Рақымшылық және кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс
Н 3-1.1.34-2022
1-баспа 02.02.2022

М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ КЕ АҚ

Экономика және құқық факультеті

Қылмыстық құқық және процесс кафедрасы

КУРСТЫҚ Жұмыс

Қылмыстық құқық пәні бойынша

Тақырыбы: Рақымшылық және кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату

Білімгер: Сейілбек Ж.А. Тобы: 6В04214-22с _________________
аты-жөні қолы
Жетекші: Аға оқытушы Жұмағұлова Б.П.
қызметі аты-жөні
Қорғауға жіберілді ____________________20____ж. __ ___________________
қолы

Жұмыс қорғалды _________________20__ж. бағасы __________________
жазбаша
Комиссия мүшелері: _________________________ __ ____________________
аты-жөні қолы

______________________________ ___ _________________
аты-жөні қолы

Тараз 2022

Курстық жұмыс
Н 3-1.1.34-2022
1-баспа 02.02.2022

М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ КЕ АҚ
Қылмыстық құқық және процесс кафедрасы
6В04214-22с тобының студентіне Сейілбек Ж.А. курстық жұмыс
аты-жөні
ТАПСЫРМА
Криминалистика пән бойынша
1. Тақырыбы: Рақымшылық және кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату
2.Тапсырманың арнайы нұсқауы ___________________________________ ________

Орындау кестесі

Көлемі, %
Орындау уақыты
I.КІРІСПЕ
5%
26.10.2022
1. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУ ТҮСІНІГІ,ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ АЛАТЫН РӨЛІ МЕН ДАМУЫ.
5%
30.10.2022
1.1 Рақымшылық(амнистия)
15%
03.11.2022
1.2. Кешірім жасау
15%
05.11.2022
2. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖӘНЕ КЕШІРІМ ЖАСАУ АКТІСІ АРҚЫЛЫ БОСАТУДЫҢ ТӘЖІРИБЕДЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ
5%
09.11.2022
2.1 Қазақстанда
20%
11.11.2022
2.2 Әлемде
25%
18.11.2022
II.ҚОРЫТЫНДЫ
5%
20.11.2022
III.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
5%
22.11.2022
5.Графикалық материалдарының тізімі (сызулардың масштабы келтіріледі)

6. Жобаның (жұмысты) жинақтау құжаттау

7. Қорғау

Кафедра мәжілісінде бекітілген ___________________20___ ж. хаттама № ______
Жетекшісі:__________________ ______ ________ ______________________
қызметі қолы аты-жөні
Тапсырманы орындауға қабылдадым _______________20___ж. _________________

Жоспар
I.КІРІСПЕ
1. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУ ТҮСІНІГІ,ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ АЛАТЫН РӨЛІ МЕН ДАМУЫ.
1.1 Рақымшылық(амнистия)
1.2. Кешірім жасау
2. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖӘНЕ КЕШІРІМ ЖАСАУ АКТІСІ АРҚЫЛЫ БОСАТУДЫҢ ТӘЖІРИБЕДЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ
2.1 Қазақстанда
2.2 Әлемде
II.ҚОРЫТЫНДЫ
III.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Мен бұл курстық жұмысымда рақымшылық пен кешірім жасау актісі бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың қазіргі қоғамдағы қолданылу тәжірибесінің өзектілігін қозғаймын.
Бұл ұғым жаhанда ежелгі дәуірлерден бастап қолданылып келе жатқандықтан,негізгі түпкі төркіні өте тереңде жатыр. Соған байланысты бұл институт қылмыстық құқықта күрделі тақырып болғандықтан, жыл сайын азаматтардың назарын көбірек аударып келеді.Азаматтардың рақымшылық пен кешірім актісіне қатысты көзқарасы әртүрлі:Біреулер қылмыскерлердің қылмыстық жауапкершілік пен жазадан қалай құтыла алатынын түсінбейді, ал біреулер бұл бір кездері жаңылысқан,қате басқан адамдарға өмір сүруге мүмкіндік беретін қажетті шара деп санайды. Жоғарыда айтқанымдай, бұл институт қылмыстық құқықта кең ауқымды орын алады, ол қылмыстық жауапкершіліктен ішінара босатады, не жасаған қылмыстары үшін жазаны толығымен жеңілдетеді, не жазасын өтеп үлгерген адамға рақымшылық жасау туралы актінің арқасында соттылығын жояды. Қылмыстық жауапкершіліктен босатудың осы түрлері қазіргі қоғамда толық гуманизм принципін жүзеге асырады. Рақымшылық көбіне айтулы күндерде, мерекелерде ұйымдастырылады және рақымшылықты Қазақстан Республикасының Парламенті жүзеге асырады.Ал,кешірім жасау актісі негізінен ауыр және аса ауыр қылмысы үшін сотталғандарға қатысты қолданылады. Кешірім жасау актісіндегі негізгі принцип - ізгілік қағидаты.
Қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан мерзімінен бұрын босату құқығы сотталушыға оң әсер етеді,оны жақсартуға ынталандырады,өмірге деген көзқарасын өзгертеді,қоғамға деген агрессиясын жоюға көмектеседі. Жалпы, сотталған адамның жаңа өмір бастауына,қоғамнан өз орнын табуына себепші болатын негізгі құрал екені белгілі.
Әрине, бұл институтқа қатысты солшылдардың көзқарастары да бар екені айдан анық. Бір рет жаза басқан, жаңылған адам түбі сол іс әрекетке қайта барады, рақымшылық пен кешірім жасау арқылы бостандыққа шыққан азаматтардың мүйізі қарағайдай болып,оңғанын көрмедік,білмедік,- деген адамдар тобы да жетерлік.
Осы тақырыпқа қатысты қоғамдағы пікір қақтығыстары ойландырады. Жалпы біздің қоғамға керек па осы дүние? Біздің қазақ қоғамындағы тәжірибеде қолданылу аясы қандай? Бұл тәжірибелер әлемде қалай қолданылады? Осы сұрақтардың барлығына мен курстық жұмысымда жауап беруге тырысамын.
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУ ТҮСІНІГІ,ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ АЛАТЫН РӨЛІ МЕН ДАМУЫ
1.1 Рақымшылық(амнистия)
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 78-бабына сәйкес рақымшылық дегеніміз - белгілі бір адамдар тобына қатысты қолданылатын,қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босататын шешім.Қазақстанда рақымшылық террористік қылмыс,экстремисттік қылмыс,кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстарға байланысты сотталғандардан басқа кез келгеніне сотталғанға қолданылады.Рақымшылық жасау актісі бойынша қылмыстық жауаптылықтан не жазадан босату сотталған адамның жасаған қылмысының санатына байланысты қолданылады.Яғни,азаматтың неғұрлым жеңіл қылмыстық құқық бұзушылық жасауы - рақымшылық кезіндегі қылмыстық жауаптылықтан босатылудың негізгі кепілі. Ал, ауыр және аса аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандарға жазаның мерзімі қысқартылуы мүмкін,бірақ қылмыстық жауаптылық пен жазадан құтылмайды. [1]
Рақымшылықтың қалыптасу тарихы өте көне тарих қойнауында жатыр. Рақымшылық пен кешірім жасаудың алғашқы актілері Ежелгі Римде Сенаттың рұқсатымен болғандығы туралы мәліметтер бар, ал империялық кезеңде бұл процедура императордың құзыретіне өтті. Римдегі рақымшылықтың бірнеше формалары болды: сот ісін тоқтату (бас тарту), сотталғандарды босату (кешірім),жазаны жеңілдету немесе жою (индульгенция)және сот ісін тоқтата тұру (интерцессия).П.И. Люблинскийдің пікірінше, рақымшылық пен кешірімнің римдік құқықтық жетістіктері Францияда одан әрі жалғасы мен дамуын тапты. Мысалы, діни қызметкерлердің кеңестері бойынша немесе қоғам мен мемлекеттегі салтанатты оқиғалардың салдарынан, сондай-ақ жекелеген аймақтарды немесе қалаларды тыныштандыру мақсатында саяси қылмыстар үшін ұжымдық кешірім жасалды.
Басқа көрнекті заңгерлер рақымшылық пен кешірім жасауға байланысты алғашқы жағдайлар Хаммурапи патшаның кезінде анықталған деп санайды. Тарихта Ежелгі Вавилон патшасы Хаммурапидің ұлы өлім жазасына кесілуі керек адамға рақымшылық жасағаны белгілі.
Сондай-ақ, тарихта Ежелгі Египетте Вавилониядан әлдеқайда бұрын болған кешірім жағдайлары болған. Біздің ғалымдар оларды Египет папирусынан көре алды. Мысалы,перғауын патшаның әскерінде қызмет еткен мысырлық Синухенің қашып кету жағдайы.Ол Сирияда қашып, жасырынуға тырысты. Сол кезде патшаның жұмсақтығы халықты таң қалдырды, ол Синухэге рақымшылық жасап, кешірді және оған елге оралуға рұқсат берді. Бұл әрекетті рақымшылық немесе кешірім ретінде бағалауға болады.Себебі,мұндай құқық бұзушылық өте қатал жазаға ұласуы керек болатын. [2]
Рақымшылық пен кешірім ету институтының қарқынды дамуы XVII-XIX ғасырларда Францияда орын алды. XVII ғасырдағы рақымшылық және кешірім ету актілері көбіне қарапайым халықтың мүддесі үшін емес биліктің бас пайдасы үшін қабылданып отырды.Рақымшылық актісі мемлекет тарапынан жүзеге асырылып отырғанымен, бұл акті Наполеон I-дің нұсқауымен ғана жүзеге асты. Рақымшылық жасау және кешірім жасау құқығы халықтың қолынан (1848 жылғы Франция Конституциясы) императордың қолына өтті(1852 жылғы Конституция),бірақ кейіннен халықтық өкілдікке тағайындалды.Француздық рақымшылық пен кешірім институттарын дамыту жолы кейбір өзгерістермен бірқатар басқа еуропалық мемлекеттердің құқығында көрініс тапты.
Нидерландыда рақымшылық тек соттың қорытындысы бойынша заңнамалық деңгейде қолданылды. Бельгияда Парламент қабылдаған рақымшылықты кешірім жасау құқығы бар патша мақұлдады.
АҚШ-та кешірім жасау құқығы губернаторларға тиесілі болды. Алайда олардың өкілеттіктерін шектеу мақсатында кешірім жасау бойынша кеңестер құрылды.
Ресей империясында XIX ғасырда 1845 жылғы Қылмыс және түзеу жазалары туралы ереже алғаш рет кешірім ұғымын бекітті. Ол автократиялық биліктен шыққан және сотталғандардың тағдыры жеңілдетілген немесе жасаған әрекеті үшін кешірім берілген ең жоғары Жарлықта анықталған.
1885 жылғы Қылмыс және түзеу жазалары туралы Кодекстің 154-бабындағы жаңартылған редакциясы жазаны жеңілдету,императордың алдында кешірім жасау туралы өтініш жасауға құқығы бар субъектілер, кешірім жасау тәртібі туралы ережелерді белгіледі.
Николай I патшалығында алғаш рет рақымшылық туралы заңдар жүйеленді. Николай II кезінде рақымшылық туралы бірқатар манифесттер жарияланды.
Ресейдегі рақымшылықтың жеке институт ретіндегі дамуы одан әрі Кеңес Үкіметі кезінде орын алды. РКФСР-дің Конституциясының 49-бабына сәйкес кеңестердің бүкілресейлік съезі мен Кеңестердің Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің қарауына жалпы және жекелеген құқық ретінде рақымшылық жатады деп жариялады. Жалпы рақымшылық белгіленбеген адамдар тобын қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату мен жеңілдетуді көздеді. Ал,жекелеген рақымшылық қазіргі кешірім етуге ұқсас болды.Яғни,белгілі бір адамға қатысты оны қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату немесе жеңілдету.
Рақымшылық пен кешірім жасау рәсімдері кеңестік кезеңнің барлық конституцияларында көзделген: РКФСР Конституциялары - 1918, 1925, 1937, 1978 жж;
Кешірім мен рақымшылықтың құқықтық шектері одақтас республикалардың Конституцияларымен және КСРО Конституциясымен анықталды.Мәселен,1936 жылғы КСРО Конституциясында одақтас республикаларға рақымшылық жасау кезінде шектеулер қарастырылған. Сондай-ақ, 1937 жылғы РКФСР Конституциясы рақымшылықты тек сотталған адамдарға қатысты қолдану мүмкіндігін көрсетті.Осылайша, кешірім жасау құқығы КСРО Президентіне берілді, ал КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумына рақымшылық жасау құқығы қалды.Кеңес мемлекетіне рақымшылық жасау актілері арасында КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1953 жылғы 27 наурыздағы және 1955 жылғы 17 қыркүйектегі жарлықтары ерекше көзге түседі, олар мемлекеттің жазалау саясатын гуманизмге айтарлықтай өзгертті.
Кеңес өкіметі жариялаған рақымшылықтың соңғы актісі КСРО-ның 1991 жылғы 1 қарашадағы № 63-Н "әскери қызметтен жалтарған әскери қызметшілерге рақымшылық жасау туралы" Заңымен анықталды. Заңда рақымшылық әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің көптеген өтініштері, әскери қызметшілердің ата-аналарының ұсыныстары бойынша гуманизм принципіне байланысты қабылданады деп көрсетілген. [3]
Жалпы, рақымшылық пен кешірім бүкіл әлемде кеңінен қолданылатынын атап өтуге болады. Рақымшылық және кешірім жасау институттарын талдағаннан кейін оларға қатысты келесі мәселелерді атап өткен жөн:
- рақымшылық және кешірім жасау институттарын біртұтас тұтастыққа біріктіру; яғни екі институтты жеке-жеке емес,бірге қарастыру қазіргі таңдағы кейбір ғалымдардың ұсыныстарында көрінген.
- осы құқықты иеленген адамдардың бұл институттарды қоғам пайдасына емес, өз мүдделеріне қарай теріс пайдалануы;
- рақымшылық пен кешірім жасау құқығын шамадан тыс пайдалану, бұл билікте байланысы бар қылмыскерлердің нақты жазасыздығына әкелді;
- рақымшылық және кешірім жасау институттарын қолданудың заңмен ресімделген процесінің болмауы.
Алайда, қазіргі уақытта жоғарыда аталған проблемалар заң шығарушының нақты және шынайы әрекеттерінің ғана емес, сонымен бірге ғылыми доктринада осы институттарды терең пысықтаудың арқасында толығымен жойылды. [4]

1.2 Кешірім жасау
Ал, кешірім жасаудың рақымшылықтан не айырмашылығы бар? Бұл екі ұғым бір біріне өте ұқсас егіз институттар десек те болады.Себебі,екі ұғым да тұлғаларды ізгілік,адамгершілік қағидаты бойынша қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босатады.Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 78-бабы 3-тармағына сәйкес кешірім дегеніміз - тағайындалған жазаны өтеп жатқан не өтеген жеке дара айқындалған адамға қатысты,сол адамды қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босататын немесе жеңілдететін Президент шығаратын акті. Конституцияның 44-бабының 15-тармағына сәйкес азаматтарға Кешірім жасау актісін Қазақстан Республикасы Президенті шығарады. Кешірім жасау кезінде сотталушы жазасын одан әрі өтеуден босатылуы, не оған тағайындалған жаза қысқартылуы немесе жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырылуы ықтимал. Сондай-ақ, жазасын өтеген адамнан кешірім жасау актісі мен соттылықтың алынып тасталуы мүмкін. Рақымшылық пен рақымшылықтың маңызды айырмашылықтарының бірі - рақымшылықтың аса ауыр қылмыс жасаған адамдарға қолданылмауы.Ал, кешірім етуде бұл мәселеге ешқандай шектеулер жоқ, өйткені олар бірінші кезекте жазасын өтеп жатқан адамның жеке басына қарайды.
Кешірім көптеген аспектілерде рақымшылыққа ұқсас, бірақ айырмашылық бар:
1)кешірім жасау құқықты қолдану актісі болып табылады, яғни нормативтік сипатта болмайды;
2)кешірім белгілі бір адамға қатысты қолданылады, ал рақымшылық белгісіз адамдар тобына қатысты қолданылады;
3)кешірім кезінде адам ҚР Президентінің Жарлығының негізінде жазадан босатылады.
4)кешірім жасау актісі біржолғы, біржолғы сипатқа ие және ол дереу орындалады, ал рақымшылық жасау сәл күрделірек және ұзақ уақыт бойы жүзеге асырылады.
Сырттай қарағанда,біртектес болып көрінетін осы құқықтық жағдайлардың арасында мазмұны, құқықтық актінің қабылдану формасы бойынша шын мәнінде үлкен айырмашылықтар бар. Рақымшылық жеке-дара адамдарға қатысты жүргізілмейді. Оның қолданылу шеңбері белгілі бір адамдар тобын, не болмаса қылмыстық категорияларды қамтиды. Ол топтар, мысалы, жасөспірімдер, әйел адамдар, мүгедектер, бас бостандығынан айы-рудың төменгі шегі тағайындалған сотталу-шылар, онша ауыр емес қылмыс жасағандар, тағы басқалар болуы мүмкін. Ал кешірім жасау айыптау үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан жеке, нақты адамға қатысты қолданылады. Бұл туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды. Егер кешірім жасалса, сотталған адам жазаны одан әрі өтеуден босатылуы мүмкін не оған тағайындалған жаза мерзімі қысқартылуы немесе жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырылуы ықтимал. Мұндай адам жазаның қосымша түрінен де босатылуы мүмкін. Тіпті, кешірім жасау арқылы сотталғандық та алынып тасталуы ықтимал. Заңның осы талабынан көрініп отырғандай, кешірім жасау тек сотталған адамдарға ғана қолданылады.
Рақымшылық актісінің қолданылу шеңбері кешірім жасауға қарағанда кеңірек. Ол тек сотталған адамдардың жазасын жеңілдетуді ғана емес, сонымен қатар, тергеу ісі жүріп жатқан адамдарға қатысты қылмыстық істерді қысқарту жөніндегі шешімдерді қарастырады.Рақымшылық жөніндегі актіні Парламент қабылдайды.Ол қоғамға қауіптілігі төмен қылмыскерлерге, немесе онша ауыр емес қылмыс жасағандарға ғана қолданылады. [5]
Рақымшылық жән кешірім жасау - өмірде аяғын шалыс басқан,қателескен,от басқан отандастарымыздың қайтадан дұрыс жолға,хақ жолға түсуіне септігін тигізетін қадам. Негізінен қазір сотталушылардың басым көпшілігі өз әрекеттеріне шынайы өкініп, мүмкіншілік болса, өмірді қайта бастасам деген ниеттерін білдіреді.Себебі, қазір адамдардың қылмысқа, сотталуға деген көзқарастары түбегейлі өзгерген. Өткен ғасырдың 60-90-жылдарында жастарға кері әсер еткен түрме мәдениетінің қазір ондай ықпалы жоқ. Сотталудың қандай орны толмас өкініштерге әкелетіндігі жалпы жұртқа белгілі. Сол себепті осы рақымшылық актісінің негізгі, яғни ізгілік қағидаты түрмедегі адамдардың санын азайту емес, ондай қажеттілік те жоқ. Ең бастысы - адамдарға мемлекет тарапынан сенім білдіру, олардың қайтадан толыққанды қоғам мүшесіне оралуына жағдай туғызу.
Заңның ізгілік қағидаларының бірі - ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған сотталғандарға рақымшылықтың қолданылуы дедік. Бұрынғы осы тектес заңдар онша ауыр емес,не ауырлығы орташа қылмыстарға ғана қолданылған екен. Мұндай баппен сотталғандар түрмеден бостандыққа шықпайды. Өйткені, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасап сотталған әлеуметтік осал санаттағы адамдарға жазаның өтелмеген бөлігінің тек белгілі бір бөлігі ғана қысқартылады.Ауыр қылмыс үшін өтелмеген залалы бар сотталғандарға рақымшылық тек залалды орнына келтірген кезде ғана қолданылатын болады.Бүгінгі күні колонияларда осындай 3 мыңға жуық адам отыр, олардың мойнында 70 млрд теңге көлемінде өтелмеген залал бар. Залалды төлеген адамға рақымшылық қолданылады, төлемесе, қолданылмайды.Ал террористер,экстремистік қылмыстар жасағандар,есірткі дилерлері,педофилдер, әйел зорлағандар, азаптау көрсеткендер, рецидивистер, бас бостандығынан өмір бойына айырылғандар, қылмыстық топ құрамында қылмыс жасағандар үшін және одан басқа тағы да 113 қылмыстық бап бойынша рақымшылық жүргізілмейді.
Рақымшылықтың ізгілік қағидасының бірі - сотталғандардың жазаларын жеңілдету ғана емес, олардың қайталап қылмыс жасауын болдырмау. Мұндай міндетті аталған заң Үкімет пен жергілікті атқарушы органдарға жүктеп отыр. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жергілікті атқарушы органдардың бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды қайта оңалту, қоғамға бейімдеу мәселелері саласындағы құзыреті кеңейтілген.Қылмыстық-атқару кодексі бойынша әкімдер аталған мекемелерден босап келген адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және оларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі барлық уәкілетті органдардың қызметін үйлестіруге мін-детті. Егер де адам егде жаста болса, мүгедек және жалғызбасты болса, ол босатылғаннан кейін қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгiдегi интернат үйіне жіберіледі.Рақымшылықпен босатылған адамның өмір сүруге қаражаты және тұрғылықты жері болмаса, ол босатылғаннан кейін белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығына жіберіледі.Бүгінде елімізде осындай 25 орталық бар.
Ендігі жерде сотталған адам жаза-сының тиісті бөлігін өтесе, қылмыспен кел-тірілген залалды толық төлесе және жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұз-баған жағдайда шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуға жатады екен. Және осы жағдайларды жүйелі түрде түсіндіру сотталғандардың бостандыққа қол жеткізу жолдарына деген көзқарастарын да өзгертті. Яғни,бүгінгі күні түрмеде отырған сотталғандардың түсінгені: бостандыққа шығудың негізгі жолы - заңды сақтау, тәртіпті болу. Міне, нақты осы тиімді шаралар нәтижесі Қазақстанның түрмедегі адамдар саны бойынша әлемнің алдыңғы 50 елінің қатарынан көрінуіне мүмкіндік берді. Оның негізгі және басты мақсаты мемлекет тарапынан жасалған ізгілік актісі болып табылады. Рақымшылық бойынша босаған адамдар қоғамға қауіпті емес пе деген пікір бұрынғы өткізілген 8 рақымшылық кезінде де болған.Тәжірибе көрсеткендей,рақымшылық актілерінің еліміздегі қылмыстық ахуалға, қоғамдық қауіпсіздік деңгейінің нашарлауына кері әсері болған емес, олардың қайталап қылмыс жасауы сирек кездеседі. [6]

2 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖӘНЕ КЕШІРІМ ЖАСАУ АКТІСІ АРҚЫЛЫ БОСАТУДЫҢ ТӘЖІРИБЕДЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ
2.1 Қазақстанда
Қазақстанда тәуелсіздік алғаннан бері рақымшылық актісі сегіз рет жасалып үлгеріпті.Бас прокуратураның мәліметінше, бұған дейін Қазақстанда қылмыскерлерге 1996,1999,2000,2002,2006,2011,2016 және 2021 жылдары сегіз рет рақымшылық жасалған. Тағы айта кететін мәселе, ағымдағы 2022 жылы Президент қаңтар оқиғасына байланысты сотталғандарға рақымшылық жасалатынын айтты. Тарихтағы жасалған әр рақымшылық актісіне жеке-жеке тоқталып,қалай жүргенін айтып өтейін.
1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының бір жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заңға сәйкес, 11 мыңға жуық сотталушы жазадан босатылып, 2,5 мыңға жуық сотталушының жаза мерзімі қысқартылыпты.
1999 жылғы 13 шілдедегі Біртұтастық және ұрпақтар сабақтастығы жылына байланысты рақымшылық жасау туралы заңына сәйкес, 15,5 мыңға жуық сотталушы босатылып, 2 300 сотталушының жаза мерзімі қысқартылды.
2000 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылданғанының 10 жыл толуына байланысты рақымшылық жасау туралы заңға сәйкес, 7 800 сотталушы босатылып, 1 мыңға жуық сотталушы жазасының мерзімі қысқартылды.
2002 жылғы 19 ақпанындағы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заңға сәйкес, 10,5 мыңға сотталушы босатылып,700 сотталушының жазалау мерзімі қысқартылды.
2006 жылы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы заңға сәйкес, 3,6 мыңнан астам сотталушы босатылып, 1,5 мың сотталушының жаза мерзімі қысқартылды.
2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заңына сәйкес, 2 700-ге жуық сотталушы босатылып, 860 сотталушының жазалау мерзімі қысқартылды.
2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай рақымшылық жасалды. Рақымшылыққа ілігушілер төрт топтан тұрды. Бірінші жағдайда жаза төрттен біріне, екіншісінде бестен біріне қысқарады. Қалғандары - бас бостандығынан айыруға байланысты емес сотталғандар. Бірінші - колониядан шығатындар. Олардың саны 1500 адамнан аспады.Олар-онша ауыр емес қылмыстар үшін сотталғандар.Екінші топты жазасын колониядан тыс өтеп жатқандар құрайды. Екінші топ 11 мың адамнан тұрады. Бұлар бас бостандығын шектеу, түзету жұмыстары, айыппұлдар деген секілді жазаларға тағайындалған сотталғандарға қатысты жазаларын үйде өтеп жатқанына қарамастан, жазадан босатылды. Үшінші топ, ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін сотталғандар. Оларға қатысты тек бір ғана жеңілдік бар - өтелмеген мерзімді жартысына, төрттен біріне немесе бестен біріне қысқарту. Оларға кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, кәмелетке толмаған балалары немесе мүгедек балалары бар әйелдер, барлық топтағы мүгедектер, 50 жастан асқан әйелдер, 60 жастан асқан ер адамдар, соғысқа қатысушылар және т.б. жатады.Тағы бір топ бар, олар - тергеудегілер немесе істері сотта қаралып жатқандар. Егер олардың әрекеті қылмыстық теріс қылық немесе ауырлығы орташа қылмыс болса, олар рақымшылыққа ұшырайды. Яғни, оларға қатысты істер тоқтатылады. Жалпы алғанда, мұндай адамдардың саны 2300. Рақымшылық шамамен 28 мыңдай адамға әсер етті, бірақ олардың тек 1,5 мыңы колониядан шықты. Жалпы алғанда, кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, кәмелетке толмаған балалары немесе мүгедек балалары бар әйелдерге, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларын жалғыз өзі тәрбилеп отырған еркектер, I, II және III топтағы мүгедектер, 50 жастан асқан әйелдер, 60 жастан асқан ер адамдар рақымшылыққа ілікті.
2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заң жарияланған болатын.Cол заңның 2-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылықтан немесе негізгі жазадан босатылатындар:
:: Қылмыстық теріс қылықтар немесе онша ауыр емес қылмыстар жасаған адамдар;
:: Залал келтіруге әкеп соқпаған ауырлығы орташа қылмыстар жасаған не оны толық өтеген немесе олар бойынша азаматтық талап қойылмаған адамдар;
:: Залалдың немесе азаматтық талаптың болуына қарамастан ауырлығы орташа қылмыс жасаған әлеуметтік жағынан осал адамдар.
Сол заңға сәйкес әлеуметтік осал тұлғаларға жататындар:
:: Ардагерлер және Ардагерлер туралы Заңның күші қолданылатын басқа да тұлғалар;
:: Қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кезде он сегіз жасқа толмаған адамдар;
:: Елу жасқа толған және одан асқан әйелдер, заң қолданысқа енгізілген күні 60 жасқа толған және одан асқан ерлер;
:: Әйелдер, жүкті әйелдер;
:: Ата-ана құқықтарынан айырылмаған және балалары, оның ішінде асырап алған не қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа алынған, осы Заң қолданысқа енгізілген күні он сегіз жасқа толмаған не қылмыстық құқық бұзушылық жасаған және сотталған кезде мүгедек баланың (мүгедек балалардың), сондай-ақ жасына қарамастан бала кезінен мүгедектің (мүгедектердің) асырауында болған әйелдер;
:: Ата-ана құқықтарынан айырылмаған және кәмелетке толмаған балалардың, оның ішінде асырап алынған балалардың жалғыз ата-анасы болып табылатын не қылмыстық құқық бұзушылық жасаған және сотталған кезде мүгедек баланың (мүгедек балалардың), сондай-ақ жасына қарамастан бала кезінен мүгедектің (мүгедектердің) асырауында болған ерлер;
:: Бірінші және екінші топтағы мүгедектер.
Теріс мінез-құлық дәрежесі жоқ, ауырлығы орташа қылмыстар жасағаны үшін, заң қолданысқа берілген күні соттың мәжбүрлеу шарасын өтеуге бір жылға жетпейтін уақыт қалған сотталғандар жазадан босатылады.Бұл ретте,баптың 1-тармағында көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізудегі істерді адамдарды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, қылмыстық процесті жүргізетін орган тоқтатуға тиіс.
Жасалғаны үшін қосымша жазаны міндетті түрде тағайындау көзделетін қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстар туралы соттардың іс жүргізуіндегі істер бойынша сот баптың 1-тармағында аталған адамдарды негізгі жазадан босатады.
Осы баптың 1-тармағының күші қолданылатын сотталғандар одан әрі өтеуден тек негізгі жазаны өтеуден босатылуға жатады.
Бұл ретте сотталғандардың мына түрлеріне:
:: Террористік қылмыстар жасағандарға;
:: Экстремистік қылмыс жасағандарға не экстремизм белгілері бар қылмыстарға;
:: Азаптаулар жасағандарға;
:: Қылмыстардың қайталануы немесе қауіпті қайталануы кезінде жаза тағайындалғандарға;
:: Өлім жазасы кешірім жасау тәртібімен бас бостандығынан айырумен ауыстырылған, сондай-ақ өмір бойына бас бостандығынан айыру тағайындалғандарға;
:: Қылмыстық топтың, ұйымдасқан топтың, қылмыстық ұйымның, қылмыстық қоғамдастықтың, трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық ұйымның,трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың, террористік топтың, экстремистік топтың, банданың немесе заңсыз әскерилендірілген құралымның құрамында қылмыс жасағандарға;
:: Оларға қатысты жаза орындалған және жазасын өтегендерге;
:: Жиынтығы кезінде олардың біреуі Заңның қолданылу аясына жатпайтын қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағандарға;
:: Үкімдердің жиынтығына кіретін, олардың біреуі Заңның қолданылу аясына жатпайтын қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағандарға;
:: Жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушылар деп танылған немесе жазаны өтеу кезінде қасақана қылмыс жасағандарға заңның кері күші қолданылмайды. [7]
Тағы да айта кеткеніміз жөн, 2021 жылғы 7 желтоқсанда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заңға қол қойған болатын.
ІІМ деректері бойынша, рақымшылық жасау әрекеті 14 мыңнан астам адамға қолданылды, түзеу мекемелерінен мыңға жуық адам бостандыққа шықты, 3,8 мың адам пробация қызметінде есептен шығарылған болатын.
Осы ағымдағы 2022 жылы Мемлекет басшысы Рақымшылық жасау туралы Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Біз адамгершілік таныта отырып, осы қайғылы оқиғадан тиісті қорытынды жасаймыз. Мұндай жағдай енді ешқашан қайталанбайды. Бұған жол бермейміз, - деп үн қатқан еді мемлекет басшысы.
Көбіміз қаңтар,ақпан айларында тергеу изоляторларына барып, ұсталғандармен кездестік, тергеушілер мен ұсталғандардың туыстары, қоғам белсенділері арасында кері байланыс ұйымдастырдық. Біз соның ішіндегі жастардың негізгі бөлігі қылмыскерлердің,тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылардың қолшоқпары болғанына көз жеткізе алдық. Олар қатты өкініп, өз кінәсін мойындады. Айта кету керек, алғашқы күндерден бастап мемлекет басшысы осы қайғылы оқиғаларды ұйымдастырушылардың пропагандасына еріп, тура жолдан тайғандарға аяушылық танытуға,кешіруге шақырды. Мемлекет жеңіл және ауырлығы орташа қылмыс жасаған қатысушылар үшін жазаны жеңілдетті. Бүгінгі таңда 1 060-қа жуық адам сотталды, олардың тек 106-сы нақты бас бостандығынан айырылды, - деді Мәжіліс депутатты Гүлнар Бижанова.
Оның айтуынша, қаңтар айында зардап шеккендерге келтірілген залал өтеліп жатыр, әлеуметтік, қаржылық және өзге де көмек көрсетіліп отыр.
Бұл жұмысқа Қазақстан халқына қоры да қатысып жатыр. Біз, Парламент депутаттары үндеуді қолдап, конституциялық өкілеттіктерге сүйене отырып, осы заң жобасында құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасаған қаңтар оқиғаларына қатысушыларға қатысты рақымшылық жасау туралы Мемлекет басшысының бастамасын іске асыруды ұсынамыз, - деді депутат.
Заң жобасының негізгі ережелері бойынша рақымшылыққа іліккен азаматтар тобы анықталған. Ол үшін нақты уақыт аралығы белгіленген. Бұл тұрғыда 4 пен 7 қаңтар аралығы қамтылды.
Қылмыстық кодекстің әрбір адам бойынша нақты баптарын көрсете отырып, осы оқиғаларға қатысты барлық іске талдау жасалды. Құжатта қылмыстық теріс қылықтар мен ауырлығы аз орташа қылмыстар үшін жазадан босату ескерілген. Ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағандарға мерзімдерді қысқарту көзделген. Ауыр қылмыстар үшін сот тағайындаған мерзімнің төрттен үш бөлігі, ал аса ауыр қылмыстарға мерзімнің жартысы қысқарады, - деді ол.
Бұл ретте, егер сотталғандардың Рақымшылық жасау туралы Заң қолданысқа енгізілген күнге жазасын өтеу мерзімі бір жылдан аз болса, негізгі жаза оның бүкіл өтелмеген мерзіміне қысқартылады.
Алдын ала жасалған есептеу бойынша осы кезеңде рақымшылық 1,5 мыңға жуық адамға жасалады. Заң жобасын іске асыру қосымша қаржылық шығындарды қажет етпейді және теріс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық жазаны жұмсарту немесе жазасын өтеуден босату
Рақымшылық актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босату
Қылмыстық жауаптылықтан босату
Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату туралы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БОСАТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату
ЕСКІРУ МЕРЗІМІНІҢ ӨТУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУ
Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың түсінігі
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы туралы
Қылмыстық жауаптылық
Пәндер