Қылмыстық заңның күші



ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН ТҮСІНІГІ
1.1 Қылмыстық заңның түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.2 Қылмыстық заң нормалары туралы жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНЫҢ КҮШІ
2.1 Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.2 Қылмыстық заңның мезгілдегі күші ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.3 Қылмыстық заңды түсіндіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
КІРІСПЕ

Қылмыстық заң — қылмыстық құқықтың негізгі қайнар көзі. Сот үкімі, ұйғарымы немесе қаулысы құқықтың көзі бо¬лып табылмайды. Олардың тек нақты қылмыстық істер бойынша ғана зандылық күші бар.
Сондай-ақ еліміздің азаматы болып танылмайтын әкімшілік-техникалық қызметшілер және олармен бірге тұратын, отбасы мүшелері болып табылатын адамдар да осындай иммунитетті пайдалана алады. Бірақ мұндай құқықты тек қызмет барысындағы міндетті атқару кезінде қылмыс жасаған реттерде ғана пайдалана алады. Әрине, мұндай құқық, дипломатиялық екілдіктердің қызметтерінде өз иммунитеттерін пайдаланып, заңсыз әрекеттер жасасын дегенді білдірмейді. Заң осы аталған адамдардың қылмыстық жауаптылығы дипломатиялық жолмен шешілетіңдігін белгілейді.
Соттық түсіндірменің ерекше түрі болып Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының нормативтік қаулылары табылады. Сот талқылауын жүзеге асыру Қазақстан Рес¬публикасы Жоғарғы Сотының құзыретінде [1, 17б.].
Қылмыстық заң сонымен қатар тиісті органдарға және лауазымды адамдарға іс-әрекетінде қылмыс белгісі бар кінәлі адамды қылмыстық жауапқа тарту немесе көрсетілген негізге сүйеніп, оларды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуды міндеттейді. Сонымен қылмыстық құқықтық норма бір мезгілде тыйым салушы және міндеттеуші нормалар болып табылады. Бұл нормалардың тағы да сақтандырушылық және тәрбиелік мәні бар.
Қылмыстық құқықтық норманың сақтандырушылық функциясы – істелген іс-әрекеті үшін тиісті баптардың санкциясында көрсетілген жазаны кінәлі адамға тағайындау мүмкіндігі арқылы өз көрінісін табады, осы арқылы барлық азаматтарды қылмыс істеуден күні бұрын сақтандыру арқылы тәрбиелік ықпал ету шарасы жүзеге асырылады. Қылмыстық-құқықтық норма, сонымен бірге кез келген азаматтарды заңды бұлжытпай орындауға тәрбиелеумен бірге, оларды қылмыс істегендермен ымырасыз күрес жүргізу рухына баулиды. Қылмыстық құқықтық норма қоғамдық қатынастарды қорғап қана қоймайды, ол сонымен бірге мұндай қатынастарды ретке келтіреді, өйткені қоғамдық қатынастарды қорғаудың өзі соны ретке келтіру арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстық құқық белгілі бір қоғамдық мінез-құлық өрелерін белгілеумен бірге, осы өрелерді бұзушыларға қарсы қылмыстық құқықтық нормаларды қолдану арқылы өз міндеттерін жүзеге асырады. Қылмыстық құқықтық норма өзінің реттеушілік ықпалымен, кез келген азаматтарды қылмысты құбылысқа төзімсіз болуға, олармен ымырасыз күрес жүргізуге баулу арқылы іске асырады.
Сондай-ақ Республика Жоғарғы Соты Пленумының басшы қаулылары да құқық нормасы болып табылады. Мұндай қаулылар белгілі бір қылмыстық-құқылық норманың түпкі мәнін ашып көрсетеді, оларды түсіндіреді. Сондықтан да ондай қаулылардың Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады. Сот прецеденті біздің Республикамызда құқық нормаса болып саналмайды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1) «Қылмыстық құқық» (жалпы бөлім) Альбом үлгі. «Дәнекер» Алматы..., 2000ж. 369 б.
2) «Қ.Р. Қылмыстық құқығы (жалпы бөлім). А.Н.Ағыбаев. Алматы 1998ж.» «Жеті жарғы». 349 б.
3) Караев Т.Э. Повторность преступления. М., 1983. 229 б.
4) Оспанов Қ.И., Құқық негіздері. Алматы «Жеті жарғы» 2007, толықтырылған 2-басылымы. 304 б.
5) Қ.Р. Қылмыстық кодексі. Алматы «Юрист», 2010. 148 б.
6) Панько К.А. Вопросы общей теории рецидиви в советском уголовном праве. Воронеж, 1988. 404 б.
7) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1994 жылғы 27 мамырдағы «Соттардың рецидивті қылмыстар жөніндегі істерді қарау тәжірибесі туралы» нормативтік қаулысы. 244 б.
8) «Уголовное право Р.К.» г.ф. Паленов Алматы..., 1999ж. «Жеті жарғы». 184 б.
9) «Интересы трудящихся и уголовный закон» (проблемы объекта преступления) Алма – Ата ..., 1973ж. авт: Е.И. Қайыржанов 173 б.
10) І. Дагель П.С. Множественность преступлений. Владивосток, 1969. 448 б.
11) Красиков Ю.А. Множественность преступления (понятие, виды, наказуемость). М., 1988. 388 б.
12) Малков В.Л. Тиморшин Х.А. Множественность преступления: Учеб. Пособие. Уфа, 1995. 192 б.
13) Малков В.Л. Совокупность преступлений (вопросы квалификации и назначения наказания). Казань, 1974. 138 б.
14) Яковлев А.М. Борьба с рецидивной преступностью. М., 1964. 243 б.
15) Малков В.П. Множественность преступления и ее формы по советскому уголовному праву. Казань, 1982. 587 б.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН ТҮСІНІГІ
1.1 Қылмыстық заңның түсінігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7

1.2 Қылмыстық заң нормалары туралы жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ...9
2 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНЫҢ КҮШІ
2.1 Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.2 Қылмыстық заңның мезгілдегі
күші ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.3 Қылмыстық заңды
түсіндіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

КІРІСПЕ

Қылмыстық заң — қылмыстық құқықтың негізгі қайнар көзі. Сот үкімі,
ұйғарымы немесе қаулысы құқықтың көзі болып табылмайды. Олардың тек нақты
қылмыстық істер бойынша ғана зандылық күші бар.
Сондай-ақ еліміздің азаматы болып танылмайтын әкімшілік-техникалық
қызметшілер және олармен бірге тұратын, отбасы мүшелері болып табылатын
адамдар да осындай иммунитетті пайдалана алады. Бірақ мұндай құқықты тек
қызмет барысындағы міндетті атқару кезінде қылмыс жасаған реттерде ғана
пайдалана алады. Әрине, мұндай құқық, дипломатиялық екілдіктердің
қызметтерінде өз иммунитеттерін пайдаланып, заңсыз әрекеттер жасасын
дегенді білдірмейді. Заң осы аталған адамдардың қылмыстық жауаптылығы
дипломатиялық жолмен шешілетіңдігін белгілейді.
Соттық түсіндірменің ерекше түрі болып Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Соты Пленумының нормативтік қаулылары табылады. Сот талқылауын жүзеге асыру
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының құзыретінде [1, 17б.].
Қылмыстық заң сонымен қатар тиісті органдарға және лауазымды адамдарға
іс-әрекетінде қылмыс белгісі бар кінәлі адамды қылмыстық жауапқа тарту
немесе көрсетілген негізге сүйеніп, оларды қылмыстық жауаптылықтан және
жазадан босатуды міндеттейді. Сонымен қылмыстық құқықтық норма бір мезгілде
тыйым салушы және міндеттеуші нормалар болып табылады. Бұл нормалардың тағы
да сақтандырушылық және тәрбиелік мәні бар.
Қылмыстық құқықтық норманың сақтандырушылық функциясы – істелген іс-
әрекеті үшін тиісті баптардың санкциясында көрсетілген жазаны кінәлі адамға
тағайындау мүмкіндігі арқылы өз көрінісін табады, осы арқылы барлық
азаматтарды қылмыс істеуден күні бұрын сақтандыру арқылы тәрбиелік ықпал
ету шарасы жүзеге асырылады. Қылмыстық-құқықтық норма, сонымен бірге кез
келген азаматтарды заңды бұлжытпай орындауға тәрбиелеумен бірге, оларды
қылмыс істегендермен ымырасыз күрес жүргізу рухына баулиды. Қылмыстық
құқықтық норма қоғамдық қатынастарды қорғап қана қоймайды, ол сонымен бірге
мұндай қатынастарды ретке келтіреді, өйткені қоғамдық қатынастарды
қорғаудың өзі соны ретке келтіру арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстық құқық
белгілі бір қоғамдық мінез-құлық өрелерін белгілеумен бірге, осы өрелерді
бұзушыларға қарсы қылмыстық құқықтық нормаларды қолдану арқылы өз
міндеттерін жүзеге асырады. Қылмыстық құқықтық норма өзінің реттеушілік
ықпалымен, кез келген азаматтарды қылмысты құбылысқа төзімсіз болуға,
олармен ымырасыз күрес жүргізуге баулу арқылы іске асырады.
Сондай-ақ Республика Жоғарғы Соты Пленумының басшы қаулылары да құқық
нормасы болып табылады. Мұндай қаулылар белгілі бір қылмыстық-құқылық
норманың түпкі мәнін ашып көрсетеді, оларды түсіндіреді. Сондықтан да ондай
қаулылардың Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады. Сот
прецеденті біздің Республикамызда құқық нормаса болып саналмайды. Ол
Ұлыбритания, Канада сияқты мемлекеттерде ғана құқық нормасы болып табылады.

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан
Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы заңының 1-бабына сәйкес,
Республика аумағынын шегін құрғақ құрлық, су, жер қойнауы және әуе
кеңістігі шегін айқындайтын сызық және осы сызық және осы сызық бойынша
өтетін беткі қабат құрайды. Мемлекеттік шекара Қазақстан Республикасынын
халықаралық келісімдерімен анықталады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 52-бабында сот айыпты деп
танылған адамға жазаны Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінің ережелеріне
сәйкес істелген қылмысы үшін жауаптылық қаралған Ерекше бөлімнің тиісті
баптарында көрсетілген шектен шықпай тағайындайды деп белгіленген. Жаза
тағайындағанда сот істелген қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік
дәрежесін, айыпкердің жеке басының ерекшеліктерін, мінез-құлқын,
жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ
тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуіне және оның отбасының
немесе асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалын толық есепке
алады. Қылмыс істеген адамға оның түзелуіне немесе жаңа қылмыс істеуден
сақтандыруына қажетті және жеткілікті әділ жаза тағайындауы керек. Мұның
өзі соттың жаза тағайындауында заң талаптарымен қоса өзінің құқықтық сана-
сезімін басшылыққа алатынын көрсетеді. Алайда, құқықтық сана-сезім құқық
нормасы болып табылмайды. Ол сотқа тек қана қылмыстық құқықтық норманың
мазмұнын дұрыс түсінуге жөн сілтейді. Қылмыстық заң, басқа заңдар сияқты
барлық лауазым адамдары, азаматтар, заңды тұлғалар үшін міндетті күші бар
заң нормасы болып табылады. Оны қандай да бір болмасын сылтау мен бұзуға
немесе орындамауға жол берілмейді. Қылмыстық заң қылмыстық құқықтық норманы
білдірудің нысаны, ал оның нормасы оның мазмұнының көрінісі болып табылады
[2, 18-20б.].
Қылмыстық заңның басты міндеттерінің бірі – қылмыстан сақтандыру болып
табылады. Қылмыстық құқық жалпы және арнаулы сақтандыру функцияларын жүзеге
асырады. Жалпы сақтандыру қылмыстық заң арқылы кез келген қылмысты істеуге
тыйым салу, нақты қылмысты істеген адамдарға әділ жаза тағайындауды
белгілеу арқылы жүзеге асырылады. Арнаулы сақтандыру қылмыстық заң тыйым
салған әрекет немесе әрекетсіздіктерді істеген адамға қылмыстық-құқықтық
нормалар арқылы белгіленген тиісті ықпал ету шараларын қолдану ретімен іске
асырылады [2, 10 б.].
Қылмыстылықтың санын азайтуда мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан
кең көлемдегі саяси, экономикалық және әлеуметтік шаралардың маңызы зор.
Экономикалық реформаны дұрыс жүргізу, нарықтық экономикаға кең жол ашылу,
өндірістің құлдырауын тоқтатып, еңбекті дұрыс ұйымдастыру, оның өмір сүру
қажеттілігін тиісті деңгейге көтеру, құқықтық реформаны заман талабына сай
іске асыру мемлекеттің алға қойған осы саладағы міндеттерін жүзеге асыруына
кепілдік берді.
Жаңа Қылмыстық кодексте қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік
өмірінде орын алған сапалық өзгерістер еске алынған. Яғни, азаматтардың
жеке басы, олардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау
бірінші кезекке қойылған. Қылмыстық-құқылық қорғау объектісінің қатарына
қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау, Республиканың
Конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің
заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік
пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету міндеттері енгізілген.
Яғни, қылмыстық құқықтың негізгі міндеті қылмыстық құқықтық құралдардың
көмегімен заңда көрсетілген осы маңызды объектілерді қорғау, қылмыстылықпен
барынша пәрменді күрес жүргізу болып табылады. Қылмыстық заңдарда
көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру үшін Қылмыстық кодекс қылмыстық
жауаптылықтың негізін белгілейді. Яғни, қылмыстық заңда көрсетілген іс-
әрекеттерді істеген адам осы заңда белгіленген негізде ғана жауапқа
тартылады. Ол үшін қылмыстық заң жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін
қандай қауіпті іс-әрекеттер қылмыс болып табылатынын белгілейді және оларды
кінәлі түрде істегендерге жазалар мен өзге де қылмыстық-құқылық ықпал ету
шараларын белгілейді. Жаңа Қылмыстық кодекс бұрынғы кодекске қарағанда
ізгілік принципі басшылыққа алына отырып, қоғамға онша қауіпті емес іс-
әрекеттер жасағандарға оларды қоғамнан оқшауламайтын жаза түрлерін (түзеу
жұмысы, шартты жаза, міндетті жұмыс, шын жүректен өкінуіне немесе
тараптардың келісімге келуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату)
қолдануға кең жол ашылған. Мұндай ізгілік қағидалар қылмыспен күресуге
пәрменді әрі тиімді жағдай туғызады [3, 10б.].
Курстық жұмыстың мақсаты, қылмыстық заңның түсінігі, мазмұны, түрлері
мен кеңістегі күші туралы мазмұнын ашу. Ал осы мақсатқа жету үшін
төмендегідей міндеттерді шешу көзделеді.
Қылмыстық заңның міндеттері – бейбітшілікті және адамзаттың
қауіпсіздігін, адам мен азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды
мүдделерін, меншікті аумақтық тұтастықты, конститутциялық құрылысты,
қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, табиғи ортаны қылмыстық қол сұғушылықтан
қорғау және қылмыстың алдын алу болып табылады.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстық заңдар қылмыстық
жауаптылықтың негіздерін белгілейді. Жеке адамға, мемлекетке немесе қоғамға
қауіпті іс-әрекеттердің қандайы қылмыс болып табылатынын айқындайды. Қылмыс
істеген адамдарға қолданылуы мүмкін және өзге де ықпал ету шараларын
белгілейді.
Қылмыстық заңнамалардың 3 міндетін атап көрсетуге болады: 1) қорғау; 2)
алдын-алу (профилактика); 3) тәрбиелік.
Қорғау – қылмыстық-құқықтық шараларды қолдана отырып қылмыстық қол
сұғушылықтан қорғау міндеті. Ол үшін қылмыстық заң қылмыстық әрекеттердің
шеңберін, түрін және оған қолданылатын жазаның мөлшерін анықтайды.
Алдын-алу (профилактика) міндеті қылмыстың алдын алу, оны болдырмаудың
жолдарын қарастыру немесе қылмыс жасаған тұлғаның қайта қылмыс жасамауының
алдын алу. Бұл мақсаттар әр түрлі қылмыстық-құқықтық шаралар қолдану арқылы
іске асырылады.
Тәрбиелік міндетті қылмыстық құқықтың барлық институттары мен нормалары
атқарады (жаза, қажетті қорғаныс, мәжбүрлі қажеттілік т.б.) [4, 171б.].
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, екі тарау, қорытынды және
пайдананылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН ТҮСІНІГІ

1. Қылмыстық заңның түсінігі

Қылмыстық құқықтың негізгі бөлімдерінің бірі — қылмыстық заң туралы
ілім болып табылады.
Қылмыстық заң дегеніміз — Қазақстан Республикасының Парламенті
қабылдаған норматнвтік құқықтық акт. Қылмыстық заң қылмыстық құқықтың
қағидаттары мен жалпы ережелерін, қандай әрекеттің қылмыс екендігін
айқындайды және олар үшін жаза тағайындауды белгілейді. Қылмыстық заңның
міндеттері — бейбітшілікті және адамзаттың қауіпсіздігін, адам мен
азаматтың құқықтарын, бостаңдықтары мен заңды мүдделерін, меншікті,
конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, КК-тің 2-
бабында көрсетілген басқа да құндылықтарды қол сұғушылықтан қорғау және
қылмыстың алдын алу болып табылады.
Қылмыстық заң жазалау қатерімен тыйым салу арқылы адамның жеке басына,
қоғамға, мемлекетке кінәлі түрде зиян елтіретін немесе зиян келтіру қаупін
тудыратын қылмысты әрекеттерді істеуге тыйым салады.
Қылмыстық заң — қылмыстық құқықтың негізгі қайнар көзі. Сот үкімі,
ұйғарымы немесе қаулысы құқықтың көзі болып табылмайды. Олардың тек нақты
қылмыстық істер бойынша ғана зандылық күші бар.
Қылмыстық заңның ережелері міндетті болып табылады. Оларды орындау
немесе сақтау лауазымды адамдардың сондай-ақ барлық азаматтардың міндеті.
Қазақстан Республикасындағы қылмыстылықпен күрес қылмыстық құқық
нормаларына сәйкес жүзеге асырылады. Заңды күшіне енген үкім бойынша
тағайындалған қылмыстық жазаның орындалуы Қылмыстық -атқару кодексімен
реттеледі.
Қылмыстық заң белгілі бір техникалық ережелерге негізделген зан
шығарушының еркін білдіретін өзіндік нысаны бар құрылымға ие. Қылмыстық
көдекстін Жалпы және Ерекше бөлімдері баптарға бөлінген. Әр бап тиісті
санмен нөмірленген бір немесе бірнеше бөліктерден тұрады және бөліктер
мазмұны мен сипатына және жазалау түріне қарай әр түрлі болып келеді.
Сондықтан, іс жүргізу құжаттарында тек баптың өзін ғана емес, сонымен қатар
оның бөліктерін де ескеру қажет.
Қылмыстық құқықтық норманың сақтандырушылық функциясы – істелген іс-
әрекеті үшін тиісті баптардың санкциясында көрсетілген жазаны кінәлі адамға
тағайындау мүмкіндігі арқылы өз көрінісін табады, осы арқылы барлық
азаматтарды қылмыс істеуден күні бұрын сақтандыру арқылы тәрбиелік ықпал
ету шарасы жүзеге асырылады. Қылмыстық-құқықтық норма, сонымен бірге кез
келген азаматтарды заңды бұлжытпай орындауға тәрбиелеумен бірге, оларды
қылмыс істегендермен ымырасыз күрес жүргізу рухына баулиды. Қылмыстық
құқықтық норма қоғамдық қатынастарды қорғап қана қоймайды, ол сонымен бірге
мұндай қатынастарды ретке келтіреді, өйткені қоғамдық қатынастарды
қорғаудың өзі соны ретке келтіру арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстық құқық
белгілі бір қоғамдық мінез-құлық өрелерін белгілеумен бірге, осы өрелерді
бұзушыларға қарсы қылмыстық құқықтық нормаларды қолдану арқылы өз
міндеттерін жүзеге асырады. Қылмыстық құқықтық норма өзінің реттеушілік
ықпалымен, кез келген азаматтарды қылмысты құбылысқа төзімсіз болуға,
олармен ымырасыз күрес жүргізуге баулу арқылы іске асырады.
Сондай-ақ Республика Жоғарғы Соты Пленумының басшы қаулылары да құқық
нормасы болып табылады. Мұндай қаулылар белгілі бір қылмыстық-құқылық
норманың түпкі мәнін ашып көрсетеді, оларды түсіндіреді. Сондықтан да ондай
қаулылардың Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады. Сот
прецеденті біздің Республикамызда құқық нормасы болып саналмайды. Ол
Ұлыбритания, Канада сияқты мемлекеттерде ғана құқық нормасы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 52-бабында сот айыпты деп
танылған адамға жазаны Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінің ережелеріне
сәйкес істелген қылмысы үшін жауаптылық қаралған Ерекше бөлімнің тиісті
баптарында көрсетілген шектен шықпай тағайындайды деп белгіленген. Жаза
тағайындағанда сот істелген қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік
дәрежесін, айыпкердің жеке басының ерекшеліктерін, мінез-құлқын,
жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ
тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуіне және оның отбасының
немесе асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалын толық есепке
алады. Қылмыс істеген адамға оның түзелуіне немесе жаңа қылмыс істеуден
сақтандыруына қажетті және жеткілікті әділ жаза тағайындауы керек. Мұның
өзі соттың жаза тағайындауында заң талаптарымен қоса өзінің құқықтық сана-
сезімін басшылыққа алатынын көрсетеді. Алайда, құқықтық сана-сезім құқық
нормасы болып табылмайды. Ол сотқа тек қана қылмыстық құқықтық норманың
мазмұнын дұрыс түсінуге жөн сілтейді. Қылмыстық заң, басқа заңдар сияқты
барлық лауазым адамдары, азаматтар, заңды тұлғалар үшін міндетті күші бар
заң нормасы болып табылады. Оны қандай да бір болмасын сылтаумен бұзуға
немесе орындамауға жол берілмейді. Қылмыстық заң қылмыстық құқықтық норманы
білдірудің нысаны, ал оның нормасы оның мазмұнының көрінісі болып табылады.
Қазақстан Республикасында қылмыспен күрес жүргізу қылмыстық құқық норма
ережесіне сәйкес жүзеге асырылады. Заңды күшіне енген үкім бойынша
тағайындалған қылмыстық жазалардың орындалуы қылмыстық атқару кодексімен
реттеледі. Кейбір реттерде жекелеген жазалардың орындалуы басқадай, арнайы
заңдылық актімен де белгіленуі мүмкін. Қазақстан Республикасының 1993 жылы
15 қазанда бекітілген Төтенше жағдайдың құқықтық режимі туралы заңына
сәйкес төтенше жағдай кезінде істелген қылмыс үшін сот ісін жүргізудің
төтенше түрлерін енгізуге жол берілмейді деп белгіленген. 1995 жылы 30
тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конститутциясына сәйкес
қылмыстық заңдар Республика Парламентінде қабылданады. Қазақстан
Республикасы Конституциясының 61-бабының 1-тармағына сәйкес заң шығару,
оның ішінде қылмыстық заңшығару бастамасы құқығы да Қазақстан Республикасы
Парламентінің депутаттарына, Республика Үкіметіне беріледі және тек қана
Мәжілісте жүзеге асырылады. Ұсынылған заңдардың жобаларын қарауға қабылдау
және қарау Мәжілістің ерекше қарауында болады (56-бап, 1-тармақ).
Республика Конститутциясының 54-бабының 1)-тармақшасына сәйкес заңдар
Парламент Палаталарының бөлек отырысында әуелі Мәжілісте, одан кейін
Сенатта өз кезегімен қаралып қабылданады.
Президент Парламент Сенаты ұсынған заңға он бес жұмыс күні ішінде қол
қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын
қайтадан талқылып, дауысқа салу үшін қайтарады (44-бап, 2)-тармақша).
Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар немесе заң баптары
бойынша ол қарсылық жіберген күннен бастап бір ай мерзім ішінде қайталап
талқылау мен дауысқа салуды өткізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент
қарсылығының қабылданғанын білдіреді.Егер Парламент әр Палата
депутаттарының жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен бұрын
қабылданған шешімді растайтын болса, Президент жеті күн ішінде заңға қол
қояды. Егер Президенттің қарсылығы еңсерілмесе, заң қабылданбайды немесе
Президент ұсынған редакцияда қабылданады деп есептелінеді. (53-бап, 3)-
тармақша). Конститутцияның 53-бабының 4)-тармақшасында көзделген ретте
Республика Президенті заңдар шығарады, ал 61-баптың 2-тармағында көзделген
ретте Республиканың заң күші бар Жарлықтары шығарылады. Бұрын қолданылған
Қазақ ССР Қылмыстық кодексі 1959 жылы қабылданған еді. Жаңа Қылмыстық
кодекс 1997 жылы 16 шідеде қабылданды. Қылмыстық кодекс дегеніміз барлық
қылмыстық заңдардың белгілі бір жүйеге келтірілген жиынтығы болып табылады.
Кодексте қылмыстық құқықтың жалпы ережелері мен принциптері, қылмыстық –
құқықтық қатынастарды реттейтін және қандай қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің
қылмыс болып табылатынын анықтайтын ұғымдар, қылмыс істеген адамдарға
қолданылуы мүмкін жазалар белгіленеді [2, 18-21б].

2. Қылмыстық заң нормалары туралы жалпы сипаттама

Құқықтық норманың құрылымы мынадай үш түрлі элементтен тұрады:
гипотеза, диспозиция және санкция.
Гипотеза қылмыстық занда негізінен жалпы бөлімге қатысты. Яғни, құқық
нормалары қолданатын гипотезаны, қылмыстық занда жалпы бөлім баптары іске
асырады. Мысалы, белгілі бір адам занда көрсетілген жасқа толып, қылмысты
қасақана немесе абайсыздықпен жасаса және қылмыс жасаған сәтінде
жауаптылыққа қабілетті болып танылса, қылмыстық жауаптылыққа тартылуы
мүмкін.
Ерекше бөлім нормаларында- баптар, диспозициядан және санкциядан
тұрады. Осы құрылым ішінде басты орынды диспозиция алады. Диспозиция —
нақты қылмыстық қол сұғушылықтың белгілеріне сипаттама береді. Диспозиция
өзінін құрылым ерекшеліктеріне байланысты жай, сипаттамалы, бланкеттік және
сілтемелі болып негізгі төрт түрге болінеді :
Жай диспозиция қылмыстық іс-әрекеттің атын ғана атап, оның нақты
белгілерін ашып көрсетпейді. Жай диспозиция қылмысты іс-әрекеттің мазмұны
оның белгілерін ашып көрсетілмегеннің өзінде жеткілікті түрде түсінікті
болған дағдайда қолданылады. Мысалы, ҚК-тің 125-бабындағы "Адамды ұрлау",
261-бабындағы "Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды
тұтынуға көндіру", 389-бабындағы "Әскери мүлікті жоғалту". Сондай-ақ, 96-
баптағы Адам өлтіру, 175-баптағы Ұрлық.
Сипаттамалы диспозиция деп қылмыстың барлық белгілерін заңның өзінде-ақ
нақты көрсететін диспозицияны айтамыз: ҚК-тің 175-бабындағы "Ұрлық", 120-
бабындағы "Зор-лау", 237-бабындағы "Бандитизм". Сондай-ақ, Жай
диспозицияға қарағанда қылмыс құрамын айқындайтын сипаттамалы диспозицияның
артықшылығында дау жоқ.
Сипаттамалы диспозицияға 166-бапта көрсетілген шпиондық жасау құрамы
мысал бола алады. Мұнда шпиондық жасау аталып қана қоймай, оған
мемлекеттік немесе әскери құпияны құрайтын мәліметтерді шетелдік
мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе олардың өкілдеріне беру, сол сияқты
оларға беру мақсатында жинау, ұрлау немесе сақтау, сондай-ақ шетелдік
барлаудың тапсырмасы бойынша өзге де мәліметтерді Қазақстан Республикасының
сыртқы қауіпсіздігі мен егемендігіне зиян келтіре отырып пайдалану үшін
беру немесе жинау, егер осы әрекеттерді шетелдік азамат немесе азаматтығы
жоқ адам жасаса деп толық түсінікті сипаттама бері отыр.
Бланкеттік диспозиция бойынша бапта көрсетілген нақты қылмыс құрамын
анықтау үшін басқа зандарға немесе нормативтік актілерге, жарлықтар мен
үкімет қаулыларына, бұйрықтар мен ережелерге, нұсқауларға жүгінеді. Бұлар
қылмыстык құқықтың баска салалармен тығыз байланысты екендігінің айқын
дәлелі. Қылмыстық заңнын талаптарын орындау басқа заңдармен не баска
актілермен де анықталады. Бланкеттік диспозицияның мысалы ретінде мынадай
баптардың диспозициясын көрсетеміз: ҚК-тің 152-бабы "Еңбекті қорғау
ережелерін бұзу", ҚК-тің 284-бабы "Қазақстан Республикасының құрлықтық
шельфі туралы және Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағы
туралы зандардың бұзылуы". Сондай-ақ, Қылмыстық кодекстің 295-бабындағы
темір жол, әуе немесе су көлігі қозғалысы мен оларды пайдалану
қауіпсіздігінің ережелерін бұзуы. Бұл қылмыс құрамын анықтау үшін көлік
құралдарының осы түрлерінің қауіпсіздігі мен пайдалану ережесін реттейтін
тиісті нормативті актіні басшылыққа алу қажет. Егер осы сияқты бланкеттің
нормаларды Қылмыстық кодекстің өзінде тізіп көрсете берсек, сонда кодекстің
баптарының көлемі тым ұлғайып, оны пайдаланудың өзі қиынға түсер еді.
Мысалы, тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік
ережелерін бұзудың (245-бап) өзі осы баптың диспозициясына көптеген қиын
әрі күрделі ережелер мен бұйрықтарды көрсететін жазуды талып етер еді.
Сондықтан да заң шығарушы мұндай реттерде бланкеттік диспозицияны
пайдаланудың тиімділігіне жол беріп отыр.
Сілтемелі диспозиция қылмыстың белгілерін қамтымайды, керісінше
қылмыстық занның басқа, тиісті бабына немесе оның бөлігіне сілтеме жасайды.
Мысалы, КК-тің 106-бабындағы "Ұрып соғу", 107-бабындағы "Азаптау", 297-
бабындағы "Жол-көлік оқиғасы болған орыннан кетіп қалу". Сондай-ақ,
Қылмыстық кодекстің 96-бабы, 2 – бөлігіндегі кісі өлтіруді алайық. Онда Н
тармағында осы Кодекстің 97-100-баптарында көзделген әрекеттерді
қоспағанда, бұрын адам өлтірген адам жасаған адам өлтіру делінген. Бұл
жерде бұрын адам өлтірген деген ұғымға қатысы болатын құрамдарды қайталап
жатпас үшін, заң шығарушы сол ұғымдарға анықтама берілген баптарға тиісінше
сілтеме жасап отыр.
Санкция — ерекше бөлім баптарында белгіленген жазаның түрі мен мөлшерін
анықтайды. Қылмыстық занның баптарында санкцияның екі түрі қолданылады:
салыстырмалы-айқындалған (относительно-определенные) және балама
(альтернативные).
Салыстырмалы айқындалған санкция жазаның түрін және мөлшерін көрсетеді.
Оны екі негізгі түрге болуге болады: жазаның жоғарғы және төменгі шегін
анықтайтын санкция. Апдыңғысының мысалы: ҚК-тің 101-бабының бірінші бөлігі
"Абайсызда кісі өлтіру", 134-бабының бірінші бөлігі "Бяланы ауыстыру", және
т. б. баптар бола алады.
Тағайындалған жазаның ең төменгі мөлшері болып жазалаудың ең төменгі
шегі айтылады. Жазаның төменгі шегінің мөлшері егер жаза түрі бас
бостандығынан айыру болса — 6 ай, бас бостандығын шектеу болса — 1 жыл,
қамауға — 1 ай, айып-пұлға — Қазақстан Республикасы Зандарымен белгіленген
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш болып белгіленеді. Салыстырмалы-
айқындалған санкцияның екінші түрінің мысалына КК-тің 162-бабы
"Жалдамалылық", 181-бабының екінші бөлігі "Қорқытып алушылық", 241-бабы
"Жаппай тәртіпсіздіктер" сияқты баптарынын, санкцияларын жатқызуға болады.
Балама санкция Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарындағы
жазаның екі немесе одан да көп түрлерінің тек біреуін ғана қолдануға
мүмкіндік береді. Мысалы, жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру үшін
балама жаза болып, бас бостандығын шектеу, қамау немесе бас бостандығынан
айыру тағайындалуы мүмкін (ҚК-тің 98-бабы). Атыс қаруын ұқыпсыз сақтау (ҚК-
тің 253-бабы) түзеу жұмыстарына немесе қамауға не бас бостандығынан айыруға
жазаланады. Қылмыстық заңның ерекше болімінің баптарындағы диспозицияның
бар болуы немесе санкция түрлерінің бекітілуі мұқият ойластырылған. Оларды
қылмыспен күресуде дұрыс пайдалану, қылмыстық нормаларды қолданудын
нәтижелі болуына мүмкіндік туғызады [2, 18-24б.].
Сондай-ақ, Ерекше бөлімде жекеленген нақты қылмыс түрлері үшін
жауаптылық және жаза белгіленген. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімі бірнеше
тауарларға бөлінген. Әр тауарға бір объектінің маңыздылығына қарай тиісінше
орын берілген. Қылмыстық заңның заң шығарушының еркін білдіретін белгілі
бір техникалық ережелерге негізделген өзіндік құрылымы бар. Қылмыстық-
құқылық нормалар мазмұнына қарай үш түрлі топқа бөлінеді:
І. Декларативті – яғни, қылмыстық құқықтың жалпы міндеттерін
айқындайтын нормалар (Қылмыстық кодекстің 2-бабы).
ІІ. Анықтаушы – яғни, қылмыстық құқықтың түсінігі мен жекеленген
институттарына айқындама беретін нормалар (Қылмыстық кодекстің 9-бабы –
қылмыс ұғымы).
ІІІ. Арнаулы – яғни, нақты қылмыс құрамына және оған тағайындайтын
жазаға сипаттама беретін нормалар (мысалы, Қылмыстық кодекстің Ерекше
бөліміндегі, барлық нақты, жекелеген қылмыс құрамдары). Қылмыстық кодекстің
Жалпы бөлімінің бабы өзінің құрылысы жағынан Ерекше бөлімдегі баптың
құрылысынан өзгеше болады. Жалпы бөлімнің бабы тек қана диспозициядан
құралса, ал Ерекше бөлімнің бабында диспозицияға қоса санкция да болады.
Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің баптары топтық және түрлік болып
екіге бөлінеді. Топтық баптар біртектес қылмыстардың ортақ және соларға тән
белгілерін анықтайды. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 366-бабында - әскери
қылмыстардың түсінігі берілген. 307-бапта лауазым адамының түсінігі
айтылған. Топтық баптардың түсінігі әр түрлі тарауда орналасқан, әр түрлі
қылмыс топтарын бір-бірінен жіктеуге мүмкіндік береді. Түрлік баптар
бойынша заңда көрсетілген жекелеген қылмыстың белгілері және осы қылмысты
істегенде қандай жаза тағайындалу керек екендігі көрсетіледі [2, 21-22б.].

Таблица № 1

Таблица №2

2 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНЫҢ КҮШІ

2.1 Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші

Қылмыстық заңның күші белгілі бір аумақ бойынша шектелген. Осыған
байланысты оның күші тарайтын белгілі бір кеңістіктің анықталуы қатаң
мақсатты сипатқа ие. Бұның мәні біріншіден, Қылмыстық кодекстің қылмыстан
қорғау және сақтандыру сияқты негізгі міндеттерінің орындалуымен
байланысты; екіншіден, қылмыстық заннын кеңістіктегі күші мәселесінің
заңдылық азаматтардың заң мен сот алдындағы теңдігі немесе қылмыстық
жауаптылық пен жазадан құтылмайтындық сияқты қылмыстық құқық қағидаттарынын
іске асырылу міндеттерімен анықталатындығында; үшіншіден, бұл мәселелерді
шешуге әсер ететін халықаралық құқық нормаларының және тиісті
конвенциялардың болғандығында. Мұнда мемлекеттік шекара, сол сияқты
азаматтықтың түсінігін беретін конституциялық құқықтың нормалары да елеулі
роль атқарады. Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші жөніндегі нормаларда
жүйелі түрде мынадай екі қағидат: аумақтық және азамamтық қағидаттар жүзеге
асырылады.
ҚК-тің 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс
жасаған адам ҚР ҚК бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылуға тиіс [5, 4 б].
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 13 қаңтардағы "Қазақстан
Республикасынын мемлекеттік шекарасы туралы" заңының 1 -бабына сәйкес,
Республика аумағынын шегін құрғақ құрлық, су, жер қойнауы және әуе
кеңістігі шегін айқындайтын сызық және осы сызық бойынша өтетін беткі қабат
құрайды. Мемлекеттік шекара Қазақстан Республикасының Парламентімен
бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерімен анықталады.
Мемлекеттік шекара былай белгіленеді:
құрғақ аумаққа — жер бедерінің сипатты нүктелері және сызықтары жатады;
су аумағына — Қазақстан Республикасының ішкі суларынан басқа, аумақтық
теңіз жағалауындағы теңіз суларының кеңістігі жатады;
әуе кеңістігі аумағына — Қазақстан Республикасының құрлық және немесе
су аумағы үстіндегі аспан кеңістіктері жатады.
Каспий тенізіндегі ішкі су аумақтарына жататын акватория Қазақстан
Республикасының халықаралық келісімдерімен анықталады.
Қылмыстық заң Республикамыздың құрлықтық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНЫҢ КЕРІ КҮШІ ТҮСІНІГІ
Қылмыстық заңның кері күші
Қылмыстық заңның уақыттағы және кеңістіктегі күші
Қылмыстық құқықтың кері күші - қылмыстық құқықтың кері күші
Қылмыстық заңның кері күшін ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қолдану
Қылмыстық заңның уақытта және кеңістікте қолданылуы
Қылмыстық заңның кері күшінің ұғымы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНЫҢ КЕРІ КҮШІНІҢ ӘРЕКЕТ ЕТУІ
Қылмыстық заңның әрекет етуінің шегі
Бұдан бөлек қылмыстық құқықтық нормаларды азаматтарда бұлжытпай заңды сақтау
Пәндер