Әлеуметтанулық теория



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Әлеуметтану

Орындаған: Әуелхан Гүлнұр
Тобы:ХБ-22-2к
Тексерген: Ахтанов Расул

Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Негізгі бөлім
1. Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Әлеуметтану теорияларына кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Әлеуметтанулық зерттеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4. Әлеуметтік құрылым және қоғамның стратификациясы ... ... ... ... .
5. Әлеуметтану және бірегейлік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
6. Отбасы және қазіргі заман ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
7. Қорытынды: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
8. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

Әлеуметтану ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты. Оның негізін салушы Огюст Конт (1798-1857ж.ж) болды. Оның әлеуметтану тұжырымдамасының негізінде қоғам дамуының сатыларға жіктелуі туралы идея жатыр. Жалпы, О.Конттың тұжырымдамасы бойынша, әрбір қоғамды ақыл-сана, жалпы идея басқарады деген идеалистік ой жатыр. Сондықтан О.Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың интеллектуалды ақыл-ойының, санасының бір ізгілікпен дәйекті дамуының 3 кезеңі, яғни теологиялық, метафизикалық және позитивистік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді.

Огюст Конт алғашқылардың бірі болып, қоғамды организм сияқты жүйе ретінде қарастырды. Ол жүйенің тұтас, бөлінбейтін сипатын және оның бөліктерінің өзара бағыныштылығын, бір-бірімен тұрақты байланыста, қарым-қатынаста болып, үздіксіз оң және кері ықпал ететінін атап көрсетті.

О.Конт әлеуметтануды жай ғылымдардың қатарына жатқызбады, оны барлық ғылымдардың шыңы, қоғамды әлеуметтік ұйымдастыру мен өзгертудің аса қуатты құралы деп есептеді. Ол әлеуметтануды шартты түрде әлеуметтік статика және динамика деп екіге бөлді. Біріншісінің объектісі - "тыныштық қалпындағы", екіншісінікі "қозғалыс күйіндегі" қоғам болып табылады. Бұл екі түсінік биологиядан алынған. Әлеуметтік статика - әлеуметтік организмнің құрылымын зерттейтін әлеуметтік анатомия болса, әлеуметтік динамика - әлеуметтік организмнің үдерісін, оның дамуын қарастыратын әлеуметтік физиология.

Әлеуметтік құбылыстарды зерттеуде О. Конт бірнеше әдіс-тәсілдерді ұсынды. Ол әлеуметтік фактілерді бақылау әдісіне үлкен мән берген, өйткені бақылау ғылымға объективтілік сипат береді деп есептеді. Белгілі бір мағынада әлеуметтанудың барлық әдістері осы бақылаудың түрлері болып саналды. Оның ойынша, адамзат дамуы эволюциясының барысын анықтауда әлеуметтанулық салыстыру әдіс-тәсілдері мүмкіндік береді. Әлеуметтік ғылымның "нағыз негізін" құрайтын бұл әдістің мәні адамзат эволюциясының әр кезеңін салыстыруда және адамзаттың әр түрлі жай-күйіне дәйекті баға беруінде жатыр. Зерттеудің үшінші "объективті" әдісі - тәжірибе. Конт әлеуметтануда, физикадағы сияқты, құбылыстарды жасанды ету арқылы тікелей тәжірибе жасау мүмкін емес деп есептеген. Бірақ мұнда "жанама" тәжірибе бар. Әлеуметтануда, биологиядағы сияқты патологиялық (тірі организмдегі ауру үдерісі мен жағдайын) құбылыстарды талдау нағыз тәжірибе болып табылады.

1.Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану:
Әлеуметтік орта және әлеуметтік мінез-құлық. Әлеуметтік қарым-қатынас пен әлеуметтік институттар. Әлеуметтану және бірегейлену. Әлеуметтік нақтылық және дұрыс мағына. Әлеуметтанулық ойлау. Әлеуметтанулық елестету. Әлеуметтанулық келешек. Басты терминдер: әлеуметтану, әлеуметтану пәні, әлеуметтану нысаны, қоғам, әлеуметтену, әлеуметтанулық елестету.
Әлеуметтану термині екі сөзден келіп шығады: латынша societos-қоғам және грекше logo-сөз, түсінік, ілім. Бұдан шығатыны-этмиологиялық түрде әлеуметтану-қоғам туралы ғылым. Әлеуметтанудың пайда болуы Огюст Конттың есімімен байланысты, ол қоғам туралы жоғарғы ғылымды білдіру үшін әдеттегіден өзгеше латын-грекше сөз тіркесі әлеуметтану сөзін ойлап тапты.Әлеуметтану мынадай функцияларды орындайды: эвристикалық (танымдық) және праксеологиялық (қолданбалы). Эвристикалық (грекше heurisko-іздеп табамын, ашып беремін) функция әлеуметтануда бұл ғылым адами қарым-қатынастар әлеміне деген жаңа, кәсіби көзқарасты, қатынастырудан тұратынын көрсетеді. Праксеологиялық (грекше praxis-іс-әрекет) функция әлеуметтануда осы ғылымды адам іс-әрекетінің көптеген аймақтарында зерттеушілік құрал сапасында қолдануға мүмкіндік береді. Әлеуметтанулық танымның обьектілері (нысандары) мыналар болып табылады: жаһандық әлемдік қауымдастық; дәстүрлі ұлттық қоғам; микро қоғам (әлеуметтік топ, отбасы және с.с); жеке адам.

Әлеуметтануды негіздеуші француз ойшылы О.Конт әлеуметтану - бұл қоғам туралы позитивтік (жағымды) ғылым деп санады. Көрнекті француз әлеуметтанушысы-Э.Дюркгейм әлеуметтанудың пәнін-әлеуметтік айғақтармен атады. Неміс әлеуметтанушысы М.Вебердің көзқарасы бойынша, әлеуметтану-бұл осы ғылым түсінуге және түсіндіруге тырысатын, әлеуметтік мінез-құлық туралы ғылым.Әлеуметтанудың пәні-бұл адамдардың арасындағы әлеуметтік өзара әрекеттестік және де осы өзара әрекеттестіктің барысында пайда болатын заңдылықтар. Әлеуметтану қатардағы үдерістерге немесе тиістік құбылыстарға қызығушылық танытады.Әлеуметтік орта-өмір сүрудің материалдық, экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани шарттарының жиынтығы және адамдар мен әлеуметтік топтардың іс-әрекеттері мен қалыптасушылығы.Әлеуметтік институттар (латынша institutum-құрылым) деп қоғамдық өмірді ұйымдастыру мен реттеушіліктің тұрақтанған формаларын білдіретін қоғамның элементтерін атайды. Негізгі әлеуметтік институттарға дәстүрлі түрде отбасы, мемлекет, білім беру, дін, ғылым, құқық жатқызылады.Мемлекет, білім беру, отбасы және с.с. қоғамның институттары әлеуметтік қатынастарды ретке келтіреді, адамдардың қызметтері мен олардың қоғамдағы мінез-құлқын реттеп отырады. Әлеуметтік институттардың негізгі мақсаты-қоғамның дамуы барысындағы тұрақтылыққа қол жеткізеді.
Қоғам - барлық бастапқы ұяшықтар тығыз байланыста болатын және олардың әрқайсысының іс-әрекеттерінен толықтай алғандағы қоғамның өмірлік іс-әрекетінің тиімділігі байланысты болатын күрделі ағза.Жеке тұлға тиесілі болатын қоғамның әлеуметтік нормаларын, мәдени құндылықтарын және мінез-құлық үлгілерін үдерісі әлеуметтену деп аталады.
Әлеуметтік сәйкестену - бұл өзін нақтылы әлеуметтік топпен ортақ мәселелері, өмірлік мүдделері және әлеуметтік симпатияларымен ұқсастыруы.
Әлеуметтік нақтылық - өзіне жалпыға бірдей қабылданған қағидаларды, заңдар мен әлеуметтік түсініктерді қосатын, жеке адамдар арасындағы өзара әрекеттестік қорытындысы.
Дұрыс ойлау - сыртқы және ішкі әлемнің бақыланатын құбылыстарының түсіндіру және бағалануының жалпылама түрде қабылданған, жиі пайымдалмайтын тәсілдерінің жиынтығы. Дұрыс ойлау көбінесе қоғамда мінез-құлықты, оқып-үйрену үдерісінде оны түсінудің қайнар көзі де бола алады.
Әлеуметтік ойлау - бұл ең алдымен ғылыми түрдегі ойлау. Әлеуметтану тұрғысынан ойлаушылық обьективті ақиқатқа әлеуметтік өмірдің логикасына ілесе отырып ойлау деген сөз.Әлемге деген әлеуметтік көзқарас қарапайым түсініктерден ерекшеленеді. Питер Бергер жазып көрсеткендей, әлеуметтанулық амал - бұл жеке нәрседегі жалпыны байқай алу қабілеті.

2.Әлеуметтану теорияларына кіріспе

1. Әлеуметтанулық теория. Макро- және микро-деңгейлер.
2. Әлеуметтану ғылымының пайда болып, қалыптасуының классикалық кезеңі (О. Конт, Э. Дюркгейм, Г. Спенсер).
3. ХХ ғасырдағы жаңа әлеуметтік теориялар. Атақты ғалымдар.
4. Құрылымдық функционализм. Қақтығыс теориялары. Символдық интеракционизм. Рөлдік теориялар.

Әлеуметтанудың пайда болуы
Әлеуметтану XVIII және XIX ғасырлардағы саяси, экономикалық және интеллектуалдық төңкерістер кезінде зерттеу саласы ретінде пайда болды. Дәстүр мен наным-сенімдерді рационализм мен ғылым ал - мас - тыра бастады. Бұл оңайға түскен жоқ. Мұндай текетірестің айқын көрінісі француз революциясы болды: 1789 жылы басталған қанды көтеріліс ескі әлеуметтік құрылымдарды жоюды мақсат етті.
Қантөгіс болмаса да индустриалдық революция одан да қатты әсер етті. Аз уақыт ішінде дәстүрлі ауыл қоғамы индустриалдық қала қоғамына айналды. Өзгерістердің жылдамдығы мен ауқымдылы - ғы әлеуметтік күйзеліс тудырды, себебі бұрынғы өмір сүру жолдары мен әлеуметтік сенімдер біржола жойылып бара жатты. Осы тұста бұрынғы миллиондаған шаруа мен жұмысшы қарқынды дамып келе жатқан қалаларда өмір сүру үшін күресті.
Бұл дүрбелең XIX ғасырдағы интеллектуалдық еңбектердің дүние - ге келуіне түрткі болып, мәселен, Чарльз Диккенстің романдары мен Карл Маркстың революциялық теорияларының өзегіне айналды. Сондай-ақ бұл жайт қоғамды эмпирикалық зерттеуге де ынталандырды. Ғылыми зерттеулер жаңа кәсіп түріне айналды, ал жұрт бұдан көп үміт күтті. Электр, телеграф және рентген ойлап табылғаннан кейін ғалымдар қылмысты, кедейлікті немесе соғысты қалай жоюға болатынын білмейді деп кім айта алады? Жұртшылық жылдам өзгеріп жатқан қоғамды түсінуге және басқаруға эмпирикалық зерттеулердің құралдары көмектеседі деп үміттенді.
Әлеуметтанудың негізін салушылар: Конт, Спенсер, Маркс, Дюркгейм және Вебер
XIX ғасырда Еуропада болған төңкеріс әлеуметтанудың нақты ғылым ретінде дамуына себеп болды. Әлеуметтанудың негізін салушы деп саналатын бес ғалымның - Огюст Конт, Герберт Спенсер, Карл Маркс, Эмиль Дюркгейм және Макс Вебердің еңбектеріне тоқталайық.

Огюст Конт (1798 - 1857)
Әлеуметтану тарихындағы алғашқы ірі тұлға француз философы Огюст
Конт болды (Ритзер, 2003). Ол осы саланың негізін салушы болып саналады. 1839 жылы әлеуметтану терминін алғаш енгізген де осы ғалым.
Конт - әлеуметтік жағдайларға ғылыми әдістерді қолдануды ұсынған алғашқы зерттеушілердің бірі. Ол қалыптастырған позитивизм философиясы әлеуметтік әлемді табиғи әлем сияқты бірдей ғылыми дәлдікпен және сенімділікпен зерттеуге болатынын негіздеді. Оның пайымдауынша, ғалымдар әлеуметтік мінез-құлықтың заңдарын анықтағаннан кейін оны болжай алады және басқара алады. Алайда молекулярлық мінез-құлықты болжай алатынымыздай, адам мінез-құлқын дәл болжай алатынымызға сенетін ғалымдар аз екеніне қарамастан, ғылыми әдіс әлеуметтанудың негізгі ұғымы болып қала береді.
Конттың ғылымға қосқан тағы бір үлесі - қоғамды түсіну үшін әлеуметтік тәртіптің және әлеуметтік өзгерістің көздерін іздеу қажет екенін дәлелдеуі. Әлеуметтік құрылым (тәртіп) және әлеуметтік процесс (өзгерістер) ұғымдарының аясында бұл проблемалар әлеуметтік зерттеулердің басты бағыты болып қала береді.

Герберт Спенсер (1820 - 1903)
Әлеуметтанудағы алғашқы ғалымдардың бірі - британдық философ-ғалым Герберт Спенсер болды.
Спенсер әлеуметтік және табиғи өмірдің дамуына эволюция себеп болды деп санайды. Ол қоғамды алып жаратылысқа ұқсатады: жүрек пен өкпе ағзаның өмірін қамтамасыз ету үшін бірігіп жұмыс істейтіні сияқты қоғамның бөліктері де қоғамды сақтау үшін бірге жұмыс істейді.
Бұл идеялар арқылы Спенсер әлеуметтік зерттеулерді бағыттайтын екі негізгі қағиданы қалыптастырды. Біріншіден, ол әр қоғам - қоршаған ортаға бейімделу деп түсіну керек деген қорытындыға келді. Бұл бейімделу қағидаты бойынша қоғамды түсіну үшін өсу мен өзгерістер процесіне баса назар аудару керек. Бұл, сондай-ақ қоғамды ұйымдастырудың бір ғана жолы дұрыс болмайтынын білдіреді. Керісінше, түрлі жағдайларға байланысты қоғам да өзгеріп отыратынын байқатады.
Спенсердің әлеуметтануға қосқан екінші үлкен үлесі - оның ғылыми әдіске қатысты ұстанымы болды. Өз заманындағы көптеген ғалымдармен салыстырғанда Спенсер зерттеу барысында моральдық бейтараптық пен мұқияттықтың маңыздылығын дәлелдеді. Таптық жіктеліске, патриоттыққа және теологияға деген жалған көзқарастар туралы еңбектерінде ол әлеуметтанушыларға қоғамды зерттеген кезде өз пікірін және қалауын таңбауы керектігін ескертті.
Карл Маркс (1818 - 1883)
Карл Маркс 1818 жылы Германияда дүниеге келген. Философ
экономист және қоғам қайраткері 23 жасында философия докторы дәреже - сін алды. Радикалды көзқарастарына байланысты ол ешқашан профессор болмады және өмірінің көп бөлігін қуғында және жоқшылықта өткізді (Маклеллан, 2006).
Маркс XIX ғасырға тән кедейлік пен теңсіздікке қарсы шықты. Замандастарының көбінен айырмашылығы - ол кедейлікті табиғи құбылыс немесе Құдайдың жазғаны деп мойындамады. Оның орнына ол кедейлік пен теңсіздікті жекеменшікке бағытталған, бай адамдардың мүдделерін қорғайтын жүйенің адамдарға келтірген зияны ретінде қарастырды. Нәтижесінде, өзінің күш-жігерін сол жүйені түсінуге және жоюға арнады. Маркстың идеяларының басым бөлігі әлеуметтанушыларға қарағанда саясаттанушылар мен экономистерді көбірек қызықтырды. Бірақ оның идеялары экономикалық жүйе, әлеуметтік конфликт және әлеуметтік өзгеріс тәрізді құбылыстардың маңызына әлеуметтанушылардың назар аударуына зор ықпал етті.
Маркс кез келген адамзат қоғамының ең негізгі элементі - оның экономикалық жүйесі деген сенімде болды. Оның пайымдауынша, бұл жүйе барлық әлеуметтік және саяси құрылымдардың негізін құ - райды. Мысалы, дәстүрлі ауылшаруашылық қоғамдарында әдетте қожайын басты экономикалық ресурс - жерге ие болады. Нәтижесінде, әйелінің күйеуіне қарсы шығуға құқығы жоқ, ал балалары әкесі жар таңдап, үйленуге рұқсат бермейінше шаңырақ көтере алмайды.
Маркс мұраға таласудың әулеттегі жанжалға негіз болатыны сияқты, бәсеке де қоғамның экономикалық топтары арасында конфликттудырады деп санады. Сол замандағы ғалымдардың басым көпшілігі қоғам бірқалыпты әрекет етеді, ал әлеуметтік өзгеріс бола қалған жағдайда баяу және бейбіт түрде дамиды деп пайымдады. Маркс, керісінше, әлеуметтік өзгерістерді экономикалық мүдделері қарсы келген топтардың арасындағы конфликтің нәтижесі деп санады. Шын мәнінде, қоғам қайраткері және ғалым ретінде Маркс конфликтерді
өршітуден және байларды әлсіретіп, жұмысшыларға лайықты өмір сүруге мүмкіндік беретін (коммунистік) революцияны жандандырудан үміттенді.
Эмиль Дюркгейм (1858 - 1917)
Эмиль Дюркгеймнің өмірі Маркстың өміріне ұқсас болды. Алайда Маркс Англияда қуғынға ұшыраған кезде, Дюркгейм Францияның ең таңдаулы университеті - Сорбоннада профессор болып қызмет етті. Дюркгейм қоғамды жоққа шығармай, оны мойындады. Оның зерттеулері қоғамның тұрақтылығын сақтауға және тұрақты қоғамның негізін сипаттайды.

3. Әлеуметтанулық зерттеулер

Әлеуметтанулық зерттеу - бұл ұйымдық-техникалық процедуралар жүйесінің бір түрі, оның арқасында қоғамдық құбылыстар туралы ғылыми білім алуға болады. Бұл социологиялық зерттеу әдістерінде жинақталған теориялық және эмпирикалық процедуралар жүйесі.Зерттеу түрлері
Әлеуметтанулық зерттеудің негізгі әдістерін қарастыруға кіріспес бұрын олардың сорттарын қарастырған жөн. Негізінен зерттеулер үш үлкен топқа бөлінеді: мақсаты бойынша, ұзақтығы және талдау тереңдігі бойынша. Мақсаттары бойынша социологиялық зерттеулер іргелі және қолданбалы болып бөлінеді. Іргелілері қоғамдық дамудың әлеуметтік тенденциялары мен заңдылықтарын анықтайды және зерттейді.
Бұл зерттеулердің нәтижелері күрделі мәселелерді шешуге көмектеседі. Өз кезегінде қолданбалы студенттер нақты объектілерді зерттеп, ғаламдық сипатқа ие емес белгілі бір мәселелерді шешумен айналысады. Социологиялық зерттеудің барлық әдістері бір-бірінен ұзақтығы бойынша ерекшеленеді. Сонымен, 3 жылдан астам уақытқа созылатын ұзақ мерзімді зерттеулер. Орта мерзімді жарамдылық мерзімі алты айдан 3 жылға дейін. Қысқа мерзімді 2 айдан 6 айға дейін созылады. Жылдам зерттеу өте жылдам жүзеге асырылады - 1 аптадан 2 айға дейін. Сондай-ақ, зерттеу өзінің тереңдігімен ерекшеленеді, бір мезгілде ізденушілік, сипаттамалық және аналитикалық болып бөлінеді.

Барлау зерттеулері ең қарапайым болып саналады, олар зерттеу пәні әлі зерттелмеген жағдайда қолданылады. Оларда жеңілдетілген құралдар жинағы мен бағдарламасы бар; олар көбінесе ақпаратты не және қайдан жинау керектігі туралы эталондарды белгілеу үшін кең ауқымды зерттеулердің бастапқы кезеңдерінде қолданылады.
Сипаттамалық зерттеулер ғалымдарға зерттелетін құбылыстарға тұтас көзқарас береді. Олар әлеуметтанулық зерттеудің таңдап алынған әдісінің толық бағдарламасы негізінде егжей-тегжейлі құралдар жиынтығын және сауалнамалар жүргізу үшін көптеген адамдарды пайдалана отырып жүзеге асырылады. Аналитикалық зерттеулер әлеуметтік құбылыстарды және олардың себептерін сипаттайды.

4. Әлеуметтік құрылым және қоғамның стратификациясы

Қоғамның түрліше әлеуметтік топтарға, қауымдастықтарға т.б. жіктелуі батыстық социологияда көбінесе әлеуметтік стратификация деген терминмен (география мен геологияда страттар деп жер қыртысының қабаттарын айтады) белгіленеді. Ол термин қоғам мүшелерінің әлеуметтік кұйінің бірдей еместігін, олардың әлеуметтік теңсіздігін білдіреді. Бұл әлеуметтік теңсіздіктің себептерін түрлі социологтар түрліше түсіндіреді. Мәселен, функционалдық теориялар ол себепті түрліше қоғамдық қызметтердің маңыздылығы әр түрлі болатындығынан іздейді.
Әлеуметтік стратификация дегеніміз адамдар арасындағы табиғи және әлеуметтік теңсіздік; бұл теңсіздік олардың жоғарыдан төмен қарай болатын теңсіздігінен көрінеді; бұл теңсіздікті түрліше саяси мекемелер берік сақтап, реттеп отырады. Мұның бұлай екенін адамзат қоғамының тарихи ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтанулық ғылымның құрылымы
Әлеуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі мен пәні
Әлеуметтану пәнінен дәрістер комплексі
Әлеуметтанулық зерттеулер
ӘЛЕУМЕТТАНУДЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
Әлемдік әлеуметтану пәнінен дәрістер
Әлемдік әлеуметтанудың қалыптасуы мен даму тарихы
Әлеуметтану білімінің құрылымы
Әлеуметтану обектісі
Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану
Пәндер