ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Тәуелсіз қазақ мемлекеттілігінің жағдайындағы ұлттық сананың жаңғыруы тарихи танымның көкжиегін кеңейтіп, отандық тарихтың өзекті мәселелерін ғылыми тұрғыда қайта бағалауды қажет етуде. Тарихи үдерістерді шынайы да жан-жақты, әрі қасаң әдістемелік қағидаларға ұрынбай еркін бағалайтын бұндай ізденістер еліміздің әлемдік қауымдастықтың алдындағы орнын айқындауға қызмет жасайды. Тарих ғылымының алдындағы күрделі мәселелерді қамтитын бұндай кешенді зерттеулердің қатарында еліміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал жасаған қалалардың тарихы да енеді. Кез келген мемлекеттің негізгі тірегі және басты байлығы сол елді құраған халқы болып табылады. Ал сол халықтың алға қарай адымдап дамуында тарих ғылымының алар орны ерекше. Себебі, тарих халықтың өзін-өзі тануына жәрдемдесіп, ұлттық намыс, ел бірлігі және мемлекеттік мүдде деген ұғымдарды қастерлеуге ұлттық құндылықтарды сақтауға үйретеді. Ұлттың шынайы тарихы ұлттық идеологияның қалыптасуының да негізгі қайнар көзін құрайды. Сондықтан тарихи білім беруге үздіксіз көңіл бөлінуі қажет. Қазақ халқы ғана емес, бүкіл түркі жұртын тарихи тамырсыз етіп көрсетуге тырысқан кеңестік тарихнама төл тарихымыздан көз жазып қалуға соқтырды. Қазақстанның тәуелсіздік алып, егемендікке жетуі халқымыздың ұлттық сана-сезімін оятып, өткен дәуірлердегі бабаларымыздың еліміздің тарихында алар орнын, алыс-жақын елдермен байланыстарындағы ұстанған ұстанымдарын білуге деген ерекше талпынысты тудырды. Қазіргі кезде тәуелсіз қоғамымызда тәуелсіз тарихи сана қалыптастыру-басты міндеттердің біріне айналып отыр. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев мәселенің аса зәрулігін Қазақтын сана-сезімі өткендегі, қазіргі және болашақтағы - тарихтың толқынында өзінің ұлттық МЕН дегізерлік қасиетін түсінуге тұңғыш рет енді ғана мүмкіндік алып отыр... Бірақ, бұл мүмкіндік қана; ол шындыққа, тек қазақтардың ғана емес, барлық қазақстандықтардың жаппайсанасына орныққан фактіге айналуы қажет деп, атап көрсетеді.
Қазақ тарихында хандық дәуірдің тарихы мен бүкіл өткенін зерттеу қашан да маңызды болып, ол көптеген ғылыми зерттеулердің жүргізілуіне арқау болып отыр. Қазақ хандығы өзінің өмір сүрген үш ғасырдан астам уақыттың ішінде талай саяси процестерді басынан кешірді. Әлемдік империялар мен мемлекеттердің тағдырында бар болғаны сияқты Қазақ хандығының тарихында да құрылу, нығаюы, күшею, гүлдену, құлдырау процестері болып өткен. XVI ғ. аяғы мен XVII ғ. басында Казақ хандығы Орталық Азиядағы ірі хандықтардың біріне айналды. Осы және осыған дейінгі кезеңде Қазақ хандығы көршілес мемлекеттермен түскен геосаяси тартыстарда табысты қимылдар жүргізіп, бірқатар іргелес аймақтарды иеленді, соның негізінде өзінің территориясын кеңейтіп алды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақ хандығының саяси, әлеуметтік жағдайы және оның әдебиетке ықпалы туралы айту.
Курстық жұмысты зерттеу әдістері: жинақтау, саралау, баяндау.
Курстық жұмыстың міндеті: Әбу Насыр Әл-Фарабимен тереңірек танысу, оның көптеген ғылымдарға тигізген әсері жайлы сөз ету. Әдебиеттегі ойып алар орны жайлы сөз ету.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.ХАНДЫҚ ДӘУІР ӘДЕБИЕТІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ ҚАРАСАҢЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК, САЯСИ ЖАҒДАЙ
Қазақ хандығы түріндегі Қазақ мемлекеттігінің пайда болуына негіз болған объективті себептер: Дешті Қыпшақтың, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қазақ рулары мен тайпаларының этникалық және саяси топтасуының күшейе түсуі, казақ халқыньщ қалыптасу процесінің аяқталуы, феодалдық қатынастардың дамуы.
Хандықтың негізін салушылар - Ақ Орда билеушісі Ұрұс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек.
ХҮІ ғасырдағы қазақ хандығы. ХҮІ ғасырда қазақ хандығының нығайып, территориялық жағынан ұлғая түсуі. Қасым ханның тұсында казақ хандығында ішкі қайшылықтардың жойылып, саяси және экономикалық жағынан нығаюы, шекараның ұлғаюы.
Алғашқы қазақ заңы - Қасым ханның қасқа жолының жасалуы.
ХҮІ ғасырдың екінші жартысында әлсіреген хандықты біріктіруде Ақназар ханның үлесі. Тәуекел хан тұсында қазақ хандығы мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың нығаюы және Орта Азияның сауда орталықтарына шығуы.
ХҮІІ ғасырдағы қазақ хандығы. Есім ханның орталықтандырылған мемлекет құру әрекеті. Қазақ хандығының Есім хан тұсында Оңтүстік шекараларының кеңеюі. Есім ханның ескі жолы деп аталатын заңның сипаты.
ХҮІІ ғ. екінші жартысындағы Қазақ хандығының саяси, әлеуметтік жағдайы. Тәуке хан билік құрған кезеңде (1680-1717) халықтың бірлік, ынтымағының арта түсуі.
Қазақ мемлекетінің әлеуметтік, экономикалық және ішкі жағдайды реттеуге бағытталған реформалары.
Қазақ халқының тарихына ірі кұқықтық өзгерістер жасаған Жеті жарғы заңының жасалуы.
ХҮІІ ғ. алғашқы жартысында Жоңғар хандығының құрылуы. Қазақ-жоңғар қатынастары.
Тәуке хан қайтыс болғаннан кейінгі кезеңде қазақ хандығының әлсіреуі. Қалмақтардың қазақ жеріне шапқыншылық жорығы.
1710-1711, 1717, 1723-1725, I 740-1742 жылдарда қазақ жеріне жасалған жоңғарлардың жорықтары.
Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі. Жоңғар мемлекетінің күйреуі. Жоңғар қалмақтарына күйрете соққы берген қазақ батырларының жеңісті жорықтары.
Жоңғарларға қарсы күресті ұйымдастырудағы Абылайдың рөлі. Қазақ хандығының мемлекеттілігін, тәуелсіздігін сақтап қалудағы Абылайдың батырлығы, ұйымдастыру, дипломатиялық шеберлігі.
Абылай ханға, жоңғарларға қарсы күресте ерлігімен танылған қазақ батырларына арналған поэзиялык туындылар. Осы шығармалардағы Абылай бейнесі.
Ежелгі түркі поэзиясының жаңа коғамдық саяси жағдайлардағы дәстүрлі жалғасы болып табылатын қазақ жырауларының тарих сахнасына шығуы.
Қазақ әдебиеті тарихынан жыраулар поэзиясының алатын орны.
Жырау, жыршы, ақын сынды халық әдебиетін жасаушылардың өзіндік ерекшеліктері. Жыраулар поэзиясының дара табиғаты, тақырыптық ерекшеліктері. Жыраулардың қоғамдык-әлеуметтік тұлғасы.
Хандық жүйе кезеңінде жыраулардың ханға, мемлекет билеушілеріне кеңесші көмекші болуы, оның мемлекет істеріне араласуы, қоғамдағы рөлі. Жырау - хан мен халық арасындағы дәнекер тұлға.
Жыраулардың қазақ хандығы қалыптасып, нығаюы процесінде хандардың бір орталыққа бағынған мемлекет құру саясатын іске асыруда ұраншы, үгітші қызметін атқаруы.
Жыраулардың саяси және қоғамдық өмірдегі езгерістерге орай жорықшы, батыр жауынгер болуы.
Жыраулардың келесі бір функциясы - сәуегейлігі, көріпкелдігі, болашақты болжауы. Жыраулар шығармаларындағы болжал өлеңдер.

1.1.Хандық дәуір әдебиеті тарихының даму бағыттары және көркемдік-идеялық ерекшеліктері
Жыраулар поэзиясындағы дара әдебиетке тән белгілер және фольклорлық сипаттар. Жыраулар поэзиясының калыптасу, даму кезеңдері. Жыраулар поэзиясыньщ даму кезеңдерін үш кезеңге бөліп қарастыру:
I кезең. (ХІ-ХІҮ ғасырлар) жыраулық дәстүрдің негізі қаланған ілкі кезеңі. Кетбұға, Сыпыра жыраулардың, Қодан тайшының бізге жеткен мұралары.
II кезең. (ХҮ-ХҮІ ғасырлар) жыраулық поэзияның қалыптасу кезеңі. Қазтуған, Асан қайғы, Доспамбет, Шалкиіз жыраулардың шығармашылығы.
III кезең. (ХҮІІ-ХҮШ ғасырлар) жыраулық поэзияның неғұрлым кемелденген кезеңі. Жиембет, Тәтіқара, Үмбетей, Ақтамберді, Бұқар жыраулар шығармашылығы.
Жыраулар поэзиясының жариялану, зерттелу жайы. Хандық дәуір әдебиетінің жиналуы, жариялануы XIX ғасырдың екінші жартысынан басталады. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиеттің жиналып, жариялану, зерттелуін үш кезеңге бөліп қарастыру.Бірінші кезең. XIX ғасырдын екінші жартысынан бастап Кеңес үкіметі орнағанға дейінгі кезең аралығындағы жиналу, жариялану жұмыстары. Ш.Уәлихановтың, В.В.Радловтың жыраулар шығармашылығына қатысты пікірлері, жинап бастыруы. Жыраулар мұрасының Ноғай уа құмық шығырлары. М.Османов, Жақсы үгіт М.Бекмұхамедов, Шайыр, Көксілдер, Ғ.Мұштақ Тауарих хамса,Қ.Халидұғлы Ақын А. Берқалиұғлы құрастырған жинақтарға енуі.
Екінші кезең. 1917 жылдан - 1959 жылдар аралығындағы жиналып жариялануы, зерттелуі.
Үшінші кезең. 1959 жылғы әдеби мұра жайлы мәселе көтерілген конференциядан кейінгі және осы күнге дейінгі зерттелуі. XX ғасырдың 60-90 жылдар аралығында жыраулар поэзиясының тиянақты зерттелуі: Б.Кенжебаев, Ә.Марғұлан, Х.Сүйіншәлиев, М.Мағауин зерттеулерінің маңызы.
Жыраулар поэзиясының көркемдік-идеялық ерекшеліктері. Жыраулар поэзиясында туған жер, қоныс, сыртқы жаулармен болған, азаттық күрес, жаугершілік заман көрінісі, өз дәуірінің шындығы, моральдық, этикалық қағидалар, ерлік, ел бірлігі тақырыптарының жырлануы.
ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясы - сол дәуірдің түрлі көріністерін қазақ тілінде көркем жырланған төл мұрасы. Жыраулар поэзиясында қолданылған көркемдік кестелер, суреттеу тәсілдері, образдар жүйесі.
Толғау жанрының өзіндік ерекшеліктері. Толғаудың сипаттамасы. Жанрлық белгілері. Толғау - импровизациялық дәстүрдегі дара шығармашылық үлгісі. Толғаудың мазмұнына, тақырыбына қарай жіктелуі. А.Байтұрсынов, Е.Исмайлов, С.Мұқанов, М.Мағауин, Б.Әбілқасымов сынды ғалым-зерттеушілердің толғауды классификациялау үлгісі. Толғаулардағы, арнау-толғаулардағы көркем шындық, тарихилық мәселесі. Толғаулардың тирадаларға белінуі, дидактикалық сипаты.

2. ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
Қазақ халқының қалыптасуына негіз болған ертедегі темір дәуіріндегі (б.з.д. VІ-VІІ ғ.ғ.) сақ, ғұн, үйсін, қаңлы тайпалары, б.з. ертедегі орта ғасырлық мемлекет­тер тұсын­дағы қарлұқ, оғыз, қимақ тайпалары, дамыған орта ғасырлық мемлекеттер кезіндегі наймандар, керейіттер, жалайырлар, қыпшақтар тарихы мыңдаған жылдарға созылғандығын назарға алсақ, қазақ әдебиетінің тарихы да тереңнен тамыр тартып, одан арғы дәуірден - көне заманнан басталады. Сол себепті ұлттық әдебиет тарихының негізгі өзегінің бірі қазақ сөз өнерінің тарихи бастауларын дәстүр арнасында дәуірлеу сынды ғылыми мәселе өзекті сипатқа ие болып табылады.
Бұл проблемаларға байланысты тоталитарлық жүйенің өзге ұлттардың тарихының даму үрдісін кеңестік тарихпен ғана байла­ныстырған біржақты ұстанымдарына қазіргі тәуелсіздік талаптары тұрғысынан батыл тойтарыс бере отырып, қазақ әдебиетінің көне заманнан бүгінгі күнге дейін дамуының өзіндік ерекшеліктерін есепке алу басты орынға шықты. Негізінде әдебиет дамуының кезеңдерін халықтың жалпы тарихи даму үрдісін дәуірлеуден бөлек алып қарауға болмайды. Қазақ әдебиетінің жүздеген ғасырлар бойғы дамуының әр тарихи дәуірлерін ба­жай­лағанда әр кезеңді бір-бірінен даралап тұратын өзіне тән белгілері мен қасиеттерін, жанрлық, көркемдік ерекшеліктерін анықтап алу қажет. Міне, әдебиет тарихын дәуірлеудегі Сакулин пікіріне ден қойсақ, дәуірлеудің үш принципі бар. Олар: аналитикалық принцип (хронологияға сүйенеді), гетерогендік принцип (әдебиетке әсер етті деген саяси, қоғамдық, экономикалық факторларды басшылыққа алады), автономдық яки авто­гендік принцип (өнердің өз ерекшелігін негіз етеді).
ХV-ХVІІІ ғасырларда ежелгі қазақ же­рінде Қазақ хандығының қалыптасу үде­рісі тәмамдала бастады, әр тараптағы ру, тайпалардың өзара жақындасуы, бірігуі жиіленіп, халық ретінде ұйысып, ортақ тіл, жазу үдей түсті. Қазақ атауы орнығып, тарихи құжаттарда да, көрші елдерде де осы аймақ тұрғындарын қазақ дейтін дәрежеге жетті - деп жазды 1990 жылы.
Қазақ этнонимінің мазмұны, сыры, шығу тарихы, аңыз-әңгімелері көп жыл бойы зерттеушілер назарында болғанымен, тиянақты тұжырымдар аз.
Қазақ сөзінің ертеде ескерілуі мұсыл­мандық жазба ескерткіштердің бірінде, атап айтқанда, шамасы Мысыр елінде 1245 жылы аты белгісіз автор құрастырған түрік-араб сөздігінің қолжазбасында Германияның Лейден қаласында 1894 жылы басылған еңбекте кездеседі.
Мұхамед Хайдар Дулатидің Тарихи-Рашиди аталатын еңбегінде және басқа құжаттарда қазақ атауы және термині әуелде Барақ ханның ұрпақтары - ағайынды Жәнібек пен Керей бастаған рулар мен топтар бөлінуіне байланысты туғандығы айтылды. ХVІ ғасырда қазақ халқы өзінің этникалық территориясында әбден орнығып, қазақ елі атанып, дамудың жаңа сатысына көтерілуге бет алады, жазба деректерде Қазақстан терминімен атала бастайды.
Қай кезеңде де болсын, жеке ұлт болып қалыптасу барысында елдік мұраттардың қатарласа жүретіндігін ескерсек, бүгінгі тәуелсіз еліміздің ұлттық әдебиетінде мем­ле­кеттік тұрғыда бағаланып, өміршеңдік сипатқа ие болып отырған тәуелсіздік идеясының түп-төркінін көне ғасырлардағы тасқа қашалып жазылған көркем шығар­малардан, Оғыз-наме, Қорқыт ата кітабы, Диуани лұғат ат-түрік, Кодекс Куманикус сынды туындылардан, сондай-ақ, хандық дәуір тұсындағы жыраулық поэзия мен оған іргелес дамыған ақындық өнердегі ел болу, мемлекет құру сынды іргелі бастамалардан іздеуге ұмтылыс жасауымыз заңды құбылыс. Бұл тұрғыда Н.Келімбетовтің: Ежелгі түркі дастандарының ту етіп көтерген негізгі идеясы - елдің тәуелсіздігі үшін жан аямай күреске шығу болды, - деген тұжырымы сол алмағайып кезеңдердің өзінде-ақ, тәуелсіздіктің қаншалықты маңыз­ды болғандығын байқатады. Сөзіміз дәлелді болу үшін қазақ әдебиетіндегі бірден бір тарихи жыр саналатын Күлтегін жазбаларына үңіліп көрелік:
Тәңірі жарылқады,
Өлімші халықты тірілттім,
Жалаңаш халықты,
Кедей халықты бай еттім.
Аз халықты көп қылдым, - дейді автор.
Жырдағы үзіндіден халықтың тарихи-әлеуметтік жағдайы қылаң беріп, қыспақта қалған еліне азаттық сыйлап, дұшпанын бағындыра білген қаһарманның батыл да еркін қимылы аңғарылады. Келесі:
Тізеліні бүктірдік,
Бастыны еңкейттік...
Еліміз қайта ел болды,
Халқымыз қайта халық болды, - сарынын­дағы шумақта ерлікті, тәуелсіздікті дәріптеп, өршіл рухта толғаған айбынды қолбасшының бейнесі суреттелген. Ал, Оғыз намедегі:
Ей, ұлдарым менің,
Мен басымнан көп нәрсе өткіздім,
Талай-талай шайқасты көрдім,
Садақ тартып көп оқ аттым
Дұшпандарымды жылаттым,
Достарымды күлдірдім.
Көк Тәңірі алдындағы парызымды өтедім,
Ел-жұртымды сендерге табыс етем, - деген жолдардан Оғыз ханның елі үшін қаншама ерлік істер атқарғанын аңғару қиын емес.
Қилы-қилы тарихи кезеңдер аясында қазақ сөз өнері де жалғасын тапты. Қазақтың бай фольклоры мен ежелгі ортақ жазба ескерткіштер негізінде қалыптасып дамыған ХV-ХVІІІ ғасырлар поэзиясы - қазақ халқы­ның ықылым замандар бойы жасаған сөз өнерінің, тума әдеби қазынасының үлкен бір саласы, құнды мұрасы. Бұл мұраның ең басты қасиеті - ХV ғасырдың ортасы мен ХVІІІ ғасырлар аясында қазақ хандығының құрылып, қазақ халқының қалыптасуы сияқты күрделі тарихи кезеңдерінің көптеген тұстары көркемдік дәрежеде бейнеленуінде. Осы дәуірде Қазтуған, Асан қайғы, Доспамбет, Шәлгез, Жиембет, Марғасқа, Ақтамберді, Тәтіқара, Үмбетей, Бұқар сияқ­ты ақындардың мұрасы пайда болып, кейін олар ұлттық әдебиетіміздің алтын қорына қосылды.
ХV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы, негізінде, жыраулық поэзия. Алғашқыда, иыр, иырағу - жыр, жыршы сөзінен шыққан жырау аты әрі өз жанынан өлең, жыр шығарушы, әрі бұрыннан қалыптасқан туындыларды - эпостық дастандарды жатқа айтып, ұрпақ сана-есіне жеткізуші, орнықтырушы қызметін атқарған халық поэзиясының өкілі.
Жыраулық поэзия - ғасырлар бойы қалыптасып, дамыған ұлт әдебиетінің ғажап көркемдік құбылысы. Жыраулық поэзия көбіне қазақта кең дамыған ақындық өнердің түрі, оның шығу тегі, көшпелі, жартылай көшпелі өмір сүрген ру тайпалардың бай мұрасы. Сондықтан жыраулық поэзияда ауыз әдебиетіне тән ерекшеліктермен бірге жазба поэзияға тән өрнектер де қатар кемелденген. Жыраулық поэзияда, әсіресе бұрын ауыз әдебиетінде көп тараған толғау жанры, сөз үлгілері кеңінен қолданылған. Толғауда, негізінен, терең азаматтық әуен, замана келбеті, ірі қоғамдық, әлеуметтік, саяси, философиялық мәселелер мен тақырыптар ерекше орын алады.
XV ғасырдың соңы -- XVII ғасырдың бас кезі қазақ халқының өз алдына дербес хандық құрып, феодалдық мемлекеттің іргетасын қалап, нығая бастаған кезі. Осы кезден қазақ халқының ұлттык, мәдениетінің езіндік бет-бейнесі айқындала бастады. Ол, әсіресе халықтың әдебиетінен, қолөнерінен және әдет-ғұрпынан байқалады. XVI ғасырдың мәдени мұрасы -- кейбір жазба ескерткіштерінің таза қазақ тілінде жазылуы соның дәлелі ("Құтты білік", "Ақиқат сыйы", "Жылнамалар жинағы", т. б.).
XV -- XVII ғасырларда өмір кешкен ақын-жыраулардың поэзияларынан халықтың ой-ерісін, салт-санасын, тілек-мақсатын айқын аңғарамыз. Олар толғауларында халықтың небір нәзік сырларын, келер ұрпаққа айтар өсиетін, мұң-мұқтажын, қуаныш-сүйінішін, қайғы-қасіретін аша білді. Біз оны XV -- XVII ғасырларда өмір сүрген қазақ даласының қоғамдық-саяси, әлеуметтік ой-пікірлерінің көшбасшысы болған жыраулар: Доспамбет, Сыпыра, Қазтуған, Асан қайғы, Бұқар жырау толғауларынан байқап білеміз.
Қазтуған Сүйінішұлы -- халық аңыздарында қолбасы, батыр делінеді, әскери ақсүйек тұқымынан шыққан. Туып-өскен жері -- Еділ бойы. XV ғасырдың орта шенінде жаңа құрылған Қазақ хандығына қоныс аударады.
Жорық жыршысы, халық эпосын жасаушылардың бірі Қазтуған жырау артына өмір, болмыс туралы, атамекен, туған ел жайлы және әскери тұрмысқа қатысты сан алуан жырдан құралған мол мұра қалдырды. Бұлардың дені сақталмаған.
Алайда бізге жеткен санаулы шығармаларының езі-ақ Қазтуған Сүйнішұлының әдебиет тарихынан белгілі орын алуына негіз бола алады. Қазтуған Сүйінішұлының поэзиясы номадтық жауынгерлердің санасын, танымын көрсетеді, оның болмыс, тіршілік, өзін қоршаған, шырышы бұзылмаған табиғат туралы түсінігінен елес береді. Жырау киялының ұшқырлығы, кендігі, суреттеу тәсілдерінің байлығы мен өсемдігі орта ғасырларда қазақтың ақындық өнерінің жоғары дәрежеде әрі езіндік сипатқа толы болғанын танытады.
Шалкиіз жырау қазақ жыраулық поэзиясының атасы саналады. Шалкиіз Тіленшіұлы 1465 жылы Жайықтың шығыс бетінде дүниеге келеді. Жыраудың әкесі сахараның беделді, бай адамы болды. Шешесі Кіші жүздің ұйытқысы болған, Сыртқы Орда деп аталатын ұлыстың билеушісі Мұса бидің қызы екен. Шалкиіз мұсылманша білім алған, оның 1490 жылға дейінгі өмірінен дерек жоқ. Тек 1490 жылы ноғайлы әміршісі Темір бидің жанында болғаны белгілі. Кейбір зерттеушілердің пайымдауларына қарағанда, осы кезде жырау бірде әскер қатарында, бірде әміршінің елші, нөкерлері қатарында Қырым, Терістік Кавказ, Дон бойын тегіс аралап шыққан.
Темір өлгеннен кейін нағашылары Мұса ұрпақтарының маңайында болады. Кейін бұл топтан бөлініп, Қазақ ордасына біржола өтеді. Шалкиіз 95 жасқа жетіп қайтыс болған деп шамаланады.
Доспамбет жырау -- 1490 жылы Азау қаласында туып, 1523 жылы Астрахан маңында қаза болған көне қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі және жорық жыршысы. Қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрген жыраудың руы -- кіші ноғайлы. Өз заманындағы жорықтарға, Қырым, Ноғайлы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаш әдебиеттануын совет кезінде дамытқан ғалым
Асан қайғының шығармаларының зерттелуі
Қазақ әдебиеті тарихында қазақ поэзиясының дамуы
Б.КЕНЖЕБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ КӨНЕ ТҮРКІ ДӘУІРІНДЕГІ ӘДЕБИЕТПЕН БАЙЛАНЫСЫ ТУРАЛЫ
Жыраулар поэзиясы - тәуелсіз мемлекеттік деңгейде өмір сүрген Қазақ хандығы дәуірінің әдеби мұрасы
Ұйғыр әдебиеті
Қазақ хандығы дәуіріндегі тархи шығармалар қазақ тарихының дерек көзі ретінде
Хандық дәуір әдебиетінің құрылуы қарсаңындағы қоғамдық - әлеуметтік, саяси жағдай
XVIII ғасырдағы жыраулар поэзиясының даму сипаты
Пәндер