Жиынтық сұраныс


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті
Экономика, басқару және құқық факултеті
Экономика, қаржы және есеп кафедрасы
Реферат ( БӨЖ )
Пән: Экономикалық теория
Тақырып: Негізгі макроэкономикалық теңдестіктер
Орындаған : Шерхан Диана
ЭҚЖ-311 тобының студенті
Қабылдаған : Тайжанов Лесбек
Түркістан 2023
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Негізгі макроэкономикалық теңдестіктер
1. 1. Макроэкономикалық тепе-тендік теориясы . . . 4-5
1. 2. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс . . . 5-7
1. 3. Мультипликатор теориясы . . . 8
1. 4. Тұтыну және жинақтау функциясы . . . 9
Қорытынды . . . 10
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 11
Кіріспе
Экономикалық субъектілердің шаруашылық қызметі екі деңгейде қарастырылады: микроэкономикада жеке тұтынушы мен фирмалар төңірегінде, макроэкономикада ұлттық экономика шеңберінде. Макроэкономика - ұлттық экономиканың даму заңдылықтары мен бағыттарын, оны реттеудің құралдары мен әдістерін тұтас түрде зерттейтін экономикалық ғылымның саласы. Макроэкономика жиырмасыншы ғасырларда пайда болды деп есептейміз. Алайда оның түп тамыры одан әрі екі ғасырға ұласады. Макроэкономиканың заңдылықтарын ашуда алғашқы қадам жасаған француз мектебінің өкілі Франсуа Кенэ болды. Ол өзінің “Экономикалық кесте” деген еңбегінде жиынтық қоғамдық өнім құрылымын тұтас халық шаруашылық тұрғысынан анықтап берді. XIX ғасырда К. Маркстың кеңейтілген ұлғаймалы ұдайы өндіріс схемасы мен Л. Вальрастың жалпы тепе-теңдік теориясы дүниеге келді. Ал макроэкономиканың дербес ғылым ретінде қалыптасуына XIX ғасырдың 30 жылдарында жарыққа шыққан Дж. М. Кейнстің “Жұмысбастылық, пайыз және ақшаның жалпы теориясы” атты еңбегі үлкен жол ашты. Макроэкономикалық теорияның дамуына орасан зор үлес қосқан ғалымдар Р. Аллен, Дж. Гельбрейт, Э. Дениссон, Е. Домар, В. Леонтьев, Дж. Робинзон, П, Самуэлсон, Р. Харрода, Н. Кондратьев, В. Немчинов болды. Макроэкономиканың зерттеу обьектісі жиынтық экономикалық көрсеткіштер. Макроэкономикалық талдаудың обьектісіне төмендегідей негізгі проблемалар жатады: инфляция, жұмыссыздық, экономикалық өрлеу, экономикалық субьектілердің табыс деңгейі мен оны пайдалану.
Макроэкономиканың субъектілері:
- үй шаруашылығы
- фирмалар (бизнес)
- мемлекет
- сыртқы орта (шетелдік сектор)
1. Негізгі макроэкономикалық теңдестіктер
1. 1. Макроэкономикалық тепе-тендік теориясы
Макроэкономикалық тепе - теңдік-бұл жиынтық сұраныс жиынтық ұсынысқа тең болатын экономикадағы жағдай. Макроэкономикалық тепе-теңдік-бұл тұтынушылар мен өндірушілерді бір уақытта қанағаттандыратын жағдай.
Макроэкономикадағы тепе-теңдік оның келесі түрлері бар:
- Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді тепе-теңдік
- Жиынтық сұраныс
- Жиынтық ұсыныс
- Мультипликатор
Макроэкономикада ұлттық шаруашылықтың барлық қатысушыларының бірлескен экономикалық қызметінің нәтижелері мен зардаптары бір уақытта зерттеледі. Макроэкономика экономикаға тән жалпы құбылыстарды(инфляция, экономикалық, өсу, жұмыссыздық) зерттейді.
Макроэкономикаға қатысты заңдар үкіметтің экономикалық саясатын жасауға негіз болып табылады. Экономикалық ілімді макро және микроэкономика деп бөлу ХХ ғасырдың 30-жылдары Д. М. Кейнстің ғылыми зерттеулерінің әсерімен дайындалды. Өткен барлық көрнекті экономистер:меркантилистер, физиократтар, классикалық саяси экономияның өкілдері-ұлттық өндірістің көлемі, жұмыспен қамту деңгейі, инфляция және басқалар сияқты экономикалық мәселелелрге көңіл қойған. Жалпы экономикалық тепе-теңдік деп ұлттық экономикалық жағдайда нарықта бір уақытта сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі қамтамасыз етілген жағдайда айтады. Нақты өмірде тепе-теңдік сирек жететін, тез өтетін құбылыс болып табылады. Қоғамдық ұдайы өндірісте тепе-теңдікке барлық тауарлар сатылған, бірақ өндіріс құралдары және тұтыну заттары қайтарылған жағдайда ғана жетуге мүмкін. Алғаш рет осындай қорытындыға келген макроэкономикалық талдаудың негізін салушы физиократ Франсуа Кенэ, кейін қоғамдық өндіріс деңгейіндегі тепе-теңдік мәселесімен айналысқан К. Маркс болды. Ол қоғамдық өнімнің барлық бөлігі құн және табиғи формада қайтарылса тепе-теңдікке жетуге болады деп есептеді. Қазіргі батыстық экономикалық әдебиеттерде қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігі экономикалық тұлғалары үй шаруашылығы, фирмалар, үкімет болып табылатын экономикалық айналым моделін қарастырады. Барлық тұлғалар арасындағы байланыс ақшалай нысанда, сонымен қатар табиғи-заттай жүргізіледі.
1. Классикалық макроэкономикалық тепе-теңдік
1. 2. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс
1. Жиынтық сұраныс - бұл экономикада өндірілген барлық дайын өнім мен қызметтерге сұраныстың жалпы сомасын экономикалық өлшеу. Жиынтық сұраныс сол тауарлар мен қызметтерге белгілі бір баға деңгейінде және уақыт аралығында айырбасталған ақшаның жалпы сомасы ретінде көрсетіледі.
Жиынтық сұраныс көлемін негізінен төрт экономикалық субъект қамтамасыз және осыған сәйкес, жиынтық сұраныстың құрауыштары пайда болады:
Y = C + I + G + NX
Мұндағы :
Y - жиынтық сұраныс немесе жиынтық шығындар көлемі;
C - үй шаруашылықтарының тұтынушылық сұраныстары;
I - фирмалардың инвестициялық шығындары;
G - мемлекеттік шығындар;
NX - таза экспорт, яғни экспорт пен импорт құндарының айырмасы.
Жоғарыда атап өткеніміздей, жиынтық сұраныстың осындай теңдеумен анықталуын біз негізгі макроэкономикалық теңдестік деп атаймыз. Жиынтық сұранысқа және оның көлеміне бағалық және бағалық емес факторлар әсер етеді. Егер баға деңгейі өзгерсе, онда жиынтық сұраныс қисығының бойында өзгеріс орын алып жиынтық сұраныс көлемі өзгеріске ұшырайды. Ал бағалық емес факторлар әсер етсе, онда жиынтық сұраныстың өзі өзгереді де қисық оңға немесе солға жылжиды.
Жиынтық сұраныстың бағалық емес факторларын төрт топқа бөлуге болады:
- Тұтынушылық шығындардың өзгерісі, оларға үй шаруашылықтарының табысы, олардың әл-ауқаттылығы, болашақты күту,
- жеке табыс салығындағы өзгерістер, т. б. жатады.
- Инвестициялық шығындардың өзгерісі, оларға пайыз мөлшерлемесі, әртүрлі жеңілдіктер, бизнес салықтары, т. б. жатады.
- Мемлекеттің шығындардың өзгерісі, оған мемлекеттің белсенді
- экономикалық саясаты жатады.
- Таза экспорттағы өзгерістер, оған валюта бағамының өзгеруі,
- сыртқы экономикалық жағдайлар жатады.
Теңдеуі :
MV-PY
M - ақша ұсынысы
V - ақшаның айналым жылдамдығы
P - баға деңгейі
Y - өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет саны
2. Жиынтық ұсыныс - бұл экономикада бағалардың әртүрлі деңгейінде өндірушілердің нарыққа ұсына алатын (немесе, өндірілуі тиіс) соңғы тауарлары мен қызметтерінің жалпы саны.
Жиынтық ұсыныс - бұл бір жылда өндірілген нақты жалпы ішкі өнім көлемі және оны өндірушілердің бағалардың белгілі бір деңгейінде нарыққа ұсына алу қабілеті. Жиынтық ұсынысқа да бағалық және бағалық емес факторлар әсер етеді. Бағалық факторлар жиынтық ұсыныс көлемін өзгертеді және соған орай қисықтың бойында өзгеріс орын алады. Ал бағалық емес факторлар әсер еткенде жиынтық ұсыныстың өзі өзгереді және қисық оңға немесе солға жылжиды. Бағалық емес факторларға технология, ресурстардың бағалары, қолданылатын ресурстардың көлемі, салық салу деңгейі, нарықтық құрылымдардың өзгерістері және басқалары жатады. Бұл уақыт факторын ескермейтін сондай стандартты жағдай болып табылады және жиынтық ұсыныс қисығы баға деңгейі мен жиынтық өнім көлемі арасындағы тура тәуелділікті көрсетеді. Алайда, жиынтық ұсыныс және оның көлемі уақытқа тәуелді болып табылады, сондықтан осындай ерекше жағдайларда, жиынтық ұсынысқа қатысты үш мерзімді кезең анықталады
- Қысқа мерзім- бұл кезеңде сұраныс жағынан өзгерістер болғанда бағалар деңгейі өзгермейді және тек жиынтық өнім көлемі ғана өзгереді, мұндай жағдайда жиынтық ұсыныс қисығы көлденең сипатта болады.
- Аралық мерзім- бұл кезеңде сұраныс жағынан өзгерістер болғанда бағалар деңгейі де, жиынтық өнім көлемі де өзгереді, мұндай жағдайда жиынтық ұсыныс қисығы оң көлбеулі болып табылады.
- Ұзақ мерзім- бұл кезеңде сұраныс жағынан өзгерістер болғанда бағалар деңгейі өзгереді және жиынтық өнім көлемі өзгеріссіз қалады, мұндай жағдайда жиынтық ұсыныс қисығы тік сызық түрінде болады.
1. 3. Мультипликатор теориясы
Мультипликатор (латын тілінде multіplіkator - көбейтуші) - табыстың өзгеруі инвестициялардың өзгеруіне байланысты екенін көрсететін коэффициент. Мультипликатор идеясын экономика ғылымына алғаш рет 1931 жылы ағылшын экономисі Ричард Кан енгізді. Ол инвестицияның халықтың сатып алу қабілеті мен жұмыспен қамтылуын қалай еселейтінін () көрсетіп берді. Дж. М. Кейнс «Жұмыспен қамтудың, пайыздың, ақшаның жалпы теориясы» атты әйгілі еңбегінде мультипликатордың жалпылама түсініктемесін берді. Мультипликатор теориясы бойынша белгілі бір өндіріс аясына жұмсалған шығын басқа өндіріске және жұмыспен қамтылуға ынталандырушылық ықпал етеді. Жалпы ұлттық өнім көлеміндегі бұл оң, өскелең нәтиже мультипликативтік әсер деп аталады. Мультипликатор инвестиция мөлшері көбейгенде жалпы ұлттық өнімнің өсу көлемін көрсететін сандық коэффициент болып табылады. Мысалы: инвестиция 100 млрд теңгеге өссе, мұның өзі жалпы ұлттық өнімді 300 млрд. теңгеге өсіреді, демек, мультипликатор = 3, егер жалпы ұлттық өнім 200 млрд. теңгеге артса, онда мультипликатор 2-ге тең болады. Кейнстік мультипликатор теориясы шеңберінде үкімет (мемлекеттік тапсырыс), фирмалар, халық жұмсаған ірі көлемдегі шығынның (инвестицияның) оң ықпалы ұлттық өндірістің тиімділігіне және өсуіне игі әсерін тигізетіні негізделді. Кейіннен мультипликациялану (көбею) құбылысы уақыт факторын ескере отырып қарала бастады және мультипликатордың динамикалық серпінді үлгісі пайда болды. Ол бастапқы инвестиция нәтижесінің қайталанып отыратындығын басшылыққа алып жасалды. Жинақ ақша мен инвестиция серпініне талдау жасауда мультипликатор теориясын пайдалану жиынтық сұраныстың, жалпы ішкі өнім көлемінің және халықтың жұмыспен қамтылуының өзгеруіне ықпал етудің нақты тұтқаларын көрсетеді. Бұл теория түрлі бағыттар тарапынан сынға ұшырағанымен, тиімді сұраныс тұжырымдамасын, нарықтық экономиканы реттеу қажеттілігі мен мүмкіндігін негіздеуде ерекше рөл атқарды.
Түрлері:
- инвестициялық мультипликатор- күрделі жұмсалымның жиынтық табысқа ықпалы;
- ақша мультипликаторы- ақша-несие жүйесіне салымның көбеюі не азаюы нәтижесінде ақша массасының бір бірлікке шаққанда қаншаға артатынын не қысқаратынын көрсететін сандық коэффициент; депозиттік (несиелік) мультипликатор - банк депозиттеріндегі 220 болмашы өзгерістердің ақша мөлшеріне және банк жүйесі мен несие рыноктарында бір мөлшердегі ақшаның сан рет пайдаланылуы арқылы несие көлеміне жасайтын ықпалы.
- инвестициялар -жеке, мемлекеттік және шетелдік секторлардың пайда табу мақсатында өндіріске, тауарлы-материалдық қорларға және тұрғын үй құрылысына ұзақ уақытқа салатын күрделі қаржылық жұмсалымдары. Инвестициялардың негізгі көзі болып жинақтаулар табылады және олардың көлемі пайыз мөлшерлемесіне тәуелді саналады.
1. 4. Тұтыну және жинақтау функциясы
Ұлттық экономика шеңберінде тұтыну, жинақтау және инвестиция деңгейлерін қолда бар табыс пен пайыз мөлшерлемесі көрсеткіштері анықтайды. Классикалық макроэкономикалық үлгіде жинақтау мен инвестиция деңгейлері пайыз мөлшерлемесі арқылы автоматты түрде ретке келіп отырады, олай болса, қолда бар табыс3факторы екінші орынға қойылып, пайыз мөлшерлемесіне шешуші мән беріледі. Кейнстік макроэкономикалық үлгіде көбінесе, экономикалық агенттердің психологиялық факторлары мен мінез-құлықтары ескеріледі. Тұтыну мен жинақтау функцияларын қолда бар табыс деңгейі анықтайды, ал инвестиция көлемі пайыз мөлшерлемесіне тәуелді болып табылады. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіш - қолда бар табыс (Yd ) тұтынылады (С) және жинақталады (S) :
Yd = C + S.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz