Автокөліктерге қолданылатын ЕВРО стандарты
Дипломдық жұмыс.
Тақырыбы: Автокөліктердің Петропавл қаласының қоршаған ортасына әсерін бағалау
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
ТАРАУ 1
Теориялық негіздері
1.1
Автокөліктердің функциялары мен классификациясы
1.2
Автокөліктерге қолданылатын ЕВРО стандарты
1.3
Автокөліктердің қоршаған ортаға әсерінің түрлері
ТАРАУ 2
Зерттеу әдістемелері
2.1
Петропавл қаласы автокөлік паркі және өсу динамикасы
2.2
Таңдалған зерттеу әдістері
2.3
Автокөліктің қалалық ортаға әсерін бағалау.
ТАРАУ 3
Зерттеу нәтежиелерін талдау
3.1.
3.2
3.3
Қорытынды және тұжырымдамалар
Әдебиеттер тізімі
Қосымша
Кіріспе
Тақырыптың өзекітілігі - Автомобильдер жүйесінің табиғат пен қоршаған ортаға, әсіресе қала ішіндегі көп таралуы көптеген экологиялық мәселелердің, соның ішінде маңыздысы - адам денсаулығының құлдырауына әсер еткетіні рас. Қалалар мен мегаполистердегі адам саны көбейе берген сайын, автомобильдерге деген сұраныс өсе береді. Дипломдық жұмыстың өзектілігі жайлы айтып кетейік. Біріншіден - Атмосфера ластануы. Автомобильдер атмосфера бассейнінің ластайтын негізгі шығындылар көзі болып саналады. Бұл ластауыштар, өз кезегінде, жалпы ауа сапасы мен адамдардың денсаулығына, қала экологиясына теріс әсер етеді. Автомобильдердің қоршаған ортаға әсерін азайту тұрақты әрі мықты қала инфраструктурасын қамтамасыз етуге көмек қылады. Дәл осы себепті де қазіргі 21 ғасырда және болашақта автомобильдер мәселесі өзекті болып қалмақ.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - автокөліктер жүйесінің қаланың ластануына әсерін зерттеу және әсерін азайту бойынша ұсыныстар жасау.
Міндеттері - 1. Автокөліктің қоршаған орта сапасына әсерін талдау; 2. Автокөліктердің зиянды заттарының шығындыларын коршаған ортаға әсерін, Петропавл қаласының автокөліктер әсерінен ластануына баға беру; 3. Қаланың автокөлік әсерінен ластануын төмендету мүмкіндігін қарастыру, ұсыныстар құрастыру;
Тақырыптың жаңалығы - материалдардың жаңа болуы, өсімдіктер, топырақ, қар, ластану картасын жасау, автокөлік жүйесінің әсерін азайту юойынша ұсыныстар жасау.
Практикалық маңыздылығы - Экология және қоршаған орта басқармасы әкімдігі, Экология Депортаменті, оқу процесінде, Қоршаған Ортаға әсерді бағалау.
Зерттеу әдістері - бақылау, биоиндикация, экперимент, ГАЖ-технологиялары, математикалық-статистикалық әдістер.
Материалдар - статистикалық материаладар, далалық зерттеу материалдары, фондтық материалдар.
Қорғауға шығарылатын қағидалар -
ТАРАУ 1. Теориялық негіздері.
Автокөліктердің функциялары мен классификациялары.
Автокөлік функциялары. Белгілі біл қаланың немесе мемлекет ішіндегі көлік жүйесі әрбір күндер сайын миллиондаған, тіпті миллиардтаған адамдар арасындағы байланысты құрайды және адамның күнделікті өміріне маңызды әрі адал қызмет етеді. Автокөліктер арқылы күн сайын көптеген экономикалық процестер жүріп тұрады. Адамдардың қозғалуына мүмкіндіктер жасау және тауарлардың қозғалып отыруына, көлік жүйесіндегі қоғамдық қызметтің барлық салаларында автокөлік жүйесі терең енгені рас. Жиырма бірінші ғасырда автокөліктер адам баласының өмірі мен қоршаған ортасының ажырамас бөлігі болып табылады. Қала ішінде автокөлік инфраструктурасы маңызды әрі бірнеше рөл атқарады:
Ұтқырлық. Ұтқырлық әрбір адамзаттың бір жерден екінші жерге тез әрі қауіпсіз қозғалуын қамтиды. Автокөліктер азаматтардың қала бойынша жылдам әрі тиімді қозғалысын қамтамасыз етеді. Қозғалыс жоспарларында маршруттарды еркін таңдау және икемділік мүмкіндігін құрады. Әлем бойынща күн сайын адамдар өздерінің керекті жерлеріне, әлемнің ең алыс деген жерлеріне көлік арқылы тез жете алады.
Адамдарды тасымалдау. Әрбір қала тұрғындары жұмыс орнына, мектепке, тағы да басқа жерлерге жылдам әрі арзан жету үшін қала ішінде белгілі бір маршрутпен жүретін автобустар, трамвайлар, такси көліктері қызмет атқарады. Бұлар өз кезегінде қала тұрғындарының қол жетімділігін қамтамасыз етуде, қала бойынша жаппай адамдарды тасымалдауды қамтамасыз ететін құралы болып саналады. Әсіресе бұл туристтер, саяхатшылар үшін көліқ құралы ретінде қызмет етеді, әрине де такси мен курьерлік қызметтерде де автокөліктер жаппай қолданылады. 9-15 адамды бірақ жеткізуге мүмкіндігі бар автобустарды жеке көліктермен салыстырсақ, олар жол кеңістігін аз алады, бензин , жанармай немесе май ресурстарын тиімдірек пайдалануды қамтамасыз етеді. Мегаполистерде немесе өзге ірі қалаларда қоғамдық автокөліктерді пайдалану жеке көлікті иемденуден гөрі үнемді және ыңғайлы болуы мүмкін, әсіресе ірі қала ішіндегі тұраққа арналған орындар шектеулі, ал жанармай құны жоғары болса. Сондай-ақ олар мүмкіндігі шектеулі немесе мүгедек адамдар үшін көлік қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Жүктерді тасымалдау. Логистика және импортэкспорт. Ауыр жүктерді, адамның физикалық күші жетпейтін үлкен тауарларды алыс немесе жақын сапарларға тасымалдау үшін көмекке жүк көліктері келеді. Жүк көліктері заманауи көлік индустриясының ажырамас бөлігі, қоғамның, адамдар мен өндіріс орындарының қажеттіліктері үшін, экономика үшін маңызды көлік типі. Жүк көліктерінің негізгі мақсаты - әртүрлі жүктерді бір жерден екінші жерге тасымалдау. Жүк көліктері шикізатты, орамасы бар тауарды, құрылысқа арналған түрлі заттарды, азық-түлікті, ауыр жиһаздарды, тіпті басқа көлікті зауыттарда шығару үшін оның қосалқы бөлшектерін , тағы да басқа жүк түрлерін тасымалдау үшін арналған. Қарапайым тілмен айтсақ, жүк көліктері супермаркеттерге, дүкендерге, құрылыс маркеттеріне және басқа да кәсіпорындарға тауарлардың өндірушіден сатушыға дер кезінде түсіп, жеткізілуін қамтамасыз етеді. Жүк таситын көліктер теміржол, мұхит транспорттарымен, кемелермен тағы да басқа көлік түрлерімен өзара әрекеттесіп, толықтай Логистикалық қолдау көрсетеді, бұл өз кезегінде бір-бірінен алыс мемлекеттер мен көрші елдер арасындағы халықаралық импортэкспортқа арнайы шекараны өтіп, тасымалдарға қатысады. Бұндай типтегі тасымалдау көліктері өндіріс және сауда үшін маңызды дайын өнімді немесе шикізатты тасымалдауды қамтамасыз етеді, және сол арқылы экономика дамуына ықпал етеді.
Ауыл шаруашылығы. Автотранспорттың арнайы түрлері ауыл шаруашылығы мен егін шаруашылығында қолданылады. Комбайндар мен тракторлардың, жүк көтергіш көліктердің осы салада пайдасы мол.
Арнайы мақсатқа арналған көліктер. Сондай-ақ қалалық ортада құрылысқа арналған арнайы көліктер, Үкімет тарапынан бөлінетін арнайы мақсаттағы автокөліктер қызмет етеді. Мысалы, өрт сөндіру, жедел жәрдем, полиция қызметкерлері үшін немесе әскери көліктер. Олардың функциялары - қауіпсіздік, жедел көмек көрсету, белгілі бір кәсіби сала бойынша міндеттер орындау.
Автокөлік классификациялары. Қалалық ортадағы әрбір автокөлік өзіне қатысты спецификалық параметрлер, классификациясы бойынша бірнеше түрлерге бөлінеді. Экология мамандығы үшін бірнеше себептерге байланысты экологтар автомобильдердің қалай жіктелетінін, қандай класстарға бөлінетінің білуі керек. Оның маңыздылығы - көліктің қоршаған ортаға әсеріне баға беруге, мониторинг жүргізіп, автомобильдердің әр классы үшін атмосфераға шығатын зиянды шығындыларды санаудағы, отын тиімділігі мен климат үшін жалпы әсері сияқты аспектілерде дұрыс нәтежиелерді алуға, дұрыс баға беруге үлкен көмек береді. Автомобильдердің әр алуан классификацияларын білу экологтарға ластаушы шығындыларың қатаң стандарттарға сәйкес заңнама ретінде, немесе автокөліктерге байланысты экологиялық стандарттарды жасауға көмектеседі. Бұл дегеніміз, болашақта таза әрі тиімді, ластаушы заттары аз шығаратын көліктер жасауға, Қоршаған ортаны сақтауға теріс әсерді азайтуға көмектеседі. Автомобиль типтерін білген эколог мамандар электрлі немесе гибридті қозғалтқышпен жұмыс жасайтын көлітердің болашақта дамуындағы перспективаларын терең бағалау үшін мүмкіндіктер ашады. Әрбір автомобильдердің өзінің қолданылатын отын түріне байланысты, тиістілігі бойынша, өзінің мақсатына байланысты, экологиялық стандарттары бойынша классфикациялары бар:
Техникалық регламент бойынша:
М1 (Жеңіл көліктер) - жолаушыларды тасымалдауға арналған, жүргізуші орнынан басқа тағы да басқа сегіз орыннан аспайтын
көлік құралы типі.
N1-N3 (Жүк көліктері) - Техникалық рұқсат етілген максималды салмағы бар жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралы.
M2-M3 (Автобус, Троллейбус, Арнайы жолаушы көліктері) - техникалық рұқсат етілген салмағы 5 Кг аспайтын, және жүргізуші орнынан басқа тағы да 8 орыннан асатын жолаушыларды тасымалдауға арналған көліктер.
Мақсатына байланысты:
1) Жолаушы тасымалдайтын - адамдардың бір жерден екінші жерге ыңғайлы, қауіпсіз және тиімді қозғалысын қамтитын тип.
2) Жүк тасымалдайтын - біршама ауыр немесе жеңіл жүктерді бір жерден екінші жерге тасымалдау үшін арналған.
3) Арнайы мақсаттарға арналған көліктер - шұғыл жағдайлардағы оқиғаларда, немесе арнайы тапсырмаларды орындауға арналған көлік типі.
Қолданылатын отын түрі бойынша:
1) Бензин отыны - көлік қозғалтқышының ішкі жану отының бензинмен жұмыс істейтін түрі.
2) Дизель отыны - дизельді қозғалтқышпен жабдықталған көлік типі. Дизель - мұнайдан алынатын отын түрі, ол химиялық құрамы бойынша бензиннен өзгеше.
3) Газ баллоны - табиғи газ (метан, пропан, бутан) секілді сығулы түрдегі газдар көмегімен жұмыс істейтін ішкі жану қозғалтқышымен жабдықталған көлік.
4) Электр батареялары (Электромобильдер) - көліктің қозғалу күші бір немесе бірнеше электр қозғалтқыштарын және қуат көзі ретінде электрлі аккумуляторларды пайдаланатын көліктер. Болақтың көлігі деп есептелетін бұл тип экологиялық маңыздылығы мол. Яғни, электробатареялармен жабдықталған көліктердің зиянды шығындылары жоқ, бұл дегеніміз - бензинді немесе дизельді көліктерге қарағанда экологиялық тиімді әрі таза. Қазақстан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz