Медициналық жабдық


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

«Адамның басты байлығы денсаулық» демекші, адамның қоғам бөлігі ретінде қалыпты мен толыққанды өмір сүруі үшін ол физикалық және психикалық жағынан сау болуы керек. Қазіргі заманда нашар экология, салауаттты өмір салтын ұстанбау, стресс сынды себептерден адамдардың әл-ауқаты байқарлықтай төмендеп баруда.

Денсаулық - адамның бас құндылығы, ал әр азамат мемлекеттің негізгі құндылығы болғандықтан, мемлекет үшін өз халқының денсаулығын сақтау маңызды саясат болып табылады. Осыған сәйкес 1946 жылы құрылған Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігі 2001 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі болып қайта құрылды. [1] Алайда жыл сайын жаңа аурулар мен вирустар пайда болып, халық денсаулығына қауіп келтіреді. Осындай қатерлерге қарсы тұру үшін жаңа ғылыми салаларға қадам жасауға болады. Адам денсаулығын инженериялық принциптерді қолдану арқылы зерттеп, жақсартатын осындай жаңа салалардың бірі - биомедициналық инженерия.

“Биомедициналық инженерияға кіріспе” Enderle, J., & Bronzino, J кітабында "Биомедициналық инженерия" термині өте кең ұғым болып сипатталады, себебі биомедициналық инженерлер биологиялық жүйелерді (яғни адам мен жануарлар жүйелерін) түсіну, өзгерту немесе басқару үшін электрлік, химиялық, оптикалық, механикалық және басқа инженерлік принциптерді қолданады. [2] Қазақ тіліндегі деректерге шолу жасасақ, биомедициналық инженерия инженерлік тәжірибені биологиялық және медициналық мәселелерді шешу мақсатында құрылғылар мен инновациялық өнертабыстарды жасауға бағытталған. Бұл сала ішінара протез, жасанды мүшелер, медициналық ақпараттық жүйелер мен құралдарды өндіру және клиникалық инженерияға тармақталады. [3] Еліміздің денсаулық сақтау жүйесі бәсекеге қабілетті болуы үшін және тұрғындардың жоғарғы сапалы медициналық көмек алуға толыққанды мүмкініктері болу үшін жаңа технологиялырды дамыту маңызды фактор болып табылады.

Елімізде инновациялық медициналық құралдары мен білікті мамандардың аса жетіспеушілігін көруге болады, себебі азаматтарымыз емделу немесе ота жасату үшін шетелге барып медициналық қызметтерді алады. Мысалы, бүкіл Қазақстанда қатерлі ісік ауруын анықтайтын заманауи ПЭТ/КТ (Позитронды-эмиссиялық томография) аппаратар 5 ғана: 2-уі Астанада, 2-уі Алматыда және 1-уі Семей қалаларында. [4] Бұл кейбір емделу тәсілдерінің әлі де қолжетімсіздігін көрсететіні анық.

Осы курстық жұмыс барысында биомедициналық инженерияның Қазақстанда қаншалықты дамығаны, ол саладағы мүмкіндіктер мен негізгі мәселелер талқыланады. Сауалнама мен интервью арқылы қоғамның және медицина/инженерия сала мамандарының тақырыпқа қатысты құнды ойлары алынып, еліміздегі осы инженерия түрінің даму жолындағы мәселелер мен жетіспеушіліктеріне ерекше көңіл бөлінген. Бұл тақырып адамдардың саулығын арттырып, оларға өмір сүріге жаңа мүмкіндіктер бере алатындықтан өзекті болып саналады.

Курстық жұмыстың нәтижелерін Қазақстандағы биомедициналық инженерия саласы туралы халықтың хабардардығын арттыру, ондағы мәселелерді талқыға салу мақсатында қолдануға болады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Қазақстандағы биомедициналық инженерияның жағдайы

Биомединалық инженерия саласының көптеген тармақтары бар болса да, елімізде олардың барлығы жетік дамыған емес. Медициналық техниканың көп бөлігі шетелден сатып алынса, жасанды мүшелерді өндіру енді ғана басталық келеді.

D:\не удалять\Desktop\12th grade\КСМ\Добавить подзаголовок.png

Сурет 1. Биомедициналық инженериянық тармақтары

Қазақстанда берілген салаға байланысты бірқатар қабылданған заңдар мен құжаттар бар. Мысалы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы №529 қаулысымен “Медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар” техникалық регламенті бекітілен, алайда қазіргі кезде оның күші жойылған. [5] Қазіргі уақытқа жақын, "Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын, денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 туралы бұйрығына өзгеріс енгізу туралы бұйрығында биомедициналық инженерия Қазақстан Республикасы мамандықтар номенклатурасына еңгізіді. [6] Осыған қарамастан, Қазақстанда биомедициналық инженерия туралы ресми құжаттардың саны аз ғана. Демек, бұл сала елімізге жаңа ғана еніп, дамып келеді.

2022 жыл бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шығарған “Медициналық бұйымдардың жаһандық атласы 2022” құжатында Қазақстан бойынша мәліметтерге тоқталып өтсек, түрлі медициналық жабдықтардың халық санына тығыздығы төмендегі кестеде берілген. [7]

Медициналық жабдық
Барлығы
1, 000, 000 адам санына тығыздығы
Медициналық жабдық: Магнитті-резонансты бейнелеу
Барлығы: 18
1, 000, 000 адам санына тығыздығы: 1, 09
Медициналық жабдық: Компьютерлік томограф
Барлығы: 24
1, 000, 000 адам санына тығыздығы: 1, 46
Медициналық жабдық: Позитронды-эмиссиялық томограф
Барлығы: 1
1, 000, 000 адам санына тығыздығы: 0, 06
Медициналық жабдық: Гамма-камера немесе ядролық медицина
Барлығы: 1
1, 000, 000 адам санына тығыздығы: 0, 06
Медициналық жабдық: Маммограф
Барлығы: 34
1, 000, 000 адам санына тығыздығы: 22, 1
Медициналық жабдық: Сәулелік терапия
Барлығы: 83
1, 000, 000 адам санына тығыздығы: 4, 42

* 50-69 жас аралығындағы 1 000 000 әйелге шаққандағы тығыздық.

Кесте 1.

Өкініштісі, бұл атласта еліміздегі биомединалық/клиникалық инженерлердің саны туралы ақпарат жоқ.

Сонымен қатар, елімізде "Қазмедтех" АҚ медициналық жабдықтарды басқару бөлімшесі рөлін атқарады. Олардың сайтында Қазақстан облыстары бойынша медициналық техника бұйымдарының саны берілген.

Сурет 2. https://qazmedtech. kz сайтынан алынған

Елімізде Ордамед компаниясы медициналық жабдықтарды өндірумен айналысатын компания. Медициналық құралдардың көп бөлігі Корея елінің Samsung Medison, JW Bioscience, Bionet Co., Ltd., Genoray Co., Ltd. компанияларында өндіріледі. Ордамед компаниясы барлығы 56167 жабдық өндіріп, АҚШ, Германия, Оңтүстік Корея, Нидерланды мен Жапония елдерінен 89 бренд сатып алынды. [8]

Сурет 3. Ordamed. kz сайтынан алынған Қазақстанда өндірілген медициналық жабдықтар каталогы.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы бойынша 2020 жылғы Қазақстандық денсаулық сақтау жүйесінің қорытындысында денсаулық сақтау мекемелеріндегі медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілуі туралы келесі деректер келтірілген. 2020 жылы "Қазақстан Асельсан инжиниринг" ЖШС-нен ҚР Үкіметінің резервтік қаражаты есебінен сатып алынған отандық өндірістің "BIOVENT" 1500 аппараты жеткізілді. Аудандық ауруханалар 53 рентген аппаратымен жабдықталады, оның 49-ы отандық "Актюбрентген"өндірушісінен сатып алынды.

Импорталатын медициналық жабдықтардың бағасына келсек, «Carescape R860» (США) - 138 дана - $5 609 702, 46, «Hamilton G5» (Швейцария) - 230 дана - $9 447 940, «Nellcor Puritan Bennet 980» (Ирландия) - 123 дана - $4 237 989, 43, компьютерлік томография сканері «Somatom GoTop» (Германия) - 2 дана - €1 300 00, виброаккустикалық аппарат «BARK VibroLUNG» (Қазақстан) - 87 дана - 1 076 999 100 теңге. [] Жоғарыда көрсетілген аппараттардың басым бөлігі елімізде өндірілсе, оның бағасы арзанырақ және қолжетімділігі көбірек болушы еді. [9]

Биомедициналық инженерияның бір саласы ретінде протездерді өндіру туралы айтсақ, бұл салада Қазақстандық инженерлердің бірқатар жетістіктері бар. Мәулен Бектұрғанов - “MBionics” компанияның қалаушысы және программист-инженер. Ол 2016 жылдың бірінші жартысында алғашқы қол протезін Шығыс-Қазақстандағы 15 жастағы жасөспірімге арнап жасап шығарды.

Сурет 4. Қол протезі

«-Мұндай протездердің Қазақстанда бар екенін білгенде таң қалдым. Маған тіпті прототиптік нұсқа да ұнады, бірақ ол білекті соңына дейін қысып, кейбір заттарды ұстауға мүмкіндік бермеді. Бұл протез функционалды: ол өз қолымнан әлдеқайда күшті қысады және бірнеше минут ішінде бірнеше қимыл жасауды үйрендім» деген кері байланысты алғашқы протез тұтынушы берді.

Мәулен Бектұрғановтың компаниясы қазір А. Н. Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығымен және ҚР ЕХӘҚМ әлеуметтік оңалтудың ғылыми-практикалық орталығымен бірлескен жобаларға қатысады. Демек, бұл саланың жақын уақытта даму мүмкіндігі үміт береді. [10]

Осындай протездерді 2 апта ішінде жасауға болады. Бұл компанияның 1 протезінің бағасы - $5000 (2 289 332 теңге) . Ал еуропалық аналогтар шамамен $30 000 - $80 000 тұрады. Олардың бағасы әртүрлі болғанымен, Қазақстандың өндіріс пен шетелдік протездердің сапасы бірдей. [11]

Қазақстанда биомедициналық инженерияның басты мәселелері

Қазақстанда биомедициналық инженерияның жағдайы COVID-19 пандемиясы кезінде аса қатты байқалған болатын. Жедел түрде жабдықталған ауруханаларда медициналық құралдар халықаралық стандарттарға сай болмай, қажетті сервистік күтімде болмады. Осының барлығына жауап беретін маман - клинникалық инженер. Алайда осы атау еліміздің денсаулық сақтау министрлігінде және заңды құжаттарда ешқашан аталмайды. Клиникалық жабдықтар мен жүйелердің бас инженері Серік Мұратханның ойынша, денсаулық сақтау секторында, әсіресе медициналық жабдықтардың мәселелерінің 4 негізгі себептері бар: ҚР ЖОО-да жоғарыда айтылған мамандықтын оқытылмауы, медициналық мекемені экономикалық тиімділікпен жабдықтамау, медициналық жабдықтардың клиникалық инженерлермен тексерілмеуі және дұрыс тасымалдамауы. [12]

Қазіргі кезде елімізде биомедициналық инженерия индустриясын дамытып жатқан жастар бар. Олардың бірі Ұлыбританиядағы “Glasgow” университетінің жоғарыда айтылған мамандық бойынша магистранты - Нұржанна Бакуова. Оның ойынша, еліміздегі биомедициналық инженерияның дамуына негізінде шетелдік жоғары оқу орнындарында білім алып келген түлектер көбірек үлес қосады, себебі бұл сала елімізде енді ғана дамып келе жатыр. Нұржанна Бакуованың сұхбатта берген ойы бойынша, биомедициналық инженерияның басқа елдерге қарағанда жоғарғы деңгейде дамымауы Қазақстандағы жоғары оқу орындарында осы мамандықтын болмауы немесе оқыту бағдарламаларының аз мөлшерімен байланысты. [13] Мысалы, қазіргі таңда Қазақстанда биомедициналық инженерия мамандығын оқыту санаулы жоғары оқу орындарында ғана бар. Олардың ішіне Satbayev University, KazNu, NU ғана кіреді.

Сонымен қатар, еліміздегі клиникалық инженерлердің бірі Серік Мұратхан Қазақстандағы бұл саланың мәселелері туралы ойын жеткізді. Оның айтуынша, елімізде медициналық аппараттар шығарылмайды, көбісі шетелден сатылып алынады. КТ, МРТ мен бірге тіпті қарапайым жүйелер де шетелден импортталады. Бұл мамандықтың Қазақстанда оқытылуына келсек, 2003 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-да биотехнологиялық-медициналық аппараттардың инженері мамандығын оқыту тоқтатылған, және мүлдем жабылып қалды. [14]

Қазіргі кезде еліміздің ауруханаларында медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуіне келсек, 2021 жылғы денсаулық сақтау жүйесінің қорытындысы бойынша, 2021 жылғы 26 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы барлық денсаулық сақтау ұйымдарына түгендеу жүргізуді тапсырды. 2022 жылдың басында медициналық техникамен жарақтандыру деңгейі республика бойынша орта есеппен 83% -. құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 7%-ға артты. Отаныдық кәсіпорындарының 89-да 1042 түрлі медициналық жабдықтар өндіріледі. Қазіргі уақытта республикада медициналық техника өндіретін 15 ірі кәсіпорын бар, олардың ішіне «КазМедПрибор», «ОралМедРегион», «Аселсан Инжиниринг», АО «Тыныс» кіреді. Барлық өндірістер ISO:13485 (ISO:9001) халықаралық стандартына сәйкес сертификатталған. Медициналық жабдықтарды шетелден импорттауға шолу жасасақ, "2020-2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер туралы" Заң жобасы шеңберінде денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық техникамен жарақтандыруға 2020 жылы-20 млрд теңге; 2021 жылы-35 млрд теңге; 2022 жылы-50 млрд теңге жұмсалды. Медициналық техниканы сатып алу осы саладағы ұлттық заңнаманың талаптарына сәйкес әлемдік жетекші өндірушілерден жүргізіледі деп көрсетіледі. [15]

Мамандардың айтуынша, елімізегі биомедициналық инженерия мәселелрінің бірі - сервистік қызметтер нарығының дұрыс жұмыс істемеуі және келісімшарт қате жасалынуы. Қазақстандық медициналық техника саласындағы мамандардың бірі - Siemens Healthineers Kazakhstan компаниясын басқаратын Михаил Грибов медициналық жабдықтардың мәселесін тендер жағынан қарастырады. “- Негізгі проблема-жоғары дәлдіктегі жабдықтар үшін сервистік қызметтер нарығын тиісті реттеу жоқ. ” Оның ойынша біліктілігі жоқ қызметкерлермен келісімшарттар жасау аппараттың дұрыс жұмыс істемеуіне, жабдықтың бұзылуына, параметрлердің өзгеруіне және пациент денсаулығына зиян тигізуіне әкеледі. Егер тендерді жеңіп алған компанияның бәсекеге қабілеттілігі болмаса, үлкен қаражатқа алынған техника ауруханаларда жылдап жұмыс істемей сақталыным тұрады. Дәл осы мәселе бойынша елімізде бірнеше өзекті жағдай орын алды. 2017 жылы Астана қаласындағы клиникада сенімсіз сервистік қызметінде болғандықтан, ондағы компьютерлік томография аппараты 6 ай бойы істемеді және науқастар басқа жерге көшірілген болатын. [16]

Дамыған мемлекеттердегі биомедициналық инженерияның жағдайы

Қазіргі кезде әлем бойынша дамыған елдердің бірі - Америка Құрама Штаттарында биомедициналық инженерия саласы өте жоғарғы деңгейде дамыған. АҚШ-да бұл мамандықты оқытатын жоғарғы оқу орындарының саны да, жұмыс мүмкіндіктері де өте көп. Сонымен қатар, зерттеу институттарының саны өте мол, яғни мамандарға бұл саланы дамутыға өте көп мүмкіндіктер мен қолайлы жағдай жасалған. Мысалы, АҚШ еңбек бойынша статистика бюросы берген ақпарат бойынша, 2022 жылдың маусым айында 19, 210 адам осы салада жұмыс жасады және олардың орташа жылдық жалақы $ 108, 060 құрады. Демек, осы мамандық үлкен сұранысқа ие. [17]

Биомедициналық инженерлердің жалақысынан бұрын оларға білім алу мен өздерінің ғылыми зерттеулерін өткізуге көптеген мүмкіндіктер жасалынған. Мысалы, АҚШ-да биомедициналық инженерияны оқытатын 348 бакалавриат бағдармалары бар және олар әлем бойынша ең жоғарғы деңгейде орналасқан Johns Hopkins University, Duke University, UCLA, CalTech University, Stanford Unuversity сияқты атақты жоғарғы оқу орындары жатады. Сонымен қатар, 2017 жылы АҚШ денсаулық сақтау саласына 32 миллиард доллардан астам инвестиция салды. [18]

Жаңадан дамып келе жатқан сала мамандары шетелде мүмкіндік көп болғанынан сол жерде білім алып, жұмысқа тұруда. Елімізде әлі биомедициналық инженерия дамудың үстінде тұрғандықтан, инновациялық индустриялардағы мамандар АҚШ сияқты дамыған елдердегі мүмкіндіктерге қызығады.

Мақсаты:

Зерттеу жұмысының басты мақсаты - Қазақстандағы биомедициналық инженерия саласының даму деңгейін анықтау. Берілген мақсатқа жету үшін келесі зерттеу сұрақтары қойылады:

  • Елімізде биомедициналық инженерияның қандай көрсеткіштері бар?
  • Қазақстанда медициналық жабдықтардың өндірісі мен импорты қандай деңгейде?
  • Елімізде осы саламен байланысты қандай мәселелер бар?

Зерттеу нәтижесінде Қазақстандағы биомедициналық инженерия саласы әлі де аз дамығаны күтіледі. Сондықтан, елімізде бұл сала әлі өркендеудің алғашқы баспалдағында орналасқан, сол саланы дамыту үшін қазіргі кезде бар мәселелерді шешу қажет деген гипотезаны шығаруға болады.

Зерттеу әдістері:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пациенттерді оңалту жүйелері
Дезинфекцияның, дезинсекцияның, дератизацияның техникалық құралдары
Дезинфекцияның,дезинсекцияның,дератизацияның техникалық құралдары.Дефинфекциялық дезинсекциялық аппаратура
Мұнай және газ өнеркәсібі салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Нұсқаулық мәтіндерінің жанрлық сипаттамасы
«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі
Кептіргіш шкафтар
Арнайы киімдер өндірісі цехын ашу
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн пайдалану кезiнде еңбек қорғау және қауiпсiздiк техникасының ережелерi
ЖШС ҚФК Медсервис Плюс компаниясында іс-тәжірие есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz