Астық дақылдарының аурулары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Астық дақылдарының аурулары

Орындаған: Талғатқызы Ақерке

Тексерген: Момбаева Бекзат

Тараз 2023ж.

ЖОСПАРЫ

1. КІРІСПЕ

2. Бидайдың қатты қара күйесі
3. Арпаның тасты қара күйесі

4. Сұлының тозаңды қара күйесі

5. Бактериялы аурулары

6. Вирусты аурулары

7. ҚОРЫТЫНДЫ

8. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Бидайдың қатты қара күйесі. Ауру қоздырғышы - Tilletia caries Tul., T. levis Kuehn. саңырауқұлақтары (1-сурет) . Қоздырғыштардың өзара морфологиялық айырмашылықтары бар. Қазақстанның оңтүстік облыстарында T. сaries саңырауқұлағы кең таралған, ал екіншісі - солтүстікте кездеседі. Телиоспоралар бір-бірінен морфологиялық ерекшеліктеріне байланысты ажыратылады. T. сaries саңырауқұлағының споралары шар тəрізді, қабығы торлы, түсі қара-қоңыр, диаметрі 14-22 мкм. T. levis саңырауқұлағының споралары бұрыс пішінді, қабығы тегіс, ашық қоңыр түсті, диаметрі 15-23 мкм. Егінді бастыру кезінде залалданған дəндер жарылып, телиоспоралары шашылып, сау дəндердің бетіне түседі. Сол дəндермен бірге топыраққа түскен телиоспоралар көктемде базидияға өніп, одан бүршіктенген 4-12 базидиоспоралар түзіледі. Соңғылар бір-бірімен қосылып, инфекциялық жіпшеге айналып, өскінді залалдайды. Жіпшумақ өсімдікте диффузды таралып өсу нүктесіне жетіп, өсімдіктің барлық мүшелеріне (жапырақ, сабақ, масақ) тарайды. Сырттай бұл үдеріс білінбейді. Өсімдіктің дəні түзіле бастағанда жіпшумақ қарқынды дамып дəнді бұзады. Жіпшумақ кейін қара спора массасына айналады. Саңырауқұлақ споралары дəн бетінде, өсімдік қалдықтарында, топырақта қыстайды, бірақ топырақтағы споралар түрлі микроорганизм əсерінен ыдырап, ұзақ сақталмайды. Сондықтан да телиоспоралар жаздық бидайдың артынша себілген күздікті залалдайды. Сонымен қатар тұқым себетін машиналар, қолданылған құралдар жəне т. б. инфекция қоры болуы мүмкін. 58-сурет. Бидайдың қатты қара күйесі 112 Телиоспоралардың өсіп-өнуіне қолайлы жағдай 6-130 С температура мен 40-60% ылғалдылық. Аурудың белгісі дəннің сүттене бастаған кезеңінде білінеді. Залалданған масақтар иілмей тік тұрады, қабығы мен мұртшалары тікірейіп, масақ жуандау болып көрінеді, түсі сұрғылт күлгін. Егер осындай дəнді жаншыса, одан сұрғылт иісті сұйық ағады. Ауру масақта дəн орнында қара спора массасына толған қалташықтар түзіледі.

Арпаның тасты қара күйесі . Ауру қоздырғышы - Ustilago hordei Kell. et Swing. саңырауқұлағы (2-сурет) . Телиоспоралары шар тəрізді, кейде бұрышты, ашық-қоңыр немесе зəйтүн түсті, тегіс қабықты, диаметрі 5, 5-7, 5 мкм. Егінді жинаған кезде телиоспоралар дəн бетіне жұғады. Себілген тұқым топырақта өне бастағанда телиоспоралар да төрт клеткалы базидияға өніп, инфекциялық жіпшеге айналады да, жас өскінді залалдайды. Саңырауқұлақ өсімдіктің барлық бөліктеріне таралғанымен, тек масақты бұзады. Қоздырғыштың дамуына қажетті қолайлы жағдай 200 С температура, 60-70% ылғалдылық. Кеселдің белгісі масақтану кезеңінде білініп, масақ пішінін сақтайды, бірақ сырттай үш тісті болып көрінеді. Залалданған өсімдіктің масағында дəннің орнына жұқа қабықпен көмкерілген қатты, қара күйе түйірлері түзіледі, сондықтан оны қатты немесе тасты қара күйе деп атайды.

Сұлының тозаңды қара күйесі. Ауру қоздырғышы - Ustilago avenae Jens. саңырауқұлағы (3-сурет) . Телиоспоралары шар тəрізді немесе сопақша, бұрыс пішінді, көлемі 5-9 х 4, 5-9 мкм, түсі ашық-қоңыр, қабығының бір жағы ашық түсті, ұсақ тікенекті немесе те- 62-сурет. Арпаның тасты қара күйесі 63-сурет. Сұлының тозаңды қара күйесі 116 гіс. Споралар тыныштық кезеңінен өтпей бірден 5-350 С (қолайлы 250 С) температура аралығында өнеді. Саңырауқұлақтың екі формасы белгілі: тозаңды (телиоспоралар еркін таралады) жəне қатты (телиоспоралар алғаш бірігіп, соңынан ыдырайды) . Телиоспоралар сұлының гүліне түсіп төрт клеткалы базидияға өнеді де, одан төрт базидиоспоралар түзіледі. Соңғы споралар бүршіктеніп көптеген споридияға айналады. Споридиялар, кейде базидиоспоралар қосылып, инфекциялық жіпшеге өнеді. Ол дəннің қабығы арқылы перикарпийге енеді де геммаға ыдырап, себу мерзіміне дейін сақталады. Егінді жинаған кезде телиоспоралар қабық үстіне немесе астында орнығып қыстап шығады. Көктемде өсімдік екі жолмен залалданады. Біріншісі - дəн бетіндегі немесе қабық астындағы телиоспоралар базидияға өніп, базидиоспоралар береді. Олар жіпшеге өніп, екі-екіден қосылып диплоидты жіпше түзеді. Бұл жіпше өскінді залалдайды. Ерте залалданған өскін көп зардап шегеді. Биіктігі 3 см жоғары өскіндер залалданбайды. Екіншісінде - дəн қабығы астында қыстап шыққан геммалар инфекция қоры болып табылады. Себілген дəн өне бастағанда геммалар да өніп, жаңа жіпшумақ құрып, олар өскінді залалдайды. Екі жағдайда да жіпшумақ өсімдікте диффузды таралып, өсу нүктесіне жетеді де, шашақтану кезеңінде саңырауқұлақ қарқынды дамып, оны ыдыратып, қара спора массасына айналдырады. Инфекция қоры - залалданған дəндегі геммалар мен тұқым қабығы астында жəне үстінде сақталатын телиоспоралар. Аурудың белгісі сұлының шашағы байланған кезеңде байқалады. Саңырауқұлақ залалданған өсімдік шашағының гүл сағағынан басқа бөліктерін зəйтүн-қара түсті телиоспора массасына айналдырады. Шашақтың жоғарғы бөлігі кейде ауруға шалдықпайды.

Арпаның жолақты бактериозы . Ауру қоздырғышы - Xanthomonas translucens f. sp. hordei Нagb. бактериясы. Қоздырғышпен тек арпа залалданады. Ауру тұқымнан өнген өскінде бастапқы залалдану жүреді де, вегетация кезеңінде өсімдіктің жапырақтары мен масақтары туынды инфекциямен залалданады. Инкубациялық кезеңі 9 күн. Инфекция қоры - шірімеген өсімдік қалдықтары мен тұқым. Арпа жапырақтарында ұзынша, жіңішке (ені 1-2 мм), қошқылжасыл дақтар пайда болып, кейін ашық-қоңыр түске айналады. Қат- 139 ты залалданған жапырақтар қурап, жансызданған ұлпадан бөлінген экссудат ақшыл қабыршақ болып кебеді. Аурудың сыртқы белгілері гельминтоспориозға ұқсас, бірақ түсі ақшылдау болып дақтардан шырыш бөлінеді. Кеселдің алғашқы белгісі өскінде білінеді де, кейін жапырақ пен оның қынабына көшеді.

. Күздік бидайдың мозаикасы. Ауру қоздырғышы - Triticum virus 8 Zachurilo et Sitnikova вирусы (4-сурет) . Қоздырғыш өсімдіктерге жолақты немесе алты нүктелі цикадалар арқылы таралады. Өсімдік шырыны, механикалық жаралар жəне т. б. жолдармен ауру жұқпайды. Насеком денесінде вирус 15-60 күн инкубациялық кезеңнен өтіп, сау өсімдіктерді залалдайды. Вирус күздік бидай егістігінде түскен дəндерден өнген өсімдіктерде, сондай-ақ тасымалдаушы насекомдарда (жұмыртқа жəне имаго кезеңдері) қыстайды. Қоздырғыштың бұл түрі бидайдан басқа арпаны, сұлыны, тарыны, мысыққұйрықты, көк итқонақты кейде қара бидайды залалдайды. Жапырақта ашық-жасыл немесе сары мозаика79-сурет. Қуыршақтану 80-сурет. Мозаика 141 ланған дақтар мен сызықтар жүйке бойымен орналасады. Ауруға шалдыққан өсімдіктердің өсуі саябырлап, шамадан тыс түптеніп, көбінесе масағы түзілмей қурайды.

ҚОРЫТЫНДЫ

Астық тұқымдас масақты дәнді дақылдар[1] - бидай, қарабидай, күріш, қарақұмық, тары, сұлы, арпа, жүгері. Дәнді дақылдар өздерінің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктеріне қарай екі түрге бөлінеді, бірінші топтағы және екінші топтағы дәнді дақылдар. Бірінші топқа бидай, қарабидай, арпа және сұлы жатады. Олардың негізгі ерекшеліктері - дәндерінің бауыр жағында тілігі болады, дән тамыршалары 3-8 дана, масақшаның төменгі гүлдері жақсы дамыған. Өсіп-дамуы үшін жылуды аз мөлшерде, ал ылғалды көбірек талап етеді, сабақтарының іші қуыс болып келеді. Олар ұзақ күннің өсімдіктері, сондықтан вегетациясының алғашқы кезеңінде тезірек дамып, арамшөптермен шамалы ластанады.
Бірінші топтағы дәнді дақылдардың екі түрі бар.
Күздік дәнді дақылдар - күздік бидай, қарабидай, күздік арпа.
Бұл дақылдардың биологиялық ерекшеліктері - алғашқы даму кезеңінде оларға 1 айдай 1-10°С-тай төмен температура қажет. Сондықтан оларды тұрақты суық түскенге дейін 55-60 күн қалғанда себу қажет. Күздік дәнді дақылдар жаздықтарға қарағанда өнімді артық береді. Оның себебі, олар күзгі және көктемдегі жауын-шашынды тиімді пайдаланады, күзде жақсы түптенеді, ал ерте көктемде тез өсіп-дамып, ерте піседі.
Күздік дәнді дақылдардың өнімділігі олардың қыстың қолайсыз жағдайынан жақсы шығуына тікелей байланысты. Себебі, күзде, қыста және көктемде күздік дәнді дақылдар әр түрлі қолайсыз жағдайларға ұшырайды (қатты суық, қардың жұқа түсуі, ауа температурасының күрт өзгеруі және т. б. ) . Осы аталған қолайсыз жағдайларға төзімді болу үшін, күздік дәнді дақылдар шынығу сатысынан толық өтуі керек.
Жаздық дәнді дақылдар:арпа, сұлы, күріш, жүгері, қарақұмық, тары, қонақ жүгері.
Жаздық дәнді дақылдар өздерінің жылу сүйгіштігіне қарай екі топқа бөлінеді:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дән микроорганизмдері
ФИТОПАТОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
«Жалпы фитопатология» пәнінен оқу – әдістемелік кешені
Ауыл шаруашылығы дақылдарының аурулары мен зиянкестерімен күрес
Өсімдік ауруларының белгілері
Микроорганизмдер және қоршаған орта
Астық дақылдарының карантинді зиянкестері
Дәнді дақылдар, бұршақ, көкөніс, жеміс-жидектерге сипаттама
Жүгері дақылының морфологиялық, биологиялық сипаттамасы
Жаздық бидай дақылының ауылшаруашылығы аурулары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz