Қорлардың бугхалтериядағы есебі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Бизнес және құқық жоғары мектебі

«Бизнес және кызметтер» кафедрасы

Курстық жұмыс

Пән: «Қаржылық есеп 1»

Тақырыбы: Қорлар есебі

Орындаған: УиАК-211 тобы студенті Анесова А. Н.

Күндізі бөлімнің 3 курс студенті

6В04105 Есеп және аудит (Бухгалтерлік есеп және экономикалық талдау)

Тексерген оқытушы: Тлеубаева З. Д

Көкшетау 2023ж

Мазмұны:

Кіріспе . . . 3

I-бөлім. Қорлардың есебінің теориялық негіздері . . . 5

1. 1 Қорлардың түсінігі және жіктелуі . . . 5

1. 2 Қорлар қозғалысының есебі және оларды құжаттау . . . . . . 7

1. 3 Қорларды түгендеу . . . 13

II-бөлім. Ұйымдарда қорлар есебінің ерекшеліктері . . . 25

2. 1 Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты бойынша қорлар есебін жүр

гізу . . . 16

2. 2 Қорлардың қалдықтарын бағалау әдістерімен салыстырмалы талдау . . . 19

2. 3 Қорлардың бухгалтериядағы есебі . . . 23

Қорытынды . . . 28

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 29

Кіріспе

Халық шаруашылығы есептерінің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала, нарықтық қатынастар жағдайында Қазақстан Республикасында шаруашылық жүргізуші субъектілер заңды және экономикалық дербестік алады. Бұл олардың өзіндік және әлеуметтік даму бағдарламалары мен жоспарларын құру әрекеттерінен, баға белгілеудегі стратегияны анықтаудан, субъект басшыларынан басқарушылық шешімді қабылдауға асқан жауапкершілікпен қарауынан байқалады. Өндірістік қызметті тиімді басқару үшін жекелеген бөлімшелер мен қызметтерді белгілі бір ақпараттармен қамтамасыз ету аса қажет. Қандай ғылымның болмасын пайда болу тарихы, маңызы мен мақсаты және қоғамда алатын өз орны бар екендігі белгілі. Солардың ішінде басқа салалардан өзінің ерекшелігімен оқшауланатын Бухгалтерлік есеп саласы бұдан бірнеше жүздеген жылдар бұрын пайда болып, күнделікті өмірде қолданылуы барысында қоғамның әлеуметтік - экономикалық жағдайларына қарай өзгерістерге ұшырап келе жатқан ғылым болып табылады.

Бухгалтерлік есеп туралы белгілі ғалым Б. Де Солозано «Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес және де бухгалтерлік есепсіз әлемді басқару мүмкін емес, адамдар да бірін - бірі түсінбес еді», - деген болса, оның әріптесі П. Самуэльсон «Біздің ғасырымыз - машина ғасыры, сондай-ақ ол Бухгалтерлік есеп ғасыры болып табылады», - дейді1. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайаланушылардың қолданылуына ыңғайлы етіп жеткізіп беріп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп ұйымның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Кез келген ұйым үшін қаржылық есеп міндетті түрде жүргізілетін болса, басқарушы есептің жүргізілуі және оның тәртібі әрбр ұйымның экономикалық саясатына байланысты.

Басқарушылық есеп - бұл идентификация, өлшеу, жинау, талдау, жіктеу, интерпретация (түсіндіру) және қандай да бір объектіні (яғни, ішкі есеп) басқаруға қажетті ақпаратты тапсыру.

Өндірістік есептің мақсаты - өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын калькуляциялау. Алайда өндірістік есептен алынған ақпаратты менеджерлер сату бағасын белгілеу, қорларды бағалау, пайданы есептеу және т. б. үшін қолданылады. Сол себепті, өндірістік есеп - бұл басқарушылық есеп және қаржылық есептің бір түрі.

Басқарушылық есептің объектісі - бұл шаруашылық жүргізуші субъектінің және оның бөлімшелерінің қызмет нәтижелері мен шығындары, баға белгілеу, бюджеттеу және ішкі есеп беру. Қазіргі заманда мемлекеттің дамуы үшін бухгалтерлік басқарушылық есепке үлкен мән беріледі. Жоспарлауға субъект қызметінің негізгі мақсаттары бойынша шешім қабылдау, нәтижелерін болжау және бұл мақсатқа қол жеткізу үшін әр түрлі баламалы әдістерді пайдалану кіреді. Бұған қоса есептік кезеңнің қорытындысын шығару және оны жалпылап талдау жасау.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кәсіпкерлерге үндеуінде есепті, есеп беруді жетілдіріп, халықаралық стандартқа көшудің маңыздылығына тоқталды. Ол өзінің бұл үндеуінде қаржылық есеп беруді жасауды және ұсынуды ғана білдіріп қойған жоқ, сондай-ақ әр түрлі экономикалық шешімдерді қабылдай білуге шақырды.

Нарықтық және экономикалық факторларға қарсы тұра алатын бірқатар аса ірі фирмалар бар. Тек аса ірі ұйымдар ғана нарыққа елеулі ықпал ете алады, алайда мұндай ұйымдардың саны аз. Негізінде бұлар (ұйымдар) мұндай мүмкіндігі жоқ аса үлкен де емес. Сондықтан олардың негізгі міндеті - нарық проблемасымен «сыйысу» болып отыр және ең жоғары деңгейдегі экономикалық пайданы алу үшін нарық факторларын өз пайдаларына айналдыру көздейді.

Бүгінгі нарықтық экономиканың жағдайында бухгалтерлік есепті жүргізу басқару жүйесінің ең маңызды және міндетті шарты болып табылады. Бухгалтерлік есеп өндірістің хал ахуалын, экономикалық жағдайын анықтап негізгі міндеттерді нақты сипаттайтын бірден-бір жүйе. Бүгінгі күні өндірістік саланы алатын болсақ, ең алдыңғы қатардағы мәселелерге, өндіретін өнім түрлеріне зор мән бере отырып, өндіруге кеткен шығындардың ауқымын неғұрлым азайтып және өзіндік құнын дұрыс әрі дәл анықтау міндетті шарт.

Курстық жұмыстың өзектілігі - Қазақстан Республикасы экономикалық салаларын дамытудың негізгі бағыттарын анықтай отырып, экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі кезінде ұйымдардың тәуелсіздігін, олардың экономикалық және құқықтық жауапкершіліктерін, шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығы мәнінің өзгерісін негізге ала отырып, осы орайда ұйымда басқару жүйесін жетілдіру, шығындарды төмендету, қазіргі ХҚЕС

Курстық жұмыстың мақсаты - нарықтық қатынастар жағдайында ұйымдағы қорларға жүргізіліп отырған бухгалтерлік есептің стандарттары бойынша және бағалау әдістерін қолдана отырып жаңа шоттар жоспарын дұрыс, талаптарға сай есепті жүргізу. Осы аталған мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегі міндеттерді алға қойдым:

  • Қорлардың түсінігі және жіктелуі;
  • Қорлар есебінің ұйымдастырылуы;
  • Қорларды бағалау әдістерінің жолдары;
  • Қорлардың бугхалтериядағы есебі;

I-бөлім. Қорлардың есебінің теориялық негіздері

  1. Қорлардың түсінігі және жіктелуі

Қорлар - қарапайым қызмет барысында сатуға арналған, немесе сату үшін өндіріс процессінде, немесе өндірістік процесте немесе қызметтер ұсыну кезінде пайдалануға арналған шикізат немесе материалдар нысанындағы активтерді есепке алу. Ұйымдар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдары, сату үшін сатып алған тауарларды, сатып алған бірақ әзірге ұйымға келіп түспеген тауарлары, аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдары сол ұйымның тауарлық-материалдық қоры түріндегі ағымдағы активі болып табылады.

Қорлар - өндіріс циклінде қолданылатын әр түрлі еңбек заттары. Олар өндіріс процессінде тұтынылап, өзінің құнын өндірілетін өнімге толығымен аударады.

Бухгалтерлік есептің № 7 «Тауарлы материалдық қорлар есебі» стандартына сәйкес тауарлы-материалдық қорларға мыналар жатады:

  • Шикізат, материал, сатып алынған жартылай фабрикаттар мен құрамдас бұйыдар, құрылғылар мен тетіктер, отын, ыдыс (қап, қорап, жәшік т. б. ) және ыдыс материалдары, қосалқы бөлшектер, өндірісте қолдануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған басқа да материалдық қорлар;
  • Аяқталмаған өндіріс;
  • Субъектінің іс-әрекеті барысында сатуға арналған дайын өнімдер, тауарлар.

Еңбек заттары біртекті емес. Олардың бір-бірімен өндірісте атқаратын міндеттеріне қарай, сондай-ақ физикалық және химиялық қасиеттеріне қарай өзара айырмашылықтары бар. Сондықтан да материалдар есебін дұрыс ұйымдастырудың ең басты мәселесі - оларға экономикалық жағынан дәлелденген жіктеу жасау болып табылады. Өздерінің өзгешеліктері мен өнім дайындауда атқаратын міндеттеріне қарай материалдар:

  • шикізат;
  • негізгі материал;
  • көмекші материал;
  • жартылай фабрикаттар және тағы да басқалар болып бөлінеді.

Ұйымның типтік бухгалтерлік есепшоттар кестесінің бірінші бөлімінде 1300 «Қорлар» есебі мына шоттарда жүргізіледі:

1310 «Шикізат және материалдар», онда өндірістік процесте одан әрі пайдала-нуға арналған шикізат және материалдар, оның ішінде ауыл шаруашылық шикізаттар және материалдар есепке алынады;

1320 «Дайын өнім», онда дайын өнім, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімі есепке алынады;

1330 «Тауарлар», онда тауарлардың, оның ішінде сатып алынған және қайта сатуға сақталған ауыл шаруашылығы тауарларының қозғалысына байланысты операциялар көрсетіледі;

1340 «Аяқталмаған өндіріс», онда аяқталмаған өндіріс бойынша шығындар есепке алынады;

1350 «Өзге қорлар», онда алдыңғы топтарда көрсетілген өзге қорлар есепке алынады;

1360 «Қорларды есептен шығару бойынша резерв», онда қорлардың құнын сатудың таза құнына дейін төмендетуге арналған резервтерді құруға және қозғалысына байланысты немесе моральды жағынан ескеруге байланысты операциялар көрсетіледі.

Ескі бухгалтерлік есеп шоттар жоспарында материалдар синтетикалық шоттар бойынша (шоттардың Бас жоспарын қолдану нұсқаулығына сәйкес) мынандай топтарға жіктелді:

  • «Материалдар мен шикізаттар» шотында - субъектіге тиісті, өндірілетін өнімнің негізін құрайтын немесе оны өндіруге қажетті негізгі компонент болып табылатын негізіг материалдар (бұған құрылыс материалдары да кіреді) мен шикізаттардың, өнім өндірісіне қатысатын немесе шаруашылық қажеттіліктеріне, техникалық мақсаттарға, өндірістік процестерге жәрдемдесу үшін тұтынылатын қосалқы материалдардың, қайта өңдеуге арналған ауыл шаруашылық өнімдерінің нақты бары мен қозғалысы есептеледі;
  • «Сатып алынған жартылай фабрикаттар мен іріктеп жинақталатын бұйымдар, тетіктер мен конструкциялары» шотында - сатып алынған жартылай фабрикаттардың, шығарылатын өнімді (құрылысты) іріктеп жинау үшін кооперация тәртібімен алынатын дайын іріктеп жинақталатын бұйымдар (оның ішінде құрылыс құрылғылары (конструкциясы) мен детальдары да бар) нақты бары мен қозғалысы ескеріледі, олар өңдеу немесе жинау бойынша шығын шығарудыталап етеді және дайындалатын материал-дық негізін құрайды;
  • «Отын» шоты - көлік құралдарын пайдалануға, өндірістік технологиялық қажеттіліктеріне арналған мұнай өнімдерінің (мұнай, дизельдік отын, керосин, бензин және басқалары), электр қуатын өндіру және ғимаратты жылытуға қажетті, қатты (көмір, отын және басқалары) және газ тәрізді отын, өндіріс қалдықтары мен қатты отын ретінде (үгінді, жоңқа) екінші рет пайдаланатын қайталама материалдардың нақты бары сонымен бірге қозғалысын есепке алуға арналған;

«Ыдыстар және ыдыстық материалдар» шотында - ыдыстардың барлық түрінің (ыдыс, қап, күбі, бөшке, қорап, жәшік және т. б. ) (шаруа-шылық мүлікті ретінде пайдаланылатындардан басқасы), сондай-ақ ыдысты дайындау мен оны жөндеуге (жәшіктерді жинауға қажетті тетіктер, бөшкені жөндеу, қалақ, бөлшектер, темір құрсаулар және т. б. ) арналған материалдар мен тетіктер есептеледі. Вагондарды, биржаларды, мекемелерді тиелген өнімді сақтауды қамтамасыз ету мақсатымен қосымша жабдықтауға арналған керек-жарақтар;

«Қосалқы бөлшектер» шоты - жөндеу жұмысын жүргізуге, машиналар мен

құрал-жабдықтардың, көлік құралдарының бөлшектерін ауыстыруға арналған, негізгі іс-әрекетке қажеттіліктеріне алынған немесе дайындалған бөлшектердің, сондай-ақ қордағы және айналымдағы автомобиль шиналарының нақты бары мен қозғалысын есептеуге арналған. Мұнда толық жинақты машиналардың, жабдықтардың, қозғалтқыштардың (двигательдің), түйіндердің, агрегаттардың субъектінің жөндеу шеберхана-ларында, техникалық айырбас пунктері мен жөндеу зауыттарындағы айырбас қорларының қозғалысы назарға алынады;

  • «Басқа да материалдар» шотында өндіріс қалдықтары (ағаш кесінділері, қиындылар, жаңқа және т. б. ) түзетілмейтін ақау, негізгі құралдарды есеппен шығарғанда қалған бөлшектер есепке алынады;
  • «Басқа жаққа өңдеуге берілген материалдар» шоты басқа жаққа өңдеуге берілген және олардан алынған бұйымның өзіндік құнына кіретін материалдардың қозғалысы ескеріледі. Басқа жақтағы субъектіге төленген материалдарды өңдеу бойынша шығындар өңдеуден алынған бұйымдар есептелетін дебетіне тікелей жатқызылады;

«Құрылыс материалдары» шотын субъект салушылар қолданады. Мұнда тікелей құрылыс, монтаж жұмыстарында қолданылатын материал-дардың құрылыс детальдарын жасау үшін, үйлер мен ғимараттардың конструкциялары мен бөліктерін салу., тұрғызу, өңдеу үшін, құрылыс конструкциясы мен детальдары, сондай-ақ құрылыс тіліктері үшін (жарылғыш заттар және т. б. ) қажетті тауарлы-материалдық қорлардың бар-жоғы мен қозғалысы ескеріледі.

1. 2 Қорлардың қозғалысының есебі және оларды құжаттау

Қорлардың қозғалысының есебі және оларды құжаттау ұйымдарда материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету жұмысымен арнайы бөлім және мамандар шұғылданады. Олар ұйым бойынша келер жылы өндірілетін өнім көлеміне қарай белгіленген өлшем бойынша өндіріске керек болатын материалдардың көлемін алдын ала анықтап, жабдықтаушы мекемелермен қажет болатын материалдар көлемі туралы шарт жасайды. Шартта материалдардыңаты, көлемі, жеткізіліп берілген уақыты көрсетіледі. Ұйымдардың жабдықтау бөлімі шартта көрсетілген келісімдердің орындалуын қадағалап отырады. Ол үшін материалдарды алып келген тасымалдау көлігінің жолдама құжаты, темір жол жүкқұжаты (накладнойы), көліктік жүк құжаты, жабдықтаушыдан келген басқа да құжаттар алдымен жабдықтау бөліміне табыс етіледі. Бұл жерде яғни жабдықтау бөлімінде келген құжаттар, , келген жүкті есептеу,, журналына тіркеледі. Одан кейін бұл құжаттарды материалды алып келген экспедиторға береді. Сонымен қатар экспедиторға материалдарды алу үшін сенімхат беріледі. Экспедитор алған жүк құжаттары мен сенімхатты алғаны үшін М-1 түрлі журналға қол қояды.

Жабдықтау бөлімі келген материалдарды қабылдап алуды да қадағалап отырады. Ол үшін жоғарыда аталған журналға материалдардың қабылданаған уақыты (күні, айы, жылы) мен ол үшін толтырылған құжаттардың атын (үлгілі түрі) және нөмірін жазады. Жабдықтаушы мекмеден және жүк тасымалдаушы ұйымдардан материалдарды немесе жүктерді алу үшін кәсіпорыннан тағайындалған экспедиторға немесе жүкті алатын басқа адамға үлгі түрі М-2 немесе М-2А сенімхаты беріледі. М-2 түрлі сенімхаты лауазымды адамның материалдық қорларды қабылдап алуға ұйымның сенімді адамы ретінде қатысу құқығын ресімдеу үшін беріледі. Бұл сенімхатты бухгалтерия бір дана етіп жазады. Сенімхатты алған адам оны алғаны үшін хаттың бухгалтерияда қалған түбіртегіне қол қояды. Жабдықтаушы ұйым қорларды автомобиль көлігі арқылы жеткізіп беретін жағдайда жіберілген материалдарға 4 дана етіліп, , тауар-көлік жүк құжатын,, (накладной) толтырылады. Оның бірінші данасы жіберілген материалдарды есептен шығару үшін материалдарды жіберушіде қалдырылады: екінші, үшінші және төртінші даналары материалдарды жіберуші (босатушы) ұйымның мөрі (мөртаңбасы) және лауазымды адамдардың қолмен расталып, сондай-ақ жүкті қабылдап алғаны жайлы көлікті жүргізушінің қолы қойылып жүргізушіге тапсырылады.

Жүргізуші тауар-көлік жүк құжатының екінші данасын материалдардыкіріске алады.

Құжаттың үшінші және төртінші даналары материалдарды қабылдап алғанын растайтын құжат ретінде ұйымның мөрі (мөртаңбасы) басылып және тиісті адамдардың қолдары қойылып, жүкті тасымалдаушы автомобиль көлігі тіркелген ұйымға тапсырылады.

Кейіннен ол құжаттың үшінші данасы материалдық құндылықтарды тасымалдауға тапсырыс берген ұйымға тасымалдау құнын төлеуге табыс етілетін шотқа негіздеме ретінде қосылып беріледі.

Құжаттың төртінші данасы автомобиль көлігінң жол қағазына (путевой лист) тіркеліп, жүргізушіге еңбек ақы және автомобиль көлігінің атқарған жұмысына сәйкес түрлі есептеулер есептеу үшін пайдаланылады. Егер материалдар қоймадан ұйымның өзінің шаруашылықтарына (цехтарына, бөлімшелеріне) босатылатын жағдайда үлгілі түрі М-15А материалдарды босатуды (ішкі ауыстыруды) , , талап ету жүк құжатының,, бір данасы қоймада қалдырылып, кейіннен бухгалтерияға табыс етіледі. Бұл жағдайда толтырылатын құжаттарды материалдарды босататын қойманың (цехтың) сол материалдарға жауапты тұлғасы толтырады.

Қорларды қабылдау кезінде жүзеге асырылатын операциялардың барлығы автомобильмен, сумен, авиациямен әкелетін жүктердің опера-цияларына ұқсас болып келеді. Қорларды кірістеуге мына құжаттар негіз болып саналады: шот фактура, онда: тауар нөмірі мен күні, атауы және жабдықтау мен тауарлы - материалдық қорларды сатып алушының СТН, ҚҚС-ын есепке қою туралы куәлік нөмірі, әкелінген тауарлы - материалдық қорлардың атаулары мен саны құны, акцизделетін тауарлы - материалдық қорлардың сомасы т. б.

Кіріс ордері. Жабдықтаушылардан немесе өңдеуден түскен запастарды есепке алу үшін пайдалынады. Ол бір ғана данада жазылады және ол қоймаға келіп түскен кезде толтырылады.

Материалдарды қабылдау туралы акті. Жабдықтаушылардың ілеспе құжаттарындағы мәліметтерді сандық сапалық айырмашылықтары бар босалқыларды қабылдау кезінде қолданылады. Құндылықтарды қабылдағаннан кейін құжаттармен қоса актілердің бір данасы материалдық қорлардың қозғалысын есепке алу үшін бухгалтерияға, ал екіншісі-жабдықтаушыға талап хатын жазу үшін, жабдықтау бөліміне жіберіледі.

Материалдық құндылықтарды өндірісте дайындалған және сақталған кезіндегі жетіспеушілігі мен жоғалуы туралы актісі. Бұл құжат материалдарды қабылдау жөніндегі Актге тіркеледі. Екі данасы толтырылады, комиссия мүшелері мен кінәлі кісілер қол қояды. 1-ші данасы бухгалтерияға, ал екіншісі-бөлімшеді қалады.

Материалдардың бөлінуі, сынуы, қирауы туралы актісі. Ұйымдарда сынудың, бүлінудің, қираудың нәтижесінде арзандатуға және қорларды есептен шығару үшін пайдалынады. Ол 2 дана етіп жасалынады. 1-ші дана бухгалтерияға жіберіліп, 2-шісі данасы бөлімшеді қалады.

Қорларды жабдықтаушы жөнелткенде оған келесі құжаттар толтырылады:

  • Тауарлық, есептік және көліктік. тауарлық құжат - деп, жіберілген тауарлар саны мен сапасы, яғни толық мәлімет беріледі. Оларға: шоттар, шот-фактуралар, тауарлы-көліктік накладнойы, спецификасы. Жүк жіберуші түбіртегі және т. б.
  • Есеп айырысу құжаттары - бұл түскен тауарларды түсіргенде есеп айырысу және жүк жіберушімен олар банқа беріледі. Мұндай құжаттарға: төлем талап-тапсырмасы.
  • Көліктік - бұл құжаттар тасымалданған жүк көлемін және айқындайды және көліктік қызмет және көліктік органдарға есеп айырысуға арналған құжаттар. Тасымалдау үшін қолданылатын транспорт түрі:
  • теміржол накладнойы - теміржол көлігімен тасымалдайтын тауарлар.
  • тауарлы-көліктік накладнойы - автокөліктік тасымалдайтын тасымалдай-тын тауарлар екі бөлімнен тұрады: тауарлардың - транспорттық;
  • коносамент - су жолымен тасымалданатын тауарлар;
  • авиа накладнойы - әуе жолымен және су жолымен тасымалдайтын тауарларды жеткізгенде беріледі. Шот-фактураны сепке алу «Шот-фактураны тіркейтін журнал», бұл журнал есеп беру мерзіміне сәйкесті келесі түрде жүргізіледі.

Тауар түріне байланысты және оның шот-фактурасын немесе тауарлы - көліктік накладнойыа жабдықтаушы көптеген басқа құжаттар беріледі, бір бөлігі мөлшерді растайды және түскен тауарлар санын, ал басқасы-сапасы және т. б. тауарлар бірлігі. ҚР заңына сәйкес «Стандартизация және сертификация жайлы» тауарлардың халық тұтыну үшін сертефикация жасалынады, ол тізімді Республика Парламенті тағайындайды.

Ұйым қоймасынан материалдар өнімді әзірлеуге және басқа да шаруашылық қажеттілігі үшін цехтарға, сондай-ақ сыртқа өңдеуге немесе артығын сатуға босатқан кезде пайдалынады. Қорларды цехтан цехқа берілсе, онда оны өндірістің ішіндегі қозғалысы деп санайды, ал егер де орталық қоймадан цех қоймасына берілсе, онда ол өндіріс шығыны ретінде танылады. Материалдардың шығысы мынадай құжаттар бойынша рәсімделеді:

Лимиттік - жинақтама картасы; материалдарды айырбастауға арналған талап -актісі; материалдарды босатуға арналған талап накладнойы, накладной. Жабдықтаушылар тауарларды босатқан кезде әрбір жіберілген бөлігіне 3 данада накладной жазады. Онда сенімхаттың нөмірі, күні көрсетіледі. Бірінші данасы тауарларды алушыда, ал екіншісі жіберушінің өзінде қалады, үшіншісі бухгалтерияға беріледі. Тауарларды босатып біткен соң ең соңғы партиясы құжаттарымен бірге сеніхатын да бухгалтерияға тапсырады.

Лимиттік-жинақтама картасы − өнімді дайындауда үздіксіз пайдалынатын құндылықтарды бостау, сондай-ақ өндіріс қажеттілігіне керек құндылықтарды босатудың белгіленген лимиттерін сақтауға, ағымдағы және қоймадағы материалдық қорларды бақылауға және олрады есептен шығаруға негіз бола алатын құжат. Лимиттік жинақмата карталары жабдықтау бөлімі немесе жоспарлау бөлімі материалдардың бір түріне 2 дана етіп дайындалады. Бір данасы ай басталғанша цехқа қорды пайдаланушыға, 2-ші қоймаға немесе цехтың қоймасына беріледі. Өндіріске қорлар қоймалардың, цех өкілдерінің лимиттік-жинақтама картасы ұсынған кезде ғана босатылады. Қоймашы екі данаға да бостаылған қордың күні мен мөлшерін жазған соң, лимитте қалған қалдығы шығарылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауылшаруашылығы ұйымдарындағы қорлар есебі мен бақылауын жетілдіру
Материалдық қорлар
Қоймадағы қорлардың есебі
Тауар- материалдық қорлар есебі
Қорлардың мәні және олардың классификациясы
Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы тауарлы – материалдық қорлардың есебі және талдауы
Материалдардың номенклатурасы
Қоймадағы және бухгалтериядағы материалдық қорлардың есебі
Есепке алу әдістемесі
кәсіпорындағы тауарлы материалдық қорлар есебінің ұйымдастырылуын зерттеу және «ЕмбіМұнайГаз» АҚ – ның мәліметтері негізінде кәсіпорынға экономикалық сипаттама беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz