Сайын Мұратбековтың Жусан иісі шығармашылығын оқыту
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ
МИНИСТРЛІГІ
Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ КеАҚ
Педагогикалық институт
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Жусан иісі
Мамандық цифры
Оқу бөлімі
6В01707-Қазақ тілі мен әдебиеті
Күндізгі
Орындаған: __________
Тексерген: __________
Бағасы: ___________
Көкшетау, 2023
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
І.Сайын Мұратбековтың шығармашылық ғұмырнамасы ... ... ... ... ... ... ... .. 6
1.1 С.Мұратбековтың шығармашылық ғұмырнамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Сайын Мұратбековтың "Жусан иісі" шығармашылығының жанрлық ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 10
ІІ. Сайын Мұратбековтың "Жусан иісі" шығармашылығын оқыту ... ... . 13
2.1.Дәстүрлі сабақты оқыту методикасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.2. "Жусан иісі" шығармасына әдеби талдау жасау барысында қолданылатын тиімді әдіс - тәсілдер .Дәстүрлі әдіс арқылы С.Мұратбеков өмір жолын еске түсіру ... ... ... . 17
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .. 25
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: С.Мұратбековтің Жусан иісі шығармасында соғыс зардабынын шеккен қорғансыз жетім баланың аянышты тағдыры арқылы тұтас бір дәуірдің қасыреті баяндалады. Автордың өзі Аянның прототипі кім? деген сұраққа: Оның прототипі ортақ. Ол - мен және мен құралпы балалардың тағдыры деп жауап берген екен. Қайткен күнде де Балалар, тоқтаңдаршы. Сендерге кешегіден де қызық ертегі айтып беремін деп сынған аяғын сүйретіп, балалардың соңынан қалмай жүретін Аянның кейпі баршамыздың жүрегімізде жатталып қалды. Оның бір себебі, жазушының қарапайым да жеңіл тілмен ауыл адамдарының тұрмыс-тіршілігін, соғыс жылдарындағы аянышты өмірін шынайы суреттегені болса керек.
Сайын Мұратбековтің Жусан исі шығармасындағы тағдырдың сансыз соққысына ұшырап, қаншама бақытсыздыққа душар болса да өмірге құштарлығын жоғалтпайтын жетім бала Аянның ағасына деген сағынышы, үміті мен сенімі жусан иісімен ассоциацияланған. Яғни, қазақ санасында жусан ұғымының танымдық мәні тек ғана дәрілік шөп немесе дала өсімдігі деген тар шеңберге байланып қалмайды. Одан да кең, шексіз ұғымға ұласып жатқандай.
Жусан сөзінің дүниетанымдық мәні туралы көптеген зерттеулерден сансыз мысал келтіруге болады. Оның бәрінде бұл өсімдікке деген шексіз құрметті сезінеміз, туған даласының символындай киелі түсінікпен астасып жатқандығын байқаймыз. Журналист Баймаханбет Ахметтің Egemen Qazaqstan газетіне жарияланған Жусан туралы жыр мақаласында бұл өсімдікке қазақ халқының екекше қатынасы туралы жақсы айтылған: мысалы, бір ғана жусанды алайықшы. Бір қарағанда, бұл қазақ қана білетін өсімдік секілді көрінеді. Шындығында, ол бізде ғана емес, Еуропада да, Африкада да, америкада да өседі емес пе? Дегенмен әлемде оның қадіріне жеткен, киесін ұғынған бір халық болса, ол қазақ қана секілді. Қазақ десек дала, дала десек жусан тіл ұшына орала кетері бар. Жусан жұпарлы, жусан рухты елміз-ау. Шөптесін ішінде жүрегімізге, жанымызға жақыны осы. Бейнебір бойтұмарымыз секілді. Әлмисақтан бері солай ғой! [1].
Жусанның ерекше қасиетін тани алған қазақ халқы ерте кезден-ақ оның қадірін біліп, ерекше құрмет көрсеткен. Жақында ғана Калифорния университетінің ғалымдары ғылыми тілде Artemisia Annua деп аталатын өсімдіктен 16 сағат ішінде өкпе рагы жасушаларын жойып жіберетін қуатты дәрі ойлап шығарған. Ал ол дегеніңіз иісі аңқыған кәдімгі өзіміз білетін жусаннан жасалған дәрі.
Біздің елде бұл өсімдіктің мұндай қасиетін көбі білмесе де қазақ даласының көркін кіргізген, саф ауасын жұпар иіске бөлеген жусанның құпия сырына, тылсым табиғатына ерекше көңілмен қараған. Бұрыннан-ақ бұл өсімдікті дәрі-дәрмек, мал азығы ретінде пайдаланған. Жусанның жұпар иісі мен ерекше қасиеті туралы аңыз-әңгімелер арқылы өсімдіктің киесін арттырып, есен-аман сақтап отырған.
Курстық жұмыстың мақсаты: Өтілген тақырып бойынша білімдерін жинақтап бекіту, үзіндінің сюжетін меңгерту, үзінді мәтініне талдау жасау, жүйелі мазмұндауға үйрету.
Тақырыпты меңгерту арқылы ақыл-ойларын, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетән дамыту, өздіктерінен қорытынды шығаруға дағдыландыру.
Шығарма мазмұны арқылы кейіпкер тағдырына ортақтастыра білу, адамгершілікке, бауырмалдыққа, мейірімділікке, достыққа тәрбиелеу, қиыншылыққа төзе білуге баулу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Сайын Мұратбековтың "Жусан иісі" шығармашылық ғұмырнамасына шолу жасау;
2. Сайын Мұратбековтың "Жусан иісі" шығармашылығының жанрлық ерекшелігін талдау;
3. Оқушыларды туынды мәтінімен таныстырудағы жоспарлары мен мақсаттарын көрсету;
4. "Жусан иісі" шығармашылығын шығармасына әдеби талдау жасау барысында қолданылатын тиімді әдіс - тәсілдерді көрсету.
Зерттеу объектісі: қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Курстық жұмыстың әдісі: ұрақ-жауап, топтастыру, семантикалық карта, психологиялық талдау, ой шақыру, венн диаграммасы.
Курстық жұмыстың теориялық негізі: Сайын Мұратбековтің Жусан исі шығармасындағы тағдырдың сансыз соққысына ұшырап, қаншама бақытсыздыққа душар болса да өмірге құштарлығын жоғалтпайтын жетім бала Аянның ағасына деген сағынышы, үміті мен сенімі жусан иісімен ассоциацияланған. Яғни, қазақ санасында жусан ұғымының танымдық мәні тек ғана дәрілік шөп немесе дала өсімдігі деген тар шеңберге байланып қалмайды. Одан да кең, шексіз ұғымға ұласып жатқандай.
Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, бір тараудан, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І.Сайын Мұратбековтың шығармашылық ғұмырнамасы
1.1 С.Мұратбековтың шығармашылық ғұмырнамасы
Сайын Мұратбеков 1936 жылы 15 қазанда бұрынғы Талдықорған облысы, Қапал ауданына қарасты Қоңыр ауылында дүниеге келген. 1957-1963 жж. ҚазМУ-де сырттай оқыған, 1971 жылы Мәскеудегі Жоғары әдеби курсты бітірген. 1954-1962 жж. туған ауылында колхозшы, мұғалім, аудандық, облыстық газеттердің әдеби қызметкері, 1962-1972 жж. Жұлдыз журналында, Қазақ әдебиеті газетінде бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағында кеңесші, Көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры, 1972-1977 жж. Қазақстан КП Орталық Комитетінде жауапты қызметкер, 1977-1980 жж. Қазақ әдебиеті газетінің бас редакторы, 1980-1984 жж. Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, 1984-1986 жж. Жазушы баспасының директоры, 1988-1991 жж. ҚЖО-ның екінші хатшысы болған. XІ сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
Балалық шағына көз жүгірсек, Мұратбек ата оның үлкен атасы. Баласы қайтыс болғаннан кейін, бірі бес, екіншісі үш жастағы қос немересімен қалады. Бес жастағы немересі Сапарғалидан өмірге Сайын келеді. Кішкентай бала күні соғыспен дәлме-дәл келіп, әкесі майданға аттанып кетеді. Содан кішкентай шөбересін бауырына басып, Мұратбек атасы бағып қағады. Тегі де сол кісінің атына Мұратбеков Сайын Мұратбекұлы деп жазылған.
Алты жасқа келгенде, сонау 42-ші жылы шешесі Рәзия қайтыс болады. Соғыс кезінде тылдағы еңбек күшінде қаншама әйел адамдар аянбай тер төкті. Қапалдың маңайында сол шақта басқа ұлт өкілдері көп қоныстанған еді. Солардан келген болуы керек, астық күзетіндегі Рәзия ананы ұрып-соғып, өлтіріп, өздері астықты жымқырып кеткен. Содан Сайын алты жасында жетім қалады. Ал, әкесі қанқұйлы соғыстан аман-есен оралып, балаларға жетімдікті сездірмеуге тырысып қайтадан Сақыпжамал деген кісіге үйленеді. Ол кісі екінші анасы болды. Осы алты жасынан кейінгі өмірінің біраз жері Жабайы алмада кеңінен суреттелген.
Жазушының алғашқы шығармалары 50-жылдардың аяғында жариялана бастаған. Содан бергі уақытта әңгімелері мен повестерінің Менің қарындасым (1961), Ауыл оты (1964), Көкорай (1967), Отау үй (1968), Жабайы алма (1972), Дос іздеп жүрмін (1973) жинақтары, таңдамалы шығармаларының бір томдығы (1981), 1986 және 1991 жж. екі томдығы, 2004 жылы Ескек жел атты әңгімелер жинағы жарық көрген. 1989 жылы Қалың қар, 1995 жылы Өліара повестері кітап боп шықты. Алматы баспаларынан орыс тілінде Дом молодых, Камен тугай, Дикая яблоня, т.б. кітаптары, Мәскеу баспаларынан әр жылдары жарық көрген Дикая яблоня, На вершине Учкары, Запах полыни, У теплого родника, т.б. кітаптары, Ташкентте өзбек тілінде Евшан иісі, Қазанда татар тілінде Әрем иісі, украин, белорус, грузин, армян, әзербайжан, литва, т.б. туыстас халықтар тілдерінде әңгіме, повестері, араб тілінде Жусан иісі повестері мен әңгімелері жеке кітап болып шықты.
Аударма саласында Ә.Әлімжановтың белгілі роман-повестерін, сондай-ақ Г. Толмачевтің Д. Қонаев, Н. Назарбаев туралы деректі повестерін, Алекс ла Гуманың Тас ғалам романын қазақшалаған. Тел өскен ұл (реж. Ш. Бейсенбаев, 1976) кинофильм сценарийінің авторы. 2003 жылы Жабайы алма повесі үшін Тәуелсіз Тарлан сыйлығының лауреаты атанды. Құрмет Белгісі орденімен марапатталған. 1990 жылы Қалың қар повесі үшін Қазақстан Жазушылар одағының М.Әуезов атындағы әдеби сыйлығы, 1998 жылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері атағы берілген. 2006 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. 2007 жылы дүниеден озды.
Жусан иісі қалай жазылды?
Сайын көбіне түнде жазатын. Күзде қарлы жауын жауады ғой. Әсіресе сол кезді қатты жақсы көретін. Ондай уақыттарда жұмыстан келе сала жазуға отыратын. Алғашқы қар, Қысқы кеш, Ананың арманы, Отау үй әңгімелерін, Қыран құс көк жүзін шарлап кетті атты очерк-диплом жұмысын сол әуежай маңындағы үйде тұрғанымызда жазды. Төрт-бес жылдан кейін қаладан пәтер берілді де, сонда көштік. Ол үйде Көкорай, Күсен-Күсеке, Жабайы алма, Жусан иісі, Басында Үшқараның сынды шығармалары дүниеге келді. Жусан иісін жазып біткен соң ол керемет көңіл күйде жүрді. Сірә, оқырман қауымға, балаларға ұнайтынын сезген шығар.
Аянның ертегі айтатындығы Сайынның өзіне аздап келеді. Бірақ, Аянның прототипі бар. Ол - ауылда тобығы тайғандықтан, аяғын қисаңдатып, сәл ішіне басатын Ұзақбай деген бала. Сол баланың тағдыры шығармаға арқау болған. Жабайы алмадағы Қанат та өмірде бар адам. Қанаттың тағдыры - Сайынның ауылындағы Науқан деген баланікі. Оның да әкесі соғыста қайтыс болған. Шешесі соғыс уақытында колхоздың жұмысынан зорығып өлген. Қазір Науқан ауылда тұрады. Ақсақал болды. Он алты баласы бар. Жабайы алмадағы балалар Сайынның ауылындағы Қызыл жұлдыз бригадасының балалары. Ал Басында Үшқараның деген әңгімедегі Әсет - Сайынның өзі. Бір жылы Бердібек Соқпақбаев, Тахауи Ахтанов, Сайын үшеуі Қапалдағы Сайынның атасының жайлауын аралап, Бұрхан бұлаққа барып қайтқан. Келгеннен кейін ойыма бірдеңелер келіп жүр. Бір шығарма жазсам ба екен деп жүрді. Келер жылы Әкім Тарази өз ауылының жайлауына шақырып кетті. Содан келді де, күзге салым Басында Үшқараның әңгімесін жазып шықты. Мұң жапырақ деген повесі болатын. Шағын үзіндісін бір журналға жариялаған да: Аса жақсы жазылған жоқ. Өзіме ұнамады, - деп жүрген. Бірде үйге кірсем пештің алдында керек емес қағаздарын, біраз қолжазбасын бұрқыратып жағып отыр. Мұның не? - десем, Мұң жапырақ жақсы шыққан жоқ. Өртеп жібердім. Ойланып қайта жазармын, - деді. Бірақ, қайта жазуға отыра алмады. Енді бір үлкен дүние жазсам, соған отырсам, - деуші еді. Үлгермеді...
Балалар, тоқтаңдаршы. Мен сендерге кешегіден де қызықты ертегі айтып беремін деп аяғын сылти басып, балалардың соңынан еріп жүретін Аянның аянышты тағдыры бүгінгі оқырманға таңсық болмас. Жусан иісі әңгімесін оқыған сайын, әуелі есімізге жусанның иісі оралады. Жусанның иісі ауылда өскен, ауылда дүниеге келген, ауылдың қара топырағын иіскеп өскен әр баланың есіне оралатыны анық. Аян тағдырына қатысты сауалыма Сайын аға бір кездері: Бұл біздің ауылдағы соғыс кезіндегі балалардың барлығының тағдырынан жинақталған деп еді. Сол жолы күліп отырып, ауылдағы жерлестері айтқан мына бір әңгімені еріксіз еске түсірген. Жазушының Ғұмар деген досы былай деп айтқан екен. Сенің Отау үй атты кітабыңда Жусан иісі атты әңгімең бар емес пе?! Міне, соны оқыған біздің ауылдың Тәжібай, Науқан деген ағайынды механизатор екі жігіттің үлкені: Бұл мен туралы жазылған екен, - дейді қызып отырып. Оны естіген кішісі: Жоқ, мұндағы Аянның тағдыры тура маған ұқсайды, - деп оған қарсылығын білдіреді. Сөйтіп, екеуі шартпа-шұрт төбелесіп, ақырында оларды әзер айырып алатынын айтқанда, Сайын ағаның жүзіне еріксіз күлкі үйірілген еді. Әңгіменің тым шынайы жазылғандығы да шығар, жерлестерінің ол шығарманың өн бойынан өздерін іздеп, өз болмыстарын танып жатқандығы. Әрине, Аянның тағдыры тым аянышты. Жусан иісін ұмыта алмайтын баланың ауылды, жусанды ұмытып кетуі мүмкін емес. Әңгімедегідей біз де Аянның жусанды ауылға қайтып оралуын тілеп едік. Естеріңізде болса, Аян былай дейтін еді ғой әңгімеде:
- Әй, мен сендерге бір қызық айтайын ба,- деді ол сүйінші сұрағандай қуанышты үнмен, - Мен бүгін таң алдында түсімде ағамды көрдім. Рас айтам. Түнде жатар алдында ағамның пальтосын басыма жастап, көпке дейін иісін иіскеп жатқам. Ағамның иісі сіңіп қапты. Біртүрлі жусанның иісі сияқты жақсы иіс. Мен бүйтіп жағасына мұрынымды тығып алдым да ұзақ-ұзақ иіскедім... Әжем ылғи: ағаңды анау Жусанды төбенің үстінде, мал қайырам деп жүргенде айдалада тапқанмын дейтін... Менің ағамда жусанның иісі содан қалған...Сөйтіп жатып ұйықтап едім, түсіме кірді..., - дейді. Сайын ағаммен болған алғашқы сұхбатым әлі есімде. Сайын аға редакцияға өзі келді. Сол жолы аға маған шығармалары жайлы, иә тек шығармалары жайлы, кө-ө-ө-п сыр шерткен. Өзiнiң де Қанат кейіпкері сияқты хат тасығанын, Ырысбек сияқты ағаларының кейбiр қияли қылықтарын шығармасына арқау еткенiн риясыз әңгiмелеген едi. Өткен күндерi еске түстi ме, ағамның әңгiме ауанына қарап, мен де сөзiн бөлгiм келген жоқ. Ара-арасында өткен күндердегi балалық қылықтарына өзi де риза боп, күлiп алады. Әсiресе, ең алғаш ересек балалардан хат жазуды үйренгенiн, хат жазамыз деп бүкiл балалар бiр-бiрiнiң көкелерiнiң атын хатқа жазып жiберген сәттерiн айтқанда, мен де ерiксiз күлгем. Мен үшін Сайын ағаның шығармаларының ішіндегі шоқтығы биігі - Жабайы алма. Жабайы алманың әрбір сюжеті менің санамда жаттаулы. Кез келген сәтте сол бір повестен үзінді айтып бер десе, қиналмай айтатыным рас. Қанаттың бойындағы кейбір көріністерді соғыс кезіндегі балалардың бәрі бастан кешкені анық. Соғыс туралы жазылған шығармалардың көбінде Жабайы алманың кейбір эпизодтары қайталанып жатады. Бұл шығарманың қайталануы деген сөз емес, бұл сол қоғамның нақты көрінісін көрсететін шығарманың шынайылығында. Өйткені сол қоғамдағы оқиғаның бәрі солай біркелкі қайталанып жатты. Ауылдағы тұрмыс, балалық шақтағы қиындық, ұрлық-қарлық, әйелдердің колхоз жұмысындағы ауыр тірлігі, аналардың екі қолға бір күрек деп, таңның атысы, күннің батысы үй көрмей, дала кезуінің өзі сол қоғамдағы көріністі айқындап тұр.
1.2. Сайын Мұратбековтың "Жусан иісі" шығармашылығының жанрлық ерекшелігі
Әуелгі сөзді Жусан иісінен бастайық. ХХ ғасырдың 60-жылдарының белортасында жазылған шығарма Сайын Мұратбеков есімін аспанға шығарды. Бейімбет Майлиннен кейін қарақоңыр тіршілікті жан тебірентерлік қарапайым мақаммен жазған хикаятты үлкен-кіші іздеп жүріп оқыды, Жусан иісі кітапханада тұрмады, қолдан-қолға өткен кітаптың мұқабасында алақан - ның табы қалып, жұлым-жұлым болып көнеріп кетті. Көзі - қарақтылар бас қосқан жерде Жусан иісі сөз болып, реалистік қазақ прозасының үлгілі туындысы әркімнің жанын тербеп, кітапқұмарлар қызу әңгіменің көрігін қыздырды.
Бұл шығарманың құдіреті неде деп ойлайсыз? Бұл - балалық шақтың мөлдір баяны, туған жерге деген тағзым, соғысқа айтқан лағнет, жетім көңілдің жанайқайы, жер бетінде ауыл жұртына жат жетімхана деген үйдің барлығы, кіршіксіз бала көңілдердің бір-біріне деген етжақындығы. Бас кейіпкер өспірім Аян осының бәрін басынан кешеді. Қияндағы Ешкіөлмес шоқысы осылай әркімнің есінде қалды.
Ал шеберлік ше, шеберлік? Шығарманың орындалуы деген міндет бар емес пе? Қаламгер көзімен көрген балалық шақ елестерін прозаның қарапайым тәсілі - бірінші жақтан баяндап, бірде жаныңды ауыртып, бірде кіп-кішкентай қуанышқа бөлей отырып, жүрегіңді лүпіл қақтырып, алға жетелейді, кітаптан бас алмай шұқшиғанда өмір сүрсем деген бір сарын өнбойыңды қуалап кетеді. Бізде бұрыннан бар бұл тақырып (Сыр балаларынан Дети Арбатаға дейін) шебер прозашының қаламы арқылы көркемдік шешімін тапты. Аян қазақы ауылдан жетімханаға аттанды. Шығарып салған достары жетімхана дегенді әкесінің үйі деп ойлап тұр. Жоқ, олай емес, ол - соғыс салған жараның сыздаған орны, мұңлықтар мекені. Ата-анасы болса, Аян да Жусантөбені тастап кетпес еді. Жусан иісі әлі күнге мұрнымызға келеді, сол жылдар прозасы сөз бола қалса, қызыл тіліміздің ұшында осы хикаят кілт-кілт етіп тұрады.
Ал енді Сайынның шығармалары (көкейімізде Жабайы алма, Кө - к - орай, Отау үй де тұр) әлемнің алты тіліне аударылған қазақ про - за - сының антологиясына енбей қалыпты, содан көлденең көк атты - ның күштеуімен ғана қосылыпты дегенді естігенде жағамызды ұста - дық. Қазақ прозасының табалды - ры - ғын 70-жылдардың аяғы, 80-жыл - дардың басында аттап, Бе - рді - бек Соқпақбаевтың батасымен Арман қанатынданың тұңғыш кітабына енген Т.Мәмесейіт, Т.Сәукетай, С.Асыл - бек, Н.Ақыш, Қ.Жиенбай, Д.Әшім - хан, С.Байхонов, Ж.Әлмаш және өзім антология ауылынан шетқақпай қалдық деп бұртиып жүргенде, проза кеңесінің төрағасы ретінде сұрау салған әлгілерге басу айттым. Сайын енсе, шетелдіктер Жусан иісімен демалса, сол бізге жетпей ме? Сайын енбей қалса қайтер едіңдер? деп көңілдерін көтеріп қойдым.
Жәмила - Жусан иісінен бұрын жазылды. Мәскеу Әдебиет институтына оқуға келген Шыңғыс Айтматов христиан атаулы өлердей қорқатын 13-бөлмеге тұрақтап, осы Жәмиланы өмірге әкелді. Оған ұлы Мұхтар Әуезов оң батасын беріп, әдебиет әлеміне жол ашты, француз Луи Арагон таңғалып, махаббат туралы керемет шығармаға Еуропа оқырманы бас қойды. Жәмила бі - рінші жақтан баяндалған махаббат хикаяты. Осы хикаят жарыққа шыққаннан кейін қазақ пен қырғыз Жәмила десе ішкен асын жерге қоятын болды, Жәмила есімін алған бұраңбел қыздар көбейді, Данияр есім - дес алған бетінен қайтпай - тын қайсар жігіттер сап түзеді. Мұсыл - ман - - шылықтың жіңішке жолын қиып өтті деп кінә артса-дағы Жәмила махаббат символына айналды, махаббат дегеннің дінге де, ділге де мойын бұрмас, ешқандай тосқауылға шыдас бермес құдіретті күш екенін мойындатты. Бұл - Толстой сомдаған Анна Каренина да емес, Набоков сомдаған Лолита да емес, мұсылманға тән ибалы махаббат, арнасына жеткенде пәренжені сыпырып тастаған шын сезім болып әдебиетке енді. Бұл, бір жағынан, адамзатты сыңарынан айырған соғысқа айтылған лағнет, екінші жақтан, сүйген жүрек шыдамсыз, бақытты болу үшін бәріне төзу керек деген лейтмотив. Жәмила малға сатылған мұсылман қызы емес, ол - өз сезімі мен сенімі жолында басын бәйгеге тіккен төмен етек.
Ал осы қырғыз ағайындар Жә - мила десе, Айтматов десе, ішкен асын жерге қояды, Айтматов есімі атала қалса, жайбарақат ырлап отырып-ақ орындарынан ұшып тұрады. Екі жыл бұрын Қазақ ПЕНклубы өткізген Азия жазушылары форумында мінбеге шыққан қол басындай қырғыз қыз Біз Айтматовсыз жетімсіреп жүрміз, аруақты бір сәт орнымыздан тұрып еске алайық деп, тапал жапон, қысық көз қытай мен күлімсіреген кәрісті орындарынан жұлып алды. Қазақ пен қырғыз онсыз да атқан оқтай болып аяқтарынан тік тұр.
Қазір қырғыздарда Жәмила атауын алған эстетикалық клубтардан көз тұнады, Даниярдың әні атты фестиваль күнтізбеге енгелі қашан. Жусан иісі де Жәмиладан кейін көп ұзамай-ақ өмірге келді, ол да ұлтының жоғын жоқтаған, соғыс пен жетімдікке лағнет айтқан көркем туын - ды болып есте қалды. Біз неге кейіпкер Аянды алақанға салып әлдилемейміз, Сайын салған Арлы-берлі жолмен (шығарма атауы) неге ойқастап жүрмейміз, неге Жусан иісі деп атаулы әдеби мерекелер өткізбейміз?
Биыл Мәскеудің Литгазетасы Гогольдің шинелінен шыққандар (Из гоголевской шинели) деген мақа - ла жариялады. Тағы да Гоголь атын - дағы әдеби сыйлықтың жеңім - пазда - ры бізді көрдіңдер ме? деп жайраңдап, жарқырап тұр. Олар жыл сайын Шинель атауын алған дәстүрлі проза конкурсын өткізеді. Біз де Жусан иісі деп прозашыларды сайысқа түсірсек қайтер еді? Жусан жарықтық ащы болғанмен, қолда бар қара қойдың сүйсініп жейтін шөбі, Жусан иісі - мәңгілік шығарма емес пе?
Шинельдің құдіреті неде? Шинельдің құдіреті - Гогольдің құдіреті. ХІХ ғасырда жазылған Шинельдің мемлекеттік қаулы-қарарлар өлі күйде жатыр деген бір сөйлемі бүкіл орыс жұртын шошытпап па еді. Қарағай табытқа тапсырыс бер, емен табыт оған қымбатқа түседі деп өліге де қадір-құрметті қимаған, өмірінде бір ғана лауазым - статский советниктің шинелін киген Акакий Акакевичті қалай ұмытарсың. Бұл - шинель кигеніне мәз болған кішкентай адамның өлмес бейнесі. Ол да бір күні о дүниелік болып, Петербург Башмакинсіз қалды, өлімін де ел-жұрты кеш естіді. Өлімнен ешкім де қашып құтыла алмайды, тіршіліктегі пенделікті жұрт өлім үстінде бетке басады, өліге жаман сөз жүрмейді бізде ғана бар жоралғы, кәпірлер кесіп айтады. Шинель - орыс реалистік прозасының ұлы үлгісі, Гоголь болса, лауреат емес, ол - Шинель-дің авторы.
Соңғы кездері орыс қауымы Но - бель сыйлығын беруде Швед Ака - демиясы дәстүрді бұзды деп шулап жүр. Бунин, Шолохов, Пастернак, Солженицын, Бродский алған сый - лықты Милан театрының майрампазы Дарио Фо да алды деп намыстан жарылардай болып, бөстекі сөздің аузын буған қанардың кендір жібі шорт үзіліп, сөз дегенің ақтарылып қалды. Бұл Швед академиясының өз ісіне деген мәдени-тұрмыстық сенімсіз көзқарасы деп айқай салғанда, тау жаңғырықты. Дарио Фоны лауреат қылған әлеуметтік драма жанрындағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz