Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің қазіргі таңдағы өзектілігіі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ ММ
Қ.СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ КММ

ҒЫЛЫМИ ЖОБА ТАҚЫРЫБЫ:
Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің қазіргі таңдағы өзектілігіі

Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы туристік маршруттар
Секциясы: Қазақ әдебиеті

Ғылыми жоба дайындаған: Айнабекова Ажар 9 сынып оқушысы

Жетекшісі: Әбілдаева Ә.Ж. қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Ғылыми жетекшісі: Ж.С. Сұлтангалиева ф.ғ.к. доцент
Қ.Жұбанов атындағы
Ақтөбе өңірлік университеті

Ақтөбе 2022-2023 оқу жылы
Мазмұны

Кіріспе ----------------------------------- ----------------------------------- ---3 бет
Негізгі бөлім------------------------------ ----------------------------------- - 4бет
1-тарау .
1.1.Ы.Алтынсарин әңгімелерінің тәрбиелік мәні---------------------4 бет
2-тарау.
2.1.Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің тәлім - тәрбиелік мәнін қазіргі өмірмен байланыстыру----------------------- -------------------------------5 бет
2.2.Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің қазіргі таңдағы өзектілігі-7 бет
Қорытынды-------------------------- ----------------------------------- ------14 бет
Пайдаланылған әдебиеттер------------------------- -----------------------15 бет

Аннотация
Зерттеу жұмысының мақсаты : Әңгімелерінде айтылған тәлім - тәрбиелік тағылымы арқылы болашақ жас өспірімдерге үлгі қнеге беру.Қазіргі жастардың тәлім - тәрбиелік қасиеттерін қазіргі таңдағы өзектілігімен байланыстыру.
Зерттеу міндеттері.Әңгімелерін әдебиеттер мен интернет желілерінен тауып оқып, мәлімет жинастыру.Ы.Алтынсариннің өмірі мен еңбегін жастарға үлгі - өнеге ету.Қазіргі уақытта әңгімелерінің тәрбиелік мәні зор екенін көрсету.
Жұмыстың болжамы. Ы.Алтынсарин әңгімелеріндегі тәрбиелік мәнін оқушының бойында сіңірсе,,түсіндірсе ,оқушылар Ыбырайдың көркем шығармаларын аса бір қызығушылықпен оқыр еді.
Жұмыстың жаңалығы : Ы.Алтынсарин әңгімелерінің тәрбиелік мәнін кейінгі жастарға ұғындыру.Зерттеу барысында интернет желісінен мәліметтер алып, әңгімелерін оқу арқылы нақыл сөздерін жазып жинадық.Оның әңгімелерінің тәлім-тәрбиелік мәнін қазіргі өмірмен ұштастырдық.Әңгімелерінің қазіргі таңдағы өзектілігіне тоқталдық.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Ы.Алтынсарин - ғасырлар өтседе ,заман өзгерседе өзі өмір сүрген заманы мен өмірінде қазақ балаларына Кел,балалар оқылық деп жар салудан тынбаған сол арқылы қазақ балаларының тәлім-тәрбиесіне көп көңіл бөлген бірден-бір тұлға болып қала бермек. Еліміздегі болашақ жастар үшін Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің тәрбиелік мәні өте зор.Көбінесе еңбек ,жалқаулық тақырыбындағы әңгімелерді көп оқыту керек.Әңгімелерінде айтылған ғибратты сөздерінің бүгінгі күндегі өзектілігі зор екенін жан-жақты түсіндіру.
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері: Оқушылардың тағылымдық қасиеттерін қалыптастыру;
Мектеп қабырғасында көркем шығармаларды және аудио нұсқаларымен жұмыс жасауды қамтамасыз ету;
Жұмыс нәтижелерін талдау.

Аннотация
Цель исследовательской работы: Подать пример будущей молодежи через упоминаемые в их рассказах учебно-воспитательные уроки.Связать педагогически-воспитательные качества сегодняшней молодежи с их сегодняшней актуальностью.
Задачи исследования: найти и прочитать рассказы в Интернете, собрать информацию сделать жизнь и творчество Ю. Алтынсарина привлечена для молодежи. Показать, что его рассказы имеют большое воспитательное значение в настоящее время.
Прогноз работы. Если бы Ю.Алтынсарин впитывал и объяснял воспитательную среду своих рассказчиков, студенты с большим интересом читали бы произведения Ыбырая.
Новизна работы: осмысление воспитательного значения рассказов Ю. Алтынсарина для подрастающего поколения. В ходе исследования мы собрали информацию из Интернета и собрали читали пословицы, его рассказы. Мы объединили воспитательное значение его рассказов с современной жизнью.
Актуальность исследовательской работы: Ю.Алтынсарин - даже если протекают века и изменяются времена, он принадлежит к своему веку и в особенности человек, который не переставал говорить казахским детям "Приходите, дети должны учиться" и тем платил большое внимание скорочтению казахских детей. Воспитательное значение рассказов Ибрая Алтынсарина очень важно для будущей молодежи нашей страны.Рассказы о труде и лени необходимо многому научить.
Методы научно-исследовательской работы: формирование воспитательных свойств учащихся;
Обеспечение работы с художественными произведениями и аудиоверсиями в стенах школ;
Анализ результатов работы.

Annotation
The purpose of the research work: To set an example for future youth through the educational lessons mentioned in their stories. To connect the pedagogical and educational qualities of today's youth with their current relevance.
Research objectives: Find and read his stories in literature and the Internet, collect information To make the life and work of Y. Altynsarin an example for young people To show that his stories are of great educational value at the present time.
Job forecast. If Y. Altynsarin absorbed and explained the educational value of his stories, students would read the works of Ybyray with great interest.
The novelty of the work: understanding the educational value of Y. Altynsarin's stories for the younger generation. During the study, we collected information from the Internet and collected proverbs by reading his stories. We combined the educational value of his stories with modern life.
Relevance of the research work: Y. Altynsarin - even if centuries pass and times change, he will remain the only person in his lifetime and in life who never stopped telling Kazakh children "Come, children must study" and paid great attention to the education of Kazakh children. The educational value of the stories of Ibrai Altynsarin is very important for the future youth of our country. Stories about work and laziness need to be taught a lot.
Methods of research work: formation of educational qualities of students;
Ensuring work with works of art and audio versions within the walls of the school;
Analysis of the results of work.

І. Кіріспе
Қазақ даласында алғаш рет білім қоңырауын соққан ағартушы, ұстаз - Ыбырай Алтынсарин. Дала жұлдызы - қазақ халқының данасы, данышпан, дарабоз, дара ұстазы Ыбырай Алтынсарин - нағыз халықшыл жазушы, өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер суреткер, аса қажырлы қоғам қайраткері заманының ең маңызды мәселесін көтеріп, жыр төккен азамат ақын, жаңашыл жазушы, сол жаңаның тынымсыз жаршысы. Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Өз бойындағы қуатын халық мақсаты үшін аямай жұмсаған адал жанды азамат. Қазақ даласында тұңғыш рет орыс үлгісіндегі пәндік білім беретін мектептер ашып,оған орыс алфавиті негізінде оқулықтар жазды, өзі сабақ беріп жаға талапқа сай келетін мұғалімдер дайындауға күш салды. Ыбырай жасаған оқулық ең алдымен, орыстың қала берді Еуропа оқымастыларының педагогикалық көзқарастары мен оқыту, тәрбиелеу,күйінше ала салған жоқ керісінше ,оған енетін материалдарды қазақ балаларының түсінік - танымына сәйкес етіп алды,өзі де осы талапқа орай әңгіме өлеңдер жазып қарастырған хрестоматиясына қосты.Сөйтіп ,ұлы ағартушы - ұстаз халқымызды білім бұлағынан сусындатып,өзге мәдениетті елдердің қатарына қосуға бойыңдағы бар күш-қуатын ,білімін сарқа жұмсады.Бұл бағытта тыңнан жол салып, соған бүкіл саналы өмірін арнады.Ыбырай ауылшаруашылық ,қолөнер мектептерін ұйымдастырады.Ол қазақ жерінде алғаш қыздар мектебін ашқан.Ыбырай дарынды педагог ,жазушы ,ақын ,аудармашы ,көрнекті ғалым ,ағартушы ,этнограф ,фольклоршы ,қоғам қайраткері,балалар әдебиетінің атасы.Ыбырай шығармалары қысқа мазмұнды ,балалардың түсінуіне жеңіл.Ы.Алтынсарин жаңашыл,дарынды ағартушы ғана емес ,халқымыздың теңіздей толқып тасыған інжу-маржан жырларын жақсы біліп,еңбегіне арқау еткен.Сөйтіп ,өзі өмір сүрген дәуірдің мұрат-мүдделерінің кәдесіне ,ұрпақ тәрбиесіне жарата білген тұлға .Ыбырайдың нағашылары - елін,жерін жатжерлік басқыншылардан қорғауға белсене қатысқан батырдың ұрпақтары.Әкесі Алтынсары қайтыс болғаннан кейін ,атасы Балқожа би тәлім-тәрбие берді.Оның атасы Балғожа Жаңбыршыұлы би болған.Ыбырайдың жанұясында көпке дейін бала болмайды ,сондықтан ол қазақ арасында жиі кездесетін салт бойынша інісі Оспанның Хамитбек деген баласын алып тәрбиелейді.Балғожа би немересі Ыбырайды жасынан-ақ адалдыққа ,тапқырлыққа ,турашылдыққа ,шешендікке баулыған.Өзімен бірге жиын - тойларға алып жүріп ,билік айтқызып,қанатын
3
қатайтқан.Ыбырай жасынан зерек болып ,атасын жерге қаратпай ,алғырлық танытып,көпшілік құрметіне бөленеді.Қазақ балалының надандықтан көзін ашып ,білімнің нәрімен сусындатуды ойлаған.Сөйтіп Ыбырайдың бүкіл қміріндегі ағартушылық - педагогтық қызметі мектеп ашудан басталды Балалар оқып білім алсын -деп тұңғыш педагог Торғай жерінде 1964жылы 8қаңтарда алғаш мектеп ашқан.Ол өзінің ашқан мектептерінде ана тілінің таза оқытылуыа көңіл бөліп ,тілашар ретінде халықтың ауыз әдебиетін пайдаланып ,өзіде ұрпақтар тәрбиесіне арналған әдеби шығармалар жазды.Сол әдеби шығармалары арқылы тіршіліктің өзекті мәселелерін көтеруге бет бұрды.Ол елдің мұң-мұқтажын көре біліп ,халқының сол мұқтажына перзенттік махаббатын арнаған ,туған халқының игілігі үшін бар күш жігерін жұмсаған ардақты азамат ретінде халық тарихынан орын алып отырған.Ол әңгімелерінде болсын, өлеңдерінде болсын көтерілген мәселелер ,оқу-тәрбие үйдегі ата-ананың үміт тілегімен ұштасып жататынын да әсерлі жеткізеді.
ІІ. Негізгі бөлім.
1.1.Ы.Алтынсарин әңгімелерінің тәрбиелік мәні.
Көркем әдебиеттің күрделі жанры - әңгіме Ы.Алтынсарин балалар әдебиетіне тән көптеген әңгімелер жазды.Бұл шығармаларды жазуда алдына үлкен мақсат қойды. Мен қазақ балаларын ұқыптылыққа тазалыққа ,отырықшыл тұрмыстың артықшылығына үйретудің өзі қазақ даласына тәрбиелік мәні бар жұмыс деп білемін.,-дейді.Бұл тұрғыдан Ыбырай әңгімелері түр мен мазмұн бірлігін сақтай отырып ,негізгі мәселені жинақы ,тартымды,әсерлі жеткізеді.Өзінің озық идеяларын жеткізуде жазушы халық тілінің байлығын шебер пайдалана білді.Оның шығармаларының бұндай қасиеттері олардың жастарғада ,үлкенкендерге де ортақ екендігін көрсетеді.Ыбырай қазақ балалары үшін мектеп ашқан ұлы ағартушы ғана емес ,қазақ жазба әдебиеті тарихында прозаик ретінде де белгілі.Шынында да Ыбырайға дейін көркем проза қазақ жазба әдебиетінде қалыптаспаған еді. Ыбырай шығармаларының биік шыңы - проза жанры.Оның әңгімелерін тақырып жағынан мынадай топтарға бөліп қарастыруға болады.Біріншісі-еңбек пен өнерге баулитын ,екіншісі-адамгершілікке ,еңбекті сүю ,қадірлеуге тәрбиелейтін әңгімелер.
Алтынсарин балаларға өнегелі тәрбие беру аса маңызды іс деп білген.Ол шәкірттерді адамгершілікке ,адал еңбекке ,Отанды сүюге тәрбиелейді.Өзінің
4
өсиет әңгімелерінде кейінгі ұрпақты адамгершілікке
тәрбиелейді.Ы.Алтынсариннің өлеңдері мен ғибрат әңгімелері болашақ жас қрпақтарды тәрбиелеу мен оқытуда күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтқан жоқ.Көркем әдебиеттің күрделі жанры-әңгіме.Ы.Алтынсарин балалар әдебиетіне тән көптген әңгімелер жазды.Бұл шығармаларды жазуда алдына үлкен мақсат қойды. Мен қазақ балаларын ұқыптылыққа ,тазалыққа ,отырықшыл тұрмыстың артықшылығына үйретудің өзі қазақ даласына тәрбиелік мәні бар жұмыс деп білемін ,-дейді.Оның әңгімелерін тақырып жағынан мынадай топтарға бөліп қарастыруға болады.Біріншісі-еңбек пен қнерге баулитын ,екіншісі - адамгершілікке ,еңбекті сүю ,қадірлеуге тәрбиелейтін әңгімелер.Ы.Алтынсариннің осы тақырыпта жазылған Бай баласы мен жарлы баласы Әке мен бала , Өрмекші,құмырсқа,қарлығашт.б әңгімелері бар. Асан мен Үсен атты әңгімесінде құрдас екі баланың ескі жұртта қалып қойып ,жаңа жерге көшкен ауылды іздеп тапқандығы туралы айтылады.Ыбырай атамыз еңбекке деген қоғамдық , таптық көзқарасты бейнелейді. Көшкен елдің жұртында қалған екі баланың бір тәулік ішінде басынан кешкендерін суреттеу арқылы сол балалардың өмірді тануы,тіршілікке икемділігі жайлы мәселеге әлеуметтік мән береді.Жазушының жасы бірдей екі баланы алып,оларды бай мен кедейдің өкілі етіп суреттейді.Жарлы баласы Үсен - еңбек адамы .Үсеннің тапқырлығы мен еңбекқұмарлығын дәріптейді.Кішкентай кезінен баланы еңбекке баулуымыз керек.Әсіресе қазіргі таңда балалар ұялы телефонда отырып ,неше түрлі сайттарға кіріп уақытын өткізеді.Біріншіден ол денсаулығына өте зиян .Ал егер еңбектеніп,бойындағы күш қуатын еңбекке жұмсап ,сол еңбек арқылы келетін нанның қалай келетінін түсінер еді.
2.1.Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің тәлім-тәрбиелік мәнін қазіргі өмірмен байланыстыру.Қазіргі таңда балалардың көпшілігі еңбек жасағысы келмейді,ақ саусақ болып бара жатыр.Қиын қыстау бола қалған жағдайда еңбектенбеген бала тығырықтан қалай шығудың жолында білмейді.Еңбекке баулу үшін баланы кішкентай кезінен үйрету керек ,тәрбиелеу керек.Әкелері ұл балдарды,аналары қызбаласын қасына ертіп жүріп ,өзі не жасаса соған үйретсе ,еңбекке баулыса нұр үстіне нұр болар еді.Қыз балаларға үй жинау,тамақ пісіру,тоқыма тоқу т.б үй шаруасындағы жұмыстарға араластырса,ал ер балаларды ағаш отырғызу,бау-бақшаға қарау ,суару,ағаш кесу сияқты үйдің әртүрлі шаруаларына баулыса ,ол бала кішкентай кезінен 5
бастап дағдыланған болар еді.Жарлы баласы Үсен - еңбек адамы.Үсеннің тапқырлығы мен еңбекқұмарлығын дәріптейді.Ал бай баласы - Асан өмір үшін күресудің жолын білмейтін ,шыдамсыз ,еңбекке икемі жоқ жан деп суреттеген.Сөйтіп жастарға өмірден ешнәрсе үйренбей , жалқау болып өскен бай баласындай болмауды ,қиыншылыққа төзімді ,өнерге бейім ,еңбек сүйгіш жарлы баласы Үсендей болып өсуге тәрбиелейді. Әке мен балаәңгімесінде сәл нәрсені қомсынып,оған көңіл бөлмеушілік ,аз жұмысты қиынсынып,бойкүйездікке салынушылық бұл- жақсы қасиет емес екенін айтады. Сондықтан балалардың бойкүйез ,жалқау болмауына , еңбекқор болуына Ыбырай ең кішкентай жәндіктердің өзі де тіршілік үшін тыным таппайм еңбек етіп жүргендігін кқрсете келіп, қарлығаш,өрмекші ғұрлы жоқпысың , сенде еңбек ет,босқа жатпа,- деп балаларды еріншектік ,жалқаулықтан бойларын аулақ ұстауға , еңбек етуге шақырады.Аз жұмысты қиынсынған адам ,көп жұмысқа тап болатынын ,аз,а қанағат етпесең ,көп нәрседент құр қалатынын ұмытпағаны абзал.Ыбырай кез-келген әңгімесінде шәкірттерді адал,шыншыл ,еңбекті сүюге ,жаман мінезден бойын аулақ ұстауға тәрбиелейді. Бақша ағаштарыәңгімесінде бағу қағуда көп мағына жатқандығын айтады .Яғни ,өсіп келе жатқан жас бала жас ағаш сияқты тәрбиенің қалай берсек ,солай қарай бейімделіп ,дағдыланып кетеді.Егер баланың бойындағы жаман қасиеттерді байқасақ,оны дер кезінде түзеп отыруымыз керек,тамыры тереңге жайылып кетсе түзеу қиынға әкелері сөзсіз.Ата-ана біздің қате істерімізді түзеп,пайдалы істерге үйретсе,жақсы бағыт беріп отырса, ондай балдар тәрбиелі,ақылды болып өседі.Ал егер қараусыз,бағусыз өз дегеніңмен бетіңмен кетсең, Ыбырай атамыздың әңгімесінде айтқандай қисық біткен ағаштай қисық өсеміз.Ы.Алтынсарин әңгімелерін оқи отырып көп нәрсені үйренеміз. Асыл шөп әңгімесін оқи отырып біз өзімізді сабырлы,шыдамды болуға тәрбиелейміз.Зылиха мен Бәтима атты екі қыздың іс-әрекетін қатар қою арқылы көрсетеді .Оны біз Зылиханың іс-әрекетінен байқаймыз.Қазіргі кезде балаларымыз өте сабырсыз,оларға тек айтқан нәрселері бола қалу керек.Сабырсыздықтың кесірінен неше түрлі жағдайға ұшырапта жатады.Кез-келген істе шыдамдылық,сабырлылық таныта білсек қана көп нәрсеге қол жеткізе аламыз.Ы.Алтынсарин аталған әңгімелері арқылы қазақ балаларының өз заманына лайықты жоғары дәрежелі азаматтық көзқарасын қалыптастыруды көздеді.Оның бұл шығармалары күні бүгінге дейін бала тәрбиесіндегі маңызын жойған емес.Қай әңгімесін алсақ та, тілі жатық,түсінікті жазылған .Ыбырай атамыз балаларға арналған әңгімелерінде
6
қазақ балаларының халқының мүддесін ойлайтын патриот жастарды тәрбиелеуді көздеді.Қазіргі таңда біздің балаларымыздың көпшілігі өзімшіл, мейірімсіз болып келеді.Біз одан қорқуымыз керек.Сондай балалардан келешек бас бұзар, кісі ақысын жейтін ,адамгершілік қасиеттен жұрдай балалар шықпасына кім кепіл?Жастайынан баланың бойына мейірімділік,ізгілік ,сенімділік қасиеттерін қялататын болсақ, бұл біз үшін үлкен жетістік болар еді.Ы.Алтынсарин атамыз Мен қазақ балаларын ұқыптылыққа ,тазалыққа үйретудің өзі қазақ даласына тәрбиелік мәні бар жұмыс деп білемін.,-дейді.
Ы.Алтынсариннің әрбір әңгімесінде тәрбиенің ізі жатыр.Оның шығармаларын түсініп оқыған адам ғана ұлы ұстазымыздың ұлы тәрбиеші екеніне көзі жетеді.Ыбырай шығармаларының өзіндік бір ерекшелігі-әрбір әңгіменің тағылымдық мәніне ерекше көңіл аудару,аз сөзге көп мағына сыйғызу.Ата-ананың мейіріміне қанып өскен бала түбінде жылы жүректі,өз елін сүйетін ,еңбекқор азамат болары сөзсіз.
2.2.Ы.Алтынсарин әңгімелерінің қазіргі таңдағы өзектілігі.
Қазіргі жастарымыз өмірдің бар қызығы тек қана байлықта деп ұғады .
Баланы тәрбиелеу ісінде күнделікті жеп отырған тамақтың қалай келетінін балаға күнделікті өмірде айтып ,түсіндіріп отыруымыз керек.Ата-анамыз сол балалары үшін таңнан күн батқанға дейін жұмыс істеп жүретіндігін түсінуі керек. Балалар онсызда сабақтан тыс уақытында ұялы смартфонда отырып ,айналасында не болып жатқанын түсінбейді де.Міне,мен ойлаймын сондай балдардан жалқау ,ақсаусақ,өзімшіл ,қатыгез ұрпақ қалыптаспайтынына кім кепілдік бере алады?Қазіргі таңда осындай күрделі мәселелер елімізде белең алып,тамырын тереңге жайып жайылып бара жатыр. Ұрпақ тәрбиесіне келгенде ақсаңдайтынымыз өтірік емес .Шындыққа тура қарауымыз керек. Бұрынғы кездері ата-бабамыз ұл мен қыздың тәрбиесіне ерекше ден қойған.Қыз болсын ұл болсын әке қабағына қараған. Олда бір аналардың тәрбиесі деп білемін.Кішкентай кезінен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері - тәрбиенің қайнар көзі
Ыбырай Алтынсариннің балалар әдебиетіндегі орны
Бастауыш сыныптарда Ы. Алтынсариннің шығармаларын оқытудың маңызы
Ыбырай Алтынсарин шығармаларының тілі
Ыбырай мұраларының өзектілігі мен маңызы
Ыбырай Алтынсариннің еңбектеріне психологиялық тұрғыда талдау жасау
Ы. Алтынсариннің ағартушылығы мен педагогикалық идеялары
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ - ТӘРБИЕСІНІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ
Ыбырай Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы
Алтынсарин дер едік
Пәндер