Бауыржан Момышұлы - халық қаһарманы
ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Бауыржан Момышұлы- халық қаһарманы
Орындаған: 23-МК-1 тобының студенті Мажитов.E
Тексерген:
Өскемен
2023
Кіріспе
Қазақ халқының іргелі атрибуттары бір өзінің болмысынан толық табылатын Бауыржан Момышұлы медицина институтының студенті, оқытушы, экономист, милиция бөлімінің бастығы, Қазақ ССР Соғыс комиссариатының қызметкері, армия генералы, соғыс өнерінің теоретигі сияқты қызметтерде болып, өз еліне, Отанына адалдығын көрсетті. Сұрапыл соғыстың алғы шебінде оның ыстық, суығын басынан кешірді. Жауынгерлердің қайнаған ортасында жүріп, олармен бірге Отан қорғау деген қасиетті борышты орындауда ұлтжандылықтың, ұлттық мақтаныштың шын мәнінде не екендігін іс жүзінде көрсетті, дәлелдеді. Соғыс өнерінің майталман шебері дәрежесіне көтеріліп, оның стратегиясы мен тактикасының теориясын жасады.Соғыстан кейін бейбіт өмірде жазушылықпен айналысып, кейінгі жас ұрпақты туған жерге, туған елге шынайы берілгендік рухында тәрбиелеуге атсалысатын тамаша шығармаларды дүниеге әкелді.
Бауыржан Момышұлының ел ұғымында толымды, жинақы, тұтас бейнесі қалыптасқан. Ол-соғыста да, бейбіт өмірде де адалдықты, әділдікті, туралық пен шыншылдықты ту етіп көтерді. Қулық, сұмдық, екіжүзділік, жағымпаздық, жалқаулық, қорқақтық, атаққұмарлық, дүниеқоңыздық секілді пендешіліктерге жан-тәнімен қарсы тұрды. Өйткені, құмарлыққа айналған жат әдет, арам пиғылдардың бәрі де түптің тереңінде әділеттілікке, адалдыққа қарсы ашық шабуылға көшетіні, сөйтіп, айдай әлемге өз үстемдігін орнатқысы келетіні анық емес пе? Ал мұндай әдет-пиғылдарға арыстандай ақырып қарсы шығу батыр болмысқа тән қасиет.
Бауыржан Момышұлы қазақ бауырларынан жырақ аймақтарда көп қызмет етіп, басқа ұлттардың өкілдерімен көп араласып, олардың ұлттық ерекшелігімен етене таныса отырып, қазақ халқының ұлылығына, дархандығына, тәкаппарлығына, сонымен қатар, мейірімділігіне көз жеткізді. Ұдайы өзін - өзі басқалармен салыстырып, екшеп, таразылап отырғандықтан, басқалар күнделікті өмірде көп мән бермейтін көптеген ұлттық құндылықтардың қадір-қасиетін ішкі жан- дүниесімен сезінді.
Жұмыстың мақсаты: ХХІ ғасырда әр жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен патриоттық жалынның ұшқынын дарыту үшін халқымыздың Бауыржандай перзентінің мірдің оғындай қанатты сөздері ауадай қажет. Ол, әсіресе, ұлттық тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. Өзінің ұлтын сыйламаған - ұлтын мақтаныш тұта да алмайды, ол - сөз жоқ, арамза, тексіз әрі қаңғыбас деуі жайдан - жай емес. Оның адами қасиеттер қатарына жатқызатын - ақыл, ар, ерік - жігер, намыс, сезім, парыз, ұлттық рух, ұлттық мінез - құлық, ұлттық патриотизм, ұлттық мақтаныш, т. б. туралы ойлары арнайы зерттеуді қажет етеді.
Қазіргі Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Көлбастау ауылында туған. Жеті жылдық мектеп бітірген соң біраз уақыт мүғалім болып істейді. 1932 жылы әскер қатарына шақырылады. Міндетін өтеп, запастағы командир атағын алып ауылға оралғасын қаржы орындарында жұмыс істеген. 1936 жылы кайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде қызмет еткен, взвод, рота командирі болған. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басқаруымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316-атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанған. Соғыс жылдарында батальон, полк, дивизияны басқарды.
Момышұлының әскери өмірбаянында Москва түбіндегі шайқас ерекше орын алады. Одан басқа да ерліктері аз емес. Тек 19-гвардиялық атқыштар полкінің батальон командирі ретінде Москва түбінде 27 сәтті ұрыс жүргізді. Волоколам бағытында Крюково қонысы үшін шайқаста 19-полкты басқарып, сол жерде ауыр жарақат алғанына қарамастан, күресті әрі қарай жалғастыра береді. Момышұлының осындай көптеген әскери ерлігін ескеріп, 8-гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі полковник И.И.Серебряков 1942 ж. тамызда оны Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынады. Бірақ бұл наградтау қағазы жоғалып кетеді.
1944 ж. шілде айында Серебряков КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумына үндеу хатында: "Жолдас Момышұлына құрмет көрсетуді... өтінемін және мұны жеткізуді өзімнің парызым деп білемін... әділдік менен осыны талап етеді", деп жазды. Бұл да аяқсыз калады. Жерлесіміздің одан кейінгі ерліктері де ескерусіз қалады. Момышұлы полк командирі, кейін дивизия бастығы бола жүріп, Калинин майданында, Курляндиядағы неміс басқыншыларын талқандау операцияларына белсене қатысады.
Соғыстан кейін Совет Армиясы Бас штабының Жоғарғы әскери академиясын бітіріп (1950 ж.), сонда әскери педагогикалық қызметпен айналысты. Тактика төңірегінде оның идеяларының батыл да жаңашыл болғандығына қарамастан, 1956 жылы гвардия полковнигі Момышұлы отставкаға жіберіледі. Баукең әдебиет майданында да әскери ерліктерінен еш кем емес каһармандық іс тындырған қаламгер екені баршаға мәлім. Оның шығармаларының негізгі тақырыбы жауынгерлік мінез-құлықтың қалыптасуы, елдік пен ерлікті дәріптеу, жастарды Отан қорғауға дайын тұру рухында баулу, әскери тәлім-тәрбие болып табылады. Бауыржан Момышұлының басты шығармалары: "Офицер күнделігі", "Бір түннің оқиғасы" (1956), "Москва үшін шайқас" (1958), "Майдандағы кездесулер" (1962), т.б. Кеңес Одағының батыры И.В.Панфилов жайында "Біздің генерал" деген ғұмырнамалық хикаят жариялады. Ал "Үшкан ұя" романы 1976 жылы Казақ КСР Мемлекеттік сыйлығына ие болды.
Біртуар қолбасшы туралы оқырман қауымға Ә.Нұршайықов "Ақиқат пен аңыз", З.Ахметова "Шуақты күндер", Бақытжан Момышұлы "Қасымда сен барда", "Әкеге құрмет", М.Кдвдыбаев "Үмытылмас кездесулер" атты шы-ғармаларын ұсынса, режиссер М.Бегалиннің "Артымыз-да Москва" кинофильмі, В.Шацковтың МХАТ сахнасын-да қойылған "Волоколам тас жолы" пьесасы Момышұ-лының әскери өмірбаянын суреттейді. Оның соғыстағы ерлігін бейнелеген белгілі орыс жазушысы Александр Бектің "Арпалыс" повесі әлемді шарлап кетті...
Бауыржан Момышұлы әлденеше ордендермен, медаль-дармен марапатталды. Дүние салғаннан кейін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (1990 жылы). Сөйтіп, ұзақ жылдардан соң, соғыс және еңбек ардагерлері, ғылым мен мәдениет қайраткерлері, қалың жұртшылық талабымен, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қолдауы арқасында, халқымыздын ардақгы үлы -- көзі тірісінде-ақ аңызға айналып кеткен осынау даңқгы жау-ынгер, дарқан ойлы қолбасшы турасындағы тарихи әділеттілік қалпына келтіріліп еді. Бүгінде Бауыржан ба-тыр есімін иеленген мектептер, көшелер, елді мекендер, ұжымшарлар егеменді елдің қала-даласында көптеп кездеседі. Оңтүстік астанада ол тұрған үйге ескерткіш тақга орнатылған, әскери мектеп-лицей бар.
Соғыс кезінде жеке басының қаһармандық ерлігімен және ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен ерекше көзге түседі. Бірнеше рет жау қоршауынан жауынгерлерін аман-есен алып шығады. Мәскеу түбіндегі шайқастағы ерлігі сол кездің өзінде Одақ көлеміне аңыз болып жайылады.
Мәскеу түбіндегі шайқас Бауыржан Момышұлының өміріндегі ерекше кезең болды. Жас сардар, 1073 атқыштар полкінің батальон командирі, аға лейтенант Бауыржан Момышұлы сарбаздармен қақаған қыста Мәскеу түбінің омбы қарына малтыға жүріп, бес рет қоршауды жарып шығып, жалпы саны 27 рет қол бастап ұрысқа кіріп, соғыс тарихында болмаған тактикалық маневрлер жасап, әскери өнерге жаңалық енгізген. Командир Момышұлы жетік стратег, асқан тактик, психолог еді.
1941 жылдың 16-18 қараша күндері аралығында Вермахтың Мәскеуге екінші дүркін шабуылы кезінде Б.Момышұлы басқарған батальон өз дивизиясынан қашықта Матронино селосының маңында Волоколам тас жолыда аса ерлікпен соғысты. Комбаттың дарынды басшылығының арқасында неміс әскері бұл маңда 3 күнге іркіліп қалды. Бұл ерлігінен соң жас комбат өз сарбаздарын қоршаудан соғысқа қабілетті жағдайда алып шықты.
Алайда аласапыран шақта қысылтаяң жағдайға ұшыраған кейбір полктердің батальон, роталарымен байланысы үзіліп, жауынгерлердің қай жерде, қандай халде екенін білу қиынға соғады. Сондай жағдайға ұшырағандардың бірі - Бауыржан басқарған бірінші батальон еді. Баукең енді шегінудің нақты жоспарын жасайды. Батальонның алдында жүретін он бес адамнан құрылған (алдыңғы жақты барлайтын) барлаушы қойып, взвод-взводпен бөлек-бөлек болып, бірінің ізімен бірін жүргізе жылжуды ұйғарады. Батальон алдындағы барлаушыларды аға лейтенант Рахимов пен саяси жетекші Мұхаметқұл Сләмқұлов басқарады.
Күндіз жау көзіне түспеу үшін жауынгерлеріне түнделетіп жүруді бұйырады. Күндіз қалың тоғайда тыныстап, түнде барлаушылар арқылы белгіленген бағытпен сақтана жүріп отырған жауынгерлер табандылық пен төзімділік көрсетіп, қалың қарағайлы тоғай ішінің қалың қарын омбылай жүре отырып, екі күннен кейін Новлянск пен Ивановск деревняларының аралығынан шығады. Барлаушылардың айтуынша, осы Ивановск деревнясында панфиловшылардың 1075-полкінің бірінші батальоны тұрады екен. Бұлар әлі шайқасқа қатыспағандықтан тың тұрады.
Әдісқой, тәжірибелі комдив И.В. Панфилов бұл полкті уақытша әдейі резервте ұстап тұр екен. Б.Момышұлы басқарған батальон түгелдей жау қолынан қаза тауып, жойылып кетті деген лақапты естіген олар түгелдей аман оралған жауынгерлерді зор қуанышпен қарсы алды. Бауыржан бастаған батальон жауынгерлерін көргенде И.В.Панфилов қуанғаннан көзіне жас алады. Иван Васильевич көптен көрмеген бауырын кездестіргендей Бауыржанды қаусыра құшақтай алып, бетінен сүйіп: Жарайсың, сұңқарым! деп арқасынан қағады.
19 гвардиялық атқыштар полкінің командирі ретінде 1941 жылдың 26-30 қараша күндері гвардия капитан Момышұлы Мәскеу облысының Соколово деревнясының маңында неміс әскерінің шабуылын 4 тәулік бойы қайтарып, сәтті ұрыс жүргізді. 1941 жылдың 5 желтоқсанында омыртқаға оқ тиіп, жарақат алды. Әзілхан Нұршайықовтың "Ақиқат пен Аңыз" кітабында Бауыржан өзін санбатқа жеткізгенде дәрігерлер дереу госпитальға апару керек деп шешкендігін, бірақ ол тапаншамен дәрігерді қорқытып, оқты сол жерде шығаруды бұйырғанын айтады. Оқты алып, жараны таңғаннан кейін капитан Бауыржан Момышұлы ұрыс алаңына қайта оралады.
Кеңес әскерлерінің 1942 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы ұрыстарында 8-гвардиялық дивизияның Бауыржан Момышұлы басқарған полк жауынгерлері ерекше көзге түсті. Дивизия екі ай ішінде батысқа қарай 500-600 шақырым алға басып, фашистердің мыңдаған солдаты мен офицерлерін саптан шығарады, жаудың көптеген техникасын жойып жіберді.
1944 жылы Комдив болып жүрген кезінде Дубровка деревнясының маңында болған ұрыс кезінде тағы қатты жараланады. Өз айтуынша құйымшақпен жерден шығып тұрған темірге құлаған екен. Біраз уақыт атқа отыра алмай және шалқасынан жата алмай жүрді, бірақ госпитальге бармады.
Сол уақыттан 1944 жылдың наурызына дейін госпитальде жатады. Сол жылы Бас Штабытың Әскери Академиясының жанындағы офицерлердің біліктілігін арттыру курстарын бітіріп шығады.
1945 жылдың 21 қаңтарынан бастап гвардия полковник Бауыржан Момышұлы Екінші Прибалтика майданының, 6 гвардиялық армиясының, 2 гвардия атқыштар полкінің 9 гвардия атқыштар дивизиясын басқарды. 1945 жылдың ақпан-наурыз айларында Бауыржан Момышұлы басқарған дивизия Приекуле станциясының солтүстік-батыс жағында орналасқан неміс әскерінің үш бекінісін бұзып өтеді. Дивизия шабуылының нәтижесінде 15 елді мекен босатылды, ал жау әскеріне үлкен зиян тиген болатын.
Бауыржан Момышұлының қатардағы жауынгерлер жайлы айтқан нақылға бергісіз сөздері халқымыздың есінде. Даңқты қолбасшы солдаттың мінез-құлқын, парасатын, елі үшін шыбын жанын қиятын ерлігін ерекше бағалай білген. Соның арқасында оларды ерлік жеңістерге бастап, жігерлендіріп отырған.
Бауыржан Момышұлы соғыс жылдарында адуынды да қатал әскери басшы болып қана қойған жоқ, сонымен қатар қарамағындағы жауынгерлер мен офицерлердің ақылгөй жетекшісі, зерделі де білгір, байыпты да мейірман тәрбиешісі де бола білді.
Қазақ халқының өр тұлғаларының жалғасы, Отан қорғаған қаһарман ұлдарының бірі - Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы. Қазақта Ақыл жастан, асыл тастан деген нақыл сөз бар. Бауыржан сияқты халқының ұлдарына байланысты айтылған сөз болар, сірә.Батырдың өмір жолына көз жүгірте отырып, амалсыз осындай ойға қаласың. Ол Жамбыл облысының Жуалы ауданына қарасты Көлбастау ауылында дүниеге келген.
Шымкенттегі 7 жылдық мектеп-интернатын бітірген соң, біраз жылдар мектепте мұғалім болыпты. Бұл сол кездегі ең бір ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz