Мектепте тарихты оқыту әдістемесінің орны мен рөлі


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министірлігі.
Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Археология, этнология және Отан тарихы кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Орта мектептегі тарихи білім берудің мазмұны мен құрылымы
Орындаған: Низатилзаманов Р
Қабылдаған: Тулегенова А. Ж
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Мектепте тарихи білім берудің қалыптасуы мен мақсат- міндеттері
- Тарихты оқыту әдістемесінің қалыптасуы мен дамуы . . . 5
- Мектепте тарих пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері . . . 10
ІІ Мектептік тарих курстарының құрылымы мен мазмұны
2. 1 Жаңартылған мазмұндағы білім беру бағдарламасы бойынша тарих пәндерін оқытудың ерекшеліктері . . . 16
2. 2 Қазақстан тарихын оқытудың құрылымы мен мазмұны . . . 23
2. 3 Дүние жүзі тарихы курсының құрылымы мен мазмұны . . . 25
Қорытынды . . . 31
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 33
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Тәуелсіздік алғаннан кейін оқыту жүйесінде біраз өзгерістер болды. Тарихты оқытудағы әдістерге жаңаша әдістер келіп қосылды. Қазақстан тарихы жеке пән ретінде оқу бағдарламасына енгізіліп, оқытыла бастады. Осы сәттен бастап, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтейтін, табиғаттың, мәдениеттің және қоршаған ортаның байланыстарын қорғау қажеттілігін сезіне білетін Отансүйгіш азамат тәрбиелеу күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің біріне айналды. Қазіргі таңда тарихты оқыту барысында жаңаша тәсілдер пайдалану үстінде.
Зерттелу деңгейі: Мектепте тарихи білім берудің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін белгілі бір зерттеу деңгейі қажет. Бұл мыналарды қамтиды:
1. Бастапқы дереккөздерді зерттеу: Оқушылар құжаттар, хаттар, күнделіктер және т. б. сияқты бастапқы дереккөздерді зерттей алуы керек.
2. Зерттеу жобалары: Оқушылар белгілі бір тарихи тақырыптарды немесе мәселелерді тереңірек зерттеуге мүмкіндік беретін зерттеу жобаларын жүргізе алуы керек. Бұл олардың зерттеу, деректерді талдау және қорытынды жасау дағдыларын дамытады.
3. Тарихи экскурсиялар мен тәжірибелер: тарихи экскурсиялар мен тәжірибелерді ұйымдастыру оқушыларға тарихи орындар мен нысандармен тікелей танысуға мүмкіндік береді. Бұл оларға тарихи оқиғаларды жақсы түсінуге көмектеседі және олардың эмоционалды және эстетикалық қабылдауын дамытады.
Зерттеу нысаны: - Тарих сабағы: оқушылардың өткен туралы жүйелі білім алатын, тарихи дереккөздерді талдап, тарихи оқиғаларды талқылайтын негізгі оқу түрі.
- Жобалық іс-әрекет: тарихи тақырыптарды өз бетінше зерттеуге ынталандырады, студенттердің алған білімдерін практикада қолдануға мүмкіндік береді, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамытады.
- Тарихи экскурсиялар мен мұражайларға бару: студенттерге тарихи орындар мен артефактілерді өз көздерімен көруіне және тарихи оқиғалар туралы түсініктерін тереңдетуге мүмкіндік береді.
Зерттеу пәні : - Тарих ғылым ретінде адамзаттың өткенін, оның дамуын, тарихи оқиғаларын, мәдениеті мен қоғамын зерттейді.
- Зерттеу пәні тарихи дәуірлерді, маңызды тарихи оқиғаларды, тұлғаларды, тарихи дереккөздер мен артефактілерді қамтиды.
Зерттеу әдістері: - Тарихи әдіс: тарихи дереккөздерді талдау, ақпаратты сыни тұрғыдан түсіну, Тарихи қайта құруларды құру.
- Компаративті әдіс: тарихи процестер мен құбылыстарды салыстыру, жалпы заңдылықтар мен айырмашылықтарды анықтау.
- Тарихи модельдеу: олардың себеп-салдарлық байланыстарын жақсы түсіну үшін тарихи оқиғалар мен процестердің модельдерін құру.
- Тарихи талдау: тарихи оқиғаларды компоненттерге талдау, олардың себептері мен салдарын анықтау.
Жұмыстың мақсаты: Тарихты оқыту әдістемесі қоғам алдында тұрған жас ұрпақты тәрбиелеудің кешенді міндеттерін іске асыруға қызмет жасайды. Олай болса, жұмыстың мақсаты: тарихты оқытудағы әдістердің бір әңгімелеу тәсілдеріне толыққанды тоқталып сипаттама беру.
Жұмыстың міндеттері:
- Тарихты оқыту әдістемесі пәніне жалпы сипаттама
- Тарихи білімдер мен әдістерді қолданып, қоғамдық ойдағы жаңа мағлұматтарды өз позициясы тұрғысынан сын көзбен бағалап, талдай алу дағдысын қалыптастыру
- Оқушылардың ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі адамзаттың тарихи даму жолы туралы тарихи білімдерді әдіс - тәсілдер арқылы игеруі.
- Тарихты оқытуда әңгімелеу және бейнелеу тәсілдерінің қолданылуы
Жұмыстың тарихнамасы: Жалпы алғанда «Тарихты оқытудың мақсаты мен міндеттері» туралы көптеген ғалымдарымыз мерзімді басылымдар беттерінде қалам тербеп жүргендігі баршамызға аян. Курстық жұмыста Т. Хазіретәлінің «Мектепте тарихты оқыту әдістемесі», Т. Т. Тұрлығұлдың «Мектепте Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі» атты кітаптарын пайдаландым.
Теориялық практикалық маңызы: Мектептегі тарихи білім берудің мақсаты оқушыларда өткен туралы жүйелі білімді қалыптастыру, талдау және сыни ойлау дағдыларын дамыту, сондай-ақ патриотизм мен мәдени мұраны құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады. Міндеттерге негізгі Оқиғалармен, тұлғалармен танысу, тарихи әдісті қалыптастыру және қоғамға толыққанды қатысу үшін көздермен жұмыс істеу мүмкіндігі кіреді.
Мектепте тарихи білім берудің қалыптасуы мен мақсат- міндеттері
1. 1Тарихты оқыту әдістемесінің қалыптасуы мен дамуы
«Методика» сөзі ежелгі грек тілінен аударғанда - «таным тәсілі», «зерттеу жолы» деген ұғымдарды береді. Әдіс дегеніміз - нақты міндетті шешудің, әлдебір мақсатқа жетудің тәсілі. Сонда, әдістеме бұл жиынтығы, кешені. Тарихты оқыту әдістемесі - тарихты оқытудың міндеттері, мазмұны және әдіс-тәсілдері туралы педагогикалық ғылымдарының бір саласы. Ол тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында тарихты оқыту процесінің заңдылығын зерттеу және оқып-үйренуге арналады. Сонымен әдістеме оқу процесін ұйымдастыру мен оның негізгі факторларын жетілдіруге бағытталады.
ХХ ғасыр басындағы көрнекті әдіскер К. А. Иванов әдістеменің маңызды міндеттері деп сол ғылымды оқу пәні ретінде жақсы жолға қоюға алып баратын оқытудың айқындау, бағалау, бейнелеу тәсілдерін атайды. Әдістеме тарихты қалай оқыту мәселесін қарастырады және зертттейді.
Осылайша әдістеме пәні - педагогикалық процесс, мұғалімнің тарихты оқытуы, оқушының тарихты оқуы. Ал әдістеменің нысанасы - оқытудың әдістері, мазмұны, ұйымдастырылуы және түрлері.
Тарихты оқыту - өзара байланыста және үнемі қозғалыста болатын құрауыштардың басын біріктіретін өте күрделі процесс. Ол оқыту мақсаты - оның мазмұны - білім беру және оны игеруге басшылық жасау - оқушылардың оқу әрекеті - оқыту нәтежиесі деген тізбекті құрайды. Оқыту процесіндегі қозғалыс оның ішкі қайшылықтарын жою барысында іске асады. Ол қайшылықтар жоспарластырылған және қолданылған оқыту құралдары мен әдістерінің арасында пайда болады.
Тарихты оқыту процесінің диалектикалығы сияқты әдістемені оқып-үйрену де үнемі даму үстінде болады. Тарихты оқыту әдістемесі қоғам алдында тұрған жас ұрпақты тәрбиелеудің кешенді міндеттерін іске асыруға қызмет жасайды. [1]
Адам баласы Қазақ сахарасында пайда болып, қазақ ұлтының кіндік қаны тамған Еуразия жүрегінде орналасқан ұлан-ғайыр жері бар Қазақ елі дүниежүзілік тарихта өзінің оң істерін қалдырып келуде. Ал Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алып, Жаңа даму жолына түсуіне байланысты оның халықаралық және ішкі қоғамдық-саяси жағдайларында үлкен өзгерістер болып жатыр. Бұл Қазақстан Республикасы Конституциясының 1, 2 баптарында былай деп көрсетілген: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары». [2. 4б. ]
Еліміздің Конституциясында қойылған бұл асыл мұраттар қоғамның материалдық алғышарттарымен қатар рухани игіліктерін де жасауды қажет етеді. Ол сөз жоқ халықтың білімін көтерумен тығыз байланысты. Бұл өз тарапынан мектептердің қызметін, әсіресе онда оқытылатын пәндердің білім мазмұнын, оларды оқыту әдістемесін тезірек жаңартуды, жетілдіруді күн тәртібіне қойып отыр. Осыған байланысты қазіргі уақытта қоғамдық-гуманитарлық пәндерді оқытудың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық маңызы бұрынғыдан да арта түсуде. Оларға «Білім туралы Заң», «Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасындағы этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамасы» сияқты мемлекеттік құжаттарда да айрықша көңіл бөлінген. Аталған салаларда білім беруде Қазақстан тарихын оқытудың орны ерекше. Өйткені өзінің туып-өскен өлкесінің, елінің және оның халықтарының тарихын жақсы білмеген оқушы өз халқын білмейді. Халқының қадірін білмеген адам басқа халықтарды лайықты құрметтеуі мүмкін де емес. Ондай жастардан болашақ қоғамның белсенді мүшелерін, қоғам, халық, Отан үшін бар күш-жігерін сарқа жұмсайтын, жан-жақты білімді азаматтарды тәрбиелеп шыға алмасымыз да ақиқат. Қазақстанның қазіргі халықаралық жағдайы, оның дүниежүзілік қауымдастықтағы белгілі мемлекеттердің қатарына қосылуы, дүние жүзінің көптеген елдерімен түрлі салада байланыс жасауы да оның әрбір азаматына өз елінің тарихын жақсы білуді қажет етеді.
Қазақстан Республикасының Президені Нұрсұлтан Әбішұлының 1998 жылдың неліктен ұлттық тарих жылы деп жариялануы туралы айтқанын келтіру де орынды. «Бұл - тәуелсіз Қазақстанның азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы-бергі тарихи жолын ой елегінен өткізіп, «Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз?» деген төңіректе ойлансын деген сөз. Бұл - … туған елінің, туған халқының тарихы ешкімнен де олқы еместігін түсінсін деген сөз. Бұл - … әрбір азамат… өзінің ата-бабалары қалдырған осындай кең-байтақ жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз». [3. 12б]
Осы жағдайлар Қазақстан тарихын алдымен мектепте, сондай-ақ мамандық беретін басқа да орта оқу орындарында оқытуды ғылыми-әдістемелік жағынан мүлде жаңа деңгейге көтеру зор маңызға ие болып отыр.
Қазақстан тарихының материалдары жалпы білім беретін мектептерде ресми түрде 1958-59 оқу жылынан бастап оқытылып келеді. Бірақ та тарих сабақтары КСРО тарихы құрамында үзік-үзік оқытылғандықтан оны оқытуда көптеген қайшылықтар орын алды. Олар: білім мазмұны мен Коммунистік партияның, Кеңес үкіметінің оны оқытуға қойған талаптары; оқу бағдарламалары мен оқулықтар; білім мазмұнының көлемі, оның күрделілік деңгейі мен оқушылардың мүмкіндігі, жас ерекшелігі; оқыту әдістемесі талаптары мен курстың оқытылу жайы; пәннің оқу-материалдық базасына қойылатын талаптар мен оның іс жүзіндегі мүмкіндіктері арасындағы және басқа да қайшылықтар.
Осыған қарамастан соңғы отыз жылда мектепте Қазақстан тарихын оқытудың жеке мәселелері ғана зерттелді. Солардың нәтижесінде әдістемелік көрнекілік құралдарын дайындау және пайдалану (И. Қадірбеков), мәдениет тарихын оқыту әдістемесі (К. Каменир), тарихи-көркем әдебиетті пайдалану (К. Аманжолова), тарихи ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі (Е. Жевако), оқулықтардың ғылыми-әдістемелік негіздері (М. Зарифова), 5-сынып оқушыларында халықтар достығы жайлы білімдерді қалыптастыру әдістемесі туралы (Б. Әбдіғұлова) еңбектер жарық көрді. Оның аса маңызды проблемаларын, яғни білім мазмұнын анықтауға, оқыту әдістемесін тұтас қамтитын, немесе оны жетілдіріп, қалыптастыруға бағытталған зерттеулер жүргізілген жоқ. Қазақ қоғамы, Қазақстан тарихының мектепте қашаннан бастап, қандай ретпен оқытылғанын, курстың қалыптасып даму үрдісін, оның барысында орын алған проблемалар мен тенденцияларды анықтап, талдап саралайтын да еңбектер жарияланған емес. [4. 4б. ]
Кеңес мемлекетіндегі одақтас ұлттық республикалар мектептерінде өз республикалары тарихын оқытудың жеке проблемалары да ғылыми әдістемелік тұрғыдан зерттелді. Қазақ халқына тілі, тарихы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, діні ортақ түркі тілдес республикаларда осы курстың иқұылымы мен мазмұны, КСРО тарихымен байланыстыра оқытудың әдістемелік жолдары, патриоттық және интернационалдық тәрбие беру, оқыту әдістемесі мәселелері, сыныптан және мектептен тыс жұмыстар сияқты жеке проблемалары қарастырылып, олардың КСРО мектептерінде ұлт республикаларының тарихын оқыту әдістемесін жетілдіре түсуге пайдасы тигендігін жоққа шығармаймыз. Бірақ аталған зерттеулердің бәрі де кеңестік дәуірде 1980-жылдарға дейін жүргізілді, ал Қазақстан Республикаасының өзінің тәуелсіздік алғаннан бері тарихтың бұл курстарын оқытуда түбірлі өзгерістер, жаңалықтар болғаны белгілі.
1990-жылдардан бастап бұл курс дербес оқу пәніне айналып, оның білім мазмұны мен оқытуға бөлінген сағат саны 5-6 есе өскендіктен және де халыққа білім беру саласында дүниежүзілік білім стандартына сай, Қазақстан Республикасында болып жатқан маңызды өзгерістерге байланысты бұл пәнді мектепте оқыту әдістемесінің проблемасын шешудің қажеттілігі арта түсті.
Қазақ халқының ғасырлар бойы ту етіп ұстаған арманы орындалып, 1990 жылы 25 қазанда Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы «Декларация» қабылдады. Онда, Тәуелсіз Қазақстанның жаңа даму жолына түсетіні, ізгілікті, демократиялық, құқықтық мемлекетті құруға бел байлауды негіге алатыны айта келіп:
«Қазақ халқының және Қазақстанда тұратын басқа да ұлттардың төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту және олардың ұлттық қадір-қасиетін нығайту Қазақ ССР Мемлекеттігінің аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылады» деп көрсетіледі. [4. 6б. ]
Бұл жағдайлар мектепте Қазақстан тарихын оқытуды мүлде жаңа деңгейге көтеруді талап етіп отыр. Демек, пәннің оқыту мақсатын, білім мазмұнын өзгертуден бастап, бүкіл оқу-әдістемелік жүйесін жаңарту күн тәртібіндегі маңызды мәселе екені түсінікті. Бұларда алдымен Қазақ, Қазақстан тарихын оқыту кезеңдерін, оның курс болып, қалыптасып жетілуін, соны қалыптастыруда қандай тенденциялар бел алды, мұның бәрі оқу жоспарларында, бағдарламаларда, оқулықтарда қалай көрініс тапты, оқытуда байқалған проблемалар қандай еді - деген мәселелерді шешкенде ғана жүзеге асыра аламыз. Сонымен қатар, мектептер мен мұғалімдердің талайдан жинақтаған тәжірибелерінің ұнамды, ұнамсыз жақтарын ғылыми ой елегінен өткізу де келелі мәселелердің бірі. Осыдан кейін барып қана жаңа пән - Қазақстан тарихы әдістемесінің қалыптасуы деген маңызды ғылыми проблеманы шешуге болады.
Жарияланған мәселелерді талдаудың, зерттеу мәселесінің даму дәрежесінің көрсеткеніндей, проблеманың жүйелі зерттелмеуі қарама-қайшылықтарды тудыруда. Оларды шешу жолдарын қарастыру зерттеу проблемасын айқындайды.
Қазақстан тарихын мектепте оқытудың жеке мәселелері ғана қарастырылып, бұл проблеманы зерттеуде жүйеліліктің жоқтығы оның бүгінгі таңда өзекті мәселе екенін дәлелдейді. [4. 6б. ]
Тарихтан белгілі, Кеңес өкіметі орнағаннан кейін мектептерде тарих пәнін оқытуда қасаң марксизм идеялары басшылыққа алынып, мектептің таптық, партиялық болуы басты идеологиялық ұстаным ретінде қаралып келді. Траих пәнінен жаңа оқулықтар болмағандықтан, салыстырмалы түрде бұған дейін тәуірлеу делініп келген Виппер, Коваленский оқулықтары қайта басылды. Оларды пайдаланғанда Н. К. Крупскаяның, А. В. Луначарскийдің, М. Н. Покровскийдің тарихты коммунистік рухта оқыту жөніндегі айтқан, жазған нұсқаулары басшылыққа алынды.
1921 жылдан бастап тарих пәні мектептің оқу жоспарынан дербес пән ретінде шығарылып, оның материалдары «Қоғамтану» пәнінің құрамына ендірілді. Оның бағдарламасы мен оқулықтарында азаматтық тарихқа, тарихи қайраткерлерге, тарихи оқиғаларға орын мүлде аз берілді. Мұның өзі оқушылардың тарихтан жүйелі, тиянақты білім алуына, оларда тарихи сананың ойдағыдай қалыптасуына кедергі келтірді.
Белгілі әдіскер Тотай Тұрлығұл Қазақстан тарихын оқыту әдістемесінің даму, қалыптасу тарихын шартты түрде 4 кезеңге бөліп қарастыруды ұсынады, олар мынадай:
1-КЕЗЕҢ. Ы. Алтынсарин заманынан 1917 жылға дейінгі аралық. Мұнда кейінгі кезеңдерде осы курстың, пәннің оқыту әдістемесінің біртіндеп қалыптасуына осы алғашқы дәуірде қандай теориялық, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік және тәжірибелік негіздер жасалды деген сауалға жауап беріледі;
2-КЕЗЕҢ. 1917-1959 жылдар аралығын қамтиды. Қазақстан мектептерінде тарихты оқыту әдістемесі, соның құрамында Қазақстан тарихы материалдарын оқыту әдістемесінің іргетасы қалана бастаған кезең;
3-КЕЗЕҢ. 1960-1990 жылдардың бас кезі. Бұл кезеңде Қазақстан тарихы мектептің оқу жоспарына енгізілді. Білім мазмұны анықталып, бағдарламалары мен оқулықтары, әдістемелік құралдары жасалды, арнайы курсқа айналды, әдістемесінің негізі қаланған кез.
4-КЕЗЕҢ. Кеңестік дәуірдің ыдырауымен басталады. Қазақстан тарихының мектептің оқу жоспарына дербес пән болып енгізілуіне байланысты, оны оқыту әдістемесінің бұрынғыдан да жетіле түсіп, бүгінде дербес пән әдістемесі ретінде қалыптасып, жаңаша дами бастады. [4. 24б. ]
Қорыта келе айтпағымыз, өткен тарихымызды оқып білмеген болашақ ұрпақтың болашағы да бұлыңғыр болатыны баршаға аян. Осыдан да болар студент жастармен жас ұстаздарға тарих пәнін оқытуда тарихты оқыту пәнінің пәндік мақсат-міндеті мен пән ретіндегі даму кезеңдерімен, сол кезеңдердегі еліміздің өткен тарихын оқытудағы ақтандақтарын әдейі бұрмаланып саясаттандырылған кезеңдердің ара жігін ажырата білу, келешек жас маман оқытушы қауым үшін маңызды мәселе болып қалмақ. Өйткені, Отан тарихы - оны оқыту әдістемесі - бүкіл жастарға білікті маман болып қалыптасуымен қатар патриоттық тәрбие берудің негізі
- Мектепте тарих пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері
Мектепте тарихты оқыту әдістемесі пәнінің міндеттері мен негізгі факторлары.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz