Жауаптарды таңдау принциптері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мaзмұны
Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
І тaрaу Бiлiм мен дaғдыны бaқылaу мен бaғaлaудың мaңызы мен
Мiндеттерi , тaлaптaры
1.1 Бiлiм мен дaғдыны бaқылaу мен бaғaлaудың мaңызы мен мiндеттерi ... ... 3
1.2 Бiлiмдi тексеруге қойылaтын тaлaптaр ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.3 Оқушылaрдың үлгерiмiн тексеруде тестiк формaты қолдaну ... ... ... ... ... .5
ІІ тaрaу Тексерудiң түрлерi мен әдiстерi
2.1 Тексерудiң әдiстерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.2 Тексеруден диaгностикaғa көшу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17 2.3 Оқыту нәтижелерiн бaғaлaу және бaғa қою ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Қолдaнылғaн әдебиеттер тiзiмi ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Кiрiспе
Тәуелсiз елiмiзде қaзiргi уaқыттa бiлiмнiң кең көлемдi қоры жиылғaн мектеп оқушылaрының тaнымдық қызығушылығын дaмыту мәселесiне тоқтaлып өтетiн болсaқ: оқыту үдерiсiнде әртүрлi әдiс- тәсiлдердi қолдaнa отырып, терең бiлiмдi, iзденiмпaз, бaрлық iс- әрекеттерiнде шығaрмaшылық бaғыт ұстaнaтын, сол тұрғыдa өз болмысын тaнытa aлaтын жеке тұлғa тәрбиелеу iсiне ерекше мән берiлуде.
Оқыту процесiнде оқушылaрдың бiлiм, бiлiк, дaғдылaрын есепке aлу, бaқылaу және бaғaлaу оның aсa қaжет құрaмдaс бөлiгi болып есептеледi. Мұғaлiмнiң сaбaқтaр жүйесiнде оны дұрыс ұйымдaстырa бiлуi, көптеген жaғдaйдa оқу- тәрбие процесiнiң тaбысты болуының оң кепiлi. Ол үшiн мұғaлiм оқушының оқу мaтериaлын меңгеру дәрежесiн, сaпaсы мен көлемiн үнемi aнықтaп отыруы тиiс. Бұл бaғыттa оқушылaрдың, сaбaқтaр жүйесiнде бiлiм, бiлiк, дaғдылaрын есепке aлу, бaқылaу және бaғaлaудың мaңызы ерекше. Бaқылaудың көмегiмен теориялық бiлiмдi меңгерудегi сaпa, бiлiктiлiк мен дaғдының қaлыптaсу дәрежесi aнықтaлaды.
Осы тұрғыдa бiлiм, бiлiк, дaғдыны есепке aлу және бaғaлaу мәселесiне теориялық және прaктикaлық тaлдaу жaсaудың мaңыздылығы ерекше. Бaқылaудың тaқырыптық түрiн ұйымдaстырудың прaктикaлық мәселелерi П. Горбунов, Е.С. Березняк, В. И. Ивaщенко, А.К.Исaқов, Е.И.Перовский, С.Ф.Сухорский, Н.В.Чертинский, В.О.Онищуктың ғылыми педaгогикaлық еңбектерiнде тaңдaлғaн.
Курстық жұмыстың мақсaты:
Оқушылaрдың бiлiм, бiлiк, дaғдылaрын бaғaлaу және тексеру. Тексерудiң түрлерiне тоқтaлып, әдiс-тәсiлдерiн қaрaстыру.
Курстық жұмыстың мiндеттерi:
Елiмiздегі жaлпы бiлiм беру мектептерiндегі оқушылaрдың бiлiм, бiлiк, дaғдылaрын бaғaлaу және тексерумен тaнысып, жетiлдiру жолдaрын aнықтaу;
Оқушылaрдың тaнымдық қызығушылықтaрын дaмытудың педaгогикaлық жүйесi компоненттерiнiң мaзмұнын жaсaу;
Қaзiргi кездегi оқыту жүйесiндегi бiлiмдi тексеру, бaқылaу және бaғaлaудың жaңa технологиясын қaрaстыру.

І ТAРAУ БIЛIМ МЕН ДAҒДЫНЫ БAҚЫЛАУ МЕН БAҒAЛAУДЫҢ
МAҢЫЗЫ МЕН МIНДЕТТЕРI, ТAЛAПТAРЫ
1.1 Бiлiм мен дaғдыны бaқылaу мен бaғaлaудың мaңызы мен мiндеттерi
Оқушылaрдың оқу мaтериaлын меңгергенiн тексеру және бaғaлaу - оқыту нәтижелерiн бaқылaу, оқу процесiнiң әр түрлi кезеңiндегi оқушылaрдың тaнымдық iс-әрекетiн бaсқaру..Бiлiмдi тексеру және бaғaлaу оқушының бiлiм aлуынa көмектесiп, оның және мұғaлiмнiң бiлiм сaпaсы жөнiнде сaндық мәлiмет бередi. Мұғaлiм оқушының бiлiм деңгейiнен хaбaр aлып, оның тaнымдық жұмысын ұйымдaстыруғa негiз жaсaйды. Мұғaлiм өз жұмысындaғы жетiстiктер мен кемшiлiктерге бaғa берiп, жұмыс әдiстерiн толықтырып, түзетiп, жеке оқушылaрмен жұмыстың жолдaрын және құрaлдaрын тaуып, бaғдaрлaмaлық бiлiмдердiң меңгерiлуi деңгейiн aнықтaйды.
Оқушы тaқырыпты қaншaлықты деңгейде меңгергенiн ұғaды. Егер бiлiмдi тексермесе, ондa оқушы өз бiлiмiн терең, жaн-жaқты және дұрыс бaғaлaй aлмaйды. Оқушы бaғa aлғaн соң өзiнiң мектептегi, үйдегi жұмыстaрын жетiлдiруге, жaқсы сaпaлaрын дaмытуғa, бiлiм, iскерлiк, дaғдылaрындaғы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік алады..Білім, іскерлік және дағдыларды тексеру және бағалау тәрбиеге де ықпал етеді. Оқушылардың өз оқулары, табысы, сәтсіздіктері туралы ой-пікірлері қалыптасып, қиындықты жеңуге ұмтылады. Баға оқушының өзі туралы ойына қозғау салады. Білімді тексеру және бағалаудың мемлекеттік маңызы бар. Мектептің, мұғалімдер ұжымының жұмысын білімді басқару органдары оқушылардың үлгеріміне қарап бағалайды. Мектеп әкімшілігі, қалалық, аудандық, облыстық білім беру ісін басқару органдары, Білім және ғылым министрлігі оқушылардың білімдерінің сапасын, мектеп және мұғалімдердің жұмысының жетістіктерін және кемшіліктерін білу үшін бақылау және тексеру жұмыстарын береді ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Білім, білік пен дағды нәтижесін есепке алу, бақылау мен бағалаудың теориялық талдауы және практикада қолдану тәжірибесі арасында әлі де болса қарама- қайшылықтың бар екендігін байқаймыз. Ондағы негізгі түрткілікті мәселе, оның жеткілікті түрде ішкі және сыртқы кері байланысты қамтамасыз ете алмауында, соның нәтижесінде оқыту процесінің сапасын арттыруда мұғалім әрқашан тексеру және бағалау жүйесін дұрыс қолдана білуі қажет.
1.2 Білімді тексеруге қойылатын талаптар
Білімді жүйелі түрде тексеру үшін оған қойылатын белгілі бір талаптар бар. Соларды атап көрсететін болсам:
-тексерудің және бақылаудың жүйелілігі, тұрақтылығы, міндеттілігі. Бұл талапты орындамау оқушылардың оқуға деген қатынасын нашарлатып, білімнің сапасына кері әсер етеді; ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
әрбір оқушы өзінің білімінің, іскерлік дағдысының бағаланатынын түсінукерек. Егер білімді тексеру және бағалау оқыту процесінің құрылымына тұрақты түрде енсе, онда оқушы мұғалімнің сұрақтары мен тапсырмаларына жауап беруге дайын болады; ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
оқушылардың білім, іскерлік және дағдылары мемлекеттік оқубағдарламаларына сәйкес тексеріледі. Бағдарламаны меңгеру - білімді бағалаудың негізгі өлшемі. Мұғалім оқушының қосымша біліміне, оқыған қосымша әдебиеттеріне кеңес, нұсқау, беріп, баға қоймайды; ... ... ... ... ... ... .. .
оқушылардың теорияны және фактілерді білуін тексеру және бағалауарқылы, білімдерінің жалпы және ақыл-ой дамуына, жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыруға ықпалын, оқуға әсерін білу; ... ... ... ... ... ... ... .. ... - білім, іскерлік, дағдыларды түрлі тәсілдер арқылы тексеру; ... ... ... ... ... ... ... .
байқалған кемшіліктерді оқушының өзі түзетуі; ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. - мұғалімнің оқушыларды білімдерін бақылап, бағалауға, кемшіліктерді жоюдың әдістемесі мен тәсілдерін білуге үйретуі; ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... - бағаның әділ қойылуы; ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы; ... ... ... ... ... ... . - әр тақырыпты оқудың нәтижесіне мұғалімнің және оқушылардың баға беруі;
бақылау-бағалау процесінің әрбір баланың оқу үлгерімінің төмендемеуіне,көңіл-күйінің жақсы болуына көмектесуі; ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Оқушының білім дағдысын және білімін тексеру жүйесінің бірден-бір бағыты - тестілеу болып табылады. Тест - стандартты тапсырма ретінде қарастырылады. Нәтижесінде оқушының білімін тексереді. Қазіргі педагогикалық технологияның бөлігі бола отырып, тестілеу маманның білік дағдысы білімнің объективті бағасын алуға мүмкіндік береді. Тест ғылыми негізделген болуы қажет. Барлық тапсырмалар операцияның санымен өлшеніп, ұпаймен бағалануы керек. Тестте бақылау, есеп және баға бірбірімен тығыз байланысты, сондықтан оны жеке тұлғаның қасиеті мен сапасын өлшеу әдісіне негізделген, - деп кездейсоқ айтпайды.
Қазіргі уақытта тесттерді құру және оның орындалуы мен нәтижесін әртүрлі жолдармен алуға болады. Оқушының білім деңгейі жеке ұпайдың көмегімен бағаланады. Оқушының ұпайы тесттің әрбі тапсырмасы бағасының арифметикалық қосындысы ретінде алынады. Оқушы тапсырманы дұрыс орындаса, онда 1 алады, ал дұрыс орындамаса 0 алады. Яғни, орындалған тесттің ұпайы тесттегі дұрыс орындалған тапсырманың санын көрсетеді.
Сонымен қатар, оқушының нәтижесін 0 және 1 ғана емес, тапсырманың күрделілігіне сәйкес белгілі бір өлшем коэффицентімен өлшеуге болады. Бұл жағдайда өлшем коэффицентінің үлкен мәні тесттің күрделі тапсырмаларына, ал кіші мәні ереже бойынша жеңіл тапсырмаларға беріледі.
Жалпы айтатын болсам, әдістің барлық жағдайында да тест білімді тексеруге қолайлы.
1.3 Оқушылардың үлгерімін тексеруде тестік форманы қолдану
Білім саласында болып жатқан реформалар жаңа принципті педагогикалық технологияларды қолдануды талап етеді. Іс-әрекеттің жетістігі нарықтық жағдайда стандарттық емес шешімдерді қолдануын шеберлікпен анықтау, қайсарлық, жігерлік, іскерлік болып табылады.
Бұл қасиеттерді индивидуализациялық және дифференциациялық оқытуда, қызығушылықты есепке алмау да, оқушылардың бейімділігін және қабілеттілігін ұйымдастыруы қиынға түседі.
Аталмыш мәселені шешу жеке адам даралығының ізденуін ашуын қажет етеді. Батыстың білім жүйесінің тәжірибесінде, оқу-тәрбиелік процессте кең таралуын тапқан тестілеу практикасына көп көңіл бөлінеді.
Дәстүрлі бағалаудан және оқушылардың білімін бақылаудан тесттер оқытудың нәтижесін объективті өлшеуімен оқшауланады, сондықтан оқытушының субъективті емес пікіріне бағытталмай, эмпирикалық критериялардың объективтілігіне бағытталады. Тест (test ағылшын сөзінен - тексеру, тапсырма) - бұл тапсырмалар жүйесі, білім меңгеруінін деңгейін өлшеуді, анықталған психологиялық қасиеттер дәрежесінің, жеке адамның ерекшелік қабілеттілігінің дамуын рұқсат етеді.
Дұрыс бір жауапты таңдау тапсырмалары
Тестік практикада дұрыс бір жауапты таңдау тапсырмалары өте кең таралған, ал бұл осы форманың бірінші кезекте білімді бақылаудың автоматизациясы үшін тиімді екені шығады. Мұндай тапсырмаларға оқушылар қате жауаптармен бірге болса да, дұрыс жауап міндетті түрде болатындықтан жақсы қарайды.Сонымен бірге бұл тапсырмалар сынға түсті.
Үйреншікті әдісті жақтайтындар шынымен білімді тексеру тек оқушымен қарым-қатынас жасап, оған сұрақтар қойып қана білімнің тереңдігін, беріктігін анықтауға болады деп тұжырымдайды. Мұндай тұжырымдармен келісуге болады, бірақ тек педагог - оқушының жеке қатынасы шегінде ғана. Массалық оқу процесінде жаңа білім беру технологияларын енгізу арқылы оқытушылардың, мұғалімдердің және оқушылар еңбектерін үнемдеу, уақыт үнемі және білім беру процесінің эффективтілігінің жоғарылауы сұрақтары туындайды.
Дұрыс бір жауапты таңдау тапсырмаларының кемшілігі - дұрыс емес жауаптарды еске сақтау қалу мүмкіндігі. Бұған қатысты көп нәрсе жазылған, бірақ дәлелденбеген. Негізі өзің құрастырып алғаннан гөрі, дұрыс жауапты табу оңайырақ келеді. Бірақ бұл логика білім болған жағдайда, немесе жауапты нақты білмесе, сонымен қатар егер дұрыс жауапты қате жауаптан оңай ажыратуға болса ғана тиімді деп есептеледі. Жақсы құрастырылған тапсырмаларда қате жауаптар дұрыс жауаптардан гөрі шындыққа сай келетін сияқты болады. Бұл оқушылар дайындығының жоғары болуын талап ететін қиындық элементі болып табылады. Бір немесе бірнеше жауапты таңдау тапсырмаларының басқа кемшілігі - олар төменгі дәрежедегі білім бағасына ғана жарайды. Бұл өте бәсекелес тұжырым; берілген жұмыста ол нақты мысалдарды әшкерелейді.
Қазіргі техникалық құралдардың қолданылуымен тестік берілгендерді есептеуде негізінен бес мүмкін болатын жауап қарастырылады, олардың біреуі және тек қана біреуі дұрыс бола алады. Әрине, зерттелушілер үшін берілген стандартты инструкцияда дұрыс бір жауапты таңдау тапсырмасының осы нұсқасында қалған жауаптар мүлдем дұрыс емес болып табылуы керек.
Оқу процесінде түрлі жауаптар саны бар тапсырмалар, негізінен қорытынды бақылауда төрттен кем емес жауаптары бар тапсырмалар, кең қолданылады. Алып тастау - үш мәнді жауаптары бар тапсырмалар мазмұнын көрсетеді. Екі жауабы бар тапсырмалар білімнің ағымдық бақылауында көп қолданылады, сонымен қатар ойыңмен бөлісу, бірдемеге қатынас, жалпы оң немесе теріс баға беруді талап ететін психологиялық және әлуметтік тесттерде қолданылады.
Дұрыс бір жауапты таңдау тапсырмаларын келесі түрлерге бөлу тиімді:
екі, үш, төрт, бес және одан да көп жауабы бар тапсырмалар. Жауаптарды таңдау принциптерінің көбісі осы түрлер үшін құрылған.
Жауаптарды таңдау принциптері
Берілгендерден бір дұрыс жауапты таңдау тапсырмаларын құруда принциптер екі топқа бөлінеді: біреуі тапсырмаларға жауаптарды таңдауда қолданылса, ал екіншісі тапсырманың мазмұнын өңдеуде қолданылады.
Алғашында тапсырмаларды өңдеудің принциптерін және жауаптарды таңдаудың мысалдарын қарастырайық.
Мұндағы бір ерекшелік: тестік тапсырма зерттелушілерге кәдімгі сұрақ формасындай емес, ал тұжырымдау формасындай ұсынылады. Сұрақпен бірге мұндай тапсырма, логикасына қарай, ақиқат немесе жалған болады. Тапсырмаларды логикалық және әдістемелік принциптерге сүйене отырып, жаңадан құру мүмкіншілігі ашылады.
Терістеу
Екі жауабы бар тапсырмаларды құруда ең көп таралған принцип терістеу болып табылады, ол жауаптардың біреуінде терістеу бөлігі болады, сонымен қатар терістеу көмекші сөздер көмегімен қолданылады. Терістеу принципін қолданғанда екінші жауап бірінші жауапты терістеп тұратындай етіп алынады. Сондай-ақ "А және А емес" логикалық схемасы қолданылады.
Тапсырма мәтініне зерттеушілер үшін қысқа инструкция беріледі.
Қарама-қайшылық
Қарама-қайшы жауаптар басқа ауыспалы жағдайлар мүмкіндігін береді. Мысалы, "дені сау" және "ауру" сөздерінің арасында мағынасы бойынша "дені сау дерлік", "аздап ауру" сөздері орналасады. Қарама-қайшы түсініктерді салыстырыңыз "дені сау - дені сау емес" немесе "ауру - ауру емес", мұнда екінші жауап бірінші жауапты толығымен терістеп тұр. Терістеу мен қарама-қайшылық принциптерінің айырмашылығы мынада: терістеуде терістеу қолданылады, ал қарама-қайшылықта бір мазмұнды жауап екіншісімен мағынасы бойынша антоним арқылы ауысады. Біртектілік
Бір текке, түрге жататын немесе негізгі жақтарын, шектеу құбылыстарын бейнелейтін жауаптар таңдалынады. Бұл принцип түрлі жауаптар саны бар тапсырмаларда қолданылады. Егер жауаптар саны төрт немесе одан да көп болса, онда оларды екі бағанға бөлген жөн. Біртектілік принциптің эффективтілігі жазылуы бойынша немесе әріптердің, цифрлардың, белгілердің, сөздер мен сөз тіркестерінің ұқсастықтарын қолдану болып табылады. Бұл жауаптардың шындыққа сай келуін қамтамасыз етеді.
Үйлесімдік
Әрбір жауапта сөздердің үйлесімдігі екеу, үшеу, кейде төртеуден қолданылады. Осы принципті қолдануда үш түрлі нұсқалы тапсырмалар беріледі. Бірінші нұсқада жауаптардың біртектілігі және шындыққа сай келетіндері үйлеседі. Екінші нұсқада бір сөз (түсінік) бірнеше сөздермен үйлеседі. Үшінші нұсқада тізбек заңымен үйлеседі, мұнда бірінші жауаптағы соңғы сөз екінші жауаптың бірінші сөзіне енеді, екінші жауаптың соңғы сөзі үшінші жауаптың біріншісіне кіреді.
Бөліктеу
Үш немесе одан да көп жауабы бар тапсырмалар жауаптарды бөліктеу принципін қолдануға мүмкіндік береді. Осы тапсырмалардың ерекшелігі, олардағы қате жауаптар әр түрлі дәрежедегі қателікте болып шығады. Жауаптың біреуі жай дұрыс емес, ал басқасы - мүлдем дұрыс емес; ол дұрыс жауапқа қарама-қайшы болады. Егер дұрыс, дұрыс емес, мүлдем дұрыс емес жауаптардың балдарын сәйкесінше 1, 0 және -1 деп берсек, онда дайындығы нашар зерттелушілер тестіні қарама-қайшы балдар қосындысымен аяқтауы мүмкін. Дұрыс жауаптарға қарама-қайшы жауаптар берудің себебі білмеушіліктен ғана емес, сондай-ақ тұлғаның психологиялық ерекшелігіне байланысты болады.
Қысқалық
Үшінші принципті бір сөзбен тұжырымдауға болады - қысқалық. Тапсырманың мазмұны мүмкіндігінше қысқа және анық тұжырымдалады. Онда ешбір артық сөз, тіпті артық белгі де болмауы керек. Қысқалық тапсырма мәнінің түсініктілігін қамтамасыз ететін сөздер мен символдарды алудағы мұқиаттылықты талап етеді. Тапсырма мәнін қабылдауда қиындық тудыратын сөздердің қайталануы, түсініксіздеу сөздер, сирек қолданылатын, сонымен қатар студенттерге белгісіз символдар, шетел сөздері толығымен алып тасталынады. Тапсырмадағы сөздердің саны - бес-жеті, бірақ жалпы неғұрлым аз болса, соғұрлым жақсы болады. Тапсырмада бір бағыныңқы сөйлемнен аспау керек.
Қысқалыққа жету үшін әрбір тапсырмада бір ғана нәрсе туралы сұрау тиімді. Тапсырмалардағы бір нәрсені тауып, есептеп, одан кейін түсіндіріп беру шарттары тапсырма сапасына теріс әсер береді, бірақ мұндай тұжырымдаудың себебін педагогиканың көзқарасы бойынша түсіну оңай.
Бір ең дұрыс жауапты таңдау тапсырмалары
Көптеген педагогтар бір дұрыс жауапты таңдау тапсырмаларын жақтамаса да, математика оқытушылары бұл мәселеде белсенділік танытады. Қарамақарсы қатынастың бірінші себебі толығымен дәлелді: егер тапсырма сәтті құрылмаса, онда зерттелушілер шығарудың орнына жай ғана сәйкес жауапты таңдайды. Анық түрде мұндай "тестілеу" математикалық білім берудің мақсатына қайшы келеді.
Екінші себебі - бұл жалпы дұрыс емес жауапқа қарамай дұрыс орындалған жауаптар бөлігін қалай болса да бағалау.
Үшінші себебі - таза психологиялық. Тестік формадағы көптеген тапсырмаларға дистракторлар санында жарым-жартылай дұрыс, жауаптар жиі кездеседі. Мысалы, жауаптардың кумуляциясы принципін қолданғанда. Сондықтан да аппеляция кезінде әділ баға мәселесі туындайды. Қате жауап пен жарым-жартылай дұрыс жауапты аздап дұрыс жауап пен дұрысырақ жауапты бірдей 0-мен бағалауға болмайды. Осындай қиыншылықтарды жеңу үшін басқа нұсқалы тапсырманы қолданып көруге болады, бұл жолы бір ең дұрыс жауапты таңдау тапсырмаларын. Мұнда да инструкция беріледі: "Ең дұрыс жауаптың нөмірін дөңгелетіңіз!".
Бірнеше дұрыс жауаптарды таңдау тапсырмалары
Бір жауапты таңдау тапсырмаларының бірінші екі нұсқасындағы кемшіліктер үшінші нұсқадағы бірнеше дұрыс жауапты таңдау тапсырмаларының құндылығымен толықтырылады. Зерттелушілер үшін инструкция: "Барлық дұрыс жауаптардың нөмірін дөңгелетіңіз". Мұндай тапсырмаларда композицияның бір принципі қолданылады - бұл принцип жауаптардың біртектілігі.
Ашық формадағы тапсырмалар
Ашық формадағы тапсырмаларда дайын таңдау жауаптары берілмейді. Зерттелуші жауапты өзі толтыру керек, бұл талап етілген білімнің бар екендігін немесе жоқ екендігін көрсетеді. Ашық формадағы тапсырмалар егер жауап дұрыс болса ақиқат айтылуға, ал жауап қате болса жалған айтылуға айналатын тұжырым түрінде құрылады.
Ашық формадағы тапсырмалардың бірінші принципі - тапсырма мазмұнының логикалық анықталуы. Бұл принциптің мағынасын мына түрде анықтауға болады: тапсырма логикалық анықталған болып табылады, егер ол білетін оқушыларға дұрыс жауап беруге мүмкіндік берсе және егер тапсырма мазмұны мен формасы осындай жауапты табуда ойлы процесс ұйымдастыруға септігін тигізсе.
Ашық формадағы тапсырмалардың екінші принципі - тапсырма мазмұнының вариативтілігі (фасеттілігі).
Үшінші принципті - айналғыштық принципі деп атауға болады.
Ашық формадағы тапсырмалардың төртінші принципі - параллельділік принципі.
Бесінші принцип - анықталатын көлем түсінігін анықтайтын көлемнің логикалық өлшем бірлігі.
Алтыншы принцип - қысқалық болып табылады.
Жетінші принцип - теріс емес принцип.
Сегізінші принцип - импликация "Егер..., онда". Сәйкестікті орнату тапсырмалары
Бұл түрдегі тапсырмалар бір бағанның элементтерін екінші бағанның элементтеріне сәйкестік орнату арқылы жүзеге асады. Стандартты инструкция: "Сәйкестікті орнатыңыз".
Дұрыс жүйелілікті орнату тапсырмалары
Бұл түрдегі тапсырмалар әр түрлі іс-әрекеттердің, операциялардың, есептеулердің дұрыс жүйелілігін орнатудағы білімді, іскерлікті және дағдыны тексеріп қана қоймай, сонымен қатар бұл айтылғандарды оқу процесіне тіркеу керек. Дұрыс жүйелілікті орнату тапсырмалары арқылы көптеген оқу пәндерінің мазмұнын айқындауға болады.
Дұрыс жүйеліліктің бірнеше нұсқаларын көрсетуге болады. Бірінші нұсқа - тарихи оқиғалардың жүйелілігі. Екінші - технологиялық іс-әрекеттер мен операциялардың жүйелілігі. Үшінші - түрлі процесстердің жүйелілігі және төртінші - білімнің, іскерліктің, дағдының және елестетудің жүйесін құратын ойлы іс-әрекеттер тізбегі болып табылады
Бақылаушы функция
Басқарушы функция оқушылардың білімін және икемділігін, ойларының даму деңгейін, танымдылық әрекеттердің қабылдауын меңгеру дәрежесін зерттеу, оқу еңбегін рационалды қалыптандыруын табу болып тұрады.
Бақылаудың көмегімен білімді, икемділікті және дағдыны одан әрі меңгеру үшін бастапқы деңге анықталады, меңгерудің тереңдігі және оның көлемі зерттеледі.Оқытушының әдістердің, формалардың және оқыту құралдарының шын нәтижелермен қолданылатын тиімділігі орнатылып жоспарланғаны салыстырылады.
Оқытушы функция
Бақылаудың оқытушы функциясы білімнің және ікемділіктің толық жетілдіруін жүйелейтініне келісім жасайды. Тексеру процессінде оқушылар оқыған материалды қайталайды және бекітеді. Бұрынғы оқығанды ғана қалпына келтірмей, сонымен қатар білімі мен икемділігін жаңа жағдайларда қолданады. Тексеру оқытылатын материалдың негізінде басты мәселені бөліп алуға, тексерілетін білім және икемділікті одан да анық және дәл жасауға көмектеседі Сондай-ақ бақылау білімді жүйелеуге және жалпылауға жағдай жасайды.
Диагностикалық функция
Бақылаудың диагностикалық функциясының маңызы - қателер туралы, оқушылардың білімдері мен икемділіктерінің жетіспеушіліктерді және кемтіктері, оқушылардың оқу материалдарын меңгеруге қиындық туғызатын себептері,қателердің түрлері, сандары туралы ақпарат алуында. Диагностикалық тексерулердің нәтижелері оқытудың аса қарқынды әдістемесін таңдауға көмектеседі, сонымен қатар әдістердің және оқу құралдарының толық жетілдірудің ары қарай бағытын анықтау.
Болжаушылық функция
Тексерудің болжаушылық функциясы оқу-тәрбиелеу процессі туралы дереу ақпаратты алуға қызмет етеді. Тексеру нәтижесінде оқу процессінің белгілі бір бөлігінің жүрісі туралы негіздемені болжау үшін: білімі, икемділігі және дағдысы оқу материалдың (бөлімдері, тақырыптары) келесі порциясын меңгеру үшін жеткілікті жетілдірілген ме екен.
Болжаудың нәтижесін оқушының ары қарай бет алыс модельін құру үшін қолданады, бүгінгі күнде тап осындай типті қателерді жіберуде немесе танымдылық әрекеттерді қабылдау жүйесінде кейбір кемтіктердің бар болғанын.
Болжау ары қарай жоспарлау және оқу процессін іске асыру үшін сенімді қорытындыларды алуға көмктеседі.
Дамытушы функция
Бақылаудың дамытушы функциясы оқушының танымдылық белсенділігін ынталандыруынан, шығармашылық қабілеттілігінің дамуынан тұрады. Бақылау оқушының даму барысында ерекше мүмкіншіліктерге ие болады. Бақылаудың процессінде оқушылардың тілі, зейіні, қияалдары, жігерлері және ойлау қабілеттері дамиды. Бақылау қабілеттілік, бейімділік, қызығушылық, қажеттілік деген сияқты жеке адамдық қасиеттерді дамытуға және айқындауға үлкен әсерін тигізеді.
Бағытталушы функция
Бақылаудың бағытталушы функциясының маңызы - жеке оқушымен және түгелдей топпен оқытудың мақсатына жету дәрежесі туралы ақпарат алу - қаншалықты меңгергені және оқу материалы қалай терең оқытылғаны. Бақылау оқушылардың өздерінің қиындықтары мен жетістіктерідне бағыттайды.
Кемтіктерді ашқанда, ол оқушылардың қателері мен кемістіктеріне, білім мен икемділікті жетілдіруге күш салу бағытын көрсетеді. Бақылау оқушыға өзі туралы жақсы білуге, өзінің білімін және қабілеттілігін бағалауға көмектеседі.
Сонымен білімді бақылау оқу процесінің бөлінбес бөлігі болды.
Тәрбиелеуші функция
Бақылаудың тәрбиелеуші функциясы оқушыларды оқуға, тәртіпке, жинақтылыққа, адалдылыққа жауапты болуға тәрбиелеуден тұрады. Тексеріс тапсырманы орындаған кезде өзін өзі салмақты және жиі бақылауды туғызады. Ол ерік қайсарлықты, жігерлікті, жиі еңбекке деген әдеттерді тәрбиелеуге жағдай жасайды.
Бақылаудың функцияларын бөліп алу оқу процессіндегі маңызын және оның рольін анықтайды. Оқу процессінде функциялардың өздері әр келкі дәрежеде және әр түрлі тіркестерде айқындалады. Белгіліенген функцияларды іске асыру практикада бақылауды тиімдірек жасайды, сондайақ оқу процессінің өзі де тиімді болады.
Сонымен, білімді бақылау оқу процессінің ажыратылмас бөлігі болып келеді.

ІІ ТАРАУ ТЕКСЕРУДІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ
2.1 Тексерудің әдістері
Оқушылардың оқу жұмысын күнде бақылап отыру. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушылардың төртібін, білімді қалай қабылдайтынын және түсінетінін, тәжірибелік іскерлік және дағдыларға машықтандыру кезінде өз бетімен атқара алатын жұмыстарын, оқуға икемділігін, қызығушылығын, қабілетін, білімді жүйелі алуын қадағалайды. Бақылау мәліметтеріне сүйеніп, мұғалім оқушылардың жеке ерекшіліктерін анықтап, оларды өз жұмысында қолданып, оқушылардың білімдерін дұрыс тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . Ауызша жауаптар алу үшін мұғалім сұрақтарды тұжырымдап, кеңестер береді, міндеттер қояды ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Ауызша сұрау оқушылардың білімін тексеріп бағалау үшін жиі қолданылады. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушыларға оқылған материал бойынша сұрақ беріп, жауаптарын бағалап, материалды қаншалықты деңгейде түсінгендерін анықтайды. Кейде балалардың білімін ауызша тексеруді әңгімелесу деп атайды. Мұғалім бір оқушыға барлық тақырыпты түгел баяндатады. Толық жауап білімінің тереңдігін, жүйесін көрсетеді. Бірақ оқушылардың білімін ауызша тексерудің кемшіліктері де бар, себебі оған көп уақыт кетіп, 45 минут ішінде 3-4 оқушының ғана білімін тексеруге мүмкіндік береді.
Ауызша тексерудің жетілдірілген түрі жаппай тексеру. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқылған материалды ұсақ бөліктерге бөліп, оларды оқушылардың қалай меңгергенін білу үшін сыныпқа сұрақтар беріп, олардың білімдерін тексеріп, көп оқушылардың білімдерін анықтауға мүмкіндік алады. Бірақ жаппай тексеру арқылы оқушыларға әділ баға қою қиын, себебі бір-екі шағын сұраққа жауап берген оқушының толық білімін анықтау қиын. Ауызша сұрауға сабаққа үнемі қатысып отырған оқушылардың біліміне ұпай беру де жатады. Мәселен, өз жолдасының жауаптарын толықтырған, нақтыландырған және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың үлгерімін тексеруде тестік форманы қолдану
Тест - үлгерімді бақылау формасы
Delphi ортасында тест бағдарламасын құру
Тест тапсырмаларын жасау және таңдау
Ашық сауалнама
Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері, талаптары
Маркетингтік зерттеулердің түрлері
STRUCT операторын қолдана отырып тестілеуші программа құру
Телефон сауалнамасы телефон арқылы жүргізілетін сауалнама
Macromedia Flash ММХ программасы көмегімен «Маркетинг негіздері» пәнінен электронды оқу-әдістемелік құрал жасақтау
Пәндер