ЖАСТАҒЫ БАЛАНЫҢ ДАМУЫ ТУРАЛЫ ҒАЛЫМДАРДЫҢ КӨЗҚАРАСТАРЫ


Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министірлігі
РМҚМ «БӨБЕК» ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ, БІЛІМ БЕРУ
ЖƏНЕ САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
3 жас кезеңінде балада кездесетін дағдарыстар
«Психология» пəні бойынша
Орындаған:
4-курс ҚМ-405 тобының студенті
0101000 «Мектепке дейінгі тəрбие жəне оқыту» мамандығы бойынша
Жомартқан Айтолқын
Жетекшісі: «Бөбек» колледжі мұғалімі Рысбекова Б. А.
Қорғалған күні:
Бағасы:
Жетекшісінің қолы:
Студенттің қолы:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ КЕЗЕҢІНДЕГІ ДАҒДАРЫС МƏСЕЛЕЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1 Дағдарыс мəселесі туралы түсінік . . . 4-7
1. 2 3 жастaғы балаларда жаңадан пайда болатын дағдарыстар . . . 7-14
2. 3 ЖАСТАҒЫ БАЛАНЫҢ ДАМУЫ ТУРАЛЫ ҒАЛЫМДАРДЫҢ КӨЗҚАРАСТАРЫ
2. 1. 3 Жасар баланың мінез - құлық
ерекшеліктері . . . 14-23
2. 2. 3 Жастағы балада болатын дағдарыстардың алдын алу мен тəрбиелеу жолдары . . . 23-33
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР . . . 35
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың зерттеу өзектілігі: Мектепке дейіңгі баланың мінезіндегі дағдарыска ұшырау себептері оның бойындағы ішкі жане сырткы сапалы өзгерістердін пайда болуымен уштастырылған. А. Буземан сиякты авторлар баланың дағдарысқа ұшырауын əлеуметтік ортаның ықпалы деп керсеткісі келеді. Сол себепті дағдарыс кезіндегі қиын балалардың даму сипатын аныктау ушін олардың сыртқы жағдайларга əсерленуін мумкіндігінше терең зерттеп, олардан тиісті корытындылар шығарып отыруды кажет етеді.
Зерттеу əдістемесі :
-Зерттеудің теориялық негізі ретінде “Мектепке дейіңгі кезеңдегі дағдарыс” “Дағдарыс мəселесі” ұғымдарының мəнін ашып көрсету.
-Зерттеу проблемасы бойынша 3 жастағы балада болатын дағдарыс пен тəрбиелеу жолдарына тақырып бойынша теориялық талдау жасау.
-3 жасар балада кездесетін дағдарыстарға тұжырымдама жасау жəне жүзеге асыру жолдарын анықтай отырып дағдарыс кезеңіне байланысты еңбек сіңірген ғалымдардың көзқарастарын бақылап, жинақтап қорытынды жасау.
-3 жастағы балада болатын дағдарыстардың алдын алу мен қолданатын әдістер, акт пайдалану, арт терапиясын қолдана отырыпы тəрбиелеу жолдары.
Курстық жұмыстың мақсаты : 3 жас кезеңінде балада кездесетін дағдарыс мəселелерін шешу жолдары мен даму сипатын анықтай отырып олардың сыртқы жағдайларға əсерленуін мүмкүндігінше терең зерттеп, тиісті қортынды шығару. 3 жасар баланың мінез-құлық ерекшеліктері мен 3жаста пайда болатын дағдарыстарға теориялық талдау жасау. 3 Жастағы балада болатын дағдарыстардың алдын алу мен тəрбиелеу жолдарын көрсету.
Зерттеу міндеттері:
1. Үш жастағы баланың жалпы дамуын: үш жас дағдарысының ерекшеліктері мен белгілерін карастыру.
2. Балалардың үш жас кезеңіндегі жеке тұлғалык жаңа түзілістерін зерттеу.
3. Үш жастағы балада болатын дағдарыстың алдын алу мен тəрбиелеу жолдарын көрсету.
Зерттеу болжамы: 3 жас дағдарыс кезеңіндегі алдын алу жолдарын анықтау
Зерттеу пəні: 3 жас кезеңінде балада кездесетін дағдарыстар балалар психологиясы
Зерттеу обьектісі: Мектеп жасына дейіңгі балалар психологиясы, үш жас кезіндегі дағдарыстарын анықтау, 35-балабақша.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, алты тақырыпшадан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиееттер тізімінен тұрады.
I. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ КЕЗЕҢІНДЕГІ ДАҒДАРЫС МƏСЕЛЕЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
- Дағдарыс мəселесі туралы түсінік
Мектепке дейіңгі бала, барлық жас кезендері сияқты, психикалық дамуыңда дағдарысқа немесе құрт өзгерістерге ұшырап отыратындығы ғылыми әдебиеттерде баяндаған. Баланы туғаннан мектепке барғанға дейінгі аралықтың өзінде бірнеше дағдарысты кезеңдерден өтеді. Әр даму кезеңдеріне өткен сайын, бір жастан екінші жасқа көшу барысында адам үлкен дағдарыстарға ұшырайды. Демек, түсінікті тілмен айтар болсақ, бала дағдарысы деген і мі з - «қалау» және «мен де істей аламын» деген кішкене адамның жан дауысы.
Дағдарыс - қалыпты емес, «ауытқушылық» құбылысы, дұрыс емес тәрбиенің нәтижесі. Дағдарыстардың бір қалыпты кезеңдерден ерекшелігі, ұзаққа созылмайды, бірнеше ай болуы мүмкін. Осы қысқа, бірақ буырқанды сатыда баланың дамуында көп қасиеттер тез өзгереді. Осы уақытта даму апаттық сипатқа ие болуы мүмкін. Дағдарыстық және қалыпты даму кезеңдері кезектеседі. Сондықтан Л. С. Выготский мектеп жасына дейіңгі балалардада дағдарыс болады деп, оларды топқа бөлген. Әрбір дағдарыстың мәні - адамның жасына байланысты даму мәселелерін шешудің екі баламалы нұсқалары арасында таңдауы. Қабылданған шешім барлық кейінгі өмірдің сәттілігі мен дамуына әсер етеді.
Дағдарыс кезінде баланың бойында қайта құрылатын психикалық. өзгеріс не? Бұл бала маңындағы жақын адамдарына - әкесі мен шешесіне және олардың беделіне деген әлеуметтік көзқарасын білдіреді. Сондай-ақ баланың «мен» деген өзіндік ерекшелігін танытқысы келіп, оның бойында бірсыпыра мінез-қьшыктары пайда болады. Ондай қылықтар ортадағы жағдайды өзгертеді деугеде болады.
Бір сөзбен айтқанда, балабақшадағы дағдарыс- баланың жеке тұлғасы мен оның маңындағы адамдардың өзара әлеуметгік қарым-қатынасын қайта құрып, оларды өзгертіп отыруға бағытталатын психикалық фактор. Баланың жеке басы мен ортаны зерттеу бірлікте қарастырылып, мұндай жағдайда патопсихология мен психологияда тіршілік әсерінің бастапқы түсінігі (единицасы) деп атауға болады. Сонымен қатар баланың іштей сыртқы ортаға қатынасын білдіруді біз оның әсерленуі деп санасақ, онда бала өзі көріп білген нәрселері жайында оған қатынасын, басынан кешірген күй-жайын аңғарған болар едік. Мұны баланың белгілі бір нәрсеге іштей қатынасы деп түсіну керек болады. Кез келген нәрсеге әсерлену баланың танымын дамытады. Мұндай таным түйсіну, қабылдау, елес, қиял, зейін қою т. б. Кез келген нәрсеге зейін аударып, оған әсерленудің өзі баланың танымдык әрекетін дамытады. Таным әрекеттері бала дамуындағы психолоиялық күрделі процестер екенін білеміз және мұндай, процестердің бәрі сананың қызметі болып саналады. Мектепке дейіңгі дағдарыс кезіндегі киын балалардың даму сипатын аныктау ушін олардын сыртқы жағдайларға әсерленуін мумкіндігінше терең зерттеп, олардан тиісті корытындылар шығарып отыруды кажет етеді. Дағдарыс жасын
мұқият зерттеу арқылы баланың негізгі әсерлерінің ауыспалы болуы осы кезеңде өтетінін көрсетеді. Дағдарыс ең алдымен баланың бойындағы күрт өзгеріс екенін байқатады. Мұндай орта үш жастағы бала үшін өзгермейді. Баланың дағдарыс кезеңдерін бақылап жүрген зерттеушілер бұрын өзін жақсы ұстап тіл алғыш және ерке болған сәби аяқ астынан кінәмшіл, ашулы, тілазар болып шыға келеді дейді.
Тағыда айта кететін болсақ Л. С. Выготский дамуды біркелкі емес, қарама-қайшылықты, ішкі қайшылықтардың пайда болуы және шешілуі арқылы жүретін ішкі анықталған, мақсатты процесс ретінде қарастырды. Сондықтан ол қысқа уақыт ішінде балада басқаларға байқалатын осындай өзгерістер орын алатын өтпелі немесе критикалық кезеңдерге назар аударады. Выготскийдің пікірінше, дағдарыс немесе сыни кезең - бұл сапалы оң өзгерістердің уақыты, оның нәтижесі жеке тұлғаның дамудың жаңа, жоғары сатысына өтуі. Дағдарыс мазмұны - дамудың қалыптасқан әлеуметтік жағдайының күйреуі және жаңасының пайда болуы.
Кішкентай адамның өмірі өмірінің алғашқы минуттарынан стресстен басталады. Сондай ақ жаңа туылған нәрестенің дағдарысы деп аталатын бұл өмір үшін күреске кірісіп, алғашқы тыныс алу арқылы жеңіске жеткен кездегі алғашқы бетбұрыс болып саналады. Айта кететін болсақ бала дамуының әртүрлі кезеңдерінде келесі балалық дағдарыстар пайда болады:
- Өмірдің бірінші жылында. Себебі, ең жақын адам - анадан алғашқы саналы қашықтық. Бала ой-өрісін кеңейте отырып, жүре бастайды. Сондай-ақ нәресте сөйлеуді үйренеді және қазірдің өзінде жергілікті сөздермен сөйлесе алады. Бұл эмоционалды толқуға, бәрін өз бетімен орындаудың шұғыл қажеттілігіне әкеледі: оның қандай зат екенін білу, оған қол тигізу және тіпті оны сынап көру. Бұл уақытта ата-аналар баланы әлемді танып-білуге кедергі келтірмей, оның қолы жетпейтін қауіпті объектілерді алып тастамай, жай ғана бақылағаны жақсы.
- Үшінші жылы. Бір уақытта бірнеше белгілермен сипатталатын ең эмоционалды балалар дағдарысы: бір адамның екіншісіне қатынасымен байланысты теріс реакция, қыңырлық, сынықтарды шешуге ұмтылу, тұрмыстық тәртіпке наразылық, тілек. ересектерден эмансипация үшін. Шындығында, бұл кезде бала бәрін өзі істегісі келеді, үлкендермен байланысын үзеді, ол өзінің «Менін» ерекшелеу кезеңін бастайды. Бұл уақытта нәрестені қоршаған әлемге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, оған бұл әлем оны жақсы көретінін көрсету өте маңызды. Осындай сенімді балалар ғана шешім қабылдаудан қорықпайтын және өз өміріне жауапкершілікпен қарайтын оптимист болып өседі.
- Жетінші жылы. Бұл «мектеп дағдарысы», ол жаңа білім алумен, ойлау процесінің басталуымен сипатталады, бұл кезде нәресте өз әрекетін ойланып, талдай алады. Бұл кезеңде балаларда «ащы кәмпит» симптомы бар: олар өздеріне еніп кетеді, оларды ештеңе мазаламайды деп санайды, бірақ өздері зардап шегуі мүмкін.
Эмоционалды түрде олар үлкен стрессті бастан кешіреді, өйткені олардың мектепке барғаннан кейінгі өмірі күрт өзгереді, әлеуметтік байланыстар қалыптаса бастайды. Мұнда ата-ананың қолдауы, олардың бірінші сынып оқушысының өміріне барынша қатысуы өте маңызды.
Дағдарыстың ішкі сипатын іздестірген шетелдік зерттеушілердің басым көпшілігі дағдарыстың ішкі сипатын биологиялық факторлармен түсіндіреді. А. Буземан сияқты авторлар баланың дағдарыска ұшырауын әлеуметтік ортаның ықпалы деп көрсеткісі келеді. Сол авторлар баланың дағдарысы түрліше ағысты бастан кешіреді деп дұрыс атайды. Бірақ Буземан бала дағдарысының таза экзогендік себептерден туындайтын ерекшелік деп емес, әртүрлі тіршілік ортасынын өзгеріс көріністері деп санайды. Буржуазияшыл зертгеушілердің бала дағдарысы жайындағы тұжырымы шындыққа сай келе бермейді. Өйткені олардың зерттеу аясы тар, олар баланы тек буржуазиялық отбасы жағдайында зерттеп, тәрбиенің белгілі бір түрімен ғана шектеледі. Дағдарыс кезеңі тәрбиенің сипатына орай түрліше жағдайда өтетінін тәжірибелер дәлелдеп отыр. [1]
Мектеп жасына дейінгі дағдарысты қарастыруға себін тигізетін үш түрлі көзқарас бар. Біріншіден, бұл дағдарыс баланың өтпелі кезеніне байланысты. Өйткені бала психологиясында бұл кезеңде жаңа-құрылымдар мен саналы ерекшеліктер пайда болады. Бала психикасының дамуындағы дағдарыстын пайда болуын оның жақын арадағы даму аймяғына қатысты қасиеттерді өзгеру заңдылығымен ұштасты түрде іздестіру керек болады. Мектеп жасына дейінгі дағдарысты тек теориялық схемамен қарастыруга болмайды. Біз іс жүзіндегі тиісті материалдарды талдаудан бастауымыз керек, мұндай материалдарды түсіктіруде ұсынылған теорияға сүйену қажет. Үш жастағы дағдарыстын мән-жайын ашып көрсету үшін балаңың дамуьшдағы сыртқы және ішкі жағдайларды қарастыру қажет. Бұл мәселенін түйінді жері бяланың үш жаста дағдарысқа ұшырау себептері нендей жағдайларға байланысты болады және оның қалыпты жағдайдан ауытқуына әсер етуші фактор қандай? деген мәселенің мәнін айқындап көрсетуді талап етеді. Отбасыдандан бірден балабақшаға келетін балаға қарағанда яслиден балабақшаға келетін баланың дағдарысы мүлдем өзгеше сипатта болады. Баланың дамуында дағдарысқа ұшырау үнемі болып отыратын құбылыс. 3 жас пен 7 жас баланың дамуында елеулі өзгерістерге ұшырау кезеңдер. Осы кезеңде бала психикасының дамуында айтарлықтай жаңа сапалар пайда болып, олар келесі сатыға ету кезеңінде елеулі қиыншылықтарды басынан кешіреді. Соның салдарынан белгілі жас кезеңнің ерекшеліктері сапалық өзгерістерге ұшырап, алдағы жас кезеңіне тән қасиеттердің жасалуына бейімделеді. Осы кезеңде баланың акыл-ойының өсуіне орай қауырт өзгерістерге ұшырап, тәрбиесі жөнінен де бұрынғы уакытқа қарағанда неғұрлым қиындай түсетіні айқын байқалады. Бұл кезеңде оны енді мектеп жасына дейінгі бала деп те, оқушы деп те атау киын. Өйткені ол өтпелі кезеңді басынан кешіреді. Соңғы уақытта бұл жасқа арналған бірқатар зерттеулер жарық көрді.
Баланың бойындағы ерекшеліктер 3-6 ай ішіндегі адам танымастай жаңа өзгерістерге ұшырап, оның ішкі дүниесіндегі елеулі құрылымдар пайда болады. Ал, баланың дағдарысқа ұшырау белгілері елеусіз болып қала береді. Осы орайда оның психологиялық өзгерістерге ұшырауы сыртқы орта мен маңындағы жағдайларға тәуелсіз екендігін аңғартады. Осы орайда біздер сәби бойындағы елеулі өзгерістерді байқап көріп, сыртқы ортаның әсерінен гөрі оның ішкі жан дүниесінің елеулі өзгерістердің неғұрлым шапшаң қарқынмен дамығанына көз жеткіземіз, сондықтан баланың ішкі өзгерістері әрқашан да оның өмірінде елеулі із қалдырып отырады. Жәнеде бала дамуының сәбилік кезеңінде елеусіз нәрсеге ашу шақырып, маңындағы адамдардың бәріне өз айтқанын істеткісі келеді. Соған орай үш жастағы дағдарыста екі жақты құбылыс пайда болады: Бала қиқарлық көрсетіп, ашу-ызасын шешесіне, ойыншықтарына ұрсып кею арқылы білдіреді. Баланың мұндай қылықтарын екінші жағынан қарағанда оның өзімшілдік әрекеті мен дербестігін, белсенділігін көрсететін сияқты. Баланың бойында енді «мен» деген пайымы болып, өзгелер сол баланын ығына қарай есу керек. Мұндай ерекшеліктер баланын өзіне деген қатынасынын өзгергенін көрсетеді. Осылайша, жалпы алғанда, орыс психологиясында дағдарысты жастық өтпелі кезеңнің мінез-құлық синдромы ретінде қарастыру, оның ішінде баланың ересек адам тарапынан адекватты емес педагогикалық әсерлерге ауыр реакциясы басты орынды алады.
- 3 жастaғы балаларда жаңадан пайда болатын дағдарыстар
Үш жас -бала өзін жеке адам ретінде ашып, басқа адамдардан бөлек өзінің әртүрлі тілектер мен әрекеттерін сезініп, өзі пайдалана алатын ерікке ие екенін түсіне бастайды. Осы кезеңде онда ерік білдіруге деген ұмтылыс пайда болып, өз қалауын ересектердің қалауына қарсы қоя қойып, талап етуге тырысатын болады. Сонымен бірге ол заттар мен адами қатынастар әлемін өзгерте алатынын және өзінің іс-әрекеті мен қиялын басқарып, өз күшінің, тәуелсіздігінің артып келе жатқанын сезініп, үлкендердің шектеулеріне тікелей қарсылық білдіре бастайды және және барлық жерде өзінің пікірін қалыптастыруға тырысады. [2]
Үш жасқа таман бала "Мен өзім" деген сана қалыптасады. Екі жарым-үш жарым жас аралығындағы балаларға кейде "негативизм сатысы " немесе "алғашқы ересектену" деп аталатын белгілер тән болады.
Бала осы уақытқа дейін үйде айтылмай жүрген балағат сөздерді қолдана бастауы мүмкін. Сөйлеулерінде тек барлық жаман мен теріс мағынаны білдіретін сөздер пайда болады. Жақында ғана сүйікті болған ойыншықтары мен кітаптары құндылығын жоғалтып, бала оларды лақтырып, жыртып, оларға қолайсыз теріс атауларды беруі мүмкін. Үш жастағы балада пайда болып бастайтын дағдарыстардың бірі.
3жасына қарай балалар секіріп, жүгіріп, шулау арқылы өзіне серіктес тауып алады. Бір-бірінің алдында мақтанып, бірінен бірі асып түскісі келетін сияқты көрінеді. Бірақ олардың осы қылықтары арқылы өзін басқамен салыстыру қабілеті дамиды. Олар үлкендермен қарым-қатынастан басқа өз қатарымен байланыста өзін-өзі және өзгегелерді де тани бастайды.
Негізінен үш жастағы балада пайда болатын дағдарысты қарастыруға себін тигізетін үш түрлі көзқарас бар.
Біріншіден,
бұл дағдарыс баланың өтпелі кезеңіне байланысты. Өйткені бала психологиясында бұл кезеңде жаңа-құрылымдар мен саналы ерекшеліктер пайда болады. Бала психикасының дамуындағы дағдарыстың пайда болуын оның жақын арадағы даму аймағына қатысты қасиеттерді өзгеру заңдылығымен ұштасты түрде іздестіру керек болады. Үш жастағы дағдарысты тек теориялық схемамен қарастыруга болмайды. Біз іс жүзіндегі тиісті материалдарды талдаудан бастауымыз керек, мұндай материалдарды түсіндіруде ұсынылған теорияға сүйену қажет. Үш жастағы дағдарыстың мән-жайын ашып көрсету үшін балаңың дамуындағы сыртқы және ішкі жағдайларды қарастыру қажет. Бұл мәселенің түйінді жері баланың үш жаста дағдарысқа ұшырау себептері нендей жағдайларға байланысты болады және оның қалыпты жағдайдан ауытқуына әсер етуші фактор қандай? деген мәселенің мәнін айқындап көрсетуді талап етеді. Осы мәселенің мәнін ашып көрсетуде біріншіден, дағдарыс баланың бойындағы мұндай жағымсыз қылықтарын оның тіл алмай, қасарысуынан айыра білу қажет. Баланың жағымсыз қылықтары ересектердің қойған талаптары мен айтқандарының бәріне қарсы шығады. Алайда баланың бір нәрсені істеуге зауқы болмаса мұның бәрі жағымсыз қылықтары мен қарсылық керсетуін (мысалы, ол ойнап жүргеңде оған жатып ұйықта десе, ол бірден тесегіне жатып ұйықтамайды), мұның бәрін дағдарыс кезенінің көріністері деп санауға болмайды. Бала барынша өзінің ойындағысын істегісі келеді. Бірақ оған тыйым салынады. Бұл жайттардың бәрін қисық-қыңырлық қылық, жағымсыз мінез деуге болмайды. Осындай жағдайда баланың ересектер талабына қарсы әрекеті оның өзі ұнатқан іспен шұғылданғысы келетінін көрсетеді.
Баланың үлкендердің талабына қарсылық білдіріп, ондай ұсыныстарын орындамай қырсығуы оның өзіндік ойы мен тілегін іске асыруға ұмтылуын көрсетеді. Мұндай қылық бала әрекетіндегі өзіңдік санасындағы өзгерісті, оның сапа жағынан жаңа сатыға көтерілгенін көрсетеді. Дағдарыстың көрінісі баланың існе, осындай қылықтарынан айқын байқалады. Егер баладан басқа бір нәрсені істеуді өтініп сұраса, оңда ол бұл жағдай өзінін көңіліне қонымды болғандықтан қарсылықсыз орындайды. [9]
Мысалға келтірсем - үш жастағы дағдарыс кезеңі созылып кеткен 4 жасар қыз бала өзін балалар мәселесін талқылайтыи конференцияға ертіп баруды өтінеді. Қыз оған баруға жинала бастайды. Мен қызды жүре ғой деп шақырдым. Бірақ оны мен шақырғандықтан, ол тіпті барғысы келмей калды. Ол барынша қарсыласып бақты. «Онда бері келе ғой», - деп едім, оған да келмеді. Оны өзімен өзін қалдырғанда, ол жылай бастады. Оны ертпегеніме өкпеледі. Бұл орайда оның қасарысып айтқанға көнбеуінен ызаланып булығып
ренжу пайда болды. Ол өзінің барғысы келгенімен, оған жүр деп айтқан сөз ұнамай, қарсылық білдірді.
Баланың бойын ашу-ыза кернегенде әмірлі дауыспен айтқан сөз де оған әсер етпейтінін байқатты. Бірсыпыра авторлар мұндай жайттарды көркемдеп жазды. Мысалы, ересек адам сәбиге келіп әмірлі үнмен: «Мына көйлектің түсі қара» десе, ол қарсылық көрсетіп, «бұл көйлектің түсі ақ» дейді.
Қасарысу оған айтылған сөздердің мәніне қарамастан керісінше істеуге кесірлену дағдарыстың нақтылы көрінісі. Жағымсыз әрекетгің тіл алмаудан екі түрлі айырмашылығы бар.
Біріншіден , бұл жерде өзге адамдармен әлеуметтік қатынас жасау манызды орын алады. Бұл ретте балара айтқанды істеп, оны ықтыру орындалатын әрекет маңызына емес, өзге адамдармен қатынас жасау ниеттілігіне байланысты. Жағымсыздык мінез-қылық әлеуметтік сипаттағы әрекет, бұл орайда балаға қойылған талап мазмұны емес, оның мәні адамға: бағытталған.
Екінші ерекшелік - баланың өзінің ашу-ызасына деген жаңаша қатынасы. Ол ашу-ыза әсерімен әрекет етпей, өзінің көңіл-күйіне керісінше әрекет жасауға ұмтылады. Ашу-ызаға бой билету мен әрекетгену үш жастағы балаға тән мінез ерекшелігі. Көптеген зерттеу нәтижелері баланың сәбилік кезеңінде оның ашу-ызасы мен іс-әрекеті бірігіп кететінін көрсетеді. Мектепке дейінгі жаста басқа адамдарға қатысты әрекет те пайда болып, ол өзге жағдайларға қатысты ашу-ызадан туындайды. Егер баланың қарсылығы белгілі бір жағдайға байланысты болса, онда оны баланың жағымсыз қылығы деп санауға болмайды. Мұндай ретте жағымсыздык әрекет дәл сол кездегі оқиғаға байланыссыз жағдайда көрініс табады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz