Қылмыстық жауаптылықтан босату



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУ
1.1 Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Сотталғанғандықтан арылу және оны жою ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.3 Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жаупатылықтан босату ... ..13

2 ҚАЖЕТТІ ҚОРҒАНУ ШЕГІНЕН АСҚАН КЕЗДЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУ
2.1 Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жаупатылықтан босату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.2 Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.3 Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
КІРІСПЕ

Рақымшылық және кешірім беру Қазақстан Республикасы Жоғарғы өкімет органдарының актілері болып табылады. Бұл актілер белгілі бір қылмыстар үшін жауаптылықты белгілеген қылмыстық заңдарды немесе сот үкімін жоймай-ақ қылмыстық жауаптылықты немесе жазада немесе оған сот тағайындаған жазаны жеңілірек жазамен ауыстыра алады. Рақымшылықты және кешірім беруді қолданудың езі мемлекеттің ізгілік принципін басшылыққа ала отырып, қылмыс істеген адамдарға уақытша қателескен адамдар ретінде қарап, оларға сенімбілдіруі болып табылады. Рақымшылық актісі, әдетге, елде болған елеулі оқиғаларға немесе мерей тойларға байланысты қабылданады. Мысалы, 1991 жылы 15 ақпанда Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Қазақ Советтік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі жөніндегі Декларациясының қабылдауына байланысты "Рақымшылық туралы" заңы қабылданса, 1994 жылы 5 қазанда "Халықаралық отбасы жылына байланысты рақымшылық туралы", 1996 жылы 15 маусымда "Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының бір жылдығына байланысты рақымшылық туралы" 1999жылы шілденің 13-інде «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылына байланысты рақымшылық жасау туралы», 2000 жылы желтоқсанның 29-ында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылдануының 10 жыддығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының заңдары қабылданды.
Рақымшылық актісінің нормативтік мәні бар. Бұл акт рақымшылық туралы заңда көрсетілген істеген қылмысынын қашан белгілі болғанына қарамастан белгілі бір санатқа немесе топтарға жататын адамдар жөнінде қолданылады.
1991 жылғы 16 ақпаңдағы рақымшылық актісі бойынша тағай-ындалған жазалау мерзіміне қарамастан бас боставдығынан айыру түріндегі жазадан немесе бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалардан мынадай сотталған адамдар: Отанды қорғау жөніндегі жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқандар;
б) КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталғандар;
в) I және II топтағы мүгедектер; г) кәмелетке толмаған балалары бар әйеддер, сондай-ақ жүкті әйелдер; д) 60 жастан асқан еркектер; 55 жастан асқан әйелдер босатылды.
Кешірім беру мен рақымшылық актісінін, айырмашылығы мынада: кешірім беру актісі әр уақытта да нақты бір адам немесе бір топ адамдар жөнінде қабылданады, яғни бұл актінің жеке-дара мәні бар. Ал рақымшылық болса, рақымшылық туралы заңның талаптары мен шарттарына сәйкес келетін барлык сотталғандарға қолданылады, яғни рақымшылық актісінің нормативті мәні бар.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. А.Н.Ағыбаев. Қылмыстық құқық. Алматы, Жеті жарғы. 1998, 1999
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы. Жалпы бөлім. Оқулық. - Алматы: Жеті жарғы. 2001.
3. Жеке кәсіпкерлік туралы заң 1997ж 19 маусымдағы №135 -11 «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР Заңы (Ведомости Парламента РК, 1997г №12)
4. «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» жарлық – Қазақстан Республикасы Президентінің 1995ж 19 маусымдағы №2325 «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» заң күші бар жарлығы (Ведомости ВС РК, 1995г, №9-10 ст 66; №24, ст 164)

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Қылмыстық жауаптылықтан босату
1.1 Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылық
пен жазадан
босату ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Сотталғанғандықтан арылу және оны
жою ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.3 Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жаупатылықтан босату ... ..13

2 Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату
2.1 Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жаупатылықтан
босату ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...15
2.2 Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан
босату ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...16
2.3 Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан
босату ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...18

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 21

Қолданылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

Кіріспе

Рақымшылық және кешірім беру Қазақстан Республикасы Жоғарғы өкімет
органдарының актілері болып табылады. Бұл актілер белгілі бір қылмыстар
үшін жауаптылықты белгілеген қылмыстық заңдарды немесе сот үкімін жоймай-ақ
қылмыстық жауаптылықты немесе жазада немесе оған сот тағайындаған жазаны
жеңілірек жазамен ауыстыра алады. Рақымшылықты және кешірім беруді
қолданудың езі мемлекеттің ізгілік принципін басшылыққа ала отырып, қылмыс
істеген адамдарға уақытша қателескен адамдар ретінде қарап, оларға
сенімбілдіруі болып табылады. Рақымшылық актісі, әдетге, елде болған елеулі
оқиғаларға немесе мерей тойларға байланысты қабылданады. Мысалы, 1991 жылы
15 ақпанда Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Қазақ Советтік
Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі жөніндегі
Декларациясының қабылдауына байланысты "Рақымшылық туралы" заңы қабылданса,
1994 жылы 5 қазанда "Халықаралық отбасы жылына байланысты рақымшылық
туралы", 1996 жылы 15 маусымда "Қазақстан Республикасының жаңа
Конституциясының бір жылдығына байланысты рақымшылық туралы" 1999жылы
шілденің 13-інде Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылына байланысты
рақымшылық жасау туралы, 2000 жылы желтоқсанның 29-ында Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылдануының
10 жыддығына байланысты рақымшылық жасау туралы Қазақстан Республикасының
заңдары қабылданды.
Рақымшылық актісінің нормативтік мәні бар. Бұл акт рақымшылық туралы
заңда көрсетілген істеген қылмысынын қашан белгілі болғанына қарамастан
белгілі бір санатқа немесе топтарға жататын адамдар жөнінде қолданылады.
1991 жылғы 16 ақпаңдағы рақымшылық актісі бойынша тағай-ындалған
жазалау мерзіміне қарамастан бас боставдығынан айыру түріндегі жазадан
немесе бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалардан мынадай
сотталған адамдар: Отанды қорғау жөніндегі жауынгерлік іс-қимылдарға
қатысқандар;
б) КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталғандар;
в) I және II топтағы мүгедектер; г) кәмелетке толмаған балалары бар
әйеддер, сондай-ақ жүкті әйелдер; д) 60 жастан асқан еркектер; 55 жастан
асқан әйелдер босатылды.
Кешірім беру мен рақымшылық актісінін, айырмашылығы мынада: кешірім
беру актісі әр уақытта да нақты бір адам немесе бір топ адамдар жөнінде
қабылданады, яғни бұл актінің жеке-дара мәні бар. Ал рақымшылық болса,
рақымшылық туралы заңның талаптары мен шарттарына сәйкес келетін барлык
сотталғандарға қолданылады, яғни рақымшылық актісінің нормативті мәні бар.
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУ
1.1 Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық
жауаптылық пен жазадан босату

Қылмыстық жауаптылықтан босату — қылмыстық заңдарға және қылмыстық іс
жүргізу зандарына сәйкес қылмыс жасаған адамға мемлекет органының қылмыстық-
құқықтық шараларды қолданудан бас тартуы болып табылады. Қылмыстық
жауаптылықтан босату институтында сонымен қатар әділеттілік, ізгілік, жеке
кінәлі жауаптылық азаматтардың заң алдындағы тендігі қағидаттары міндетті
түрде бірге жүзеге асырылып отырады. Кейбір жағдайларда кінәлі болып қалған
адамды қылмыстық жауаптылыққа тартпай-ақ немесе оған жаза тағайындап, бірақ
оны жазаны нақты өтеуден босату арқылы, сондай-ақ жазаны өтеуден мерзімінен
бұрын босату, өтелмеген жазаның бөлігін жеңілірек жазамен ауыстыру арқылы
көзделген міндеттерді орындап тиісті мақсатқа жетуге болады. Құқық қолдану
органдары қызметкерлері осы мәселелерді шешу барысында қылмыстың жасалуының
қоғамға қауіптілігін ескеруі, кінәлінің жеке басына оның қылмыс жасағанға
дейінгі және қылмыс жасағаннан кейінгі әрекеттеріне мән беруі керек (шын
өкінуі, айыбын мойындап келу, қылмысты ашуға жәрдемдесуі т.б.).
Қылмыстық жауаптылықтан босату — адамның әрекетінің қоғамға қауіптілігі
аз, онша қауіпті болмауы және адамға қылмыстық жазаны қолданбай-ақ түзелуі
мүмкін болған жағдайларда қолданылады. Осыған байланысты қылмыстық құқық
қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату немесе жазаны жеңілірек жазамен
айырбастау институтын орнықтырған.
Қылмыстық заң бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрлері мыналар
болып табылады:
— шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚК-тің 65-
бабы);
— қажетті қорғану шегінен асқан кезде кылмыстық жауап-тылықтан босату
(ҚК-тің 66-бабы);
— жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
(ҚК-тің 67-бабы);
— жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚК-тің
68-бабы);
— ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауап-тылықтан босату
(ҚК-тің 69-бабы);
— рақымшылық жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚК-
тің 76-бабы);
Арнайы белгілерге байланысты кейбір жеке қылмыстардың санаттары бойынша
қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері қарастырылған (КК-тің 125
165,231,233, 234,236,251, 252, 259, 297, 312, 326, 352, 358, 372, 373, 375,
376, 377, 378, 379, 381-баптарының ескертулері).
Жоғарыда көрсетілген қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрлері міндетті
және факультативтік болып бөлінеді. Қылмыстық жауаптылықтан м і н д е т т і
босатылу болып ескіру мерзімінің өтуіне байланысты босатылу (бейбітшілік
пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардан және қылмысы үшін өлім жазасы
тағайындалған жағдайлардан басқа) танылады.
Арнайы белгілерге байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату ҚК-тің
Ерекше бөлімінің 125, 165, 231, 233, 234,236, 251, 252, 259, 297, 312, 326,
352, 358-баптарының ескертулерінде көрсетілген. Қылмыстық жауаптылыктан
босатудың басқа түрлері факультативтік белгілерді қамтиды, яғни заңмен
қарастырылған жағдайларда формальды негізді қолдану міндеттілікті
тудырмайды. Қандай да болмасын қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрі
қылмыс құрамының белгілері, қылмыстық жауаптылықтың негізі бар болған
жағдайда ғана қолданылады. Сот, прокурор, тергеу, анықтау органдары
қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдарын негізге ала отырып қылмыстық
жауаптылықтан босату туралы шешімге келеді. Қылмыстық жауаптылықтан босату
тек қана адамның қылмыстық жазалануға жататын әрекеттері болған жағдайда
ғана қарастырылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы 6-тармағына сәйкес
республика Парламенті адамдардың жеке айқындалған тобы жөнівде рақымшылық
туралы заң шығаруға құқылы.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 15-тар-мағына сәйкес
белгілі бір жеке адамға ол жөнінде айыптау үкімі заңды күшіне енген
жағдайда кешірім жасау туралы актіні Қазақстан Республикасының Президенті
шығарады (76-бап, 3-бөлігі).
Қылмыстық құқық бойынша рақымшылық деп Қазақстан Республикасы
Парламенті актісі негізінде қылмыс жасаған адамға, оларға сенім білдіре
отырып жеке бастарына жағымды шараларды қолдануды түсінуге болады.
Қылмыстық кодекстің 65-бабының үшінші бөлігіне сәйкес қылмыстық
жауаптылықтан босатылу ҚК-тің Жалпы бөлімі нормаларында ғана емес, сонымен
қатар Ерекше бөлімінің нор-маларында да қамтылған. ҚК-тің 125, 165, 231,
233, 234, 236, 251, 252, 259, 297, 312, 326, 352, 358, 372, 373, 375-379,
381-баптарының ескертулері жауаптылықтан босатуды көздейді. КК-тің Ерекше
бөлімі жүйелері қылмыстық жауаптылықтан босатудың ерекшеліктеріне ие, соған
байланысты олар арнайы ҚК-тің 165, 233 және 236-баптарының ескертулеріне
сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатудын шарты болып — шын өкінуі я
болмаса, дер кезінде басқа жолмен қылмысты болдырмауға жәрдемдесуі,
зардаптың орнын толтыруы, қаруды өз еркімен тапсыруы, заңсыз әскери
құрамаға қатысуын ерікті түрде тоқтатуы белгілерінің болуы танылады.
ҚК-тің 125-бабының ескертуіне сәйкес, қылмыстық жауап-тылықтан босату,
ұрланған адамды өз еркімен босатудың белгілерін талап етеді, ал 251 және
252-баптар бойынша — ерікті түрде қаруды, жарылғыш, қопарғыш заттарды, оның
қосалқы бөлшектерін тапсырудың белгілерінің болуын қажет етеді.
ҚК-тің 259-бабы бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың шарты болып
өз еркімен есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тапсыруы,
медициналық мекемеге өз еркімен баруы, қылмысты ашуға көмектесуі табылады.
ҚК-тің 231 және 232-баптары бойынша хабарлауға тиісті жайтты өз еркімен
хабарласа, қылмыстық іс қозғауға құқығы бар органға сатып алушылық туралы
айтса, мәлімдесе, ҚК-тің 352-бабына сәйкес, куәгер, жәбірленуші, сарапшы
немесе аудармашы алдын ала анықтау, тергеу немесе сот талқылауы барысында
істің жалғандығы туралы өз еркімен мәлімдеген болса қылмыстық жауаптылықтан
босатылады.
КК-тің Ерекше бөлімнін кейбір баптарында қылмыстық жауаптылықтан
босатудың шарттарының бірі ретінде, ескертулерде көрсетілгендей шын
өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуды белгілеген.
ҚК-тің 326, 358, 372, 373-баптарында көрсетілген қылмыстық
жауаптылықтан босатудың түрлері айыбын мойындап келумен ұқсас болып келеді.
Бірақ көрсетілген нормалар бойынша айыбын мойындап келу шарттарының шегінен
шығып кету белгілері бар. Әсіресе, ҚК-тің 372 және 373-баптары бойынша
әскери қызметші, егер оның бөлімді өз бетімен тастап кетуі ауыр
жағдаяттардың себептерінен болса және егер ол әскери қызметті одан әрі
өткеру үшін өз еркімен келген болса, сот оны қылмыстық жауаптылықтан
босатуы мүмкін.
Көрсетілген қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрлерінің айыбын
мойындап келуден айырмашылығы мынада, яғни, біріншісінде қылмыстық
жауаптылық пен жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар болса,
екіншісі қылмыстық жауаптылықтан босатуды толық қамтымайды.
Арнайы жауаптылықтан босату институты қоғамға қауіпті зардаптардың
болуын ескерту және қылмысы үшін кінәлі адамдардың қылмыстық жауаптылықтан
босатылу шарттарын, немесе қылмыстың жасалуы үшін дайындалып жатқан
жағдайларды болдырмауды көздейді.
ҚК-тің 234-бабының ескертуіне сәйкес кепілге алынған адамды өз еркімен
немесе өкіметтің талап етуі бойынша босатқан адам қылмыстық жауаптылықтан
босатылуы мүмкін.
Зардап шеккендерге көмек көрсетуге байланысты жол-көлік оқиғасы болған
жерден кеткен адам ҚК-тің 297-бабының ескертуі бойынша қылмыстық
жауаптылықтан босатылады.
ҚК-тің 375—379 және 381-баптары әскери қызметтегі адамдарды қылмыстық
жауаптылықтан босатудың екі шартын талап етеді:
1) қылмыс бірінші рет жасалуы керек;
2) қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлардың болуы
қажет.
ҚК-тің Ерекше белімнің қылмыстық жауаптылықтан босатылу нормасының
негізі қолдануы және мақсаты бойынша әр түрлі болып келеді. Мысалы, өз
еркімен қаруды өткізсе, болашақтағы қаруды қолдану арқылы жасалынатын
қылмыстың алды алынады немесе қолдану қауіптілігі төмендейді. Есірткі
заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды өз еркімен өткізген жағдайда,
әрі қарай көрсетілген заттын таралуы төмендейді.
КК-тің 125, 165, 231, 233, 234, 236, 251, 252, 259, 297, 312, 326. 352,
358-баптары қылмыстық жауаптылықтан босатудың шарттарын ескертуде көрсете
отырып, міндетті болады, яғни көрсетілген нормалардың негізін ескере отырып
белгіленген орган қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.
КК-тің 372, 375—379 және 381-баптары бойынша жауаптылықтан босатуда
олар міндетті болып табылмайды. Бұл мәселелер анықтау, алдын-ала тергеу
органы немесе соттың шешімімен қолданылады.
Рақымшылық және кешірім беру Қазақстан Республикасы Жоғарғы өкімет
органдарының актілері болып табылады. Бұл актілер белгілі бір қылмыстар
үшін жауаптылықты белгілеген қылмыстық заңдарды немесе сот үкімін жоймай-ақ
қылмыстық жауаптылықты немесе жазада немесе оған сот тағайындаған жазаны
жеңілірек жазамен ауыстыра алады. Рақымшылықты және кешірім беруді
қолданудың езі мемлекеттің ізгілік принципін басшылыққа ала отырып, қылмыс
істеген адамдарға уақытша қателескен адамдар ретінде қарап, оларға
сенімбілдіруі болып табылады. Рақымшылық актісі, әдетге, елде болған елеулі
оқиғаларға немесе мерей тойларға байланысты қабылданады. Мысалы, 1991 жылы
15 ақпанда Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Қазақ Советтік
Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі жөніндегі
Декларациясының қабылдауына байланысты "Рақымшылық туралы" заңы қабылданса,
1994 жылы 5 қазанда "Халықаралық отбасы жылына байланысты рақымшылық
туралы", 1996 жылы 15 маусымда "Қазақстан Республикасының жаңа
Конституциясының бір жылдығына байланысты рақымшылық туралы" 1999жылы
шілденің 13-інде Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылына байланысты
рақымшылық жасау туралы, 2000 жылы желтоқсанның 29-ында Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылдануының
10 жыддығына байланысты рақымшылық жасау туралы Қазақстан Республикасының
заңдары қабылданды.
Рақымшылық актісінің нормативтік мәні бар. Бұл акт рақымшылық туралы
заңда көрсетілген істеген қылмысынын қашан белгілі болғанына қарамастан
белгілі бір санатқа немесе топтарға жататын адамдар жөнінде қолданылады.
1991 жылғы 16 ақпаңдағы рақымшылық актісі бойынша тағай-ындалған
жазалау мерзіміне қарамастан бас боставдығынан айыру түріндегі жазадан
немесе бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалардан мынадай
сотталған адамдар: Отанды қорғау жөніндегі жауынгерлік іс-қимылдарға
қатысқандар;
б) КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталғандар;
в) I және II топтағы мүгедектер; г) кәмелетке толмаған балалары бар
әйеддер, сондай-ақ жүкті әйелдер; д) 60 жастан асқан еркектер; 55 жастан
асқан әйелдер босатылды.
1994 жылғы 5 қазандағы рақымшылық актісі бойынша біріншіден, бас
бостандығынан айыру түріндегі жазадан немесе бас бостандығынан айырумен
байланысты емес жазадан тағайындалған жаза мерзіміне қарамастан бұрын
енбекпен тәрбиелеу колонияларында ұсталмаған (тағайындалған жаза мерзіміне
қара-мастан) кәмелетке толмағандар; үш жылға дейінгі мерзімді қоса бас
бостандығынан айыруға сотталып, еңбекпен тәрбиелеу колониясында ұсталған
кәмелетке толмағандар; екіншіден, 16 жасқа дейінгі балалар; I және II
топтағы мүгедек балалары бар, сондай-ақ жүкті әйелдер; әскерижәне
интернационалдық борышын орындау кезінде қаза тапкан әскери қызметкерлердің
жесірлері; соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген адамдардың
әйелдері; үшіншіден, 1941,1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары
мен мүгедектері, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдар; 60 жастан асқан
еркектер, 55 жастан асқан әйеддер, I және II топтағы мүгедектер,
балаларының анасы қайтыс болған немесе ата-аналық құқықтан айырылған, 16
жаска дейінгі балалары бар еркектер босатылды.
Рақымшылық актісі-қылмыстық жауаптылыктан және жазадан босатуы мүмкін.
Мысалы, 1994жылғы 5 қазандағы рақымшылық жасау туралы заң осы заңның 1-3-
баптарындағы қылмыстарды 1997 жылдың 5 қазанына дейін істеген адамдарды
қылмыстық жауаптылықтан босатты. Рақымшылық актісі негізгі немесе қосымша
жазада да босатуы мүмкін. Мысалы, 1994жылғы 5 қазандағы қабылданған заңның
6-тармағына сәйкес жер аудару және жерінен аңдап жіберу негізгі немесе
қосымша жаза ретінде қолданылып сотталғандар осындай түрдегі жазадан
босатылды. Рақымшылық заңы бойынша соттың тағайыңдаған жазаны қысқартуы
немесе баска жеңіл жазамен алмастыруы мүмкін. 1994 жылғы 5 қазандағы
рақымшылық бойынша 1 -3-баптарының күші қолданылмайтын, абайсыздықпен
жасалған қылмысы үшін сотталған адамдардың жаза мерзімінің өтелмеген
бөлігінің тең жартысы қыскартылды.
Рақымшылық актісінің жаза мерзімін өтеу кезіңде қасақана тәртіп
бұзушыларға; маскүнемдікпен, нашақорлықпен немесе соз ауруынан толық
емделмегендерге; бұрын кешірім беру немесе рақымшылық жасау тәртібімен
жазадан босатылып, қайтадан қасақана қылмыс істегендерге; заңда көрсетілген
ауыр, өте ауыр қылмыс істегендерге осы заңның күші қолданылмайды деп
көрсетілуі де мүмкін. Сондай нұсқау 1994 жылғы 5 қазандағы рақымшылық
туралы заңның 13-тармағында тікелей көрсетілген.
Рақымшылық актісінің күші осы акт жарияланғанға дейінгі немесе осы
актіде арнайы көрсетілген мерзімге дейін қылмыс жасағандарға қолданылады.
Созылмалы немесе жалғасқан қылмыстарды істеу рақымшылық актісі
жарияланған уақытқа дейін істелсе, онда бұл заңның күші оларға да
қолданылады.
Кешірім беру — бұл мемлекет басшысы қабылдайтын акт. Кешірім беру
айтісі бойынша сотталған адам тағайындалған жазадан толық немесе ішінара
босатылады немесе сот үкімі бойынша тағайындаған жаза неғұрлым жеңілірек
жазамен ауыстырылады. Кешірім беру актісі бойынша бұрын жаза өтегендердін
сотталғандық атағы да жойылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша (44-бап, 15-тармақ)
Республика соттары арқылы сотталған адамдарға кешірім беру кұқығы
Республика Президентіне берілген.
Жалпы кешірім беру сотталған адамның немесе онын туыста-рының еңбек
ұжымдарының комиссиясының өтініші бойынша жүзеге асырылады. Егер сотталған
адам бас боставдығынан айыру жазасын өтеп жүрсе, онда мұндай өтінішті
еңбекпен түзеу мекемесінің әкімшілігі білдіруге құқылы. Кешірім беру актісі
мемлекет басшысы — Президент аркылы жүзеге асырылатындықтан ол сотталған
адамның істеген кез келген қылмысының мәні мен ауырлығына қарамастан
қолданылады. Өлім жазасына сотталғандарды бас бостандығынан айыру жазасына
ауыстыру; негізгі немесе қосымша жазалардан толық немесе ішінара босату;
бас бостандығынан айыру жазасының өтелмей қалған бөлігін неғұрлым жеңілірек
жазамен айырбастау; сотталғандық атақты жою; сот үкімі немесе билігі
бойынша келтірілген материалдық зиянды өтеуден босату сияқты мәселелер
кешірім беру актісі арқылы жүзеге асырылады.
Ерекше реттерде кешірім беру арқылы қылмыс істеген адам қылмыстық
жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Мұндай жағдайда кінәлі адам сотка
берілмейді. Кешірім беру актісі тұжырымды, қандай бір болмасын шарт қоюмен
байланыссыз болып табылады. Кешірім беру туралы етініш қанағаттандырылмаған
жағдайда, мұндай тілекті екінші рет қоюға болады.
Кешірім беру мен рақымшылық актісінін, айырмашылығы мынада: кешірім
беру актісі әр уақытта да нақты бір адам немесе бір топ адамдар жөнінде
қабылданады, яғни бұл актінің жеке-дара мәні бар. Ал рақымшылық болса,
рақымшылық туралы заңның талаптары мен шарттарына сәйкес келетін барлык
сотталғандарға қолданылады, яғни рақымшылық актісінің нормативті мәні бар.

1.2 Сотталғандықтан арылу және оны жою

Соталғандық дегеніміз кінәлі адамның қылмыс істегені үшін қандай бір
жазаға сотталып, соған байланысты белгілі бір құқылық шектеуге душар болу
жағдайын айтамыз.
Қылмыс жасағаны үшін сотталған адам соттың айыптау үкімі занды күшіне
енген күннен бастап соттылықты жою немесе алып тастау кезіне дейін сотты
болған деп есептеледі. Осы Кодекске сәйкес соттылық қылмыстың әлденеше рет
қайталануы, қылмысты қайталау кезінде және жаза тағайындау кезінде
ескеріледі (Қылмыстық кодекстің 77-бабы, 1-бөлігі). Қылмыстың әлденеше рет
қайталануының түсінігі Қылмыстық кодекстің 11- бабында көрсетілген.
Қылмыстың қайталануы дегеніміз бұрын қасақана жасаған қылмысы үшін
сотталғандық атағы бар адамның қасақана қылмыс істеуі болып табылады (ҚК,
13-бап).
Заң бойынша сотталғандық атағы жоқ адамдарға ғана бас бос-тандығынан
шектеу (45-бап), тәртіптік әскери бөлімде ұстау (48-бап), жаза түрлері
тағайындалады. Сотталғандык атақ түзеу мекемелерінің түрін белгілеуге (48-
бап), адамды ауыр немесе аса ауыр қылмысты қайталаған деп тануға (13-бап)
тікелей әсері бар. Сотталғандық атақ жауаптылықты және жазаны ауырлататын
мән-жайлар ретінде қарастырылады. Мысалы (54-бап, 1-бөлігі, "а" тармағы).
Бұрын сотталғандық көптеген нақты қылмыс құрамдарының күшейтілген,
жетілдірілген белгісі ретінде де көрініс табуы мүмкін. Мысалы, Қылмыстық
кодекстің Ерекше бөліміндегі 183-бап, 2-бөлігі, "в" тармағы, 257-бап, 2-
бөлігі, "в" тармағы. Сотталғандық атақтың кейбір реттерде қылмыстық құқылық
емес зардаптары да бар (Мысалы, бұрын сотталған деген сөздің өзі оның
моральдық беделіне кір келтіреді). Заңда белгіленген тәртіппен қылмыстық
жауаптылықтан және жазадан босатылғандар бұрын сотталғандар деп саналмайды.
Мысалы, Қылмыстық кодекстің 65-69,70-76-баптары.
Жоғарыда көрсетілгендей сотталғандық атактың құқылық зардабы мәңгілік
емес, заңда белгіленген белгілі бір мерзім өткен соң ондай атақ жойылады.
Заңда көрсетілген тәсілмен сотталғандықтан арылу және оны жою бір мезетте
оның зандылық зардабын жояды.
Сотталғандықтан арылу деп қылмыс жасап сотталған адамның айыптау үкімі
заңды күшіне енгеннен кейін заңда белгіленген белгілі бір мерзім ішінде ол
жөніндегі үкімнің орындалмауын айтамыз. Сотталғаңдықтан арылу белгілі
мерзім өткен соң өзінен-өзі жойылады. Ол үшін соттың арнаулы шешімінің
болуы қажет емес. Қылмыстық кодекстің 77-бабының 3-белігіне сәйкес
соттылық:
а) шартты түрде сотталған адамдар жөнінде — сынақ мерзімі өтуі
бойынша;
б) тәртіптік әскери бөлімде ұстау, әскери қызмет бойынша шектеу немесе
қамау түрінде жазасын өтеген әскери қызметшілер жөнінде— іс жүзінде жазаны
өтеу бойынша;
в) бас бостандығынан айырумен салыстырғанда жазаның не-ғұрлым жеңіл
түріне сотталған адамдар жөнінде — жазаны өтегеннен кейін бір жыл өтуі
бойынша;
г) кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшін бас бостандығынан
айыруға сотталған адамдар жөнінде — жазаны өтегеннен кейін үш жыл өтуі
бойынша;
д) ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар
жөнінде — жазаны өтегеннен кейін алты жыл өтуі бойынша;
е) аса ауыр кылмысы үшін сотталған адамдар жөнінде — жазаны өтегеннен
кейін сегіз жыл өтуі бойынша жойылады.
4. Егер сотталған адам заңда белгіленген тәртіппен жазасын өтеуден
мерзімінен бұрын босатылса немесе жазаның өтелмеген бөлігі неғұрлым жеңіл
жазамен ауыстырылса, онда соттылықты жою мерзімі жазаның накты өтелген
мерзімін негізге ала отырып, негізгі және қосымша жаза түрлерін өтеуден
босатылған кезден бастап есептеледі (ҚК-тің 77-бабы, 4-бөлігі).
Сотталғандықтан арылу сот тағайындаған жазаның түрі мен мерзіміне
байланысты әр түрлі болады.
Сотталғандықтан арылу мерзімі негізгі және қосымша жазаны өтеген немесе
одан босатылған күннен бастап есептелінеді. Сотталғандықтан арылу мерзіміне
ескіру мерзімі үзілмеген айыптау үкімін орындаудың барлық мерзімі кіреділ
Егер үкім заң

күшіне енгеннен кейін орындалмай қалса, онда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасының мақсаты мен міндеттері және оның қылмыстық құқықтағы орны
Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың түсінігі
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылу
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
Ескіру мерзіміне байланысты жауаптылықтан босату
Жасы толмағандарға қылмыстық жауаптылықтан босату
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрлері
Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
Пәндер