ұлы әңгіме түрде қазақ тілінде басылған шығарма әзірше жоқ. Міржақыптың Бақытсыз Жамалына роман, ұлы әңгіме деп ат қойылса да, өресі мен өрісі шағын болғандықтан, ол ұлы емес ұзақ әңгімеге (повесть. - Ө.Ә.) жақын, - деп баға берді. Дегенмен М. Дулатовтың бұл шығармасы өзінің олқылығымен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz