М.Мақатаев поэзиясындағы символизм


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

М. Мақатаев поэзиясындағы символизм

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 М. Мақатаев асқақ рух ақыны . . . 7

1. 1 Мұқағали поэзиясындағы дәстүрлі жүйе . . . 7

1. 2 Мұқағали поэзиясындағы образдар жүйесі . . . 15

2. М. Мақатаев поэзиясындағы символизм . . . 21

2. 1М. Мақатаев поэзиясындағы символизмнің танымдық-философиялық өлеңдердің жанрлық сипатын байыптау . . . 21

2. 2 М. Мақатаев поэзиясындағы символизмнің қалыптасуы мен дамуының дүниетаным болмысын айқындау . . . 29

Қорытынды . . . 35

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 37

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы . Белгілі бір ұлт әдебиеттінің қалыптасуы мен дамуында оның басқа елдер әдебиеттерімен байланыстарының мән-маңызы айрықша. Атап айтқанда, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің өсіп өркендеуінде оның өзге ұлт әдебиетімен рухани алмастығының, әсер-ықпал көріністерінің орны өзгеше. Қазақ халқының рухани-мәдени өмірінде өшпес із қалдырған бұл кезең әр қилы тарихи-әлеуметтік, саяси-қоғамдық өзгерістерге толы сәттерге орай рухани әрі саяси ірі сілкіністер мен серпілістер әкелуімен ерекшеленетіні белгілі.

Мұқағали өлеңдері - ұлттық поэзияның жаңа бір белеске көтерілгендігін, жаппай евроцентристік ағымға ойысқан заманда қазақтың қара өлеңінің шынайы қасиеттерінің қадірі артып, бұрынғыдан да толысып, кемелдене түскендігінің куәсі. Ол қазақ өлеңінің ұлттық бояуы мен рухын ұстанды, оны түрлендіре байытты, сөйтіп қалың қазақ оқырмандарының жүрегіне жол ашты. Сонымен қатар ақын қазақ лирикасын ХХ ғасыр әдебиетінің озық үлгілерімен құнарландырды. Білікті, парасатты ақын ретінде өз заманының ірі мәселелеріне қалам толғаса да, соның өзінде қазақ өлеңі мен ана тілінің ғасырлар қойнауынан нәр жинаған аталы дәстүрін бұзбай жарасымды табиғи дамытты. Ол бірде қоғамның керенаулығын бетіне басқан қатал сыншы, енді бірде бала мінезді кіршіксіз таза, аңқылдаған аңғал жан. Сөйтіп жыр әлемінде өз ойын, өз шындығын, жүйелі көркем тілде ақындық биік тұрғыдан тұтас шеберлікпен жырлай білген. Мұқағали сыршыл ыстық лирикасымен өз оқушыларының жүрегіне жол тапты, оларды жақсы жырдың ләззатына қандырып, өзінің менімен адамзатқа ортақ ақиқатты жырлап, қалың оқырманның жан жүрегін баурады. Осыған орай диссертацияда ақынның қазақ поэзиясындағы өзіндік ерекшелігі бар көркемдік жүйе тұрғысынан қарастырылады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Қазақ әдебиетіндегі символизм туралы ұлттық әдебиеттануымызда әркелкі деңгейде бірталай еңбектердің жазылғаны, жарық көргені мәлім. Символизмнің ғасырлар тереңіндегі тамырлары, қазақ поэзиясындағы көріністері, орыс символистерінің ықпалы, осы үдерісте ерекше еңбек еткен орыс ақындары мен философтарының жемісті ізденістері мен концепциялары біршама еңбектерге арқау болды. Сондай-ақ, символизм нышандары М. Мақатаевтың өлеңдері мен поэмаларының көркемдік өрнегі мен эстетикалық нысанасына, қаламгерлердің дүниетанымына айрықша ықпал еткені туралы елімізде әдебиетшілер мен философтардың және т. б. ғылым саласындағы зерттеушілердің өз пайымдауларын ұсынуында ұлттық рухани - мәдени дамудың қандай да болсын мәселелерін талдап-таразылауға деген зор қызығушылықтары да бары анық.

Сонымен қатар, символистік құбылыстың тарихи тамырлары мен орыс немесе қазақ поэзиясында көріну сипаттарына зер салған зерделі еңбектер қарастырылып, осы бағытта ізденген төл ақындарымыздың туындыларындағы көркемдік айшықтарды айқындау да зерттеудің өзектілігін байқатады.

Белгілі бір ұлттың өркениеттегі өрісі басқа ұлттар мен ұлыстар арасындағы мәдени-әдеби қарым-қатыныстар, рухани алмасулар барысында айқындалмақ. Қазіргі таңда қазақ елі мен басқа өскелең халықтардың мәдениеттерін жалпы әлемдік өркениет дамуының талаптары бойынша сабақтастыра қарастыру өзектілігі күн тәртібінде тұр. Бұл орайда қазақ және орыс әдебиеттерінің өткен ғасырлардағы әдеби-мәдени алмасу бастауларын негізге ала отырып, олардың ортақ үндестіктерін және әрқайсысының дербес ұлттық ерекшеліктерін саралау басты нысана болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі Әлбетте, символизм ағымының тууы мен қалыптасуын және оның әдебиеттегі көрінісін пайымдамай, осы аспектідегі қазақ­-орыс әдеби байланысын зерделеу мүмкін емес. Оның үстіне, қазақ әдебиетінің биік деңгейден көрінуінде өзге ұлт әдебиеттерімен рухани алмасуының, сондай-ақ әсер-ықпал көріністерінің айрықша орын алары сөзсіз. Бұның нақты дәлелі ретінде XX ғасыр басында жаңаша толығып, толыса бастаған төл әдебиетіміздің даму барысын, бар болмыс-бітімін тілге тиек ете аламыз. Бұл турасында жазылған, айтылған ой-пікірлер сілемі ойымызды айғақтай түсері анық.

Ал тікелей М. Мақатаевтың шығармашылығы жайында сөз болғанда Ә. Тәжібаевтің алғашқы сәт-сапар тілеген мақаласынан бастап Мұқағали шығармашылығы әдеби сын назарынан тыс қалған жоқ. Қ. Алпысбаевтың “Мұқағали өрнегі”[4] зерттеуі, “Естеліктері” мен «Мұқағалидастан»[5] кітаптары шықты. Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын арнайы ғылыми тұрғыда зерттеу соңғы он-он бес жыл ауқымында ғана басталды. Тындырылған шаруалардың қатарына жылма-жылғы туған күндері қарсаңында жарияланып жатқан мақалаларды, әрі 50, 60, 70 жылдық мерейтой қарсаңындағы ақын-жазушылардың, ізденушілердің, ғалымдардың 500-ге тарта ғылыми - танымдық материалдарын жатқызуға болады. Жеке ғылыми зерттеулерде бой көтере бастады. Қазанбаева Айнагүл Зікірқызының “М. Мақатаев лирикасының лексика-грамматикалық ерекшеліктері“ [6] мен Бекеева Нұр-Айша Жүсіпқызының “Қазақ поэзиясындағы қаһармандық рух пен трагедиялық ахуал”[7], Қарақалпақстандық Хамидуллаев Күрленбайдың “Мұқағали Мақатаевтың ақындық шеберлігі“ [8], Бегманова Бибіжан Сейітханқызының “М. Мақатаев лирикасының ұлттық сипаты”[9] кандидаттық диссертацияларын, Абишева Сауле Жүнісқызының “Поэтическая система “Мир природы “ структура и семантика“ [10] деген тақырыптағы докторлық диссертациясында да Мұқағали шығармашылығы бірсыпыра талданды. 2006 жылдың басынан “Мұқағали” журналы ай сайын шыға бастады. Міне бұлар ақынның бай мұрасын туған халқына жеткізудегі және оны зерттеп, ақынды ғылыми тұрғыдан танудағы істеліп жатқан жұмыстар. Осылар арқылы Мұқағалитанудың ғалыми-танымдық бұлақ көзі ашылды, оның сала - сала боп, арналана түсері анық. Демек Мұқағали туындылары түгенделіп, байыпты зерттелген сайын ақын рухы бізге жақындап, бізді өзіне барған сайын баурап отыр. Алайда Мұқағали поэзиясы бірыңғай көркемдік жүйе тұрғысынан арнайы қарастырылған жоқ.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері : жұмыстың басты мақсаты - көркем әдебиеттегі, өнердегі ілгері-кейінгі көркемдік жүйесінің сөз болу жайына барлау жүргізіп, терең негіздеріне үңілу. Қадым заманнан қазірге дейінгі ұлтық белгілеріміз бен сапаларымыздың жай-күйіне назар салып, нақты мысалдар арқылы Мұқағали поэзиясының көркемдік жүйесін ғылыми саралау. Негізгі мақсатты орындау үшін диссертациялық жұмыста мынандай басты міндеттерді шешу алға қойылды. Сөйтіп төл сөз өнеріміздің тақырыптық, жанрлық және көркемдік деңгейін анықтау. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мынадай міндеттерді шешуге талпыныстар жасалды:
- символизм поэзиясының қалыптасуы мен дамуының дүниетаным болмысын айқындау;

- символист ақындарының шығармашылықтарына салыстырмалы түрде сипаттама беру;

- Мұқағали поэзиясына тән ортақ үндестік пен олардың дәстүрлі ерекшеліктерін саралау;

- символистік поэзиядағы танымдық-философиялық өлеңдердің жанрлық сипатын байыптау;

- Зерттеуде Мұқағали шығармаларының тек поэзия құдірет - күшінің ауқымы мен аясына сыйып тұрған жұмбақтарына жетелеу;

- Мұқағали шығармаларында мол көрініс табатын шеберлік тұғыры - тіл тазалығына, ой саралылығына, тебіреніс тереңдігіне көңіл бөліп, ұлттық тіл байлығын құбылтуы, қолданудағы көркемдік бейнелеу ерекшеліктеріне назар аудару;

- Ақынның эпикалық туындыларындағы өмір шындығының көркем шындыққа ұласуы, адам бейнесін жасаудағы көркемдік жүйе шеберлігін сараптау;

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы . Мұқағали шығармашылығындағы көркемдік жүйе осыған дейін дербес зерттелмеген. Зерттелсе де белгілі ортақ тақырыптардың аясында, не әлденеше авторлардың айналасында қарастырылатын. Бұл жолғы зерттеу арнайы әрі нысанды мақсатта жүргізілді. Сондықтан диссертацияның ғылыми жаңалығы көтерілген тақырыптың мәнділігімен, көкейкестілігімен айқындалады.

-Мұқағали шығармашылығының сүйенген үш тағаны, байланған үш қазығы бар. Оның біріншісі- ақынның әрқашан да жанымен ақтарылып айтқан бүкпесіз де қарапайым сыршылдығы. Екіншісі - асқақтық яғни өмірді сындарлы санамен екшеп, елеп парасатты пайым жасап, күрделі қорытындылар шығаратын сыншылдық көркемдеу жүйесі. Үшіншісі азаматтығы - қоғамдық әлеуметтік мәселелерді, күллі тыныс-тіршілікті өлеңіне арқау еткен ақын кемелдігі дәлелденеді.

- Еңбекте Мұқағали шығармаларындағы ұлттық айшықтар кең ауқымда, алдыңғы толқындармен ұштастырыла, кейінгі буындармен сабақтастырыла, ұлттық идея мен идеология негізінде, өмірмен өзектестіріле қарастырылады.

- Тақырып аясында көркемдік ой-санаға қозғау салып, ұлттық рухтың оянуы мен терең тамырлануына жетелеуде әдебиеттің орны Мұқағали поэзиясы мысалында ғылыми тұрғыдан тұжырымдалады.

- Поэзияның рухани азықтығына, адами қасиеттердің орнығуына, қоғам өмірін нұрландыруға септігін тигізіп, толыққанды азаматтардың қалыптасуына оңды әсер туғызатыны, негіз қалайтыны Мұқағали өлеңдері арқылы пайымдалады.

- Көркемдік - поэзия үшін жырдың сұлулығы, әсем нақышты сүйкімділігі, адам болмысын билер әсерлілігі. Жүйе - бір қалыпқа түскен арна, тоғыз ағыстың тоғысуы. М. Мақатаев поэзиясының көркемдік жүйесі саралануын былайша тармақтауға болады.

Зерттеу тәсілдері : Зерттеу жұмысын жазу барысында алға қойған мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін өлең-дастандардағы көркемдік жүйелерге, ұлттық белгілерге, образдардың сұрыпталу ерекшелігі мен сомдалу дәрежесіне үңіліп, көтерілген идеялардың мәнділігіне назар аударылып, кешенді әдеби талдау әдіс-тәсілдері қолданылды.

Зерттеу нысаны ретінде М. Мақатаевтың өлең, толғау, поэмалары негізгі материал болды. Зерттеу кезінде Қазақстан Республикасы Орталық кітапханасының 1991-2006 жылдар арасындағы жинақ папкілер материалдары пайдаланылды.

Ғылыми жұмыстың теориялық - методологиялық негізі ретінде

А. Байтұрсынов, М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Б. Кенжебаев, Қ. Жұмалиев, Т. Әлімқұлов, З. Қабдолов, Т. Кәкішев, Р. Бердібаев, С. Қирабаев, З. Ахметов, М. Қаратаев, Р. Нұрғали, С. Қасқабасов, Ш. Елеукенов, Ж. Ысмағұлов, Қ. Мәшһүр-Жүсіп, С. Негимов, А. Егеубаев, А. Еспенбетов, З. Жұмағали, Ж. Дәдебаев, Т. Жұртбай, Б. Майтанов, Д. Ысқақұлы, Б. Әбдіғазиұлы, Д. Қамзабекұлы, Р. Тұрысбек, М. Хамзин, Т. Есембеков, Қ. Алпысбаев, т. б. зерттеуші ғалымдардың тікелей және жанама қатысы бар сындарлы зерттеулері жұмысқа теориялық және әдіснамалық негіз ретінде пайдаланылды, таяныш етілді. Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі үлкен бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

1 М. Мақатаев асқақ рух ақыны

1. 1 Мұқағали поэзиясындағы дәстүрлі жүйе

Құдіретті сөз өнері, оның ішінде поэзия XIX ғасырдың екінші жартысында Абай өлеңдері арқылы ең биік тұғырға көтерілді. Ал ХХ ғасырдың бел ортасында әдебиет есігін ашқан жас талап, жаңа буын өкілі Мұқағали жырлары да сол биікке арман сапарына яғни альпинистік заңғарға қол созып, шырқау шыңға жол тартты. Сөйтіп, Абай салған соқпақ ізімен ілгері басты. Мұқағали поэзиядағы парасаттылыққа мән бере отырып, ұлылықтан үйренуге талпынды. Әсіресе Абай парасатынан нәр алып, ұлы ақын талабына орай үн қатты. Ұлттық мұраны толықтыруға өз әлінше күш салды. Рас, Абай да, Мұқағали да тақырға түскен дән емес. Құндақтаған елдің, құнарлы топырақтың, қазыналы ортаның жемісі. Олар бай ауыз әдебиетінен жүзіп ішті, әсіресе шешендік өнердің шеберлігін меңгерді, философиялық тереңдігін игерді. Жыраулар поэзиясының өткірлігі мен өршіл рухын бойына сіңірді, тың сонарларын шалды. Яғни халық даналығының небір нәрі мен дәнін жинады. Өскелең орыс әдебиетінің озық үлгілерімен, әлем классиктерімен талмай танысты, Одаққа танымал таңдаулылардың суреткерлік қабілет қарымдарынан, әдеби әдіс-тәсілдерінен үйренді. Ғаламдық деңгейде дүние танымдарын жетілдірді. Өздеріне дейінгі мықты білім қорымен қаруланды. Заманның өнегесі неде, өріссіздігі қайда екендігін ажырата білді. Соған сәйкес ащы шындығын да айта алды. Шындықты айту қашанда қиын екендігін аңғарды.

Мұқағали - советтік құрылыстың, коммунистік қоғамның дүркіреген дәуірінде еңбек етіп, тіршілік етті. Кезінде кереметтей дәріптелген, “күні күлімдеген, жұлдызы жымыңдаған” дейтіндей “аса прогрессшіл қоғам” саналған кеңестік жүйенің бітім болмысы туралы жазылуға, жырлануға тиіс кезеңде өмір сүрді. Сол ыңғайда ақынның шеңберден шыға алмағаны, ақ тиындай шығырда шыр айналғаны байқалады. Бостандық, теңдік, еркіндік деген ұғым-түсініктердің аясы тарлығы танылады. “Неге бұлай?” деген ақын түйткілі түсіндірілмеді, жауапсыз қалды. Бір елі ауызға екі елі қақпақ қатар әрі қатаң қойылды. Соған қарамай адам баласын, азаматтық қоғамды мұқият зерттеп, жеке басының мұң мен шерін, шаттығы мен бақытын халық мүддесімен қабыстырып, ұлттық сипатқа жеткізе білді. Рухы күшті рухани қазына жасады. Мұқағали жырлары қарапайымдылығымен қасиетті, дәлдігімен дәмді, ой-ырғақ еркіндігімен ерекше, “тілге жеңіл, жүрекке жылылығымен” құрметті де құдіретті.

Мұрат Мұқағали өлеңдерінің рухани астарына үңіліп, рухани күші мен құдіретіне талдау жүргізу, эстетикалық, этикалық тәліміне ден қою, поэма, дастан, толғауларының тарихи-танымдық ұстанымдарына, тәрбиелік, тағылымдық мәніне көңіл бөлу, көркемдік-шеберлік иірімдеріне үңілу.

Ал 1975 жылы 26 қаңтарда: “Айналып келгенде, поэзияда рух үлкен роль атқаруға тиіс . . . Кімде рух болмаса, ол поэзиядан аулақ жүруі керек . . . ” [11. ], - деп жазады. Шындығында оқырманға күш-қайрат сыйламаған, жан-жүрегін баурамаған, ашындырып-тұщындырмаған өлең түкке алғысыз. Оның бәріне жетекші асқақ та адуынды ақын рухы ұлттық сипатында деген үлкен тұжырымға келіп тірейді. Ақыры 1976 жылы 14 ақпанда ” . . . Мен өзімнің “менім” арқылы жасырмай, жаппай өмірімнің шежіресін жасап шықтым. Жанымның мұңы мен қуанышы - бәрі осында. Солар басқа жүректерге өз сәулесін түсіруге тиіс деп ойлаймын. Сонымен достар, бүкіл менің жазғаным - бар-жоғы бір ғана поэма. Адамның өмірі мен өлімі, қасіреті мен қуанышы туралы поэма. Егер нанбасандар, барлық өлеңімді жинап, бір жинаққа топтастырып көріңдерші. Естерінде болсын, әрбір өлеңім өз орнында тұрсын. Яғни жылына және бойына қарай, содан соң көз алмай оқыңдар. Сюжетіне көңіл аудармай-ақ қоюларына болады, ал композициясы мен архитектоникасына зер салыңдаршы. Егер мені содан таппасаңдар, онда ақын болмағаным“ [11] деген екен ақын. Міне бұл айтылғандар біздің зерттеуімізге үлкен көмекші, қадау-қадау сілтемелер. Ақынның шығармашылық жағрафиясын горизанталь да, вертикаль да жағынан алдыға жайып салып отыр. Ендеше одан біз өз керегімізді инемен құдық қазғандай іздеп көрелік.

М. Мақатаев поэзиясындағы көркемдік жүйенің бір парасы өзі өмір сүрген кездегі ауыл, ел тіршілігі, ұлттық мінез, ұлттық психология, табиғат көріністерінің көркем бейнесін жасауға негізделген. Ұлттық сипат кейіпкердің түр-түсімен, киім киісімен, сөйлеген сөзімен анықталмайды. Бұл сырт көрініс, ұлттық мейрам Наурыз мерекесінде қазақы шапан киіп, басқа халық тілдерінде сөйлеген бауыр-туғандарымыздың сұр-сықпыты, міне, осы сияқты. Мәселе ұлттың дамуының әлеуметтік, экономикалық және тарихи ерекшелігіне дүниетанудағы көзқарасына, сезудегі ұлттық психологиясына байланысты. Әрі ұлттық ерекшеліктерді бірыңғай ұнасымдылықтан, жақсы қасиеттерден іздеу де оғаштық. Яғни ол жаман қылық пен қасиеттерде де жатуы әбден мүмкін. Қысқасы, ұлттық сипат тарих көшіне ілесіп дамып, жаңа реңге ие болып отыратын құбылыс.

Ұлттық сана - біріншіден өз халқын, ұлтын сыйлайтын ыстық ықылас пен сергек сезімнен туады. Екіншіден, елінің, халқының ұлттың өткенін, қазіргісін, келешегін толық біліп, тексеріп халық тағдырына, ұлт мәселесіне елдік, мемлекеттік тұрғыдан қарайтын саналы, салихалы ойдан туады. Бұл ретте ұлттық сананың жасаушысы, сақтаушысы, қорғаушысы әрқашан да ұлттық интеллигенция, зерделі авангард топ зиялы қауым, әсіресе ақын-жазушылар. Абайда: “Қыранша қарап Қырымға, мұң мен зарды қолға алып, кектеніп надан зұлымға, шиыршық атып толғататын” Шоқан, Ыбырай, Шәкәрім, Әлихан, Ахмет, Мағжан, Халел, Мыржақып, Жүсіпбек, Мұстафалар сияқты ұлы ойшылдар ғана ұлттық сананың негізін салып, ірге тасын қалайды. [12] . Бұлар халқының өткеніне қиналған, қазіргісіне қынжылған, келешегінен үміттенген.

Дәл осындай шығармашылығында ұлттық сипаттар басым қазақ ақынының бірі - Мұқағали Мақатаев. Әр кейінгі ұрпақ өз жолын алдыңғы аға буынның жеткен жерінен бастайтындығын ескерсек, Мұқағали да Абай мұрасын құран хадистеріндей құлағына құйып өскен өрен. Абай поэзиясының түп тамыры өмірде, ұлттық негізде, тарихта екендігін жете зерделеген Мұқағали оны игеріп қана қоймай дамытты, жемісті үрдістермен жетілдірді. Сөйтіп дәстүр мен жаңашылдық арақатынасын туғызды. Бұл бұрын да бар, алда да жалғасын табар құбылыс. Жалпы көркем әдебиет, өнер аса сындарлы тәрбиеші. Ата-анадан да, ұстаздан да өткін ұлы тәрбиеші - әдебиет, оның ішінде - поэзия. Тәрбиелік роль атқармаған өнер тұл.

Поэзиялық шығармадағы ой-пікір ақын көзімен көріп білген, өз көңілімен сезінген өмірдегі нақтылы жағдайлардан алған әсерлер түрінде туған идея болып келеді. Жалпы жағдайға қатысты қорытынды-түйін, ақыл-кеңес, насихат болса да, ақынның көңіл күйіне сабақтастырыла айтылады. Яғни поэзиядағы идея шығарманың көркемдік қасиетімен тығыз байланысты болса, ал көркемдіктің, ақындық шеберліктің өзі озық идеялықпен ұштасып жатады. Көркемдік жүйені форма, стиль, тіл шеберлігі, композиция, характер, образ жасау, тартыс мәселелеріне жан-жақты анализ жүргізу деп білеміз.

Ежелгі грек өнерінің табыстарынан, өзіміздің ауыз әдебиетінің тамаша үлгілерінен осы күнге дейін рахат табамыз, осы күнге дейін оған сүйенеміз. Себебі ол таза адамзаттық өнер. Әр дәуірдің өзі жасаған биік тұғырлары бар. Сондай-ақ поэзиядағы көркемдіктің де биігі бар. Ол қайталанбайды. Және оған кім көрінгеннің қолы жете бермейді. ”Абай-позиядағы қазақ ренессанысының құзар шыңы. Абайдың ренессаныстық өредегі ұлылығы сол, ол өзі ғұмыр кешкен қоғамдағы қабынып тұрған қақтығыс-қайшылықтарды қаны сорғалаған қалпында шегіне жеткен шыншылдықпен көрсетіп берді” [13] . Мәселе түйіні - бабаларымыз жасаған сан ғасырлық көркемөнердің, мәдениеттің жақсы жақтарын пайдалана отырып, жаңа жол табуда. Ол жаңа форма ғана емес, ол көркемдік компененттердің мазмұннан ажырамас тұтастығын жасау. Қысқасы өмірдегі құбылыстарды тани, жіті көре білуден басталады. Бұл өмірдің диалектикалық даму заңдылығын ажырата алу деген сөз. Жаңалық табу - өзіңді-өзің ашу, шығармашылыққа өзіндік қырмен, қолтаңбамен келу.

Кез-келген шығарма халыққа түсінікті болуы керек. Сонда ғана ол жұртқа эстетикалық әсер етіп, жаңа рухани тілегін өтейді. Әрине түсініктілік деген сауатсыз адамға шақталған талап, жадағайлық, жеңіл-желпілік деген сөз емес, терең ойды көркемдік шеберлікпен қарапайым етіп көрсету. Дарынды таланттың, үлкен мәдениеттіліктің, табанды еңбектенудің қажет жері осы. Толстойдың ”Қарапайым жазу оп-оңай емес” деуі де сондықтан. Көркемөнерді зерттеушілер өнер туындыларын түсінетін эстетикалық білім қажет екенін айтқан. Шынында, терең поэзиялық туындыларды, опералық, симфониялық шығармаларды, керемет картиналарды түсіну үшін белгілі дәрежеде эстетикалық мәдениет керек. Бұл шығарманың формасын жорта қиындату емес, оқырман мен көрерменнің эстетикалық өрісін көтеру. Сонымен қарапайымдылық жалаң қарадүрсінділік те емес, дәстүрден қашып шатпаққа ұрынған жасандылық та емес. Дана қарапайымдылық, мөлдір айқындық - міне нағыз өнер.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұқағали Мақатаев поэзиясындағы символизм
Қазақ поэзиясының көркемдік жүйесіндегі символдың атқаратын қызметін саралауда жекелеген ақындар шығармаларындағы символдың өзіндік ерекшеліктерін зерделеу
ХХ басында қазақ жазба әдебиеті
Жасанды тілдерде символ таңбамен бірдей, тең ұғым
Жанат Әскербекқызы өмірі мен шығармашылығы
ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ әдебиетіндегі символизм сипаты
Мағжан қазақ әдебиетінде
СИМВОЛИЗМ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ САЛАСЫ
МАҒЖАН ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ТҮР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мағжан Жұмабаев поэзиясының көркемдігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz