Шешендік сөздер түрлері
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа таралып келе жатқан шешендік сөздерін келешек ұрпаққа тиімді жеткізу, сол арқылы оқушылардың сөйлеу тілін дамытып, өмірге деген көзқарасын таныта білу - әдебиет пәні мұғалімінің басты міндеті. Оқушыларға шешендік сөздерді оқыту барысында мұғалім қазақ халқының би-шешендерінің өмір тарихын оқытып, олардың тапқырлықтары мен ойларының дәлдігін, сөз шеберлігін ұғындырады. Оқушыларға бидің ел-жұртының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, өткен-кеткен көне шежіресін, тарихын, қоғамдық даму барысын, айнала қоршаған табиғатын сан алуан қасиеттерін, құпияларын жетік білетін, бүгінгіге баға беретін, болашаққа болжам жасап, адамдардың қырлы-қырлы мінез-құлықтарын айтқызбай-ақ дөп басатын, ғылым-білімнен хабардар, кемел пікірлерін шешен тілмен жеткізіп беруде дара қасиеті бар біртума жандар екенін дәріптеу. Би-шешендердің екі-ақ ауыз сөзбен дауды шешуі, жаудың бетін қайтаруы - олардың басты қасиеттерінің бірі. Шешендік сөздердің тәрбиелік мәнін ұғындырып, ұшқыр ойға жол ашу, сол арқылы оқушыларды адамгершілік қасиеттерге баулу. Сабақ өту барысында шешендік сөздерге талдау жасату, мән-мағынасын ашу. Шешендік сөздерді оқытуда мұғалім әдіс-тәсілдерді орынды әрі тиімді пайдалана білуі керек. Соның ішінде белгілі ұстаз Қанипа Бітібаеваның технологиясын шешендік сөздерді оқытуда пайдалану. Шешендік сөздердің зерттелу тарихына шолу жасау. Рабиға Сыздықованың шешендік өнерді үйрету әдістемесінің шешендіктану және лингвистикалық негіздеріне тоқталу.
Курстық жұмыстың мақсаты: Шешендік сөздерді оқыту арқылы оқушылардың сөйлеу тілін дамытуды қалыптастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
шешендік сөздерді оқытудың теориялық негізін беру;
шешендік сөздерді оқытуда жүргізілетін практикалық жұмыстар;
шешендік сөздерді оқыту жұмыстарына сараптама жасап, қорыту.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, бір бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I.ШЕШЕНДІК СӨЗДЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты, өресі биік, өз Отанын сүйетін азаматты тәрбилеу - әр мұғалімнің алдына қойған мақсаты.
Әдебиет сабағы ақыл-өнегеге, ғибратқа, даналыққа, имандылыққа, адамгершілік үлгілерге толы болу керек десек, шешендік сөздерде осының бәрін кездестіруге болады.
Мектепте шешендік сөздерді оқытудың негізгі мақсаты - оқушылардың өз ойы мен пікірін еркін жеткізе алатын, жауаптаса алатын тұлға деңгейіне көтеру, яғни ұлттық шешендік сөйлеудің айла амалдарын, шешендік өнердің сыр мен сымбатын, тапқырлықты, тақырыптық тәсілдерді қолдану бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру.
Бүгінгі қоғам сауатты, білімді, өз ойын еркін де ұтымды жеткізе алатын, рухы таза, ой-өрісі биік, шыдамды да еңбекқор тұлғаны талап етеді. Жалпы, әр баланы жеке тұлға деп қарай отырып, бойларындағы жалпыадамзаттық құндылықтардың қалыптасуына көңіл бөліп, олардың рухани адамгершілігін дамыта оқытуды басты назарда ұстау қажет. Жан-жақты жетілген, қоршаған ортасының қадір-қасиетін бағалай алатын тапқыр, көрген-білгенін бағамдай алатын зерделі, зерек балаларды қалыптастыру үшін қазақ әдебиеті сабағында шешендік сөздерді оқыту өте тиімді.
Соңғы кезде қазақ балаларына арналған ауыз әдебиетінің үлгілерін, оның салаларын оқытуға ерекше көңіл бөлінуде. Оқу материалдарына аңыз әңгімелер, мақал-мәтелдер, жырлар, шешендік сөздердің түрлерін балалардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізу дүние танымын кеңейтуге, жан-жақты дамуына ықпал етеді. Жас ұрпаққа қазақтың би-шешендерінің өмірінен мәлімет беріп қызықты тұстарынан сөз қозғау өнегелі істерге апарар жол. Шешендік сөз - адамзат тарихындағы рухани материалдық мәдениеттің дамуының негізгі құралдарының бірі. Шешендікке құрылған әңгімелерді, аңыздарды және өлеңдерді оқыту оқушылардың тілін ұштайды, сөздік қорын байытады, өмірге деген көзқарасын оятып, дүниетанымына жол ашады.
Әдебиет сабақтарының танымдық мақсатында мыналар ескерілуі қажет:
1. Шешендік сөздерді халқымыздың қадір тұтуы.
2. Шешендік сөздердегі ұлттық мәдениет және парасаттылық.
3. Асыл сөздің астарындағы ұлағатты сөздер.
4. Дау-жанжалдардың бітімін екі-ақ ауыз сөзбен шешіп, ел мен елді бітістіріп, жарастырып келелі мәселелерді тындырып отыратындығы.[1, 195]
Билер мен шешендердің көрегендігін, даналық сөздерін оқытып, жатқа айтқызу жас ұрпақты шешендікке, ата-бабадан қалған мол мұраны игертуге баулиды.
Оқушыларға шешендік сөздерді үйрету туралы сөз қозғағанда, ең алдымен, мұғалімге назар аударылады. Мұғалім күнделікті сабақ беру үрдісінде шешендік сөздерді орынды жерінде ойын дәлелдеуде дәнекер етсе, оқушыларды тіллге шебер, ойы орамды, мәдениетті сөйлеуге тәрбиелейді. Бір сөзбен айтқанда - оқушылардың шешендік сөздерді меңгеру нәтижесінде сана-сезімі мен ақыл ой ұшқырлығы, сөз шеберлігі, дұрыс ойлау жүйесін қалыптастыру.
Шешендік сөздер жалпы білім беретін мектептерде 5-ші сыныптан бата-тілектерден, би-шешендердің қысқаша өмірбаяны мен шешендік сөздерімен басталып, ары қарай жалғасатырылып оқытылады.
Шешендік сөздерді оқыту барысында оқушылардың 1) көру түйсіктері, 2) есту түйсіктері, 3) қабылдау түйсіктері маңызды рөл атқарады.
Шешендік сөздерді оқыту оқушылардың сөйлеу тілін дамытып, тапқыр болуға, кез келген мәселенің шешімін өз беттерімен шешуге, салт-дәстүрді құрметтеуге, үлкенді сыйлап, кішіге ізет көрсетуге баулиды.
Халқымыздың ертеден өзінің мәдени-этникалық білімі мен тәрбие берудегі ұлттық тәрбие негізін қайта жаңғырту арқылы халқымыздың мәдени құндылықтарына көңіл аударылуда. Себебі, бүгінгі күні халқымыздың ұлттық мәдениетінің қайта өркендеу жағдайында келешек ұрпақтарымызды халқымыздың салт-дәстүрлерінде, әдет-ғұрыптарында ертеден сақталып келе жатқан мәдени бай мұраларымыздың қадір-қасиетін сезіне білу заңды құбылыс деп санауымыз керек. Өйткені, бүгінгі жас жеткіншектер өз халқының рухани мол қазынасын тереңірек оқып білуі арқылы өз бойларына сіңіріп, ұлттық ерешеліктерімізді қадірлей білуге мүмкіндіктер алады. Сондықтан да қазіргі таңда қоғам салауатты да жігерлі ұрпақтарды тәрбиелеу барысында қазақ шешендік өнерінің сан ғасырлар бойы тереңнен тамырланған негіздері бар екені және шешндік өнер қашанда ұлт тағдырына, ел, жер мүддесіне сай қоғамдық қызмет атқаратындығы мәлім.
Шешендік - қадірлі өнер. Өнер алды - қызыл тіл деп қазақ бекер айтпаған. Қоғам тарихына көз салсақ, қай халықтың болсын күрделі қоғамдық, мемлекеттік қайраткерлері, қолбасшылары, ғалымдары ойға шебер, тілге шешен болғанын байқаймыз.
Шешендік сөз бата-тілектен бастап, бүкіл өнеге, өсиет сөздерді қамтиды. Жас ұрпақтың өзінің ана тілінде еркін мүдірмей сөйлеу үшін тілін дамыта оқыту қажет. Сол себепті де шешендік сөз және сөз мәдениетін дамыту мен қатар ой - өрісін, дүниетанымын қалыптастыру арқылы ұлттық ерекшеліктерімізді анықтаймыз.[2, 34]
Шешендік сөз бата -тілектен бастап, бүкіл өнеге, өсиет сөздерді қамтиды. Жас ұрпақтың өзінің ана тілінде еркін мүдірмей сөйлеу үшін тілін дамыта оқыту қажет. Оқушылардың тілін дамыту қазіргі кезде оқу-тәрбие ісіндегі басты мәселе деп танимын. Сол себепті де шешендік сөз және сөз мәдениетін дамыту мен қатар ой - өрісін, дүниетанымын қалыптастыру арқылы ұлттық ерекшеліктерімізді анықтау үшін:
1. Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту
2. Ана тілін ардақтау, қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрпына тәрбиелеу.
3. Сөз құдыретін тануға үйрету
4. Сөздік жұмысын жүргізу.
5. Салыстыру, байқау қабілетін дамыту
Оқушылардың таным белсенділігін арттыру үшін осы бағыттарды іске асыруға тырысу керек. Шешендік сөздерді оқыту және оның мағынасын түсіндіру оқшыларды жақсы әдепке үйретіп, жаман қылықтардан жирендіреді.
Оқушылар өздерінің ой-көзқарасын жеткізу, пікірін қорғай білу және шешен адамдар ел ішінде дау-шараға араласып,ел ішінде шешімін таппай жатқан әртүрлі жанжалдарды, ру, жүз арасындағы жайлы мағұлматтар алды.
Сонымен қатар шешендер билік айтқан кезде қарасөзбен емес, тақпақтап, мақалдап сөйлейтіндігі жайлы да айтылды.
Шешендік сөздерді оқытуда мынадай талаптар қойылады:
1. Қазақ халқының даналығы мен дәстүрлі шешендік асыл қазынасын оқыту, мән - мағынасын ашу.
2. Шешендік сөздердің мазмұны мен құрылысына түсініктер беру.
3. Ой зерделігінен туып, халық жүрегіне ұялаған парасатты шешендікті таныту, тарихымызды танытып, ұлттық намысымызды оятып, рухымызды көтеретін би - шешендер сөздерін саралап, жүйелеу барысындағы ой - толғаныстар. Сөз тереңдігін түсініп, бағалай білуге, сұлулық сезіміне баулу.
4. Қазақ халқының шешендігі жайында айтылған пікірлермен таныстыру.
5. Ата - баба салт - дәстүрін қастерлеуге тәрбиелеу. [3, 10]
Оқушыларға халықтың негізгі қызметтері мен шаруашылықтарымен таныстыру. Халқымыздың ұлттық дербестігін сақтай отырып, елімізді өркениетті елдер қатарына қосу.
Шешендік сөздерді оқытуда оқушылар сөз құдіретін эстетикалық, танымдық тәрбиені сіңіреді, оқушылапдың оқу әрекеттері, ойлау қабілеттерін, өзіндік ізденісін жетілдіріп, сөз өнерінің рухани құндылығын тануға көмектеседі. Оқушылар ойын еркін, шешен жеткізе алу, әдеби-теориялық білімін жазба жұымыстарда сауатты қолдана алуын қалыптастырады.
Сонымен қатар шешендік сөздерді оқыту арқылы сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін, дүниетанымын қалыптастырып, тілдік амал-тәсілдерді қарым-қатынас мақсатына қолдануға төселдіреді.
1.1.Шешендік сөздер түрлері
Қазақ халқының шешендік өнерінің алғашқы нұсқалары түркі халықтарының Орхон, Енесей ескерткіштері мен көне жазба мұраларынан табылған. Мұнда Қорқыттың айтқан нақыл сөзі жазылған. Көне жазба мұраларында М.Қашқари, Баласағұни А.Иүгники, С.Сараий, Құтып, А.Хорезм айтқан даналық сөздер табылған. Шешендік өнердің бастауымен даму кезеңдері 7 жарғы заңына байланысты. 7 жарғы заңы Салон заңымен ұқсас. Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің бәрінде де көркем айшықталған тіл өрнектері аса мол. Шешендік сөздерді халық әдетте белгілі бір аяулы аруының, ардагер асыл азаматтың есімдерімен қабыстыра қозғайды. Олардың санатына Жиреншеден бастап тарихқа танымал ұлы жүздің атақты Төле биін, орта жүздің қаз дауысты Қазыбек биін, Кіші жүздің Әйтеке биі мен бертіндегі Сырым батырын қосып, сол есімдерге байланысты өнегелі сөздерді шарапатты дұға есебінде ұсынады. Шешендік сөздер терең мағыналы, тіл өнегелі қисынды, ой ұшқырлығымен шешендікті дәріптейтін дуалы сөз үлгілері ғана емес, халық даналығының дүниетанымдық тәлім-тәрбиелік, мән-маңызы өлшеулі асыл қазынасы болып табылады.
Шешендік өнер 5 кезеңге бөлінеді:
1.Майқы би мен Аяз биден басталады.12-13 ғасыр.
2. Асан Қайғы мен Жиреншенің кезеңі.14-16 ғасыр.
Осы екі дәуірдің шешендерін Ел құрасқан шешендер деп атайды.
3.17-18 ғасыр Ел қорғасқан шешендер Төле би, Әйтеке, Қазыбек бидің уақытын атайды.
4.18 ғасыр Хан сұлтандарға қарсы шешен Байдалы, Әз Жәнібек, Тіленші би, Шалқар би, Тарақты Тұяқ.
5.19 ғасыр би, болыстарға қарсы шешен Махамбет, Бала би, Тұрысбол, Сырым батыр шешендіктері.
Қазақ шешендік өнерінің тарихы тым әріге кетсе де оны теориялық тұрғыдан толық зерттеу А.Байтұрсынұлынан басталады. Кезінде Ш.Уәлиханов, С.Сейфуллин, М.Әуезовтер шешендік сөздерді жинастырып, билер сөзінің тәрбиелік мәнін, философиялық сипатын, билердің қоғамдағы орнын түсіндіріп берді. Кейін Ә.Мәметова, Б.Адамбаев билер шешендігін арнайы тақырып етіп алып, кандидаттық диссертациясын қорғады. Бұл еңбектерде шешендік өнер бір ғана кезең, яғни ХYІІ - ХІХ ғасырлар арасын қамтиды да, осы кезеңде өмір сүрген билердің шешендік сөздері тарихи әлеуметтік мәні, тақырыптық мазмұны жағынан талданады.
Өз кезінде жырау-шешендер, би-шешендер, ақын-шешендер артына ғибратты сөздер қалдырғанымен, шешендік сөздерді теориялық жағынан тұжырымдаған жоқ.
Ал А.Байтұрсынұлы зерттеулері - қазақ шешендік сөзінің сипаты мен түрлері, тілдік көркемдік белгілері туралы жазылған алғашқы еңбек. 1926 жылы жарық көрген Әдебиет танытқыш деген еңбегінде шешендік өнерді сөз өнеріне жатқызып, сөз өнерінің ішкі және тысқы қалпын теориялық жағынан толық негіздеп береді.
Гректер мен римдіктер өнердің патшасы ретінде санаған шешендік өнердің қазақ елінде де қасиеті саналғанын түсінген ғалым қазақ шешендік сөздерін зерттеп зерделеуде де алғашқы болады. Әдебиет танытқыш деген еңбегінде ол өнердің түрлі-түрлі болатындығын, солардың ішіндегі ең алды сөз өнері екендігін Өнер алды - қызыл тіл деген халық мақалымен растады. Бұл мақалды шығарған қазақтың сөз баққан, сөз күйттеген, сөз қадірін білген халық болғандығын айтты. Сөз өнерінен жасалып шығатын нәрсенің жалпы атын шығарма сөз деп атады да, ғалым шығарманың мазмұнына қарай үш түрге: әуезе, әліптеме, байымдамаға бөлінетіндігіне тоқталады. Болған оқиғаны бастан аяқ болған түрінде, ретінше мезгілін, мекенін көрсете мазмұндап, мағлұмат беру-әуезе болады. Бір нәрсенің тұрпатын реттеп айтып, әлібін суреттеп шығару - әліптеме болады. Көсем сөзбен жазылған шығарма бір пікірді қуаттап, толықтырып баяндаса, баяндауын түрлі сипаттармен дәлелдесе, ондай шығарма байымдама деп аталады. Сондықтан шығарманың асылы - байымдама дей келіп, оларды негізгі белгілеріне қарап бірнеше түрге бөледі де, шешен сөз бен көсем сөзді байымдауға жатқызады. Шешендік сөздің байымдамасы басқа түрлерінен өзгешелігі - шешен сөзде айтушының мақсаты баяндап, сипаттап түсіндірумен қоймай, пікіріне нандыру, сендіру, ұйыту, бұйыту, иман келтіру екендігін айтады. Оны істеу үшін, - дейді А.Байтұрсынұлы, - шешендер жай байымдаушыларша айтқан сөзі адамның ақылына қону жағын ғана көздемейді. Сөз қанға, жанға әсер етіп, арбау сияқты адамның ойын да, бойын да балқытып, билеп алып кетуге ыждағат етеді. Сондықтан шешен сөздің қыздырма яки қоздырма деген айрықша бөлімі болады. Оның қызметі - адамның жүрегін билеп, жүйесін босату, қанын қыздыру, намысын келтіру, арқасын қоздыру. А.Байтұрсынұлының шешендік сөзге берген осы анықтамасын әлемдік дәрежеге көтерілген әйгілі шешендердің берген анықтамаларымен салыстырғанда, пікір ортақтығымен үндестікті табуға болады.
Мәселен, көне Грецияның атақты шешені Демосфеннің айтуы бойынша, шешеннің міндеті: 1) түсіндіру; 2) ояту; 3) ләззатқа бөлеу болса. А.Ф.Кони Сот және саясат тақырыптарындағы шешендік деген шығармасында: Шешендік дегеніміз - тыңдаушылардың жан-сезім әлемін сөзінің әдемілігімен, образдарының жарқындығымен, нақыл, ғибрат сөздердің ұшқырлығымен толқытатын, баурайтын өнер, өзгеше қабілет, тума қасиет, - деп жазған.
А.Байтұрсынұлы да өзге ғұламалар тәрізді шешендік сөздің құрылымын белгілеп береді. Ежелгі Рим дүниесіндегі шешендіктің теоретигі Цицерон нені айтуды білу үшін, шешендік сөздің құрылым жағынан үш бөліктен тұратынын білу керек, олар: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды екенін нұсқаса, А. Байтұрсынұлы: Шешен сөздің зор мүшелері бесеу: 1.Бастамасы. 2. Ұсынбасы. 3. Мазмұндамасы. 4. Қыздырмасы. 5. Қорытпасы - дейді. Ұлы ғалым әр бөліктің айтылу мақсатына қарай қажетті атауларды таңдап қоя білген.
Ұлттық шешендіктанудың ғылыми негіздерін жасап, методологиялық арналарын белгілеп берген А.Байтұрсынұлын қазақ шешендік сөздерінің алғашқы теоретигі деуге әбден болады. А.Байтұрсынұлы шешендік сөздерді шешендіктің тақырыбымен мазмұнына, айтылу орнына қарай бес түрге бөледі: а) шешендер жиынды аузына қаратып, нандырып, сендіріп, мемлекет ісіне қарар шығарту мақсатпен сөйлегенде - саясат шешен сөзі деп аталады; б) шешендер сотта айыпкер адамдарды ақтау я қаралау мақсатпен сөйлеп сот билігіне әсер ету үшін айтқан сөздері - билік шешен сөзі деп аталады; в) біреудің халық алдында еткен еңбегін, өткізген қызметін айтып, қошеметтеп сөйлеген шешеннің сөзі - қошемет шешен сөзі деп аталады; г) білімділердің, ғалымдардың пән мазмұнды сөйлегені - білімір шешен сөзі деп аталады; ж) дін жайынан сөйлеген ғұламалар сөзі, молдалар сөзі - уағыз деп аталады.
Ол демек шешендік сөздерді алғаш айтушы жеке адамдар болғанмен оны кейін өңдеп жөндеуші сақтаушы халық. Сондықтан оның шын иесі авторы да халық дейміз деген ой айтады. Ал оның шешендік сөздерден құрылысына қатысты бірен-саран өңдеу, жөндеу жасау кез келген кісінің қолынан келе бермейді - дейтін пікір де шешендік сөздердің халықтығын паш етіп тұрмағанын баяндауға болады.Шындығында М.Әуезов есте қалмаған ескі заманда шыққан Алдар көсе, Жиренше, шешен әңгімелерін, халықтық аңыздарды ғана қалың бұқара туындысы деп бағалаған. Демек тарихи таңба бедері бар шешендік сөздердің жолы басқаша. Олардың белгілі бір би шешенге тән екенін нақтылы тарихи оқиғалар шеңберінде айқындауға болады. Айталық Алты Емен дауына дауа сөзінің тек Бөлтірік шешен атынан айтылуының мәнісі осында. Көп нұсқалы болуын мұраны жеткізушінің шығармашылық құрамы деп түсінген жөн. Сонымен қатар шешендік сөздердің авторлығына қатысты мәселенің бірі - дәстүрлі шешендік сөздердің би шешендердің көпшілігіне қатар телінетіндігі. Өйткені оларды айтушы адам сөзі өтімді болу үшін көнеден қалған сөзді өз елінің беделді би шешендерінің атынан айтқан.
Әйткенде, бұл кемшіліктердің сөзге ұйытудың тәсілі екені рас. Алайда дәстүрлі тарихи деректер мен шежірелер, жазба мұрағаттар айғақ болмақ жағдайларда да дәстүрлі шешендік сөздердің алғашқы шығарушысын айқындау қиын. Дейтұрғанмен де ауызша сақталып жеткен дәстүрлі шешендік сөздердің билер сөзі екенін жоққа шығара алмаймыз. Ал дәстүрлі шешендік сөздердің би шешендердің көпшілігіне қатар телінетіндігі ауызша тарағандығымен байланысты екенін дәлелдеуді қажет етпесе керек.
Олай болса, ұлы М.Әуезов пікірін қазық ете отырып, жаңаша таным тұрғысынан шешендік өнердің авторлы шығарма екенін танытатын еңбектің бірі - Бөлтірік Әлменұлының Шешендік сөздер жинағы.
Белгілі ғалым Ж.Дәндібаев Бөлтірік Әлменұлы және қазақ шешендік өнері атты оқу құралында Бөлтіріктің Төленің шешендік сөздерін олардың төл туындысы ретінде қарастырады. Сондай-ақ белгіл би-шешендерінің өнер туындысының көркем шығарма екендігіне көз жеткізеді.
Сонымен қатар ұлы жазушы М.Әуезов аталмыш еңбегінің Билер айтысы деген тараушасында бұл жанрлық түрдің толық жиналмағандығы зерттеу ісінде қиындық келтіретінін, сондықтан оны сол кезеңде түгел жіктеп бөліп қоюға болмайтынын айта отырып: Бірақ бұл жіктеу уақытша ғана жіктеу және ылғи ішкі мағынасына қарай жасалған жіктер болады - деп ескертеді.
Шындығында М.Әуезовтің алғашқы жіктемелері кейінгі зерттеушілер - Ә.Қоңыратбаев, С.Садырбаев, Б.Искакова, С. Қасенов еңбектеріне ғылыми негіз болып, одан әрі дамытылды.
Жалпы М.Әуезов тұжырымдарының шешендік сөздері бүгінгі жаңаша таным көкжиегімен бағалауда айтарлықтай мәні бар.
Бұлардан басқа А.Байтұрсыновтың шешендік сөзді 5 түрге бөледі:
1.саясат шешендік сөзі.
2.билік шешендік сөзі.
3.қошемет шешендік сөзі.
4.білмір шешендік сөзі.
5.молдалардың уағыз сөзі.
Рабиға Сыздықова 4-ке бөлген:
1.әлеуметтік саяси мазмұнды шешендік сөз.
2.әлеуметтік тұрмыстық мазмұндық шешендік сөз.
3.білім, ғылымдық мазмұнды шешендік сөз.
4.сотта қолданатын шешендік сөз
Г.З.Апесян 5 түрге бөледі:
1.әлеуметтік саяси шешендік.
2.академиялық шешендік.
3.сотта айтылатын шешендік.
4.әлеуметтік тұрмыстық шешендік.
5.діни қызметке қолданатын шешендік.
Шешендік арнау дегеніміз - адамдар арасындағы қарым-қатынасты көрсетеді, халықтың көңіл-күйін бейнелейді.
Шешендік толғау дегеніміз - халықтың философиялық көзқарасын көрсетеді. Көп жасаған қарттардың жас ұрпаққа өсиеті айтылады. Халықтық үрім-бұтағына жеткіншектерге айтар ақылы насихаты толғау деп аталады. Жоқшылықтың азабын шеккен халықтың өмірі, қонысы, арманы айтылады. Бұқар, Шортанбай, Мұрат, Дулаттың толғаулары бар.
Шешендік дау-заттық және рухани даулы мәселелерді реттейтін ежелгі әдет заңын бейнелейді.Ар, дау, адам намысын қорғайды, ел мен елдің арасында елшілік келісім болады. Ол елдің дербестігін жердің бүтіндігін қорғайды.Үстем таптың халық мүддесін пайдаланбауын талап етеді.
Шешендік сөздер ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ауызша таралған қонақта немесе бір мәселені талқылаған жиында көп жасаған кәрі құлақты қариялардың аузынан шыққан жүйрік ойлы жүйелі сөздерді құймақұлақ талапты жастар, өнер қуған қыз-бозбалалар жаттап алып жүрген, тұрған жерлерінде ойын-жиындарда айта жүрген.
Шешендік өнерді кез-келген адам игере алмаған. Нағыз шешен болу үшін сөзге шебер болу жеткіліксіз, табанда ақыл тауып сөйлейтін, топ алдында тайсалмай сөз бастайтын, сөз сайысында саспайтын батыл, ақылды, сабырлы болуы тиіс.Шешен кісі өз заманының озат ойшылы, оқыған, оқымаса да көкейге тоқыған, білімді, мәдениетті азамат болуы керек. Бізге мәлім Аяз би, Жиренше, Сырым мен Исатай батыр, Махамбет пен Абай От ауызды орақ тілді адамдар болған.
Ш.Уәлихановтың айтуынша шешен болу үшін 2 шарт болу керек:
1.Елдің әдет-ғұрпын, заңын жетік білу керек.
2.Шешендік қабілеті,дарындылығы болу керек.
Шешендік сөздер айтыс, дауларда туып дамиды және озат ойшылдармен тілмар шешендер жасаған. Халық сынынан ғасырдың соқпағынан өткен сөз өнері - шыңдалып соғылған әдеби мұра, асыл қазына. Бастауыш сыныпта, балаларға шешендік сөздердің жеңіл түрлерін айту арқылы тапқырлыққа, еңбекқорлыққа, адамгершілікке тәрбиеленеді. Шешендік сөздер ескі заңдарды талқылау кезінде де көп айтылған.
Мыс: Қасым салған, қасқа жол,
Есім салған,ескі жол.
Тәуке ханның жеті жарғысы.
Бұлар жөнінде күн төбенің басында, күнде кеңес болған деп айтады.Ол кеңес кезінде билер соңғы шешімді айтатын болған.
Шешендік өнер тарихына көз жіберсек Ежелгі Греция мен Рим қоғамынан бастап, Еуропа Шығыс халықтарында да шешендік өнер қалыптасқан. Зерттеушілердің айтуынша шешендік өнер айтыс дауларда туып дамыған.
Шешендердің көпшілігі мемлекет қайраткерлерінен, парламент мүшелерінен, философтардан, саясаткерлерден болған
Мысалы, ежелгі Грек шешені Демосфен және Рим шешені Цицирон әуелі адвокат кейін парламент басшылары болған. Шешендік өнер ғылыми тілде риторика деп аталады.
Шешендік өнердің даму кезеңдері төмендегідей:
1.Ел құрасқан шешендер
2. Ер қорғасқан шешендер
3. Хан-сұлтандарға қарсы шешендер
Шешендік өнер 5 кезеңге бөлінеді:
1- кезең Майқы би, Аяз би дәуірі (12-13 ғасыр)
2- кезең Асан қайғы, Жиренше дәуірі (14-16 ғасыр)
Осы екі дәуір шешендері Ел құрасқан шешендердеп аталады.
3- кезең Ел қорғасқан шешендер.Байдалы, Әз Жәнібек, Тіленші би, Шалқар би, Тарақты Тұяқ дәуірі (17-18 ғасыр)
5- кезең Би болыстарға қарсы шешендер.Бала би, Досбол, Махамбет, Сырым батыр шешендер дәуірі (19-ғасыр)
Шешендік дегеніміз - белгілі бір уақиғаға байланысты тапқырлық пен көркем тілмен айтылған және оны қорытындылау мен түйіндеуге бағытталған үлгілі ойлар мен тұжырымдар.
Қазақтың шешендік өнерінің алғашқы нұсқалары түркі халықтарының Орхон Енисей ескерткіштерінде жазылған. Онда Қорқыттың айтқан нақыл сөздері де бар.
Көне жазба мұраларында Махмұд Қашқари, Баласағұнни, А.Игнеки, С.Сарайи, Құтып, Р.Хорезмнің айтқан сөздері табылған.Шешендік өнер бастауы мен даму кезеңдері 7 жарғы заңына да Салон заңына да байланысты.
А.Байтұрсынов шешендік сөздерді бірнеше топқа бөледі.
1.Саясат шешендік сөзі
2.Билік шешендік сөзі
3.Қошемет шешендік сөзі
4.Ділмар шешендік сөзі
5.Молдалардың нақыл сөзі
Қазақ шешендіктану ғылымында шешендік өнер мен шешендік сөздің ұғымдық айырмасын ашып, анықтама берген ғалым - Р.Сыздықова. 1987 жылы жарық көрген Қазақ әдеби тілінің ауызша түрі деп аталатын кітапта шешендік өнердің сөзге шеберлік екендігін ұғындырып, оны шешендік деген атаумен атауды ұсынды. Орыс ғылымында ораторское искусство, риторика, красноречие деп жүрген категорияларды білдіретін шешендік атау қалыптасты. Р.Сыздықова қазіргі шешендік сөздерге қойылатын шарттарды санамалап көрсетіп береді: - әлеуметтік мәні бар тақырыпқа құрылуы; - әңгіме өзегінің дәлелі болуы; - тыңдаушыларға әсер ететін эстетикалық қасиеті болуы; - тыңдаушыларын белгілі бір іс-әрекетке ұмтылдыратын сөз болуы; - айқындылығымен түсініктілігі.
Одан әрі ғалым бұрынғы шешендік пен қазіргі шешендіктің айырмасын қолданылар жерлері, тақырыптары, түрлеріне қарай дәлелдеп көрсетеді. Р.Сыздықова бұрынғы шешендіктің ақындыққа, шешендік сөздің поэзияға жақындығын көркемдеу тәсілдерінің ортақтылығынан, екеуінің де әлеуметтік мүддені көздейтіндігінен, екеуінің де тыңдаушыға психологиялық әсер туғызатынын түсіндіреді. Шешендік сөз бен поэзияның арасындағы ортақтықты тап басып көрсетеді. Ертедегі Греция теоретиктерінің риториканы шешендік пен поэзия туралы ғылым деп қарастыруының өзі осындай ортақ белгілерінен еді.
Бірақ Р.Сыздықова шешендік сөз бен поэзияның бірдей еместігін, екеуінің арасында мынадай айырмашылық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz