Зергерлік әшекей бұйымдар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы
Әл-Фараби атындағы №201мектеп-лицей

ҒЫЛЫМИ ЖОБА

ТАҚЫРЫБЫ: Зергерлік әшекей бұйымдар
жиынтығы

БАҒЫТЫ: этномәдениетану

ОРЫНДАҒАН: Бегімсал Бибінұр,Ниетқұл Арнұр
4 Всынып оқушылары
ЖЕТЕКШІ: Уразымбетова Дина
бастауыш сынып мұғалімі

2023- 2024 жыл
МАЗМҰНЫ

І. Кіріспе
Өнер - басты тәрбие құралы ----------------------------------- ---------------------------6
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Зергерлік - қолөнердің ежелгі түрі------------------------------- ---------------7-8
2.2. Зергерлік әшекей бұйымдар--------------------------- --------------------------8-16
ІІІ. Қорытынды
3.1. Зергерлік әшекей бұйымдарға байланысты ырым-тыйымдар--------------17
3.2. Зергерлік әшекей бұйымдар (өз жинақтарым)------------------------ -----18

Пайдаланылған әдебиеттер

Пікір
Ниетқұл Арнұр мен Бегімсал Бибінұрдың Зергерлік әшекей бұйымдар жиынтығы атты зерттеу жұмысы қазақ халқының зергерлік бұйымдарының шығу төркіні мен олардың жасалу жолдарын анықтауға,жүйелеуге арналған.
Рухани мұраларымыздың бірі-әшекей бұйымдар екені белгілі.Зергерлердің жасаған әдемі бұйымдары арулар бойына сән,ажар береді. Зергерлер негзгі материал ретінде пәле-жаладан,тіл-көзден сақтайтын қасиеті бар деп,алтын мепн күміс металдарды пайдаланған. Көптеген әшекей бұымдар ұзатылатын қыздардың сән-салтанатты жасауы ретінде арнайы дайындаған. Зергерлік бұйымдарға білезік,сырға,шашбау,жүзік,алқа жатады.Бұл бұйымдарды қыз-келіншектер сәндік үшін таққан. Әшекей бұйымдарды тек алтын,күміс,платина,жез,мельхиор металдарынан ғана емес ұсақ моншақтардан да жасауға болады.
Әшекейі жоқ әйел жапырағы жоқ ағашпен тең демекші ертедегі қыз-келіншектер,апа-әжелеріміз ұлттық нақыштағы әшекей бұйымдарын,шашбауларын сылдырлатып,қолдарына жүзік сақиналарын тағып жүрген. Қазірде қыз-келіншектердің барлығы дерлік мойын - қолдарына әшекейлерін күнделікті өмірде тағып жүреді. Кіріспе бөлімде өнердің басты салаларының бірі болып табылатын зергерлік өнер туралы жалпы мәлімет берілген. Негзгі бөлімнің бірінші тарауында зергерлік қолөнердің шығу төркіні мен ежелгі қазақ халқының зергерлік өнерінің жасалу жолдарына тоқталған. Екінші бөлімде зергерлік бұйымдардың түр-түрін ала отырып,оларды жіктеп,талдап көрсеткен. Зергерлік бұйымдардың шығу,жасалуын халқымыздың наным-сенімдері мен әдет-ғұрыптарына байланыстырып,салыстыра отырып зерттеген. Оқушының ғылыми жұмысы мазмұнды,мәнді жасалынған және оны бағалауға ұсынамын

Ғылыми жетекші: Әлайдарова Айдана Әлайдаровна
Педагогика ғылымдарының магистрі
Педагогика және дәстүрлі өнер институтының аға оқытушысы

Аннотация
Қазақтардың зергерлік бұйымдары -- асыл металдарды әшекейлеп өңдейді,көп жағдайда қымбат тастармен безендіріп алынатын бұйымдар.
Қазақ қолданбалы өнер туындылардың шығармашылық бейнесіне жалпы алғанда көркемдік тіл ықшамдығы және сәндеу шешімдерін жалпылау тән, бұл қазақ шеберлерінің қоршаған ортаны ерекше қабылдауымен айқындалады. Қазақтардың түйсігінде әлем сандық және кеңістік өлшемдермен айқын құрылымдаған , деңгейі мен дүниенің төрт бұрышы айқын көрініс тапқан.Осы түсініктен сәндік композиция құрайтын қарапайым симметриялық пішіндер туындайды.
Зергерлер алтын мен күмістен әйелдерге арнап әшекейін жасады. Оларға қымбат тастардан, маржаннан көздер орнатқан. Қазақ зергерлері негізінен әйелдердің сәндік әшекей заттарын (сырға, білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қатырма, шашбау, т.б.), ұсталар батырлардың қару-жарақтарын (айбалта, көксүңгі, алдаспан, дулыға, кісе, қорамсақ, садақ, шоқпар), шеберлер үй іші мүліктерін (кебеже, жүк аяқ, ағаш төсек, асадал, адалбақан, зерлі аяқ), аңшылық жабдықтар (томаға, тұғыр, балдақ, оқшантай), музыка аспаптарын (асатаяқ, қобыз, домбыра, сыбызғы, дауылпаз, сазсырнай) әсем жасай білген. Қазақтың зергерлік заттарында жан-жануарларға байланысты мифтік ұғымдағы өрнек түрлері (қошқар мүйіз, түйе табан, таңдай), көкөніс өрнектер (жапырақша, гүл, сабақша), ұласымды өрнектер (ырғақ, сағақтау, айқас), геометриялық өрнектер кездеседі.

Аннотоция

Ювелирные изделия казахов-это национальные ювелирные изделия казахов, то есть изделия, которые могут быть украшены драгоценными камнями, украшая драгоценными металлами. Творческому образу произведений казахского прикладного искусства в целом присуща компактность художественного языка и обобщение стилевых решений, что определяется особым восприятием окружающей среды казахскими мастерами. В интуиции казахов мир четко структурирован количественными и пространственными измерениями , четко отражены уровни и четыре угла мира.Из этого понимания вытекают простые симметричные формы, образующие декоративную композицию. Ювелиры изготавливали женские украшения из золота и серебра. На них были установлены глаза из драгоценных камней, кораллов. Казахские ювелиры в основном изготавливали женские декоративные украшения (серьги, браслеты, кольца, кольца, шолпы, ожерелья, карнизы, шашбау и т.д.), оружие героев-Плотников (айбалта, коксунга, алдаспан, шлем, Кеке, корамсак, бантик, Шокпар), предметы домашнего обихода мастеров (кебеже, грузовые ноги, деревянная кровать

Annotatio
Kazakh jewelry is the national jewelry of the Kazakhs, that is, products that can be decorated with precious stones, decorating with precious metals. The creative image of the works of Kazakh applied art as a whole is characterized by the compactness of the artistic language and the generalization of stylistic solutions, which is determined by the special perception of the environment by Kazakh masters. In the Kazakhs' intuition, the world is clearly structured by quantitative and spatial dimensions, the levels and four corners of the world are clearly reflected.From this understanding, simple symmetrical forms that form a decorative composition follow. Jewelers made women's jewelry from gold and silver. Eyes made of precious stones and corals were installed on them. Kazakh jewelers mainly made women's decorative jewelry (earrings, bracelets, rings, rings, sholpas, necklaces, cornices, shashbau, etc.), weapons of Carpenter heroes (aibalta, koksunga, aldaspan, helmet, Keke, koramsak, bow, Shokpar), household items

І. КІРІСПЕ

Өнер - басты тәрбие құралы
Зергер парсы тілінен аударғанда зәргәр сөзінен шыққан. Парсы тілінен аударғанда алтыннан, күмістен суырып, созған жіңішке сымды зәр дейді. Зергерлердің соғатын заттарының түрлері өте көп болған.Оған әйелдердің әшекейлері, киім-кешекке тағатын сәндік бұйымдары жиһаздық заттар, ағаш сәндік бұйымдары, музыкалық аспаптар, ат тұрман әбзелдері жатады.
Зергерлік бұйымдар (негізінен сәндік безендіру заттары)-асыл металдарды әшекейлеп өңдеудің,сондай-ақ түсті металдарды қорытудың,олардың бетіне алтын,күміс жалатудың көп жағдайда қымбат тастармен,эмальмен безендірудің нәтижесінде алынатын бұйымдар.Coл замандағы жұрттың көбі діни ұғым бойынша тілден, көзден сақтайтын - мыс, әр түрлі кездейсоқ пәле-жаладан қорғап жүреді - мыс деп, бойтұмар болатын әшекей заттарды жасатуға құмар болған. Зергерлік бұйымдардың көпшілігі ұзақ уақыт осындай бойтұмарлық роль атқарады. Бертін келе олардың о бастағы астары мәні жойылып, негізінен декорациялық қызмет атқаратын болды. Әшекейлер арқылы тұтынған кісіге жақсы ырыммен сәттілік тілеудің кейбір түрлері бұйымның нұсқасы мен өрнегі арқылыда меңзелген. Біздің бұл зерттеп отырған тақырыбымыз - зергерлік бұйымдар жиынтығы. Зергерлік бұйымдар технологиясы мектептердің сыныптарына арнаулы пән ретінде енгізбегенімен арнаулы пәндер еңбек, бейнелеу өнері секілді меңгертуге болады.Үйірмелер ашу арқылы да өнердің аталмыш сапасына оқушыларға мол түсінік, терең мағлұмат беру мүмкіндігі зор. Мұндай игі істердің жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуде, халық өнерін, салт-дәстүрін меңгертуге атқаратын қызметі білімдік тұғырдан да, тәрбиелік тұрғыдан да маңызды болмақ. Жалпы, балалардың өз халқының өнерін сүюде, оны мақтаныш тұта білуде бұл бұйымдардың зор мәні бар.
Зерттеудің мақсаты: зергерлік бұйымдар технологиясын насихаттау,оның өмірлік екенін түсіндіру,жас ұрпақ зердесін сіңіру,халқымыздың зергерлік бұйымдары туралы жастарға насихаттау,жаңа заман талабына сай өңдеп,күнделікті қолданысқа енгізу.
Міндеттері: -Зергерлік қолөнердің ежелгі түріне сипаттама жасау. -Зергерлік әшекей бұйымдарға талдау жасау. -Зергерлік әшекей бұйымдарға байланысты әдет-ғұрып,наным-сенімдер.

Негізгі бөлім
2.1. Зергерлік қолөнердің ежелгі түрі.

Зергерлік өнер - сән өнерінің және қолөнердің ежелгі түрлерінің бірі. Металды асыл немесе жартылай асыл тастармен әшекейлеуге негізделген. Зергерлік өнерге әсемдік бұйымдар мен ыдыс-аяқ жасау, қару-жарақ пен ат әбзелдерін әшекейлеу де жатады. Зергерлік өнерде шыңдау, құйма, тегістеу, білектеу, көркем шекіме, канфаренье, бастырма, оймыштау, нақыштау, жылтырату және т.б тәсілдер қолданылады. Зергерлік өнер алғашқы темір дәуірінде-ақ пайда болған. Жетісудан жануарлар - таутеке, ілбісін, қабан бейнесі бедерленген мыс қазандар мен ғибадат бұйымдары сақ ханзадасының алтынмен апталған сауыт саймандары, әйелдердің алтын бас киімі, жарқырауық тас орнатылған сырғалар табылған. Сол кездегі зергерлер әсіресе, арыстанды бейнелеуге көп көңіл бөлген. Арыстанның бас бейнесі Алқаға, білезікке әсем түсірілген, кейде қанатты арыстан түрінде келтірілген. Сақ, Ғұн, ұйсін дәуіріндегі шеберлер зергерлік ісін өте биік сатыға көтерген. Металл қақтау, оны құю, жұмырлау өнерін толық меңгеріп, неше алуан ғажайып мүсіндер жасай білген. Алтыннан, күмістен, қоладан мүсін жасаумен бірге оның бетіне асыл тас орнату әдісінде меңгерген. Өрта ғасырда зергерлік өнер жекелеген шеберлердің ықпалынан шығып қолөнерлік өндіріске айналды. Бұған Оңтүстік Қазақстан және Орталық Қазақстан аумағындағы көне қалалар орнынан табылған ескерткіштер айғақ бола алады. Осы кезде ат әдзелдерін өрнектеу (күмістеу, асыл, жартылай асыл тастармен әшекейлеу, беделдеу, бұрау) дамып, қару-жарақтар, күнделікті тіршілік құралдары жасалған. ХҮІІ ғасыр мен ХХ ғасырдың І жартысы аралығында, яғни металды әшекейлеу өз алдына қолөнерлік өндіріске айналған кезде Қазақстанда зергерлік өнердің дамуы жоғарғы деңгейге жетті. Зергерлік шеберлік әкеден балаға мұра ретінде қалып отырған. Бұйымдар жасауға күміс, ақық, бирюза, маржан, лағыл, меруерт сондай-ақ түрлі-түсті шыны, смальтада пайдаланылды. Қазақстанның әрбіраймақтарында зергерлік өнердің жергілікті мектептері қалыптасқан. Қазіргі заманғы зергерлік өнерде жұмыстарының көпшілігі әр түрлі техникалар көмегімен жүзеге асырылады. Сығындау, өрнектеу қалыптары, әралан жонғыш, сызғыш, оймыштағыш құрал-саймандар, электрмен жұмыс істейтін машиналар көбейді. Соның нәтижесінде
жаппай тұтынылатын көпшілік қолды зергерлік бұйымдар топтап шығарылатын болды.Қызылорда облысындағы құнды бұйымдар жасайтын кітапқа түсірілген зергерлерге тоқталсақ: Алданазаров Әлімбет-1904жылы Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданында туған. Әлімбет өз әкесі Алданазардан теміршілік,зергерлік өнерін он жеті жасына дейін үйреніп,ата баба кәсібін халық игілігіне жұмсаған, Аманжолов Қобан 1897ж Қызылорда қаласында дүниеге келген,әкеден жастай жетім қалған Қобан атақты зергер Қарамырзаның көрігін басып,көмірін жаға жүре зейінділік пен зерделіктің нәтижесінде бұл өнерді үйреніп алып,он тоғыз жасына өз алдына дүкен құрып, көрік басын халық арасында атағы шығады. Берсүгіров Палжігіт 1900 Қызылорда облысы,Шиелі ауданында колхозында туып өскен. Палжігіт жас шағынан өнерге бір табан жақын жүріп,әйгілі зергер Жолтайдан он екі жасында зергерлік өнерін үйреніп шығады. Ол келе-келе ою өрнектерді өз ойынан шығаратын болды. Қыз келіншектердің тағар бұйымдары алқа,сырға,білезік,шашбаулар мен жүзіктерге соғылатын неше түрлі қалып үлгілерін де өз ойынан қисындырып қолдан жасап отырған.Таңабаев Жүсіп 1904-1969ж Қызылорда облысы Шиелі ауданының Ортақшыл ауылында туған.Өнер жолын алғаш шаң қобыз жасаудан бастап,зергерлік атағына ие болған.Жүсіп жас шағында қыпшақ аулынан шыққан атақты зергер Ысқақтан үйреніп он бес жасынан бүкіл Сыр еліне белгілі бес аспап ұста атанады. Жаңақорған ауданында тұратын Еркебұлан Медет жас та болса бабалар жолымен өнерді жалғап жүр.Нәзік шеберлікпен жасаған бұйымдары қазіргі заманғы отандық зергерлік өнерінің дамуының жаңа белестері болып табылады. Осы зергерлік әшекей бұйымдарды жасауды өзіне өнер еткен ауданымыздың жас зергері Абзал Сансызбайұлы. Ол ауданымыздағы Әл-Фараби атындағы 201мектеп-лицейінде білім алып, әрі қарай білімін жоғары оқу орнында жалғастырды. Білім ала жүріп, осы өнерге қызығушылығы артып, зергерлік әшекей бұйымдарды жасай бастады.
Қазіргі кезде бұл зергердің бұйымдары үлкен сұраныс үстінде.

Абзал Сансызбайұлының қолынан шыққан зергерлік әшекей бұйымдар https:instagram.comabzal_jewele r

2.2. Зергерлік әшекей бұйымдар

Зергерлік әшекей бұйымдар тек байлық пен сәндік үшін ғана емес, ол киім-кешек мәдинетіндегі ажырамас атрибуты, брегей кешенді құрайтын аксесуарлар қатарынан берік орын аладыы. Олар киім-кешектің ғұрыптық фунциялық ерекшеліктерін, қолданыстық сипатын арттыра түсетін бөліктер. Зергелік бұйымдардың ұлттық киімдердің ерекшеліктері мен түрлеріне тәуелділігі олардың өзіндік ұлгісі мен пішімін қалыптастыруындағы заңдылық болатын. Біз зерттеу жұмысымызды оқушылар арасында сауалнама алудан бастадық. Сауалнама 1.Зергерге қандай құралдар керек? 2.Әшекей бұйымдардың қандай түрлерін білесің? 3. Қазақ қыздарының киетін ұлттық бас киімі қалай аталады? Сауалнама қорытындысы бойынша 80% пайызы зергерге қандай құралдар керек екенін білмесе, 70% зергерлік әшекей бұйымдардың атын біледі, 50% сәукеле бас киімін таныды.

Түрлі мұражайларға барып бұрынғы зергерлік бұйымдармен таныса жүріп,қолөнердің өзге түріне қарағанда зергерлік істің өзіндік ерекшелігіне қарай кәсіби сипаты болған. Қазақ зергерлері көбінесе қыз-келіншектердің ажарын ашып, сұлу етіп көрсететін зергелік, әсемдік бұйымдар жасаған. Әдетте таза,асыл металдардан зергшерлік бұйымдар жасалмайды.Оларға қажетті механикалық қасиеттер дарытып,тиісті түс алу үшін түсті металдар қосады.Тағылуына қарай зергерлік бұйымдар негізгі 6 түрге бөлінеді: 1.Басқа 2.Мойын және кеудеге 3.Иыққа 4.Белге 5. Қолға 6. Аяққа тағылатын бұйымдар.

Әсем нақышталып жасалған зергерлік бұйымға қондырылған бағалы,сондай-ақ табиғи жарқырауық тастар әдемі өң беріп,бағасын арттырады. Мысалы: басқа тағатын әшекейлерге маңдайлық, төбелік, желкелік, шекелік, құлаққа тағатын, шашбаулық, мұрынға тағатындар жатады. Зергерлер жасаған басқа да тұрмыста қажет түрлі дүниелер ғасырла бойы адамдардың тіршілік керегіне жарап ғана қоймай өздерінің әдемі өрнектерімен сан қырлы, терең сырлы бояу, бедерлерімен талай ұрпақты таңқалдырып, тәрбиелік, танымдық қызметін өтеп келеді.
Қымбат әшекей бұйымдары - сырға мен жүзік, сақина мен білезік, алқа мен медальон, диадемалар мен шолпыларды қалай тағудың өзіндік
қатаң қағидасы болған. Қазақ аруларының басына үкілі сәуле киіп, құлағына алтын сырға тағуы, саусағына сақина, білегіне білезік киюі, беліне
белдік буынып, шашына шолпы қадауы олардың парасатының биіктігі
мен эстетикалық талғамының жоғары болғанын куәлайды. Зергерлер негізінен қоғамдық барлық әлеуметтік топтарының сұранысына
ие болған әйелдердің әшекей бұйымдарын жасауда эстетикалық жағын
ғана емес, сондай-ақ, діни - идеологиялық, әдеп-ғұрыптық, салт-дәстүрлік маңыздылықтарын да ескеріліп отырған. Негізгі материал ретінде тіл - көзден, пәле - жаладан сақтайтын тылсым күші бар, қасиетті бар деп танылған
алтын, көбінесе күмісті пайдаланған. Бірақ алтынның қасиеті басқа металдарға қарағанда ерекше деп есептеген. Көп халықтар металл денге саулық,
іске сәттілік алып келетін қасиеттері бар деп есептеген. Сәндік бұйымдардың көбіне металдан жасалуы да осыған байланысты болған. Анасын, әйелін,
қызын ардақтап, қастерлеп қазақ халқы олардың ішкі жан дүниесінің мөлдірлігімен қатар сыртқы келбеті мен тұлғасының да сұлу болғанын
қалаған. Осылайша қыз-келіншектерді ажарландыра түсу үшін оларға арнап
сан алуан түрлі зергерлік әшекей бұйымдар да осы металдардан
жасалған.
Таза алтыннан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ зергерлік бұйымдарының түрлері
Қазақтың зергерлік өнері
Қазақ халқының зергерлік бұйымдары
Зергерлік өнердің зерттелу жайы
Қазақстанның зергерлік өнері
Ұлттық бұйымдар
Қазақ халқының қолөнер түрлері
Мектеп оқушылар сәндік қолданбалы өнер үйірмелерінде оқыту әдістемесі
Зергерлік өнердің тарихы
«Камшат» атты қыздар әшекей бұйымдарының жиынтығы
Пәндер