Зерттеу мәселесі бойынша нақты және актуалды ақпарат жинау


Қазақстан тарихы (Қазіргі әлемдегі Қазақстан)
Петропавл қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі
Курстық жұмыс
Оқу бағдарламаға сәйкес тақырыптың бағыты: Қазақстан Республикасының қоғамыМазмұныТақырып: «Қазіргі Қазақстан жастары арасындағы қоғамдық пікірдің өзгеруіне әлеуметтік желілер қалай әсер етуде?»
Орындаған: Сыздыкова Жансая Ерболовна
Жетекші: Никибаева Альбина Сейтжанқызы
Ішкі модератор:
Петропавл қаласы, 2024 жыл
1. Кіріспе3
Зерттеу сұрақтары:3
2. Негізгі бөлім4
2. 1. Қазіргі Қазақстанда жастар арасында қоғамдық пікірдің қалыптасуы мен өзгеруіне әлеуметтік желілердің әсері қаншалықты ауқымды және маңызды?4
2. 2. Қазақстандағы және шет елдердегі жастарға әлеуметтік желілердің әсерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтары неде?4
2. 3. Мемлекеттің әлеуметтік желілердің ақпараттық кеңістігін реттеу мен бақылаудағы рөлі қандай?4
2. 4. Зерттеу әдістері5
2. 5. Зерттеу нәтижелері. 5
2. 5. 1. Сауалнама5
2. 5. 2. Сұхбат. 7
2. 6. Бағалау. 7
2. 6. 1. SWOT - талдау. 7
2. 6. 2. SWOT - шешім. 7
3. Қорытынды8
4. Рефлексия8
5. Пайдаланылған әдебиеттер9
КіріспеЗерттеу жобасының өзектілігі: Қоғамдық пікір қоғамда қалыптасқан әлеуметтік-саяси, мәдени және экономикалық жағдайлардың, үлкен әлеуметтік топтардың қарым-қатынасына және олардың осы жағдайларға қатысуына әсер етеді [1] .
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер цифрлық дәуірде ақпарат алу процесін өзгерте отырып, медиа ортада онлайн байланыс пен ақпарат алудың маңызды құралдарына айналды. Әлеуметтік медиа ақпарат алмасу мен мазмұнды құрудың негізгі платформасына айналды, бұл дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарының маңыздылығының төмендеуіне әкелді. COVID-19 пандемиясы әлеуметтік медианың ұстанымын одан әрі күшейтіп, олардың қоғамдық пікір мен ақпараттық кеңістікке әсерін күшейтті [2] . Әлеуметтік желілер адам өмірінде маңызды орын алу себебінен қазақ жастары арасындағы қоғамдық пікірге әлеуметтік желілердің әсері зерттелуі қажет.
Қазақстандағы цифровизация кезенінің басталуымен, әлеуметтік желілер қазақ халқының өмірінің үлкен бөлігін алады. Бұл пікір мен ойды білдіруге, оны бөлісу мен басқаларға жариялау құралы ретінде саналады. Бұрында қалыптасқан Қазақстан халқының қоғамдық пікірлері осы кезеңнен бастап, өзгеріске ұшырай бастады. Ой мен пікірдің ашықтығынан басқа, әлеуметтік желілердің манипуляция сияқты қоғамға деген қауіп қатері бар. Сол себепті әлеуметтік желілердің қоғамдық пікірге ықпалын талдап, жаман мен жақсы жақтарын білу маңызды.
Жобаның басты мақсаты: әлеуметтік зертеу әдістеріне сүйене отырып, қазақ жастарының арасындағы қоғамдық пікірге әлеуметтік желілердің әсерін зерттеу және жағымды мен жағымсыз жақтарын талдау.
Зерттеу жұмысын жүргізу міндеттері:
- Зерттеу мәселесі бойынша нақты және актуалды ақпарат жинау.
- Жиналған деректерді статистикалық немесе сапалық талдау әдістерін пайдалана отырып өңдеу.
- Жастар арасында сауалнама жүргізіп, осы саланың маманымен сұхбат өткізу, кейін алынған нәтижелерін теориялық ақпаратпен салыстырып, нәтижелер мен зерттеу мәселесін талдау
- Жұмыс нәтижелерін қорытындылау және зерттеу сұрақтарына жауаптар беру.
- Қазіргі Қазақстанда жастар арасында қоғамдық пікірдің қалыптасуы мен өзгеруінде
әлеуметтік желілердің әсері қаншалықты ауқымды және маңызды?
- Қазақстандағы және шет елдердегі жастарға әлеуметтік желілердің әсерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтары неде?
- Мемлекеттің әлеуметтік желілердің ақпараттық кеңістігін реттеу мен бақылаудағы рөлі қандай?
Қоғамдық пікір дегеніміз белгілі бір тақырыпқа қатысты қоғамдастықтың елеулі бөлігі білдіретін жеке көзқарастардың, пікірлердің және сенімдердің жиынтығы. Қоғамдық пікірдің қалыптасуына әртүрлі әлеуметтік, саяси факторлар қарқынды әсер етуде. Олардың ішіне масс-медия мен әлеуметтік желілер кіреді және ол ең ауқымды факторлардың бірі болып табылады. Мысалы, газеттер, веб-сайттар, әлеуметтік желілер, радио, теледидар, электрондық пошта және блогтар көзқарастар мен пікірлерді қалыптасытруда өз әсерін тигізуде [3] . 2023 жылдың ақпаныңда шыққан статистикалық ақпараттар бойынша, қазіргі Қазақстан халықының арасындағы интернет желісін қолданатын адам саны 17. 73 миллионды құрайды, ал әлеуметтік желілерді 11, 8 миллион адам пайдалануда. Осы қолданушылардың шамамен 31 пайызы 14-35 жас аралығындағы жастар болып табылады. 2020 жылғы ақпаратпен салыстырғанда, 2023 жылы Facebook, Instagram, Tiktok, Twitter желілерінің қолданушылар саны кемінде жүз мыңға асты. Бұл әлеуметтік желілер қолданушы сандарының әр жыл бойы қарқынды өсуінің көрсеткіші болып табылады [4] .
Әлеуметтік желілер әртүрлі қоғамдық-саяси мәселерді талқылау үшін өте қолайлы орта болып саналады, ол адамдардың емін-еркін өз пікірімен бөлісуінен айқын көрінуде. Facebook сияқты желілер халыққа кез-келген оқиғаны толықтай талқылауға, өзінің ой-пікірін жеткізуге мүмкіндік беретін алаңдарға айналып келе жатыр. Миллиондаған адамдар арасында танымал тұлғалардың постары талқыға түсіп, бір жалғыз жазбаның өзі қоғамдық ой-пікірді қалыптастыруға үлкен ықпал етеді. Қазіргі Қазақстандағы әлеуметтік желілер қолданушыларының саны мен олардың осы желілердегі белсенділігі әлеуметтік желілердің халық арасында үлкен орынға ие екендігін білдіруде. Белгілі бір пікірдің осы алаңдарда таралуы оның басқа адамдардың пікірінің қалыптасуына әсер ету мүмкіндігін арттырады және ықпалын бірнеше есе үлкейтеді. Әлеуметтік желілердің ыңғайлығы, қолайлығы және басқа қолданушылармен оңай қарым-қатынас құру функциясы осы желілердің жаппай жастармен қолдануының себебтеріне жатады. Осы желілерде таралған ақпараттар, оған қатысты танымал тұлғалардың пікірлері, халықтың дискуссиялары қоғамдық қоғамды қалыптастыруда үлкен рөлге ие [5] .
Қазақстандағы және шет елдердегі әлеуметтік желілердің жастарға әсерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтары неде? Қазақстандағы әлеуметтік желілердің ең белсенді қолданушылары болып жастар саналады. Осы медияның қазақ жастары мен өзге ұлт жастарына әсері көбінесе ұқсас болып келеді. Алайда, кейбір елдердегі әлеуметтік желілердің ықпалы Қазақстандағы жағдайдан қатты өзгеше. Мысалы, Қытай елдерінде әлеуметтік желілердегі контент пен таратылып жатқан ақпараттар қатаң бақылануда. Бұл елде цензураның ең ауыр түрлері кездеседі: журналисттерді қорқытудан түрмеге жабуға дейін. Қағаз шығарылымдар ғана емес, виртуалды кеңістік те Қытай елінің Коммунисттік партиясымен қадағалануда [6] . Осы елдердегі әлеуметтік желілердің қатаң бақылануы оның жастарға деген әсерінің кішкене өзгеше екенідігін көрсетеді. Ал АҚШ елдерінде прессаға қатысты либералды саясаты әлеуметтік желінің еркіндігінде көрінеді, бірақ бұл елдерде де желідегі ақпарат тексерістен өтеді. Интернеттегі материалдардың мазмұнына бақылау жасау арқылы желідегі қауіпсіздік қолға алынып жатыр. Статистика бойынша, дамыған елдер жылына осы істер үшін 10-100 миллион доллар шамасында ақша бөледі. Интернеттің қоғам пікіріне деген ауқымды ықпалына сәйкес, елдер ұлттық қауіпсіздік үшін жылына көптеген қаражатты бөлуде. Жалған ақпарат таралуы мен басқа да қауіптердің болуы елдерге әлеуметтік желілердің қатаң бақылануына әкеледі [7] . ... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz