Сөздің дыбыс құрылысы
Қазақстан Республика Ғылым және жоғары білім министрлігі
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Филология факультеті
Қазақ тіл білімі кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы:Қ.Жұбанов және қазақ тіл білімі
Орындаған: Қожайбай Әйгерім Кәдіржанқызы
Тобы: КИ-21-22
Тексерген: Саменова С.Н
Қарағанды 2023
Жоспар
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.Фонетика саласына қатысты зерттеу-жұмыстары
1.1Морфология және синтаксис салысна қатысты зерттеу жұмыстары
2. Қазақ тілінің грамматикасы туралы
2.1.Сөздердің жалпы құрылысы
2.3.Сөйлем жүйесі
2.4.Сөйлем мүшелері.
2.5Сөз тұлғалары
2.6.Сөз мүшелері
2.7Сөздің дыбыс құрылысы
3.Термин сөздердің спецификасы жөнінде
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Жұмыстың тақырыбы: Қ.Қ.Жұбанов және қазақ тіл білімі
Жұмыстың көлемі: 25 бет
Пайдаланған әдебиеттер саны:
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмысқа кіріспе, негізгі екі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты:
Профессор Қ.Қ.Жұбановтың қазақ тіл білімне қосқан үлесін,зерттеу.Құдайберген Жұбановтың қазақ тіл білімі бойынша зерттеулерін теориялық негіздеу жәгн еңбектері мен шығармашылығын эксперименталды зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеті
- Фонетика,морфология,синтаксис салаларына қатысты зерттеулерін саралау;
- Қазақ тілінің грамматикасы туралы ғалымның теориялық еңбектерімен танысу;
- Тіл біліміндегі сөздердің дыбыс құрылысына қатысты зерттеулерін саралау;
- Қ.Қ.Жұбановтың термин сөздердің спецификасы жөніндегі ғылыми зерттеу пікірлеріне талдау жасау.
Курстық жұмыстың нысаны:Профессор Құдайберген Жұбановтың қазақ тіл біліміне қосқан үлесіне,ғылыми еңбектеріне,зерттеу жұмыстварын көрсету.
Курстық жұмыстың дереккөздері:Курстық жұмысты орындау барысында тіл біліміне қатысты ғылыми еңбектер қарастырылды.Құдайберген Жұбановтың Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер кітабы дереккөз ретінде алынды.
Кіріспе
"Қазақ тіл білімі" пәнінің алдыға шығып,шаңырақ көтеріп,жайқалуы профессор,ғалым Қ.Жұбановпен тығыз байланысты.Ғалымның ғалымдағы алымды еңбек,зерттеулерлерінің арқасында.Көп тілді меңгерген полиглот(түркі,араб,парсы,моңғол,не міс,чуваш,грузин,кому),Еуропалық деңгейдегі лингвист-ғалым Қ.Жұбанов қазақ тілін зерттеуде шешімін таппай келген мәселелерді шешіп,үлкен нәтижелерге қол жеткізді.Сөйтіп,қазақ тіл білімінің теориялық негізін қалаған Қ.Жұбанов тұңғыш грамматика оқулығы мен қазақ тілінің мемлекетттік бағдарламалық жүйесін жасайды,тіл білімі саласында академиялық сипаттағы тұңғыш монографиялық зерттеу еңбегінің авторы болды.Ең таңғаларлығы ғалым ғылымның топшылауы,теориялық тұжырымдамалары мен ой-пікірлері бір жағынан соңы,бір жағынан ауқымды да әр түрлі және жан жақты болып келеді.
Ғалым Қ.Жұбановтың еңбектерінің мазмұнына келсек түрлі тақырыптарды қамтиды.Олар:қазақ тілі грамматикасы,фонетика,қазақ әліппесі,емлесі,терминология тақырыбындағы мәселелерді шешуге қатысқан және өнер мен мәдениет жайында айтқан пікірлері де аз емес.
Қ.Жұбанов қазақ тілінің дыбыс жүйесін ғылыми тұрғыда алғаш зерттеп,пән ретіндегі қазақ тілі фонетикасының ғылыми курсын жасады және фонетиканың обьектісін тани білді.Ғалым теориялық тұжырымдамалар нәтижесінде кейінгі зерттер жұмыстар бұлақ бастауына айналды десекте болады.
1.Фонетка саласына қатысты зерттеу-жұмыстары
Фонетиканың түбірі үш дыбыс яғни-"фон" ,"е", "тика" дыбыс жайындағы ғылым болып шығады.Ескі тіл тану ғылымнда грамматиканы 3ке бөлетін.1Фонетика-дыбыс жүйесі,2 Морфология-сөз тұрпаты жүйесі,3 Синтаксис сөйлем жүйесі болатын.Фонетка грамматиканың бір жүйесі,тілді дыбыс жағынан тексеретін сала болып табылады.Алдыңғы тіл тану ғылымында фонетиканы дыбысты тексеретін ғылым деп қраастыратын.Фонетика тілдің дыбысын тексергені рас,бірақта фонетиканы салмақты да дәл түсіңбесе теріс нәтиже шығуы әбден мүмкін.Бірақ та фонетика дыбыстың бәрін де тексермейді,мысалы тапаншаның тырсылы,күн көзінің күркіреуі бәріде дыбыс болып табылады,ал фонетика бұларды қарастырмайды.Екіншіден фонетика адам баласынан болған барлық дыбыстарды қарастырмайды,нақтырақ айтқанда дененің қызметінен уған инстиктерді айтамыз.Осы себептіде фонетиканың қарауына осы дыбыстар жатпайды.Үшіншіден фонетика қоғамда болатын барлық дыбыстарды да қарастыра бермейді.Төртіншіден фонетика бір тілде сөйлейтін жандарға түсінікті дыбыстың бәрін тексере бермейді.Осы аталған тілдік қасиеттер,тіл дыбыстары бола алмайды.Ал бұл жерде адам мен адам арасында болатын пікір байланысы.Бесіншіден фонетика тіл дыбысының бәрін қарастыра бермейді,дыбыс тілінің дыбыстарын ғана қарастырады.Сонымен фонетика саласы-дбыс тілі дыбыстарының тілдік қасиеттерін қарастыратын ғылым болып табылады.
Бір айта кететіні Құдайберген Жұбанов қазақ тілі лингвистикасында да алғашқылардың бірі болып зерттеу жүргізіп,"Қазақ тілінің грамматикасы" атты оқулығында дыбыстау мүшелерінің қызметтері жайлы толыққанды пікір айтқан.Осы оқулыққа дейінгі көптеген еңбектерде адамның сөйлеу органдарының қызметі яғни артикуляциясы жайлы пікір де талдау да болмаған етін.Осы мәселе фонетика саласына осы Құдайберген Жұбановтың еңбегінен кейін енген болатын.Ғалым дыбыстау аппартаттарына өкпені,ауызды,мұрынды,кедергі деп "өкпе,сырнайдың көрігінше,ісініп-басылып,ауаны біресе сыртқа теуіп,біресе ішке тартып тұратынын,ал ауыз,мұрын қуыстары,дыбыстарды зорайтып тұрса,ауа ағыны бірде еріннен,бірде тіс түбірі,не таңдай.не көмекейден бөгеліп,кедергіленеді де,дыбыс та кедергісіне байланысты әртүрлі шығады",- деп айтқан. Құдайберген Жұбанов дыбыстау түрлеріне қарап дауыстыларды:а,ә,е,о,ө деп,келте дауысты дыбыстарды ы,і,ү,ұ мен қосынды дауысты дыбыстарды ұу,үу,ый,ій деп үш топқа жіктеген.Қазақ тілінің ерекшелігін атап,яғни,дауысты дыбыстардың жуан және жіңішкелігінің фонологиялық кезеңдерін дұрыс байқаған Құдайберген оларды жазуда әрқайсысы бір-бір таңбалармен белгіленітіндігін көрсетіп,керісінше қосындыларда осындац қасиет жоқ деп жазған,ұу,үу-дыбыстары бір ғана ый,ій және у қосындыларының й әріптерімен таңбалануға ой тастаған болатын. Жасалу түрлеріне келетін болсақ, ғалым ерін дауыстыларына о,ө,ұ,ү деп көрсетіп,ал езу дауысты дыбстарына а,ә,е,ы,і деп топқа бөліп жазған.
Морфология,синтаксис салаларындағы зерттеулері
Құдайберген Жұбанов "сөздің қиын келу үшін екі шарт керек",-деп жазған болатын.Ғалым әрбір сөздерді өз орнына қойуымыз керекдеп,олардың орын ауысып кетуіне болмайды деген.Және сөз бен сөзді жалғап тұратын жалғаулықтарды дұрыс жалғай білу керек,егер де тиістірек жалғаулар жалғанбай қалған жағдайда,теріс жалғансса да,сөздің көркі,қиыны келмей қалатынын айтқан.Ал аналитикалық тәсілде сөздер орын тәртібі арқылы өзара байланысқа түсежі,ал синтетикалық тәсілде сөздерге жалғаулар жалғанып жасалынатынын жазған.
Дыбыстар
Фонетика-лексика,морфология,синтакс искеде керек,үшеуінің де қызметін атқаратын сала:ар-ас мысалдарда лексика керегін өтегені,бер мен бар деген жалғанаған қосымшаларда қалай болып келетіні(ұстастыру амалы)көрініп тұр.Бұл морфологиялық жағынан "бара мен алмады" сөздерінің жайын айтсақ "қолынан келмеді" мағынасында;аша түссек басқа мағынада;бұл жерде осы сөздің байланыса қызмет жасап тұр,демек синтаксистік қызмет атқарып тұр;"бара алмады" тіркесінде сөйлемнің бір не екі мүшесі екендігі а-дан көрініп тұр.Сонымен жаба айту мен аша айту-синтаксистің қасиеті екені көрініп тұр.
***
Фонема бір және екінші сөздерді айыруға көмектеседі.Сонда фонема бізде -бұйым.Бұл дауысты дыбыстардың кішкентай элементтерінен жасалады.Естілуі жағынан екі түрлілердің бәрі де екі фонема бола алмайды.Дауыссыз бен дауыстылар бір нірсенің екі беті,мысалы:Мен: "дауыссыз-бұрын,дауысты-соң туған"демеймін.
Африкат дыбыстар диффуздың әлжуазданған түрі.ал африкат дыбыстар дара дыбыстардан айырып тану негізінде жасалған болса,бұл оның артықшылығы болып табылады.
Дифтонг дыбыстарды буындық пен буындық емес дауысты дыбыстарының қортындысы құрайды.Екі дауысты дыбыстар қатар келіпғ,екеуі бір буынды жасайды.Ал енді басқа тілдерде үш дыбыстар қатар келіп,трифтонг жасайды.Мысалға якут тілінде тау сөзін тыа деп атайды,қытайлар қылыш дегенді дао деп атайды.Дифтонгтар екіге бөлінеді.Олар:өрлеме дифтонг дыбыстар-тыа,екінші құрама дифтонгтар-дао болып бөлінеді.Сонымен дыбыс шығатын аймақтағы заттардың бәрі де үн қосуға өз үлесі қосады.Құлаққа естіліп тұратын түрлі дыбыстар қатары саны мен сапасына қарай әртүрлі болады.Мысалға домбыра мен скрипканың дауыстары бірдей емес,себебі олардың тембрлері басқа болады.Дыбыстарды екіге бөлеміз:Гармониялы дыбыс және гармониясыз дыбыстар.Гармониялы дыбысқа музыканың дыбысын жатқызамыз,гармониясыз дыбысқа салдыр дыбыстарды жатқызамыз.
Қазақ тілінің грамматикасы
Сөздің жалпы құрылысы
Сөз бөлшектері.Сөздер ауызекі сөйленіп қана қоймай,қағаз бетіне түсіріледі.Осы секілді ауызекі түрінде айтылған сөздер бір нәрсенің атын немесе шағын бір ғана хат болып қана қоймай,кейде ұзақ әңгіме,ал кейде толықтай баяндама не бір ғана нәрсенің аты болады.Міне,осы айтылғандардың барлығы сөз бөлшектеріне жатады.
Сөз.Сөзді екі мағынада қолданамыз.Ең біріншісі жазылып,сөйленген сөздің барлығын сөз деп атасақ,екіншісіне бір нәрсенің атауын ғана сөз дейміз.Грамматикада осы екінші мағынадағы сөздерді яғни жеке сөздерді қолданамыз.Сөйлген кезде жеке тұрған затты болмаса заттардың белгілерінің өзін ғана айтатын болсаайырым сөздерді қолдану керек.Сонымен осы ғаламдағы білінген нәрсенің атауына қойылған аттарды сөз деп атаймыз.
Сөйлеу.Сөйлеу мақсаты-біреудің басқа адамға өзінің ойын жеткізуі.
Сөз бен ой.Ой дегеніміз бір адамның өзі туралы,я болмаса айналасындағылар жайлы білуі.Сөз-осы білгендерінің атауы.Адам,зат пен құбылысттар туралы бірдене білетінін (ойын) білдіргісі келетін болса,зат пен құбылыстың аттарын (сөзді) айтып білдіретін болады,яғни ойды сөз арқылы білдіреді.
Cөйлем.Аяқталған ойды білдіріп тұратын бір немесе бірнеше сөздерді сөйлем деп атаймыз.Сөйлемдердің қандай түрлері бар,қандай бөлшектері және сөйлем қандай бөлшектерден құралатынына грамматиканың қарасытыратын бөлімі бар.Грамматиканың бұл бөлшегі синтаксис я болмас сөйлем жүйесі деп аталады.Синтаксис гректің сөзі қоспа деген мағынаны білдіреді.Сөздер бір-бірлеріне қосылып барып жасалатындықтан.
Сөйлем жүйесі
Сөйлемдер түрліше сазбен айтылатындықтан үш түрге бөлінеді.
1.Хабар сазды сөйлемдер.
2.Сұрау сазды сөйлемдер.
3.Леп сазды сөйлемдер.
1.Хабар сазды сөйлемде болып жатқан,болып қойған,я болмаса келер шақтағы оқиғаның жайын хабарлап жеткізсе,онда хабар сазды сөйлем болады.Мысалы:Күн суық,Қар жауды,Алдағы уақытта құстар келіп болады.
2.Сұрау сазды сөйлемде бір нәрсе туралы сұраа сөйлейді.Мысалы:Айнұр кеше неліктен үй тапсырмасын орындамады? Қарағандыға неліктен қар ерте түседі?
3.Леп сазды сөйлемде бір затқа я нәрсеге таңданып,опынып,біреуге ашуланып,қуанып,бұйырып сөйлесе болмаса хабар көтерінкі немесе басылыңқы көңілмен айтылып беріледі.Мысалы:Қап,кеше бекер жазбадым! Жасасын,Қазақстан! Ертең менің сөмкемді ұмытып кетпе!
Сөйлем мүшелері.Сөйлемде түгел,нақты бір ой білдіріледі.Түгел ойларды бір сөз немесе көп сөзбен де білдіреді.Көп жағдайда сөйлемдерде бірнеше сөздер болады.Бір сөзді сөйлемде барлық бір ойды бір сөздің өзі ғана білдірсе,көп сөзді сөйлемдерде барлық бір ойды сөйлемдердегі сөздердің барлығы жиналып қана білдіретін болады.
Баяндауыш.Сөйлем мүшелерінің арасында біреуді,я болмаса бірдеменің не қылғаны туралы,немесе не болғандығы туралы баяндап тұрса-бастауыш деп аталады.Мысалы:Ұшақ ұшады,қыз жүгірді деген сөздерде ұшақтың,қыздың не қылатынын,ауа-райы жылы дегенде ауа-райының нешік екенін,ұшады,жүгіреді,жылы деген мүшелер баяндап көрсетіп тұр.Баяндауыш мүшесін табу өте оңай-әрқашан да сөйлемнің соңғы жағында тұрады.
Бастауыш.Сөйлемде кімнің,ненің жайы туралы көрсететін мүше бас мүше немесе батауыш деп атаймыз.Баяндауыштарың алдына кім? не? сұрақтарын қою арқылы бастауышты таба аламыз. Ұшақ ұшады,қыз жүгірді:не ?-ұшақ, ұшақ бастауыш.Кім?-қыз,қыз-бастауыш.
Сөйлемдерде не бастауыш не болмаса баяндауышты айқындап тұратын сөзді айқындауыш дейміз.
Жалаң сөйлем мен жайылма сөйлемдер.Негізгі мүшелері яғни бастауыш пен баяндауышы ғана бар,ал айқындауыш мүшесі жоқ сөйлемдерді жалаң сөйлемдер деп атаймыз.Сен биледің.Мен жүрдім.Сабақ аяқталды.Дала жайқалуда.Осы сөйлемдер-жай сөйлемдер.Ал айқындауыш мүшелері де болса,онда-жайылма сөйлемдер деп аталады.Сен тез жүгірдің.Мен жай жүрдім.Сабақ енді аяқталды.Дала биылғы жылы тым жайқалуда.Бұл мысалдарда айқындауыштар бар,демек бұлар жайылма сөйлемдер.
Толық сөйлем мен олқы сөйлем.Негізгі мүшелері толыққанды яғни бастауышы да баяндауышы да бар сөйлемдерді толық сөйлем деп атаймыз.Доллар қымбаттады.Жұлдыз құлады.-толық сөйлемдер.Негізгі мүшелерінің бірі не екеуі де жоқ болатын болса,бұл сөйлем-олқы сөйлемдер деп аталады.Қартайдық.Арам ойладық.Бұл сөйлемдердің негізгі мүшелері яғни,бастауышы жоқ.
Сөз қиыны.Сөйлемдер бір немесе бірнеше сөз болатын болса,сол сөздер бірімен бірі қиындасып тұрады.Қиынын келтірмей жатып құрасытырылған сөйлем,я болмаса сөз болмай қалады да,айтылайын деген сөзі болмай,басқа бірдеме болып шығады.Сөздің қиынын келтіру үшін екі ғана шарт керек:
Ең бірінші,әрбәр сөзді орындарына дұрыс қоя білу керек;нақты орын ауысса,қиыны келмей қалады.
Екіншіден,бір сөзді келесі сөзге жалғайтын жалғаулар бар,сол жалғауларды дұрыс жалғау керек;өзіне тиісті жалғаулары жалғанбай қалғып жатса,я болмас теріс жалғаған жағдайда да сөздердің қиыны келмей қалады.Біз үйге келдік деген сөйлемнің орнына Біз үйге келді-м деп алсақ сөздің қиыны дұрыс болмай,сөз қиыны келмей қалады.Бұл сөйлемді бұзып тұрған-жалғаудың дұрыс жалғанбауы (-к орнына -м жалғануы.)
Сөздің тура күйі және бұрма күйлері.Қазақ тілінде сөз сөйлем ішінде екі түрлі болып бөлінеді:Тура күй және бұрма күй.Сөздер жеке тұрған кезде ғана,тура күй ретінде болады.Мысалы,жапырақ,қағаз сөздерін жеке айтқанда ешқашан жапырағы,қағаздың деп айтпаймыз,жапырақ,қағаз дейміз.Сөйлемдердің ішінде сөздер тура күй немесе бұрма күйде де кездесіп жатады.Сөйлемдердің ішінде сөздердің біресе тура күй,ал бірде бұрма күйде кездеуі-сөздердің қиындасуына керек.Ал өзінше деке тұрған сөздерге басқа сөздермен қиындасудың керегі жоқтығынан.
Жалғауыштар.Сөз тәртібімен қоса жалғаулардан басқа да сөз бен сөзді байланыстыру арқылы қиынын келістіретін сөздерді-жалғауыштар дейміз.Ауылымыздың жылқысы ай сайын көбейіп жатыр деген сөйлемде сайын жалғауышы ай мен көбейіп сөздерін байланыстырып тұр.Бұл жалғауыштар болмаса,ауылымыздың жылқысы ай көбейіп жатыр болып,сөздердің қиыны болмай қалатын еді.Сайын,да,үшін мен сөздері бұрма күйінде тұрмайды,себебі бұларға жалғаулар жалғанбайды.Бұл сөздер тура сөздер бола алмайды.Себебі,тура сөзден оңаша айтылмайды,тек басқа сөздердің шылауында ғана болады.
Жетек сөз бен жетекші сөз.Сөйлемдерде бірін-бірі ертіп,бір-біріне ере байланысып жатады.Еруші сөздер-жетек сөздер,ертуші сөздерді -жетекші сөздер деп атаймыз.Біз үйге келдік сөйлемінде үш сөздердің байланысы:ең бірінші-біз сөзімен келдік сөзі байланысып тұр;кім келді?-Біз келдік.Ендігі кезекте осы келдік сөзімен үйге сөзі де байланысып тұр,Қайда келдік?Үйге келдік.Осылай бұл сөздер бірін-бірі жағалап матастырылмаған.Біз сөзі мен үйге деген сөздердің екеуі жиналылынқылап,келдік сөзіне арқандалып тұр.Бұл сөйлемнің арқандалу реті сызық арқылы көрсетсе
Біз
келдік
Үйге
Осылайша Құдайберген Жұбанов бір-бірімен байланысқан сөздердің қалай байланысып тұрғанын,яғни бір-біріне еріп тұрғандарын көрсеткен.Біз сөзі келдік сөзін ерітіп тұрса,келдік сөзі, үйге сөзін ертіп тұр.Қай сөздің еріп,қай сөздердің ертіп тұрғанын жалғауларынан білсек болады.Біз сөзінің орына мен сөзін қойып көрсек,келді-к сөзіне -к жалғауы сай келмей қалады:мен келді-к деп айта алмаймыз ғой,мен келді-м деп -к жалғауының орнына -м жалғауы қойылады.Себебі,-к жалғауына мұқтаж болып отырған біз сөзі бар,бұл сөзді алып тастап,оның орнына басқаша сөз қойсақ,ол сөз басқаша сөз ,басқаша жалғауды керек етіп тұр.-М жалғауына мұқтаж болып тұрған сөз мен сөзі.Келді сөзі тура күйде біз сөзімен қиындаспайды.Тура күйлерінен айырылып,бұрмалы күйге түскен сөз басқа сөздің жетегіне ерсе жетек сөз болады.Бұл сөзді жетектеп тұрған сөз жетекші сөз деп аталады.Бұл жерде келдік-жетек сөз,ал біз сөзі жетекші сөз.Ендігі кезекте келдік және үйге сөздерінің өзара байланысына үнілсек,бұл жерде келдік-жетекші сөз,ал үйге жетек сөз болады.Себебі, үйге сөзінде - ге жалғауын қажет қылған-келдік сөзі.Осылай келдік сөзі осы жерде бір сөзге жетек болып,келесі сөзге жетекші сөз болып тұр.
Келдік
үйге
Біз
Біз сөзі келдік сөзін жетектеп,келдік-үйге сөзін жетектеп тұр.Бұрма сөздердің барлығы дерлік жетек сөз,тура,жетекші сөздер бола алады.
Анықтауыш пен толықтауыш.Сөйлемдердің айқындауыш мүшелерінің екі түрі болады.Олар:біреуі өзінің айқындап тұратын мүшелерге жалғау жалғап жетектелетін болса,енді бірі жалғаусыз жетектелініп жасалады.Жалғаулы айқындауыштарды толықтауыш деп атасақ,жалғаусыз жасалатын айқындауыштарды анықтауыш деп атаймыз.Сөйлемдердегі бастауышы мен баяндауышынан басқа жалғаусыз сөздердің бәрі анықтауышқа жатады .Ал баяндауыштан басқа жалғаулы сөздердің барлығы толықтауыш болады деп ғалым анықтама берген.Әйгерім ұзақ сөйледі.Ақеркенің,Ғазизаның жақсы жағын түгел айтып берді сөйлемінде ұзақ,жақсы,түгел сөздері анықтауыш болып тұр.Ақеркенің,Ғазизаның,түгел сөздері-толықтауыш болып тұр.
Сөйлем мүшелерінің орын-орындары."Сөйлем ішінде баяндауыштар сөйлемдердің ең соныңда,ал бастауыш баяндауыштын алдында тұрады",-деп Құдайберген Жұбанов сөйлемдердің орындарына осылай анықтама беріп өткен еді.Анықтауыштар өзі анықтаған сөзінің,ал толықтауыштар өзінің толықтаған сөзінің алдында келеді.
1 2 3 4 5 6 7 8
Шахзада-бала күткен,балаға ықылас берген пейілдің көрмесі.Бұл жерде бастауышымыз-Шахзада,көрмесі сөзін толықтап тұрған толықтауышымыз-пейілдің сөзі толықтауышы көрмесі сөзінен бұрын келген.Пейілдің сөзінде екі анықтауыш бар,олар:біріншісі-берген,екіншісі- күткен.Екі сөзде өздерінің анықтауыштарынан бұрын тұр.Берген сөзінде екі толықтауыш бар,олар:ықылас және балаға.Екі сөзде өздерінің анықтауыштарынан ілгерірек тұр.Күткен сөзінде бір ғана толықтауыш бар,ол:бала.Бұл сөзде толуықталып тұрған сөзінің ілгері тұр.Бұл сөздердің қыйындасуы сызықпен көрсетсем:
Бұл
күткен
Бала(ны)
1 2 3
көрмесі
пейілдің
балаға
4 7 8
берген
ықылас(ты)
5 6
Сөз тұлғалары
Сөздер ешқашанда бір ғана калыпта тұрмайтынын,бір сөз кейде тура ,кейде бұрма күйде болатынын,өзгеру,түрленетінің баяғыдан білеміз.
"Ауылдың алды айдын көл,
Айдын көлде шағала.
Айдын көлді жағала"!-
(Ілияс)
Деген өлен жолдарында айдын сөзі үш рет қолданылған.Үшеуінде де бір ғана формада,бір-бірінен айырмашылықтары жоқ.Көл сөзі де үш мәрте қолданылған,бірақта әрқайсысы әр түрлі:
Ең бірінші-көл,екінші жолдарда-көлде,үшіншісі-көлді түрлерінде беріліп тұр.Осы секілді бір ғана сөз түрлі орындарда түрліше кейпке ене алады.Сөздердің сыртқы көріністерін сөздің тұлғасы деп атаған.Сыртқы кейіптерінің түрленуі сөз тұлғаларының түрленуі деп атааймыз.Мынау-көл,көлде,көлді-сөзд ердің барлығы сөз тұлғаларының түрленуі дейміз.Сөз тұлғаларының түрленулері,немесе сөздердің түпкі мағыналарына жаңадан мағына үстеуі үшін керек,не болмаса,сөздерді басқаша сөздермен байланыстыруға керек.Сөз тұлғалары түрленулеріне қарай,алты негізгі топқа бөлінеді:
1.Түбір сөздер,
2.Қосымшалы сөздер,
3.Кіріккен сөздер,
4.Қыйулы сөздер,
5.Қосар сөздер,
6.Қосалқалы сөздер.
Сөздердің қалай құралатынын қарастыратын ғылым-жалпы морфология деп аталады.
Түбір сөздер мен қосымшалы сөздер.Сөздердің түпкі мағына бөлшектерін түп бөлшек болмаса қырқартылған түрде түбір деп атаған.
Айдын көл-де шағала.
Айдын көл-ді жағала,-
Деген өлен жолдарында тұлғасы-көл-де,көл-ді болып өзгеріп,екі сөздің де түп бөлшектері көл болғаны.
Көл сөзінің көл-шік деген сөзде көлшік сөзінде түп бөлшек көл боып тұр.Көл-ді,көл-шік,көл-де сөздеріндегі түпкі мағнасын көрсетіп тұрған түбір-көл бөлшегі.-ді,-шік,-де бөлшектер қосымша болып тұр.Сөздердің түбірлері алдыңғы мысалда көрсеткендей,қосымшамен де,қосымшасыз да тұра алады.Ауылдың алды айдын көл,көл дегеніміз көлшік сөздеріне көл сөзі түбір болып тұрғандықтан,қосымша жалғанбай жеке тұр.Сөздердің қосымша бөлшекері түбірлері бар сөздерне қосылып тұрады,жекеше күйде пайдаға жарамай қалады.Сөз түбірлері қосымша қоспай,өзі оңаша тұрса,түбір сөз деп атаймыз.Айдын көл,көл сөздеріндегі қосымша қосымш жалғанбай тұрған көл -түбір сөз.Сөздердің түбірлері жеке емес,қосымшамен жалғанса-қосымшалы сөздер деп аталынады.Көлді-көлшік,көлде сөздерінің барлығы делік қосымшалы сөздер болады.
Жалғаулы сөз бен үстеулі сөздер.Қосымшалардың екі түрі болады:біріншісінде өзі жалғанып тұрған сөздерді басқа сөздермен қыйындау үшін,екіншісінде өзі жалғанып тұрған сөздердің түпкі мағыналарына мағына үстеуі үшін қажет.
Айдын көлде шағала (отыр),
Айдын көлді жағала!
Деген өлең жолдарында көл сөзі шағала сөзімен қыйындастыру есебінде қолданылып тұр.-де қосымшасын жалғаудың орнына,айдын көл шағала қылып қоятын болсақ,сөздер бір-бірімен қыйындаспайтын еді.Көл-ді қосымшасындағы көл сөзі жағала сөзімен қыйындасу үшін тұр.Осылай, белгілі бір сөздерді басқа сөздермен қыйындастыру есебінде жалғанып тұратын қосымшаларды жалғаулар деп атаймыз.Көл дегенің көл-шік тағы? Деген сөйлемдегі көл сөзіне жалғанып шік қоымшасына бұл сөз басқаша сөздермен қыйындасу есебінде емес, көл сөзіне мағынаны үстеу үшін қолданылып тұр.Көлшік дейтін болсақ,өлшемінің үлкенірек емес,кішкене екенін айтамыз.Ғалым Құдайберген Жұбанов үстеулерге былайша анықтама берген:сөздердің түпкі мағыналарына үстеме мағынаны қосып тұратын,қосымшаларды үстеу деп атаймыз.Түбір сөздерге жалғау қосылып тұрса,жалғаулы сөздер болады.Көл-ді,көл-де сөздері жалғаулы сөздер болып тұр.Ал түбір сөздерге үстеулер қосылып тұрса,үстеулі сөздер жасалады.Көлшік сөзі үстеулі сөз болып тұр.Үстеулер көбірек,ал жалғаулар аз болады.Қазақ тілдерінде қосымшалардың барлығы түбірдің соңында жалғанып жасалады.Көл-ді,көл-шік,көл-де сөздерінде көл түбірі алдыңғы жағында,қосымшалар кейінірек тұр.Жалғаулар мен үстеу екеуі бірге түбірге жалғанып жасалса,үстеу алдына шығады да,соңғы жағында жалғау келеді. Құрылысшы-ның құралын алды.Қойшының қойын алдыБұл мысалдарда Құрылысшы-ның,Қойшы-ның сөздері бір жағынан үстеулі,бір жағынан жалғаулы сөздер болып тұр. Сөйлемдердің соңындағы -ның қосымшасы жалғау болып тұр.Осы жалғау құралын,қойын сөздерін алды сөзімен байланыс орнатып тұр.Жалғау алдында тұрған -сы қосымшасы үстеу болып тұр.Үстеу құрылыс,қойшы сөздерінің мағыналарын үстеп тұр.Құрылыс,қой сөздері құрылысшы,қойшы болып үстеліп жасалған соң,құрылыс жұмысын,қой жұмысымен айналысатын адамдар деген мағынаны беріп тұр.Жалғаулар көп жағдайда,бір сөз ішінде бір рет қана болады,бір жалғаудың үстеуі келесі жалғауға жалғанып жасалмайды.Ескере кететін жайт:Құрылысшының құралын алды,қойшының қайшысын алды сөйлемдердегі құрал-ы-н,қой-ы-н сөздерінде жалғаулар екеу.-ы,-і жалғаулары қойшы,құрылысшы сөздерімен қыйындасу есебінде тұр,-н сөйлем соңында тұрған алды сөзімен қиындасып тұр.Құрал-ы,қой-ы сөздеріндегі жалғаулар тура жалғаулар.Себебі, бұл жалғаулар жалғанғаннан соң да,сөздер бұрма күйге түскен жоқ,осылай тура күйінде қалып тұр.Басқа жалғаулар бұрма жалғаулар болады.Себебі,бұл жалғаулар сөздерді тура күйлерінде қалдырмай,бұрма күйге өзгертіп тастайды.Тура жалғаулы сөздер жалғаусыз,ал тура күйінде тұрған сөздер есеп,соңдарынан кейін бұрма жалғаулар жалғанып жасалады.Қайшы-сы-н,қой-ы-н сөздерінде осы екі жалғаулар бірінен соң бірі келгені-біреуі тура жалғау,екіншісі бұрма жасау болғаны үшін.Бұрма жалғау мен тура жалғаулар өзімен-өзі тіркесіп жасалмайды.Ескерту: өздернің соңынан үстеулерді келтіре алатын екі жалғаулар бар.Біріншісі -да,-де жалғаулары.Көл-де.ауыл-да ,соңдарына -ғы.-гі үстеулері тіркесе алады.Көл-деөгі,ауыл-да-ғы деп ала аламыз.Осы -да,-де жалғауларының соңына басқа үстеулер келмейді,-да,-де жалғауларына -ғы-.гі ден басқа үстеулер жасалмайды.Екінші жалғаулар -дай,-дей.Нар-дай,көл-дей бұлардан кейін көптік үстеуі -лар:нар-дай-лар,үй-дей-лер деп ғалым Құдайберген Жұбанов атап кеткен болатын.Жоғарыда жазылған екі ескертулерден басқа жерлерде жалғаулар жалғаулы сөздердің соңында тұпады екен.Жалғаулар мен үстеулер өздерінен-өзі пайдаға аспай,тек қана түбірлі сөздерге қосылып жасалатындықтан,бұларды бірге қосып қосымша болады.Үстеулі болмаса жалғаулы сөзді қосымшалы сөздер деген анықтама жазған.Үстеу мен түбір сөздер түпкі мағыналарын бергендіктен,бұларды қосып негіз сөз деп атаймыз.Сонымен,түбір негізгі сөздерді-түп негіз,ал үстеу арқылы жасалған негізді сөздерді туынды негіз деп атаймыз.
Түбір сөз,үстеулі сөздер мен жалғаулы сөздердің емлесі.Үстеулі сөздер,жалғаулы сөздер мен түбір сөздер өз алдына тұтас сөздер болады да,өзге сөздерден ерекшеленіп,әр түбір өзінің қосымшаларымен қосылып жазылады:су-сушы-сушының;би-биші-би шінің;қой-қойшы-қойшының;көл-көлшік -көлшіктерде.
Өлі қосымшалар.Құдайберген Жұбанов "өлі қосымшалар деп бір сөзбен келесі сөздерді байланыстыратын болмаса үстеулі сөздерді жасайтын сөздер",- деп атаған.Мысалы:Би-ші,ойн-а,ауыл-дың, колхоз-да сөздеріндегі -ші,-а,дың,-да қосымшалар тірі қосымша болып тұр.Кейбір сөздердің түбірдері нақты көрініп тұрса да,қосымша қанаты сол сөзден айырылып,басқа сөздерге жалғауға жарамай қалады. Мысалы:ертең-ерте,соңыра-соң,жоңқа- жоң, сөздеріндегі түбірлер жеке тұрып-ақ жасалып тұр.Себебі,жоң,ерте,соң түбірлері өздері ғана болсада қолданыла береді.Ал -жоңқа-дағы-қа,ер-тең-де-гі -ң,соңыра-дағы -ра сөздерінен бөлінбейді,сол себепті басқа сөздерге жалғана алмайды.Бұл қосымшалар кезінде тірі қосымшалар болған,қазіргі кезде қосымша болмай,түбір сөздерге біріге,қатып кеткен.Сонымен,қазіргі таңда қолдану аясынан шығып кеткен қосымшалар өлі қосымшалар деп аталады.
Өлі түбір.Түбірлер тірі және өлі болып екіге бөлінеді.жарыс,күрес сөздернің соңғы түбірлері -с,-ыс әлі күнге дейін тірі қосымшалар.Енді -соқ түбіріне қосатын болсақ,соғ-ыс,айт түбіріне қосатын болсақ,айтыс шығады.Соңында -с үстеу болғандықтан,түбірі алдында тұр.Сонымен,жарыс,күрес сөздердегі түбірлер жар,күре болады.Бірақта қазақ тілінде жарысу,күресу сөздерінде күре,жар деген түбір сөздерді білмейді.Сол себепті де олар өлі түбір болады.Жалғаулы сөздер мен үстеулі сөздердің түбірлерінің жалғау,үстеу және түбір өлісі қосымшалармен қосыла жасалып,бір түбір болып есептеледі.Құдайберген Жұбанов қосымшалардың тарихында айтып өткен:Қосымшалар тілге тура біткен нәрсе емес.Түбір сөздердің бір қатары басқа түбірлермен қосақталып жүре-жүре азып барып,қосымша болып кеткен.Мысалы:оқушы-мын,оқушы-сың,о қушы-мыз,оқушы-сыз деген сөздердегі мын қосымшасы мен деген түбірден,сыз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz