Жергілікті мұнай және газ өнеркәсіптерінің Жайық өзенінің экологиялық жағдайына әсерін анықтау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Ақтөбе қаласы физика - математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Назарбаев Зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымының филиалы

Қазақстан тарихы Курстық жұмыс

Оқу бағдарламасына сәйкес тақырыптың бағыты

Қазақстан Республикасының экономикасы

Тақырып: Жергілікті мұнай-газ өнеркәсібінің Жайық өзенінің экологиялық жағдайына әсері қандай?

Орындаған: Төлеуғали А.С. Жетекші: Жакиева Б. А.

Ішкі модератор: Жұбаныш Р. Ә.

Зерттеу жұмысын растайтын мәлімдеме
Мен осы зерттеу жұмысым өзімдікі екенін және оның сенімді екенін жариялаймын. Барлық ресурстар мен дереккөздер расталған және басқалардың ресурстары мен дереккөздері қолданылған жағдайда сілтеме жасалынған.

Ақтөбе - 2023

МАЗМҰНЫ

I. КІРІСПЕ 4
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ 6
2.1. Мұнай-газ өнеркәсібінен Жайық өзеніне қандай ластаушы заттар түсседі? 6
2.2. Бұл химикатты заттардың өзендегі судың сапасына әсері қандай? 7
2.3. Жайық өзенінің мұнай қалдықтары себепті ластануының қоршаған орта мен тұрғындардың денсаулығына әсері қандай? 7
ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ 8
ЗЕРТТЕУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ 9
Сауалнама қорытындысы: 9
Сұхбат қорытындысы: 10
БАҒАЛАУ 11
III. ҚОРЫТЫНДЫ 14
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 15
ҚОСЫМШАЛАР 17

I. КІРІСПЕ
Жайық - Орал тауының беткейінде Қазақстан және Ресей елдері шекаралары арқылы өтетін, экономикалық маңызы бар және ғасырлар бойы жергілікті халық өмірінде маңызды рөл атқарған су алабы. Мәселен, көптеген ғасырлар бойы - ауыл, балық, егін шаруашылығы мен көлік қозғалысы үшін маңызды су көзі саналатыны мәлім. Алайда, аймақтағы мұнай-газ өнеркәсібінің, дербес Қазақстан дамуындағы рөлі себепті, өзеннің экологиялық жағдайына айтарлықтай өзгерістер байқалуда. 20-ші ғасырдың бірінші жартысында Жайық өзені алабында мұнай бар екені белгілі болғанда, өзен маңында бірнеше ірі мұнай кен орындары, соның ішінде Комсомольское, Мақаты, Кұлсары кен орындары ашылған болатын. 1950 жылдары Орал мен Атырау өңірлеріндегі, мұнай өндірісінен қалатын екінші реттік шикізат - газ кен орындары Қашаған, Теңіз, Қарашығанақ орындарын игеру басталды. Жалпы, бүгінгі таңда аймақта Chevron, ExxonMobil, Shell, Total сияқты ірі халықаралық мұнай компаниялары жұмыс істейді. Содан бергі орын алған адам іс-әрекетерінен, өзенге әртүрлі ластаушы заттардың түсуі және химикаттардың Жайық өзеніне төгілуі өзен суының сапасына бірқатар теріс әсер еткет болатын. Мәселен 2017 жылғы деректер бойынша, өзеннен 200 тоннаға жуық кауіпсіздігі жөнінен 1 және 2-класстарға жатқызылған лас қалдықтар шығарылады.[1, 14-18б] Соңғы жылдарда жүргізілген тексертулер ағынды су бөлігінде фенолдың құрамы жеткілікті мелшер коэффицентінен 20 есе, алты валентті хром 6 есе өскенін көрсетті. Мыс, алюминий секілді мұнай өнеркәсібінде жоғары қолданысқа ие металлдар мен мұнай қалдықтарынын, қосындылары жылдан-жылға молая түсуде. Бұл бекіре секілді балық тұқымдастардың бойындағы мыс, мырыш, кобальт, қорғасын және басқа да бірқатар металл түрлерінің шоғырлануы себепті анықталуда.[2, 21-26б]
Зерттеу жұмысының өзектілігі:
Жергілікті мұнай-газ өнеркәсібінің Жайық өзенінің экологиялық жағдайына әсері бірқатар себептерге байланысты өте өзекті мәселе болып табылады:
* Жайық өзені Қазақстан мен Ресейдегі миллиондаған адамдар үшін маңызды су көзі болып табылады.
* Өзеннің ластануы қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына айтарлықтай әсер етеді.
Зерттеу жұмысының мақсат - міндеттері:
Жергілікті мұнай және газ өнеркәсіптерінің Жайық өзенінің экологиялық жағдайына әсерін анықтау. Жайық өзенінің экологиялық жағдайына мұнай мен газды өндірудің әсерін сипаттау, су айдынына мұнай-газ өнеркәсібінен келетін негізгі ластаушы заттарды анықтау және өзеннің ластануының қоршаған орта мен тұрғындар мен тұтынушылар денсаулығына әсерін бағалау.****
Осы жобада қарастырылатын зерттеу сұрақтары:
1. Жайық өзеніне мұнай-газ өнеркәсібінен қандай ластаушы заттар түседі?
2. Бұл химикатты заттардың өзендегі судың сапасына әсері қандай?
3. Жайық өзенінің мұнай қалдықтары себепті ластануының қоршаған орта мен тұрғындардың денсаулығына әсері қандай?
Берілген сұрақтарды ескере отырып жұмыс барысында аталған мәселеге қатысты шешім шығаруға болады.

Зерттеу әдіс-тәсілдері:
Арнайы интернет желісіндегі тегін порталдар мен мақалалар жинақтарынан - мақала, кесте мен құжаттар зерттелінетін болады. Зерттеу сұрақтарын тек жинақталған ақпараттар арқылы ғана емес, коғамның, тақырып жайында білімі бар тұлғалардың ой-пікірі мен жеке тәжірибелеріне негізделе отырып, мәселені ашып көрсету үшін сұхбат пен сауалнамалар қолданылады.

I. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

0.1. Мұнай-газ өнеркәсібінен Жайық өзеніне қандай ластаушы заттар түсседі?
Өзен бассейнінде қатты пайдалы қазбалардың кен орындары қарқынды түрде игеріліп, мұнай мен газ өндіріліп жатқаны баршаға аян. Жайық өзенінің ластануының негізгі көздерінің бірі болып сол жергілікті мұнай және газ өнеркәсібі саналады. Мұнай мен газдың құрамындағы мұнай өнімдері судың ең қауіпті ластаушыларының бірі болып табылады. Олар су ағзаларына улы әсер етуі мүмкін, сонымен қатар ауыз суды ластауы мүмкін. Су айдынына әртүрлі химиялық ластаушы заттар түседі. Жыл сайын Еділ, Жайық, Терек өзендерінің сағасына ауыр металдар, мұнай өнімдері, биогендік ластанулар көптеген тонна мөлшерінде келіп жатады. Осыған байланысты бұл аумактық және трансшекаралық өзендер канализациялық қабылдағышқа айналуда. Орал, Атырау, Ақтау мен Ақтөбе өңірлеріне көптеген миллион тонна лас ағындар келеді, олар: сынап, фенол, күкірт, ауыр металдар, мұнай және газ қалдықтары және т.б. Осының барлығы аймақтың экологиялық жағдайын нашарлатып, биоресурстарға, ихтиофаунаға, жалпы алғанда су айдынына теріс ықпал етеді. Айтылғандардың бір мысалы, 1998 жылы Атырау аймағында балықтардың жаппай қырылуы. Ал, 2000 жылы көктемде теңіз алабындағы өзен бойында сирек кездесетін, арнайы қорғанышұа алынған бекіре тұқымдас балықтардың жаппай қырылуы олардың жақын арада мүлде жойылып кетуі мүмкін екенін көрсетеді. Қазіргі кезде Солтүстік Каспийге құятын өзен жағалауларында мұнай өнімдері мен фенолдың шоғырлануы 4-6 шектік мөлшерге жеткен. Теңізге өзен сулары арқылы жыл сайын 2.5 тонна ауыр металдар, 62-146 мың тонна мұнай өнімдері, 4.5 млн тоннадай биогендік ластаушы заттар ағып келеді.[3] Мұнай өнімдері қалдықтары Жайық өзеніне келесі көздерден түсуі мүмкіндігі аса жоғары саналады:
Кен өндіру кезіндегі апаттар: Өзеннің Қазақстандық бөлігінде, соның ішінде Ақтөбе облысының аумағында CNPC-Ақтөбемұнайгаз АҚ, Қазхром ТҰҚ АҚ филиалы - Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, Ақтөбе хром қосылыстарының зауыты АҚ, 406-ГA авиажөндеу зауыты АҚ, Актюбрентген АҚ сияқты ірі кәсіпорындар орналасқан. Атырау облысында 62-ден астам кен орны бар, ең ірілері - Теңіз бен Қашаған кеніштері. Атырау мұнай өңдеу зауыты мұнай өңдеу саласымен айналысады. БҚО-да ірі Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны бар.[4] Осындай зауыт, өндірістік кәсіпорындарда мұнай төгілулері, мұнай өндіру және мұнай өңдеу кәсіпорындарындағы апаттар нәтижесінде, сондай-ақ мұнайды құбырлар мен кемелер арқылы тасымалдау нәтижесінде пайда болады. Жоғарыда айтылған мұнай-газ, жалпы шикізат өңдеуші кәсіпорындары құрамында мұнай өнімдері бар қалдық суларды Жайық өзеніне ағызуы әбден мүмкін. Ағынды сулар өзенге мұнай өндіру және мұнай өңдеу кәсіпорындарынан, сондай-ақ мұнай-газ өнеркәсібімен байланысты инфрақұрылым объектілерінен келуі мүмкін. Мәселен, Атырау обылысында орналасқан Кашаған мұнай кен орынында осыны дәлелдейтін іс орын алған болатын. Дәлірек айтсақ, 6 наурыз күні біздің департамент Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В. (NCOC) компаниясының қызметіне тексеру жүргізіп, қоршаған ортаны ластап отырғанын анықтады. Нақтырақ айтқанда, олардың күкіртті сақтау талаптарын бұзып отыр. Болашақ МКҚК-нің қойма алаңдарында 1 млн тоннадан астам күкірт жинақталған. Бұл біріншіден, нормативтен екі есе көп. Екіншіден, келісілген жобалық құжаттары және экологиялық рұқсаты жоқ, пайдаланылған сілтіні қалпына келтіруге арналған күкірт қышқылы уақытша алаңда сақталған. Осылайша, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары толық көлемде орындалмай отыр. Оған қоса, тиісті тазартудан өтпеген ағынды сулар буландырғыш тоғанға ағызылып жатыр. Мұнда мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысында көзделген талаптар орындалмай отыр. Одан бөлек, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті органның келісімінсіз шлам аулағышты қайта бейіндеу жүзеге асырылған және тазартылмаған шикі газды алау етіп жағу экологиялық рұқсатсыз жүзеге асырылған. ТКЖО объектісінің булану сыйымдылықтарында өз бетінше эмиссиялар жүзеге асырылған, - дейді Атырау облыстық Экология департаментінің басшысы Әлібек Мұратұлы. Жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша NCOC компаниясына қатысты ҚР ӘҚБтК 324-бабының 1-бөлігі, 325-бабының 1-бөлігі, 326-бабының 1-бөлігі, 328-бабының 1-бөлігі, 331-бабының 3-бөлігі, 332-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалып, 5,1 миллиард доллар айыппұл салынған. Оны өндіру Экология департаменті солтүстік Каспий жобасы операторын сотқа берген. Осы себепті, қазір компанияның келіп түскен өтінішхаты негізінде қозғалған материалдар Атырау қаласының әкімшілік сотының қарауында жатыр.[4]
0.2. Бұл химикатты заттардың өзендегі судың сапасына әсері қандай?
Байқағанымыздай мұнай мен газ өндірісінің өнімдерінің әсері, өзендегі тірі ағзалардың өмірінде өзінің көрінісін табуда. Мәселен, ҚР Кызыл кітабының, толық жойылу алдында тұру қаупі бар санатына - қызыл балық, Каспий албырты, Еуропалық қара күзен, қарақұс, дала қыраны секілді биофауна мүшеліре еніп отыр. Бұл өзен бойында, аңғарында өмір сүретін жануралар, алайда Жайық бассейні деп тек жер үсті суларын айту өте қате. Себебі, Жайық қар суларымен қоректенгенімен, маусым айынының апатап ыстықтары кезінде, жаздың өз күшінде болған уақытта өзен суы бу-бұлт-жаңбыр циклінен бөлек, жер асты суларын қоректендіретіне де мәлім. 2019 жылғы деректерге сай, Орал қаласы сол кезеңнен бастап болашақ 5 жылдықта толығымен жер асты суларын қолдануға көшетіні мәлім болған. Бұл туралы "Батыс Су арнасы" ЖШС Бас директоры Қайырғали Имашев "Орал апталығы"журналисімен сөйлеген сөзінде айтқаны анық болды.[5] Егер сіз өзенді ластасаңыз, бірақ оның биологиялық күйін бұзбасаңыз, онда ластаушы химикатар құйылуы тоқтатылғаннан кейін 20 тәуліктен соң, судың айдынының тазалығы бастапқы қалпына келеді. Ал егер химикаттермен жер асты сулары ластанса, бастапқы қалпына келу үшіе 300-400 жылдай мерзім керектігі анықталды. Бұл дегеніміз, фенол, ауыр валентті көмірсутектер мен газдың ыдыранған бөліктері тікелей халыққа қолданысқа беріліп, халық арасындағы денсаулық мәселесінің көтерілуіне алып келе алады, және де биологиялық тазартуларды қоса алған жағдайда, ең жақсы тазартылған деп саналытын судың өзінде ақ, барлық еріген бейорганикалық заттар мен органикалық ластаушы заттардың 10% - ға жуығы сол су құрамында қалады. Мұндай су қайтадан таза табиғи сумен бірнеше рет сұйылтылғаннан кейін ғана тұтынуға жарамды болуы мүмкін. Мұнда адамдар үшін ағынды сулардың абсолютті мөлшерінің, ең болмағанда тазартылған және өзендердің су ағынының қатынасы маңызды екені белгілі болып отыр.[6]
0.3. Жайық өзенінің мұнай қалдықтары себепті ластануының қоршаған орта мен тұрғындардың денсаулығына әсері қандай?
Мұнайдың уыттылығы ұшпа хош иісті көмірсутектердің (толуол, ксилол, бензол), нафталиннің және басқа да мұнай фракцияларының болуымен түсіндіріледі. Бензол мен толуол сияқты мұнайдың құрамдас бөліктері өте улы субстанциялар, бірақ олар оңай буланып кетеді. Көп ядролы хош иісті көмірсутектер сияқты мұнайдың ауыр элементтері әлдеқайда көп зиян келтіреді, алайда олар салыстырмалы түрде улы емес, бірақ ұзақ уақыт бойы қоршаған ортаға әсер етеді. Жағажайға түсіп, құмға ағып кеткен мұнай онда бірнеше ай, тіпті жылдар бойы қалуы мүмкін. Мұнай мен оның өңделген өнімдерінің буы жедел және созылмалы улануды, сондай-ақ әртүрлі тері ауруларын тудыруы мүмкін. Жедел интоксикация күкіртті мұнай қосылыстарының әсеріне тән, сонымен қатар көмірсутектердің жоғары концентрациясынан туындауы мүмкін. Уланған адам қозған күйде, себепсіз күлкі немесе керісінше, жылауы мүмкін. Галлюцинация және көз жасының еріксіз шығуы да әбден мүмкін.[6] Уақыт өте келе сананың бұлыңғырлануы байқалады, жүрек айнуы мен құсу пайда болады, жүрек соғу жиілігі жоғарылайды. Мұнай және газ буларымен уланудың ең ауыр асқынуы - уытты пневмония. Уытты пневмония келесі сыртқы белгілерімен байқалады және олар булармен уланғаннан кейін екі-сегіз сағат аралығында пайда болады:
* кеуде аймағында қатты ауырсыну;
* қанды қақырықты шығаратын ауыр жөтел;
* қан құсу;
* тыныс алудың қиындауы;
* ентігу;
* дене температурасының жоғарылауы;
* жүрек соғуының жиілену. [7]
Сонымен қатар мұнай булары мен дақтары теңіз құстарына, олардың қауырсындарының құрылымына байланысты үлкен зиян келтіреді. Мұнай су құстарына қажет, қауырсындарының судан оқшаулау мүмкіндігін төмендетеді, оларды ауа-райының өзгеруіне қарсы қорғансыз етеді және жүзу мен азық табуда қиындықтар тудырады. Егер мұнай құстың қауырсынына түссе, бұл құстың ұшып кетуіне жол бермейді, бұл оны жыртқыштар үшін оңай олжа етеді. Олардың қауырсындарын тазарту кезінде құстар, әдетте, мұнайды сорып алады, бұл олардың денесінің, ең алдымен бүйректің жұмысын бұзады. Егер адам араласпаса, құстардың көпшілігі өледi. [9]

ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Қосалқы деректерді зерделеу барысында, олардың сапасына, шынайылығына, автордың біліктілігіне, нақты дәлелдер және негіздемелердің болуына ерекше назар аударылды.
Сауалнама:
Сауалнаманың мақсаты - адамдардың Жайық өзенінің мұнай қалдықтарымен ластануы туралы қаншалықты білетіндігін және олар бұл мәселені қалай қабылдайтынын анықтау. Сауалнама әдісінің басты артықшылықтары:
* Сауалнама сұрақтары негізгі зерттеу сұрақтарын жан-жақты ашады.
* Сауалнама толығымен анонимді түрде жүргізіледі. Респонденттер ашық және шынайы жауап бере алады.
* Сауалнама Google Forms платформасы арқылы жүргізілді.Респонденттер сауалнама сұрақтарына ыңғайлы уақытта, кез-келген жерде жауап бере алады.
Зерттеу тақырыбына негізделген сауалнама сұрақтары құрастырылды:

1. Төмендегі ластаушы заттардың қайсысы Жайық өзені үшін ең қауіпті деп ойлайсыз?
2. Сіздің ойыңызша, бұл ластаушы заттар өзендегі судың сапасына қалай әсер етеді?
3. Жайық өзенінің мұнай қалдықтарынан ластануы қоршаған ортаға қалай әсер етеді деп ойлайсыз?
4. Жайық өзенінің мұнай қалдықтарынан ластануы халықтың денсаулығына қандай әсерін туғызуы мүмкін?
5. Жайық өзенінің мұнай қалдықтарынан ластануын азайту үшін қандай шаралар қабылдау қажет?
6. Сіздің ойыңызша, Жайық өзенінің мұнай қалдықтарынан ластануын азайту бойынша қолданыстағы шаралар қаншалықты тиімді?
7. Қазіргі уақытта Жайық өзенінің жағдайын қалай бағалайсыз?
Барлық 7 сұрақта тек қысқа жауапты, бекітілген жауаптардан тұрады. Жауаптарды тек бір рет ғана белгілеу мүмкіндігі бар.
Сұхбат:
Зерттеу тақырыбын толығымен ашу үшін кәсіби мамандардан және ата-анадан сұхбат алынды:
1. А. Г. С. - жалпы орта білім беру мектебінің география мұғалімі
2. С. А. А. - Дебрецен университетінің түлегі, қазіргі таңда эколог.
3. Е. С. Р. - Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы тұрғыны.
Сұхбат алу барысында берілген сұрақтарға жауап берілді:
1. Сіз Жайық өзенінің мұнай қалдықтарымен ластану проблемасы туралы білесіз бе?
2. Жайық өзенінің мұнай қалдықтарымен ластануы қоршаған ортаға қалай әсер етеді деп ойлайсыз?
3. Жайық өзенінің мұнай қалдықтарымен ластануы халықтың денсаулығына қалай әсер етеді деп ойлайсыз?
4. Жайық өзенінің мұнай қалдықтарымен ластану мәселесін шешуге көмектесу үшін не істей аласыз?
5. Жайық өзенінің мұнай қалдықтарымен ластану мәселесін шешу үшін қандай шаралар қабылдау қажет деп ойлайсыз?
6. Жайық өзенінің мұнай қалдықтарымен ластануын азайту бойынша қолданыстағы шаралардың тиімділігін қалай бағалайсыз?

ЗЕРТТЕУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Сауалнама және сұхбаттардың нәтижелері зерттеу тақырыбын жан-жақты ашуға мүмкіндік берді. Сауалнаманың нақты нәтижелері қосымшаларда көрсетілген. Сауалнама 103 респонденттен алынды.
Сауалнама қорытындысы:
1. Сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі (50,5%) Жайық өзені үшін ең қауіпті ластаушы заттар мұнай өнімдері деп санайды. Одан кейін ауыр металдар (16,5%), фенол (15,5%), сынап (8,7%) және күкірт (8,7%) келеді.
2. Сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі (73,8%) Жайық өзеніне мұнай-газ өнеркәсібінен келетін ластаушы заттар судың сапасына теріс әсер етеді деп санайды. Олар судың физикалық қасиеттерінің нашарлауына (хром, лайлылық, иіс, дәм және т.б.), Судың химиялық құрамының өзгеруіне, жер асты суларының ластануына әкеледі. Тек ширегі (26,2%) тірі организмдерге ғана әсер етеді деген ойда.
3. Сауалнамаға сәйкес, сауалнамаға қатысқандардың 47,6% - ы Жайық өзенінің мұнай қалдықтарынан ластануы өзен экожүйесінің жағдайын нашарлатады. Басқа жауаптар сонымен қатар Жайық өзенінің ластануының жағымсыз әсерін көрсетеді, мысалы, жұқпалы аурулардың таралу қаупін арттыруы (26,2%), сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің жойылуы (8,7%) және балық популяциясының азаюы (17,5%).
4. Жайық өзенінің мұнай қалдықтарынан ластануы халықтың денсаулығына қалай әсер етеді деген сұраққа ең көп таралған жауап - Қатерлі ісік ауруының даму қаупін арттыруы мүмкін. Бұл жауапты сауалнамаға қатысқандардың 44,7% таңдады. Басқа жауаптар сонымен қатар, тұрғындардың жалпы улануы (19,4%) мен басқа да мәселелерге алып келуі мүмкін деген жауапты таңдаған болатын (35,9%).
5. Сауалнамаға қатысқандардың 66% - ы Жайық өзенінің мұнай қалдықтарынан ластануын азайту үшін табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын бақылауды күшейту қажет деп санайды. Сауалнамаға қатысқандардың 17,5% - ы ағынды суларды тазартудың заманауи технологияларын енгізу қажет деп жауап берді, ал 16,5% - ы мұнай мен газды өндіру мен өңдеудің экологиялық таза тәсілдеріне көшу қажет деп санайды.
6. Диаграммаға сәйкес, сауалнамаға қатысқандардың 83,5% - ы Жайық өзенінің мұнай қалдықтарынан ластануын азайту бойынша қолданыстағы шаралар тиімсіз санайды. Сауалнамаға қатысқандардың тек 16,5% - ішінара тиімді десе, ешқайсысы тиімді дейтін жауапты тандамады.
7. Көптеген адамдар Жайық өзені айтарлықтай ластанған деп санайды. Мұны сауалнама нәтижелері растайды, онда сауалнамаға қатысқандардың 81,6% - ы өзеннің ластанғанын айтты. Бұл көптеген адамдар өзеннің жай-күйіне қатысты күрделі мәселелерді көретінін көрсетеді. Алайда, сауалнамаға қатысқандардың 19,4% - ы өзен аз мөлшерде ластанған деп санайды.
Сұхбат қорытындысы:
1. Респонденттердің үшеуі де Жайық өзенінің мұнай қалдықтарымен ластану проблемасы туралы біледі. Олар бұл қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына теріс әсер ететін күрделі мәселе деп санайды.
2. Сұхбат берушілердің үшеуі де Жайық өзенінің мұнай қалдықтарымен ластануын азайту жөніндегі қолданыстағы шаралар жеткіліксіз деп санайды. Олар заңнаманы қатаңдату, оның сақталуын бақылаудың тиімділігін арттыру, суды тазартудың жаңа технологияларын енгізу және қоршаған ортаның ластану проблемалары туралы халықтың хабардарлығын арттыру қажет деп санайды. Мәселен А. Г. С. пен С. А. А. толық, ойларын жинақтап,білген ақпарат, мағлұматтарын қолданып жуап қатса, Б. С. Т. жеңіл-желпі, барлығына аян фактілерді ғана айтқан болатын. Алайды басты айырмашылық, оның бар жайтты өз көзімен көріп, сол арқылы бағалауы. Мысал ретінде ол балықшылардың балықтық майдаланып, ауруларға оңай ұшырайтынды байқалғандығын айтты.
3. Жауап берушілер, қалдықтардың халықтың денсаулығына кері әсер етуі мүмкіндігі аса жоғары екеніне келісті. А. Г. С. мұнай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаға терiс әсер ететiн кәсiпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектiлердi қайта бейiмдеу
Қазақстан экологиясы туралы
СУ РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ
Қазақстанның экологиялық мәселелері туралы ақпарат
Мұнай және газ өнеркәсібі
«Қараарна мұнай кен орындарының топырағының ауыр металдармен ластануы»
Жайық өзенінің экологиясы
Мұнай ұғымы
Каспий теңізінің экологиясы туралы
Экологиялық проблемалар және қышқылдық жауындардың пайда болуы
Пәндер