Ауыл шаруашылығының қалдықтары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Жаратылыстану ғылымдары факультеті
Экология және химия кафедрасы

ЭССЕ
Тақырыбы: Ауыл шаруашылығының қалдықтары

Орындаған: Ж. Төлеген
6В05247 - Экология 1 курс студенті
Қабылдаған: PhD, доц.м.а.Ғ. Тойчибекова

Түркістан 2023

ЖОСПАР
1) КІРІСПЕ
1.1. Ауыл шаруашылығы
1.2. Ауыл шаруашылығының жалпы маңызы
1.3. Аграрлы қатынастар жайлы
1.4. Мал шаруашылығындағы қалдықтар және оларды залалсыздандыру жолы
2) НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Құс шаруашылығы
2.2. Құс шарушылығындағы қалдықтар және оларды залалсыздандыру
2.3. Шошқа шаруашылығы

3) ҚОРЫТЫНДЫ
4) ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

2.1. Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы - халық шаруашылығының маңызды саласының бірі. Ауыл шаруашылығы өндірісі - табиғи, әлеуметтік, экономикалық және техникалық факторлар қатысында энергия өндіретін күрделі біртұтас биологиялық жүйе. Негізгі обьектілері болып топырақ, жасыл өсімдіктер, үй жануарлары саналады. Тек қана жасыл өсімдіктер тобы бейорганикалық элементтер мен күн сәулесінің кинетикалық энергиясын күрделендіріп, органикалық қосылыстар энергиясына айналдыра алады. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығының өнімдері халықтың әл-ауқатын көтеретін, тамақ, жеңіл өнеркәсіптердің негізгі шикізат көзі болып отыр. Алдағы мақсаты - ауыл шаруашылығы өндірісінің ғылыммен байланысын ашу, ауыл шаруашылығы бойынша теориялық білімді, оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға қажетті тәжірибелік дағдыларды ұйымдастыру.
Міндеттері:
- ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі салаларымен таныстыру;
- жер шаруашылығы жүйесі, топырақ құнарлылығы және ауыл шаруашылығын химияландыру, мәдени өсімдіктердің түрлі сорттары және үй жануарларының тұқымдары, олардың күтімі, өсімдіктерді ашық және жабық грунтта өсіру, малдың азығын дайындау туралы білім беру;
- агротехника бойынша тәжірибелік іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру: топырақ өңдеу мен оның құнарлылығын арттыру, негізгі ауыл шаруашылығы өсімдіктерді өсіру, көбейтуге қабілет білдіру;
- өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығын химияландыру бойынша тәжірибелік жұмыстарға қажетті дағдыларға үйрету.

Біздің еліміз дүние жүзінің ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін негізгі 25 мемлекеттің қатарына кіреді және өзінің ресурстық әлеуеті жағынан қазіргі деңгейден 3-4 есе артық өнім өндіруге мүмкіндігі бар екені белгілі. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның аграрлық секторында шешімін күтіп тұрған күрделі әлеуметтік-экономикалық мәселелер де жоқ емес. Қазақстанның ауыл шаруашылығы, соңғы жылдары дүние жүзіне кең тараған қаржы-экономикалық дағдарыстың күшті ықпал етуі жағдайында дамып отырғаны бізге белгілі.
Қазақстан іс жүзінде дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігіне қомақты үлес қосып отырған ірі аграрлық елдердің қатарына жатады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылық мақсатындағы дәнді дақылдар және картоп егетін жер көлемі бойынша басты аграрлық шикізат өндіруші 10 елдің қатарында тұр. Сарапшылардың бағалауы бойынша, республиканың ресурстары халықтың қазіргі азық-түлікті тұтынуы көлемінен 3 есе артық өндіруге жетеді. Соңғы жарты ғасырда ғана жер шарындағы халық санының өсуіне қарай азық-түлікке деген сұраным 4 есе өскені белгілі. Мал шаруашылығында оны ірілендіру және өнеркәсіптік негізге көшіру бағытында біршама жұмыстар атқару қажет. Қазіргі уақытта жекелеген селекциялық жұмыстар арқылы, сонымен қатар шет елдерден жоғары өнімді асыл тұқымды малдар әкелу арқылы малдың генетикалық әлеуетін арттыруға ерекше назар аударылуда.

2.2. Ауыл шаруашылығының жалпы маңызы

Шындығында, дүние жүзiнде ауыл шаруашылғынң түрлi салаларымен айналыспайтын бiрде-бiр ел жоқ. Ауыл шаруашылғының барлық жерге таралуы оның алуан әр түрлiлiгiне байланысты.Ғалымдар, шамамен, оның 50-ге жуық түрiн көрсетедi. 2001 жылғы мәлiмет бойьшша дүние жүзiнде бұл салада, шамамен, 1,3 млрд-тан астам адам еңбек етедi, олар ауыл шаруашылығындағы шаруа отбасыларын қосатын болса, онда ол көрсеткiшi 2,6 млрд адамға жетедi. Еңбекке жарамды әр адамдардың ауыл шаруашылығындағы үлесiне сәйкес елдер индустриялы, постиндустриялы және аграрлы болып жiктеледi.
Жеке елдер бойынша ауыл шаруашылығында жұмыс iстейтiндер саны ‚тікелей айырма жасайды. Мысалы, 2000 жылдың басында Батыс Еуропа елдерiнде бұл көрсеткіш -- 8% АҚШ-та -- 3%, Канадада 4%, Ресейде -- 14%, Қазақстанда 40%-ға жуық болса, ал дамушы елдерде ол өте жоғары.
Ауыл шаруашылық географиясы климаттық әлеуметтiк және өндiрiстiк факторлары әсерiнен ұзақ тарихи уақыт аралығында калыптасъш, дамып отырады.Соңғы уакытка дейiн ауыл шаруашылығы климаттық факторларға тiкелей тәуелдi болып келдi. Олар: вегетациялық мерзімнің ұзақтығы; өсiмдiктердiң өсуiне мүмкiндiк туғызатын 10°С-тан жоғары температуралар жиытығы; жылдық жауын-шашынның мөлшерi мен түсу мерзiмi топырактың механикалық құрамы мен құнарлылығы сияқты мәселелер. Жер шарындағы ең құнарлы топырақ қатарына құрамында қарашiрiгi мол қара топырақ, минералды заттары мол жанартаулы топырақ және тұнба жыныстардан түзiлген өзен аңғарлары бойындағы топырактар жатады.Казiргi кезде құрылымы мен техникалық озық жетiстiктерi ауыл шаруашылығында кеңiнен қолданылып отырған елдерде климаттық жағдайда тәуелдiлiк әлдекайда темендейдi. Мысалы, Сауд Арабиясы көпшілік бөлігін шөлдер алып жатқанына қарамастан, соңғы жылдары бидаймен өзiн толық қамтамасыз етiп, тiптi оның экспортқа шығара бастады.

2.3. Аграрлы қатынастар

Дүние жүзiнiң кез келген елiнің ауыл шаруашылығы өзара бiр-бiрiмен тығыз байланысты екi саладан -- өсiмдiк және мал шаруашылығынан құралады.Олардың арасалмағы әр елдiң әлеуметтiк экономикалық жагдайы мен еңбек ресурстарының көрсеткіштерiне және табиғат жағдайларының ерекшелiгiне сәйкес өзгерiп отырады.Экономикалық деңгейi жоғары елдерде ғылым жетiстiктерi мен агротехникалык шаралар кеңiлен колданылуының нәтижесiнде мал шаруашылығы өнімдерiнiң үлесi жоғары.Мұндай жағдай кейбiр жекелеген дамуыншы елдерде де байқалуда,бiрак оның басты себебi климаттың қолайсыз әсерiнен өсiмдiк шаруашылығының өркен жаюына мүмкiндiктiң болмауы.Бұл көрiнiс Таяу Шығыстың кейбiр елдерiне тән.өсiмдiк және мал шаруашылығы тек қана өзара байланысып қоймай, олардың өнiмдерiн өңдейтiн өнеркәсiп салаларымен де байланысты.Бұл салалар арасындағы өзара байланыс агроөнеркәсіптiк кешен аркылы жүзеге асады. Мұндай кешелер құрылымы мен қуатына алуан түрлi болып келедi және дамыган елдерде кең қанат жайған. Ал дамушы елдерде олар жаңа-жаңа белес алып келедi.
Бүгiнгi таңда жерге иелiк етудiң бiрнеше түрi қатар кездеседi. Олар, мемлекеттiк меншiк және кооперативтiк меншік. Ең көп таралған жерге жеке меншік иелiгі олар дүние тауарлық ауыл шаруашық өнiмдерiнiң басым бөiгiн өндiредi.
Жоғары дамыған елдердiң көпшiлiгінде жер қорының бiраз бөлiгi iрi иеленушiлердiң фермерлердiң қолында шоғырланған. Оларға берiлген орташа1, жер мөлшерi -- 40 -- 50 га. Бiраз жердiң басты қожасы -- мемлекет. Мысалы АҚШ-та жер қорының 14-1 мемлекет мешiгiнде.Дамушы елдерде аграрлы қатынастар түрлiше сипатты болып келедi.Азия мен Африканың барлық елдерiнде жергiлiктi және сырттан әкелiлген күрделi қаржыға негiздері капиталистiк шаруашылықтармен қатар феодалистік,тiптi ру-тайпалас қатарына әлi сақталып қалған шаруашылықтар да көптеп кездеседi. Ал Латын Амеркикасы елдерiнде жер қорының көпшiлiгiн помещиктiк шаруашылық негiзiн құрайтын iрi жер иелiктерi -- латифукакуиялар мемлекетік дегейлеріл,оларға берiлген орташа жер мелшерi -- 2 -- З мың га. Бұрынғы ТМД мен Шығыста Еуропа елдерiнің меншiктi жаңа түрлерi енгiзiлуде.Жер қорынын бiраз бөлігі фермерлерi кооперативтер мен жалгерлерге ұзақ мерзiмде берiлiп, олар өз қалаулар бойынша жиі кажеттерiне жаратады.Бiрақ мемлекет таратылған жердi пайдалану Мен күтiп-баптау шараларының тұрақты бақылау жүргiзiлiп отырады.Сонымен қатар жердi жеке меншiкке беру мәселелерi де басты назарда тур.Қазақстан жер мезгiліне қатысты осы бағыттағы ұстауда.
Даму бағыттары.
Ауыл шаруашылығын өзiнiң дамуы мен өркендеу сипатына қарай 3 топқа ажыратылады:
Дәстүрлi ауыл шаруашылығында қауымдық және ру тайпалық қатынастар әлi де сақталған.Бұл топ ауыл шаруашылығында екi түрден тұрады.
Бiрiншісi -- Африка,Оңтүстiк Америка және Азияның тропиктiк орманарына тән аңшылық, балық аулау және өсiмдiктердi жинаумен қатар жер өңдеудi ұштастыру.Негiзгi өсiретiн дақылдары -тамыр және түйнек жемiстiлер, астық, бұршпқ тұқымдастары, май пальмасы.Жер оңдеуде дәстүр көне тәсiлдер (кетпен,соқа) қолданылады.Бұл шаруашылык ертенгі шаруашыльқты деп те аталалы.
Екiншiсi - көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы.Әсiресе Африка мен Азияның тропиктiк,белдеулерiнiң құрғак аудандарында (түйе, қой, iрi қара, жылқы өсiру , Солтүстiк Еуропа мен Азияның тундра зонасында бұғы өсіру кең тараған.Шаруашылығы дамушы елдерге тән,өте ұсак шаруашылық жиынтыктарынан құралады.Олардағы еңбек өнiмдiлiгi дамытып елдермен салыстырғанда 25 темен. Кейде егiншілiк мал шаруашылығымен ұштаспай, одан бөлек дамиды және көп жағдайда бiр ғана дақыл өсiруге бағытталған. Мысалы, Оңтүстiк-Шығыс: Азия елдерi -- күрiш, Африка елдерi -- кофе мен жержаңғақ, ал Латын Америкасы елдерi -- қант құрағы мен какао өсiруге маманданған.
Тауарлы дене жартылай тауарлы дәстүрлi шаруашылық пен помещиктік-латифундиялық шаруашылық -- ауыл шаруашылығында үш түрлi бағыт жүргiзiледi;
а) егiншiлiк шаруашылықты (көп еңбек күшiн қажет ететiн Азиядағы күрiш өсiру);
б) егішілiк пен мал шаруашыльггы -- Африка мен Латын Америкасына тән. Сұранысқа ие дәндi дақылдар мен жемiстер сергiтпе және техникалық дақылдар (банан, кофе, какао, шай, каучук жене талшык беретiн өсiмдiктер) күш-келiк ретiнде және өнім алу үшiн өсiрiлетiн мал шаруашылығымен ұштасады;
с) көп салалы тауарлы егіншілiк пен мал шаруашылылғы -- Еуропаның кейбiр елдерi мен Азия және Латын Америкасы елдерiне тән. Егiншiлiк пен мал шаруашылығы бiр-бiрiмен тығыз байланысты болғандықтан шаруашылығына көп салалы, сұранысқа ие дақылдар басым өсiрiледi.
Жоғары маманданған тауарлы ауыл шаруашылығы -- ол ауыспалы егiстiктерi бар өсiмдiк шаруашылығы мен мал азығын дайындауды қоса жүргiзетін интенсивтi мал шаруашылыктарынан және оларды байланыстырушы АОК-тер жиынтығынан тұрады. Мұнда ҒТР нәтижесiнде механикаландыру мен химиялык шарықтау шегiне жеткен. Тiптi автоматтандыру, селекция мен генетика, биотехнологиялъқ соны жетiстiктерi кеңiнен пайлаланылуда.шаруашылық өнiмдерін өндiрумен қатар, окы у ұксату, сактау, тасымалдау және өткiзу, соңдай-ак тыңайткыш сиякты заттарды шығаруды да қамтиды. Бұл оз тарапнан ауыл шаруашылығына индустриялык шикiзат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылығында қалдықтарды залалсыздандыру
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚАЛДЫҚТАРЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ
Өзендер мен көлдердің ластануы
Экология және судың ластануы
Газ генераторы
Нарық талабына сай мал шаруашылығының мамандануы
Мал шаруашылығы шикізат өнімдерінің негізгі көздері
Аграрлық саланы дамытуға байланысты туындаған экономикадағы теориялар
Табиғи сулардың негізгі ластану көзднрі
Мал шаруашылығы шикізат өнімдерінің негізгі көздері жайлы ақпарат
Пәндер