Көркем шығарма бойынша оқушылармен пікір алмасу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ

Курстық жұмыс

ПӘН: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі

ТАҚЫРЫБЫ: 6 СЫНЫПТА А. ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ОҚЫТУ

Орындаған: Қт 21-01 тобының студенті Елеш А. Т.
Тексерген: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Шормакова А.Б.

Астана - 2023 ж.

Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі бөлім
1. Қазақ әдебиетін оқытудағы тиімді әдістер ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...4
2. А. Құнанбайұлының шығармашылығын оқыту әдістемесі ... ... ... ... ... .8
3. А. Құнанбайұлының шығармашылығын оқыту жолдары ... ... ... ... ... .13
4. А. Құнанбайұлының шығармашылығын оқытуға байланысты қысқа мерзімді сабақ жоспарлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..25

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі хх ғасыр ғылым мен техниканың дамыған заманында көлемді, әдеби шығармаларды оқитын балалар өте аз деуге болады. Сол себепті әдеби шығармаларды оқыту барысында қызықты, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану керек. Көркем шығарма мәтіндерін мазмұн мен түр, негізгі әдеби тарихи мағлұматтар және теориялық әдеби ұғымдар бірлігі тұрғысынан игеру, әдебиет тарихы бойынша қажетті мәліметтерді, сондай-ақ, әдебиеттану ұғымдарын пайдалана отырып, көркем шығармаларды оқу мен талдау дағдыларын меңгерту, сонымен қатар, 6сыныпта әдебиет пәнін оқыту барысында А. Құнанбайұлының шығармашылығын оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері мен жолдарын көрсету курстық жұмыстың өзектілігі болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты. А. Құнанбайұлының шығармашылығын оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді қарастыру, пайдалану.
Курстық жұмыстың міндеттері:
А. Құнанбайұлының шығармашылығын оқытудың өзіндік ерекшеліктерін көрсету;
А. Құнанбайұлының шығармашылығын оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері мен жолдарын ұсыну;
6 сыныпта А. Құнанбайұлының шығармашылығын оқыту әдістемесін жасау.
Курстық жұмыстың зерттелуі. 6 сыныпта А. Құнанбайұлының шығармашылығын оқыту.
Зерттеу пәні. А. Құнанбайұлының шығармашылығын оқытуда зерттеу барысындағы мақалалар мен ғылыми еңбектер.
Зерттеу әдісі: зерттеу, баяндау.
Зерттеу болжамдары. А. Құнанбайұлының шығармашылығын оқыту негізінде оқушылар соғыс жылдарынан кейінгі ауыл өмірінен хабардар болады, өздігінен көлемді шығармаларды оқу дағдысы қалыптасады.
Жаңашылдығы. А. Құнанбайұлының шығармашылығын оқытуда жаңа педагогикалық технологиялар негізінде оқытудын әдістемесін ұсыну.
Практикалық негізі. Теориямен практиканы ұштастырып А. Құнанбайұлының шығармашылығын оқытудың тиімді жолдары көрсетілді.
Құрылысы: Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан тұрады.

Қазақ әдебиеті пәнін оқытудағы тиімді әдістер.
Әдебиетті оқыту әдістемесі өте күрделі ғылым болып есептеледі. Оның себебі әдебиетті оқыту әдістемесі адамға тікелей қатысы бар, жеке тұлға қалыптастыруға тікелей қатысатындығында. Ал адамтану, жеке тұлға қалыптастыру қоғамдағы ең маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Әдебиетті оқыту әдістемесі педагогика ғылымының негізінде пайда болған. Әдебиет әдістемесінің қамтитын, қарастыратын мәселелері мектепте әдебиет пәнін оқыту кезінде мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынасы болып табылады.
Әдебиет пәнін оқытудың негізгі арқауы әдебиеттанудағы мазмұн мен форманың бірлігі болып табылады. Көркем шығарманы, көркем шығарманың образдар жүйесін талдау барысында мазмұн мен форма бірлігі негізгі басты ұстаным, қағида болып саналады. Мащмұн мен форма бірлігі көркем шығарманың басты тірегі болғандықтан көркем шығарманы жан-жақты тану, талдау үшін әдебиеттанудың негізгі ұстанымдарына жүгінуге тура келеді [1, 36 б.].
Әдебиет пәні мұғалімі әдебиеттану ғылымдарын терең білу арқылы, сөз өнерін жетік меңгеріп, сөз зергері, сөз шебері ретінде әдеби шығарманы терең танып, талдай алады, әдеби шығарманың барлық компоненттерін яғни, әдеби ұғымдарды, образдарды, құбылыстарды, кейіпкерлер бейнесін, детальдарды салыстырып, саралап оқушысына да тиянақты білім қалыптастыруға әсер етуге мүмкіндік алады.
Қазақ әдебиеті пәнін оқыту формалары мен әдістерін таңдауда оқушылардың психологиялық ерекшеліктері, жас ерекшеліктері, қызығушылықтары, танымдық ерекшеліктері ескеріледі. Сондықтан пәнді оқытуда білім алушының таным көкжиегін кеңейтетін, эстетикалық талғамы мен шығармашылық ойлауын дамытуға, сабақ барысындағы белсенділіктерін арттыруға оң ықпал ететін тиімді әдіс-тәсілдері болуы маңызды. Ол үшін танымдық іскерліктерді дамытуға мүмкіндік беретін тапсырмалар таңдалады.
Ал бір тақырып бойынша сабақ барысын жоспарлағанда материалдың логикалық мазмұны, сол тақырыптың пәндегі алатын орны, тақырып бойынша қолданылатын ақпарат көлемінің білім алушы танымы, жас ерекшелігі мен психологиялық-физиологиялық ерекшелігіне сәйкестігі, идеялар мен теориялық негізі, күтілетін нәтиже мен қорытындысы қарастырылады. Сонымен қатар жаңа тақырып пен өткен тақырып арасындағы байланыс арқылы берілген мазмұнды тереңдету, практика мен теорияны ұшатастыру жолдары қарастырылады. Қорыта айтқанда әдебиет сабағын жоспарлау -- мұғалімнің сабақ мақсатын жүзеге асыруға бағытталған шығармашылық үдеріс болып табылады [2, 13 б.].
Оқу үдерісі әдістер жүйесінің қатысуымен жүзеге асады. Әдіс деп грек тілінде адамның өмірді тани білу амалдары мен тәсілдерін және практикалық әрекеттерін атаған екен. Дүниеде адамның іс-әрекетіне қарай әр түрлі болуына байланысты әрқайсысының өзіне тән тәсілдері болады. Әрбір жұмысты, іс-әрекетті орындау барысында әдіс болатыны сияқты оқытудың да өзіндік әдіс-тәсілдері болуы заңдылық. Оқытушының оқушыларды біліммен қаруландыру тәсілдерін және оқушылардың ақпаратты қабылдау жолын оқыту әдісі деп атаймыз. Әдіс оқытудың мазмұны мен мақсатына сай құрылады.
Әдіскер-ғалымдардың әдебиет сабағын оқытуда қарастырған әдіс-тәсілдер жүйесін саралай келіп, пәннің өзіндік құрылымы мен ерекшелігіне сай әдістерді тиімді қолдану мүмкіндіктерін қарастырып көрсек:
Шығармашылық әдіс. Бұл әдіс әдебиет пәні оқытуға тән негізгі әдістердің бірі болып табылады. Әдістің мақсатының өзі білім алушылардың шығарманы көркем қабылдауына жол ашу, шығарманың табиғаты мен әсерін сезіну қабілетін туғызуға бағытталған. Шығарманы қабылдау үдерісі мен шығармашылық ерекшелігін меңгеру қатар жүреді. Әдіскер-ғалым Н. И. Кудрящев бұл әдісті оқушылардың шығарманы қабылдауын ұйымдастыру мақсаты мен талдаудың алғашқы кезеңдерінде қолдануды көздейді.
Шығармашылық оқыту әдісіне мына тәсілдер жатады:
Оқытушының көркем сөз мәтінін мәнерлеп оқуы;
Көркем сөз шеберлерінің мәнерлеп оқуы;
Сахналық көріністер;
Оқушыларда мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру;
Әдеби шығармаға әсерлі түсініктеме беруі;
Көркем шығарма бойынша оқушылармен пікір алмасу;
Шығармадан көркемдік бағыттағы проблемалық мәселелерді көтеру;
Білім алушылардың оқу-әрекеттерінің түрлері:
Шығарманы сыныпта немесе үйде оқу;
Мәнерлеп оқуға дағдылану;
Көркем мәтінді жатқа оқу;
Аудиодан көркем мәтінді бірнеше рет тыңдау;
Мәтінге жоспар құру;
Сценарий құру;
Шығармадан алған әсерлері бойынша жазба жұмысын жазу;
Иллюстрация жасау [3, 72 б.].
Эвристикалық әдіс. Бұл әдіс ішінара іздену әдісі деп те аталады. Мұндағы негізгі оқу материалы -- әдеби шығарма. Әдеби шығарманы оқу барысындағы алғашқы қабылдауды эвристикалық әдіс арқылы тереңдетуге болады. Шығарманы талдағанда әдетте жазушы көтерген адамгершілік, философиялық, саяси, қоғамдық мәселелерді қозғайды. Оқытушылардың негізгі міндеті жазушы көтерген проблемаларды байқап, оларды шешу амалдарын іздестіріп, негізгі ойды саралауға, ой түюге, ойын талдап дәлелдеуде оқушыларға жетекші болу. Бұл әдіс көбінесе эвристикалық әңгіме түрінде жүргізіледі.
Бұл әдіске тән тәсілдер:
Логикалық сұрақтар жүйесін құру;
Көркем шығарма мәтіні немесе қосымша материалдар арқылы сыныпқа тапсырмалар жүйесін құру;
Шығарма мазмұны бойынша проблеманы анықтап, сол проблема төңірегінде пікірталас ұйымдастыру;
Бұл әдіс оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытады, өздігінен білім алуға көмектеседі.
Әдіс кезіндегі оқушы міндеті:
Тақырыпқа байланысты сыни мақаладан немесе оқулықтан тыс кітаптардан материал жинау;
Талдау арқылы оқиғаны баяндау;
Тапсырма бойынша әр эпизодқа талдау жасау;
Шығармадағы кейіпкерлер жүйесіне талдау жасау;
Шығарманы тұтастай ала отырып жоспар құру [3, 76 б.].
Зерттеу әдісі. Әдістің негізгі мақсаты тақырыптан тыс жаңа ақпаратты қарастырып, шығармаға өз бетінше талдау жасауға дағдыландыру, шығарманы идеялық-көркемдік жағынан тану болып табылады. Оқыту тапсырмалары мен қызметі жағынан зерттеу әдісі эвристикалық әдіске ұқсас болып келеді. Ерекшеліктері мыналар: эвристикалық әдісте мұғалім жеке тапсырмалар құрып, шығармаларды талдауға жан-жақты қарастыруға бағыттайтын болса, зерттеу әдісінде талдау құрылымын, талдаудың негізгі бағыттарын, шығарманың композициялық және сюжеттік құрылысын білетін оқушы күрделі тапсырмаларды өз бетінше орындап, шығармаға қатысты өз пікірін білдіре отыры дәлелдер мен дәйектемелер ұсынады.
Зерттеу әдісін күнделікті сабақта оқушылардың жұмысын қорытындылауда, әдеби конференцияларда, сабақ тақырыбын талқылап бекітуде қолданылады.
Зерттеу әдісінің тәсілдері:
Мұғалімнің берген тапсырмасын ең алдымен бүкіл сыныппен, кейіннен жеке топтарда талқылап қарастырады;
Мұғалім семинар сабақтарына тақырыптар қарастырады, ал оқушылар сол тақырыптар бойынша баяндама жасайды;
Мектеп бағдарламасынан тыс тақырыптар мен көркем шығармалар бойынша талдау жүргізу;
Тақырыптары немесе қарастыратын проблемасы ұқсас бірнеше шығармаларды қатар ала отырып салыстыру;
Көркем шығарманы оның көркем фильмімен немесе сахналық қойылымымен салыстыру;
Сахналық көрініске немесе көрке фильмге өзіндік пікір білдіріп баға беру;
Зерттеу жұмыстарына баға беру;
Аталған әдіс негізінде оқушы тек оқытушының берген нұсқауларымен, бағыт-бағдар беруімен ғана нақты әдебиеттану ғылымының негіздерін меңгере алады. Зерттеу әдісінде оқушының оқулықтан тыс ізленісіне, шығарманы талдап дәлелдемелер келтіруіне көп көңіл бөлінеді. Бұл әдіс оқушыларды өздігімен ізденуге, кітапхана қорынан өзіне қажетті ақпаратты таңдап алуына, нақты деректі қолдана білуге, қызықты материалдарды тиімді қолдана алуға, өз пікірін дәлелдей алуға, баяндаманы жоспарлай алуға үйретеді [4, 41 б.].
Репродуктивті әдіс. Бұл әдіс бойынша оқушылар оқу материалдарын оқытушының әңгімесінен, лекциясынан, баяндамасынан, зерттеу жұмыстарынан, презентациялық жұмыстарынан, сыни мақалалардан, ғылыми еңбектерден дайын қалпында ала алады.
Репродуктивті әдісті догма деп айтуға мүлде келмейді. Ақпараттарды дайын күйінде алғанымен ол ақпарат жаттанды түрде қабылданбай, саналы түрде меңгеріледі. Сонымен қатар білімнің тереңдігі жаттап алуға ғана байланысты емес. Білім алушылардың ойлау қабілетінің ұшқырлығына да байланысты. Репродуктивті әдісте оқытушы шығармада көтерілген басты проблеманы талдай отырып оны шешу жолдарының бірнеше әдістерін көрсетеді. Сонын әсерінен оқушының ойын дамытады. Мұғалім ақпаратты тек дайын күйнде беріп қана қоймай оны талдаудың әртүрлі жолдарын көрсетеді.
Репродуктивті әдісте қолданылатын тәсілдер:
Мұғалімнің жазушы өмірі мен шығармашылығы жайында әңгімелеуі;
Шолу түріндегі лекция;
Оқулық бойынша берілген тапсырмалар.
Білім алушының әрекеті:
Жаңа тақырып бойынша конспект пен жоспар жазу;
Кітаптан оқыған материал бойынша тезис жазу;
Сабақ материалы бойынша баяндама жасау.
Оқушы берілген материалды тиімді пайдаланып, әрбір көтерілген мәселе бойынша ойлана алатын болса, онда аталған әдіс арқылы оқушы көптеген білім қорымен қарулана алады.
Аталған әдістерді жан-жақты қарастырып, зерттеу жүргізу арқылы сабақта тиімді болатынын ғана қолданған жөн [4, 48 б.].

А. Құнанбайұлының шығармашылығын оқыту әдістемесі.
Қазақ әдебиеті пәні бойынша 6 сыныптың оқулығында Абайды оқы, таңырқа! деп аталатын А. Құнанбайұлының шығармашылығына арналған тарау бар. Жалпы алғанда ұзақ мерзімді жоспар бойынша Абай шығармагылығына 15 сағат бөлінген. Осы 15 сағат ішінде оқушылар Абай өмірі мен шығармашылығы жайлы ақпараттарды меңгереді.
Бұл тақырыпты игеру барсында мынадай оқу мақсаттары көзделеді:
түсіну және жауап беру кезеңі бойынша:
әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау;
шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселе, идеясы, кейіпкерлердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау;
көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту;
туған өлкенің табиғаты және тарихы сипатталатын поэтикалық, прозалық шығармаларды білу;
туған өлкеге арналған бір өлеңді жатқа мәнерлеп оқу;
өлкетану аясында прозалық үзінділер жазудың алғашқы дағдыларын меңгеру;
анализ және интерпретация кезеңі бойынша:
шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау;
әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу;
шығармадағы көркем ауыстырулар: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау табу;
туған өлкенің ақындары мен жазушыларының шығармашылығы туралы деректер жинау және презентация дайындау;
Мәтіннің ақпараттылық, оның көркемдік, тілдік ерекшеліктері негізінен өлкетану сипаттамаларын талдау;
бағалау және салыстыру кезеңі бойынша:
кейіпкерлерді өзара салыстыру;
тарихи және көркемдік құндылығына баға беру;
кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға беру;
әдеби эссе жазу;
сыни хабарлама жасау.
Оқу жоспарларына оқулықта берілген тапсырмаларды мазмұндық жағынан сай болатындай етіп қарастыру өте маңызды және педагог маманнан асқан шебердікті талап етеді.
Оқулықта ең алдымен жазушы-ғалымдардың А. Құнанбайұлының шығармашылығы туралы айтылған пікірлері берілген. Мәселен, А. Байтұрсынұлының Қазақтың бас ақыны -- Абай Құнанбайұлы. Одан асқан бұрын-соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ деген пікірі берілген.
Сонымен қатар М. Әуезовтің Абай -- өз заманынан озық туған дара ақын. Абай тұсындағы әрбір сөз зергері, би-шешені, ақыны мен әншісі Абай бойына ақындықтың, шешендіктің дәнін егіп кетті. Абай солардан үлгі алды, үйренді, көбімен сөз жарыстырып жүріп жетілді, - деп пікір білдірген.
Қайым Мұратбековтің Абай -- өз халқының ең ардақты, аяулы арманын, ой-пікірін, терең сезім сырын, ұлттық мінез-құлқын жеріне жеткізе жырлаған, жарқын бағыттағы жаңа жазба әдебиеттің атасы, қазақ көркем әдебиетінің көрікті тілін ұстартқан, құдіретті ақындық өнерімен үлгі-өнеге жайған классик ақын, - деп айтқан пікірі ұсынылған.
Мырзатай Жолдасбековтің де пікірі берілген. Абай -- ұлттық, халықтық ақын, ғұлама ойшыл. Абай әлемі шексіз. Абай заман ағымын қатты сезінді. Ілгерідегіні болжады. Соған ыңғайланып қазақ халқын тәрбиеледі. Сөйтіп, өз ұлтының ұстазына айналды деп Абай өнеріне өз бағасын берген екен.
Әрі қарай А. Құнанбайұлының Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін және Ғылым таппай мақтанба өлеңдері оқушылар назарына ұсынылған [5, 22 б.].
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін деп аталатын өлең 1889 жылы жарыққа шыққан. Өлең 6 тармақтан, 5 шумақтан тұрады және көлемі 30 жолды құрайды. Абай бұл өлеңінде өзінің оқырмандарына, ақындарға қарап сөйлейді. Белгілі жазушы Мұхтар Әуезов бұл өлеңді ақындық туралы өзгеше мәндегі өлең деп қарастыруымыз керек деп пікір білдірген. Бұл өлеңді ақын өзінің қасында жүрген және басқа да жас ақындардың шығармаларын оқығаннан кейін соларға ескертпе, сын болсын деген ниетте жазған екен. Ақын сөзді қандай адамға айту керек және қандай адамға айтпау керек екенін ажыратып көрсетеді. Сөзді ұқпайтын надандарға, сөзді күлкіге айналдыратын парықсыздарға айтып сөз қадірін кетірмеуді ескертеді. Өлең әдебиет әлемінде жоғары бағаға ие болып, кейіннен өзбек, ұйғыр, ағылшын, орыс сияқты шет тілдерге аударылған [5, 61 б.].
Ғылым таппай мақтанба өлеңі 1886 жылы жазылған. Абай өз кезеңіндегі жас ұрпаққа үміт артып, олардың жүрегін оятып, жүректерін нұрландыруға, адамнершілікке, адалдыққа, алға қарай ұмтылуға шақырады. Адам бойындағы жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді юіпке тізгендей етіп саралап береді. Адамдардың адал еңбек етуі, арман-мақсаттарына жетуге ұмытылуы Абай өлеңінің негізгі идеялық-тақырыбы еді. Абай ғалым болу мен адам болу мәселесін сабақтастырып екеуін бірге қарастырады [5, 64 б.].
Осындай үлкен мағынаға, тәрбиелік мәнге ие өлеңдерді оқушылар бойына дәріптеу аса маңызды болып саналады. 6-сынып оқушыларының келешекте ақ пен қараны, жақсы мен жаманды ажыратуына өлеңдердің тигізер өзіндік әсерлері бар.
Бұл өлеңдерді оқыту барысында мынадай әдіс-тәсілдерді қолдануға болады:
Интерактивті дәріс әдісі. Бұл әдісте мұғалім оқушыларды шағын топтарға бөледі. Әр топқа жаңа тақырып бойынша жалпылама мәтін береді. Оқушылар мәтін бойынша түрлі тапсырмалар орындайды. Мәтін нақты әрі тәжірибелік жұмысқа негізделген болуы керек. Оқушылар топ ішінде бір-біріне көмектесу арқылы тақырыпты түсінеді. Өздеріне түсініксіз болған тұстарында бір- бірлеріне сұрақ қоя алады. Оқушылар сұрақтарға жауап бере алмаған жағдайда ғана мұғалім көмектесе алады. Мәтінмен жұмыс жасап болған соң оқушыларға жекеленген тапсырмалар беріледі. Бұл кезеңде бір-бірлеріне сұрақ қоюға немесе көмектесуге рұқсат етілмейді. Әдістің ерекшелігі жеке тапсырмалар бойынша бағалау болып табылады. Баға салыстырмалы түрде қойылады. Тапсырмалар кезінде оқушылар мәтінді терең меңгеріп, бір-бірлеріне сұрақ қою арқылы өзара және мұғаліммен байланысқа түсіп сабақ барысында белсенділік таныту себебінен бұл әдіс интеравтивтідәріс деп аталған [6, 54 б.].
Кемпірқосақ әдісі. Бұл әдіс топтық жұмысқа негізделген. Түрлі түсті стикерлер арқылы оқушылар топқа бөлінеді. Оқушылар санына байланысты кеспірқосақ түстерін алуға болады. Мысалы 4 топ болатын болса, онда топ құрамында 4 оқушы болады және сәйкесінше 4 түрлі түс алынады. 4 шағын топ құрылады. Әр топқа тақырып бойынша мәтін бөліктері беріледі. Әр топ берілген мәтінді оқып, өзара талдайды. Келесі кезекте топ құрамы ауысады. Әр топтың мүшелері бірігіп бір топ құрайды, әр оқушы кезекпен өз мәтіндері бойынша түсінгендерін ортаға салады. Содан кейін оқушылар басқа топта талқылаған мәліметтерін айту үшін бастапқы топ құрамына оралады. Бұл тақырыпты одан әрі талқылауға түрткі болады. Осылайша оқушылар қысқа уақыт ішінде ұзақ мәтінді меңгере алады. Сонымен қатар талқылау барысында бір-бірлеріне сұрақ қою арқылы алған білімдерін тереңдете түседі [6, 55 б.].
Шпаргалка әдісі. Бұл әдім оқушылардың оқылым және жазылым дағдыларын дамытуға бағытталған. Әдісті қолдану үшін барлығына мәтін таратылады. Оқушылар мәтінмен танысады. Мәтінді оқу үшін 1-1,5 минут уақыт беріледі. Мәтін көлеміне қарай уақыт ұзақтығын өзгертуге болады. Оқушылар әр абзацтан мәтін мағынасын ашатындай бір сөйлем таңдап алады. Ол сөйлем жоспар-конспект ретінде көрсетіледі. Оқушылардың жазған сөйлемдері ауыстырылып, олар бір-бірінің жазғандарымен танысып шығады. Әр оқушының жазғаны әр түрлі болуы мүмкін. Соңынан оқушылар бір-бірлеріне сұрақ қояды. Әр оқушының жазғаны әртүрлі болуы мүмкін. Соның нәтижесінде олар мәтіннің негізгі ойын түсінеді, меңгереді. Бұл әдістің шпаргалка аталу себебі -- оқушылар басқалардың жазғандарын оқу арқылы жаңа тақырыпты меңгереді. Бір-бірлерінің пікірлерін ой түю, қорытынды жасау үшін қолданады [6, 59 б.].
Мән-мағына - Негізгісін таңда әдісі. Жаңа ақпараттың идеясын, негізгі мазмұнын табуға бағытталған әдіс. Бұл әдіс мынадай тәртіппен жүзеге асады:
Мәтіннің ұзақтығына, қиындығына қарай уақыт бөлінеді. Әдетте 1-1,5 минут беріледі;
Мұғалімнің белгі беруімен оқушылар өздері негізгі, құнды деп санайтын жолдардың астын сызады;
Асты сызылған жолдың үстіне аты-жөндерін жазады;
Әр оқушының мәтіні шеңбер бойынша жылжып отырады. Оқушылар бір-бірлерінің жұмысын қарап шығып, 5 балдық шкала бойынша бағалайды. Ол үшін бірнеше секунд уақыт беріледі;
Оқушылардың жұмысы бір бағытта жылжи отырып өз иесіне қайтып келуі тиіс;
Әр оқушы өз ұпайларын есептейді
Ең көп ұпай жинаған оқушы жеңімпаз атанады.
Бұл әдіс оқушының жаңа ақпаратты өз бетімен меңгеруіне бағытталған. Сонымен қатар оқушыладың бірін-бірі бағалау және оқылым дағдыларын жетілдіруге көмегін тигізеді [6, 73 б.].
Даймонд әдісі. Даймонд ағылшыннан аударғанда алмаз деген сөз. Бұл әдіс қарама-қарсы түсініктердің тоғысуы орын алатын тапсырмаларда қолданылады. Даймонд -- жеті жолдан тұратын өлең. Бірінші және соңғы жолдағы зат есімдер мағына жағына бір-біріне қарама-қарсы болуы шарт. Орындалу алгоритмі:
Бірінші жолда бір зат есім жазылады;
Екінші жол -- бірінші жолда қолданылған зат есімді сипаттайтын екі сын есім немесе есімше;
Үшінші жол -- қимылды білдіретін үш етістік;
Төртінші жол -- төрт сөзден тұратын сөйлем;
Бесінші жол -- екінші жолда жазылған сын есімге қарама-қарсы екі сөз;
Алтыншы жол -- үшінші жолдағы етістіктерге қарама-қарсы мағынадағы сөздер;
Жетінші жол -- бірінші жолға мағынасын жағына қарама-қарсы сөз.
Бұл әдіс оқушылардан жылдамдықты, тапқырлықты, тиянақтылықты, ұшқырлықты және белсенділікті талап етеді. Жазылы, айтылым дағдыларын дамытуға арналған әдістер қатарына жатады [7, 33 б.].
Ромб әдісі. Мәтінмен орындалатын әдәстер қатарына жатады. Оқушыларға мәтін үлестіріледі. Оқушылар мәтіндегі берілген ақпаратты маңыздылығы бойынша бөліп қарастырады. Ромб фигурасын салады. Фигураның ең жоғарғы жағына мәтіннің өзегі болатын ең маңызды ақпаратты жазады. Ақпарат маңыздылығына байланысты оларды ромб фигурасына орналастырады. Кейіннен әр оқушы ортаға шығып өздерінің тұжырымдарын дәлелдейді. Ортаға шыққан оқушыға басқа оқушылар тарапынан сұрақ қоюға рұқсат етіледі. Осылайша оқушылар пікір алмасып, сабақ тақырыбын аша түседі. Бұл тақырып тыңдалым мен жазылым дағдыларын жетілдіруге бағытталған әдіс.
Балық қаңқасы әдісі. Бұл әдіс Исикава диаграммасы немесе Фишбоун деп те аталады. Әдістің мақсаты жаңа мәліметтерді, идеяларды сұрақ-жауап арқылы жаза отырып қорытынды ой түю. Бұл әдісті топтық тапсырмалар болған кезде қолдану дұрыс нәтиже береді. Сабақ барысында оқушыларды топқа бөліп алғаннан кейін әр топқа жеке талқылауға арналған тақырып беріледі. Топ мүшелері қағазға балық қаңқасының суретін салады. Әр топтың тақырыбы балықтың басына жазылады. Ал балық қаңқасының жоғары жағына сұрақтар, төменгі жағына жауаптар деп алып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиеті сабағында қолданатын әдіс-тәсілдерінің жалпы сипаты
Диалог түрінде сөйлеуге үйретудің әдістемесі
КӨМЕКШІ МЕКТЕПТЕ СЫНЫПТАН ТЫС ОҚУДА БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Сыныптан тыс оқыту тәрбие жұмысының негізі
Мұғалім мен оқушы қатынасы
Қазақ әдебиеті жазушыларының шығармаларын меңгертудің тиімді жолдары
5-сыныпта әдеби теориялық ұғымдарды қалыптастырудың ғылыми негіздері мен оны оқытудың әдіс-тәсілдері
Әдебиет сабағындағы жаңа әдіс-тәсілдер жайлы
Бастауыш сынып оқушыларының дарындылық қабілетін деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыту
Қалыптастырушы бағалаудың әдістері
Пәндер