Ғазиза бойжеткен қыз

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Филология факультеті
БӨЖ
Тақырыбы: М.Әуезовтің Кім кінәлі әңгімесінің мән-мазмұны
Орындаған: ФҚӘ-012; Аяулым Шадырман
Қабылдаған: Мақсат Әліпхан
Түркістан-2023 ж.
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
2.1. М.Әуезов шығармашылығы
2.2. М.Әуезовтің Кім кінәлі әңгімесінің мән-мазмұны
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткерi, филология ғылымдарының тұңғыш докторы, еңбек сiңiрген ғылым қайраткерi. Ол Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Аяққараған деген жерде дуниеге келген. Ата-анасынан ерте айрылған соң, атасы Әуездiң тәрбиесiнде болады. Ол болашақ жазушының сауатын ашып, әдебиетке деген қызығушылығын оятады.
Алғашында ауыл мектебiнде оқып, кейiн 1908 жылы Семейдегi Камалиддин хазiрет медресесiнде оқиды. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс-қазақ училищесiне оқуға түсiп, соңғы класын оқып жүрiп Дауыл атты алғашқы шығармасын жазады. Семейде Алаш жастары одағын құрады. 1924-1925 жылдары Семей қаласындағы мұғалiмдер техникумында оқытушы болып жұмыс iстеп жүрiп Таң журналын шығарады.
Мұхтар Әуезов алғашқы жазушылық қадамын драматургия жанрынан бастаған. 1946 жылы Қазақстан Ғылым академиясының толық мүшесi болып сайланады. Қыр суреттерi, Үйлену, Оқыған азамат, Жетiм, Заман еркесi әңгiмелерi, Еңлiк-Кебек, Хан Кене, Түнгi сарын, Қарагөз, Бәйбiше-тоқал т.б атты пьесалардың авторы. Әуезовтың қаламынан туған Абай жолы роман-эпопеясы әлем әдебиетiнiң таңдаулы туындыларының бiрi. М.Әуезов 1961 жылы жиырма жетiншi маусымда Мәскеу қаласындағы ауруханада қайтыс болады.
Негізгі бөлім
М.Әуезов шығармашылығы
М.Әуезов әңгімелері өзіндік драмалық табиғатымен, сондай-ақ, тарихилық сипатымен дараланады. Жалпы, қай жанр болмасын, қоғам дамуының әр түрлі кезеңдеріндегі тарихи-эстетикалық сұраныстарға орай туады. Яғни, көркем туынды тарихи-эстетикалық сұраныстың нәтижесі десек, онда тек қана тарихтың ғана сұранысы емес екен. Ал эстетикалықтың ауқымы кең. Эстетикалық - ол, мегакатегория. Басқаша айтсақ көркемдікті бедерлейтін барлық идея, бейнелеуіш құралдар, стиль, поэтика элементтері одан көрініс табады. Тарихи шындық - көркемдік шындыққа айналады: Әдеби шығармадағы тарихи шындық - көркемдік бейнелеу тәсілімен берілетін өмір шындығы, яғни көркемдік шындық. Тарихи шығармада өмірде болған уақиғалармен қатар ойдан шығарылған жайлар да аз болмайды, тарихи тұлғалармен бірге көркем қиялдан туған кейіпкерлер араласып жүреді. Мәселе, шындап келгенде, оқиғаның, кейіпкерлердің өмірде болған, не болмағанында емес. Шығарманың барлық мазмұны, оқиғалары, кейіпкерлері көркем ой көрігінен өтіп, жинақталып, өзгеше бейнелілік сипат алып шығатындығында. Әрине, тарихи шығармада айтылмақ уақиғаның өзегі негізінен өмірде болған уақиғалардың аясында алынбақ. Сондықтан жазушы маңызды тарихи жайларды, көп нақтылы деректерді анық білуі қажет.
Бұл көзқарастағы біздің назарымызды аудартқан ой, тарихи негізді шығарма жазуда суреткер еркіндігі бола тұра, тарихи шындықты аттап өтіп, оны бұрмалауға болмайтыны туралы пікір. Басқаша айтқанда, көркем шығарма шындыққа сай нанымды болып шығуы тиіс. Сонда, тарихилық дегеніміз не? Көркемдік өзгеріс дегеніміз еркін кету деп те үстірт айта алмасақ керек. Көркем шығарманың тарихи негізімен көп үндесетін тарихилық категориясы турасындағы ғалым А. Ісмақованың пікіріне назар аударайық: Тарихилық әдеби шығарманың тарихи-әлеуметтік ортамен, белгілі бір халықтың мәдени тарихымен, салт-дәстүрімен, ырым-нанымдарымен, ұлттық мінез, ойлау ерекшеліктерімен, аңсар-арманымен тамырлас құбылыс. Осынау тарихилық ұғымы суреткер дүниетанымының шартараптылығына, асқан білімдарлығына, яки, мынадай таным кезеңдерінің 1) өткенді (ретрогноз), 2) бүгінгі (презентогноз), 3) болашақты (прогноз) жетік, жан-жақты меңгергеніне тікелей қатысты. Әдебиеттегі тарихилық және зерттеу саласындағы методологиялық әдіс ретіндегі тарихилық өмірдегі, ақиқат болмыстағы әрбір құбылысты тексеру мен бейнелеу жалпы тарихи процестің бір бөлшегі, яғни тарихи сабақтастық негізінде қарастырылуы тиіс. Сонымен тарихилық белгілі бір заманның нақты тарихи жағдайларын, қайталанбас келбеті мен өзіндік қасиеттерін, мән-мағынасын, болмысын, ұлттық-тарихи және өмір шындығын, идеялық-танымдық тереңдігін көркемдік тұрғыдан жырлап, тарихтың көркемдік философиясын шеберлікпен жеткізу .
Сайып келгенде, көркем шығарманың тарихи негізі, жалпы өнердегі тарихилық өткенді ғана қамтымайды екен. Оның өміршеңдігі сонда өткен мен бүгінді, тіпті болашақты ұштастырар поэтикалық күш-қуатының ерекшелігінде болып отыр. Тарихи шындықтың көркем шығармада бейнеленуі аса өзекті мәселелердің бірі.
М.Әуезовтің Кім кінәлі әңгімесінің мән-мазмұны
Кім кінәлі? деген әңгіменің бас кейіпкері Ғазиза бойжеткен қыз. Ол атастырған күйеуіне тигісі келмейді. Өйткені Ісләм деген жігітіне ғашық. Ата-бабаларының дәстүрін бұзғаны үшін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz
Реферат
Курстық жұмыс
Диплом
Материал
Диссертация
Практика
Презентация
Сабақ жоспары
Мақал-мәтелдер
1‑10 бет
11‑20 бет
21‑30 бет
31‑60 бет
61+ бет
Негізгі
Бет саны
Қосымша
Іздеу
Ештеңе табылмады :(
Соңғы қаралған жұмыстар
Қаралған жұмыстар табылмады
Тапсырыс
Антиплагиат
Қаралған жұмыстар
kz