Бауыржан Момышұлының қазақ әдебиетіндегі балаларға арналған шығармалары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

«ҰСТАЗ ИНСТИТУТЫ»

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ» кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

«Бастауыш мектептегі балалар әдебиеті» пәні бойынша

Тақырыбы: Б. Момышұлының балалар әдебиетіндегі алатын орны

Білімгер: Несіпбай Мерейім

Тобы: ПМНО 22-3

/қолы/

Жетекші: ф. ғ. к., доцент

/аты-жөні/ /қызметі/

Қорғауға жіберілді « » 2023ж.

/қолы/

Жұмыс қорғалды «» 2023ж. бағасы

/жазбаша/

Комиссия мүшелері:

/аты-жөні/ /қолы/

/аты-жөні/ /қолы/

/аты-жөні/ /қолы/

Тараз 2023

Курстық жұмыс

Ф 11. 01-2022

1-баспа 25. 06. 2022

Описание: logo_DU2.png

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ» кафедрасы

ПМНО 22-3 тобының студенті Несіпбай Мерейім Жандосқызы курстық жұмыс

ТАПСЫРМА

« Бастауыш мектептегі балалар әдебиеті » пәні бойынша

Тақырыбы: Б. Момышұлының балалар әдебиетіндегі алатын орны

  1. Тапсырманың арнайы нұсқауы - курстық жұмысты университеттің талаптарына сай рәсімдеу
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары): 3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары)
Орындау кестесі: Орындау кестесі
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары): Көлемі, %
Орындау кестесі: Орындау уақыты
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары): Кіріспе
Орындау кестесі: 10%
22. 09. 2022
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары): 1.
Орындау кестесі: 15%
6. 10
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары): 1. 1
Орындау кестесі: 15%
20. 10
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары): 1. 2
Орындау кестесі: 10%
27. 10
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары): 2.
Орындау кестесі: 10%
28. 10
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары): 2. 1
Орындау кестесі: 15%
3. 11
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары): 2. 2
Орындау кестесі: 10%
10. 11
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары): Қорытынды
Орындау кестесі: 10%
17. 11
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары): Пaйдaлaнылғaн әдебиеттер
Орындау кестесі: 10%
17. 11
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары): Жобаның (жұмысты) жинақтау мерзімі
Орындау кестесі: 100%
04. 12. 2022
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары): Қорғау
Орындау кестесі:

Кафедра мәжілісінде бекітілген

Жетекшісі: ф. ғ. к., доцент . . .

/қызметі/ /қолы/ /аты-жөні/

Тапсырманы орындауға қабылдадым « » 2023ж.

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Бауыржан Момышұлының балалар әдебиетіне тартқан қаламы . . . 5

1. 1. Бауыржан Момышұлының шығармашылық өмірбаяны . . . 5

1. 2. Жазушының әдеби мұралары . . .

2. Бауыржан Момышұлының балалар әдебиетінен алатын орны . . . 11

2. 1. “Ұшқан ұя” повесінің тәрбиелік мәні . . . 11

2. 2. Қаламгердің балаларға арнаған әңгімелері . . . 16

Қорытынды . . . 24

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 26

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі. Бауыржан Момышұлының атын айтқанда, екі бірдей бейне көз алдымызға келеді: бірі - батырдың бейнесі, екіншісі жазушының бейнесі. Халқының аса ардақтысы, Бауыржан тұлғасына тамаша жауынгерлік сипат пен әдеби шығармашылық сипатының ғажап сыйысқандығына тәнті болмау мүмкін емес.

Бауыржан шығармалары майдан шебінде жүріп, көзі көрген өмір тәрбисінен алынған отты жүректің, ыстық қанмен жазылған шығармалар болып табылады. Бауыржанның тұңғыш туындысы болған, қазақ әдебиетіндегі шаттығы биік шығармаларының бірі - «Ұшкан ұя».

«Ұшкан ұя» повесі мемуралық жанрдағы шығарма ретінде жазылғанмен, ол проза денгейіне көтерілген ұлттық сипатта жазылған нағыз көркем туынды.

Баукеңнің ұғымында өз ұлтының тәрбиесінен жұрдай адамнан, баршаға бауырмалдық шықпайды, өйткені ол ұлтты сүюдің не екенін білмейді - дей келіп, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді күшейту үшін, ұлттық тәрбиені қалпына келтіру керектігін атап көрсетеді.

Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» еңбегін ұлттық салт - дәстүрімізді, көркем шығармаға мазмұндап берген этнографиялық еңбек деп айтуға толық негіз бар. Шығармадағы негізгі мәселе - Адам, оның кемелдену жолдары болса, шығарма сюжеті осы адамдардын өзара әңгімелесуі, кеңесуі арқылы дамиды. Туындының өн бойында тектіліктің, кемеңгерліктің діңгегі суреттелген.

Қазақ және орыс тілінің мол мүмкіндігін өзінің табиғи дарынымен, қаламгерлік танымымен қорыта пайдаланып, көрнекті қаламгерлік тұғырға көтерілген Бауыржан Момышұлы шеберлігін арнайы қарастыруда Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт Көшбасшысы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты кітабындағы қазақ тарихындағы дара тұлғалар хақындағы ойларының көрнекті жазушы Бауыржан Момышұлының тарихи-әдеби шығармашылығына, әскери қолбасшылық және қоғам қайраткері қасиеттері тұтасқан тұлғасына қатысты екендігін басты назарға аламыз: «… ол адамдар кейбір ымыраға бара отырып, басты нәрсені - халықтың тұтастығын, оның ғасырлар бойы қалыптасқан ішкі құндылықтарын жоғалтып алмау үшін қандай жолды таңдау қажеттігін түсінетін болады.

Өз даналығының күшімен табатын аяқ алысын аңғарып, барар бағытын бағалай білетін сондай адамдар табылуы тиіс еді. Олар жеке өз бастарының

шығармашылық тағдырымен екі мәдениеттің басын қосуға тиіс еді. Олардың шығармашылығының өзі жеке адамның санасындағы тұйықталған драма немесе шалқыған патетика емес, мәдениеттердің, өркениеттердің бір-біріне өзара ауысуының тарихи сәтті сағаты болып табылмақ және ол сәт жаңағы ауыс-түйіс өмірдің өзінен өріс тауып, кеңінен қанат жаюынан бұрын болмақ керек.

Олар өздерінің кедергі атаулыны бұзып-жарған ғаламат шығармашылық тегеурінімен жаңа, бұрынғыдан әлдеқайда жоғары бейнелер, мағыналар мен құндылықтар қалыптастырады» деп көрсеткен.

Курстық жұмыстың нысаны. Бауыржан Момышұлының қазақ әдебиетіндегі балаларға арналған шығармалары.

Курстық жұмыстың мақсаты. Бауыржан Момышұлының балалар әдебиетіндегі алатын орнын ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу.

Курстық жұмыстың міндеттері.

1 . Бауыржан Момышұлының шығармашылығын ғылыми зерттеу еңбектері негізінде талдау.

1. Жазушының балалар әдебиетіндегі алатын орын зерттеу.

2. Бауыржан Момышұлының балаларға арнап жазған шығармаларының тәрбиелік мәнін ашып көрсету.

3. Жазушы шығармашылығының ерекшеліктерін негіздеу.

Зерттеу болжамы. Егер жазушының балалар әдебиетіндегі алатын орнын зерттеп, бастауыш сынып оқушыларына арналған шығармаларын ғылыми тұрғыдан қарастыратын болсақ, ақын шығармалары арқылы бастауыш сынып білім алушыларына кешенді түрде тәрбие беруге болады.

Зерттеу әдістері. Тақырып бойынша ғылыми зерттеу еңбектерін талдау әдісі, баяндау, талдау, салыстыру, сараптау, жинақтау, жүйелеу, қорыту әдістері қолданылды.

Курстық жұмыс кезеңдері: Курстық жұмыс үш кезеңнен тұрады.

Бірінші кезеңде: зерттеу тақырыбы бойынша жұмыс жоспарын құру; ¨ зерттеу жүргізу әдістері анықталды.

Екінші кезеңде: зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді қарастыру және оларды талдау жүргізілді.

Үшінші кезеңде: ғылыми зерттеу жұмысы қорытындыланып, зерттеу нәтижелерін тұжырымдалды.

Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Бауыржан Момышұлы шығармаларының тәрбиелік мәні. Г. А. Дуйсенбиева
  2. Ақиқат пен аңыз. Ә. Нұршайықов
  3. “Ұшқан ұя” Б. Момышұлы
  4. “Ағасы бардың жағасы бар” Б. Момышұлы
  5. Әдебиеттану. Бауыржан Момышұлының портрет жасау және пейзажды суреттеу шеберлігі. О. Ж. Адилхановна https://www. kaznu. kz/content/files/pages/folder3157/%D0%94%D0%B8%. pdf
  6. \толықтырамын\
  1. Бауыржан Момышұлының балалар әдебиетіне тартқан қаламы

Елдік пен ерліктің киесіндей, батырлық пен батылдықтың иесіндей, асылдық пен жасындықтың үлгісіндей аты аңызға айналған баһадүр батыр Бауыржан Момышұлы -тау тұлға. Ол кісінің өмір жолы, сұрапыл соғыс жылдарындағы жанқиярлық ерлігі, өжеттігі мен өрлігі, алғырлығы мен көрегендігі - біле білгенге ұлы тәрбие, үлкен өнеге мектебі. Батыр Бауыржан Момышұлы - алмас қылыштай өткір де қайсар, дана да данышпан, шешен әрі ақын, «сөз қадірін өз қадірі, өз қадірі ел қадірі» деп бағалаған айбынды азамат. Осынау дара тұлғаның бүкіл саналы ғұмыры, ғибратқа толы істері, жүріс-тұрысы, сөйлеген сөздері, терең мағыналы ойлары әркімнің көкейінде. Бауыржан Момышұлы - адамгершіліктің, азаматтықтың, патриоттықтың, имандылықтың символы, көркем бейнесі іспетті. Батыр атамыз Бауыржан Момышұлы жеке басы ойшылдығымен, отаншылдығымен, ұлтжандылығымен, қаһармандылығымен, дарындылығымен, жоғары адамгершілік қасиеттерімен елеулі. Баукең - әлем халқының ортақ перзенті дәрежесіне дейін көтерілген азамат.

Бауыржан Момышұлы, сөз жоқ, батырлығына қаламгерлігі сай тарихи тұлға. Әрине, көзсіз батыр емес, алды-артын ақылмен, оймен барлай білген бірегей берен. Бірақ Баукең айтыпты дегенді көп естігенімізбен, “Офицер жазбалары”, “Ұшқан ұя”, “Москва үшін шайқас” және сексенінші жылдары жариялана бастаған “Қанмен жазылған кітабымен” таныс оқырмандар батырдың мұрағатында бұлардан басқа да осыншама мол қазына қалғанын естіп, қуанып отыр.

Бауыржан Момышұлы - әдеби және әскери өнерде артына қайталанбас ұланғайыр ұлттық рухани мұра қалдырған бірегей қаламгер. Оның қазақ және орыс тілінде жазылған төрт томға жуық шығармалары бүгінде қалың оқырманның игілігіне айналуда. Сондықтан, мен айтып, жазып жүрген 30 томдыққа енетін тың туындылары қайдан және қандай деректер көзінен құралмақ деген сұрағың көкейге қонады.

Баукеңнің жаңадан шыққалы отырған көптомдығы негізінен ҚР Орталық архивінде, Мәскеудегі арнайы әскери архивте, облыстық, қалалық архивтерде және ұлы Бақытжан Момышұлының үйінде сақталып келе жатқан, бұрын еш жерде жарияланбаған қолжазбаларынан тұрады. Бұған қоса жеке адамдардың қолында және өзімнің архивімде тұрған санқилы жазба деректер де бар. Бұлардың барлығы батырдың тікелей өз қолымен жазылған.

Бауыржан Момышұлының жазушылық таланты ерте оянған. Оның “менің әкімдік карьерім - мансабым ауылдық милиционерден басталды. Бірақ әдебиеттегі жолымды сол кездің өзінде іздей бастадым. Ол заманда біздерде қазақтың сауатты жігіттерін, жаңа өмірді орнатушыларды саусақпен санауға да болатын. Жай жағдайдың ауанына лайық біздердің ағартушы да, баспагер де, әрі жазушы, әрі редактор да болуымыз керек. Бірақ әрқайсысымыз өзімізге әуелден тәңірі тағайындаған істі іздедік”, деп, өзінің маңдайына әскери өмірдің қиындығы мен қызығы бұйырғанын еске алып, тебіренетіні бар. Мысалы, Баукеңнің тырнақалды тұңғыш очеркі 1928 жылы Жуалы ауданының (ол кезде Жуалы, Түлкібас, Сайрам ауданы бір) “Социалистік мал шаруашылығы” деген газетінде “Тау сағыз бен көк сағыз” деген атпен жарияланды. Осы очеркінің өзінде-ақ Баукеңнің қалам сілтесі, сөз саптауы жұп-жұмыр келіп, келешектегі жазушының табиғи болмысы елес беріп тұрады. Бірде інілік ізетпен: “Бауке, баспасөзде тұңғыш жарияланған шығармаңыз қандай еді?” деп сұрағанымда, “уақыт талабына үн қосып жазған шығармасымағым осы очерк болатын” деп айтқан екен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бауыржан Момышұлының шығармашылық жолы
Бауыржан Момышұлының балалар әдебиетіндегі алатын орны
Бауыржан Момышұлы шығармашылығының өзіндік көркемдік сипатын байыптау
Бауыржан Момышұлы шығармашылығы және қазақ әдебиетімен байланысы
Балалар әдебиетіндегі патриоттық тәрбие мәселесі
Б.Момышұлының стенограммалары мен лекцияларындағы батырдың заман құбылысы мен сол кезеңдегі әдебиет майданындағы өзгерістер жайлы айтқан құнды пікірлеріне талдау жүргізу
Бауыржан Момышұлы - халық қаһарманы
Б.МОМЫШҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫ –ЖАСТАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері
Қазақ тіліндегі майдандық басылымдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz