Табиғат қорғауға арналған резерваттар


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

СӨЖ

Тақырыбы:Ерекше қорғалатын тарихи аумақтар.

Мазмұны:

1. Кіріспе

Негізгі бөлім

2. Ерекше қорғалатын тарихи аумақтар

2. 1. Қазақстандағы ұлттық табиғи қорықтар, саябақтар

3. Қоршаған ортадағы ерекше қорғалатын аумақтардың алатын орны

4. Қорытынды

5. Пайдаланылған әдебиеттер.

‎Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар - қоршаған табиғи ортаны қорғауға байланысты мемлекет және жеке адамдар тарапынан арнайы бөлініп қорғауға алынған жер телімдері мен су айдындарының жеке бөлімдері. Қазіргі кезде дүние жүзінде Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың саны 13 мыңнан асты, бұл Жер бетінің 8, 5 %-ына тең.

Халықаралық жіктеу бойынша Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар 10 топқа бөлінеді:

1. Қатаң түрде қорғалатын қорықтар, табиғи-ғылыми резерваттар; 2. Ұлттық саябақтар; 3. Табиғат ескерткіштері мен табиғаттың ерекше көрікті нысандары; 4. Табиғат қорғауға арналған резерваттар; 5. Қорғалатын ландшафтылар; 6. Табиғат ресурстарын сақтауға арналған резерваттар; 7. Антропол резерваттар (адамның іс-әрекеттерімен жасалған нысандарды қорғау) ; 8. Жергілікті жердің өзіне тән табиғаты қорғалатын және түрлі мақсатта пайдаланатын аумақтар; 9. Биосфералық резерваттар; 10. Бүкіләлемдік маңызы бар тарихи және табиғи орындар.

Қазақстан Республикасы 2006 ж. 7 шілдесінде қабылданған «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 4-тарауының 4-бабында респ. маңызы бар Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы түрлері: мемлекеттік табиғи қорықтар; мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар; мемл. табиғи резерваттар; мемлекеттік зоология саябақтар; мемлекеттік ботаникалық саябақтар; мемлекеттік дендрол. саябақтар; мемлекеттік табиғат ескерткіштері; мемлекеттік табиғи қорықшалар; мемлекеттік қорықтық аймақтар. Қазақстан бойынша Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға: 10 мемлекеттік қорықтар, 10 мемлекеттік ұлттық саябақтар; 3 табиғи резерваттар; 49 табиғи қорықшалар, 127 геологиялық табиғи-қорықтық қор, 5 қорықтық аймақ, 6 ботаникалық және 3 зоологиялық бақтар, 26 мемлекеттік табиғат ескерткіштері, 2 ірі резерват (Семей, Ертіс орманы) бар. Бұлардың жалпы аумағы 2 млн. га-дан астам. Бұл көрсеткіш республиканың жалпы жер аум-ның 8%-ына тең. Халықар. стандарт бойынша әрбір мемлекеттің жалпы жер аумағының 10 - 12%-ы Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға бөлінуі тиіс. Мыс., мұндай көрсеткіш Германияда 31, 5%, АҚШ-та 15, 8%, Жапонияда 14%, т. б. 2008 ж. Дүниежүзілік мұралар комитетінің 32-сессиясының шешімімен ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік табиғи мұралар тізіміне, Орт. Азия мен Қазақстан бойынша алғаш рет Қорғалжын қорығы мен Наурызым қорығы енгізілді. Биосферадағы экожүйелердің бастапқы қалпын сақтап калу және корғау тірі организмдердің сан алуан түрлілігін сақтау мәселелерімен тығыз байланысты [2] .

Қазіргі кезде Жер шарында адамның аяғы тимеген және іс-әрекетінің әсеріне ұшырамаған алқаптар жоқтың қасы. Дегенмен де табиғаттың бастапқы табиғи қалпы сақталған немесе антропогендік факторлардың ықпалы онша байқала коймаған экожүйелердің біраз бөлігін табиғи эталон ретінде сақтап қалудың маңызы зор. Өйткені мұндай аумақтар антропогендік факторлар көбірек ықпал еткен аймақтармен салыстыру үшін қажет. Халықаралық қабылданған ережелерге сәйкес әрбір мемлекеттің жалпы жер аумағының 10%-ы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін алуы қажет. Ерекше корғалатын табиғи аумақтарға биосфералық қорықтар, мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, қорықтық аймақтар, корықшалар және т. б. табиғи нысандар жатады. Соңғы деректер бойынша дүние жүзінің 100-ден астам ірі мемлекеттерінде 1000-нан астам ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылған. Мұндай аумақтардың жалпы көлемі 230 млн га жерді алып жатыр. Бұл жер бетіндегі құрлықтың 1, 6%-на тең.

Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заң 1997 және 2006 жылдары қабылданды. Мұндай Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылу мақсаттарына және табиғат корғау ережелеріне сәйкес бірнеше топқа бөлінеді.

1. Мемлекеттік ұлттық қорықтар.

2. Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар.

3. Мемлекеттік табиғи резерваттар.

4. Мемлекеттік корықтық аймақтар.

5. Мемлекеттік табиғи қорықшалар.

6. Мемлекеттік табиғат ескерткіштері.

7. Мемлекеттік зоологиялық бақтар.

8. Мемлекеттік ботаникалық бақтар.

9. Мемлекеттік дендрологиялық бақтар және т. б[3] .

Ұлттық табиғи саябақтар. Ұлттық табиғи саябақтарда табиғат қорғау жұмыстарымен бірге табиғат қорғауды насихаттау, экологиялық білім мен тәрбие беру, туризмді үгіттеу жұмыстары қоса жүргізіледі. Елімізде 10 ұлттық табиғи саябақ ұйымдастырылған. Ұлттық табиғи саябақтар көбіне табиғаттың көрікті жерлерінде ұйымдастырылып, шаруашылық жұмыстарды табиғат қорғау жұмыстарымен үйлесімді жүргізуге ерекше мән беріледі. Елімізде соңғы жылдары Шарын (2004 ж. ), Сайрам-Өгем (2006 ж. ) және Көлсай көлдері (2007 ж. ) ұлттық табиғи саябақтары ұйымдастырылды. Алдағы уақытта елімізде тағы да 5 ұлттық табиғи саябақ (Жоңғар Алатауы, Ақсу-Лепсі, Бұйратау, Зайсан, Ақжайлау) ұйымдастыру қарастырылуда.

Табиғи қорықшалар-белгілі бір ерекше табиғи аумақтардағы барлық табиғат байлықтарын кешенді корғауға немесе өсімдіктер мен жануарлардың жеке түрлерін корғау мақсатында үйымдастырылады. Сондықтан қорықшалар кешенді, зоологиялық, ботаникалық, геологиялық және т. б. деп бөлінеді. Кейде қорықшалар уақытша (он не жиырма жыл мерзіміне) немесе тұрақты түрде ұйымдастырылады. Қорықшаларда табиғат корғау жұмыстары онша қатаң түрде жүргізілмейді және шаруашылық жұмыстардың жекеленген түрлеріне ғана тыйым салынады.

Табиғат ескерткіштері-көбіне тарихи-табиғи және ғылыми мәні зор жеке табиғат нысандарын ғана (өсімдіктердің, жануарлардың жеке түрлері, үңгірлер, сарқырамалар және т. б. ) қорғауды көздейді. Олардың ғылыми-танымдық мәніне ерекше көңіл бөлінеді. Елімізде республикалық мәні бар "Қаз қонақ" (Ертіс өзенінің жағалауында), "Шарын шаған тоғайы", "Шынтүрген шыршалары" (Алматы облысында) "Баум тоғайы" (Алматы қаласында) жәнө т. б. табиғат ескерткіштері бар.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жаңа түрі-табиғи резерваттар. Елімізде Ертіс өзенінің алқабындағы реликті қарағайлы ормандарды қорғау мақсатында 2003 жылы "Ертіс орманы" және "Семей орманы" деген табиғи резерваттар ұйымдастырылды. Табиғи резерваттарда қорықтық белдем де, шаруашылық жүргізілетін алқаптар да бірге қорғалады. Табиғи резерваттарда, негізінен, биологиялық сан алуан түрлілікті сақтауға және оны қалпына келтіруге айрықша көңіл бөлінеді.

Біздің елімізде ерекше корғалатын табиғи аумақтардың негізгі түрі - мемлекеттік табиғи қорықтар. Қорықтар ғылыми мекемелер қатарына жатады. Қорық аумағында ешқандай шаруашылық жұмыстары жүргізілмейді, онда тек ғылыми-зерттеу жұмыстары ғана жүргізіледі. Сондықтан қорық аумағында жоғары білімі бар арнайы мамандар ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысады. Қазір Қазақстанда 10 мемлекеттік табиғи қорық бар. Қорық аумағындағы барлық табиғат байлықтары түгелдей катаң түрде қорғалады. Сонымен бірге қорықтар белгілі бір экожүйелерді қорғау мақсатында арнайы ландшафтыльщ аумақтарда ұйымдастырылады. Мысалы, шөлді, далалы, су-батпақты және т. б. экожүйелердің қорықтары деп бөлінеді. Далалы аймақта ұйымдастырылған Наурызым, Үстірт және Барсакелмес қорықтары шөлді аймақтың табиғи бірлестіктерін қорғау мақсатында ұйымдастырылған. Бұл қорықта 1953 жылы Түрікменстаннан әкелініп құлан жерсіндірілді. Алтынемел ұлттық табиғи саябағында да жерсіндірілген. Ал Қорғалжын қорығы сулы-батпақты алкаптың табиғат байлығын қорғайды. Келешекте Торғай, Сарықопа жәнө Тарбағатай қорықтарын ұйымдастыру көзделуде [1] .

Қорықтар:Ақсу-Жабағылы, Алакөл, Алматы, Барсакелмес, Батыс Алтай, Қаратау, Қорғалжын, Марқакөл, Наурызым, Үстірт.

Ақсу-Жабағылы қорығы - Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан Қазақстан тұңғыш қорық. Ол 1926 ж. құрылған. Құрамында Қаратаудағы «Қарабастау» (126 гектар) және «Әулие» (100 гектар), телімдері бар. Жерінің ауданы 128118 гектар (2007) . Қазір Ақсу - Жабағалы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген. Қорық бірнеше биіктік белдеуде жатыр. Тау өңірінде бидайық, түрлі шөптер, боз жусан, жоғарысында селдір арша орманы, субальпі және альпі шалғыны өседі. Одан жоғарысын мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан. Ақсу - Жабағылы қорығының жерін Ақсу өзенінің аңғары (тереңдігі 500 м-дей) жарып өтеді. Өсімдіктер дүниесі әралуан. Онда мүктің 61, қынаның 58, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1400 (дәрі-дәрмектік өсімдіктерден: қылша, сасыр, иманжапырақ, түйежапырақ, сарыағаш, шәйқурай, талас уқорғасыны), техникалық өсімдіктен: арша, рауғаш, итқұмық, таран, жеміс-жидектерден: жабайы алма, шетен, шие, қарақат, бүлдірген, жемшөптік өсімдіктен жоңышқа, кекіребас, бедебас, түлкіқұйрық, көде, сондай-ақ эндемик өсімдіктерден майысқыш қияқ, талас қайыңы, ақшыл сары жоңышқа, қаратамыр, томағашөп, қандыгүл, реликті өсімдіктерден: жалған масақша, Минквиц кендіршесі, Қаратау сетені түрлері бар. Қорықтың жануарлар әлемі де өте бай: сүтқоректілердің 42 (арқар, таутеке, елік, марал, барыс, Тянь-Шань қоңыр аюы, борсық, сусар, т. б. ) ; құстардың 238 (гималай ұлары, кекілік, сақалтай, бүркіт, қара құтан, бозторғай, сарыторғай, ителгі, шымшық, т. б. ) ; бауырымен жорғалаушылардың 9 (алай жалаңкөзі, сары бауыр кесіртке, қалқантұмсықты қара шұбар жылан, сұржылан т. б. ), қосмекенділердің 2 (жасыл құрбақа және көлбақа) және балықтың 2 түрі тіршілік етеді. Омыртқасыз жәндіктердің де алуан түрлері осы өңірде қоныстанған. Ақсу - Жабағылы қорығы - табиғаттың нағыз ғылыми лабораториясы, онда ғылыми-зерттеу жұмыстары үзбей жүргізіледі.

Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы Тентек өзені сағасының табиғатын және Алакөл аралдарындағы сирек кездесетін жануарларды сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылған. Алматы облысының Алакөл және Шығыс Қазақстан облысының Үржар аудандарында орналасқан. Аумағы 20743 га. Қорықтың аумағы 7 телімге бөлінген. Қорықта өте сирек кездесетін реликті шағаланың ұя салып, балапан өрбітетінін қазақ орнитологы Е. Әуезов 1968 - 69 жылдары жүргізген ғылыми жұмыстары кезінде анықтады. Қорық аумағындағы аралдар құстардың топталып ұя салуына өте қолайлы. Сондықтан да қорықты нағыз «құс базары» деп атауға болады. Қорық жануарлар дүниесіне өте бай. Мұнда балықтардың 15, қосмекенділердің 2, бауырымен жорғалаушылардың 14, құстардың 330 және сүтқоректілердің 21 түрі кездеседі. Омыртқасыздардан инеліктердің 34 түрі бар. Құстардың 15 түрі (бұйра бірқазан, қалбағай, қара дегелек, безгелдек, дуадақ, үкі, т. б. ) және балқаш алабұғасы Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Өсімдік жамылғысына да бай (өсімдіктің 270-ке жуық түрі өседі) . Қорықта жеті тақырыптық жоба бойынша ғылыми - зерттеулер жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Сондай-ақ «Табиғат жылнамасы» жазылады. «Табиғат мұражайы» жұмыс істейді, шағын дендрарий ұйымдастырылған. Қорық шекарасында ұзындығыы 2 км болатын қорғаныш белдем салынған. 2004 жылдан Қазақстан Республиканың Үкіметі мен БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігінің біріккен ұзақ мерзімге арналған жобасы қолға алынды. Алакөл қорығының туризмді дамытудағы маңызы зор. Алакөл Қазақстанның көз жауын алатын көлдерінің бірі. Жоңғар Алатауының солтүстік шығысында жатқан тұзды көл миниралды тұздар мен күкіртті батпаққа бай. Сонымен қатар, Сіз көл бойында 35 км созылып жатқан Құстар Аралынана Фламинго құстары мен басқа да 40 түрлі құстарды көре аласыз.

Алматы қорығы- Іле Алатауының орталық бөлігіндегі табиғат байлығын қорғау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 1931 жылы құрылған мемлекеттік корық. Ауданы 73, 34 мың га (1997) . Алматы қорығының құрамына теңіз деңгейінен 1400-5017 м биіктікте орналаскан Талғар тау жоталары енеді. Ол 4 биіктік белдеуден тұрады. Оның орманды-дала белдеуінде (1300-2600 м) алма, өрік, долана, қарақат, итмұрын, ұшқат өседі. Жабайы жеміс ағашты орман Тянь Шань шыршасынан тұратын қылқан жапырақты орманға (1400-2800 м) ауысады. Ал субальпі белдеуі (2600-3000 м) жартастар мен құлама шөгінділерден, шөбі аласа альпі шалғынынан тұрады. Одан жоғары (3800 м-ден биік) белдеуді ұдайы мұз басқан құздар алып жатыр. Қорықта өсімдіктердің 1300-ден аса түрі кездеседі, оның 112 түрі ағаштар мен бұталар. Алматы қорығы- жануарлар дүниесіне де бай. Онда сүткоректілердің 40 (барыс, коңыр аю, тас сусар, марал, таутеке, арқар, елік, суыр, тиін, т. б. ), құстардың 200-дей түрі (самырсын құсы, шырша торғай, тоқылдақ, бұлбұл, үкі, кептер, қара және сары шымшық, құр, ұлар, қозықұмай, сушыл торғай, арша емен- тұмсығы, т. б. ) бар. Бауырымен жорғалаушылардан: алай кесірткесі, қалқан тұмсықты жылан; космекенділерден: көлбакд мен жасыл құрбақа кездеседі. Қорықта ғылыми жұмыстар жолға қо- йылған. Ғалымдар орманның қалыптасу заңдылықтарын, өсімдіктер мен жануарлар экологиясын және олардың биологиялық ерекшеліктерін зерттейді. Қорықта көп жылдан бері "Табиғат шежіресі" атты күнделік жүргізіліп, онда жинақталған ғылыми мәліметтер Алматы қорығы туралы 9 томдық кітапта баяндалған. Барсакелмес қорығында өте сирек кездесетін флора мен фауна бар. Өсімдіктердің 256-дан астам түрлері және малдар, аңдар, сүтқоректілер және қос мекенділер өмір сүреді. Теңіздің құрғауына байланысты сирек кездесетін балықтардың түрлері жойылып, жаңа өсімдіктер мен малдар кездесіп жатыр.

Барсакелмес қорығы. Ол 1929 жылы тапсырма берушi сияқты негiзделдi. Ал 1939 жылға 10 желтоқсан күні мемлекеттiк қорықтың мәртебесiн алды. Теңіздің құрғауына байланысты судың тұздылығы нормасынан шектен шықты. Тұщы судың жоқтығы малдың өмір сүруін қиындатады. 1982 - 1991 жылдар аралығында 260 астам құландар республиканың басқа қорықтарына ауыстырылған. 137 бастардағы жемiсi қалған 50 ерекшерек қиырлар. Қазіргі таңда жылдық қорытынды бойынша құлан саны 20-25 басқа көбейді. Барсакелмес қорығында флора және фаунаның сирек кездесетін түрі бар. Балықтар саны жылдан жылға өсуде. Жуырда Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университеттің ғалымдары студенттермен бірлесіп экономика, экология және ботаниканы жаңартуда. Қорық бай кiтапхананы арқасында өз оқырмандары және оны табады жануартану және өсiмдiктануды табиғи лабораторияға айналып кетедi. Бүгінгі күннің басты мәселесі: 100-150 000 га және 400 000 га жерді сақтап, өсімдіктерді көбейту. Барсакелмес - республикадағы 9 қорықтың ішіндегі ең ерекшесі және оның өркендеуіне барлық қазақстандықтар қызығуы керек. Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы Арал теңізінің ортасындағы осы аттас жерде алғаш 1929 жылы қорғалым ретінде пайда болса, 1939 жылдың 10 желтоқсанынан бері өзіне лайық статусқа ие. Сол уақытта Қазақ КСР Халық Комиссарлары кеңесінің №973 қаулысы негізінде қаз тұрған бұл құрылымның тұрақ тепкен жері өте қолайлы мекен болатын. Оның ең биік бөлігі теңіз деңгейінен 100 метрге дейін баратын. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының басынан Сырдария және Әмудария өзендері арқылы Арал теңізіне келіп құятын судың мөлшері күрт азая бастауына байланысты теңіздің бірте-бірте тартыла түсуі мұндағы қорықтың да жағдайын нашарлата берді. Ақырында мұндағы Барсакелместің “арал” атанғаны тарихтың тұнбасында қалды. Өйткені, теңіздің шығыс жағалауы құрлықпен қосылып кетіп, қорықтың елден ерек ерекшелігі естен шықты. Соған қарамастан осындағы өз істеріне ерекше берілген жайсаң жандардың жанқиярлық еңбектерінің арқасында атақты қорық жай тіршілік етіп қана қоймай, алғы күнге асқақ міндеттер тұрғысынан қарауда. Өкінішке қарай, 1997-1999 жылдары Барсакелместің арал болудан қалып, тұщы су көздерінің жоғалуы бұл жануарлардың жарамдыларын түгел басқа жақтарға жөнелтуге мәжбүр етті. Сол уақыттан бастап бұл жерден ұзын-саны 250 қаралы құлан көшіріліп әкетіліп, негізгі бөлігі Алматы маңындағы Алтынемел ұлттық паркіне жіберілсе, тағы бір тобы Маңғыстау маңындағы Үстірт жоталарына аттандырылды. Ал қорықтың өз басында алыс жолға шығуға жарамайтын, кәрі-құртаң елу шақты құлан алып қалынған еді. Аралдың шығыс бөлігінің үлкен материкпен жалғасып жатуы бір жағынан жазықсыз жануарлардың аман қалуына себепші болды. Ащы судың аранында қалған олар осы арқылы үлкен жерге шығып, өз нәпақаларын теріп жей алатын жағдайға жетті. Қорықтың директоры Мағжан Тұрсынбаевтың айтуынша, осы кезге дейін біраз киік пен қарақұйрық ішетін таза судың жоқтығынан қапысыз қырылып қалған екен. Екі араға өткел түскесін барып, бұл жерден 1500 киік пен 350 қарақұйрық сыртқа аман шығып үлгіріпті. Оқшау аралдағы ауыз судың тапшылығы, міне, аң-құстарды осындай халге дейін душар етті. Қазіргі таңда Барсакелместі мемлекеттік табиғи қорық ретінде сақтап қалудың барлық амалдары жасалуда. Атап айтқанда, еліміз Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы “Арал аймағына қолдау көрсету және дамыту шаралары туралы” №1121 қаулысы арқылы бекітілген іс-шараларға сәйкес құрғаған табанға өсімдіктен сүзгі орнатылуда. Мұнда құжаттың “Барсакелмес қорығындағы өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды зерттеу және талдау” деген 7-бабы негізге алынып, соған сәйкес жұмыстар атқарылуда. Енді Барсакелмес қорығының бүгінгі бет-бейнесіне келсек, соңғы екі жылдан бері оның көлемі бұрынғысынан 10 есеге артты. Сөйтіп, осы кезге дейін 16 795 гектар жерді алып келген аумақ 160 795 гектарға ұлғайды. Бұл Үкіметтің 2005 жылғы 25 қарашадағы №1162 қаулысының негізінде мүмкін болды. Оған еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұсынысы ықпал етті. Осылай қорық жері Қасқақұлан аралына дейін жалғасты. Жайылымның кеңейе түсуі өз кезегінде Барсакелмес аралында тұралап қалған жануарлардың көбею үдерісін жеделдетті. Қорықта 2005 жылғы қазан айында жүргізілген санақ аң-құстар дүниесінің динамикалық табиғи өсуін қанағаттанарлық деп тапты. Мекеменің штаттық кестесі ұлғайып, жаңадан көп құрал-жабдық, техника алынды [2] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық туризм жүйе ретінде
ҚОРЫҚТАР. ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ САЯБАҚТАР. ТАБИҒИ РЕЗЕРВАТТАР
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРЫ
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар жайлы ақпарат
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар туралы мәлімет
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар туралы ақпарат
Табиғатты қорғауға арналған резерваттар
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жалпы сипаттамасы
Табиғатты қорғау іс-әрекетінің заң шығарушы және нормативті құқықтық базасы. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы ҚР заңы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz