Араб графикасына негізделген қазақ жазуының ерекшеліктері жәдид және қадим жазуының өзара айырмашылығы
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4-6
1. Араб графикасына негізделген қазақ жазуының ерекшеліктері жәдид және қадим жазуының өзара айырмашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7-8
2 Араб графикасына негізделген қазақ жазуы: қадим жүйесі ... ... ... ... ... ...9-12
3 Араб графикасына негізделген қазақ жазуы: жадид жүйесі ... ... ... ... ... .13-16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
Пайданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ тілінің жазу тарихында әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен.Х ғасырдан бастап 1929 жылға дейін 1000 жылға жуық уақыт қазақ даласында қолданылған жазу үлгісі осы әліпби негізінде болған. 14 ғасырлардан бастап Шағатай жазу үлгісі қалыптасты. XX ғасырдың басында араб әріптерін пайдалану арқылы оқып-жазатын жаңаша жазу үлгісі мен мектептер пайда болды. Оқытудың бұл әдісінің негізін қалаушы белгілі түркі тілдес халық ағартушыларының бірі, қоғам қайраткері И. Гаспринский болды.1912 жылы Ахмет Байтұрсынұлы араб әліпбиіне негізделген қазақ жазуына алғаш өзгерістер жасады. Ол қазақ тілінің басқа түркі тілдерінен ерекшелігін анықтап, ұлттың өзіне тән дыбыстарын белгілейтін таңбаларды негіздеді. Байтұрсынов емілесі қазақ жазуы тарихында жаңа емле (төте жазу) деп аталып, халықты сауаттандыруда ірі бетбұрыс жасады. Еміле 1913 жылдан бастап мұсылман медреселерінде, 1929 жылға дейін кеңестік мектептерде қолданылды. Әліпби алғаш жасалған кезден айналымнан алынып тасталғанға дейін дыбыстық реформалар жасалынып, түзетілді. XX ғасырдың басы мен 1929 жылға дейінгі аралықтағы баспасөз хабарлары, түрлі хат-хабарлар мен құжаттар, анкеталар, өмірбаяндар т.б. құжаттар материалдары осы жазу үлгісінде жазылды. Төте жазуға дыбыстық реформалар жасалынып, түзетілген соңғы нұсқаларын бүгінде Қытай, Иран, Ауғаныстан сияқты мемлекеттердегі қандастарымыз қолданады. Қазіргі қолданыстағы нұсқаны 1912 жылғы жасалған алғашқы нұсқасымен салыстырғанда бірталай айырмашылықтар бар.Ұлттық кезеңге дейінгі қазақ жазуы. Қазақ қоғамындағы араб жазуына қатысты зерттеулерде араб жазуы қадим, жәдид деп екіге бөлінеді. Зерттеушілердің көрсетуі бойынша, қадим жазу үлгісіне ХVІ-XVII ғ.ғ. аралығындағы тарихи негізі бар жылнамаларды, құжаттарды және түркі халқына ортақ еңбектерді, ал жәдид жазуына Түркістан уалаяты, Дала уалаяты тәрізді алғашқы қазақ газеттерінде қолданылған жазу үлгілерін жатқызады.
Зерттеу объектісі. Араб графикасына негізделген қазақ жазуының ерекшеліктері жәдид және қадим жазуының өзара айырмашылығы
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жалпы қазақ жазу тарихында араб графикасын (араб әліпбиін) қабылдауға не себеп болды, қандай ықпал, әсер негізінде араб жазуына бет бұрды, оның халық сауатын ашуда, қазақ тілінің дыбыстық жүйесін толық таңбалауда кемшілік тудыруының себебі неде деген мәселелерді айқындау, араб графикасына көшуге негізделген түркілік бағыт көрсету. Сауатсыздықты жойып,араб жазуының қазақ тілі үшін қолайлы емес жақтарын түзеу, оны тілдің дыбыстық ерекшеліктеріне сай етіп, сингармониялық ұлттық әліпби түзеу,қолайлы-қолайсыз,тиімді-тиімс із жақтарын таразылай отырып, 24 әріптен тұратын әліпби құрастырғандағы айырмашылығын табу.Қадим және жадим жүйесінің өзіне тән басты ерекшеліктерімен, айырмашылығын,дауысты және дауыссыз екі жүйеде де қалай таңбаланғанын анықтау.
Курстық жұмыстың әдістері. Араб графикасына негізделген жазудың екі түрін: қадим және жадим жүйелерінің өзара ерекшеліктеріне тоқталып,айырмашылықтарын табу.Зерттеуде материалда жинау, талдау, талдау және айырмашылықтарын айыру әдістері қолданылады. Материалды жинау барысында, екі жүйеде дыбыстардың қалай таңбаланып,таңбаланбауы екі түрлі екендігі байқалады.Мысалы қадим жүйесінде: нече - هچن (нче),
йане - هني (йне), мұнда - ادنم (мнда), қырғыз - زغرق (қрғз). Бұл араб жазуындағы харакаттардың (қысқа дауыстылардың) жазуда белгіленбеуінен шыққан. Харакаттар дауыссыз дыбыстың асты-на не үстіне қосымша белгі болып қойылады.Араб графикасындағы е фонемасының ашық-қысаңдығы ажыраматылмағандықтан екі әріппен де берілді. Сонда а, ә, е фонемалары бір графемаға ұйымдасқанмен төрт түрлі позициялық әріп-вариантта қолданылды.
Ал жадид түрінде:- дауысты дыбыстардың харакаттар арқылы емес, таңба арқылы беріліп, жазуда хатқа түсіп отыруы,
- араб және парсы сөздерінің тілімізге икемделіп өзгеріске ұшыраған түрінің таңбалануы,
- ң дыбысының қадим жазуындағыдай сегіз түрлі таңбалар арқылы емес, екі түрлі таңбамен берілуі,
-араб әліпбиіндегі басы артық таңбалардың қолданылмауын айтуға болады, мысалы, қазақ сөздерін таңбалауда араб әліпби , ظ , ث :жүйесіндегі мына таңбалар қолданыста болмаған.
Курстық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері. Қадим жазу үлгісі, зерттеушілердің көрсетуі бойынша, қазақ жерінде Түркістан уалаяты, Дала уалаяты, Айқап сияқты қазақтың алғашқы газет-журналдары шыға бастаған кезеңге дейінгі уақытта кең қолданыста болған. Бұл жазудың бір ерекшелігі дауысты дыбыстарды арнайы таңбаламай, харакаттар арқылы белгілейтін. Ал жадид жазуы харакаттардың орнына арнайы дауысты дыбыстардың таңбаларын пайдаланды.
Сөйтіп, жадид жазуының қолданысқа енуі - қазақтың төл сөздерін барынша дұрыс таңбалап жазуға жасалған алғашқы қадам болды. Алайда жадидше жазуда да араб әліппесіндегі қазақ тілі дыбыстық жүйесіне еш қатысы жоқ әріп-таңбалардың барлығы - түгелге дерлік пайдаланылды. Бұл болса, қазақ сөздерінің табиғи бітім-болмысына нұқсан келтіріп, олардың емлесі (орфографиясы) мен айтылымы (орфоэфиясы) арасындағы үйлесімді тым алшақтатып жіберетін еді. Сол себептен ХХ ғасырдың басында араб әліпбиінің осы бір кемшілігін жойып, қазақ сөздерін дәл таңбалай алатындай етіп, ұлттық әліпби жасау қажеттілігі туындады[4].
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Қазақ ұлтында жазба мәдениеттің қалыптасу маңыздылығын - Біздің заман - жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман деп ерекше атап көрсеткен А.Байтұрсынұлы арабшаға негізделген қазақ жазуын төл әліпбиге айналдырудың нағыз реформаторы болды. Ол, ең әуелі, қазақ тілі дыбыстық жүйесін ретке келтіріп, содан соң араб әліпбиін қазақ сөзін дәл таңбалауға бейімдеп, ұлттық тілдің төл дыбыстарының таңбаларымен толықтырады. Оқытудың көне әдісін жаңа оқыту әдістерімен алмастырды. Оның жаңа әліпбиі - қазақ даласында төте оқу немесе төте жазу деген атпен кең тарады[4].
Курстық жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Қадим жүйесі жалпы түркіге ортақ әліпби болған делінген.Алайда бұл әліпбидің күрделі болғаны кейін реформалар жасалып,жаңа жәдид жүйесін құрастырып шығарады.
Курстық жұмыстың құрылымы. Зерттеу кіріспе, үш тараудан, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.
1-тарау Араб графикасына негізделген қазақ жазуының ерекшеліктері жәдид және қадим жазуының өзара айырмашылығы
Ислам дінінің келуі Түркі халықтарының арасында бітік (руна) жазуының қолданыстан шығып, араб графикасына көшуіне әкелді. Бұл жазу VIII ғасырдан ХХ ғасырдың басына дейін қолданыста болды. Алғашқыда Қадим жүйесімен жазды. Қадым жүйесінде 35 таңба болды. Оның ішінде 28-і классикалық араб таңбасы, 4-і парсы, 2-і түркі, 1-і ауған жазуынан алынды. Профессор Құралай Күдеринова Қазақ жазуының тарихы мен теориясы кітабында, қадим жүйесін жалпы түркілік әліпби дейді. Бұл жүйенің күрделілігінен реформалар жасалып жәдид жүйесі құрастырылды. Жәдид жүйесіне Құралай Күдеринова Араб жазуының қазақ тілінің дыбыстық заңдылығына келе бастаған, демократияланған түрі -- жәдид деп аталады деп баға береді. Бұл әліпбидің ерекшелігі араб әліпбиіндегі басы артық әліпбилердің қолданылмауы. ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы араб жазуын қазақ тіліне ыңғайластыруды қолға алып, жәдид жүйесін одан әрі жетілдіре түсті. 1912 жылдан бастап Қазақ газеті Ахмет атамыз құрастырған төте жазумен жазылып, ел арасына тез тарады.Өз кезеңінде Қазақтың Ахаңы деген мәртебелі атқа ие болған Ахмет Байтұрсынұлыныңұлтына сіңірген ұланғайыр еңбегі әр саладан көрінеді.Мәселен, ол - ең бірінші,қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуынакөп күш жұмсаған ағартушы, ең алғашқы Әліппеоқулығының авторы, екіншіден, қазақтыңәлеуметтік өмірінің барлық саласына назар аударған ірі публицист, қоғам қайраткері, үшіншіден, өнер иесі - ақын, қазақтың тілін ғана емес, әдебиетін де зерттеген ғалым және халықтың тез сауаттанып хат тануы үшін араб жазуын реформалап, ұлттық деңгейге көтерген бірегей тұлға[3].
Ұзақ ғасырлар бойы қолданыста болған араб жазуының халықты тез әрі жаппай сауаттандыру жолында бірқатар кедергілері мен қиындықтары болды және араб әліпбиін пайдаланған күллі түркі халқы ортақ орфографиялық заңдылыққа бағынған болатын. Ал бұндай жазуды ұлттық деңгейге көтерудің ең басты тәсілі ретінде А.Байтұрсынұлы араб әліпбиінқазақ тілінің дыбыстық заңдылығына сәйкес реформалау деп білді, осылайша ұзақ ғасырлар бойы қолданылып келе жатқан араб графикасына өзгеріс енгізу идеясын алғаш көтеріп, оны іс жүзінде реформалады. Араб жазуын реформалауға түрткі болған ең басты себептер мыналар еді: бір дыбыс бірнеше әріптермен жазыла беретін, дауысты дыбыстар көп жағдайда таңбаланбай, араб тілінің заңдылығына сәйкес харакаттар арқылы берілетін, қазақ тіліндегі тоғыз дауыстыға үш таңба (а, у, и) ғана арналған болатын. Міне осымен байланысты жазылған сөздің мағынасын ажыратуда қиындықтар мен кедергілер көп еді және дауыстыларды таңбалайтын әріптер жеткіліксіз болатын. Араб әліпбиіндегі осындай кемшіліктер халықты сауаттандыру ісін тежеді. Бұл қиындықтарды шешудің жолын тауып, ұлттық әліпбиді құрастырған және ана тілінде сауат ашудың ең тиімді құралын жасап шыққан А.Байтұрсынұлы болды. Ахмет Байтұрсынұлы оқу жүйесіне де түбегейлі реформа жасады. Өйткені соған дейінгі оқыту жүйесі таза араб тілінің фонетикалық ерекшеліктеріне негізделіп, құран сүрелерін жаттауға бағытталатын жәнежазба тіл араб, парсы, түркі тілдерінің грамматикалық ерекшеліктеріне сүйенетін. Қарапайым халықтың ұғынуына қиын тиетін бұл оқыту жүйесін ұлттық, жалпыхалықтық деңгейге көтеріп, жаңа (жәдид) бағытта дамытқан А.Байтұрсынұлы болды[3].
А.Байтұрсынұлы әліпбиі, яғни төте жазу 1912 жылдардан бастап қолданысқа енгені белгілі. Төте жазудыңең басты ерекшелігі мыналар еді:
- қазақ тіліне сәйкес келмейтін басы артық әріптерді әліпби құрамынан алып тастады;
- араб жазу заңдылығына тән диакритикалық белгілер қолданылмады;
-дауыстылар жүйесі қазақ тілінің үндестік заңына сәйкес таңбаланды.
А.Байтұрсынұлы әліпбиінде 24 әріп, 1 дәйекше белгісі болды. Дәйекше қойылмаған сөз жуан, дәйекше қойылған сөз жіңішке болып оқылатын. Яғни үш ақ дауыстысы бар араб әліпбиін, қазақ тілінің үндестік заңына сүйене отырып, еш қиындықсыз қазақ жазуына ыңғайлады.
Ұзақ ғасырлар бойы қолданыста болған араб жазу жүйесі негізінен үш түрлі сатыда қызмет етті: қадим, жәдид, төте жазу. Осылардың ішінде төте жазу, яғни А.Байтұрсынұлының әліпбиі ана тілінде сауат ашудың ең тиімді құралы болды[3].
Араб графикасына негізделген қазақ жазуы: қадим жүйесі
Қадим жүйесі араб әліпбиі негізінде емес, жалпытүрік әліпбиі болды. Оның 28-і араб әліпбиіне сәйкес, 4-і парсы (ژ (же), گ (ге), چ (че) پ (пе) әліпбиінен, 2-і түркі (ک (ңе), و (ве), 1-і ауған жазуынан (ى (иа- мәжһул, е) алынды.Ал араб тілінің өзінде 34 дыбыс (28 дауыссыз, 6 дауысты) 28 әріппен таңбаланады. Әріптердің 22-сі төрт көріністе (сөз басы, сөз ортасы, сөз аяғы және жекеше түрде), 6-ы екі көріністе жазылады.Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар жүйесі араб жазуында 3 таңбамен берілді. Ол фонемалардың ашық, қысаң, дифтонг белгілеріне қарап топтастырылды: фатхамен а, ә, (е), кесрамен ы, і, е; даммамен о, ө, ұ, ү
Қадим жүйесінің басты ерекшелігіне тоқталатын болсақ,ол дауысты дыбыстардың таңбалануы жатады. Мысалы: нече - هچن (нче),
йане - هني (йне), мұнда - ادنم (мнда), қырғыз - زغرق (қрғз). Бұл араб жазуындағы харакаттардың (қысқа дауыстылардың) жазуда белгіленбеуінен шыққан. Харакаттар дауыссыз дыбыстың асты-на не үстіне қосымша белгі болып қойылады.Араб графикасындағы е фонемасының ашық-қысаңдығы ажыраматылмағандықтан екі әріппен де берілді. Сонда а, ә, е фонемалары бір графемаға ұйымдасқанмен төрт түрлі позициялық әріп-вариантта қолданылды
Г.Мамырбекованың зерттеуі бойынша, дауыстылардың өзіндік таңбаланатын жүйесі болған. Сөз басында е фонемасы міндетті түрде иа-мен берілген, ал сөз ортасы мен аяғында а, ә- лермен бірге һаарқылы таңбаланған. Біздің ойымызша, мұндағы сөз басындағы е-нің дифтонг реңкі жазуда ескерілген. Ал сөз ортасы мен аяғында ашық езуліктердің позициялық реңкі нейтрализацияланып берілген дейміз. Дауысты дыбыс-тардың бір инвариант таңбасының (харакат) қойылмай кету ерекшелігі жазудың кодтық қасиетін білдірді.
Қазақ жазуында дыбыстық мәні бар әріпке мадда белгісін қойып, дыбыстық мәні жоқ әріпке мадда белгісінің қойылмауы қысқа дауыстылардың харакаттармен, созылыңқы дауыстылардың мадда белгісімен белгілену тәртібіне сәйкес келді.
Араб жазуында мәтін әріп не буын арқылы емес, сөзді тұтас көре отырып, мағынасына қарай дауыстыларды қалпына келтіріп оқитын логикалық әдіске негізделді. Сондықтан алғашқы буындағы дауыстылардың редукциялануы, әсіресе қысаң езуліктердің фонемалық мәнге ие болмағанда таңбаланбауы тұрақты нормаға айналды.
Сөйтіп, дауыстылар жүйесінің графема-фонема қатынасы: 3:9 болып шықты. Жазу бір буынды сөздердің мағынасын ажыратуда қиындық тудырды. Мысалы, ор, өр, ұр, үр сияқты түбірлер бірдей жазылды.
Жалпы, араб графикалы жазуда араб жазуының дәстүрін, сипатын сақтаған, яғни араб тілінің графикасы түпнұсқа қалпында жүйесі бөлек қазақ тілінің жазба тілінде қолданылды. Сонда бұл жазу өзіндік жүйесі мен деңгейі болған, ауызша тілден өзгеше, оған параллель жатқан жүйе болды.
Н.Уәли айтқандай, халықтық тілден едәуір айырмашылығы бар кітаби тілдің тұрпат межесін белгілеген графикалық жүйе болды. Ал дауыссыздар жүйесін белгілейтін әріп таңбалары - 20. Мұндағы 3 әріп шеттен енген сөздерді таңбалады: х, ф, ч: хазірет, хабар, хош.
Г.Мамырбекованың зерттеуі бойынша, п фонемасының сөз басында парсылық пе-мен, сөз аяғында арабша ба-мен сөз ор-тасында бірде ба, бірде пе-мен берілу жүйесі қатаң. Бұдан сөз аяғы қатаң [п]-мен аяқталмайды дегенді білуге болады. Сондай-ақ б фонемасының сөз ортасында ба-мен, бірге ве-мен де берілуін интервокал позициядағы босаң б вариациясын білдіруі деп түсінуге болады.
Жалпы, араб әліпбиінің түпнұсқасында болмаған п дыбысының әрпі өзге әліпбиден (парсы) алынса да, толық өз функциясында жұмсала алмаған дейміз.
Араб әліпбиінде г фонемасының да таңбасы болмағандық- тан кейде орнына ғ әрпі пайдаланылған. Сол себепті басқа тілден енген сөздердегі г-к әрпімен таңбаланып отырған дейді проф. Б.Әбілқасымов: акроном, дәркер, емке, крек.
Ч әрпі өзге графикадан алынғандықтан ш графемасынан дифференциацияланбай, екі әріп таңбалары бірінің орнына бірі қолданыла берген, ч әрпі қатаңмен іргелес келгенде де, дауысты, үндімен іргелес келгенде де таңбаланған кездері аз емес: айтчы, елчі.
Орыс тіліндегі в фонемасы 3 түрлі дыбысталуына сай, біресе у, біресе б таңбасымен (чинобник, бистафка), біресе ф әрпімен берілді (Жапаноф, Ибаноф).
Араб жазуының емлесіндегі бір ерекшелік ерін үндесімінің басым берілуі, тіпті қосымшаларда да таңбалануы болды: болұс, мүйүз, тұрғұн, ұзұнлұқ, үстүнен. Яғни, ерін үндесімі позициялық өзгерісті бейнелеген фонетикалық принциптен де шықты, сонымен бірге оғыз-қарлұқ архаикалық элементінің де дәстүрін сақтады, мысалы: оқұб, бірақ барұб, келүб.
Проф. Р.Сыздық Қ. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz