Оқушының көркем шығарманы қабылдауының педагогикалық - психологиялық негіздері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Ғылым және Жоғары Білім министірлігі

«Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ

Педагогикалық институт

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Оқушының көркем шығарманы қабылдауының педагогикалық-психологиялық негіздері

Мамандық цифры
Оқу бөлімі
6В01707 - Қазақ тілі мен әдебиеті
Күндізгі

Орындаған: М. С. Сатыбалды

Тобы: КРОК- 215

Тексерген: Н. К. Смагулова

Бағасы:

Көкшетау 2023

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ2

1 Білім беру негізінде педагог-психологтың қызметіне сипаттама5

1. 1. Психологиялық-педагогикалық диагностика 5

1. 2. Психологиялық-педагогикалық диагностикалық әдістерге қысқаша шолу10

2 Оқушының көркем шығарманы қабылдауының педагогикалық-психологиялық негіздері15

2. 1. Оқушылардың көркем шығарманы жас ерекшелігіне қарай қабылдауы 15

Қорытынды 23

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 25

Кіріспе

Қазіргі әлемде жалпы адамның танымдық қабілеттерін дамыту өзіндік орны бар, мойындалған құндылық болып табылады. Соңғы уақыттарда адамзат қазіргі заманда әрдайым туындайтын мәселелерді шешуге қабілетті, үйлесімді, шығармашылық белсенді тұлғаны қалыптастыру мәселесіне алаңдауда. Танымдық процестер мен адамның қоршаған дүниеден алған әсерлерін шығармашылықпен өңдеу қабілеттерін дамыту қазіргі көркем педагогикада қабылдау, ойлау және есте сақтаудың шығармашылық қасиеттерінің тұтас жүйесін қалыптастыру деп түсіндіріледі. Жеке тұлғаның жеке қабілеті мен шығармашылық әлеуетін қалыптастырудағы сыртқы факторлдардың шешуші рөлін анықтай отырып, біз бұл әсерді білім беру, тәрбиелеу және дамыту «призмасы» арқылы қарастырамыз. Көркемдік-шығармашылық қабілеттердің дамуының психологиялық ерекшеліктерінің мәселелерін зерттегенде көркемдік қабілеттердің даму процесіне әсер ететін факторларды анықтау қажет, оның ішінде: тұқым қуалаушылық, қоршаған орта, белсенділік, тәрбие, білім беру, дамыту және т. б. Болашақ педагог-психологтар, яғни біздер жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамытуға бағытталған педагогикалық, психологиялық үдерісті ұйымдастыру сонымен бірге стандартталған нұсқауларды пайдаланып, педагогикалық-психологиялық диагностика жүргізе отырып, алғашқы нәтижелерді өңдеу және психологиялық қорытынды жасай білуге үйретеді. Педагогикалық диагностика мен психологиялық диагностикаға қысқаша анықтама беріледі, балалардың ойлау, сөйлеу, қабылдау, сезіну сияқты қабілеттерін жетілдіру жолдары, мақсат-міндеттері көрсетілген. Жалпы, бұл курстық жұмыста жалпы білім беретін мектеп оқушыларының көркемдік қабылдауын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негіздері ашылады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Мұғалім оқушының писихологиясына әсер ететін факторларды (тұқым қуалаушылық, қоршаған орта, отбасылық тәрбие, білім беру т, б) анықтай отырып, оны қалай түсінетін, қалай қабылдайтынын анықтай алу. Жас ерекшелігіне байланысты көркем шығармаларды қабылдауы, дұрыс қабылдауына мұғалімнің әдіс-тәсілдерінің ықпал етуі. Оқушылардың көркем шығарманы педагогикалық-психологиялық қабылдауын жан-жақты саралай отырып, әдіс-тәсілдерді жинақтау.

Курстық жұмыстың өзектілігі : Көркемдік цикл пәндерінің шеңберін кеңейту қазіргі көркемдік білім беру мұғалімінен жан-жақты жалпы психологиялық-педагогикалық дайындықты ғана емес, ең алдымен тиісті кәсіби дағдыларды, іргелі психологиялық-педагогикалық қабілеттерге бейімдеу үшін білім мен дағдыларды талап етеді. Көркемдік білім беру мұғалімі үшін көркем қабылдау процесін ұйымдастыру заңдылықтарын білу ерекше маңызға ие. Бұл психологиялық-педагогикалық ғылым тұрғысынан ең бірінші және ең маңызды педагогикалық міндетті бірден шешуге көмектесетін дұрыс ұйымдастырылған көркем қабылдау болып табылады: оқушы ұсынылатын шығармаға қызығушылық танытады ма? Осыған орай, жалпы білім беретін мектептегі мұғаліміне қойылатын әлеуметтік-мәдени талаптар мен оның психологиялық-педагогикалық дайындығының нақты деңгейі арасында айқын қайшылық туындайды, бұл біз таңдаған зерттеу тақырыбының өзектілігін анықтайды.

Курстық жұмыстың әдістері: жинақтау, саралау, баяндау.

Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспе, 2 тарау мен тарауға бөлінген тараулар, қорытындылар және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І Т А Р А У

БІЛІМ БЕРУ НЕГІЗІНДЕ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ СИПАТТАМА

1. 1 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА

«Диагноз» сөзі грек тілінен аударғанда «тану» дегенді білдіреді (diagnostikos-тануға қабілетті) 1. Сондықтан жалпы жағдайда диагностика деп қандай да бір объектінің жағдайын анықтау процессін түсінеді. Диагноз-бұл диагностика объектісінің жай-күйін, нормадан ауытқу ерекшеліктерін анықтау бойынша қызмет нәтижесі. Екінші жағынан, диагностикалық қызметтің дамуы ғылыми білім мен бірлі-жарым құбылысты тану арасындағы танымның ерекше түрі ретінде диагностиканың пайда болуына әкеледі. Бұл жағдайда диагноз ғылым белгілеген белгілі бір класқа жеке көрсетілген мәннің тиістілігі туралы қорытынды. Сондай-ақ диагностика деп түрлі әдістердің жәрдемімен бақыланатын немесе зерттелетін объектінің жағдайы туралы ақпарат алу процессін түсінеді. [1] Жалпы «диагностика» адам, қоғам, ұжым, құбылыс, процесс туралы жинақталған білімнің негізінде іске асырылатын іс-әрекет ретінде беріледі, «психодиагностика» жеке тұлғаның психологиялық өзгешелігін анықтауда пайдаланылады.

Диагностикалық ақпарат объектінің ішкі сезімін, оның нормаға сәйкестік дәрежесі, оның даму үрдістері туралы мәліметтерді қамтиды. Ол объектіні тежеу немесе жеделдету, жетілдіру немесе түзету мақсатында оның даму үдерісіне қолайлы ықпал етуге мүмкіндік ашады. Ғылымның жалпы әдіснамасы тұрғысынан диагностика тану процессін ұйымдастыру мен құрау негіздерін қамтитын танымның мамандандырылған саласының бірі болып саналады.

Жалпы «педагогикалық диагностика» ұғымы Карлхайнц Ингенкамп ғылыми қолданысқа 1968 жылы енгізді. Баяндамасының атауына әріптесі Инго Хартмен пайдаланады.

Ал психологиялық диагностикаға тоқталатын болсақ, психологиялық ілімдер өте ерте замандардан бері келе жақтан ғылым саласы. Ежелгі мемлекеттерде жан туралы ілім Үндістан, Грек, Қытай, Мысыр, Вавилон сияқты елдерде тіршілік пен өмір, тән мен жан, тәрбие мен оқыту және сол сияқты негізгі мәселелер күн тәртібіне қойылған болатын. Жан мәселесіне қазақ халқы да ерекше мән берген. Мысалы, жанға байланысты мақал-мәтелдер, нақыл сөздер мен ой-пікірлер, эпостар мен жырлардың халық психологиясы үшін өзіндік маңызы зор болған. Олардың мән-мағынасын халқымыз жанның заттық қасиеті жоқ болғандықтан, оны танып білу қисыңсыз екендігін жақсы білген. Қазіргі психология саласында жанды көбінесе психика ұғымының баламасы ретінде қолданады. Френсис Гальтон Англияда биологиялық тестілеудің негізін қалаушының бірі. Ол тұқымқуалаушылық арқылы берілетін биологиялық қасиеттерді зерттеу нәтижесінде диагностикаға ғылыми қызығушылық туғызған болатын. Тұқымқуалаушылықты зерттеу аясында Гальтон қандас адамдар мен қандас емес адамдарды өлшеу қажеттілігін зерттей келе, адамның ата тегі мен егіздік арасындағы нақты ұқсастық деңгейін анықтады. Сонымен қатар, осы мақсаттың негізінде зерттеулер жүргізген Гальтон 1884 жылы бүкіл əлемдік көрмеде антропометрикалық зертхана ұйымдастырды. Онда адамдар өздерінің физикалық мінездемесіне сəйкес көру немесе есту қабілеттерін зерттейтін тестік тексеруден өтті. Ал мұндай тестік зерттеулер бірінші рет тұлғаның дамуын сонымен бірге ақыл-ой дәрежесін анықтауда да қолданылды. Англияда алғаш рет арнайы психометриялық зертханаларда адам қабілетінің статистикалық мағұлматтарын жинақтауға бағытталған корреляция əдісін қолдану ұсынылды. Гальтон зерттеулер барысында дисперсиялық талдауды ұсынса, ал Спирмен факторлық талдауды ұсынды. Қысқаша айтқанда, жылдар бойына қалыптасқан жеке тұлғаны зерттеу тәсілдері қазіргі заманда олардың маңызы психодиагностикалық зерттеулер мазмұнын толықтыра түседі. Психодиагностикалық әдістемелер жеке тұлғаны зерттеп, өсу бағыттарын көрсетумен қатар, психолог қызметінің кәсіби, әдеп және моральдық қалыптарына бағыт береді. Нақтырақ айтар болсақ, психодиагностиканың ғылыми-қолданбалы негізгі мақсаты жеке тұлғаның жас мөлшеріне байланысты психикалық даму динамикасын, мінез-құлық ауытқуларын, жеке қабілеті мен әлеуметтік ортаға бейімделуін зерттеу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Музыкалық қабілет мәселелеріндегі адамның тұжырымдамасы
Музыка арқылы адамның ерекше сезіну қабілетін арттыру
Музыкалық қабылдау – әлеумет мәдениеттік және психологиялық-педагогикалық мәселесі. Музыкалық қабылдаудың түрлері
Көркем шығарманы талдау мен дамыту бағыттары
Музыкалық қабылдау - әлеумет-мәдениеттік және психологиялық-педагогикалық мәселесі
Түсінік арқылы есте сақтауы. Оқушы – музыканттың орындаушылық есте сақтау тәсілінің жолдары мен дамуы
Балалардың музыкалық қабілеттілігін дамыту
Мағжан Жұмабаев шығармашылығын мектепте оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері
Бастауыш сыныпқа музыкалық тәрбие беру арқылы эмоцияларын қалыптастыру
Көркем шығарманы талдау мәселесінің зерттелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz