Қазақ хандығының негізін қалаған хандар


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ АКАДЕМИК Е. А. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ УНИВЕРСИТЕТІ
Тарих факультеті
Археология, этнология және
Отан тарихы кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы
Дайындаған: Ерғазықызы Құралай
Топ: ИО-22-1К
Тексерген: Тарих магистры, аға оқытушы
Смағұлов Нұртас Бірлікұлы
Қарағанды-2023 ж.
Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 3
I Қазақ хандығының алғышартары мен мәдени өмірі . . . 5
1. 1 Қазақ хандығының құрылуындағы алғышарттар . . . 5
1. 2 Қазақ хандығы тұсындағы мәдениет . . . 12
II Қазақ хандығының негізін қалаған хандар . . . 22
2. 1 Керей мен Жәнібек хандар кезінегі қазақ хадығының қалыптасуы . . . 22
2. 2 Қасым хан тұсындағы қазақ хандығы. “Қасқа жолы” заңдар жинағы . . . 25
2. 3 Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығының нығаюы. “Жеті жарғы” заңдар жинағы . . . 27
2. 4 Тәуекел мен Есім хандардың кезіндеі қазақ хандығы. “Есім ханның ескі жолы” заңдар жинағы . . . 28
ҚОРЫТЫДЫ . . . 31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 32
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі: Қазақстан аумағында бұрын болған мемлекеттік құрылымдардың мұрагері, этникалық процестермен байланысты әлеуметтік қатынастардың өзгерістер мен экономикалық даму нәтижесі. 1457 жылдың күзінде Әбілқайыр хан Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қол астындағы ру-тайпалармен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін салады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері - Шу бойы мен Қозыбасы деп айтылады. 1458 жылдың көктемінде Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Әбілқайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып түседі. Қазақ хандығының құрылуы осыған дейін бүкіл Қазақстан аумағында болған әлеуметтік-экономикалық және этно саяси процестердің заңды қорытындысы еді. XV ғасырдың алпысыншы жылдары Қазақ хандары қарсыластарын тықсыра отырып, Батыс Жетісуға табан тіреді. XVI-XVII ғасырларда Қазақ хандығы нығайып, этникалық аумағының негізгі бөлігін қамтитын шекаралары кеңейе түсті. Орта Азия, Астрахан, Қазан, Сібір хандықтарымен, Ресеймен тығыз байланыс болды. Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел, Тәуке хандардың есімдері Қазақ мемлекеттілігі деген атаумен қоса жүреді. Өйткені олардың қазақ жерін нығайтудағы, қазақтардың үстемдігін орнатудағы әрекеттері орасан зор болатын. Хандықтағы жоғары билік хан қолына шоғырландырылды. Салт бойынша, хан тағына отыруға рудағы үлкен ұлдың құқығы басым болды. Хан әскерлердің бас қолбасшысы және жоғарғы сот қызметін атқарды, шет мемлекеттермен келіссөздер жүргізу, соғыс жариялау мен бейбіт бітім жасау, заңдар шығару және хандықтың бүкіл аумағын билеудің бас құқығына ие болды. XV-XVI-ғ. Қазақ хандығы дәуірінде қазақ этносының материалдық және рухани мәдениетінің негізгі сипаттары қалыптасты.
Қазақ хандығынын пайда болу фактісі, Жетісудың батыс белігінде еді. Дәл осы жерге Керей мен Жәнібектің қарамағындағы, Орталық және Оңтүстік Қазақстан аумағында түратьш Орта жүздің қазақтары қоныс аударды. Қазақ хандығының әрмен қарайғы нығаю процесі. Жер аумағының кеңеюі Сырдария өңірінде, Оңтүстік Қазақстан өлкелерінде мемлекеттін орнығуьшен қатар жүрді. Қазак хандары Сыр бойындағы калалы әңірлерді езінін экономикалык және әскери базасы деп таныды. Оңтүстік Қазақстан о бастан-ақ Орталық Азияға тән - кешпелі мал шаруашылығы мен отырықшы-егіншілік деген екі негізгі мәдени типтің бір-бірімен үйлескен, тоғысқан жері болатын. Осындай аралас тарихи-географиялық жағдай өңірдің мәдени-шаруашылық ерекшелігін ғана айқындап қоймай, ежелгі және ортағасырлардағы мемлекеттік құрылымдардың қарым-қатынасының тарихында да ерекше роль атқарды. Түрлі тарихи кезеңдерде Оңтүстік Қазақстан әртүрлі мемлекеттерді басқарған ақсүйектердің (элита) тайталасқан жері болды. Қазақ даласының жағрафиялық ерекшеліктеріне сай, Шығыс Дәшті-Қыпшақ территориясында ерте ортағасырлар кезеңнен-ақ бақташы қауымдар қыс уақытында оңтүстікке - Сырдария өңіріне, оның сағасына, Қаратау қойнауына келіп қыстайтын мал шаруашылығы қалыптасқан болатын. Дәл осы шаруашылық циклі Қазақ хандығы кезінде де қолданылып жатқан еді. Орталык Қазакстан мен Орта Сырдария Орта жүз қазақтары үшін ортақ территория болып саналды. Ал төменгі Сырдария жерлері мен Арал өнірі де Кіші жүз қазақтары үшін дәл осындай мәнге ие еді. Астанасы Түркістан қаласы болған Қазақ хандығы тұсында Орталық Қазақстан мемлекеттің стратегиялық тұрғыдан аса маңызды өлкелерінің бірі болды. Керуен жолдары ішінде көне дәуірлерден жеткен екі бағыт ерекше орында тұрды.
Курстық жұмыстың мазмұны : Курстық жұмыста Қазақстанның XV-XVI ғасырлардағы мемлекеттік құрылысы, қазақ хандығының құрылуы, хандар мен белгілі тұлғалары жайында ақпарат беріліп отыр. Жалпы алғанда, курстық жұмыс тек нақты фактілерді беріп қана қоймай, жаңашылдық ретінде әркездегі түрлі ғалымдардың зерттеулеріне сүйене отырып, қазақ хандығының құрылу жайындағы белгілі қортынды жасауға бағытталған.
Курстық жұмыстың өзектілігі: XV-XVI ғасырлар қазақ елі үшін өте маңызды тарихи кезең болып саналады. Осы кезеңнен бастап қазақ даласы тарихы өзінің жаңа бетін ашады - қазақ өз алдына жеке хандық болып бөлініп шығады. Сондықтан осы тақырыптың өзектілігі әлі сан ғасырлар бойы қазақ халқы үшін жоғалмақ емес. Осы заманның тарихына әлі де талай жаңашылдықтар қосу - болашақтың ісі.
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс төрт бөлімнен, кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде жұмыстың өзектілігі, оның мақсаттары мен мәндеттері көрсетілген. Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде осы жұмыста қолданылған еңбектер мен мақалалар көрсетілген.
Курстық жұмыстың міндетері:
- XV-XVII ғасырлардағы қазақ хандығының құрылуы, билігі, заман өзгерістері мен халықтың ахуалын сипаттау;
- XV-XVII ғасырларда өмір сүрген қазақтың белгілі тұлғалары мен олардың қоғамдағы рөлі жөнінде жалпы ақпарат беру;
- Жаңашылдық көзқарас ретінде қазіргі заман тарихшы-авторлардың еңбектеріне сүйене отырып, қазақ хандығының құрылуы жөнінде ой қозғау;
Курстық жұмыстың зерттелу деңгейі: Тарих қашанда жаңалықтарын болашағынан күттіретін ғылым. Әйтсе де, бүгінгі күнде халық назарына беріліп отырған фактілер мен тарихи ескерткіштер, сондай-ақ әдебиеттерге сүйене отырып, өз заманымызда өткенге тұжырымдар жасаймыз. Қазақ хандығы қашан және қалай пайда болғанын, толық зерттеп білу бір курстық жұмыстың еншісіне тимейді. Сондықтан, тек бүгінгі күнгі қолданыстағы фактілер мен тарихшылардың зерттеулеріне сүйене отырып тақырыпты ашуға тырыстым.
1. 1 Қазақ хандығының құрылуындағы алғышарттар
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz