Әдеби тіл лексикасының салалары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министірлігі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті КеАҚ



КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қазіргі қазақ тіліндегі кәсіби сөздерТыңдалым арқылы орындалатын жаттығулар
Факультеті: 6В01707-қазақ тілі мен әдебиеті кадерасы
КРОК-231дк 1-курс

Орындағандар: Батен Марина
Хамзина Асель Боранбаевна
Мауин Айнұр Құдабайқызы

Жетекші: Каирбекова Ибагуль Сулейменқызы

Көкшетау 2023-2024ж

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
І тарау. Әдеби тіл лексикасының салалары
І.1. Терминдер - біршама жүйеленген сөздер тобы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
І.2. Термин сөздердің зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
І.3. Кәсіби сөздер - тілдің сөздік құрамының үлкен бір саласы ... ... ... ... ... ... ... .
ІІ тарау. Терминдер мен кәсіби сөздерді оқыту жолдары
ІІ.1.Термин сөздерді оқытуда негізге алынатын басты мәселелер ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...

КІРІСПЕ
Терминдер ғылым мен техниканың, кәсіби және өндірістік салалардың, ғылыми таным мен әлем көрінісінің дамуын бейнелейді. Терминдер мен терминологиялық жүйелер қоғамның әлеуметтік құрылымының біртекті еместігін, әр түрлі топтарға, бірлестіктерге бөлініп, әрқайсысының өз тілі, өзіне ғана тән әрі түсінікті терминологиясы барлығын айқындайды. Термин тілдің ерекше негізін құрайды, себебі терминсіз, терминологиялық жүйесіз бірде-бір ғылымның, техникалық, кәсіби, өндірістік саланың дамуы мүмкін емес. Яғни, терминдерде әлем түсінігі жайлы арнайы білім, ұғымдар қамтылған, сонымен қатар, терминдер адамның ойлау қабілетінің, танымының, ақиқат шындықтың бейнеленуі мен көрінісінің ерекше бір түрдегі негізін сипаттайды. Сонымен бірге қазақ тілінде саятшылыққа, қол өнеріне, тігіншілікке, омарташылыққа, дәрі-дәрмек өсімдіктерін өсірушілікке, бұғы-марал, құс шаруашылыгына тән көптеген кәсіби сөздердің болуы заңды нәрсе. Мұның барлығы да әзірге халық игілігіне жөнді жаратылмай жүр. Біздің алдымызда тіліміздегі сөз байлығының құранды бір бөлігі деп саналатын кәсіби сөздерді де барынша жинап-теріп, сөздікке ендіріп, жұртшылықтың кәдесіне асыру міндеті тұр.
Зерттеудің мақсаты: термин сөздер мен кәсіби сөздер жөнінде жазылған ғылыми еңбектерді басшылыққа ала отырып, әдістемелік құралдарды пайдаланып, оқушыларға теориялық білім беру тәсілдерін, оқытудың тиімді жолдарын қарастыру, өз ойын басқаға жетік түсіндіре алатын тұлғаны қалыптастыру, тіл байлығын, сөздік қоры мен шығармашылық деңгейін көтеру жолдарын саралау.
Зерттеудің міндеттері:
1. Ғылыми зерттеу көздеріне сүйене отырып, тақырыптың теориялық сипатын ашу.
2. Оқушыларға грамматикалық мағынаға байланысты берілетін білім көлемін анықтау.
3. Оқытуда қамтылатын инновациялық технология түрлерін саралау.

3
Зерттеудің болжамы: егер мұғалім сабақта терминдер мен кәсіби сөздерді оқытудың мақсат, міндеттеріне жетудің тиімді, нақты жолдарын анықтаған жағдайда белгілі бір нәтижеге қол жеткізеді. Мақсатты айқындауда мұғалім оқушының жеке басын, интелектісін, оқу іс-әрекетін өз мүмкіндігінше ескеріп, өтілетін тақырып мазмұнын зерттегені дұрыс. Ал педагогикалық технология ерекшелігі - оның талабы. Осы мақсатқа жетуді оқушының өзі арқылы, оның оқу іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау дағдыларын дамыта отырып жүзеге асыруды қарастырар едім. Берілетін білім түрлері логикалық жүйемен үздіксіз дамытылып отырса, оқушының білімі мен сөйлеу мәдениетін жетілдіру ұтымды әдістер мен ұстанымдар негізінде жүргізілсе, оқытудың нәтижелілігі мен тиімділігі арта түседі.
Зерттеудің әдістері: теориялық әдістер, баяндау, салыстыру, жүйелеу, талдау, сараптау, қорыту, бақылау және тәжірибеден өткізу.
Зерттеудің нысаны:
Зерттеу кезеңдері:
1. Тақырып таңдап алу, сол бойынша іздену.
2. Бекітілген тақырыпқа байланысты материал жинақтап, жұмыстың жоспарын құру.
3. Жоспарға сәйкес курстық жұмыстың І бөлімін жазу.
Зерттеу жұмысының құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

4
І тарау. Әдеби тіл лексикасының салалары
І.1. Терминдер - біршама жүйеленген сөздер тобы
Терминдер - өзіндік құрылымдық, семантикалық, функционалдық ерекшеліктері бар тілдің өзгеше категориясы. Термин - латынның terminus деген сөзі. Қазақша мағынасы бірдеменің шегі, шекара, шекаралық белгі.Терминдер тілде ғылым мен техника, мәдениеттің әр саласына қатысты белгілі бір ұғымды дәл білдіретін арнаулы сөздер. Терминдердің лекмиканың басқа түрлерінен басты айырмашылығы: көп мағыналы емес, бір-ақ нақты мағыналы болып келеді. Оларда эмоционалды бояу, экспрессивті-стилистикалық қызмет болмайды. Термин (лат. terminus - шек, шеті, шекарасы деген мағынада) - ғылыми ұғымға айқын анықтама беретін, оның мағыналық шегін дәл көрсететін сөздер.
Жеке бір ғылымның өзіне тән негізгі терминдері мен терминологиясы болады. Мәселен, жұрнақ, сөз түбірі, үндестік заңы, зат есім, сөз тіркесі, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, т.б. - қазақ тіл білімінің терминдері.
Жігерсіздік (безволие), жасықтық (молодушие), селқостық (равнодушие) жасқаншақтық (робость), ұяңдық (застенчивость), т.б. - психология терминдері.
Құн, қосымша құн, өндіргіш күштер, нұсқау, демократия, қайта құру, жариялылық, революция, т.б. - қоғамдық ғылымдар терминдері.
Терминдердің көпшілігі халықаралық, интернациолналдық болып келеді. Олардың дені латын, грек тілдерінен алынғандар. Сондай-ақ, орыс тілі негізінде жасалған көптеген кеңестік термин қалыптасқан.Терминдер адам қызметінің ерекше түрін атап көрсететін болса, ең алдымен, ғылыми, кәсіби деңгейлерін айқындайды. Терминдер адам қызметінің ерекше түрін атап көрсететін болса, ең алдымен, ғылыми, кәсіби деңгейлерін айқындайды. Сондықтан терминдер ғылым мен техниканың, кәсіби және өндірістік салалардың, ғылыми таным мен әлем көрінісінің дамуын бейнелейді. Терминдер мен терминологиялық жүйелер қоғамның әлеуметтік құрылымының біртекті еместігін, әр түрлі топтарға, бірлестіктерге бөлініп, әрқайсысының өз тілі, өзіне ғана тән әрі түсінікті терминологиясы барлығын айқындайды.

5
Термин тілдің ерекше негізін құрайды, себебі терминсіз, терминологиялық жүйесіз бірде-бір ғылымның, техникалық, кәсіби, өндірістік саланың дамуы мүмкін емес. Яғни, терминдерде әлем түсінігі жайлы арнайы білім, ұғымдар қамтылған, сонымен қатар, терминдер адамның ойлау қабілетінің, танымының, ақиқат шындықтың бейнеленуі мен көрінісінің ерекше бір түрдегі негізін сипаттайды. Қоғамдық қатынастағы ғылым мен білімнің, техниканың заман талабына сәйкес дамып, өркендеп отыруына орай тілдегі терминдік жүйе де өзгермей тұра алмайды. Жалпыхалықтық тілдегі және терминологиядағы бейнелілік пен реңктік құбылысының ұлттық сипатқа ие болуы әр халықтың төл тарихымен, мәдениетімен, салт-дәстүрімен, ырым-жоралғысымен тікелей байланысты.
Ғылыми-техникалық терминдерді қалыптастырудың кеңестік терминология мектебінің негізін қалаушы Д. С. Лотте көрсеткен үш негізгі тәсіл бар: 1-тәсіл - туынды сөздердің, күрделі сөздердің, сөз тіркестерінің негізінде түзеледі. 2-тәсіл - (семантикалық) тілде бар терминдер немесе жалпыхалықтық сөздердің мағынасын өзгертіп қолдану жолы. 3-тәсіл - басқа тілдік терминдерді қолдану, яғни, кірме терминдер. Терминдер толық мәнінде сапалы болу үшін ол жалпыға түсінікті, мағынасы мейлінше нақтылы, айқын болуы шарт жәнеғылыми терминология құрамындағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты, қолдануға ыңғайлы болмақ керек. Әдебиеттану ғылымында терминдер табиғатты зерттейтін ғылымдардағыдай немесе логика, философия сияқты қоғамдық ғылымдардағыдай әбден жүйеге түскен, толық қальптасқан сипатта кездесе бермейді, яғни, термин деген ұғымның қатаң талабына сәйкес келе бермейді. Бұл жағдай әр ғылымның пәніне зерттейтін обьектісіне де, қалыптасқан зерттеу тәсілдеріне де байланысты болса керек. Қалайда әдебиеттану ғылымында нақтылы анықтама беру, жүйелі түрде талдау, топтап-жіктеуден гөрі, баяндап айту жағы басым келеді де, ғылыми ұғымның терминнің мағыналық шегін бұлжытпай, айнытпай үнемі дәл сақтап отыруға сондайлық мән беріле қоймайды. Ал мұндай жағдай және ғылыми мағынасы әлі толық
айқындалмаған "жартылай" терминдердің көп болуы зерттеу жұмысын қиындата түседі.

6
Ғылыми терминдер жүйелі түрде қалыптасса әрі термин терең мағыналы болып, әдеби құбылыстың сипатын нақтылы, дәл көрсетсе ғана зерттеу еңбектердің теориялық дәрежесін биіктетуге жол ашылады. Терминдік жүйенің дамуы ғылыми танымның өрісін кеңейте түспек. Аристотельдің "Риторика, "Поэтика", Буалоның "Поэзия өнері" жазылған кезден бастап, метафора, стиль, т.б.ұғымдарды дәл айқындап, нақтылай түсу мақсатындағы талпыныстар да міне, осыны дәлелдейді. Ал кейінгі кезде әдебиеттанудың кейбір саласында, мысалы, поэтика, өлең құрылысын зерттеуде негізгі терминдерді бір мағыналы, тұрақты қолдану терең талдауға, жаңа қорытындылар жасауға көмегін тигізді. Қазіргі ғылымда терминологиялық құрылымның жүйелене түсуі, жалпы философиялық терминдер, оның әдебиеттану саласы лингвистика, соңғы уақытта математика, семиотика терминдері есебімен толыға түскені байқалады. Бұл әсіресе жазушылардың тіліне, фольклортануға арналған еңбектерден айқын аңғарылады. Қазақ әдебиеттану ғылымында да терминдерді қалыптастыруда бірталай жетістіктер баршылық. Әсіресе қазақ поэзиясына, сөз өнеріне тән ұлттық сипаттағы әдеби құбылыстарды, соның ішінде, жырау, жыршы секілді ұғымдарды ауыз әдебиетінде кең өріс алған суырыпсалма өнеріне, өлең-жырды, дастанды термелеп айту дәстүріне қатысты ұғымдарды, айтыс, шешендік сөздер, өлең, қара сөз, жыр, толғау сияқты сан алуан жанрлық түрлерді сипаттайтын ұғым-терминдерді орнықтыруға айтарлықтай назар аударылып келеді. Бұл салада айрықша бағалы еңбек сіңірген Ахмет Байтұрсынұлы болды. Оның 1926 жылы "Әдебиет танытқыш" атты кітабында халық поэзиясына, әдебиетіне қатысты көптеген терминдер алғаш жүйеге түсірілді. Оның бірталайы әдебиеттану ғылымында орнығып, қолданылып келеді.

7
І.2. Кәсіби сөздер - тілдің сөздік құрамының үлкен бір саласы
Кәсіби сөздер - белгілі бір шаруашылыққа, кәсіпке байланысты қолданылатын, жалпы халыққа бірдей түсінікті бола бермейтін, қолданылу өрісі шектеулі сөздер. Қазақ тілі кәсіби сөздерге бай. Кәсіби сөздер таралу шегіне қарай ірі кәсіпке байланысты сөздер және шағын кәсіпке байланысты сөздер деп екі салаға бөлінеді. Ірі кәсіпке байланысты кәсіби сөздер: мал шарушалығы (түйе атаулары: жампоз, кезөркеш, кердері, күрт, қаратұяқ, аңырайма); астық шарушалығы (сүт бидай, бал бидай, қодыран, жауша, бақал; тары атаулары: байдербіс, алағарын, шая, шаршау тары); балық шарушалығы (балық атаулары ақауыз, таутан, табан, бекіре; ау аттары: морда, тоспай, итерқұл, аламан); бау-бақша (қауыншек, оман арық, желке суы, пісте); мақта шарушалығы (қоза, көсек, құлақ, шит), тағы басқасалаларға қатысты болады. Шағын кәсіпшілікке байланысты кәсіби сөздер: ұсталық (тарақ балта - жүзі кедір-бұдыр балта, керме ара - жүзінің ортасында тірегіші бар ара, шербек - үлкен ара, аталғы - ойық жүзді шот, тышуыр - бұрап тесетін құрал, пәрбі - шойын тескіш, аттіс - темір қысатын құрал, ыңғуыр - ағаш оятын құрал; етікшілік (созан - ине сияқты құрал, ұштық - созанға өткізілген қысқа жіп, пардоз келтек - етіктің тігісін жатқызатын таяқша); балташылық, өрімшілік, тоқымашылық, зергерлік, тағы басқакәсіп түрлеріне байланысты болады. Кәсіби сөздердің диалектілерден басты айырмашылығы - оның әдеби тілде баламасы болмайды. Сондықтан да кейбір кәсіби сөздер әдеби тілімізді байытып, жалпы халықтық қолданысқа еніп кетеді. Мысалы, мәйек, қоза, терім, мұрап,бағбан, дақыл, беде, танап, көшет, атыз, тағы басқа.
Кәсіби сөздер белгілі бір мамандық, шаруашылық, т.б. қатысты болып келеді, көп жағдайда терминдермен қабысып жатады. Мәселен, Қазақстанның кене-металлургия,көмір өнеркәсіптерінде лава, забой,штрек, шлак, скат, мартен пеші, проводник, кондуктор, стрелочник, шпал т.б. сөздер орыс тіліндегідей қолданылып жүр.; лебедкашы (қыз), механикаланған,ұшпыршы, штрекші, кірепшілер, т.б. осы сияқты сөздер қазақ тілі қосымшалары қосылу арқылы қалыптасқан.
Үлкен өзен-көлі жоқ жердің қазақтары сазан, шортан, шабақ тәрізді балық атауларының біраз түрін ғана білетін болса, Каспий, Арал, Балқаш, Зайсан өңіріндегі балықшылар лексиконы аса бай.Бірақ олардың білетіндері - басқа жер тұрғындарына бимәлімдеу болғанымен , жалпы қазақ тілі лексикасына еншілес, ортақ байлық.
Жамбыл, Талдықорған облыстары жеріндегі қызылша, Шымкент жағындағы мақта өсіруге, Қызылорда төңірегіндегі күріш, қауын-қарбыз өсәруге байланысты сөздер т.б. кәсіби немесе профессионалдық лексика қатарына жатады.

8
Бір тілдің сөздік құрамындағы бір сөз бір кәсіп-мамандық өкілінің лексиконында бір мағынада, екінші бір топ сөздік қорында екінші бір мағынада, былайша айтқанда, белгілі бір сөз жалпыхалықтық тілдегі семантикасынан басқашарақ қолданыла беруі мүмкін. Мәселен, полиграфистер лексиконында полоса-терілген бет, шапка-бірнеше мақалаға ортақ ат, моряктарша комбуз-кемедегі кухня, т.б.
Мәселен жүгері түрлері: дүмбіл, боз жүгері, пәшік, сота, шобық, шіңгіршек, т.б; қауын аттары: әңгелек, жәмше, басыбалды, жегелек, күләбі кемпір қауын, торлама, әміре қауын, т.б; мақта шаруашылығына байланысты: қоза, қозапая, шапақ, шиіт, шігіт, гүлше, терімші балдақ, пәрік, т.б;
қызылша шаруашылығына байланысты: қызылша, қылша, түбір, өркен, түбіртек, жом, көмбе, кәпеш, т.б;
балыққа байланысты: бәкіре-мекіре, тісті, көкла, көксерке, ақбалық, ақмарқа, қаракөз, көкмойын, жыланбалық, көкбас, т.б.
- кәсіби лексикаға қатысты сөздер.
Бұлардың барлығы да ауызекі сөйлеу тілінде де, әдеби тіл стильдерінің барлық түрінде де актив лексика қатарында қолданыла береді.
Қазақстанныц жері қандай кең, қапшалықты бай болса, мұндағы кәсіп пен шаруашылықтын түрі де соншалықты көп. Халқымыздың ежелден ата кэсібі болган мал мен егінді, дәнді дақылдарды атамағанның өзінде республиканың бір жерінде марал, бір жерінде балық, бір жерде күріш, бір жерде марал, б'ір жерде агаш, бір жерінде қызылша мен темекі, бір жерінде бау-бақша жеміс-жидек өсіріп, бір облыс екінші облыстан, бір облысқа енетін әрбір аудандардың өздері де бір-бірінен ерек-шеленіп отырады.
Соның нәтижесінде кәсіптің әр түріне байланысты әр жерде әр алуан кәсіби сөздер пайда болган. Кәсіби сөздер белгілі территориялық аймақты ғана қамтып шектелуі жағынан диалект сөздерге ұқсайды. Алайда диалектизмге жататын сөздердіқ әдеби тілде белгілі бір балама сөзі, синонимі болады. Ал кәсіби сөздердің әдеби тілде ешқандай баламасы кездеспейді. Осы жағынан қараганда кәсіби сөздер диалектизмдерден гөрі бір табан термии сөідсрге жақын, неге десеңіз, кәсіби сөздер де негізінен бір мағыналы болады даі шаруашылықтың белгілі бір саласында белгілі бір аймақта ғана қызмет етеді. Қолдану шегі жағынан ғана кәсіби сөздер тсрминдерден сәл өзгеше. Кәсіби сөздерді беліілі бір территорияны мекендеуші тұрғын халықтың бәрі білсе, терминдерді әр жерде тұратын бір маманы ғана қолданады. Сонымен қатар кәсіби сөздер әдеби тілдің құрамына кіреді. Демек, кәсіби сөздердің терминнен де, диалектіден де өзіне тән өзгешеліктері мен ерекшеліктері бар. Сондықтан да бұлар өз алдына жеке лексикалық топ құрайды. Қазақ тілінде кәсіби сөздердің мынадай түрлері бар:

9
1. Мақта шаруашылығына қатысты кәсіби сөздер: жегеше жегенелеу, көсек, күнжара, кауашақ, қоза, козакия, биті, шалшақ-шанақ, мақташы, мақталық, терім, терімші, косектеу, шит, шиті макда, шиг егу, мақта теру, сүдігер, мақта майы, т. б. :
2. Қызылша шаруашылыгына қатысты кәсіби сөздер: ас қызылша, еркек қызылша, қант қызылшасы, қызылшашы, сірнеу гүлдеуік, тоспа, түқым жарнағы, қағгат, өркін, тамыр-жемі жүйек, т. б.
3. Темекі шаруашылыгына қатысты кәсіби сөздер: бүлықтыру, бүркеніш, жал, жиым (орым), жіп, көңхана, құлақ-жұл, маты, сағақ, темекіші, қурай, тізбек, тікқүлақ, т. б.
4. Балық шаруашылығына қатысты кәсіби сөздер:жылым, сүзекі тоспай, ықпа, сере, қаяз, абақ, торта, қорытпа, сүйрік, тыран, қоқан, жорамал, азна, жақса, қарма, жүтпа, итерқұл көтергі, құрсақ, шөктірме, сүре, бүнек, т. б.
5. Бау-бақша және суармалы егіс шаруашыдығына қатысты кәсіби сөздер: алқор, нәк, шабдалы, әнжір, күләбі, болбол, қарық, оман, атыз, мәркі, шөнек, ауыздама, бал, жап, жарма жоя, ақаба, кесе, т. б.
Қазақ тілінде кәсіби сөздер әр алуан қаулы-қарарда, есеп документтерінде, анықтама-мәлімет қағаздарында, яғни ресми-кеңсе стилінде де кездесіп отырады. Олар сондай-ак ғылыми стильде де, атап айтқанда, арнаулы зерттеу еңбектердің тілінде де қолданылады. Мысалы: "Бұл айтылған анықтамалар, мысалдар және фактілер (распор, сүзгі, ақаң, шаң т. б.) профессионалдың лексиканың жаргоннан және кейбір элеуметтік топтардың тіліндегі өзгешелік-тен айырмашылығын ашып көрсетеді. Профессионалдық лексиканың элементтері әр алуан кәсіптің өндірістің туып, дамуымен байланысты жасалады және лексикалық (завод, цех т. б.), лексика-семантикалық (ұйық, балық ұйығы т. б.), морфологиялық (ұйық, ұю т. б.), стилистикалық (мықын, жылымның мықыны т. б.) жағынан ерекше өзгешелікке, кәсіпшілік, өндірістік сипатқа иелік етеді.

10
І.3. Терминдердің зерттелу тарихы
Қазақ дәстүрлі терминологиясында қазақ тілінің терминдері, негізінен, семантикалық, құрылымдық тұрғысынан жүйелі түрде зерттелді, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Термин сөздер және олардың қалыптасу жолдары
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары жайлы ақпарат
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары. Өзге тілден енген сөздер. Қазіргі қазақ тілі лексикасының стильдік мәні. Лексикография
Кірме сөздер
Ахмет Байтұрсыновтың тіл біліміне қажет терминдерінің жалпы сипаты
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары жайлы
Қазақ терминологиясының дамуы мен оның қалыптасуының тарихы
Қазақ тілінің сөздік құрамы
Бүгінгі терминологияның даму сипаты
ХІХ ғ.екінші жартысынан 1930 жылға дейінгі аралықта орын алған өзгерістер және терминология мәселесі
Пәндер