Қазақ телевизиясының алғышшартары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасның білім және ғылым министірлігі А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті Журналистика және комуникациялық менеджмент кафедрасы

Курстық жұмыс
Тақырып: Қазақ телевизиясының пайда болуы, дамуы. Шетел телеарналарынан ерекшелігі.

Пән: Телерадиожурналистика
6B03201-Журналистика білім беру бағдарламасы

Орындаған: Байғонысов.Д.М, күндізгі оқу нысанының 2 курс студенті

Ғылыми жетекші: аға оқытушы Маркабаева Г.Т.,ә.ғ.м.

Курстық жұмыс қорғау күні__________2023ж.
Бағасы:_____________

Қостанай,2023

Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Қазақ телевизиясының даму тенденциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1. Қазақ телевизиясының алғышшартары. Алғашқы телеарналардың форматы мен қоғамға әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Қазіргі таңдағы отандық телевизияның келбеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2.Отандық теларналарардың ерекшелігі.
2.1. Қазақ және шетел телеарналарының ортақ сипаты мен ерекшеліктері ... 11
2.2.Тақырыптық телеарналардың жанрлық ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 15
Қортыңды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20

Кіріспе.
Бүгінгі қоғамға ақпарат таратудың ең басты құралы демесемде ең маңыздыларының бірі телевидения болып табылатыны барлығымызға мәлім. Бірқатар бұқара халықты жіпсіз байлап қалыпты өмірінен маңызды орын алатын дәл осы көгілдір экран болып келеді. Теливизор, компютер, ұялы телефон және өзге де заманауи техникасыз қазіргі таңда өмірді елестету өте қиын. Әлемнің түпкір түпкірінен шығатын жаңалықты лезде төрт бұрышты қорапшадан қарап алып, оны біліп отыруды осыдан бір ғасыр бұрын өмір сүрген ата бабаларымыз мың ұйықтасада түсіне кірмес еді. Техниканың дамуы күн сайын емес сағат сайын артып келе жатқан әлемде ақпараттардан қалыс қалу ұят деп те саналатын бүгінде стереотип қалыптасқан. Қазіргі таңда көпшілік өз тарихынан шет жағалай дерек білмеседе әлемде болып жатқан өсек аяннан хабардар. Әрине, техниканың дамуы өмірдің жеңілдеуіне әкеліп соқтырады. Сонымен қатар соңғы жаңалықтардан қалыс қалып жүру әр кездері сенің қоғамдық пікірінді айта алмауынмен түсіндіріледі. Ақпаратты егерде білмесен ол жайлы қалай әңгіме айтасын? Иә, бұл заман талабы. Бірақ көгілдір экран қоғамдық ой қалыптастырушы дүние екенің естен шығармау жөн.
Тақырыптың өзектілігі. Біз қазақ телевизиязының пайда болуы, дамуы және шетел телеарнларынан ерекшелігі тақырыбын тандауымыздың өз себебі бар. Иә, бүгінде отандық телевизияда батыстың немесе Европаның бағдарламалары қазақшаланып жие көрсетіледі деген ұғым азайып барады. Оның өз себебі бар. Жаңадан пайда болған әр телеарналардың өзі жасаған бағдарламасы әрқашан жұртышылықтың көңілінен шыға бермейді. Тәй-тәй бсқан баладай олар өзгелерден тәжербие алады. Сондықтан бағдарламаларды көшіру бұл әр дамып келе жатқан телеарна үшін қалыпты жағдай деп түсінуіміз керек.
Мақсаты. Отандық телевизиядағы телеарналардың даму тенденциясын қарастырып, шетел және қазақ телевизиясының айырмашылығын зерттеу. Елімізде тақырыптық телеарналардың пайда болуын және олардың қоғамға әсерін анықтау.
Міндеті:
- отандық телевизияның пайда болуына үлес қосқан журналисттерді қарастыру;
- алғашқы бағдарламаларды көріп, олардың форматымен танысу;
- қазақ және шетел телеарналарын салыстыру;
- тақырыптық телераналардың маңыздылығын қарастыру, әмбебап телеарналардың бір-біріне ұқсас кемшіліктерін анықтау;
Зерттеу әдісі: Қойылған міндеттерді шешу үшін біз келесідей зерттеу әдісттерін қолдандық: пайдаланған әдебиеттерді зерттеу, алынған ақпараттарды талдау, салыстыру.
Зерттеу нысаны- Курстық жұмысымыздың зерттеу нысаны ретінде шетелдік және отандық телевизиядағы телеарналарды қарастырдық.
Зерттеу пәні- Қазақ телевизиясының пайда болуы мен дамуын және шетел телеарналарынан ерекшелігін теориялық және методологиялық негізін саралау.
Жұмыс құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қортынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1.1. Қазақ телевизиясының алғышшартары. Алғашқы телеарналардың форматы мен қоғамға әсері
Қазақ телевизиясының сәуле шашып көгілдір экранға шығып жүргеніне бүгінде 60 жылдан астам уақыт болған. Тарихи деректерге сүейнсек қазақ телевизиясы 1958 жылы 8 наурызда Алматы қаласында дүниге келген деседі. Дәл сол күні бүкіл ел көгілдір экраннан дикторлардың бейнесін көріп, дауысын естіген. Кейін осы жылдың желтоқсан айында күнделікті 5 сағаттық хабар тарату бағдарламасы іске қосылып, жұмыс жасайбастаған. Бұл кездері техниканың енді пайда болып дамып келе жатқан шағы еді. Телевизия саласында алғашқы кездері салмағы бір центнерден асатын, зәулім тұтас студияның көлемін алатындай камералар қолданса,бүгінде барлығымызға таныс шағын және сапасы жақсы телеаппарттар олардың орындарын алмастырған.
Қазақ телевизиясның бастапқы кезеңдерінде негізінен жаңалықтар ( ақпарат тарату легі), сол кездері түсірілген фильімдер және көркем театр қойылымдары көрсетіліп, оны әр үйге таратуға техникалық мүмкіндік болған. Кейін уақыт өте көгілдір экранда телевизияның жаңа жанр туындылары көрсетіле бастайды. Мәселен, тележаңалықтар жіңішке немесе жалпақ кинотаспаларға түсіріле бастаса, ал телерепортаждар жылжымалы телестанциалар арқылы оқиға орныннан тікелей бұқара халыққа таратылып отырды. Сондай-ақ, студияда жүргізілетін әртүрлі жанрдағы телебағдарламаларға ұсыныстар түсіп, алғашқы телефильімдер мен спектакльдер көрсетіле басталды. Онымен қоса жасөспірімдер мен балаларға бағытталған жаңадан оқулық бағдарламалар дүниеге келді. Біз бұл жерде нені байқай аламыз? Біз бұл жерде қазақ телевизиясының жаңа қадамдар жасап, қазақ тіліндегі контенттің дамуына бетбұрыс жасалғанынң көре аламыз. Жоғарыда айтып кеткендей, көгілдір экран өзімен бірге тәрбиелік сипат пен жаңа білімді береді. Сондықтанда, қазақ телевизиясыой-өрісі кең жастарды өсіру үшін балалар мен жасөспірімдерге арналған оқуылық бағдарламалар жасай бастаған. Бұл жерде оқушылар білімдерін жаңартып, өткен тақырыптарын бекітіп, ой-өрісін арттырып отырған. Мәселен, барлығымызға таныс 21-ші ғасыр көшбасшысы бағдарламасын алайық. Кез-келген адам бір сұрақты естігенде бірдең оның жауабын табуға тырысады. Иә, бұл психологиялық құбылыс. Ал адам сұрақтың жауабын ойлау барысында барлық миын жұмыс істеткізеді. Бұл жерде адамның ойлау процессі іске қосылады.
Қазақ телевизиясының алғашқы он жылдығында түрлі салада өзекті проблемаларды қозғайтын бағдарламалар жие көрсетілетін. Олар әсіресе ғылым, әдебиет, өндіріс, ауылшаруашылық және тағы да басқа салаларда көтеріліп, көгілдір экранға таратылып отрыған. Бұл бағдарламалардың бір қатары жақсы көрілім жинаса, кейбіреулері сәтсіздікке ұшыраған. Алайда, телевизия бұлақтан аққан су тәрізді тоқтамайтын әр кезде ізденістен болатын кәсіп түрі. Сол себепті әрқашан дамып келеді. Телевизияның ішкі кухнясын терең түсініп, жаңа шығармашылық иделарды дүниге әкелген жеке дарындылардың қатрында сол кездері өмір сүрген Қанапия Мұстафин мен Совет Мазғұтовты ерекше атап өтуге болады. Ал, бұрын радио, газет-журналдарда қызмет еткен көпшілік маман, заман талабына сай қызметтерін ауыстырп, телевизия саласына бейімделген. Телевизияның қазаңында пісіп жетілген жас корреспонденттер, тележүргізушілер, режисерлер және телеоператорлар қазақ телевизиясының ірге тасын қалауға басты рөл атқарған. Алғашында телевизиятек Алматы қаласында жұмыс жасап, ақарат таратып отырды. Кейін 1959 жылы Өскемен,Қарағанды және Жезқазған қалаларында қазақ телевизиясының аймақтық бөлімдері ашылады. Ал 60-жылдары бұл тізімді Петропавл, Орал, Семей, Павлодар қалалры жалғастырып толықтыра түскен.Сол жылдары көгілдір экранда Достық экраны, Мыңда бір рахмет, Сырласу, Пай-пай 25, Балдырған сияқты хабарлар көрсетіле бастайды.
Әр жылдары қазақ телевизиясы алуан түрлі құрылымдық өзгерістерге ұшырап отырған. Бұның барлығы шығармашылық топтардың жемісті еңбек етуіне қолайлы жағдайдың туындап отырғанымен түсіндіріледі. Олардың қатарында1960-70-ші жылдары теледидарға шыққан Шұғыла және Құрдастар шығармашылық бірлестіктердің құрылуыөз жемісін берді. Сол кездері басшылықта болған атақты қоғам қайраткерлері Кеңесбай Үсебаев, Кенжеболат Шалабаев, Мұхамедқали Хасенов, Камал Смайловтар қазақ телевизиясының жан жақты жарқын дамуына орасан зор үлесін тигізді. Олардың қызметі кезінде Қазақстанда елу бөлімнен түратын деректі фильімдер, авторлық бағдарламалар (Сұхбат авторлық бағдарламасы), балалар мен жастарға арналған сапалы хабарлар (Алтыбақан, Айгөлек) өндіріс ( Операция , Ритм ) және ауылшаруашылық (Ақ бидай) тақырыптыран қозғайтын туындылар жарыққа шықты.
Сондай-ақ, қазақ телевизиясының өнімдері шекара асырылып көрсетіл басталған. Мәселен, Алатау арнасын Қытайдағы қандастарымыз қызыға көрген. Ал, Қазақтелефильмнің деректі туындылары көп елдерді шарлап прокаттарда сыйлы орындарда тұрған. Кеуде көтеріп айтатын жайт сол жылдары отандық телевизя фестивальдары барлық ТМД респуликаларының қалаларында өткен. Бұндай іс шаралардың ұйымдастырылуы шығармашылық топтардың тәжербие алмасып, олардың толысуына жол ашты. Отандық телевидениенің тарихында өлшусіз еңбек еткен тұлғалар өте көп. Олардың мамандығына сай өзіндік орны да бар. Алайда, көгілдір экранның бет бейнесін айқындап, шығармашылық дамуына зор үлесін қосқан алғашқы мамандардың орны бөлек. Олардың қатарында Совет Масғұтов, Евгений Сацук, Фатима Бегенбаева, Төлеубай Қаймолдинов сынды тұлғалар болған. Кейін жаңадан жастар толқыны қосылып, тың ізденістермен заманауи серпін байқалды.
Бұқаралық ақпарат құралдары тілді дамытуға тигізер әсері мен септігі көлемді. Тіл бұл тарихи құбылыс, ол әр кезде өзіңдік сипатын табады. Бүгінгі қоғамда тіл күн сайын өзгеріске және жаңашылдыққа ұшырап отырады. Ал оған септігін тигізетін бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі орасан зор. Егеменді елімізде журналисттердің тілі мен мәдениетіне бірқатар жүргізілген зерттеу жұмыстары бар. Мәселен, қазақ телевизиясына баға беріп, мақалалар жариялаған академик Мырзатай Серғалиев сөздің жарасымы немесе телехабарлар тіліндегі кейбір кемшіліктер туралы жазып отырған. Оның 1994 жылы жарық көрген мақалалары Ана тілімен Егемен Қазақстан сынды нар тұлғалы баспаларда шығығып отырды. Газет бетіне шыққан мақалалардың қатары мынадай болды : Радио және телехабарлар тілі туралы, Көгілдір экраннан айтылар сөз немесе осы төңіректегі кейбір ойлар, Ой мен сөздің жарасымы немесе телехабарлар тіліндегі кейбір кемшіліктер туралы. Кейінен сон 1999 жылы мемлекеттік тіл: терминология іс қағаздары мен бұқаралық ақпарат құралдарының тілі жинағында жарық көрген Хабар бағдарламасының стилі мен тілі туралы атты мақаласы және 2004 жылы жарық көрді. Ал ғалым Мәулен Балақаевпен бірігіп шығарған Қазақ тілінің мәдениеті атты оқулығы толықтырылып сол жылы жарық көрді. Аталған еңбектер қазақ телевизиясындағы тіл мәдениетіне, этикалық қағидатына, эстетикасына,сөздердің қолданылу заңдылықтары төңірегінде пікірлерін білдірген.
Диктор немесе тілдік қатынасқа түсетін хабар жеткізушінің сөйлеу дағдысы,мәнері, интонациясы және сөз қолдану лексикасы көгілдір экранда ең маңызды қызмет атқарады. Журналисттің қызметі кез келген мәтінді немесе сюжетті оқу барысында сөздің мәнін түсінікті етіп жеткізу. Ол сөйлемдегі нүкте, үтіріне, қос нүкте, нүктелі үтір немесе сұрақ белгісіне назар аударып эмоцианалды экспрессивті болуы тиіс. Ол бұндай әрекетімен контексттегі қолданылатын белгілерді жандандырады. Осыдан ақпарат жеткізушінің сөйлеудегі логикалық екпіні, темп (қарқыны), негізгі тоны, пауза (кідіріс), мелодика (әуезділігі), ритм (ырғақ) сияқты біршама интонациялық компоненттерінің септігімен орындалатыны көбімізге мәлім. Журналист көрерменді өзінің сазды даусымен, әуенді ырғағы және табиғи мәнерімен баурап алуы қажет. Бұл көріп отырған көпшілікке әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып табылады. Қазақ тілтанушысы, көрнекті ғалым Мәулен Балақаев айтпақшы Тіл мәдениеті дегеніміз - сөйлеудегі, жазудағы сыпайылық, ізеттілік қана емес, сонымен қатар ойлылық, сөзді дәл айту шеберлігі, сөйлеу өнеріне шыныққандық, сауаттылық жатады.
Академик Мырзатай Серғалиев хабар таратушы тележурналисттердің көбіне дауыс мәнеріне ерекше назар аударған. Себебі көрерменді өзіне тарту үшін дауыстың жағымды әрі түсінікті болуы маңызды рөл атқарды. Бұқара халықтың көгілідр экранға құштарлығын арттырып түсінкті ақпарат тарату дәл осы тележурналисттердің дауысында болған. Себебі, адам танымында артикуляциялық қабылдау менакустика феномендері тікелей тілге сай болып келеді. Ғалымның айтуынша, орфоэпия мен орфографияның заңдылықтарын сақтау, сауатты жазу мен дұрыс сөйлеудің мәдениетті көрінісі болып табылады. Көпшілікке ақпарат таратуда журналист нормативті нормаларға сүйену қажет. Яғни күнделікті тұрмыс-тіршілікте қолданыладын ауызекі сөйлесу қарым-қатынасын қалыпты межесінен асып түспей, әдиеби әрі сауатты сөйлеу өте маңызды деп санайды ғалым. Сондықтанда, дұрыс әрі мағыналы сөйлеуге бағыт бағдар беретін көпшілікке арналған орфоэпиялық сөздік құрау ол кісінің басты міндетерінің бірі болып отыр. Осы ретте академик Мырзатай Серғалиев былай деген радио мен теледикторларға, коментаторларға, жалпы эфир арқылы ақпарат берушілерге арналған орфоэпиялық сөздік жасаудың кезі келді. Ондай сөздікті бір немесе екі автордың құрастыруы, тіптен жеткіліксіз, өйткені мұндай сөздік қазақ сөздерін түгел қамтымаса да, басым көпшілігін жинауға тиіс; оның үстіне жаңадан пайда болып жатқан сөздердің енгізілуі жөн; мыңдаған жер-су атаулары, ел, мемлекет аттары сөздіктен сырт қалмағаны жөн деп айтқан.
1.2. Қазіргі таңдағы отандық телевизия.
Теледидарда дайындалып, көрерменге тарап жатқан әр жаңалықтың немесе бағдарламаның қортыңдысы әрқашан қоғамғаның мүддесіне тиісті болып табылатының барлығымыз білеміз. Сондықтанда кәсіби этиканы ұстану журналист маманы үшін өте маңызды. Себебі, БАҚ өкілдері, орын алған әр оқиғаға байланысты қоғамның ой пікірін қалыптастыра отырып, бір сәтте дәл сол жайтты басқа қырынан көрсете көрерменнің көзқарасын өзгерте алады. Телевизияда этикаға байланысты журналистке қойылатын қатаң талаптар жоқ. Бастысы берілген тапсырманы дұрыс орындап, оны көгілдір экранның ар жағында отырған халыққа қарапайым әрі түсінікті жетуі шарт. Телевизия этикасы мен мәдениеті әлеуметтік ортамен тығыз байланысты болып келеді. Сондықтанда журналисттің кәсіби шеберлігіне ықпал етуші фактор оның мәдениеті мен моральды этикасы болып табылады.
Әлемде медиа-кеңестік, соның ішінде көгілдір экранның соңғы 20 жылда беделі күрт өскені айқын байқалады. Алайда, елімізге технологияның кешуілдеп жетуі және басқада себеп салдарға байланысты бұл өзгерістің бізге келгенің тек 2010 жылдары байқадық. Бұл кабельдік және спутниктік телевидия жүйесінің тез дамып, көрерменің таңдауы мелейінше артуымен түсіндіріледі. Иә, қазір еліміздің түпкір түпкірінде кез келген ауылды, шалғай мекенінде кем дегенде он телеарна көру мүмкіндігі бар.
Телевизияның қарқын алып дамып келе жатқаның тағы бір себебі ол арзан әрі лезде тарап жатқан интернет. Көгілдір экранда жарық көрген әр бағдарламаны немесе жаңалықтар легін лезде смартфон немесе өзге де заманауи құрылғылармен көру қазіргі таңда қолжетімді дүние. Бүгінде әр телеарнаның жеке парақшасы немесе YouTube желісінде каналы бар. Сондықтанда телевизияның дамуына ғаламтордың қосып жатқан үлесі өте зор. Бұл жерде сонымен қатар телеарналардың бір бірімен бәсекелестігін байқай аламыз. Телеканалдар арасындағы бәсекелестік уақыт өткен сайын шарты қатая беретін жарысқа айналуда. Әйгілі ағылшын тілшісі Марк Тангейт айтқандай: Қазіргі таңда БАҚ нарығы мыңдаған саудагері бар қыжынаған, өңеш жыртып, бірі бірімен таласып жатқан шулы базарға ұқсас. Телевизияның жылдам дамып келе жатқанына тағы бір себеп көгілдір экрандағы каналдардың тақырыптық, жанырлық және интерактивті болып бөлінуінде. Бүгінде елімізде спорттық, хабар-ошар таратушы, балалрға арналған, музыкалық, мәдени, өндірістік, діни тіпті аңшылыққа арналған телеарналар бар. Алайда, отандық телевиденяда бұл үдеріс тек бертін келе орын алғаның ескеру керек. Бұның алдында телераналар әмбебап бітім-үлгісі бойынша құрылған. Әмбебап деп отырғанымыз әрбір отандық телеарна әрі ақпараттық, әрі ойын сауықтық, әрі мәдени-танымдық функцияларын қатар алып жүруге мәжбүр болған. Бүгінде бұл каналдар бұл нормаға әбден үйреніп әлі күнге осы қызметтерді арқалап келеді. Бірақ бұл әмбебап телеарналардың барлығына бір біріне ұқсас тұстары болады. Ал дәл осы әмбеп телеарналардың универсализм принціпі бір біріне тән бірқатар белгілерді туғызады. Оларды атап айтсақ:
-Хабар-ошар таратудағы бірізділік. Яғни ақпарат берудегі жаңалық топтамаларының стильдік және тақырыптық ұқсастығы;
-Ақпараттық жұтандық. Бүгінде отандық арналардың біреуіде ақпараттық желіге айналған жоқ. Ақпарат желісін, ресми жиындар туралы хабарлар құрап отыр.
-Аналитикалық-сараптамалық дәрменсіздік. Елімізде болып жатқан оқиғалардың себеп салдарын талқылап, төркінін айтатын, кәсіби аналитикалық-сараптамалық бағдарламалардың тапшылығы.
-Ақпараттық-оқиғалық бағдарламалардың дамымай қалуы. Отандық телеарналарда журналисттік зерттеу жүргізетін мамандардың сирек кездесуі.
-Рекреативті, соның ішінде ток-шоу және реалити шоу форматындағы туындылардың сапасыздығы. Қоғамның пікірін қалыптастыратын, әлеуметтік және саяси проблемаларға өз ойын қосатын, білімсіз медиа-спикерлердің көбейуі.
-Көптеген ойын сауық бағдарламаларын орынсыз тарату. Сонымен қатар олардың көбін шетел телевизиясынан көшіру. Яғни көшіру имитатор сипатында болу.
-Сенсациялық, соның қатарында көбіне оқыс оқиғаларды таратумен рейтенг көтеру. Яғни қоғамда болған қылмыстық және апаттық жаңалықтарды жарыса тарату.
Әрине телевиденияны зердеп зерделеген адам, отандық арналардан кінарат табатыны сөзсіз. Бірақ бұл жерде мақсат қазақ телевизиясын кемсітіп, кінарат табу емес, ал кемшіліктерге назар аударып, олардың көзін жою.
Қазіргі таңда әлемнің дамыған елдерінде ақпарат ағыны ең басты медиа өніміне айналған. Ақпарат қоғамда әбден айқындалып, біржолата қалыптасқан үрдіс. Жер шарының төрт бұрышына хабар ошар тарататын алып трансұлттық компаниялар бүгінде қоғамның ажырамас бөлігі. Мәселен, BCC,CNN және Euronews сынды алыптарсыз қазіргі әлемдік ақпарат кеңістігін елестете алмаймыз. Отандық телеарналардың хабар-ошар тарату қызметін қалай өзгертуге болады дегенге, жоғарыда айтылған кемшіліктерді қаперде ұстай отырып, ұсыныстардың бір бөлігі төмендегідей:
Бүгінде бұқаралық ақпараттар құралына қатысты ең күрделі мәселе ол сенімділік. Яғни, көрерменде жаңалықтың обьективтілігіне, шыншылдығына деген күмән қалыптасқан. Ең бірінші осы кедергіден өту маңызды. Бұл орайда таратылып жатқан жаңалықтардың мейілінше бейтарап болуын қатаң түрде қадағалау қажет. Яғни, жаңалықтарда баға берушілік және журналистің көзқарасы, пікірі мүлдем қатынаспау керек. Айтқым келетіні, жаңалыққа көрермен өзі баға беріп, пікір қалыптастыруы керек. Жағымсыз және жағымды жақтарын пырықтау халықтың көкейінде болуы тиіс. Өткен ғасырдың 80-ші жылдары жиырмадан астам қызметкері бар Тед Тернердің CNN арнасы дәл осы қағидатқа сүйенген. Аталған тұлғаның айтуынша, әлемде жаңалықтардың біртарапты болуынан көрермендер бейтараптыққа зәру болған. Жаңалықтарын обьективті, жеткізген шағын арна, бүгінде алып трансұлттық хабар таратушы қуатты медиажеліге айналған.
Мәселен, хабар таратуда мындай біржақты ақпарат таратудан аулақ болу керек. Мысалы: Израиль әскері тыныш жатқан Палистина елінің қалаларын бомбылап жатыр, бұл жайт барлық мұсылман елдерінің наразылығын туғызуда. Немесе Қостанай ауданы, Алтын дала ауылына газ желісі тартылып жатыр, тұрғындар қуанышқа бөлінуде. Бір сөзбен айтқанда жаңалық насихат қызметін атқармауы тиіс, жаңалық тек өзі хабар ретінде қабылдануы қажет. Тек сол кезде көрерменде сенім пайда болады.
2.1. Қазақ және шетел телеарналарының ортақ сипаты мен ерекшеліктері
Жер шарында қоғамдық телеарналардың елуге жуық түрі бар. Олардың соншалықты көп болуы әр ұлттың өзіне тән әлеуметтік жағдайы, саяси ахуалы және экономикалық тұрақтылығының әртүрлі болуына байланысты болып келеді. Себебі, оның түбінде қоғамдық телеарнаның қызметін халықтын қалтасы мен биліктің ұстамдылығы көтеруі тиіс. Алайда, британдықтардың BBC мен күн шығыс елінің NHK секілді қоғамдық телеарналардың басты ұқсастығы мемлекеттің бақылауынан тәуелсіз болуы. Олардың тәуелсіз болуына басты себеп, үкіметтін қаржыландыру көзіне бағынышты болмауы. Бұндай қоғамдық телеарналарды үкіметтін немесе саяси-қаржылық топтардың бюджеті емес, тікелей қоғам яғни, көрермен қаржыландырады. Осы орайда халық барынша шынайы ақпарат алу мүмкіндігіне қол жеткізеді. Қоғамдық телеарнаның елімізге қайсысы жарасымды? Әлемдік телеарналардың тәжербиесі не көрсетеді? Мен қоғамдық теларналардың әлемге танымал бірнеше түріне тоқталуға жөн көрдім.
Ағылшындардың төрткүл дүниеге танымал BBC алғашқы қоғамдық арна болып табылады. Ұлыбритания қоғамдық телеарнаның Отаны десемде артық айтқаным емес. Ағылшындық лорд Джон Рейт 1920-шы жылы BBC қоғамдық корпарациясын қалап, оның концепциясын бекіткен болатын. Ол концепция 3 міндетке негізделген. Біріншісі ақпараттандыру, екіншісі хабарландыру, соңғысы көңіл көтерту. BBC корпарациясы Еурапаның өзге елдеріне үлгі болып, қоғамдық телеарнаның классикасына айналған. Бүгінде Британияда BBC-дан бөлек өзге де корпарациялар ақпарат таратады. Олардың тізімінде ITV, 5 арна, 4 арна сынды қоғамдық телеарналар жұмыс жасайды. Алайда BBC корпарациясы бұл теларналардың арасында нағыс классикалық түріне жатады. Себебі жоғарыда аталып кеткен арналар өз күндерін жарнамалар мен демеушіліктің арқасында көріп жүр. Ал BBC-дің қаржыландыру түрі өзгеше. Қоғамдық телеарна дегенде басты назарға алынатын мәселелер- заңдар, қаржыландыру, бақылау құралы және саясат. Ұлыбританяда қоғамдық телеарналарға бағытталған бірқатақ заң бар. Ақпарат тарату жөніндегі заң соңғы рет 2003 жылы қабылданған. Қаржыландыру жүйесі теларнаның ашылған сәтінен қалыптасқан. Телеарнаның қаржыландыру көзі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ телевизиясындағы медиа мәдениет пен эстетиканың алғышшартары
Қазақ телевизиясындағы медиа - мәдениет пен эмтетика мәселелері
ХХІ ғасырдағы телевизиялық мүмкіндіктер
Отандық телеарналардағы сұхбат бағдарламаларының өзектілігі
Заманынан озып туған азамат еді Сағат Әшімбаев туралы
Қарағанды университеті
Қазақ дикторлық өнерінің бүгінгі аяқ алысы
Теледидар режиссурасы
Телевизиялық жаңалықтар қызметі: жылдамдық және шынайылық
Қазақ телеарналарының өсу - қалыптасу жолдары
Пәндер