Әли Байжолов туралы естеліктерге кезек берсем


Негізгі бөлім
1. 1 Әли ұстаз-өз ұлты мен жұртының ағарту саласындағы жанашыры
Әли Байжолов 1928жылы 3 наурызда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы,
1 май елді мекенінде шаруа отбасында дүниеге келген. Жастайынан ата-анасынан қазақтың халық ертегілерін, қызыққа толы аңыз әңгімелерін тыңдап, пілте шамның жарығымен батырлар жыры, қисса-дастандарды жатқа оқыған жас Әли Байжоловта ұстаз болсам деген арман болады. Сол арманның жетегімен 1944-49 жылдары Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін үздік бітірген соң, 1950-1958 жылдары Қызылорда облысына қарасты орта мектептерде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, «Ашықұдық» 7 жылдық мектебінің директоры, аудан нұсқаушысы қызметтерін атқарады. 1950 жылдардан бастап Қазақ КСР Ғылым академиясы жанындағы Тіл және әдебиет ғылыми -зерттеу институтында ұлы жазушы, академик М. Әуезовтің қолдауымен қазақ тіл білімі ғылымының көрнекті ғалымдары І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев, Ы. Мамановтармен бірге он жылдан аса уақыт қызмет істеген. Арнайы жолдамамен сол кездегі Н. В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтына оқытушылық қызметке жіберіледі . . .
Өз ортасында беделді, білімді профессор қашанда өзінің тағылымды жолымен кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге бола білді.
Зерделі ғалым, ұстаз, профессор Әли Байжоловтың адами болмысы ешкімге ұқсамайтын ерекше қасиеті әкесі Байжолдан тараған деп айта аламыз.
Байжол ақсақал да текті тұқымнан тараған, көзі ашық, көкірегі ояу зиялы адам болған. Кешегі XX ғасырдың басындағы жаппай «колхоздастыру» дейтін аласапыран заманда күллі Сыр өңіріндегі ел басқару ісіне белсене араласқан, қоғам қайраткері, соған қоса өз дәуірінің дәулетті кісісі болған. Байжол ақсақал 1937-39 жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін кезеңінде елден «Итжеккенге» айдалып, кейін атылып кеткен. «Байқұлақтың баласы» деген жаланы жамылған Әли Байжоловты кеңестік бюрократтық жүйе қудалауын қоймайды. Алайда Әли Байжолов Кеңес Одағының батыры, соғыс және еңбек
ардагері Н. Илясовтың Нәзира атты туған қарындасына үйленген соң, қудалау құрығынан құтылады.
1. 2 Ә. Байжоловтың ғылыми еңбектері мен мақалалары
«Ұстаз болу өзіңнің уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау» демекші, әрбір ұстаз өз ұлты мен жұртының ағарту саласындағы жанашыры, бағдаршамы бола білуі абзал.
Сондай жандардың бірі-Әли Байжолов. Қалалық және облыстық архивке барып, қаншама том-том құжаттарды қарай отырып, мына мәліметтермен таныстым.
- Әли Байжолов «Фонетика», «Көне түркі жазба тарихы», «Диалектология», «Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін тану » пәндерінен студенттерге дәріс оқыды.
Ә. Байжоловтың ғылыми жұмысының бағыты «Қостанай, Арқа өңірі қазақтарының диалектологиясы». Көптеген жылдар осы тақырыпта зерттеу жұмыстарын жүргізіп, 1960 жылдары «филология ғылымдарының кандидаты»дәрежесін сәтті қорғап, профессор атағын алды.
2. Әли Байжолов кафедрада шамамен 15 жылдай жұмыс істейді, жеткілікті педагогикалық тәжірибесі бар. Диалектология, көне түркі жазуы, қазақ тілі бойынша практикалық курстарды көптен бері жүргізіп келеді. Ә. Байжолов өзінің пәні мен оқыту әдістемесін жақсы біледі. Сабақ барысында оқу материалдарын жоғары деңгейде баяндайды.
3. Жақында доцент Ә. Байжолов мамандардың жетіспеушілігінен қазақ әдебиеті пәнін жүргізеді. Бұл салада тәжірибе алмасу үшін жеткілікті тәжірибесі жетіспейді, сол себепті профессор Қоңыратбаев пен аға оқытушы Н. Нұржановтардың дәрістері мен практикалық сабақтарына көбірек қатысу қажет. (38-бет)
Ә. Байжоловтың еңбектеріне келетін болсам, Қазақ тіл білімі проблемаларына арналған 50-ге жуық ғылыми-көпшілік, әдістемелік мақалалары мен 2 монографиясы жарық көрген. «Дыбыс (фонема) түсінігі туралы» [2]
(«Денсаулық» журналы 1995жыл, №1, 2 саны 3-6 бет), «Көркем шығармалар текстерін талдау» еңбегі 2-бөлім, 1994жыл, Асқар Тоқмағамбетовтің 70 жылдығына «Ақын мерейі» атты мақаласы. Ендеше жерлесіміз Асқар ақын туралы жазылған мақаласына тоқталып өтейін.
«Ұлттық жазба әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі Асқар Тоқмағамбетовтың өлеңдерін көңілді балалық шақ пен инемен құдық қазғандай қиын оқу жылдарында жаттап өстік. Тіпті есейген жылдар-сүйікті еңбек майданына араласқан кезде де Асқар ағаның толғамға толы өлең-жырларын, фельетондарын жаттап айтып жүрген куәгердің бірімін. Халқы таныған майталман шебердің бұлбұл нақышты, сөз музасының құдіреті жатқан шешен тілі-суреткерлік мұрасы өлеңдерін тез баурап, жаттап алуға тиек болған-ды.
Саналуан жанр және тақырып атаулының баршасын бірдей қамтыған Асқар ақынның суреткерлік бір қыры-шешендік толғау, екіншісі-айшықты сөз сарасы бар саяси лирикасы, үшіншісі-профессор Мұхтар Әуезов баға берген «қырғи тілді» сатирасы, тағы басқалар. Осы айтылған сан саланың бәрі де реалист суреткердің тақырып таңдау мен оқиғаның маңыздылығын қоғамдық талапқа сай бағдарлауынан, парасатынан туғаны байқалады.
Абайдың суреткерлік талғамын Асқар Тоқмағамбетов те игеріп, дамытып келеді. Туған әдебиетімізде Асқардың тіл мәдениетін, ақындық шеберлігін өзі теңдес қаламгерлердің қай-қайсымен салыстырып қарауға болады.
Асқар табиғат өмір құбылысын қаз қалпында -өз көркі, өз сынымен келтіріп, нақыштау шеберін кеңейтіп, нәрлендіріп жібереді. Мыс:
Дария тасып, күн жылынса,
Су бұрқырар, сең көшіп , -дегенде жалаң табиғат көркі ғана бар. («Бөпешім»)
Көктің бұлты нұрын құйып,
Төгіп жаңбыр нөсерін.
Шашын жуған сұлу қыздай,
Әсемдеп бәйшешегін, -деп келетін жолда («Жаз жыры») бәйшешектің жаңбырдан соңғы құлпырысы -«шашын жуған сұлу қыздай», «Күле қарап», «Желмен жұпар сеуіп» . . . жауқазын атып тұрады. Демек, жалпы табиғаттың мінсіз, қарапайым көрінісі сұлу қыз бейнесіне ауысып, өзгеше әсем пейзаждық көрініске айналады. Сөйтіп, авторлық идеямен сәйкестеніп, жаңаша талғаммен құлпырып, көріктеніп кетеді.
Асқар тілге бай және сөзді эмоциялық-экспрессивтік мәніне қарай сапаландырып, саралап қолданатын ақын. Оның тілге жеңіл, ұғынықты әсем, асыл сөзді шығармаларының «құдірет күші» бірден баурап алу сыры осында. М. Горький айтқандай, әсіресе, шығарманың көркем қабатын жасайтын өзгеше материал-көркем тіл жөнінен ақын поэтикалық мақсат, мұрат мирасқоры болуға тиіс. Сөз қолданыс, тіл ширақтығы жөнінен осы жауапкершілік Асқар поэзиясында молырақ ұшырасады.
Ақынның сатиралық жанрды қалыптастырып, әдебиетте дамытуы жөнінде академик-жазушы Ғ. Мүсірепов 1950 жылдардың басында былай дейді: «Асқар қазақ совет әдебиетінде сатиралық жанрды жалғыз сүйреп келеді деуге болады. Соңғы жылдары фельетон, сатиралық өлең жаза бастаған бір топ жастарымыз шығып қалғанымен тұрақтағаны әлі аз»
Туған әдебиетте өскелең өмір ұсынған сан алуан тақырыптарды күллі жанр бойынша жазып, өзіндік тіл, стиль композиция аясында дамытып келе жатқан ақынға оқушылары дән риза. [7]
1. 3 Үлгілі ұстаз-өнегелі отбасы
Әли Байжолов жары Нәзира екеуі алты бала тәрбиелеп өсірген өнегелі отбасылардың бірі. отбасында екі ер баласы, төрт қызы бар. Ағайдың болашағынан көп үміт еткен кіші баласы Сәкен жас кезінде суға кетіп қайтыс болады. Қыздары-Роза, Рая, Раушан, Шолпан -барлығы да жоғары білімді, қазіргі уақытта үш қызы Астана қаласында тұрады, Раяның жолдасы - тарих
ғылымдарының профессоры. Кіші қызы Шолпан өмірден ерте өтеді. Араға уақыт салып Нәзира апай да өмірден өтеді. Екінші баласы-Байжолов Әнуар туған
жылы 02. 08. 1951 жылы, мамандығы-қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қалтай Мұқаметжанов атындағы № 1 май мектебінде қызмет атқарған. «ҚР Білім беру ісінің үздігі» 2001 жылы 50 жасында қайтыс болды. Әнуар ағамыздан үш қыз, бір ер бала қалды.
Келіні-Оразбаева Жамиля Бердибаевна 01. 09. 1951 жылы туылған. 1 май мектебінде орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беріп, 2009 жылы зейнетке шыққан.
Қазіргі таңда Жамиля апамыз қарашаңырақта А. Байтұрсынов көшесі 55 «б» үйде ұлы-Төленбекпен бірге тұрып жатыр.
1. 4 Естеліктер сыр шертсе . . . ( әріптестері мен шәкірттері)
«Жазылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы . . . » (М. Мақатаев )
Әли Байжолов туралы естеліктерге кезек берсем. Мен және жетекшім екеуіміз бұл материалдарды Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап кітапханасы және А. С. Пушкин атындағы орталық кітапхана, Қорқыт ата университетінің кітапханасындағы Ә. Байжоловтың шәкірттері мен әріптестерінің жазған естелік кітаптары мен баспасөз беттеріндегі мақалаларынан алдым.
Бағдат Кәрібозұлы: «Әлекеңнің өзі тұрғыластар арасында ешкімге ұқсамайтын бітім-болмысы, мінез-көзқарасы, білім-білігі бөлек жан. Біздің арамызда да алғашқы әсерінде-ақ жаратпай қалғандар бар. Бірақ «шырпының сырты қалың болғанмен, адамзат жылулықты содан табады» дейді ғой. Әлекең де сол секілді . . . Алдынан дәріс алған төрт жыл ішінде о бастағы қатқылдау көрінген ағайыңның бітім-болмысы бірте-бірте көзіңе жылы ұшырайды екен.
Ұлыққа жағынуды, бишараға жалған жанашырлық жасауды білмейтін Әлекеңді марқұм Әуелбек Қоңыратбаев та жанына жақын тұтты. Ұлағатты ұстаз барлық кезеңде адамнан асқақ тұрды деп жалған марапаттау жасасақ, алдымен ағайдың өзі риза болмас еді. Әркім өмірден өзіне лайықтысын қалап алар, ал біз дүниеге
сирек келетін осындай жанның өнегелі ісін, білім-білігін әрқашан мақтаныш тұтамыз.
Әлекең еңбек жолын ұстаздықтан бастап, газет қызметкері, ғалым-зерттеуші, ғылым кандидаты, докторлық дәреже бағытында жүргізген жұмыстары-барлығына 42 жыл жұмсаған екен. Түрлі баспасөз беттерінде жарық көрген еңбектері тіл ғылымындағы құнды дүниелер. Себебі Әлекең ғылымға өтірік қоспайды, өзгеден байқап қалса оған жол бермейді де.
Әлекең бір орында отыратын лабораториялық ғалым емес. Диалектологиялық объектілерді зерттеу мақсатында жүргізген экспедициялық жұмыстары кейінгіге үлкен өнеге боларлықтай. Ауызекі, әдеби тілі де шұрайлы, халықтық лексикаға суарылған. Құлаққа жағымды және тосын естіген сөздердің өзі қашаннан қаныңа сіңіп қалған қазақтың қолтума қазынасы болып келеді.
Қаншама қырын теріп жазсақ та Әлекеңнің басындағы бар қасиетті жинақтап көрсету қиын. Ол қасиеттерді қабілетіңе қарай бөліп алуға болады, бәрін емес. Бәрі тек Әлекеңнің өзіне ғана берілген. Ал, Әлекеңді бітім-болмысымен қайталау мүмкін емес. [6] (Бағдат Кәрібозұлы «Өркениетке өріс» кітабы «Бір ұрпақтың мақтанышы» 49-50-бет 83. 3(5қаз) К25)
Жеңіс Сәдуақасұлы -филология ғылымдарының докторы, Қорқыт Ата университетінің профессоры, (бұрынғы Н. В. Гоголь атындағы пединституттың 1971жылғы түлегі) : Маған сабақ берген ұстаздардың арасында кез-келгенге ұқсай бермейтін мінезімен, іс-әрекетімен, кескін-келбетімен менің ғана емес, талай шәкірттерінің есінде ұзақ сақталатын кісі-Әли Байжолов болуға тиіс.
1967жылы менің оқу орнына қабылдау емтихан комиссиясының құрамында ақ шашты кісі осы Әли ағай еді. Содан бері әуелі студент, кейін қызметтес болып біраз жылды бірге өткіздік. Алуан түрлі мінезіне куә де болдық. Біз ұстаз бен шәкірт ретінде де, аға мен іні ретінде де етене болмаса да, дос болдық, пікірлес болдық.
Әлекең қай кезде де, қай істе болмасын, маған сенетінін байқататын, мен де ол кісінің ойынан шығып жүрдім. Мүмкін, менің институтты үздік бітіріп, мектепте алдыңғы қатарлы мұғалім атануыма, кейін ғылымға бет бұруыма сол тұстағы
ағайдың қойған талаптарының да септігі тигеніне күмәнім жоқ. Өйткені, ол студенттерден қазақ тілінің теориясын білумен бірге, әріпті дұрыс салудан бастап, жазу емлесін қатаң сақтауға дейін талап ететін. Оқуға жаңа қабылданған
студенттерге алғашқы күнгі сабақта-ақ диктант(жаджазу) жаздыратын. Маған алғаш студенттер конференциясына ғылыми тақырып ұсынып баяндама жасатқан, сол баяндаманың республикалық турда бірінші орын алуына жетекшім ретінде алғаш қуанған да осы Әлекең болды. Демек, ол маған сенді, келешек менен бірнәрсе шығатынын байқады. Сол кезден бастап менің де Әлекеңнің қазақ тілінің жан-жақты білгір мамандарының бірі, әсіресе түркі тілінің тарихын, диалектология мәселелерін жетік меңгерген, ғалым екеніне көзім жетті.
Лекцияны да, практиканы да өзі беретін, жазда диалектологиялық практикаға аудандарға шығатынбыз, әр аудандағы тіл ерекшеліктерден материалдар жинап, келген соң есеп беріп, бағаланатын едік.
Лекция оқу кезінде ағай анда-санда сарғайған жапырақ-жапырақ қағаздарына көз салып қойғаны болмаса, көбіне тақтаға жазып түсіндіретін. Жазулары майда болғанымен, түп-түзу, әріптері ап-анық түсуші еді. Сөзге шешен, ойын анық, айқын, нақты мысалдармен, орамды теңеулермен дәлелді түрде жеткізетін. Өз басым ағайдың әр лекциясынан кейін, тіпті басқа кісілермен әңгімелесуіне куә болып қалған кездерде де, сөз қолданыстағы шеберлігіне, тіл байлығына, астарлап сөйлейтін ой ауқымына үнемі таңданып жүруші едім.
Әли ағай семинар, лабораториялық сабақтарда жаттығу мысалдарын талдауға, жазу жұмыстарындағы орфографиялық қателерге көп көңіл бөлетін, сұрақтарға нақты жауап беруді талап ететін.
Араға жеті-сегіз жыл салып университетке оқытушы болып келгенімде де қолдаушылардың бірі Әли ағай болды. Сол кезден бастап қызметтес аға-іні ретіндегі қатынасымыз қалыпты күйінде қалды. Ғылыми жұмыспен айналысып жүрген уақыттарда ағайдың лекциялары арқылы сырттай таныс болған талай көзі тірі ғалымдармен кездесіп, соларды аға, ұстаз тұттық. Кандидаттық кейін докторлық қорғау кезінде де, кафедра меңгерушісі қызметінде жүргенімде де
ағалық ақыл-кеңестерін аямады, «кешегі студентсің» деп менсінбеген, жоғарыдан қараған кездері болған емес.
Айтимов Мұратбек Кенжебайұлы Қорқыт Ата университеті, филология ғылымдарының докторы:
«Сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан»- деп ұлы Абай айтқандай адамзат баласының өмірден өз орнын тауып, азамат болып қалыптасуында ата-ананың рөлі қандай болса, шәкіртті тәрбиелеп, білім нәрін құятын ұстаздың орны да бөлек деп айта аламыз.
Біздің К-118 оқу тобының кураторы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Әли Байжолов ұстазымыз бізге «Қазіргі қазақ тілі» теориялық курсы бойынша «Фонетика» бөлімі пәнінен, «Диалектология», «Практикалық қазақ тілі» пәндерінен дәрістер оқыды, семинар сабақтарын жүргізді. Әли ағай ұстазымыздың сол кезде 50 жастан енді ғана асқан кезі еді. Әли ұстазымыз «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бөліміне енді ғана қабылданған 1-курс студенттеріне міндетті түрде диктант жазба жұмысын жаздыратын. Орта мектепті бітіріп, жоғары оқу орнының қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына қабылданған барлық студенттің орфографиялық сауаттылық деңгейін пысықтау, тексеру мақсатындағы ұстазымыздың осылайша диктант жазба жұмысын жаздыртуы - өте пайдалы әдістемелік озық іс.
Әли ағайымыз өзінің дәрістік, семинарлық сабақтарын ғылыми-теориялық жоғары деңгейде өткізетін. Тіл білімінің бұрынғы - соңғы іргелі ғылыми еңбектерін, отандық және шетелдік ғалымдардың теориялық тұжырымдарын, мәтіндік тәжірибелік талдауларын қазіргі қазақ әдеби тілі қорындағы үлгілермен салыстыратын. Дәрістерін де, семинар сабақтарын да өте қызық етіп түсіндіретін. Отандық және шетелдік ғалымдар пікірлерін салыстыра баяндаулары кезінде өзіндік тың тұжырымдарын нақты мәтіндер бойынша талдап, саралап көрсететін. Кейбір ғалымдардың пікірлерімен келіспейтін өзіндік теориялық-тәжірибелік ойларын сыншылдық тұрғысында ашық айтатын. Біз Әли ұстазымызды өз пәнін шексіз сүйетін білімдарлығын, оқып жатқан болашақ жоғары білімді филолог
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz