Туризмді дамытудағы ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігі
Ақтөбе қаласы физика - математикалық
бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Назарбаев Зияткерлік мектептері
дербес білім беру ұйымының филиалы
Қазақстан тарихы
Курстық жұмыс
Оқу бағдарламасына сәйкес тақырыптың бағыты
Қоғамды зерделеу
Қазақстандағы туризмді дамытудағы ақпараттық-технологиялардың ролі қандай?
Орындаған: Туленгитова Т. М.
Жетекші: Жакиева Б. А.
Ішкі модератор: Жұбаныш Р. Ә
Зерттеу жұмысын растайтын мәлімдеме
Мен осы зерттеу жұмысым өзімдікі екенін және оның сенімді екенін жариялаймын. Барлық ресурстар мен дереккөздер расталған және басқалардың ресурстары мен дереккөздері қолданылған жағдайда сілтеме жасалынған.
Ақтөбе-2024МАЗМҰНЫ
I.КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-4
II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Қазақстандағы туризмді дамытудағы ақпараттық технологиялардың жағдайы қандай? ... 5
2.2. Туризмдегі ақпараттық технологияларды қолданудағы қиындықтар қандай? ... ... ... ... ..5-6
2.3. Туризмді дамытудағы ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігі ... ... ... ... ... .6-7
Зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7-9
Зерттеу қорытындысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9-11
Бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11-12
III.ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15-26
I.КІРІСПЕ
Туризм - дүние жүзіндегі мол табысты салалардың бірі болып саналады. Туризмнің елдегі жұмыссыздықты азайтудағы, экономикалық қуатты арттырып, халықтың тұрмысын жақсартуға деген тигізетін үлесі ерекше зор. Бүгінгі туризм - бұл әлемнің барлық корпорацияларын, қонақ үй тізбектерін және алып әуекомниялармен байланысты қамтитын әлемдік компьютендірілген бизнес болып табылады. Қазақстан Республикасының таңғажайып табиғаты, қорықтары және тарихи маңыздылығы зор кесенелер мен жерлері туризмнің дамуындағы негізгі рольді ойнайды. Алуан түрлі туризмнің барлық түрлері (экология,танымдық, ойын-сауық, денсаулық сауықтыру, этника, балалар, спорттық, аң аулау, балық аулау, атпен серуендеу) Қазақстанда жүргізіледі. Осыған қоса, еліміздің аумағында 700-ден астам саяхаттық маршруттар белгіленген[8, 2б].
Жуырда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясында елдің өркендеп, дамуына айтарлықтай үлес қосатын маңызды бағыттарға тоқталып, соның ішінде туризмді жақсарту, дамыту мәселесіне Үкімет пен Парламент баса назар аударуға тиіс екенін атап өткен. Еліміздегі туризмнің әлеуеті зор, көрікті жерлеріміз өте көп. Бірақ сол жерлерге барып демалуға әлі де жұрттың қолы жете бермейді. Бұл салаға тың серпін беру үшін, ең алдымен, инфрақұрылым мәселесін кешенді түрде шешіп, қызмет сапасын түбегейлі жақсарту қажет. Кәсіпкерлер туризмнің болашағы зор екенін көруі керек. Сол үшін қажетті жағдайды жасаған жөн. Осы салаға салынған жеке инвестицияның көлемі, іштен және сырттан келген туристтердің саны неғұрлым көп болса, жұмыстың нәтижесі де соғұрлым тиімді болмақ, деді Президент[1]. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы Заңы 2001 жылы 13 маусымда қабылданып, сол жақта туризм саласын жан-жақты дамытудағы бірінші кезекті шаралары тұжырымдалды[2].
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазақстанда туризм тез дамушы, көп мүмкіндікті индустрия болып табылады. Алайда еліміздегі туризмнің дамуын бәсеңдететін себептердің бірі- бұл төмен ақпараттық сауаттылық және нашар коммуникация болып отыр, сол өзектілігіне байланысты бұл тақырыпты өзімнің курстық жұмысымның тақырыбы ретінде алып отырмын.
Пайдаланылған әдебиеттерге қысқаша шолу: Курстық жұмыстың зерттеу тақырыбын жан-жақты ашу үшін түрлі ақпарат көздері қолданылды:
* https:primeminister.kzkzgosprog rammykr-turizm-salasyn-damytudyn-2 019-2025-zhyldarga-arnalgan-memleke ttik-bagdarlamasy-9111522 (Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің ресми ақпараттық ресурсы)
* https:www.gov.kzmemleketentitie stourism?lang=kk (ҚР Туризм және Спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің ақпараттық ресурсы)
Курстық жұмыстың мақсат-міндеттері: Қазақстандағы қолданысқа ие ақпараттық технологиялардың негізгі түрлері мен құралдарын, оларды жетілдіру жолдарын қарастырып, еліміздегі туризмнің дамуындағы ақпараттық технологиялардың ролін анықтау.
Осы жобада қарастырылатын зерттеу сұрақтары:
1) Қазақстандағы туризмді дамытудағы ақпараттық технологиялардың жағдайы қандай?
2) Туризмдегі ақпараттық технологияларды қолданудағы қиындықтар қандай?
З) Туризмді дамытудағы ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділі
Болжам:
Туризмнің дамуындағы ақпараттық-технологиялардың ойнайтын ролі өте зор. Алайда төмен компьютерлік сауаттылық, нашар байланыс және т.б. осы технологияларды туризм саласына толыққанды енгізуге кедергі болып тұр.
Зерттеу жұмыс жоспары:
1. Зерттеу бағдарламасын кұрастыру;
2. Қазақстандағы туризмде ақпараттық технологиялардың қолданысы және жағдайы жайында ақпарат жинау;
З. Зерттеу сұрактарының төңірегіндегі мағлұматтарды өңдеу;
4. Өңделген акпараттарды талдау және қорытындылау.
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Қазақстандағы туризмді дамытудағы ақпараттық технологиялардың жағдайы қандай?
Ақпараттық технологиялар дегеніміз ақпартты сақтау, қолдану, тарату, өңдеу және жинау үшін қолданылатын технологиялар. Ақпараттық технология термині информатиканың қалыптасу кезеңінде, ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында пайда болған. Осыған қоса, ХХI ғасырдың басында бұл сөз тіркесін туризммен байланыстыру тіпті ойға да келмейтін еді. Ал қазір бұл екі түсінік бір-бірімен тығыз байланысып, бір-бірін толықтырғаны сонша, туризмнің қозғаушы күші- ақпарат ағыны болып есептеледі[8, 4б].
Еліміздегі соңғы жылдары жанданып келе жатқан салалардың бірі- туризм. Қазақстан әлемдегі көлемі бойынша тоғызыншы орынға ие болуымен және мұхитқа тікелей шығар жолы жоқ ең үлкен мемелекеттердің бірі ретінде танымал[5]. Қазақстанның табиғи, геосаяси, тарихи орны туристік нысандарды ұтымды пайдалануға мүмкіндік берумен қатар экономиканың маңызды тармақтарының бірі ретінде дамытуды қажет етеді. Мәселен, қазіргі кезде жалпы әлем бойынша ішкі өнімнің 10%-ы туризмнен түсетіні көпшілікке мәлім[3]. Қазақстанның салыстырмалы түрде дамыған инфрақұрылымы, географиялық көлемі мен әртүрлілігі елімізде туризмнің кеңейіп, өсіп жатқандығын білдіреді. Жеріміздің мыңдаған ғасырлар бойы қалыптасқан таңғажайып табиғаты кез-келген саяхатшыға ұмытылмас әсер қалдыратыны сөзсіз. Осыған қоса елімізде республикалық, халықаралық және аймақтық маңызы зор мәдени-танымдық, сауықтыру және тау-шаңғы туризмі дамып келе жатыр[4, 10б]. Мәселен, еліміздің туристтік нарығымен қатар, онлайн-туризм саласы да кеңейіп, белсенді түрде қарқын алуда. Бұл смартфондар мен планшеттерді және тағы да басқа электронды құрылғыларды пайдаланушылардың санының артуымен тікелей байланысты.
800 миллиард доллардан астам инвестиция тартатын болашағы зор және жоғары табысты салалардың бірі- туризм[4,15б]. Қазақстан Республикасының туризм саласын дамытудың 2019-2025 жылдар аралығын қамтитын мемлекеттік бағдарламасы елдің жалпы ішкі өніміне 8 пайыздық үлес қосуға, ал келушілер, отандық туристтер саның 9 миллионнан астам етуге бағытталған[6]. Жоспарға сүйенетін болсақ, 2025 жылға таман қазақстандық көрнекті орындар сапалы сервисі мен тамаша, жоғары-сапалы инфрақұрылымы бар тартымды нысанға айналуы тиіс. Осыған қоса, спорт және мәдениет министрлігінің құрылымы болып, еліміздің туристтік өңімдерін сыртқы, ішкі және халықаралық нарықта ілгерлетіп, шетелдік, отандық инвесторларды тарту мақсатында арнайы Kazakh Tourism ұлттық компаниясы құрылды. Осы ұйым өзінің толық бюджетінің қысқаруына қарамастан, 2020 жылдың қортындысы бойынша барлық міндеттерін, мақсаттарын орындап, туризмдегі цифрландыруды ілгерлетуде үлкен нәтежелерге қол жеткізді [4,20б].
2.2. Туризмдегі ақпараттық технологияларды қолданудағы қиындықтар қандай?
Ақпараттық технологиялар (АТ) ақпаратқа қолжетімділікті жақсарту, брондауларды жеңілдету және саяхат тәжірибесін байыту арқылы туризм индустриясына айтарлықтай әсер етті. Дегенмен, айтарлықтай артықшылықтарға қарамастан, туризмде IT-ны енгізу мен пайдаланудың белгілі бір қиындықтары бар.
Біріншіден, қазіргі кездегі еліміздегі туризм саласы жоғары білікті мамандардың тапшылығымен сипатталып, туристтік кәсіпорындарда көбінесе тиісті білімі және қажетті кәсіби деңгейі бар мамандардың төмен деңгейі байқалады[11,211б]. Екіншіден, туристік компаниялар төлқұжат, банк және мекен-жай деректерін қоса алғанда, үлкен көлемдегі жеке ақпаратты жинайды және өңдейді. Бұл осы деректердің қауіпсіздігін және ықтимал кибершабуылдардан қорғауды қамтамасыз ету үшін жауапкершіліктің жоғары деңгейін талап етеді. Үшіншіден, барлық туристердің технологиялық сауаттылық деңгейі бірдей емес екенін ескерген жөн. Кейбір адамдар мобильді қосымшаларды, электрондық билетті немесе виртуалды технологияларды пайдалануда қиындықтарға тап болуы мүмкін. Төртінші қиындық - бірқатар өңірлерде, әсіресе шалғайдағы және туристік танымал аймақтарда жоғары сапалы интернет қолжетімділігінің шектеулігі. Тұрақты интернет қосылымының болмауы мобильді қосымшаларды пайдалануды, онлайн брондау және басқа қызметтерді қиындатып, туристер үшін де, туристік бизнес үшін де қолайсыздықтар тудыруы мүмкін[15].
Осылайша, деректердің қауіпсіздігі, пайдаланушылардың техникалық сауаттылығы, мамандардың тапшылығы және интернеттің шектеулі болуы сияқты әртүрлі қиындықтар туристік индустрияға ақпараттық технологияларды табысты біріктіру үшін мұқият қарауды және тиімді басқаруды талап етеді[14].
2.3. Туризмді дамытудағы ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігі
Қазіргі кезде туризм - бұл әлемдік экономиканың ең үлкен ғана емес, сонымен қатар қарқынды дамып келе жатқан саласы, себебі оның өсу қарқыны экономиканың басқа салаларының өсу қарқынынан 2 есе жоғары. Сенімді ақпарат дереккөздеріне сүйенетін болсақ,туризмнің ішіндегі инвестициялық салымдардың тиімділігі бойынша оны мұнай өндіру өнеркәсібімен салыстыруға болады[12,4б]. Туризмде ақпараттық-технологияларды қолдану саяхатшылардың тәжірибесін жақсартуға ғана емес, сонымен қатар туризм индустриясындағы бизнес-процестердің тиімділігін арттыруға ықпал ететін бірқатар оң нәтижелерге әкеледі.
Біріншіден, онлайн платформалар мен мобильді қосымшаларды пайдалану туристер үшін брондау процесін жеңілдетеді[9,39б]. Бұл қонақүйлер, әуе билеттері, көлік және экскурсиялар сияқты әртүрлі қызметтерді жылдам, ыңғайлы таңдауға және төлеуге мүмкіндік береді, яғни конверсия мен тұтынушылардың қанағаттануын арттыруға көмектеседі. Осыған қоса, аналитика мен үлкен деректердің арқасында туристік компаниялар өз аудиториясының қажеттіліктері мен қалауларын жақсырақ түсіне алады, жеке ұсыныстар әзірлей алады және өз қызметтерін нарықта тиімді жылжыта алады[13,4б]. Виртуалды кеңістік пен толықтырылған кеңістік технологиялары туристерге баратын жерлерін ертерек көруге және бай, қызықты саяхат тәжірибесін жасауға мүмкіндік беретін виртуалды турларды қамтамасыз етеді. Ал ең бастысы ақпарттық -технологияларды қолдану арқылы шетелден туристтер ағымын үлкейтуге өз септігін тигізетін Қазақстанның туристiк бейнесiн құрастыруға болады[10].
ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Қосымша деректерді зерделеп, жинау барысында, олардың шынайлығына, сапасына және нақты дәлелдер және негіздемелердің, аргументтердің болуына ерекше назар аударылды. Зерттеу сұрағына толықтай жауап беру мақсатында қолданылған мәліметтердің барлығы ресми ақпарат көздерінен алынды. Мысалы, Қазақстан Республикасының Туризм және Спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің ақпараттық ресурсы. Бастапқы деректерді жинау үшін сұхбат және сауалнама әдістері қолданылды.
Сауалнама:
Сауалнаманың мақсаты - бұл белгілі бір мәселе төңірегінде көпшіліктің ой-пікірің жинақтап, оларды салыстырып, ерекшеліктерін айқындау және сол мәселені шешудің әртүрлі шешімдерінінің ішінде ең тиімділерін айқындау болып табылады. Сауалнаманың басты артықшылықтары:
:: Сауалнама сұрақтары маңызды зерттеу сұрақтарын жан-жақты ашады.
:: Сауалнамаға қатысатын респонденттер анонимділікке байланысты ашық және шынайы жауап бере алады.
:: Сауалнама қазіргі кездегі көп қолданбалы, респонденттердің ыңғайлығына негізделіп құрастырылған Google Forms платформасы арқылы жүргізілді, яғни сауалнамадан өтушілер өздеріне ыңғайлы уақыт пен жерді таңдай алады.
Зерттеу тақырыбына негізделген сауалнама сұрақтары құрастырылды:
1. Сіз өз саяхатыңызды жоспарлау кезінде (1)офлайн агенттіктермен өзара әрекеттесуді немесе (2)онлайн ресурстарды пайдалануды таңдайсыз ба? (12)
2. Қазақстанда туристік сапарларды жоспарлау кезінде келесі онлайн-ресурстардың қайсысын қолданасыз? (а.қонақүйлерді брондауb. әуе билеттерін іздеуc. экскурсиялар мен көрікті жерлерге турларды қарастыру d. интернет арқылы мейрамханалар мен кафелерді іздестіруe. көлік қызметтері f. басқа)
3. Қазақстанда туристік қажеттіліктерді қанағаттандыратын мобильді қосымшалардың пайдалану ыңғайлылығын 1 - ден 5 - ке дейінгі шкала бойынша қалай бағалайсыз? (мұнда 1-өте ыңғайсыз, ал 5-өте ыңғайлы)
4. Туризм саласындағы ақпараттық-технологиялық жақсартулар Қазақстанда туристік қызметтердің қолжетімділігі мен алуантүрлілігін жақсартуға ықпал етеді деген пікірмен келісесіз бе? (ИәЖоқ)
5. Қазақстанда туристік сапарларды жоспарлау үшін онлайн-ресурстарды пайдалану кезінде сіз қандай қиындықтарға тап болдыңыз? (a. ақпараттың жеткіліксіздігіb. брондау кезіндегі техникалық мәселелерc. көрсетілетін қызметтердің қанағаттанарлықсыз сапасы d. басқа)
6. Қазақстанда туристік қызметтерді таңдау кезінде онлайн-пікірлер мен рейтингтер функциясын қаншалықты жиі пайдаланасыз? (a.әрдайымb.кейдес.сирекd.ешқаша н)
7. Ақпараттық технологиялар саласындағы келесі инновациялардың қайсысы Қазақстанда туризмді дамыту үшін неғұрлым тиімді деп санайсыз? (а. виртуалды турларb. туристік ұсыныстарды жекелендіру үшін жасанды интеллектті пайдалануc. транзакциялар мен деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Блокчейн техннологиясын қолдануd. туристік тәжірибені жақсарту үшін кеңейтілген кеңістікті(AR) қолдануe. интерактивті карталар және навигация f. басқа)
8. Қазақстандағы мемлекеттік және жеке меншікті компаниялар туризмді қолдау үшін ақпараттық-технологиялық инфрақұрылымды дамытуға белсенді инвестиция салуы керек деп ойлайсыз ба? (ИәЖоқ)
9. Сіздің ойыңызша Қазақстанда туризмге байланысты мобильді қосымшалардың қандай функциялары ең пайдалы? (а.онлайн карталар және навигацияb. тілдік қолдау және аудармашыc. көлікке қол жетімділік туралы ақпаратd. онлайн кеңес беру және қолдауe. басқа )
10. Қазақстандағы туристік тәжірибені жақсарту үшін онлайн-платформаларда қандай қосымша қызметтерді немесе функцияларды көргіңіз келеді?
Алғашқы он бір сұрақта бірнеше нұсқаларды таңдау мүмкіндігі болса, соңғы сұрақ қысқа жауапты қажет етеді.
Сұхбат:
Зерттеу тақырыбын жан-жақты ашу үшін туризм саласында жұмыс жасайтын кәсіби маманнан, Қазақстан бойынша және жалпы шетелге көп саяхаттап,саяхат барысында ақпараттық-технологияларды көп қолданатын адамнан және ақпараттық-технологиялар бойынша түсінігі, білімі мол информатика мұғалімінен сұхбат алынды:
1. У. А. Т.- Happy Travel турагенттігінің қызметшісі
2. Ж. Б.А. - Саяхат барысында ақпарттық технологияларды қолданып, көп саяхаттайтын Назарбаев Зияткерлік мектебінің Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі
3. Ұ. Н. А.- Назарбаев Зияткерлік мектебінде Информатика пәні бойынша сабақ беретін мұғалім
Сұхбат алу барысында берілген сұрақтарға жауап берілді:
1. Ақпараттық технология инновацияларының Қазақстандағы туризмнің дамуына әсерін қалай бағалайсыз?
2. Сіздің көзқарасыңыз бойынша Қазақстанның туризм индустриясына жаңа технологияларды енгізуде қандай қиындықтар бар?
3. Туризмде ақпараттық технологияларды қолдануды ілгерілету және қолдауда мемлекеттік органдар қандай рөл атқарады?
4. Қазақстандағы туристік бизнесте технологияны сәтті қолданудың нақты мысалдарымен бөлісе аласыз ба?
5. Елдегі туристік тәжірибені жақсарту үшін онлайн платформалар мен мобильді қосымшаларды одан әрі дамытудың қандай перспективаларын көріп отырсыз?
6. Саяхаттарды жоспарлаудың дәстүрлі әдістерінен ақпараттық технологияларды пайдалануға көшу кезінде туристер тұрғысынан қандай артықшылықтар мен кемшіліктер туындауы мүмкін?
7. Онлайн қызметтерді пайдалану кезінде туристер деректерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қабылдауға болады?
8. Технологиялық шешімдер Қазақстан аймақтарындағы туризмді дамытуға қалай ықпал ете алады?
ЗЕРТТЕУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Cұхбат пен сауалнама зерттеу тақырыбын жан-жақты ашуға септігін тигізді. Сауалнама бойынша нақты нәтижелер қосымшада көрсетілген. Сауалнама 106 респонденттен алынды.
Сауалнама қортындысы:
Респонденттердің басым бөлігі (66%) өздерінің саяхаттарын жоспарлау кезінде интернет желісін қолданса, қалған 34% дәстүрлі әдіспен, яғни турагенттіктермен оффлайн әрекеттесуді таңдайды. Бұл еліміздегі туризм саласының цифрландырылып келе жатқанын көрсетіп отыр.(Қосымша №1)
Қазақстанда туристік сапарларды жоспарлау кезінде респонденттердің арасындағы ең қолданбалы онлайн-ресурстар Әуе билеттерін іздестіру(68.9%), экскурсиялар мен көрікті жерлерге турларды қарастыру(65.1%) және қонақүйлерді брондау(64.2%) болса, интернет арқылы мейрамханалар мен кафелерді іздестіру мен көлік қызметтері деген жауаптарды сәйкесінше небәрі 52 мен 38 адам таңдаған. Бұл тұтынушылардың саяхаттарын алдын-ала үйлерінен жоспарлап қоятындығын көрсетеді. (Қосымша №2)
Респонденттердің көбісі (40.6%) Қазақстанда туристік қажеттіліктерді қанағаттандыратын мобильді қосымшалардың пайдалану ыңғайлылығын орташа(3) деп бағаласа, 28.3% және 13.2% сәйкесінше ыңғайлы және өте ыңғайлы нұсқаларын таңдаған. Ал қалған 17.9% мобильді қосымшалардың ыңғайсыздығын мәлімдеп отыр. Бұл еліміздегі туристік қажеттіліктерді қанағаттандыратын мобильді қосымшаларының жақсы сапада екендігімен қатар, әлі де жақсартуларды қажет ететіндігін айқындап отыр. (Қосымша №3)
Қатысушылардың 96.2% туризм саласындағы ақпараттық-технологиялық жақсартулар Қазақстанда туристік қызметтердің қолжетімділігі мен алуантүрлілігін жақсартуға ықпал етеді деген пікірмен келіскен. Бұл ақпараттық-технологиялардың туризмнің дамуындағы алып, маңызды рөлді ойнайтындығының көрсеткіші. (Қосымша №4)
Қазақстанда туристік сапарларды жоспарлау үшін онлайн-ресурстарды пайдалану кезінде респонденттердің 64.2% ақпараттың жеткіліксіздігі, 54.7% брондау кезіндегі техникалық ақаулар және 53.8% көрсетілетін қызметтердің қанағаттанарлықсыз сапасы тәрізді қиындықтарға тап болған. (Қосымша №5)
Қазақстанда туристік қызметтерді таңдау кезінде онлайн-пікірлер мен рейтингтер функциясын респонденттердің басым бөлігі(41.5%) әрдайым және 39.6% кейде қолданады екен. Бұл туристтік ұйымдарға өз рейтингтеріне назар аудару қажеттілігімен қатар, оны көтеру үшін тұтынушылардың сұраныстарын қанағаттандыру қажет екендігін көрсетіп жатыр. (Қосымша №6)
Қатысушылардың көбісі(51.9%,56.6%) ақпараттық-технологиялар саласындағы виртуалды турлар, туристік ұсыныстарды жекелендіру үшін жасанды интеллектті пайдалану тәрізді инновациялар Қазақстанда туризмді дамытуда өз септігін тигізеді деп санайды. (Қосымша №7)
Респонденттердің 91.5% Қазақстандағы мемлекеттік және жеке меншікті компаниялар туризмді қолдау үшін ақпараттық-технологиялық инфрақұрылымды дамытуға белсенді инвестиция салуы керек деген тұжырыммен келіседі. Осыдан туризм дамуы үшін мемлекет пен жеке меншікті мекемелер өз септіктерін қосу қажет деген қортындыға келуге болады. (Қосымша №8)
Қатысушылардың 61.3% онлайн карталар және навигация, 49.1% тілдік қолдау және аудармашы, 59.4% көлікке қол жетімділік туралы ақпарат және 45.3% онлайн кеңес беру және қолдау сияқты мобильді қосымшалардың функциялары ең пайдалы деп санайды. (Қосымша №9)
Ашық сұрақ қортындысы бойынша әртүрлі нұсқалар ұсынылды. Олар, онлайн карталарды ілгерлету(20), жақсы интернетті қамтамасыз ету(5), көлікке қолжетімділік туралы ақпаратты ұсыну(10), Қазақстан жері бойынша алуантүрлі турлар жайында ақпаратты беру(14), шетелдік туристтерге аудармашыны қондырту(8), басқа туристтерге пікір, комментарий және фотосуреттермен бөлісу мүмкіндігін жасау(11), көпбалалы, мүгедек және тағы да басқа жағдайы ауыр қоғам мүшелеріне жеңілдіктер беру(8), онлайн-бот консультант қызметін қосу(5) және ең соңғысы жасанды интеллект пен AR-ді қызмет сапасын жақсарту үшін қолдану(2) сияқты жауаптарды қамтиды. (Қосымша №10)
Сұхбат қортындысы:
1. У.А.Т., Ұ.Н.А. және Ж.Б.A. ақпараттық технологиялардың Қазақстандағы туризмнің дамуына оң әсерін жоғары бағалайды. У.A.T. онлайн брондау, виртуалды турлар сияқты нақты инновацияларды мысалға келтіріп, олардың туристік тәжірибеге қосатын үлесін атап өтті.
2. Сұхбат берушілердің барлығы Қазақстанның туристік индустриясына жаңа технологияларды енгізу қиындықтары жайында бір пікірде. Жалпы қиындықтардың бірі - бұл қызметкерлерден үздіксіз оқытуды талап ететін ақпараттық технологияның жылдам өзгеру қарқынына бейімделу қажеттілігі. Сондай-ақ туристер арасында компьютерлік сауаттылық пен технологияның қолжетімділігі маңызды мәселе болып табылады. Ж.Б.A. компьютерлік сауатсыздыққа баса назар аудартып, ақпараттық-технологиялық сауаттылықты арттыру құралы ретінде Цифрлық Қазақстан бағдарламасын атап өтті.
3. У.А.Т., Ұ.Н.А. және Ж.Б.A. Қазақстандағы туризмде ақпараттық технологияларды қолдануды ынталандырудағы мемлекеттік органдардың маңызды рөлі туралы бір пікірге ие. Үшеуі де мемлекеттік органдардың негізгі міндеттері ретінде қолайлы заңнамалық орта құру және қаржылық қолдауды атап көрсетті. Ұ.Н.А. инвестициялар мен мемлекет тарапынан қаржылық қолдау туризм индустриясының әлемдік сахнада бәсекеге қабілетті болуына ықпал ететінін айтты.
4. У.А.Т., Ұ.Н.А. және Ж.Б.A. Қазақстанның туристік саласында технологияларды табысты қолданудың мысалдарын атап өтті. У.A.T. және Ұ.Н.А. әуе, теміржол билеттерін және турларды таңдап, сатып алуға мүмкіндік беретін танымал отандық Kaspi қосымшасын мысал ретінде келтірді.
5. У.A.T. интерактивті тәжірибе үшін кеңейтілген кеңістіктерді пайдалануды, ал Ұ.Н.А. виртуалды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz