Мәліметтер қорларын пайдаланатын ақпараттық жүйелер
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Физика-математика факультеті
Информатика кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пушкин атындағы қонақ үйінің деректер базасын басқару жүйесін құру
Орындаған:
6В06103-Есептеу техникасы және
бағдарламалық қамтамасыз ету,
ВТиПО-31 тобының студенті
Тулеков.А
Жетекші:
Оқытушы, магистр, Дошева Г.А.
2023 жыл
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Автоматтандырылған мәліметтер қорымен қамтамасыздандырудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1 Ақпараттық жүйелер және мәліметтер қоры теориясы ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Қонақ үйдің ақпараттық жүйесінің құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
2. Пушкин атындағы қонақ үйінің ақпараттық жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ...9
2.1.Microsoft Access бағдарламасында кесте және SQL сұраныс жасау ... 10
2.2 Visual studio бағдарламасында мәліметтер базасын шақыру, интерфейсі мен функционалын құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
Пайданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
Кіріспе
Мәліметтер қоры дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Ең алғаш мәліметтер қоры ұғымы жаңадан қалыптасқан кезде онда шындығында мәліметтер сақталатын. Бірақ қазіргі кездегі көптеген мәліметтер қоры басқару жүйелері өздерінің құрылымдарында тек мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушымен және басқа да ақпараттық - программалық кешендермен қарым - қатынасының әдістерін де қамтиды. Сондықтан біз қазіргі заманғы мәліметтер қорында тек мәліметтер ғана емес, ақпараттар да сақтай аламыз.Мәліметтер қоры ақпараттық технологияда үлкен роль атқарады және үлкен көлемді ақпараттарды автоматты түрде өңдеудің маңызды құралы болып табылады. Мәліметтер қоры мәліметтермен жұмыс істейтін қарапайым және ыңғайлы құрал және өндірістің әр түрлі салаларында қолданылады. Мәліметтер қорының мүмкіндіктері мәліметтер қорының реляциялық жүйесі теориялық тұрғыдан жасалынып және жүзеге асырылғаннан кейін едәуір артты. Объектілі-бағытталған мәліметтер қоры мен білім қорының жүйесі кең көлемде таралымға ие болып отыр. Объектілі-бағытталған мәліметтер қоры реляциялық мәліметтер қорын басқару жүйелері шеше алмайтын қиын есептерді шеше алады. Білім қорларындағы мәліметтер қорының реляциялық жүйелерінде мәліметтерден аса жоғарғы деңгейдегі ақпараттарды алуға мүмкіндік беретін предикаттарды есептеу логикасы қолданылады. Есептеу желілерінің дамуы үлестірілген мәліметтер қорының ролін арттырып отыр. Клиентсервер технологиясы мәліметтерге орталықтандырылған қол жеткізу және басқарумен үлестірілген мәліметтерді өңдеуді білдіреді. Мәліметтер қорының жалпы теориясы, негізгі анықтамалар, мәліметтер қорының файлдық құрылымды мәліметтерден айырмашылығы мен артықшылықтары мәліметтер қорларын практика жүзінде қолдану кезінде қалыптасқан мәліметтер қорының әралуан модельдері, мәліметтер қорларын концептуальды жобалаудың принциптері мен бейнелеу деңгейлері беріледі. Теориялық негізін реляциялық алгебра, реляциялық есептеу құрайтын, қазіргі уақытта ең көп тараған реляциялық модель жеке қарастырылады. Мәліметтер қорларын пайдаланатын ақпараттық жүйелер. Оларды жергілікті ақпараттық жүйелер және бірнеше компьютерге таралған жүйелер деп айырады. Қолдану салалары бойынша ақпараттық жүйелерді өндірісте, білім беру саласында, денсаулық сақтау саласында, ғылымда, әскери істе, әлеуметтік салада, саудада және де басқа салаларда пайдалынатын жүйелерге бөлуге болады. Ақпараттық жүйелерді мақсаттық функция бойынша басқарушы, ақпараттық-анықтамалық, шешім қабылдауды қолдау сияқты негізгі категорияларға шартты түрде бөлуге болады. Файлсервер және клиентсервер сәулеті (архитектурасы) ақпараттық жүйелердің ең көп тараған сәулеттері болып табылады. Мәліметтерге қашықтан қол жеткізу моделі (Remote Data Access - RDA)бар ақпараттық жүйелерде ақпаратты ұсыну функциясы мен қолданбалы өңдеу логикасын жүзеге асыратын бағдарламалар біріктірілген және компьютер-клиентте орындалады. Мәліметтерді басқару қызметіне жүгіну SQL тілініңоператорларының көмегімен немесе API арнайы кітапханасының функцияларын шақырып жеткізу ортасы арқылы орындалады. Мәліметтер қорының серверінің(DataBase Server - DBS) алдыңғы модельден айырмашылығы компьютер-клиент функциясы ақпаратты бейнелеу функциясымен ғана шектеледі де, ал қолданбалы функциялар компьютер-сервердегі қосымшалармен қамтамасыз етіледі. Бұл модель RDA-модельге қарағанда барынша технологиялық болып табылады.
Пушкин атындағы қонақ үйі курсының курстық жобасының мақсаты-реляциялық деректер қорын жобалау кезеңдерін оқу, ақпараттық жүйелерді әзірлеу және енгізу бойынша практикалық дағдыларды меңгеру, реляциялық мәліметтер қорымен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру Microsoft Access құралдарын пайдалана отырып, жеке тапсырмаға сәйкес деректер қорын жүзеге асыру.
Microsoft Access бағдарламасы ол - кез-келген фирма, мекеме, шағын кәсіпкерлік шаруа-шылықтар бір-бірі турла мағлұмат алу үшін, немесе келісу үшін, арнайы қағаздар толты-рып, құжаттар дайыднап, қағаздардың санын көбейтіп әуре болмайды. Мұның бәрін осы бағдарлама жасайды. Бұл бағдарламада кесте түрінде, сызба түрінде, кез-келген фирманың толық мағлұматтары болады. Оны алып қарап, онымен тікелей жұмыс жасай беруге болады.
Microsoft Access бағдарламасы қазіргі кезде компьютерлік технологиялардың құрал ретінде кеңірек пайдаланылуы. Бұл бағдарламаны оқушыларға оқыту жүйесіндегі көптеген сатылардан біртіндеп меңгеру арқылы жүргізіледі. Microsoft Access бағдарламасы кеңінен қолданылатын бағдар.Microsoft Access бағдарламасы көбінесе, баспа қызметерінде, жоба жасау, типография-лық және топографиялық, жалпы инженерлік саланың бәрін де қызмет етеді.
1.Автоматтандырылған мәліметтер қорымен қамтамасыздандырудың теориялық негіздері
1.1 Ақпараттық жүйелер және мәліметтер қоры теориясы
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер (АЖ) деп техникалық құралдарды, атап айтқанда ЭЕМ қолданатын жүйелерді атайды. Қолданыстағы АЖ-лердің көпшілігі автоматтандырылған болып келеді, сол себептен оларды қысқаша АЖ-лар деп атайтын боламыз.
Ақпараттық жүйе деп ақпаратты өңдеуге арналған есептеу кешені аталады.Ақпараттық жүйе келесілерден:
Компьютерлік құрал-жабдықтан;
Программалық қамтудан; мәліметтерден;
Қызмет көрсетушілер құрамы (пайдаланушылар, әкімші) құралады.
Жергілікті ақпараттық жүйе деп бір компьютерде орнатылған және сонда жұмыс істейтін жүйе аталады.
Клиентсервер типіндегі компьютерлік желіде жұмыс істейтін ақпараттық жүйелер барған сайын кең таралуда. Бұл жүйелер мәліметтерді орталықтандырылған, сондай-ақ үлестірілген түрде өңделуді қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда жалпы мәліметтер серверлерде орналастырылады, ал клиенттік компьютерлерде жеке клиенттердің мәліметтері орналасады.
Мәліметтер қорымен жұмыс істейтін ақпараттық жүйелерді программалық қамту төмендегілерден:
жалпыға арналған программалық қамту;
қолданбалы программалық қамту;
мәліметтер қорын жобалауды автоматтандыру құралдарынан құралады.
Мәліметтер қорын ақпараттық жүйелерде қолданудың үлкен артықшылығы мәліметтер қоры мәліметтердің клиенттік бағдарламалардан тәуелсіздігін қамтамасыз етеді, пайдаланушылар мәліметтерді тасымалдағыштарда физикалық орналастыру мен оларға қол жеткізу мүмкіндігін ұйымдастыру мәселесінен құтылады.
Кең мағынада АЖ анықтамасына ақпаратты өңдеудің кез келген жүйесі жатады. Қолдану саласы бойынша АЖ-ларды өндірісте, білім беруде, денсаулықты сақтауда, ғылымда, әскери істе, әлеуметтік салада, сауда-саттықта және өзге де салаларда қолданылатын жүйелерге бөлуге болады. Мақсаттық қызметі бойынша АЖ-ларды шартты түрде келесі негізгі категорияларға бөлуге болады: басқарушы, ақпараттық-анықтамалық, шешімдерді қабылдауды қолдау.
Кейбір жағдайларда АЖ ұғымы қандайда бір қолданбалы мәселені шешуге пайдаланылатын аппараттық-программалық құралдардың жиынтығы деген өте тар түсініктеме түрде қолданылады. Ұйымдастыруда, мысалы, өздеріне сәйкес келесі міндеттер жүктелген ақпараттық жүйелер болуы мүмкін: мамандар мен материалдық- техникалық құралдардың есебін жүргізу, жеткізушілер мен тапсырыс берушілермен есеп айыру, бухгалтерлік есеп және т.б.
Мәліметтер банкі АЖ-ның бір түрі болып табылады, мұнда бір немесе бірнеше мәліметтер қорына ұйымдастырылған ақпаратты орталықтандырылған түрде сақтау мен жинаудың қызметтері жүзеге асырылған.
Мәліметтер банкі (МБ) жалпы жағдайда келесі компоненттерден: мәліметтер қорынан (бірнеше қорынан), мәліметтер қорын басқару жүйесінен, мәліметтер сөздігінен, әкімшіден, есептеу жүйесі мен қызмет көрсетуші персоналдан тұрады. Аталған компоненттер мен солармен байланысты маңызды түсініктерді қысқаша түрде қарастырып кетейік.
Мәліметтер қоры (МБ) есептеу жүйесінің жадында сақталатын және объектілер мен қарастырылып отырған пәндік салада олардың өзара байланысының жағдайын бейнелейтін, арнайы түрде ұйымдастырылған мәліметтердің жиынтығы болып табылады.
Қорда сақталатын мәліметтердің логикалық құрылымы мәліметтерді кейіптеудің моделі деп аталады. Мәліметтерді кейіптеудің негізгі модельдеріне (мәліметтер моделіне) келесілер жатады: иерархиялық, желілік, реляциялық, постреляциялық, көпөлшемді және объектілі-бағытталған.
Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) дегеніміз - бұл МҚ-ны құруға, енгізуге және оны көптеген пайдаланушылардың бірлесе отырып пайдалануына арналған тілдік және программалық құралдардың кешені. Әдетте МҚБЖ мәліметтердің қолданылатын моделі бойынша ажыратылады. Мысалы, реляциялық мәліметтер қорын пайдалануға негізделген МҚБЖ-лар реляциялық МҚБЖ-лар деп аталады.
Қосымша дегеніміз қолданбалы міндеттер үшін ақпаратты өңдеуді автоматтандыруды қамтамасыз ететін программа немесе программалар кешені болып табылады. Біз МҚ-н пайдаланатын қосымшаларды қарастырып отырмыз. Қосымшалар МҚБЖ ортасында немесе одан тыс ортада - МҚ-ға қол жеткізу құралдарын, мысалы, Delphi немесе С++ Builder пайдаланатын программалау жүйесінің көмегімен құрылуы мүмкін. МҚБЖ ортасында жасалған қосымшалар көбінесе МҚБЖ қосымшалары деп, ал МҚБЖ-дан тыс ортада жасалған қосымшалар сыртқы қосымшалар деп аталады.
Мәліметтер қорымен жұмыс істеу үшін көбінесе МҚБЖ құралдарын қолданған жеткілікті болады және өздерін құруға программалауды қажет ететін қосымшаларды пайдаланудың қажеті болмайды. Қосымшалар негізінен біліктілігі жоқ пайдаланушыларға МҚ-мен жұмыс істеу ыңғайлы болуы үшін немесе МҚБЖ интерфейсі пайдаланушыларды қанағаттандырмаған жағдайларда жасалады.
Мәліметтер сөздігі (МС) мәліметтердің құрылымы туралы, МҚ файлдарының өзара әрекеттері туралы, мәліметтердің типтері мен оларды ұсынудың форматтары туралы, мәліметтердің пайдаланушылардың меншігіне жатуы, қорғау және қол жеткізуді шектеу кодтары және т.б. туралы ақпаратты орталықтандырылған түрде сақтауға арналған МҚ ішкі жүйесі болып табылады.
Функционалды түрде МС барлық МБ-ларда болады, алайда осы қызметтерді атқаратын компонент әрдайым дәл сондай атқа ие бола бермейді. Көбінесе МС қызметін МҚБЖ орындайды және олар жүйедегі негізгі менюден шақыртылып немесе соның утилиталары арқылы жүзеге асырылады.
Мәліметтер қорының әкімшісі (МҚӘ) дегеніміз - МҚ-ға қатысты талаптарды даярлау ісіне, оны жобалауға, құруға, тиімді түрде пайдалануға және ілесіп жүруге жауап беретін тұлға немесе тұлғалар тобы. Пайдалану барысында МҚӘ әдетте ақпараттық жүйенің жұмысын қадағалайды, рұқсат етілмеген қол жеткізуден қорғауды қамтамасыз етеді, МҚ-да сақталатын ақпараттың көптігін, қарама-қайшылықсыздығын, сақтанымдылығы мен дәйектілігін бақылайды. Бір пайдаланушыға арналған ақпараттық жүйелерде МҚӘ қызметтері, әдетте тікелей МҚ қосымшаларымен жұмыс істейтін тұлғаларға жүктеледі.
Есептеу жүйесі (ЕЖ) өзара байланысқан және келісілген түрде әрекет ететін ЭЕМ- дердің немесе процессорлар мен өзге де құрылғылардың жиынтығы болып табылады, ол ақпаратты қабылдау, өңдеу мен оны пайдаланушыларға ұсыну процестерін автоматтандыруды қамтамасыз етеді. МБ-ның негізгі қызметтеріне мәліметтерді сақтау мен өңдеу ісі жататын болғандықтан, қолданылатын ЕЖ орталық процессорлардың (ОП) оңтайлы қуаттылығымен қатар тікелей қол жеткізудің жеткілікті көлемдегі жедел және сыртқы жады болуы тиіс.
Қызмет көрсетуші персонал техникалық және программалық құралдарды жұмысқа қабілетті қалпында ұстап отыру қызметін орындайды. Ол жоспар бойынша, сондай-ақ қажетінше алдын-алу, регламенттік, қалпына келтіру және өзге де жұмыстарды атқарады.
Ақпараттық база (information base) -- автоматтандырылған жүйелерде -- сыртқы тасуыштарда орналастырылған және программалар мен компьютерде жұмыс істейтіндердің пайдалануына арналған мәліметтер жиынтығы. Мысалы, мәліметтер банкінде Ақпараттық база дегеніміз -- ақпараттық ресурстың бөлігі, ал оған мәліметтер базасы мен оның сипаттамалары, яғни мәліметтер туралы мағлұматтар кіреді.
Автоматтандырылған жобалау жүйесі (АЖЖ) - жобалау функцияларын орындайтын ақпараттық технологияны іске асыратын автоматтандырылған жүйе. Персоналдан және автоматтандырудың техникалық, бағдарламалық және басқа құралдарынан тұратын жобалау үрдісін автоматтандыруға қажет ұйымдастырушы-техникалық жүйе болып саналады. Жаңа өнімдерді жасаушылардың өнімділігін арттыру, жобалау мерзімдерін қысқарту, жобаларды әзірлеу сапасын жақсарту - бұл қоғамның ғылыми-техникалық прогресінің жеделдету деңгейін анықтайтын маңызды мәселелер. Автоматтандырылған жобалау (АЖЖ) жүйесін дамыту берік ғылыми-техникалық базаға сүйенеді. Бұл-есептеу техникасының заманауи құралдары болып табылады. Ақпаратты ұсыну мен өңдеудің жаңа тәсілдері, инженерлік есептерді шешу мен оңтайландырудың жаңа сандық әдістерін жасау болып табылады. Автоматтандырылған жобалау жүйелері іргелі ғылымдардың жаңа жетістіктері негізінде жобалау әдіснамасын пысықтауға және жетілдіруге, күрделі жүйелер мен объектілерді жобалаудың математикалық теориясының дамуын ынталандыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта негізінен мәтіндік құжаттаманы дайындау, техникалық сызбаларды түрлендіру, графикалық кескіндерді құру және т. б. сияқты күнделікті рәсімдер мен операцияларды автоматтандыруды қамтамасыз ететін құралдар мен әдістер жасалды және қолданылады.
Мәліметтер базасының құрылымы ақпараттың әр элементіне жылдам қол жеткізуді қамтамасыз ететін көптеген мамандардың қажеттіліктерін қанағаттандыруы керек. Ол үшін деректер базасында деректер арасында бар логикалық байланыстар жасалуы керек, соның негізінде есепті шешкен кезде мәліметтер базасында қалған ақпаратты жасамай-ақ байланысты байланыстардың логикасын іріктеуге болады. Мұндай мақсатты іздеу қажетті ақпаратты таңдау мәселесін шешу уақытын едәуір қысқартады.
1.2 Қонақ үйдің ақпараттық жүйесінің құрылымы
Қонақ үй бизнесіндегі ақпараттық жүйелер әр қонақ үй үшін жеке-жеке құрылады. Олардың құрылымы кәсіпорында қандай бөлімшелер құрылғанына тікелей байланысты. Бөлімдердің әрқайсысының саны мен міндеттері қонақ үй санатымен, бөлме қорының ерекшелігімен, орналасқан жерімен және басқа да факторлармен анықталады.Сонымен қатар, әр қонақ үйдің құрылымында бөлімшелер бар. Бұл менеджмент бөлімі, администрация, брондау қызметі, Қызмет көрсету бөлімі. Қонақ үй кешенінің ақпараттық жүйесі аталған модульдерді біріктіруге және олардың өзара байланысын қамтамасыз етуге арналған.
Менеджер модулі.Қонақ үйдің ақпараттық жүйесінің бұл компоненті кешенді ұтымды және ыңғайлы басқаруға бағытталған. Менеджерлер модулі осындай функцияларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді:
берілген күндер саны ішінде қонақ туралы мәліметтерді сақтау;
бөлмеде тұрудың орташа бағасын есептеу және қонақ үйдің жүктемесін анықтау;
қонақтар туралы мәліметтерге өзгерістер енгізу мүмкіндігі;
Администрация модулі.Қонақ үй менеджментінің ақпараттық жүйелері міндетті түрде осы модульді қамтиды. Онда нөмірлік Қор туралы ақпарат жинақталған:
техникалық жағдайы;
тұрудың өзекті құны;
жұмыспен қамту дәрежесі;
нөмір күйі.
Ақпараттық жүйенің осы модулінің көмегімен қонақ үй кешенінің әкімшілігі клиенттің жеке шотын жүргізеді. Құралдың көп функционалдығы оның ішкі құрылымын − резервтеу және техникалық қызмет көрсету модулін құру қажеттілігін анықтайды.
Брондау модулі.Ақпараттық жүйелердің осы компонентінің тікелей мақсаты-резервтеу бөлімі негізінде жұмыс процестерін автоматтандыру. Бұл модульдің функционалдығы келесідей болуы керек:
топтық немесе жеке нөмірлерді брондау;
алдыңғы қонақ қабылдау туралы ақпаратқа қол жеткізу;
белгілі бір санаттағы нөмірлерді тағайындау;
броньдар санының бос сандар санынан асып кету ықтималдығын жою;
бронды картамен онлайн төлеу мүмкіндігі
Қонақ үйлердің ақпараттық жүйелеріне қойылатын негізгі талаптар.Қонақ үйді басқарудың ақпараттық жүйелері бірқатар талаптарға сай болуы керек. Олардың негізгілері келесідей:
клиент және оның қызмет көрсету ерекшеліктері туралы толық ақпарат алуға
мүмкіндік беретін функционалдылықтың оңтайлы деңгейі;
минималды сәтсіздіктер мен жұмыс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz