Бауыржан Момышұлының балалар әдебиетіндегі алатын орны
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1. Батырлығына қаламгерлігі сай тарихи тұлға ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1. Бауыржан Момышұлының шығармашылық жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2. Жазушының әдеби мұралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2. Бауыржан Момышұлының балалар әдебиетіндегі алатын орны ... ... ... ... .14
2.1. Ұшқан ұя повесінің тәрбиелік мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.2. Ұшқан ұя повесіндегі қазақ салт-дәстүрінің көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Бaуыржaн Мoмышұлының атын айтқанда, екi бiрдей бейне көз алдымызға келеді: бірi - батырдың бейнесi, екіншiсі жазушының бейнесі. Халқының аса ардақтысы, Бауыржан тұлғасына тамаша жауынгерлік сипат пен әдеби шығармашылық сипатының ғажап сыйысқандығына тәнті болмау мүмкін емес.
Бауыржан шығармалары майдан шебінде жүріп, көзi көрген өмiр тәрбисінен алынған отты жүректің, ыстық қанмен жазылған шығармалар болып табылады. Бауыржанның тұңғыш туындысы болған, қазақ әдебиетіндегі шаттығы биік шығармаларының бірі - Ұшқан ұя. Аталған повесть мемуралық жанрдағы шығарма ретінде жазылғанмен, ол проза денгейіне көтерілген ұлттық сипатта жазылған нағыз көркем туынды.
Қазақ және орыс тiлінің мол мүмкіндігін өзінің табиғи дарынымен, қаламгерлік танымымен қорыта пайдаланып, көрнекті қаламгерлік тұғырға көтерілген Бауыржан Момышұлы шеберлігін арнайы қарастыруда Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт Көшбасшысы - Нұрсұлтaн Әбішұлы Нaзарбаевтың Тaрих толқынындa атты кітабындағы қазақ тарихындағы дара тұлғалар хақындағы ойларының көрнекті жазушы Бауыржан Момышұлының тарихи-әдеби шығармашылығына, әскери қолбасшылық және қоғам қайраткері қасиеттері тұтасқан тұлғасына қатысты екендігін бaсты назарға аламыз: ... ол адамдар кейбір ымыраға бара отырып, басты нәрсені - халықтың тұтастығын, оның ғасырлар бойы қалыптасқан ішкі құндылықтарын жоғалтып алмау үшін қандай жолды таңдау қажеттігін түсінетін болады. Өз даналығының күшiмен табатын аяқ алысын аңғарып, барар бағытын бағалай білетін сондай адамдар табылуы тиіс еді. Олар жеке өз бастарының шығармашылық тағдырымен екі мәдениеттің басын қосуға тиіс еді. Олардың шығармашылығының өзі жеке адамның санасындағы тұйықталған драма немесе шалқыған патетика емес, мәдениеттердің, өркениеттердің бір-біріне өзара ауысуының тарихи сәтті сағаты болып табылмақ және ол сәт жаңағы ауыс-түйіс өмірдің өзінен өріс тауып, кеңінен қанат жаюынан бұрын болмақ керек. Олар өздерінің кедергі атаулыны бұзып-жарған ғаламат шығармашылық тегеурінімен жаңа, бұрынғыдан әлдеқайда жоғары бейнелер, мағыналар мен құндылықтар қалыптастырады,- деп көрсеткен [1].
Баукеңнің ұғымында өз ұлтының тәрбиесінен жұрдай адамнан, баршаға бауырмалдық шықпайды, өйткені ол ұлтты сүюдің не екенін білмейді - дей келіп, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді күшейту үшін, ұлттық тәрбиені қалпына келтіру керектігін атап көрсетеді. Бауыржан Момышұлының Ұшқан ұя еңбегiн ұлттық салт - дәстүрімiзді, көркем шығармаға мазмұндап берген этнографиялық еңбек деп айтуға толық негіз бар. Шығармадағы негізгi мәселе - адам, оның кемелдену жолдары болса, шығарма сюжеті осы адамдардын өзара әңгімелесуі, кеңесуі арқылы дамиды. Туындының өң бойында тектіліктің, кемеңгерліктің діңгегі суреттелген.
Курстық жұмыстың нысаны. Бауыржан Момышұлының қазақ әдебиетіндегі балаларға арналған шығармалары.
Курстық жұмыстың мақсаты. Бауыржан Момышұлының балалар әдебиетіндегі алатын орнын ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу.
Курстық жұмыстың міндеттері.
1.Бауыржан Момышұлының шығармашылығын ғылыми зерттеу еңбектері негізінде талдау.
2. Жазушының балалар әдебиетіндегі алатын орын зерттеу.
3. Бауыржан Момышұлының балаларға арнап жазған шығармаларының тәрбиелік мәнін ашып көрсету.
4. Жазушы шығармашылығының ерекшеліктерін негіздеу.
Зерттеу болжамы. Егер жазушының балалар әдебиетіндегі алатын орнын зерттеп, бастауыш сынып оқушыларына арналған шығармаларын ғылыми тұрғыдан қарастыратын болсақ, ақын шығармалары арқылы бастауыш сынып білім алушыларына кешенді түрде тәрбие беруге болады.
Зерттеу әдістері. Тақырып бойынша ғылыми зерттеу еңбектерін талдау әдісі, баяндау, талдау, салыстыру, сараптау, жинақтау, жүйелеу, қорыту әдістері қолданылды.
Курстық жұмыс кезеңдері: Курстық жұмыс үш кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңде: зерттеу тақырыбы бойынша жұмыс жоспарын құру; ¨ зерттеу жүргізу әдістері анықталды.
Екінші кезеңде: зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді қарастыру және оларды талдау жүргізілді.
Үшінші кезеңде: ғылыми зерттеу жұмысы қорытындыланып, зерттеу нәтижелерін тұжырымдалды.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Батырлығына қаламгерлігі сай тарихи тұлға
1.1. Бауыржан Момышұлының шығармашылық жолы
Елдік пен ерліктің киесіндей, батырлық пен батылдықтың иесіндей, асылдық пен жасындықтың үлгісіндей аты аңызға айналған баһадүр батыр Бауыржан Момышұлы - тау тұлға. Ол кісінің өмір жолы, сұрапыл соғыс жылдарындағы жанқиярлық ерлігі, өжеттігі мен өрлігі, алғырлығы мен көрегендігі - біле білгенге ұлы тәрбие, үлкен өнеге мектебі. Батыр Бауыржан Момышұлы - алмас қылыштай өткір де қайсар, дана да данышпан, шешен әрі ақын, сөз қадірін өз қадірі, өз қадірі ел қадірі деп бағалаған айбынды азамат. Осынау дара тұлғаның бүкіл саналы ғұмыры, ғибратқа толы істері, жүріс-тұрысы, сөйлеген сөздері, терең мағыналы ойлары әркімнің көкейінде. Бауыржан Момышұлы - адамгершіліктің, азаматтықтың, патриоттықтың, имандылықтың символы, көркем бейнесі іспетті. Батыр атамыз Бауыржан Момышұлы жеке басы ойшылдығымен, отаншылдығымен, ұлтжандылығымен, қаһармандылығымен, дарындылығымен, жоғары адамгершілік қасиеттерімен елеулі. Баукең - әлем халқының ортақ перзенті дәрежесіне дейін көтерілген азамат.
Бауыржан Момышұлы, сөз жоқ, батырлығына қаламгерлігі сай тарихи тұлға. Әрине, көзсіз батыр емес, алды-артын ақылмен, оймен барлай білген бірегей берен. Оның қарымды қаламынан өрілген "Офицер жазбалары", "Ұшқан ұя", "Москва үшін шайқас", "Жауынгердің тұлғасы", "Ел басына күн туса", "Майдандағы кездесулер" және сексенінші жылдары жариялана бастаған "Қанмен жазылған кітабы" батырдың мұрағатындағы мол қазына. Оның қазақ және орыс тілінде жазылған төрт томға жуық шығармалары бүгінде қалың оқырманның игілігіне айналуда. Кеңес өкіметінің саясатының ықпалы бар, екінші жағынан әскери қызметтің темірдей тәртібі бар, кезінде шығармаларын орыс тілінде өндіре жазған. Иә, бүгінде аса құнды рухани мұраға айналып отырған жазбаларының басым бөлігі орыс тілінде жазылуымен ерекшеленеді. Бірақ бұдан ол кісіні тек қана орысша ойлайды екен деген ой туындамауы керек. Айтарының бәрі, сайып келгенде, Алаш пен ұлттың мүддесі, халық рухының еркіндігіне келіп тіреледі. Көркем шығарма болсын, тарихи-деректі дүние болсын, қазақ және орыс тілінде еркін жаза білетін жазушы ол кезде некен саяқ болса, соның бірі Баукең еді. Мысалы, күнделіктер, естеліктер, әлбетте, хат-хабар сияқты эпистолярлық жанрдың да берер азығы мол деген сияқты. Мысалы, Ресей оқырмандары бір ғана Пушкиннің жазған хаттары мен алған хаттарының өзінен оның өмірі мен шығармашылығына байланысты қаншама құнды деректерге қанығады.
Бауыржан Момышұлы әділет жолында һәм шындық үшін өзін де, өзгені де аяған емес. Ащы да болса шындық артық деген жолды ұстанды. Бауыржан Момышұлы сынына, ой-пікіріне түсіне білген адам оны ақылға салып, қабылдай да біледі деп ойлаймын. Ал ойлана білген әрбір жас Баукең сөзінен рух еркіндігін сезініп, санасындағы бодандық сезімнен құтылып, жан-дүниесі байып, ой-санасы еркіндікке құлаш ұрып, биікке қанат қағары сөзсіз. Баукеңнің ащы сынға толы өміршең ой-пікірлерінің өзі осындай тәрбиелік тереңдігінде жатыр. Соғыстан кейін Бауыржан Момышұлы Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді. Әскери-педагогикалық жұмыспен айналасып, Совет Армиясы әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Жазушылық талант тез ұшталды. Ол шығармаларын қазақ, орыс тілінде жазып, қазақ әдебиетіндегі әскери проза жанрының негізін қалады. Оның соғыс жылдарында жазған күнделіктері, солдат өмірінен туған мақал-мәтелдерден іріктеп алғандары, майдан өмірінің елеулі оқиғаларынан жазған көркем очерк, әңгімелері орталық және республиқалық газет, журналдар бетінде басылып жүргені көпшілігімізге мәлім. Бірқатар шығармаларында Бауыржан Совет Армиясының қатарында қызмет ететін жастарды батырлық пен батылдыққа, төзімділік пен тәртіптілікке, тапқырлық пен табандылыққа қалай үйрету керек деген мәселелерді көтереді. Бауыржан өзінің Офицер дәптері атты қолжазбалары туралы: Көрген-білгенімді, өмір шындығынан туған ой-пікірімді қағаз бетіне түсіргенде, мен, өзімді қаламы төселген жазушы болдым деп жүргенім жоқ, менің, жазғандарым жазушыларға материал болса да жеткілікті, - дейді. Бірақ бұдан автордың өз еңбектері бөгде кісінің көмегінсіз жариялауға жарамайды деген ұғым тумайды. Оған осы кітап айғақ [2]. Бұл кітапқа кірген әңгімелер мен очерктер қаламы төселген жазушының шығармасы еместігі де даусыз. Сонымен қатар, бұл еңбектердің әрқайсысында өмір шындығы, солдат сыры, Отанын сүйген адамның жан сезімі бар. Бұл шығармалар мыңдаған совет солдатының тағдырына жауапты командирдің демалыс уақытында ғана жазылған, совет командирінін ауыр борышын атқару жолындағы арпалыспен араласа туған, автордың өз сөзімен айтқанда, аттың, жалында, автоматтың жанында жазылған еңбектер.
Біз Бауыржанның қалың дәптерінің ішінен алынған қолжазбаларын бөлек кітап етіп ұсынғанда, оқушы жұртшылығымыз осы айтылған ерекшеліктерін ескерер деп сенеміз. Жігіттердің намысын қыздыруға тырысады: Дұшпандарды артымыздан ертіп Москваға не бетімізбен барамыз, жігіттер сүйегіміз осы жерде қалсын, бір адым кейін шегінуге жол жоқ, - деп солдат кеудесіндегі патриоттық сезімді оятады. Ал Бір түннің оқиғасында автор былай деп іштей толғанады: Өлім кімнің денесін түршіктірмейді? Ажал мен азаптан қобалжи қорқу айып емес. Тірі жанға арын ардақтап ұстай білмегендік айып. Жаным - арымның садағасы, - дейді. Осы ішкі монолог әңгіме желісіне ауысады. Бауыржан Момышұлы әдебиетімізде алғашқылардын бірі болып соғыстағы адам мінезінің алуан құбылыстарын суреттеу міндетін алға қойды және оны ойдағыдай шешіп отырды. Бауыржан өз қанатының астындағы сабаздарын өзінің адуынды қанатты сөздерімен, туған елге - жерге деген адал, патриоттық сезімімен осы соғыста жеңуге жетелей отырып, шабуылдарда Жаным - арымның садағасы, Ерлік - батырлықтан туады деп ұрандатып, алдыңғы сапта жүрді. Мұндай рухты, қанатты сөздер мен әрекеттер жауынгерлерді тек қана алға ұмтылдырды. Осындай сөздермен қанаттанған олар өздерінің суықта тоңғандары мен бораған оқ астында жүргендерін ұмыта отырып, жеңіс күнін жақындата түсті. Біз үшін олардың ерлік істері мәңгілік, ұмытылмас мұра. Келешек ұрпаққа өнеге, үлгі боларлық іс.
Сонымен қатар, Қосаева өзінің еңбектерінде Оның ақындығы мен суретшілігі, қолөнер шеберлігі, музыкадан хабардарлығы, құралайды көзге атқан мергендігі, ат құлағында ойнайтын шабандоздығы мен атбегілігі, турникке тартылу мен басқа спорт түрлерінен жетістіктері, бильярд ойынындағы шеберлігі және т.б. қырлары көпшілік үшін жақсы таныс емес. Сан алуан талант пен адами қасиеттерді бір бойына тұтас жинаған Баукең қазақтың нағыз сегіз қырлы, бір сырлы азаматы еді. Қазақ және орыс тілдерін бірдей еркін меңгерген ол сөзге шешен және ұтқыр ойға тапқыр болатын. Ол заманауи жаратылыстанулық және қоғамдық білімдерді терең меңгерумен қатар, қазақтың өткен тарихын, шежірелері мен салт-дәстүрін өте жақсы білген. Баукең адам бойындағы сезім иірімдері мен жан толғаныстарын зерек түсініп, оны талдап тамырлай білген психолог. Қоғамдық психологияны жақсы меңгергендіктен айта да, тыңдата да білген. Сұсты бет-келбеті, тікірейген қайратты шаштары мен кең маңдайы, отты жанары қос қанатын қомдап, ұшуға дайын отырған қыран бүркітті елестетеді. Жалған сөйлеуді, жасанды мінез көрсетуді жақтырмайтын тік мінезден хабар береді. Ал әңгімесі жарасқан, көңілі түскен адамға жайдары, кең пейіл мен ақ көңіл, балаларға мейірімділік танытқан,-деп атап көрсетті.
Бауыржанның шығармаларында аңғарған кісіге қазақ халқының ұлттық мінезінің нышаны мен қазақ тілінің рухы, құрылысы, кестесі байқалып-ақ тұрады. Жазушы Дмитрий Снегин Бауыржан Момышұлының осы бір жазу ерекшелігін жақсы аңдаған: Оның шығармаларының барлық образдық құрылысы авторының қазақ екеніне айқын айғақ болып тұрады. Және аударма емес, туынды екендігі де анық көрінеді дейді ол [3]. Шынында да қазақ тілінен орыс тіліне аударылған көп төмен қол кітаптардан тура орыс тілінде жазған Бауыржан шығармаларының түпнұсқалық, ұлттық белгі, қасиеттері басымырақ екені даусыз ғой. Әңгіме Момышұлының қазақтың психологиясын терең біліп жазатындығында ғана емес, казақтың мақал-мәтелдерін яки Абай поэзиясы мен халық поэзиясынан көп өлең үлгілерін пайдалануында да емес. Әңгіме жазушының суреттеп отырған өмір шындығына қазақ топырағында туып, өскен байырғы адамның көзімен қарап, барлық суретке өз бейнесінің бедерін салған ерекшелігінде.
Халықтық ұлттық тәрбиеге сусындап өскен Бауыржан Момышұлының ар мен намысты биік ұстаған тұғырлы тұлғасы Ұшқан ұя повесінде терең танылады. Бауыржан Момышұлының Ұшқан ұя повесі (1974 жылы) - халқымыздың XX ғасырдың басындағы этнографиялық энциклопедиясы іспетті аса құнды, қазақ руханиятының қазынасы. Салт-сана, дәстүр, ұлттық келбеті өте шынайы суреттеледі. Бауыржан Момышұлы Мемлекеттік сыйлыққа (1976 жылы) ие болған Ұшқан ұя кітабында он алтыншы жылдың дүрбелеңі мен күштеп ұжымдастыру кезіндегі тартыстар батыл айтылып, Кеңес өкіметі қалыптасуының aлғашқы жылдары кеңінен қамтылған. Кеңес Одағының Батыры, жазушы П.Вершигора: Біз Бауыржан Момышұлының әскери ерліктерін білеміз. Жазушы бола жүріп, екінші ерлік жасады. Менің ойымша, екі ерлік те пара-пар, - дейді [4]. Ұшқан ұяда әлем тарихы, жаратылыс шежіресі, жан-жануарлар болмысы, қауымының қалыптасуы, әлемнің пайда болуы, тірлік, өмір туралы алғашқы мағлұматтарды,азаматтық тұрғыдағы аңыз-әңгімелерді әжесінен естігенін үлкен сүйіспеншілік сезімен есіне алған, сондай-ақ ненің жақсы, ненің жаман екенін, нені сүйіп, неден аулақ жүруді әжесінен үйренгенін мақтан етеді.
Бауыржан Момышұлы көзсіз бaтырлығымен қоса шешен, дана, ол тәлім-тәрбиенің көзі болып табылатын қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын бойына дарытқан жан. Оның атаулы шығармасын оқысаңыз да ең бірінші қазақтың қандай ұлт екендігі, немен айналысатындығы, рухани байлығы, не ырымы, салт-дәстүрі, яғни бүкіл бір ұлтқа тән ерекшелігін байқай аласыз. Өзіңіздің бойыңызда бір ұлтқа тән бар асылды осы кітап ішінен кездестіру барысында өз ұлтыңызға деген жылуды сезіну ғажап емес. Ұлттық дәстүрлі тәлім-тәрбиенің танымымыздан сызылып, жанымызға жақын қасиеттердің құлдырауы, жойылуы - ең алдымен ұлттық сaнаның күйреуіне, ұлттың түбегейлі құрып кетуіне, ұлттың менталитетінен жат нәрселердің қалыптасуына әсер ететін қатерлі құбылыс.
Бүгінде елімізде Рухани жаңғыру бағдарламасы қабылданып, ұлттық құндылықтарымызға бет бұрып, мәдени-тарихи мұраларымыздың құндылығын қайта қарастырып, зерттеу үрдісі қолға алынды. Дәл осы тұста халық жадында өзінің нар тұлғасы мен патриоттылығы, рухани болмысымен сақталған Кеңес Одағының батыры, Қазақстанның Халық қаһарманы - Бауыржан Момышұлының шығармаларының маңызын ерекше атап өтуіміз керек. Ұлттық тәрбиеден нәр алып, рухани құндылықтарды бойына сіңіріп өскен адам ғана толық адам ретінде биік дәрежеге көтеріліп, өмір сүріп отырған ортасында өз орнын нақтылайды. Сондықтан да, қазіргі жас ұрпақтың бойында ұлттық рухын оятып, отаншылдық санада тәрбиелеуде өз елінің патриоты, рухшыл, тіл жанашыры Бауыржан Момышұылының шығармаларының берері мол екені сөзсіз.
1.2. Жазушының әдеби мұралары
Сындарлы сұрапыл жылдары қол бастаған батыр өмірден түңілмей, шаршы топта сөз бастаған жазушыға айналады. Бауыржан Момышұлы өзінің жазушылыққа бет бұруына түрткі болған себеп адамгершілік парызды сезіну болғандығын айтады. Өзім көрген асыл азаматтар өнегесі, өз тәжірибемді өсіп келе жатқан ұрпаққа үлгі етіп қалдыруды адамгершілік парызым деп білдім,- дейді батыр ағамыз. Қатардағы жауынгерлермен бірге майданның ыстық суығына бірге төзген Бауыржан Момышұлы: Ұрыс-соғыста адамға тән барлық: жоғарғы және төменгі қасиеттер барынша ашылып көрінеді. Жоғарғы сезімдер: парыз, адамгершілік, ерлік, батырлық, қаһармандық, адалдық, т.б. Ал төменгі сезімдер: опасыздық, ұждансыздық, үрей, қорқыныш, шошу, т.б. дейді. Бауыржан шығармалары адамдардың соғыс үстіндегі, қиын, сын сағатты кезінде әрекет-қимылдарын суреттейді. Жаңа заманның жаңалықтары арқасында шолжаң өскен ұрпақ үшін бұл шығармалармен таныс болудың маңызы зор болар еді. Мұндағы, жеке тұлғалардың (типтік бейне ретінде алынған), жұмыла әрекет еткен адамдардың ерлік іс-қимылдарының өнегелік мәні айрықша. Бауыржан өзінің шығармаларында батыр жандардың көп иірімді мінез-құлқын көрсетуде мінездеудің алуан түрлі жолдарын, диалог, монолог, портрет, психологизмді кеңінен қолданған. Осы тәсілдер арқылы жазушы кейіпкерлерінің ішкі әлеміне ене отырып, адамның жан дүниесінің сипатын көрсетеді [5].
Бауыржан Момышұлы өзі жазып қалдырғандай, соғыс біткеннен кейін қолжазбаларына, күнделіктеріне қайта үңіліп, сарғайған сырлы, шежірелі тарихилығымен қатар тәрбиелік мәні зор шығармаларын өндіре жазады. Өткен ғасырдағы қазақтың біртуар азаматы, көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналып, онысын ақиқатпен ұштастырған, ерлігі мен өрлігі, азаматтығы елді ардақтаудың ең биік үлгісіне жетіп халықтың бетке ұстар ұлына, мақтан тұтар қаһарманына айналып кеткен Кеңес Одағының батыры - Бауыржан Момышұлы артына мол әдеби мұра, көркем дүние қалдырған, ұлтжанды, терең ойлы жазушы.
Ұшқан ұя туындысы Бауыржан Момышұлының орыс тілінде Наша семья деген атпен жазылған алғашқы көлемді шығармасы болады. Бұл шығарма мазмұны мен көркемдігі жағынан жоғары бағаланып, Абай атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығын алды. Шығарма 1956 жылы жазылған болатын. Ал Москва үшін шайқас деп аталатын туындысы орыс және қазақ тілінде жазылған, әрі Баукеңнің майдан төрінен оралмай қалған қанды көйлек майдандас жауынгерлер тағдыры суреттеумен ерекшеленетін айрықша мәні бар шығармасына айналып үлгерді. Ұлы Отан соғысында халқының ұлттық батырына айналған Бауыржан Момышұлы бұлтта ойнаған жасындай Москва түбіндегі шешуші шайқастарда қапияда ой тапқан, қараңғыда жол тапқан, ерен ерлігімен даңқы әлемге жайылып, аты аңызға айналған бірегей қолбасшы ретінде танылды. Бауыржанның Москва үшін шайқас кітабын жазудағы басты мақсаты - Ұлы Отан соғысында шейіт болған майдандас жауынгерлерге солдаттық парызы ретінде ескерткіш орнатуы болатын.
Бауыржан Момышұлының соғыс кезінде жазған ең көлемді еңбегі - Соғыс психологиясы. Кезінде Қазақстан ғалымдары мен қаламгерлеріне арналып оқылған бұл монографиялық лекциялар күні бүгінге дейін осы саладан біздің елімізде жазылған ең іргелі де күрделі еңбек болып отыр. Сондықтан да, Қазақстанда соғыс философиясының негізін қалаған Бауыржан Момышұлы деп айтуға әбден болады. Баукеңнің ар, намыс, парыз, ұлттық рух, ұлттық патриотизм, интернационализм, ерлік, адамгершілік және басқа толып жатқан сезімдер туралы анықтамалар мен түсіндірмелері - өз басынан өткізген адамның сезінгендері. Сондықтан да көкейге қонымды. Жазушы-батыр ұғымында өз ұлтының тәрбиесінен жұрдай адамнан баршаға бауырмалдық шықпайды. Өйткені ол ұлтты сүюдің не екенін білмейді. Бауыржан Момышұлы соғыс аяқталғаннан кейін Кеңес Одағы бойынша айрықша іріктеліп, тұңғыш рет Бас штабтың академиясына қабылданған ең таңдаулы 250 офицердің ішіндегі жалғыз зиялы азамат болды. Бұл оқу орнын бітіргеннен кейін әскери академиялардың профессор атағын алып, дәріс берді. Басшылық әскери қызметтер атқарды. Бірақ жоғарыдағы бас штаб академиясын бітіргендердің ішінен тек Момышұлына ғана генерал дәрежесі берілмеді, қиянат жасалды. Кейіннен шығармашылыққа біржола бет бұрды. Көркем әдебиеттің, оның ішінде соғыс тақырыбына жазылған, жазылатын әдебиет тағдыры Баукеңді майданда жүргенде-ақ толғандырған болатын. Ол өзінің республика идеологтары мен ақын - жазушыларына жазған хаттарында
соғысты суреттегенде, жауынгер бейнесін бергенде шыншылдықты ұстануды талап етті.
Ұлттық әскеріміздің қалыптасып жатқан қазіргі кезеңде біздің әдебиетімізге Бауыржан Момышұлы сияқты жанашыр керек екені айтпаса да түсінікті. Баукең шығармашылығының бір саласы оның өлеңдері мен қанатты сөздері, мақал - мәтелдері. Батыр жазушының өсиет сөздері күні бүгінге дейін елдің аузында. Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды - деген қанатты сөзі айрықша естіледі. Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып қызмет ет, Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет ет, Тәртіп тән үшін, ынтымақ жан үшін керек - деген сөздері бүгінгі күннің өзекті ұраны. Бұл саладағы еңбегі Бауыржанды халқымыздың дуалы ауыз би-шешендерінің қатарына апарып қосады. Момышұлының халық ауыз әдебиетінен тәлім алып, оны өмір бойы жадында сақтағаны туралы деректер де жетерлік. Соның бірі жазушы М. Қалдыбаевтың Ұмытылмас кездесулер атты кітабындағы Әке атты бөлімінде Бауыржанның мынадай сөздері берілген: Біреудің сөзін байқау, оған мән беру, адам тану жағынан әжемді алғашқы ұстазым деп білемін. Кейінгі ұстаздарымды да жоққа шығармаймын. Олар - әжемнің тәрбиесін жалғастырушылар. Анамның үш жасымда қайтыс болғанын Ұшқан ұядан білерсіңдер. Ұзын бойлы, қызы шырайлы, сұлу кісі екен. Білім құмарлыққа тәрбиелеген ұстаздарымның бірі - әкем. Бағыт-бағдар беретін. Қонақ келсе, қумайтын. Жалғыз ұлы болғандықтан ба, мені қасына ертіп жүретін. Үйде Мұхтасар, Сұрмерген, тағы басқа қисса кітаптары болатын. Сұрмергенді жатқа білетін. Оны Момынқұл көкем де, мен де жатқа білетінбіз [6].
Прозаик Бауыржанның Офицер күнделігі (1952 жыл. Калинин қаласы, орыс тілінде), Генерал Панфилов (1963 жыл), Жауынгер тұлғасы (1959 жыл), Бір түннің уақиғасы (1954 жыл. Калинин қаласы), Москва үшін шайқас (1959 жыл) атты кітаптары жауды жеңу үшін, алдымен өзіңді жеңуің керек екенін тамаша талдап берген шығармалар. ал Ұшқан ұя повесін ұлағатты ұғыну бір бөлек. Отты жүректің ыстық қанымен жазылған бұл еңбектері - өлмес мұралар, тарих куәсі болып қалмақ. Бәрін екшеп келгенде Бауыржан Момышұлының өнегесі бізді халқымыздың алдындағы перзенттік парызымызды өтеуге үйретеді. Аты аңызға айналған Баукең тарихи бейне ғана емес, ерліктің жанды үлгісі болмақ. Аңыз болған, ғасыр адамы Бауыржан Момышұлы өзінің дүниеге келу тарихынан мәлімет бере кетеді: Момыш әкемнің айтуынша, мен мың тоғыз жүз оныншы жылдың қысында, ескіше декабрьдің жиырма төртінде туыппын [7]. Ұшқан ұяда келтірген мәліметіндегі Бауыржанның дүниеге келген мекені Жамбыл облысы, Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені. Момышұлының соғыс кезіндегі ерен ерлігі жөнінде белгілі орыс жазушысы А.Бек Волоколамск тас жолы повесін жазды. Бұл шығарма кейіннен ондаған тілдерге аударылып басылды. Момышұлы Ұлы Отан соғысынан кейін Совет Армиясы Бас штабының Жоғары Әскери академиясын бітірді. (1950 жыл) Әскери-педагогикалық жұмыспен шұғылданып, Совет Армиясының әскери академиясында сабақ берді. 1955 жылы Кубаға барған сапары бойынша жазылған Куба әсерлері,
Төлеген Тоқтаров т.б. кітаптары жарық көрді. 1956 жылы Жонарқа атты
әңгімелер жинағы шықты. Ел басына күн туса шығармасы бойынша кинофильм түсірілді. 1969 жылы алғаш рет екі томдық шығармалар жинағы басылды.
Баукең соғыс жылдарында еліміздің көрнекті қоғам қайраткерлерімен, ғалымдармен хат жазысып, пікір алысып тұрған. Қазақстан ғалымдары Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезовке жазған хаттарында көркем әдебиетке жанашыр, ұлт болашағына тереңдікпен қараған ұлы тұлғаның айтпағын түсіну парыз. 1943 жылы желтоқсан айының соңында Алматыға майданнан оралған гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлын Қазақстан жұрты қуанышпен құшақ жая қарсы алды. Зиялы топ өкілдері ақын Жамбылмен, ұлы жазушы Мұхтар Әуезовпен сұхбаттасады. Әуезов екеуінің арасындағы хат арқылы байланыс шынайы сұхбаттасуға, білісуге айналып Қазақстандағы әскери әдебиет жайындағы еңбектерге көңілі толмай жүрген Баукең Қанмен жазылған кітапты өмірге әкеледі. Алматыда ол алты күнге созылған әңгіме - дәріс өткізеді. Осыны Бауыржан екі том көлемінде бастырып, бірінші данасын Қ.Сәтбаевқа, екіншісін өзі майданға әкетеді. 1975 жылы жазда қолжазбаны М.Мырзахметұлына берген, содан соң әңгіме - дәрістің стенограммаға түскен түпнұсқасы жарты ғасырдан соң жазушы (М. Әуезов) архивінен алынып, Соғыс психологиясы деген атпен алғаш рет басылды.
Қазақстан өз алдына тәуелсіздік алып, қазақ тілі мемлекеттік тіл болды. Баба тіліміз , яғни ана тіліміздің мәртебесі биіктеді. Осы орайда даңқты батыр, әскери жазушы Б.Момышұлының 1944 жылдың басында ҚазКП Орталық комитетінің идеология хатшысы М.Әбдіхалықовқа жазған Қазақ тілі туралы пікір деп аталатын хаты ойға оралады. Б.Момышұлын осынша толғандырған не нәрсе десеңіз, ол ана тілінің сол кездегі жайы мен болашақ тағдыры екені анық болып шықты. Б.Момышұлы қазақ тілінің қолданылу аясының тарыла бастағанына өмірден өзі көрген 8 түрлі дәлел келтіріп, бұл кемшілікті дұрыстау бағытында өз тарапынан 9 түрлі ұсыныс енгізеді. Сыншы ана тілінің мәртебесін лайықты орнына қоя алмауда бірінші кінәлі- ұлттың оқымыстылары деп мінейді. Өйткені мәдениетті елдердің бәрінде де ұлт зиялылары ана тілінің тазалығы мен тағдырын қолында ұстап келеді.
Қазақ тілі туралы пікір дейтін мақала хатында кемшіліктерді түзету бағытында 8түрлі ұсыныс айтыпы өтті:
Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып саналып, өз орнына , төрге шығарылып отырғызылуы керек;
Ақпарат құралдарын басып кеткен , тіпті әдебиетті де бүлдіре бастаған шұбар тілдерге тыйым салу;
Қазақ тілін үкімет, кеңсе,оқу мен білім,өндіріс,өнеркәсіп тіліне айналдыру;
Газет,радио,әсіресе,Социалистік Қазақстан газеті Правда газетіне ұқсап,тіл тазалығы жағынан басқаларға үлгі болу керек;
Барлық оқу орындарында қазақ тілі , қазақ әдебиеті,қазақ тарихы міндетті сабақ болуы тиіс;
Барлық қазақ балалары,қыз балалары әкімшілік ретінде қазақ мектептеріне көшіріліп, алдымн ана тілінде ғылым алатын болу керек.Он шақты жылдардан кейін жас қазақтарға, қазақтармен сөйлесуге тілмаш керек болуы масқаралық болады ;
Барлық қазақ тіліндегі әдебиет, оқу құралдары қайта шығарылып, шүршіттіктен тазаланып, елгезермен елегендей , қоқсық-құрымнан мүлде арылу керек ;
Шет тілдерден енген сөздердің тілдік қорымызда бар баламалары айналымға түсіріліп, жоқтары жүйеге келтірілуі керек.
ХХ ғасырда өзінің есімін қазақ тілінің тағдырымен байланыстырған екі адам болса, соның біріншісі- А.Байтұрсынұлы , екіншісі- Б. Момышұлы болып табылады.
2 Бауыржан Момышұлының балалар әдебиетіндегі алатын орны
2.1. Ұшқан ұя повесінің тәрбиелік мәні
Қазақ халқы ежелден бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, оның дүние есігін ашқан сәттен бастап болашағын қалыптастырудағы алғашқы баспалдақтарын жасаған. Тәрбие, өнеге алған бала, келешекте де алған өсиет-білімін өмірімен ұштастыра, бaйланыстыра отырып, көздеген ұлы мақсаттарына қол жеткізбек. Ж.Ж.Руссо айтпақшы: Балалық шақты балалық шағында көктетуді жөн санаған ата мен ана, оның болашағынан зор үміт күтері сөзсіз. Адам өміріне үлкен әсер ететін ең бірінші құрал - оның тәрбиесі [8]. Бауыржантану ғылымының қалыптасу кезеңінде батырдың дара тұлғaсын тану, өскен ортасы мен тәлім алған қайнар бұлағының көзін ашу және оның ұрпақ тәрбиесіне, көркем әдебиетке әсерін бағалау ХХІ ғасыр өкілінің, әсіресе, жас буынның ой-пікірі, танымы маңызды екені мәлім.
Бауыржан Момышұлы шығармаларының ішінде жылы естеліктерден өрілген Ұшқан ұя атты туындысы бар. Онда ошағы бар, бала-шағасы бар, туған ауылы, туған алақанының жылуы, ақсақалдар, Туған жер және халықтың болмысы - барлығы да суреттелген. Соғыс жылдарындағы естеліктер де кітапқа енген. Жазушы бұл романдар мен әңгімелерге жанын салды. Оларды оқи отырып, алаңсыз да бақытты балалық шаққа деген барлық махаббат пен сағынышты еріксіз түсінесің. Ауыл, салт-дәстүр, ақсақалдар, дала заңдары қызықты оқиғалармен өрби түскен. Қазақ отбасындағы ұлттық тәрбие адамның ана құрсағынан бастап, өмір бойы және дүниеден кеткеніне дейін әдет-ғұрып, салт-дәстүр негізінде үздіксіз жүргізіліп, іс-әрекет, қарым-қатынас арқылы жүзеге асқан. Сонымен қазақ отбасындағы ұлттық тәрбие ғасырлар бойы жинақталған халықтық тәрбие дәстүрлері негізінде жүзеге асырылып отырған, яғни халық педагогикасы қазақ отбасындағы ұлттық тәрбиенің негізі болды. Қазақ жұрты бала тәрбиесіне үлкен мән беріп, оған ерекше ден қойған. Өйткені, ол баланы отбасы мен өмірдің жалғасы, болашағы деп санаған. Мысалы, отбасында баланың көп болуы, ұрпақтың жалғасы болу туралы көп дұға-тілектер айтқан Оған хaлқымыздың мынадай даналық сөздері дәлел: Бесіксіз үйде береке жоқ, Балалы үй - базар, баласыз үй - қу мазар, Бала - адамның бауыр еті, т.б. бала туралы мақал-мәтелдер бар [9]. Қазақ перзентінің бәрін жақсы көрген, бірақ ұл баланың жөні бөлек болған. Әбден күттіріп барып дүниеге төрт қыздан кейін Бауыржан келеді. Одан кейін Бауыржанға атасы Имаш бата береді. Үш айға толғанда өсиет айтады. Бауыржан Имаш бабасының біріншісін бата, екіншісін өсиет деп біледі. Екеуі де сағынтып дүниеге келген ұлдың жақсы азамат болуына арналып айтылған тілек. Жарық дүниеге келгеніме екі-үш ай болғанда, шешем мені күн көзіне шығарып, Имаш атамның алдына әкеліпті. Атам ерте көктем алдында ағаш отырғызып жүр екен.
- Атасының қолын ұзартып, қолғабыс беруге келді,-депті шешем ізетпен иіліп. Атам еміреніп мені алақанына алыпты. Қолыма жас бұтақ ұстатып:
Құрық деп берсем - құл болма,
Шыбық деп берсем - шіл болма.
Бәрінен де, шырағым,
Баяны жоқ ұл болма, - деп келініне мені қайтарып берген екен, - дейді жазушы өз шығармасында [10]. Бауыржанға атасының батасы дарып, өсиет-тілегін орындаған азамат болып өседі. Шығарманың осы жолдарынан қазақтың ұлттық танымындағы үлкендерден бата сұрау дәстүріне куә боламыз. Қазақ бала кезінен ұрпағын үлкеннің алдын кесіп өтпеуге, тек ақ батасын алуға тәрбиелеген. Өйткені батаның адам өміріне тигізер әсері зор болғаны тарихтан белгілі. Сенімге негізделген батада айтылған әрбір сөздің қабыл болатынына халық ешқашан күмән келтірмеген. Ұшқан ұяда автор адамдардың бірін-бірі құрметтеуі, ізет көрсетуі, сыйлауы мәселесіне ерекше мән берген. Оны Қабылбек пен Текебай би арасындағы дау-дамай арқылы жеткізеді:
- Менің күшігім саған қарап шәуілдесе керек, Қабылбек! Айыбын көтергелі келдім алдыңа. Кешіремісің, сірә! - депті. Мына сөзден Қабылбектің қабырғасы сөгіліп, қалбалақтап атынан аунап түседі:
- О, текті би Текебай! Сенің балаңның айыбынан менің айыбым асып кетті білем. Аға болсаң да сені мен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz