Топырақтардың химиялық құрамы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

Дәріс №1

Кіріспе. Өсімдік шикізатының топырақ химиясы пәнінің мақсаты мен міндеттері.

Дәріс мақсаты: Өсімдік шикізатының топырақ химиясы пәнінің негізгі түсініктері мен анықтамаларына тоқталып, жалпы мазмұнын ашу.

  1. Топырақтану және топырақ географиясы ғылымдары.
  2. Курстың мақсаты мен міндеттері, негізгі бағыттары.
  3. Топырақтанудың басқа ғылымдармен байланысы.
  1. Топырақтану және топырақ географиясы ғылымдары.

Топырақтану - фундаменталды теориялық ғылыми пәндердің бірі, ол студенттерге топырақ - барлық биосфераның негізгі экологиялық қоймасы, оның табиғаты, қасиеттері және қоршаған ортамен байланысы туралы білім береді. Топырақ негізгі биокостық табиғи деңе. Ол геологиялық және биологиялық деңелермен тығыз байланыста. Топырақтану - топырақтардың пайда болуы, құрамы, қасиеттері және функциялары, оларды қорғау және тиімді пайдалану жолдары туралы ғылым. Топырақ ландшафтың өнімі және элементі ретінде жер шарының табиғаты дамуында маңызды орта болып табылады. Зат пен энергия арасында боисферамен және оның компоненттермен тұрақты алмасу жағдайында болып, топырақ жамылғысы планетада тіршілік дамуына қажетті барлық сфералар арасында қалыптасқан тепе-теңдіктің орыны басылмас жағдайы. Құнарлық қасиетіне байланысты топырақ өндірістің негізігі тәсілі. Сондықтан оны зерттеу географ - мамандары үшін өте маңызды.

Топырақ географиясы топырақты тұйық кеңестік пайда болуын және таралуын зерттейді.

  1. Курстың мақсаты мен міндеттері, негізгі бағыттары және басқа ғылымдармен байланысы.

Пәнді оқыту мақсаттары:

- топырақ - Жердің тірі қабаты, табиғи деңе ретінде, оның құрамы, қасиеттері, функциялары, пайда болуы, эволюциясы туралы негізгі білімдерді қалыптастыру;

- топырақ түзілу процессін зерттеу, оның жер бетінде көрсетілуі, топырақ түзілуге экофакторларының әсері;

- топырақтың табиғатта және адамның шаруашылық әрекетінде ролін, топырақ ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын зерттеу.

  1. Курстың мақсаты мен міндеттері, негізгі бағыттары.

Курстың мақсаты мен міндеттері:

Топырақтар географиясын оқу нәтижесінде 1) білу керек:

- топырақтың адам өмірінде маңызын және биосферада ролін;

- топырақтың биоалуандылықты сақтауда маңызын;

- топырақтардың жер бетінде зоналдық таралуының заңдылықтарын және оның табиғи зоналдылықпен байланысын;

- топырақ түзілу процессін, топырақтың қасиеттерін және оларға экофакторлардың әсерін;

- топырақ құнарлығын, оның категорияларын, элементтерін және жер пайдалануда өзгерістерін;

- топырақ ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану жолдарын;

2) істей білу:

- алынған білімдерді практикада қолдану және топырақ-экологиялық зерттеу әдістерін пайдалану;

3) алу керек:

- топырақтар географиясы бойынша зертханалық-аналитикалық жұмыстарды жүргізуде теориялық және практикалық істеулерді.

Топырақтар географиясы топырақтанудың негізгі бағыттарының бірі және ол топырақтанудың басқа бағыттарымен байланысты болады. Топырақтанудың негізгі бағыттары:

  • топырақтардың қалыптасуы мен дамуы (топырақтар генезисы) туралы ілім;
  • топырақ жамылғысының тұйық кеңестік пайда болуы және оның қоршаған ортамен байланысы туралы ілім (топырақтар географиясы және экологиясы) ;
  • топырақ пен топырақ жамылғысының құнарлығы және оны агротехникалық және мелиоративті әдістермен реттеу принциптері туралы ілім;

Топырақтанудың фундаменталдық бағыттары:

  • топырақ массасының қасиеттері бойынша (топрықтар физикасы, топырақтар химиясы, топырақтар биологиясы және т. б. ) ;

Топырақтанудың қолданбалы бағыттары:

- топырақтың және топырақ жамылғысының пайдалану формалары бойынша (агрономиялық, ормандық және мелиоративтік) ;

  1. Топырақтанудың басқа ғылымдармен байланысы.

Топырақтар географиясының білімдері және басқа топырақтану салаларының материалдары топырақтарды картаға түсіру үшін, олардың құнарлығын сипаттау және кешеңдік бағалау, мемлекеттің біріңғай жер кадастрін құрастыру және математикалық банктерді жинақтау үшін негізгі бөлім болады.

ТОПЫРАҚТАР ГЕОГРАФИЯСЫМЕН байланысты ғылымдар: геология, топырақтану, топырақтар экологиясы, геоморфология, биогеография, гидрология, метеорология климатология негіздерімен, құрлықтар мен мұхиттардың физикалық географиясы, Қазақстанның физикалық географиясы, ТМД физикалық география.

Дәріс №2

Қазақстанда өсімдік шикізатының топырақ химиясының ғылыми бағыт ретінде даму тарихы. Негізгі ғылыми бағыттары.

Дәріс мақсаты: Топырақтану және басқа ғылымдармен байланысы, топырақ зерттеулерінің тарихы, Қазақстандағы топырақтанудың дамуын қарастыру және негізгі бағыттарын оқыту.

  1. Топырақ зерттеулерінің тарихы.
  2. Қазақстандағы топырақтанудың дамуы.
  1. Топырақ зерттеулерінің тарихы:

- антикалық кезеңі (егіншілермен жинақталған топырақ туралы білімдердің алғашқы қорытындысы) . Мысалы: көне грек философтарының Аристотель және Теофраст шығармаларында топырақтардың өте жақсы, жақсы, құнарлы, қолайлы, кедей, құнарсыз болып бөлінуін кездестіреміз.

- XVIII ғ. аяғында - XIX ғ. бірінші жартысында Батыс Европада топырақ туралы 2 көрініс пайда болды: агрогеологиялық және агримәденихимиялық (Агрогеологиялық бағытты жақтаушылар Фаллу, Берендт, Рихтгофен және б. топырақты үгілу әсерінен тығыз тау жыңыстарынан пайда болатын бос тау жыңысы ретінде қарастырады. Өсімдіктер қорек элементтерін, үглу барысында босайтын, тартып алуда пассивтік роль атқарады. Агримәденихимиялық бағыты Таер, Либих және т. б. еңбектерімен байланысты. Осы бағыттың өкілдері топырақты - қорек элементтерінің көзі ретінде қарастырды. Таер гумус теориясының авторы: өсімдіктер топырақтан органикалық затпен қоректенеді. Либих бойынша: топырақ - табиғи деңе, одан өсімдіктер минералдық қорек заттарын сіңіреді. ) .

- 1725 ж. Ресейде Ғылымдар Академиясы ашылды және орыс ғалымдарымен топырақтардың алғашқы зерттеулері басталды . М. В. Ломоносов бойынша: топырақтың дамуы уақыт бойында өсімдіктер мен тау жыңыстарының өзара әрекеттесуі нәтижесінде жүреді. Ғылымдар Академиясымен мемлекеттің табиғи жағдайларын зерттеу мақсатымен экспедициялар ұйымдастырылды, олар Ресей кең территориясының жер байлықтары және ауыл шаруашылығы туралы алғашқы материалдарды берді.

- ғылыми генетикалық топырақтану немесе Докучаев кезеңі :

А) XIX ғ. екінші жартысында - ж аратылыс тарихи немесе генетикалық топырақтануды құрастырушы В. В. Докучаев. В. В. Докучаев топырақтың - өздік табиғи деңе, оның қалыптасуы 5 табиғи топырақ түзуші факторлардың (климат, жер бедері, өсімдік және жануарлар әлемә, топырақ түзуші жыңыстар, мемлекеттің жасы) өзара әрекетесуінің күрделі процессі. Топырақ уақыт бойында және кеңістікте үзіліссіз өзгеруде («Русский чернозем», 1883) . В. В. Докучаевтың ұсынысы бойынша, табиғаттың бөлек факторлары мен құбылыстарын ғана емес, олардың арасындағы заңдылық байланыстарды зерттеу қажет («К учению о зонах природы», 1899) . В. В. Докучаев Солтүстік жарты шарының топырақтарының жіктелуі схемасын өндеді және 5 әлемдік географиялық зоналарды (бореалдық, тайгалық, қара топырақтар, аэральдық, латериттік) бөлді, әр біреуі анықталған топырақтар дамуымен, үгілу процесстерімен, грунтпен, климат жағдайларымен, өсімдік, фауна сипатымен, жер бедерімен көрсетіледі. В. В. Докучаев топырақтың зерттеу әдістерін өндеді, топырақтанудын негізін құрады, топырақ түзілудін көптеген заңдылықтарын дәлелдеді және топырақтар қарқынды құнарлығын жоғарлату практикалық шараларын ұсынды. В. В. Докучаев көп еңбектердің авторы (225 баспа еңбегін қалтырды), олардың арасында негізгілер: «Русский чернозем» (1883), «К учению о зонах природы» (1899), «Материалы к оценке земель Нижегородской губернии» (1884-1886), «Материалы к оценке земель Полтавской губернии» (1889-1894), «Наши степи прежде и теперь» (1892) және т. б.

В) XIX ғ. аяғы - В. В. Докучаевтың шәкірттерінің арасында Н. М. Сибирцев ерекше бөлінеді, ол топырақтанудың бірінші оқулығының авторы, В. В. Докучаевтың топырақ туралы ілімінің негізін дамытушы және жүйеге келтіруші, топырақ анықтамасын дәлелдеді, бірінші жоспарға климат және жер бедерінің түрлі жағдайында өсімдік пен тау жыңыстарының өзара әрекеттесуін көрсетті, топырақ түзуші факторларын биотикалық және абиотикалық топтарына бөлді. Ол топырақтар жіктелуіне маңызды ескертулерді еңгізді, топырақтардың зональдылық, интразональдылық және азональдылық бөлуін дәлелдеді, «топырақ жыңысы» түсінігін ұсынды және В. В. Докучаевтың құрғақшылықпен күресу жұмыстарын жалғастырды. В. В. Докучаевтың мектебінің дамуының жалғастырушылардың арасында П. А. Костычевпен топырақтар зерттеуі өткізілді. Ол агрономиялық топырақтанудын негізін қалаушы, топырақ пайда болуын өсімдік тіршілігімен байланыстырды және топырақты «өсімдік тамырларының негізгі массасы жететін жердің беткі қабатының тереңдігімен анықтады». П. А. Костычев топырақ құнарлығында суға тұрақтылық құрылыстың және топырақ пайда болуында гумустың ролін көрсетті. Ол агротехника жолдарын топырақ қасиеттерімен және климат жағдайларының ерекшеліктерімен тығыз байланыстырды.

- XX ғ. басы - орыс топырақтану дамуындағы жаңа кезеңі: кең масштабта докучаев әдістерінің қолдануымен топырақтардың зерттеулері өткізіледі (Л. И. Прасолов, К. Д. Глинка, С. С. Неуструев, Б. Б. Полынов, Н. А. Димо, П. С. Коссович және т. б. ) . Зерттеулердің ерекшелігі: топырақ генезисы тұжырымдамасына, топырақтардың жіктелуі мен номенклатурасына аймақтық қарастар. К. Д. Глинкамен тау жыңыстарының үгілуі, топырақтардың генезисы, географиясы және жіктелуі бойынша бір қатар қайталмас жұмыстар жасалған, топырақтану бойынша фундаменталдық оқулығы (1908) жазылды, В. В. Докучаев атындағы Топырақтану институтының ұйымдастырушыларының бірі. П. С. Коссович - топырақтардың физикалық, химиялық, агрохимиялық қасиеттерінің зерттеудің негізін салушы. өзінің еңбектерінде «Основы учения о почве» (1911), «Курс почвоведения» (1903), «Почвообразовательные процессы как основа генетической почвенной классификации» (1910) топырақтар туралы мәліметтерді жүйеледі және топырақ түзілу, топырақтардың жіктелуі мен эволюциясы туралы сурақтар қарастырылды.

- советтік кезеңі: Ұлы Октябрьдық социалистік революциясы жаңа кезеңнің басталуын анықтады. Жинақталаған материалдардың және зерттеулердің жетекшілігін ССРБ ҒА құрылған В. В. Докучаев атындағы Топырақтану институты басқарды. Кезеңнің жетістіктері: жаратылыстық ғылымдар арасында топырақтанудын маңызын көрсетіп ССРБ ғылымдар Академиясында арнайы кафедра ашылды және 1927 ж. К. Д. Глинка алғашқы академик-топырақтанушы болып таяғандалды. 1927-1930 жж. арасында Орта Азияда, Қазақстанда, Кавказда, Украинада және Белоруссияда топырақ зерттеулері кең жүргізіле басталды. К. Д. Глинка басқаруымен топырақ карталары құрастырылды және топырақтардың физикасы, химиясы, биологиясы, генезисы туралы ілімі, географиясы мен каторграфиясы дамыды. К. К. Гедройц топырақтың сіңіру қабілеттілігі туралы ілімді құрастырды. Советтік кезеңнің негізгі жетістіктері:

  • топырақ-биоклиматтық белдеулер және әлемдік облыстары туралы, топырақ зоналары, фациялары және провинциялары туралы биоклиматтық негізінде жалпы топырақ-географиялық ілімнің өнделуі, ол әлемдік топырақ ресурстарының есеп базасы болады (Л. И. Прасолов, И. П. Герасимов және т. б. ) ;
  • В. И. Вернадскийдің биогеохимиялық ойларының негізінде үгілу қыртысы және ландшафтар геохимиясы туралы жалпы ілімнің өнделуі, топырақ жамылғысының эволюциясын зерттеуде және пайдалы қазбалардың территориясын мелиоративтік бағасын берумен іздестіруде өте маңызды (Б. Б. Полынов, В. А. Ковда және т. б. ) ;
  • Өсімдіктерді қоректендіру және тыңайтқыштарды қолдануда ірі теориялық жетістіктер, агрохимия мектебінің болашақ дамуына маңызды (Д. Н. Прянишников) ;
  • Топырақтың органикалық заттарының зертеулерін, агрофизикалық және мелиоративтік зерттеулерін, топырақтың физика-химиялық және химиялық қасиеттерінің зерттеулерін өткізуінде генетикалық және топырақ-агрономиялық зерттеулердің дамуы (И. В. Тюрин, И. С. Кауричев, Н. А. Качинский, А. Н. Соколовский және т. б. ) ;
  • Топырақтардың біріңғай жіктелуі мен диагностикасын, топырақтарды картаға түсіруін, топырақ құрылысының зертеулерін, бонитировка принциптері мен әдістерін, экономикалық бағалауын жетілдіру (И. П. Герасимов, Н. Н. Розов, В. М. Фридланд және т. б. ) ;
  • Ресей мен бірлестік республикаларының топырақиарының зерттеулерін дамыту және монографиялық қорытындылардың шығуы;
  • Субтропикалық және тропикалық белдеулердегі топырақтардың зерттеуіне советтік топырақтанушылардың кең қатысуы және монографияларды шығару (М. А. Глазовская және т. б. ) ;
  • Топырақтардың орыс атаулары халықаралық қолдануын алды.
  1. Қазақстандағы топырақтанудың дамуы.

Алғаш рет Казакстан топырактары туралы араб окымыстылары Ибн-Хардадбах, Ибн-Хаукаль, Ибн-Русте және баскалардың еңбектерінде X ғасырда айтыла бастады. Олар сор топырактар және саздар Сырдарья езенінің (Отырар маңайында) аңғарында кездесетінін көpceттi. Петр I және Екатерина II заманындағы экспедицияға катысушылардан, П. И. Рычковтан (1762), П. С. Палластан (1770), И. П. Фалькіден (1770-1771) және басқалардан өте кеңейтілген және нақты ғылыми мәліметтер түскен. И. И. Лепехин (1795), С. Г. Гмелин (1806), Э. А. Эверсман (1840), Ш. Уәлиханов (1855), П. П. Семенов-Тяньшанский (1855-1857), К. М. Беер (1856), Ф. Рупрехт (1866), Г. И. Танфильев (1902) және басқалар, топырақ-өсімдік жамылғысының зона бойынша таралатынын атап көpceттi, топырактардьң кейбір ерекшеліктерін сипаттады, жекеленген өлкелерді аудандастыруға әрекет жасады, мысалы Каспий ойпатының маңы (Борщов, 1865) .

Ш. Ш. Уәлиханов Балқаш маңайындағы сор топырактарға, сор­таң сусыз Семей өлкесінің даласына, Тянь-Шань тауы бөктерінің жер өндеу ерекшеліктеріне, ол жердегі қазақ дихандарының өз егін алқаптарына "суды ағыны жылдам өзендерден, арықтар арқылы шығаратынына, тары мен бидай" егетініне көңіл бөлген.

1861 ж. Э. А. Эверсман Орал қазақ жасақтары территориясының (Батыс Қазақстан) алғашкы сызбалық топырақ картасын жасады, онда қаратопырақ, сортаңдар, жайылма топырақтары және т. б. керсетілген. Ф. Ю. Левинсон-Лессинг (1890) "Қыргыз даласының топырақтары жайлы ескертпелерінде" Ақтөбе облысының солтүстік бөлігінің топырақтарына қысқаша сипаттама берді. Кейінрек А. Я. Гордягин (1894-1899) Батыс Сібірдің оңтүстігіндегі (Петропавлдан Көкшетауға дейін) топырақ-ботаникалық зерттеулер нәтижесінде қаратопырақтын орманды және дала зоналарын, зона тармақтарын, оларға тән кебірлер және сұр орман топырақтарын бөліп көрсетті. 1902 ж. Г. И. Танфильев Epтic етегіндегі жазықты аралап қаратопырақты, күрең топырақты, сортаң және сорды сипаттады.

XX ғасырдың басында Ci6ip және Ташкент темір жолы салынғаннан кейін, Қазақстанның табиғи ресурстарына қызығушылық ұлғайып, кең алқаптарда жан-жақты топырақтық және биологиялық зерттеулер жүргізілді. Бұған себеп, Ресейдің негізгі жер өңдейтін аудандарында құрғакшылыктың жиілеуі мен өнімнің болмауы, соның салдарынан бірнеше рет 1901, 1905 және 1911 жылдары қайталанған аштық болды. Жұтқа ұшыраған орыс шаруаларын Қазақстанның, Орталық Азияның, Сібірдің және Қиыр Шығыстың тың құнарлы жерлеріне қоныстандыруға және ондағы топырақтарды зерттеуге мүмкіндік туды. 1906-1910 жж. Ресейдің орталық аудандарынан бұл аймақтарға 2, 5 млн. шаруалар қоныстандырылды.

Қазақстан Республикасының топырақ жамылғысын жүйелі зерттеу 1907-1916 жж. К. Д. Глинканың басшылығымен қолга алынды. Топырақ зерттеуге Ресейдің белгілі топырақтанушылары С. С. Неструев, А. И. Бессонов, Р. И. Аболин, МИ. Рожанец, Г. М. Тумин, В. И. Искюль, Ф. И. Левченко, Б. А. Скалов, А. И. Хаинский, А. Райкин, Н. Д. Емельянов және т. б. жұмылдырылды.

Топырақ зерттеулері Қазақстанның барлық облыстарының үлкен территорияларын қамтыды және маңызды ғылыми нәтижелер алынды. Экспедиция жұмыстарының нәтижелері бойынша алғаш рет топырақ жамылғысының географиялық таралуының жалпы заңдылықтары айқындалды және топырақ зоналарының шекаралары белгіленіп, топырақтардың нeriзri типтері мен түрлерінің мор­фологиялық және химиялық қасиеттері зерттелді, әлемдік танымға ие болған топырактардың жаңа типтері: сұр, сұр-коңыр топырақтар бөлінді. Зерттеулер бойынша топырақ зоналары және биіктік белдеулерінің құрылымы анықталды, топырақ классификациясының сызбасы белгіленді. Қазақстанның жазық территорияларында солтүстіктен оңтүстікке дәйекті ауысатын келесі топырақ зоналары: қаратопырақ, күрең, құба және сұрқұба зоналар айқындалған еді.

1909-1915 жж. К. Д. Глинка басшылығымен Л. И. Прасолов, А. И. Бессонов, Александровский, С. С. Неуструев Қазақстанның тау жүйелерініңщ негізгі биіктік топырақтық белдеулерін және топырақ типтерін анықтады.

1918-1928 жж. И. В. Ларин, Н. А. Димо, Р. И. Аболин, И. П. Гера­симов, Е. Н. Иванова, Е. В. Лобова, ТФ. Якубов, В. А. Дубянский және басқалар Қазақстанның топырақтарын, өсімдіктерін және топырақтық-ботаникалық аудандарының табиғи-тарихи жағдайларын нақты сипаттады.

XX г. 20-жылдарынан бастап Қазақстандағы топырақ зерттеулері шаруаларды ұжымдастыруға, жергілікті тұрғындарды отырыкшылдыққа көшіруге және шаруашылықтарда жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге байланысты жаңа қарқынға ие болды. Қазақ КСР-ның Жерге орналастыру Халық комиссариатының топырақтар бюросы, Су шаруашылығы басқармасы және Мемлекеттік Жерге орналастыру тресті республиканың әр аудандарында ipi масштабты топырақтық-ботаникалық және агроэкономикалық зерттеулерді іске асырды. Оған қазақстандық жас топырақтанушылар У. У. Успанов, Я. Ф. Дубовник, СП. Матусевич, И. А. Бесполуденов, А. В. Мухля, А. Ф. Большаков, В:М. Боровский, А. Г Гаель, М. С Малюгин, Е. С Останин, В. В. Федоров қатысты. 1935 ж. Қазақ тыңайтқыш және агротопырақтану институты В. Р. Вильямс атындағы Қазақ жерөңдеу институты болып кайта құрылды және мұнда М. А. Глазовская, И. П. Герасимов сияқты белгілі то­пырақтанушылар жұмыс icтеді, кейін ол ҚР ҰҒА топырақтану ин­ституты болып аталды.

Топырақтанушылар ұжымы (В. М. Боровский, М. А. Погребинский, К. Д. Қаражанов, Н. Л. Якупова, Р. Х. Киевская, ТФ. Некрасо­ва, И. К. Асанбаев, К. Ш. Фаизов, СИ. Соколов, СА. Никитин, Ж. У Аханов, Л. И. Пачикина, Н. Т. Колесникова, В. А. Корниенко, Ж. У. Мамытов және т. б. ) «Қазақ ССР-ның топырақтары» сериясынан, Республика облыстарының топырақ жамылғысының кешенді сипаттамасына арналған 14 томдық монография басып шығарды, үлкен региондар және табиғи зоналар топырақтары жайлы монографиялық мәліметтер, топырақтар систематикасы мен диагностикасы құрастырылып, мелиорация, эрозия, микробиология, минералогия және басқа мәселелер жөнінде түпкілікті қорытындылар жасалды.

Дәріс №3

Топырақ түзуші жыныстар. Топырақ түзілу нұсқасы.

Дәріс мақсаты: Топырақ түзілу процесінің түсінігіне тоқталып, топырақ түзілу факторларына тоқталу.

  1. Топырақ - биосфераның экологиялық қуысы.
  2. Топырақ түзілу факторлары.
  3. Топырақ түзілудің экологиялық факторлары.
  4. Топырақ жамылғысына антропогендік факторлардың әсері.
  5. Топырақ түзілу процесі, оның түсінігі.
  6. Үгілу, оның түрлері.
  7. Топырақ профилінің қалыптасуы.
  1. Топырақ - биосфераның экологиялық қуысы.

Топырақ (педосфера) - 1) литосфераның маңызды компоненттерінің бірі (жалпы геологиялық және ерекше экологиялық жоспарында) ; 2) құнарлығы бар ерекше табиғи-тарихи деңе және құрлықта тіршілік өнделуінің айналымдық сипатын қамтамасыз ететін полифункционалды табиғи жүйе; 3) өзара қамтамасыз етілген тепе-теңдіктердің күрделі жүйесінің алғысынан химиялық элементтердің массаалмасу ғаламдық айналымдық процесстерін реттейтін планетарлық механизм; 4) өзара тығыз байланыста болатын 4 фазадан тұратын көп фаздық полидисперсті жүйе; 5) биосфераның басқа жүйелерімен үзіліссіз өзара әрекеттесуде болатын ашық динамикалық жүйе.

  1. Топырақ түзілу факторлары.

Топырақ түзілу факторлары туралы ілінің авторы В. В. Докучаев болады, ол топырақты - ерекше табиғи дене, келесі факторлардың тығыз өзара әрекеттесуінің нәтижесінде пайда болады деп анықтады.

Топырақ түзуші факторлар - топырақ пайда болуына әкелетін факторлар: климат, тірі ағзалар, топырақ түзуші жыңыстар, жергілікті жер бедері, мемлекеттің жасы (уақыты), адамның өндіріс әрекеті.

  1. Топырақ түзілудің экологиялық факторлары.

Топырақ түзілудің экологиялық факторлары: климат, тірі ағзалар, топырақ түзуші жыңыстар, жергілікті жер бедері, мемлекеттің жасы (уақыты) .

3. 1 Атмосфералық климат - метеорологиялық элементтердің орташа немесе шеткі көрсеткіштерімен (температура, шашыңдар, ауа ылғалдылығы және т. б. ) сипатталатын және тәуліктік, мерзімдік, жылдық өзгерістердің ауытқұлары туралы мәлімет беретін жергілікті (жер шары, құрлық, мемлекет, облыс, аудан және б. ) атмосфераның орташа жағдайы.

Топырақ процесстерінің табиғатында маңызды климаттық көрсеткіштер температуралық жағдаймен және ылғалдылықпен сипатталады, себебі олармен топырақтың су-температуралық режимі және биологиялық процесстері байланысты. Биологиялық және топырақ процесстерінің негізгі энергия көзі - күн радиациясы, ал ылғалданудын негізгі көзі - атмосфералық шашыңдар. Атмосфера мен топырақ арасындағы алмасу нәтижесінде топырақтың гидротермиялық режимі - маңызды қасиеті қалыптасады. Климат негізгі термиялық топтарының бөлінуінде вегетациялық мерзімде 10 0 С жоғары орта тәуліктік температуралардың қоспасы алынады (№ 1 кесте) .

№ 1 кесте. Климаттың негізгі термиялық топтары

10 0 С жоғары климаттың негізгі термиялық топтары, 0 С
Температуралардың қоспасы
100С жоғары климаттың негізгі термиялық топтары,0С: Суық (полярлы)
Температуралардың қоспасы: < 600
100С жоғары климаттың негізгі термиялық топтары,0С: Суық-қоңыржай (бореалдық)
Температуралардың қоспасы: 600 - 2000
100С жоғары климаттың негізгі термиялық топтары,0С: Жылы-қоңыржай (суббореалдық)
Температуралардың қоспасы: 2000 - 3800
100С жоғары климаттың негізгі термиялық топтары,0С: Жылы (субтропикалық)
Температуралардың қоспасы: 3800 - 8000
100С жоғары климаттың негізгі термиялық топтары,0С: Ыстық (тропикалық)
Температуралардың қоспасы: >8000

Топырақ-биоклиматтық немесе топырақ-биотермиялық белдеулері - жер шарын қоршайтын, еңдік белдеулер түрінде орналасқан климаттың термиялық топтарының анықталған өсімдік және топырақтар типтері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өзен жетібай
Химиялық мелиорант, фосфогипс
Шақатты топырақтардың қалыптасуы және таралуы
Топырақ ылғалы
Топырақтану. Тәжірибелік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
Қазақстанның жазықтық жерінің топырақтары
Тропиктік белдеулер топырақтары қызыл топырақ - топырақ түрі
Алматы облысы Талғар ауданы "Айршир" АҚ-ның қара-қоңыр топырағының ауылшаруашылығында қолдану нәтижесінде құнарлылық көрсеткіштерінің өзгеруі
Топырақ туралы түсінік, топырақтану ғылымы
Топырақтағы антропогендік өзгерістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz