Екіншілік иммундық тапшылықтар


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Сайфудин Аружан Шакратдинқызы

Иммунитеттің жетіспеушілігін зерттеу және нутрициологияның заманауи бағыттарын қолдану

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5B070100 -«Биотехнология мамандығы»

Нұр-Сұлтан, 2022

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

«Қорғауға жіберілсін»

Биотехнология және микробиология

кафедра меңгерушісінің м. а.

Ж. Қ. Масалимов

«Иммунитеттің жетіспеушілігін зерттеу және нутрициологияның заманауи бағыттарын қолдану» тақырыбына

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В070100 - «Биотехнология» мамандығы бойынша

Орындаған: Сайфудин А. Ш.

Ғылыми жетекшісі

х. ғ. к, аға оқытушы Базарбаева Қ. Ж.

Нұр-Сұлтан, 2022

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Факультет: Жаратылыстану ғылымдары

Мамандығы: 5В070100 - «Биотехнология»

Кафедра: Биотехнология және микробиология

Бекітемін

кафедра меңгерушісінің м. а.

Ж. Қ. Масалимов

«___» 2022 ж.

Дипломдық жұмысты орындауға арналған ТАПСЫРМА

Студент - Сайфудин Аружан Шакратдинқызы

5В070100 - «Биотехнология» оқу формасы күндізгі, Бт - 43 тобы

1. Дипломдық жұмыс (жоба) тақырыбы «Иммунитеттің жетіспеушілігін зерттеу және нутрициологияның заманауи бағыттарын қолдану» университет бойынша 2022 ж. «14» қаңтар № 47-п ректордың бұйрығымен бекітілген.

  1. Студент аяқтаған жұмысты тапсыру мерзімі «29» сәуір 2022 ж.
  2. Жұмыстың бастапқы деректері:

1) Espanol T., Hernandez M., Giner M., Casas C., Gurbindo D., Marco T. Directory of diagnostic tests in primary immunodeficiencies // Allergol Immunopathol. - 2005. - P. 157-161.

2) Garcia M. J., Santos-Dies L., Dopazo L. Dirty infectious deficiency in the diagnosis // Protoc diagn Ter pediatr. - 2013. - P. 81-92.

3) Małgorzata P., Ewa B. Measures to increase the recognition of primary immunodeficiency and immunoglobulin replacement therapy // Eur J Pediatr. - 2016. -V. 175, №8. - P. 1099-1105.

4) Notargelo L. D., Fisher A., Geha R. S., Casanova J. L., Chapel N., Conley M. E., Cunningham-Rundles S., Etzioni A., Hammartrem L., Nonoyama S. Primary immune deficiency. - 2009. -V. 124, №6. -P . 1161-1178.

  1. Есептеу - түсіндірме хатының мазмұны (қаралатын мәселелердің тізбесі)

1) Зерттеу жұмыстың тақырыбы бойынша әдебиеттік шолу жасау;

2) Зерттеу нысаны ретінде Қалалық Қызылорда №1 емтиханынан сараптамалар жүргізу;

3) Қан талдау әдістемесімен жұмыс жасау;

4) Зерттеулердің нәтижесінен иммундық дисфункцияны зерттеу.

  1. Графикалық материалдың тізбесі (міндетті сызбалары нақты көрсетілген) . Жалпы беттер саны - 63, жобада 19 кесте, 15 сурет, 2 сызбанұсқа, 3 диаграмма көрсетілген.
  2. Негізгі ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1) Chinn I. K., Shearer W. T. Severe Combined Immunodeficiency Disorders // Immunol Allergy Clin. - 2015. -V. 35, №4. -P. 671-694 .

2) Black R. E., Allen L. H., Bhutta Z. A., Caulfield L. E., de Onis M., Ezzati M. Maternal and Child Undernutrition Study Group. Maternal and child undernutrition: global and regional exposures and health consequences. - 2008. -P. 243-260.

3) Rehman A. M., Woodd S. L., Heimburger D. C., Koethe J. R., Friis H., PrayGod G., Kasonka L., Kelly P., Filteau S. Changes in serum phosphate and potassium and their effects on mortality and antiretroviral therapy in malnourished African HIV-infected adults. - 2017. -V. 117, №6. -P. 814-821.

  1. Жоба (жұмыс) бойынша тиісті бөлімдері көрсетілген кеңестер
Бөлім
Кеңес беруші
Орындау мерзімі

Тапсырма бердім

(қолы)

Тапсырма алдым

(қолы)

№: 1
Бөлім: Кіріспе
Кеңес беруші: Базарбаева Қ. Ж.
Орындау мерзімі:

Желтоқсан

2021 ж.

Тапсырма бердім(қолы):
Тапсырма алдым(қолы):
№: 2
Бөлім: 1 бөлім Әдебиеттерге шолу
Кеңес беруші: Базарбаева Қ. Ж.
Орындау мерзімі:

Желтоқсан

2021 ж. -

Ақпан

2022 ж.

Тапсырма бердім(қолы):
Тапсырма алдым(қолы):
№: 3
Бөлім: 2 бөлім Материалдар мен зерттеу әдістері
Кеңес беруші: Базарбаева Қ. Ж.
Орындау мерзімі:

Ақпан -

Наурыз 2022 ж.

Тапсырма бердім(қолы):
Тапсырма алдым(қолы):
№: 4
Бөлім: 3 бөлім Зерттеу нәтижелері
Кеңес беруші: Базарбаева Қ. Ж.
Орындау мерзімі:

Сәуір

2022 ж.

Тапсырма бердім(қолы):
Тапсырма алдым(қолы):
№: 5
Бөлім: Қорытынды
Кеңес беруші: Базарбаева Қ. Ж.
Орындау мерзімі:

Сәуір

2022 ж.

Тапсырма бердім(қолы):
Тапсырма алдым(қолы):
  1. Дипломдық жобаны (жұмысты) орындау графигі
Жұмыс сатысы
Жұмыс сатысын орындау мерзімі
Ескерту
№: 1
Жұмыс сатысы: Дипломдық жұмыстың тақырыбын бекіту
Жұмыс сатысын орындау мерзімі:

2022 ж. «14» қантар ректордың бұйрығы

№ 47-п

Ескерту: Бұйрықтың дайындалуы
№: 2
Жұмыс сатысы: Дипломдық жұмыстың дайындау үшін мәліметтер жинау
Жұмыс сатысын орындау мерзімі: Қыркүйек - Қараша 2021 ж.
Ескерту: Практикаға кетер алдында
№: 3
Жұмыс сатысы:

Дипломдық жұмыстың теориялық бөлігін дайындау

(1 Бөлім)

Жұмыс сатысын орындау мерзімі: Желтоқсан 2021ж. - Ақпан 2022 ж.
Ескерту: Практикаға кетер алдында
№: 4
Жұмыс сатысы: Дипломдық жұмыстың аналитикалық бөлігін дайындау (2-3 Бөлім)
Жұмыс сатысын орындау мерзімі:

Ақпан - Наурыз

2022 ж.

Ескерту: Практика кезінде
№: 5
Жұмыс сатысы: Дипломдық жұмыстың толық мәті, нінің қолжазбалық нұсқасын аяқтау
Жұмыс сатысын орындау мерзімі: Сәуір 2022 ж.
Ескерту: Практикадан келген соң бір апта көлемінде
№: 6
Жұмыс сатысы: Алдын-ала қорғауға дипломдық жұмысты әкелу
Жұмыс сатысын орындау мерзімі: Сәуір 2022 ж.
Ескерту: Ашық дәрістер уақытында
№: 7
Жұмыс сатысы: Рецензияға дипломдық жұмысты жіберу
Жұмыс сатысын орындау мерзімі: Мамыр 2022 ж.
Ескерту: Мемлекеттік емтиханды тапсыруға дейін
№: 8
Жұмыс сатысы: Ғылыми жетекшінің пікірі мен рецензиясы бар дипломдық жұмыстың соңғы нұсқасын әкелу
Жұмыс сатысын орындау мерзімі: Мамыр 2022 ж.
Ескерту: Мемлекеттік емтиханды тапсырғаннан кейін
№: 9
Жұмыс сатысы: Дипломдық жұмысты қорғау
Жұмыс сатысын орындау мерзімі: Маусым 2022 ж.
Ескерту: МАК кестесіне сәйкес

Тапсырма берілген уақыт «10» желтоқсан 2021 ж.

Ғылыми жетекші:

х. ғ. к., кафедра аға оқытушы Базарбаева Қ. Ж.

Тапсырма қабылдаушы, студент Сайфудин А. Ш.

МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
7
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
7: 8
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: АНЫҚТАМАЛАР
7: 9
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: КІРІСПЕ
7: 10
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: 1
7: ӘДЕБИ ШОЛУ
12
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: 1. 1
7: Иммунитет жетіспеушілігіне жалпы түсінік
12
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: 1. 2
7: Иммунитет жетіспеушілігінің түрлері
13
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: 1. 3
7: Біріншілік және екіншілік иммундық жетіспеушілік бойынша эпидемиологиясы
15
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: 1. 4
7: Дифференциалды диагностика
20
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: 1. 5
7: Иммундық функцияның нутрициологиялық модуляциясы
21
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: 1. 6
7: Екіншілік иммун тапшылығының инфекциялық аурулары
25
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: 1. 7
7: Адам ағзасына нутрицевтикалардың әсері
30
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: 2
7: ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
35
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: 2. 1
7: Зерттеу материалдары
35
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР:

2. 2

2. 3

7:

Зерттеу жұмысында қолданылатың реагенттер мен реактивтер

Қақырықты алдын ала өңдеу

36

40

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: 2. 4
7: BACTEFORT MGIT 960 автоматтандырылған жүйесіне арналған пробиркалар мен егу үлгілерін дайындау
41
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: 2. 5
7: Мәдени материалдан микобактериялардың түрлерін анықтау үшін молекулярлық-генетикалық зерттеу
45
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: 3
7: ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
50
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: 3. 1
7: MBT анықтау және түрді сәйкестендіру
50
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: 3. 2
7: Молекулалық-генетикалық зерттеу әдісінің ұзақтығы
50
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: 3. 3
7: Туберкулезге қарсы препараттарға дәрілік сезімталдықты айқындау
51
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: 3. 4
7: Нутрициологиялық зерттеу талдауы
53
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: ҚОРЫТЫНДЫ
7: 57
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
7: 59
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: ҚОСЫМША
7: 63

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Жобада келесі стандарттарға сілтемелер қолданылды:

  • МСТ 26072-84 Ауылшаруашылық малдары мен құстары. Туберкулезді

зертханалық бақылау әдістері.

  • МСТ 12. 1. 005-88 Жұмыс аумағы ауасына қойылатын жалпы санитарлық гигиеналық талаптар.
  • МСТ 15. 011-96 Патенттік зерттеулер, мазмұны мен жүргізу тәртібі.
  • ГОСТ Р ИСО 15189-2006 Арнайы сапалық лабораториялық зерттеу
  • ГОСТ 12. 1. 008 Биологиялық объектілермен жұмыс істеу кезіндегі жалпы қауіпсіздік талаптары сәйкес болуы керек
  • ГОСТ 32275 сәйкес бір реттік анатомиялық медициналық қолғаптар .
  • ГОСТ 3 бойынша хирургиялық резеңке қолғаптар
  • ГОСТ Р 55991. 2-2014 Иммунологиялық зерттеудің анализаторлары
  • МУК 4. 2. 3533-18 Иммунологиялық әдістер лабораториялық диагностика бойынша
  • ИСО/МЭК 17000 Сәйкестендіру бағалауы
  • (ГОСТ Р 50647-94) Общественное питание. Термины и определения. Catering. Terms and definitions.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

Осы дипломдық жобада келесі белгілеулер мен қысқартулар пайдаланылды:

%
  • Пайыздық көрсеткіш
%: °С
Пайыздық көрсеткіш:
  • Температура
%: IgA
Пайыздық көрсеткіш:
  • Иммуноглобулин
%: ПТР
Пайыздық көрсеткіш:
  • Полимераздытізбекті реакция
%: ИФА
Пайыздық көрсеткіш:
  • Иммуноферментті анализ
%: ИБ
Пайыздық көрсеткіш:
  • Иммуноблоттинг әдісі
%: АИТВ
Пайыздық көрсеткіш:
  • Адамның иммун тапшылығы вирусы
%: MBT
Пайыздық көрсеткіш:
  • Туберкулез микобактериясы
%: РНҚ
Пайыздық көрсеткіш:
  • Рибонуклеин қышқылы
%: Мкг
Пайыздық көрсеткіш:
  • Микрограмм
%: Мг
Пайыздық көрсеткіш:
  • Миллиграмм-процент
%: МТ
Пайыздық көрсеткіш:
  • Туберкулез микобактериясы
%: НАД
Пайыздық көрсеткіш:
  • Никотин амидаденинді нуклеотид
%: НАД-аза
Пайыздық көрсеткіш:
  • НАД- гликогидролаза
%: ДДСҰ
Пайыздық көрсеткіш:
  • Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
%: АТ
Пайыздық көрсеткіш:
  • Антидене
%: NK-жасушалар
Пайыздық көрсеткіш:
  • Табиғи киллерлер
%: TNF-α
Пайыздық көрсеткіш:
  • Цитотоксикалық фактор
%: PID
Пайыздық көрсеткіш:
  • Біріншілік иммун тапшылығы
%: ДМИ
Пайыздық көрсеткіш:
  • Дене массасы индексі

АНЫҚТАМАЛАР

Осы дипломдық жобада келесі анықтамалар пайдаланылды:

Иммунитет - организмнің антигендік қасиеттері бар жұқпалы және жұқпалы емес бөгде заттарды, жұқпалы аурулар қоздырғышын немесе олар бөліп шығаратын кейбір улы заттарды қабылдамаушылық қасиеті және оларға қарсы тұру қабілет

Нутрициология - бұл тамақ туралы ғылым деген мағына беретін, тағамтану гигиенасының бір бөлімі

Иммуноглобулин - денені қорғаумен бірге жұмыс жасайтын В лимфоциттері мен плазматикалық жасушаларды жасайтын молекулалар

Центрифуга - ғылыми қызметтің барлық дерлік салаларында қолданылатын арнайы құрылғы

Инфекция - бұл ағзадағы микробтардың шабуылы және өсуі

Термостат - белгілі бір қалыпты жылулықты ұстап тұратын аппарат

Идентификациялау - белгілердің сәйкестігі негізінде белгісіз объектінің белгіліге сәйкестігін белгілеу

Бактериоскопия - бұл инфекциялардың пайда болуын тез және қарапайым түрде анықтауға мүмкіндік беретін диагностикалық әдіс, өйткені бояудың нақты әдістері арқылы бактериялық құрылымдарды микроскоппен бейнелеуге болады.

Биоматериал - медициналық тұрғыдан алғанда тірі ұлпаларға, әсіресе хирургиялық элементтің немесе имплантанттың бөлігі ретінде енгізуге арналған кез-келген табиғи немесе синтетикалық материал.

Жасушаның дифференциациясы - биологияда бастапқы біртекті жасушалардың мамандану процесі

Иммунореттеу (Иммунокоррекция ) - әр түрлі химиялық немесе биологиялық препараттар көмегімен организмнің иммунитет реакциясын жоғарлатып немесе бәсеңдетіп әсер ету.

Туберкулин - туберкулез індетін анықтауға арналған биологиялық дәрмек түрі, туберкулез кеселін анықтауға қолданады.

Туберкулез - адам мен жануарлардың созылмалы өтетін, сүтқоректілерде көбінесе өкпенің, құстарда бауырдың ерекше қабынуымен сипатталатын жұқпалы ауруы.

Уыттылық - берілген дәрмектің ағзаға енген кездегі зардаптылығы.

Фибриндік ісіну - негізгі зат пен талшықтардың бүлінуімен, тамыр қабырғасы өткізгіштігінің күрт күшеюімен, фибриноидтың түзілуімен сипатталатын дәнекер ұлпаның өте зілді ыдырауы.

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыс тақырыптың өзектілігі: Қазіргі уақытта иммундық тәуелді аурулардың даму жиілігінің артуы байқалады. Аллергиялық аурулары бар (АТО - пикалық дерматит, экзема, бронх демікпесі) және аутоиммундық аурулары бар (ревматоидты артрит, ішектің қабыну аурулары, қант диабеті - 1 типті қант диабеті және т. б. ) науқастар санының күрт артуымен қатар, иммунитеттің инфекцияға қарсы функциясы бұзылған, ұзақ жүретін науқастар санының өсуін белгілейді мысалы, ауырсыну және оппортунистік инфекциялар үшін суық тиюкандидоз, туберкулез, герпес, стафилококк. Иммундық тапшылықтар (ИД) - туа біткен және бейімделген иммундық жауапқа қатысатын әртүрлі механизмдердің сандық және/немесе функционалдық өзгерістерінен туындаған аурулар тобы болып табылады [1-4] .

Егер олардың шығу тегі генетикалық болса, олар біріншілік иммун тапшылығы ауруларына (ПИД), ал шығу тегі сатып алынған болса, қайталама (IID) жіктеледі. Макронутриенттер мен микроэлементтердің жетіспеушілігі иммундық функцияның бұзылуын тудырады, бұл қоректік заттардың толықтырылуы арқылы жойылуы мүмкін деген дәлел аз. Азық-түлік тапшылығы әлі де аз дамыған аймақтарда кең таралған және жұқпалы аурулардан болатын аурушаңдық пен өлім-жітімнің жоғары деңгейіне негізгі себепші болып табылады [5-7]

Иммунитеттің бұзылуының себептері жеткіліксіз деп аталады себебі энергетикалық құндылығы мен ақуыз мөлшері бойынша тамақтану, микроэлементтер мен дәрумендердің рационындағы дефицит, әсіресе А, С, Е, D, β-каротин, маңызды микроэлементтер (мырыш, темір,, полиқанықпаған май қышқылдарын, сондай-ақ сарқылатын аурулар мен ішек терапия курсы немесе басқа экопатологиялық факторлардың әсері .

Дұрыс тамақтанбау қайталама иммундық тапшылықтың қалыптасуында маңызды рөл атқарады, жасырын туберкулез инфекциясын бақылау үшін қажет емес туа біткен және адаптивті иммундық реакцияларды нашарлатады . Ақуыз-энергетикалық жетіспеушілік т-лимофоциттерге тікелей әсер етеді, тимустың, шеткергі лимфоидты органдардың атрофиясын тудырады, бұл өз кезегінде лейкопенияны қалыптастырады, CD4 - және CD8 - лимфоциттердің арақатынасын азайтады, шеткергі қандағы жетілмеген Т-жасушалардың санын көбейтеді. BMI деңгейі төмен адамдарда циркуляциялық қабынуға қарсы (IFN - γ, TNF-α, IL-22, IL-1α, IL-1β және IL-6) цитокиндердің деңгейі төмендейді, сонымен бірге реттеуші цитокиндердің деңгейі жоғарылайды (IL-10, TGF - β, IL-5, IL-13), бұл оларды туберкулез ауруына бейім етеді [8] .

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, олардың 80% - ы аурулар белгілі бір дәрежеде тамақтанумен байланысты. Қазіргі таңда ДНҚ диагностикасы-бұл қазіргі заманғы жоғары технологиялық зерттеу әдістерінің бірі. ДНҚ талдаулары жұқпалы ауруларды диагностикалауда кеңінен қолданылады, бұл тіпті адам ағзасындағы жалғыз микроорганизмдерді анықтауға мүмкіндік береді [9, 10] .

Зерттеу материалдары ретінде Қызылорда қаласы «Фтизиопульмонология орталығындағы» науқастардың анализдері және антропометриялық көрсеткіштері аурулардан алынып зертелінді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Ағзадағы иммундық тапшылықты зерттеу және оған нутрициологияның әсерін бағалау

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

1) Зерттеу жұмыстың тақырыбы бойынша әдебиеттік шолу жасау;

2) Зерттеу нысаны ретінде Қызылорда қаласы Фтизиопульмонология орталағындағы науқастардың анализдері және антропометриялық көрсеткіштері жинақтау

3) ДНҚ диагностикасымен танысу, халықтың тамақтануын эпидемиологиялық зерттеу үшін ұсынылған тамақ тұтыну жиілігін талдау және жұмыс істеу тәсілдерін үйрену;

4) ДНҚ диагностика көмегімен дәріге сезімталдығын анықтадық, ал жиілігін талдау бойынша тағамтану нутриенттерін анықтау.

Ғылыми жаңалығы: Арнайы ДНҚ-Стрип әдісі қысқа мерзімде және тығыз және сұйық қоректік ортада оң нәтижелерден кейін микобактериялардың түрлерін дәл анықтауға мүмкіндік береді. Ал, бұл мүмкіндік қоздырғыштың әртүрлі дәрілік тұрақтылығы бар тыныс алу органдары туберкулезімен ауыратын науқастардың тағамдық мәртебесін және нақты тамақтануын бағалауға септігін тигізді

Практикалық маңыздылығы: Біз өзіміздің зерттеу жұмысымызда алғаш рет диагностика көмегімен туберкулездің дәріге сезімталдығын анықтадық және де оның нутрициология саласы бойынша антропометриялық көрсеткіштер бойынша иммундық жетіспеушілік жағдайын зерттей алдық

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жоба 63 беттен тұрады. Дипломдық жоба кіріспеден, зерттеу бөлімдері мен зерттеу нәтижелерінен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Дипломдық жобада 19 кесте, 15 сурет, 2 сызбанұсқа, 3 диаграмма көрсетілген.

1 ӘДЕБИ ШОЛУ

  1. ИММУНИТЕТ ЖЕТІСПЕУШІЛІГІНЕ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

Иммунитет тапшылығы иммундық жүйе элементтерінің, соның ішінде лимфоциттер, фагоциттер және комплемент жүйесінің жеткіліксіздігінен немесе болмауынан туындайды. Иммундық тапшылықтар бастапқы немесе қайталама болуы мүмкін. Біріншілік иммундық тапшылық Т-жасушаның тапшылығын, В-клетка тапшылығын, Т-жасушаның да, В-клеткасының да тапшылығын, комплемент тапшылығын, фагоциттер тапшылығын және иммуноглобулин А тапшылығын тудыратын түрлерге бөлінеді. Т-клетка тапшылығына әкелетін алғашқы иммундық тапшылықтарға туа біткен тимус аплазиясы ретінде белгілі ДиДжордж синдромы, созылмалы шырышты тері кандидозы, гипер-иммуноглобулин М синдромы және интерлейкин-12 рецепторларының тапшылығы жатады. В-клетка тапшылығына әкелетін біріншілік иммундық тапшылыққа X-байланысты агаммаглобулинемия жатады, оны Брутон агаммаглобулинемия деп те атайды. Т-жасушаның да, В-клеткасының да тапшылығына әкелетін біріншілік иммун тапшылығына ауыр аралас иммун тапшылығы ауруы, Вискотт-Олдрих синдромы, атаксия-телангиэктазиясы бар иммун тапшылығы және негізгі гистосәйкестік кешенінің тапшылығы жатады. Комплемент тапшылығына әкелетін біріншілік иммундық тапшылықтарға тұқым қуалайтын ангионевроздық ісіну, С3 тапшылығы, мембраналық шабуыл кешенінің тапшылығы және аутоиммундылыққа екіншілік С2 немесе С4 тапшылығы жатады. Фагоциттер тапшылығына әкелетін алғашқы иммундық тапшылықтарға созылмалы гранулематозды ауру және лейкоциттердің адгезиясының тапшылығы синдромы жатады. Селективті иммуноглобулин А тапшылығы да біріншілік иммун тапшылығы болып табылады. Иммундық тапшылықтың қайталама себептеріне стероидтер, қоректік заттардың тапшылығы, семіздік, жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы (ЖИТС) немесе басқа вирустық инфекциялар жатады. [3-4] .

Иммундық тапшылық ауруларын анықтаудың зертханалық әдістері гуморальды және жасушалық иммунитеттің, комплемент жүйесінің жұмысын бағалауды, басқа эффекторлық механизмдерді, соның ішінде фагоцитозды және қабыну реакцияларын талдауды қамтиды. Скринингтік зерттеу, жалпы қан анализінен басқа, IgM, IgG, IgA иммуноглобулиндерінің концентрациясын зерттеуден, содан кейін лимфоциттердің негізгі жасушалық популяцияларын сандық анықтаудан басталуы керек: Т-лимфоциттер, В-лимфоциттер, табиғи өлтірушілер. Қан сарысуындағы иммуноглобулиндердің концентрациясы, сондай-ақ лимфоциттердің субпопуляцияларының арақатынасы науқастың жасына және клиникалық жағдайына байланысты [5] .

  1. ИММУНИТЕТ ЖЕТІСПЕУШІЛІГІНІҢ ТҮРЛЕРІ

Иммундық тапшылықтың себептері мен патогенезі тұрғысынан оларды үш үлкен топқа бөлуге болады.

Физиологиялық иммундық тапшылықтар

Иммундық жүйенің ерекшеліктерімен байланысты өмірдің белгілі бір кезеңінде пайда болатын физиологиялық иммундық тапшылықтар . Ең танымал түрлері - неонатальды кезеңде және ерте балалық шақта пайда болатын нәрестелер, жүктілік кезінде иммундық жүйенің өзгеруі, сондай-ақ иммундық қорғаныстың кәрілік төмендеуі. Олар емдеуді қажет етпейді, бірақ инфекциялар жиірек және біршама ауыр болуы мүмкін.

Біріншілік иммун тапшылығы (PID)

Біріншілік иммун тапшылығы (PID) гендердегі ақаулармен байланысты. Оның белгілері туылғаннан бастап пайда болады, белгілі бір геннің ыдырауымен байланысты, ол иммунитеттің бір немесе басқа буындарының белсенділігіне жауап береді (белгілі бір жасушалардың, қорғаныш ақуыздарының болмауы) . Бүгінгі таңда PID-тің 200-ден астам нұсқасы белгілі, жалпы алғанда, әлемде бұл жағдайдан 6 миллионға дейін адам зардап шегеді және олардың көпшілігінде жағдай дер кезінде анықталмайды. Ресейде әрбір 500 бала біріншілік иммунитетінде белгілі бір ақаумен туылады, бүгінде 3000-нан астам науқас дәрігерлердің бақылауында. Иммундық тапшылықтың біріншілік аурулары иммундық жасушалардың, соның ішінде Т жасушаларының, комплемент компоненттерінің және фагоциттердің ішкі ақауларынан туындайды. Жасушадан тыс бактериялардан туындаған қайталанатын пневмония антидене тапшылығын көрсетеді. Екінші жағынан, қайталанатын саңырауқұлақ инфекциялары Т-лимфоциттердің жетіспеушілігінен туындауы мүмкін.

Ауыр аралас иммун тапшылығы бұзылыстары өмірмен үйлеспейді және зардап шеккен балалар әдетте алғашқы 2 жыл ішінде өледі. SCID еркектерде жиі кездеседі. Ол 50% -дан астам жағдайда Х хромосомасындағы гендік ақаудан туындайды. Ақаулы ген интерлейкин-2 (ИЛ-2) рецепторының гамма тізбегін кодтайды. Бұл тізбек IL-2, IL-4, IL-7, IL-11, IL-15 және IL-21 рецепторларының молекулалық бөлігін құрайды. Екінші жағынан, SCID аздаған жағдайлары аденозиндеаминазаны немесе кодтайтын ақаулы гендерден туындайды. Бұл ферменттердің жетіспеушілігі рибонуклеотид-редуктазаның тежелуіне әкеледі, бұл ДНҚ синтезі мен жасуша репликациясының бұзылуына әкеледі. RAG1 немесе RAG2 кодтайтын гендердегі мутация SCID-тің аутосомды-рецессивті түрін тудырады (1 сурет) [6] .

Figure 1

Сурет 1 Бастапқы иммун тапшылығы ауруларының Азия аумағы бойынша тізімі

Екіншілік иммундық тапшылықтар

Екіншілік иммун тапшылығы өмір бойы болады. Олардың ішіндегі ең танымалы - АИВ-инфекциясын жұқтырудан туындаған патология, ол дамып келе жатқанда жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромын (ЖИТС) тудырады. Бірақ ересек адамда иммун тапшылығының басқа вирустары да белгілі, бұл иммундық жүйенің бұзылуына және дененің қорғанысындағы буындардың бірінің істен шығуына әкеледі. Вирустық инфекциялардан басқа, онкологиялық ауруларды емдеудің әртүрлі әдістері және осы патологиялардың өздері, ауыр патологияларды емдеуде дәрі-дәрмектерді қабылдау арандатушыларға айналуы мүмкін. [7] .

Екіншілік иммун тапшылығы кезінде иммунитетті қалпына келтіру әдетте біріншілік жағдайды басқару немесе бұзушы агентті жою арқылы жүзеге асырылады (кесте 1 ) [8] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екіншілік иммундық тапшылық жағдайлар
Иммунопатологиялық үрдістер
Иммунды тапшылықтар
Ауру түрі
Иммуннопатология
Иммундық жүйеге байланысты патологиялар
Иммунология
Иммунология және аллергология бойынша дәрістер жинағы
Патологиялық анатомия лекция кітапшасы
Комплемент жүйесінің нәруыздарына рецепторлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz