Синтаксисті оқыту әдістемесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс

Тақырыбы: Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша 7-8 сыныпта синтаксисті оқыту әдістемесі
Мамандығы:
Біліктілігі:
Тобы:
Пәні:
Орындаған:
Ғылыми жетекшісі:

Қорғалды:
Бағасы:

Қызылорда, 2019 жыл
Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4
II. Негізгі бөлім
2.1 Синтаксисті оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер ерекшелігі ... ... ..5-7
2.2 7-сынып жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша синтаксисті мәтін арқылы оқыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8-9
2.3 Жаңартылған оқу бағдарламасының 8-сынып оқулығы бойынша синтаксисті тілдік дағдылар арқылы меңгеру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10-12
III. Тәжірибелік бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13-16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19-20
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша қазақ тілін оқыту әдістемесін тереңірек зерттеуді қажет ететін мәселелер аз емес. Солардың бірі - сөйлем мүшелерін оқытудың жолдарын айқындап көрсету. Сөйлем мүшелері синтаксисті 7-8 сыныпта жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша оқыту күрделі мәселелерінің бірі. Синтаксистік талдау жасауда негізгі рөлді атқаратын - сөйлем мүшелері. Сондықтан да сөйлем мүшелерін оқытуда бүгінгі күні қандай әдіс-тәсілдер қолданып жүр? Олар сөйлем мүшелерін оқытуда тиімді ме? деген сұрақтар өзінен өзі туындайтыны сөзсіз. Демек, осы мәселелерді шешу барысында, сөйлем мүшелерін оқытудың тиімді жолдарын анықтау - тақырыптың өзектілігін дәлелдейді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақ тілін оқыту әдістемесінде өзіндік орны бар сөйлем мүшелерін оқытуда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерді айқындау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Сөйлем мүшелерін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін анықтап көрсету және оны мысалдармен дәлелдеу;
Сөйлем мүшелерін оқытуда жаңаша технологияны қолданудың өзіндік сипатын ашу;
Зерттеу пәні: Синтаксис ғылымының дамуы
Зерттеу нысаны: Синтаксис ғылымы, оның даму сатысы
Зерттеу әдістері: Жұмысты жазу барысында ғылыми сипаттама, талдау жасау әдістері қолданылды.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған қосымша әдебиеттерден тұрады. Синтаксисті оқыту әдістемесі.
Синтаксис (грекше құру, тәртіп, амал-тәсіл) - сөз тіркесі туралы, сөйлем туралы ғылым. Сөйлеу дағдысы бойынша сөздер өзара белгілі бір жүйемен тіркеседі. Сол тіркестердің де, сөйлемдердің де өз жүйелері, өз заңдары болады.
Синтаксис сөйлеудің қалыптасу ережелері зерттейді. Қазақ тілінің синтаксисі грамматикалық ілім ретінде екі салада зерттеліп келеді: сөз
тіркесінің синтаксисі, сөйлемнің синтаксисі. Соңғысы өз ішінен жай сөйлем синтаксисі, құрмалас сөйлем синтаксисі болып жіктеледі.
Синтаксистік байланыс - сөздерді түрліше грамматикалық тәсілдер арқылы мағыналық, формалық жақтарынан өзара байланысқа түсіретін, сөз тіркесін, сөйлем жүйесін құрастыратын формалардың көрінісі. Сөздер негізінен бір-біріне бағыныңқылық және тең дәрежеде қатынас жасау арқылы синтаксистік байланысқа түседі. Синтаксистік байланыстың екі түрі қалыптасқан:
Синтетикалық байланыс -- сөздердің қосымшалар арқылы бір-біріне бағына байланысуы: жасымда ескермедім, өмірде кездесу, түсініп сөйлеу. Синтетикалық байланыс сабақтаса байланысу арқылы жүзеге асады.
Аналитикалық байланыс -- сөздердің қосымшасыз, орын тәртібі, интонация арқылы тең дәрежеде байланысуы: темір пеш, ағаш күрек, осы ауыл. Аналитикалық байланыс салаласа байланысу арқылы жүзеге асады.
Синтаксистік емес категориялар -- жасалу формасы жағынан сөйлемдегі басқа формаларға тәуелді емес, яғни сөйлемдегі бір сөздің басқа сөздерге бағыныштылығы байқалмайтын лингвистикалық категориялар. Бұған, мысалы, сын есім шырайларын, етістіктің етіс түрлерін, зат есімдердің көпше түрін жатқызуға болады. Синтаксистік категорияларға қарама-қарсы құбылыс.
Синтаксистік категориялар -- сөйлемдегі бір сөздің не форманың басқа сөзге не формаға бағыныштылығын білдіретін лингвистикалық категориялар. Мысалы: зат есімнің септік жалғаулары, синтаксистік жақ категориясы, байланыс түрлері т.б. Синтаксистік емес категорияларға қарама-қарсы құбылыс.
Синтаксистік қатынастар -- синтаксистік құрылымдардың (сөз тіркестері, сөйлемдер) компоненттері арасындағы қатынастар. Синтаксистік қатынастар компоненттердің категориалды-семантикалық, грамматикалық қасиеттеріне негізделеді.
-- белгілі грамматикалық белгілердің негізінде бірлескен синтаксистік тілдік құралдардың тұтастығы. Синтаксистік құрылым атқаратын қызметінің сипатына қарай әртүрде кездеседі.
Синтаксистік мағына -- синтаксистік категориялар мен құралдардың ішкі мазмұны. Сөйлемдегі, сөз тіркестеріндегі тіл құралдарының өзара байланысынан, қарым-қатынасынан туады.
Синтаксистік талдау -- сөйлемді түрлеріне, сөз тіркестеріне, сөйлем мүшелеріне қарай талдау.

2.1 Синтаксисті оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер ерекшілігі

Жалаң және жайылма сөйлемдерді оқытқанда қайталау, жинақтау, салыстыру әдістерін қарастырдық.
Жақты, жақсыз сөйлемдерге арналған тірек-сызбаларға сүйеніп, олардың әрқайсысының өзіндік белгілерін және жақсыз сөйлемнің баяндауышының формаларын таныту болады.
Толымсыз және толымды сөйлемдерді оқытқанда келесі әдістерді пайдалану тиімді және қызықты деп қарастырдық.
Кубизм стратегиясы. Кубизм стратегиясы да оқыту стратегиясына жатады. Кубизм өтілетін тақырыпты түрлі қырынан қарастыруға көмектеседі. Бұл стратегияда ойлау, оқу, жазу әрекеттері қатар жүреді. Шаршының көлемі 15-20 см. Шаршының әр бетінің аты болады. Оқушылар кубикті айналдырып, берілген тапсырмаларды орындайды.
Бірінші беті: Салыстырыңыз. ВЕНН диаграммасы арқылы ұқсастығы мен айырмашылығын тап. Толымды және толымсыз сөйлемдерді салыстыр.
Екінші беті: Аяқтаңыз.
Оқушыларға толымсыз сөйлемдер жазып беріп, оларды толымды сөйлемдерге айналдырып, аяқтау тапсырылады.
1.Айжан кеше келді.
2. Әжем Астанада болды.
3. Мен оқушымын.
Үшінші бетте: Анықтаңыз.
Белгілі бірнеше толымсыз сөйлемді алып, олардан бірнеше үлгіде толымды сөйлем жасау. Үлгі:
1.Анам келді - Анам дүкеннен келді.
Анам кеше дүкеннен келді.
2. Асқар күлді.
3. Мұғалім тапсырды.
Төртінші бетте: Сәйкестендіріңіз.
Екі қатарға толымды, толымсыз сөйлемдерге сәйкес болатын мысалдар жазу, сызықша арқылы оқушылар қай сөйлем түріне сәйкес екенін анықтайды.
Толымды Асан келді
Толымсыз Айгүл Астанадан ағасымен келді
Толымды Мұғалім емтихан сұрақтарын берді
Толымсыз Анам кеше дүкеннен кеш келді
Толымды Мен емтихан тапсырдым
Толымсыз Апаң ертең қалаға бармақшы

Бесінші бетте: Суреттеңіз.
Әр заттың түріне, қасиетіне қарап суреттеу керек. Не болмаса сыныптағы оқушының мінезін, түр-әлпетін суреттеу.
Алтыншы бетте:
Қолданыңыз не қарсы шығыңыз, өз ойыңызда тұрыңыз, дәлелдеңіз.
Атаулы сөйлемді мынадай жаңа әдістер арқылы оқытуға болады. Технологияларды пайдаланып, қазіргі заманауи талаптарға сәйкес интерактивтік тақтаны да қолданыңыз.
1-кезең: Атаулы сөйлемді оқытқанда қызығушылықты ояту үшін мынадай қызықты тапсырмаларды беруге болады.
2-кезең: Құрылымы жағынан әр түрлі болып келген атаулы сөйлемдерге мысал жаз.
3-кезең: Жай сөйлемнің барлық түрлерін қалыптастырып Ұлттық ойындар тақырыбында шағын әңгіме жаз. Мәтін бойынша сұрақтар дайында.
Сабақ аяқталған соң сабақты бекіту кезеңінде осы стратегияны қолдануға болады. Оқушылар сабақ бойында қандай жұмыс жасады, қандай нәтижеге жеткендерін өздері қорытындылау алады. Түсініксіз жерлері болса да, қайталау арқылы түсіндіру.
1.Мәтінді оқи отырып, әр сөйлем тұсына белгі қойып отыру керек;
2.Мәтінді оқып болдыңыз, енді не туралы оқығаныңызды бір сәт елестетіңіз, бұған дейінгі білетініңізбен сәйкес келді әлде керісінше.
Осы әдістердің барлығын заманауи технологияларды пайдаланып көрсетіп, қолданамыз. Мысалы, әртүрлі схема, кестелерді, тапсырмалар, суреттерді интерактивті тақтада барлық оқушыларға бірдей бір уақытта көрсетіп уақыт үнемдеуге көмектеседі.
Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу, - деген Елбасы жолдауына сүйенетін болсақ, мектептегі әрбір мұғалімнің жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.
Сөз тіркесін оқытуда оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың дамуы осыларды келешекте басқаратын жаңа ұрпақты даярлауды қажет етіп отыр. Қазіргі заман талап етіп отырғандай, әр жеке тұлғаның инициативасын дамыта, білімді бойына дарыта отырып оқыту - бірінші орындағы мәселе. Сөз тіркесін оқыту барысында қолданылған оқытудың интерактивті әдістері осы жағдаятты шешуге көмектесті.
Қазақ тілі синтаксисінің методикасы- жас буындарға тіл ғылымының озық табыстарының негіздерінде сөз тіркесі мен жай және құрмалас сөйлемдерден, қазақ тілі пунктуациясына терең, жүйелі, берік, саналы білім беру жолында қолданылатын ең тиімді әдістер мен тәсілдердің жиынтығы. Ол әдістер: байқау әдісі, тәжірибені талдау-жинақтау әдісі, бұрынғы мұраны үйрену әдісі, эксперт-анкета әдісі.
Қазақ тілінің синтаксис саласынан жазылым әрекеті арқылы дамыта оқыту мынадай жазба жұмыстары арқылы іске асады: 1. Жаттығу жұмыстары; 2. Шағын мәтіндер; 3. Жүйелі жазба жұмыстары; 4. Бақылау жұмыстары; 5. Диктант; 6. Жазбаша ойын түрлері; 7. Іс қағаздары. Қазақ тілін үйретуде бұл жазба жұмыстарының барлық түрі арнайы зерттеуді қажет етеді.
Сөз тіркесін мектепте дамыта оқыту технологиясының міндеттерді шешуге тиімді болатыны, технологияның негізіне жазу теориясы алынумен байланысты деп анықталды. Жазудың өзі тілдің таңбалық болмысын түсіндіруге тірек болады. Сөз тіркесі синтаксисі туралы қажетті лингвистикалық ұғымдар жүйесін іріктеп, бастауыш сынып оқушыларына қазақ жазу принциптерін анықтау, сөздің сөз тіркесі құру процесі, сөз тіркесі мүшелерінің жазылуы, айтылуы туралы ережелерді үйрету арқылы дамыта оқыту қызметін ұйымдастыру көзделді. Қазақ жазуының теориялық концепциясына сүйеніп, бастауыш сыныпта тізбек, тізбектелу, дыбыстар тізбегі, буындар тізбегі, түбір мен қосымшалар тізбегі сияқты ұғымдарды енгізіп, олардың лингвистикалық түсініктерін меңгерту арқылы ғана тіл бірліктерінің тізбектелуі туралы түсінік қалыптастырады . Бір сөздің орфографиялық түрін талдату арқылы тіл жүйесіндегі тіл бірліктерінің тізбектелуі туралы жалпы ұғым жасату керек. Одан кейін оқушылар өз бетімен сөздер құрамындағы дыбыстардың тіркесімділік қабілеті мен тіркесімділік талғамы, тіркесім талаптары туралы түсінік беріліп, тапсырмалар орындатылып, қорытынды тұсында тіркесім туралы ұғым жасатылады.

2.2 7-сынып оқулығы бойынша синтаксисті мәтін арқылы оқыту жолдары

7- сыныптарда сөйлеу (диалог және монолог) дағдыларын дамыту үшін репродуктивті және репродуктивті-продуктивтік жаттығулар қолданылады: диалогтік сөйлемдерге диалог- үлгілерін, қақпасөз қойылымдарын, берілген қақпасөздерден диалог құрастыру арқылы оны көрсетуге болады. Шығармашылық жаттығулар берілуі мүмкін. Монологтік сөйлесу дағдыларын дамыту қажетті сөздер, жоспар, логикалық сызбалар, ассоциаграмма т.б. арқылы репродуктивті және репродуктивті-продуктивтік деңгейде жүзеге асырылады. Қажетті материалды жақсы меңгерту үшін жаттығуларды ең алдымен жазбаша, кейін ауызша орындатуға болады. Оқушылардың қазақ тілін бұл деңгейде білуі репродуктивті және репродуктивті-продуктивтік жазбаша тапсырмаларды, таныс тілдік материалда жазылған, әр түрлі жанрлы мәтіннің негізгі мазмұнын естігенде түсіне білуге мүмкіндік жасауға тиіс.
Пәндік нәтижелер бойынша әр сыныптың соңында оқушылар:
5- сыныпта 600-620 лексикалық минимумды;
6- сыныпта 720-740 лексикалық минимумды;
7- сыныпта 860-880 лексикалық минимумды;
8- сыныпта 990-1020 лексикалық минимумды;
9- сыныпта 1140- 1180 лексикалық минимумды;
10-11 сыныпта 1 300 лексикалық бірліктің мағынасын білуі тиіс;
7- сынып оқушылары сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша:
тыңдалым: сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі қолданылған сөздерді, жеке басына байланысты айтылған мәліметтерді, сұрақтарды түсіну; отбасы мүшелерінің сөйлеу тілі, киім, өзінің сүйікті ісі, мектептегі үйірмелер, Интернет, т.б. туралы үнтаспадан тыңдаған қысқа хабарлардың дұрыс, бұрыстығын түсіну; қазақ тілін үйренуге, денсаулықты сақтауға қатысты айтылған сөздерді түсіну; қысқаша айтылған жарнамалар мен хабарландырудағы ақпараттарды түсіну дағдыларын; оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну; өзіне таныс тақырыптар бойынша күнделікті қолданылатын сөйлемдерді тауып оқи алу; мәтінді оқу түрлерін (мәтінді шолып оқу, таныса оқу, ізденіп оқу, зерттей оқу); мәтіннен өзіне қажет мәліметтерді іріктей алу; тақырып көлеміндегі мәтіндерден өзіне қажетті ақпаратты оқып түсіне білу; мәтіннің тақырыбы мен берілген қосымша суреттер бойынша мәтіннің негізгі мазмұнын анықтай алу дағдыларын;
айтылым: қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолдана отырып, өз отбасы және басқа адамдар туралы, олардың өмірі, оқуы, мектебі жайлы айта алу; өзінің қазақ тілін үйренуі, денсаулығына қатысты ой айту; белсенді лексикалық қорды пайдаланып сурет, сызба, кесте, карта бойынша шағын мәтін құрастыру; балаларға арналған компьютерлік ойындар, Интернет туралы хабарлама жасау; мектептегі үйірмелердің жұмысы, Астананың сипаты, т.б. туралы әңгімелеу; оқыған мәтін бойынша өз ойын жеткізе білу дағдыларын;
жазылым: сурет, сызба, кесте, карта бойынша шағын мәтін құрастырып жаза алу; жеке басы, отбасы туралы мәліметті қажет ететін іс қағаздарын толтыра білу; жоспарланған іс-шара туралы хабарландыру жазу, оларды сипаттап жаза алу; біреуге жазбаша түрлі мәліметтерді жеткізе алу; оқыған мәліметтерді жазу; өзіне ұнайтын мәселелер туралы мәліметтерді қосып, хат жазу; тірек сұрақтарға сүйене отырып, берілген тақырыпта шағын шығарма жаза алу дағдыларын;
тілдесім: қарапайым жағдаяттарда өзіне таныс тақырыптар бойынша қысқаша сөйлесе білу; күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарды қысқаша сөйлемдер арқылы қолдай алу; әңгімені бастау, жалғастыру және аяқтау жолдарын ажырата алу; диалог түрлерінің құрылу жолдарын тауып (мысалы, сұрақ-жауаптан тұратын диалог, іс-әрекетке итермелейтін диалог, жаңа хабарды білуге бағытталған диалог т.б.), өз мақсатына қарай орынды пайдалану; ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА СИНТАКСИСТІ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақ тілі синтаксисін қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың ғылыми- әдістемелік негіздері (ЖОО филолог мамандықтары үшін)
12 жылдық білім беру бағдарламасы
Ғалымның Қазақ тілі методикасы
Бастауыш сыныптардың 4-сыныбында синтаксистік материалдарды оқыту
Негізгі мектепте тұрлаусыз мүшелерді оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері
Сөйлем мүшелерін оқытудың әдістемелік негізі
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖАЙЫНДА
Қазақ тілі синтаксисінің зерттелуі
Пәндер