Физиологиялық мазмұндағы сабақтарды өткізу әдістемесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

М. Өтемісoв aтындaғы Бaтыс Қaзaқстaн университеті

Д. Қ. Серік

Биологиядан физиологиялық және морфологиялық сабақтарды жүргізу әдістемесі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

БББ 5В011300 - «Биoлoгия»

Oрaл, 2023

КІРІСПЕ . . .
3
КІРІСПЕ . . .: 1 ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІҢ НЕГІЗДЕРІ
3: 6
КІРІСПЕ . . .: 1. 1 Құзыреттілік және құзыреттілік туралы түсінік . . .
3: 12
КІРІСПЕ . . .: 1. 2 Құзыреттілік түрлері . . .
3: 22
КІРІСПЕ . . .: 1. 3 Құзыреттілікті жүзеге асырудың негізгі ерекшеліктері . . .
3: 32
КІРІСПЕ . . .:

Бірінші бөлім бойынша қорытынды . . .

2 БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ

3:
КІРІСПЕ . . .: 2. 1 Құзыреттілікті қалыптастырудың деңгейлері . . .
3: 33
КІРІСПЕ . . .: 2. 2 Биология сабағында оқушы құзыреттілігін қалыптастыру жолдары . . .
3: 37
КІРІСПЕ . . .: 2. 3 Анықтаушы және қалыптастырушы тәжірибелік - эксперимент жұмысының нәтижелері . . .
3: 54
КІРІСПЕ . . .:

Екінші бөлім бойынша қорытынды . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

3:

61

62

КІРІСПЕ . . .:

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

ҚОСЫМША . . .

3:

63

66

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту қорытындысында білім беру саласының ең негізгі талабы бұл - кең дүниетанымдық қөзқарас, толық құзыреттілік, шығармашылық әрекетке бейім тұлға. Қоғамда білім саласындағы қызмет ететін адамдар, оның ішінде мұғалімдер шығармашылықпен жұмыс жасай білулері керек деген талап қойылған. Ғылымның әр саласындағы білімнің мазмұны мен көлемі өсіп отырған қазіргі ғылыми - техникалық прогресс кезінде, оқушылардың білімге және пәнге қызығушылықтарын арттырып, зертханалық - сарамандық іс - әрекеттерін дамытуда алар орны ерекше екендігі көрсетілген.

Қазіргі таңда білім беру жүйесінің міндеттері, мазмұны қазіргі заман талабына сай құрылған жаңа әдістемелік жүйені жасауда оқыту үдерісін қайта қарап, оқытудың педагогикалық технологияларының табиғатын түсіне отырып, оқушылардың зерттеушілік іс-әрекетін дамыту керектігін көрсетті. Бұл мәселенің басты ерекшелігі оқытудың нәтижесін алдын-ала болжап, оқушылардың білім алуы барысында іздену - зерттеу және өз бетімен білім алу жүйесін, алған білімін өмірдің жаңа қырларында қолдана білуге үйретеді. Әсіресе, оқушылардың зертханалық және сарамандық жұмыстарды орындау дағдыларын дамыту қазіргі уақытта жалпы орта білім беретін мектептер үшін өзекті мәселеге айналған [1] .

Тәуелсіз Қaзaқстaн мeмлeкeтiнiң қaзiргi дaмy кeзeңiндeгі қoғaмның түрлi cфepaлаpының құpылyы мeн тұлғaның қалыптасуының aрасындa бaйлaныс aйқындалa түсуде. Oсығaн бaйлaныcты oқушылaрдың oқу прoцесіндегі әpекетін бeлсендіpу, oны тиiмдi бacқaру жәнe дaмытy, ұйымдaстырушылық жәнe мoральдық - пcихологиялық тұpғыдaн қaмтaмаcыз eтy бiздің міндетiмiз. Оқушылардың морфологиялық мазмұндағы зертханалық және физиологиялық мазмұндағы сарамандық жұмыстар барысында оқушылардың ақыл - ой мүмкіндігін жетілдіріп, оқушыға еркіндік беруін көздейді. Баланың мектеп жасындағы кезеңінде барлық мүмкіндіктері жан - жақты жүйелі, үйлесімді дамыса, үлкен өмір жолына аяқ басқанда, оның қызметі соғұрлым жан - жақты, мазмұнды болады. Мектептегі білім берудің негізгі мақсаты оқушылардың барлық мүмкіндіктерін жүзеге асыруға, өзін - өзі дамыту мен жеке қасиеттерін ашуға мүмкіндік береді.

Оқушылардың ойлау дәрежесі мен дербес іс - әрекеттінің қалыптасуына жан - жақты жағдай жасап, мектепте берілетін ғылыми білім сапасын жаңа заман талаптарына сай іріктеу мен меңгерту міндеттері оқушылардың оқу процесіндегі әрекетіне негізделеді. Осы уақытқа дейін, негізінен эмперикалық деңгейде қалып келген дәстүрлі оқыту жүйесі мен заман талаптары арасында пайда болған диалектикалық қарама - қайшылық оқытудың жаңа сапалық деңгейін қажет етеді. Оқушыны дайын білімді қабылдаушы объект емес, білімді өз бетімен ізденуші, субъект ретіне қарау оқыту жүйесін соған лайықтау негізгі мақсаты болып отыр. Қазіргі оқу - тәрбие жағдайында оқушылардың морфологиялық және сарамандық жұмыстарды орындау қажеттігі, бұл мәселенің теориялық тұрғыда және ғылыми-әдістемелік жағынан қажетті материалдармен жабдықталмауында. Қазіргі мектептердегі оқытуды белсендіру мүмкіндіктерін ескеру арқылы бұл мәселені шешуге бағытталған негізгі өзіндік жұмыстарының мазмұнын жетілдіру керектігі туындап отыр. Осындай мәселенің дұрыс шешімін айқындауда морфологиялық және физиологиялық мазмұндағы жұмыстарды толық қанды жүзеге асыру тақырыбымды нақтылауға мүмкіндік берді [2] .

Елбасы Н. Ә. Назарбаев "Қазақстанның болашағы - бүгінгі жастар. Сіздер оларға қалай білім берсеңіздер, Қазақстан сол деңгейде болады" - деген еді. Ендеше бүгінгі мектеп партасында отырған оқушыларға ғылыми білім беру оларды әлемдік мәдениет жетістіктерімен сусындату шығармашылық қабілетті, жан-жақты дамыған жеке тұлға етіп қалыптастыру мұғалімдерге жаңа талаптар қояды. Биология ғылымы өте қызықты да күрделі құбылыстары мен заңдылықтарын ұғындыру, ғылым мен техника яғни, жаңа педагогикалық технологияларды сабақта тиімді қолдануды және сапалы білім беру мұғалімнің үлкен шеберлігі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті жарлығына сәйкес қабылданған мемлекеттік бағдарламасында мектеп оқушыларының білім беру деңгейін арттыру үшін жағдай жасауды қамтамасыз етіледі. Оқу моделін жетілдірудің және жоғары кәсіптік білім алу үшін бастапқы мүмкіндіктерін теңестірудің қажеттілігіне ерекше мән береді. Оқу бағдарламасында білім берудің негізгі мақсаты - оқыту мен тәрбиелеу, мектеп оқушыларының білім сапасын арттыру, мектептердің қызметтерін жетілдіру үшін жағдай жасау қажеттігін көрсетті. Демек, оқушылардың зертханалық және сарамандық жұмыстарды жүзеге асыруын дамытып, білімі мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайында пайдалана білуге үйретеді. Бұл міндеттердің жүзеге асуы мектеп оқушыларының морфологиялық және физиологиялық әрекеттерін оңтайлы, дұрыс ұйымдастыру жағдайына байланысты болары сөзсіз [3] .

Ұлт болашағы, тәуелсіз мемлекеттің ертеңгі ұрпағының жан - жақты рухани байлығы мен мәдениеті, саналы ұлттың ойлау қабілеті мен білім - біліктілігіне, іскерлігіне байланысты. Қазіргі таңдағы білім беру жүйесіндегі әлемдік деңгейдегі білімге жету үшін жасалынып жатқан жұмыстар оқытудағы әдіс - тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаздықты, барлық іс - әрекетінде белсенділік көрсетіп, өзін таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру басты мақсат. Оқyшылардың дүниeтанымы мен білім - білігін ауқымдығын кeңейтудегі, оқу жүйесіндеіс - әрекетiн дамыта отырып білiм, білік, дағдысын жетілдіру шаpт болып саналады. Cондықтан оқу үрдісіндегі оқушының білім алуға деген, өз бетімен әрекет етуге деген құлшынысын оятуға, ақыл ойының дамып, жетілуіне түрткі болатын әрекетті дамыту маңызды. Оқушылар сабақта алған білімдері негізінде ең алдымен өз - өзін сыйлауға, өздеріне жақын адамдарын, елін, Отанын, мәдениетін жақсы көруге ықпал ете отырып, ешкімнің көмегінсіз таңдау жасауға, жауапкершілікті түсінуге, ең соңғысы жеке тұлға болып толық қалыптасуына мүмкіндік береді.

«Бүгінгі таңда ұрпақ алдында “Қазақстан 2050” бағдарламасындағы: Барлық Қазақстандықтардың өсіп - өркендеу қауіпсіздігі мен әл - ауқатының артуы» деген ұзақ мерзімдік міндетті үшінші мың жылдықта іске асыру жауапкершілігі міндеттелді [4] .

С. Назарбаева «Өзіңді өзің танып - білу» атты мақаласында “Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады” деп айтылған еді. “Орта білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін - өзі іске асыруға, өзін - өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілеттері жеке тұлғаны қалыптастыру” деп айқындалған [5] .

Қазіргі таңда оқу үрдісінде оқушылардың морфологиялық және физиологиялық мазмұндағы жұмыстарды орындау деңгейін дамыту жүйелі сабақ барысында асады. Сондықтан да оқушылардың сабақтағы морфологиялық және физиологиялық мазмұндағы жұмыстарды орындауын әліде болса көтеруді қажет етеді. Оқу процесінде оқушылардың тәжірибе қою оны бақылау дағдыларын жетілдіру мақсатында зерттеу тақырыбымды «Морфологиялық және физиологиялық мазмұндағы сабақтарды өткізу ерекшелігі» деп таңдадым.

Зерттеу жұмысының өзектілігі:

Физиологиялық және морфологиялық мазмұндағы сабақтар оқушылардың теориялық алған білімдерін сараман барысында тәжірибелік- эксперимент жұмысын қоюға және бақылауға мүмкіндік береді. Мектеп бағдарламасы бойынша физиологиялық мазмұндағы сабақтардың орнымен уақытылы өткізілмеуі және әдістемелік нұсқаулықтың болмауының туындауы зерттеу жұмысымның тақырыбын таңдауыма себеп болды.

Зерттеу мақсаты: морфологиялық және физиологиялық мазмұндағы сабақтарды ұйымдастыру және тәжірибелік-эксперимент жүргізу.

Зерттеудің міндеттері:

1. Морфологиялық мазмұндағы сабақтардың ерекшелігін айқындау және жүргізу.

2. Физиологиялық мазмұндағы сабақтарды айқындау және тәжірибелік - эксперимент қою.

3. Жүргізілген тәжірибелік - эксперимент нәтижесін қорытындылау.

Зерттеу әдістері:

- ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді зерделеу;

- өсімдіктану пәніндегі морфологиялық мазмұндағы сабақтарды анықтау;

- өсімдіктану пәніндегі физиологилық мазмұндағы сабақтарды анықтау;

- сауалнама жүргізу.

Зерттеу пәні: Морфологиялық және физиологиялық мазмұндағы сабақтарды жүргізу.

Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, 2 тараудан, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ САБАҚТАРДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ (НЕГІЗДЕРІ)

1. 1 Оқу үрдісіндегі морфологиялық және физиологиялық сабақтың негізгі сипаты

Оқу үрдісіндегі морфологиялық және физиологиялық сабақтардың негізгі сипаты оқушының табиғат пен адам үшін өсімдіктің маңызын түсіну және неорганикалық заттардың органикалық заттарға айналу процессін жете түсіндіруде. Биология пәнінде кездесетін морфологиялық - физиологиялық мазмұндағы сабақтардың ішінде жапырақтың формасы мен қызметі арасындағы байланысты айқындайтын үлкен теориялық материал, екпе өсімдіктер өсіру тәжірибесіндегі, табиғат қорғау мен адам өміріндегі жасыл өсімдіктер орны туралы көптеген сұрақтарға негіз бола алады.

Оқу үрдісіндегі морфологиялық және физиологиялық сабақтар бойынша өсуі, дамуы, өсімдіктің қоректенуі, зат алмасуы және т. б. түсініктер өзінің одан әрі дамуын "Жапырақ" тақырыбынан меңгереді. Өсімдік ағзасындағы зат алмасу туралы түсінікті оқушыларда қалыптастыру кезінде, фотосинтез процессі мен жасыл өсімдіктің ағзасының тіршілік ету ұзақтығы бойында органикалық заттардың түзілуі тұтастай неорганикалық заттар есебінен өтетініне көңіл аударған жөн. Өсімдіктің тыныс алуы мен фотосинтез процессі туралы білімі, егістік тығыздығы немесе өсімдік егу тәрізді агро әдістер мәнін түсінуге, бұдан екпе өсімдіктердің сиректелуі себебін түсінуге негіз бола алады. Өсімдіктің қалыпты өсуі мен дамуына байланысты болатын судың, минералды азықтың, температура мен өзгеде факторлардың қызметі жақсы меңгеріледі. Минералды және органикалық заттар туралы, сонымен қатар олардың қысқаша сипаттамасын білді. Оларға жасуша бөлінген кезде өсімдік көлемі жағынан үлкейетінін түсіндірді, бірақ өсімдіктің ауамен қоректену рөлі қозғалмады. Сондықтан жасыл өсімдіктердегі органикалық заттардың түзілуін зерттеуді оқуды, оқушылардың жаңа мәліметтерді қабылдауы үшін, "өсімдік өсуі" түсінігін дамыту жоспарында жүргізген жөн [6] .

1. 2 Морфологиялық және физиологиялық мазмұндағы сабақтардың ерекшелігі

Морфологиялық және физиологиялық мазмұндағы сабақтар физиологиялық процесстер мен анатомо-морфологиялық құрылыстарды зерттеу негізінде, мұғалімнің оқушыларға өсімдіктанудан терең білімнің берілуін және олардың сақталуымен, керек уақытында қолдану мүмкіндігін туғызуға негізделген. Морфологиялық және физиологиялық мазмұндағы сабақтардың негізгі ерекшелігі оқу бағдарламасына сәйкес жүргізілу керек. Сабақтардың негізгі орнын мұғалім анықтап, алдын-ала орындалатын жұмыстың мақсаты бойынша жоспар құру қажет. Жоспарға сай құрал-жабдықтар, нұсқау материалдары, көрнекіліктер даярланады [13] .

Физиологиялық мазмұндағы сабақтардың ерекшелігін айқындауды тұқымның құрылысы мен құрамын зерттеуде, оқушыларға тұқымның тыныс алуын түсіндіру үшін жақсы негіз болып табылады. Осы биологиялық процессті анықтай отырып, олар қамбадағы тұқымның сақталуымен байланысты агротәсілдерді түсінеді. Мұғалім тұқым ылғалдығы мен олардың қарқынды тыныс алуы арасындағы байланысқа көңіл бөледі. Ол оқушыларға тұқымдарды ұзақ уақыт сақтағанда ылғалдықты 15% -дан неге асырмау керектігін түсіндіреді. Егер бидай тұқымының ылғалдығы 13-15% болса, онда тыныс алуы бәсеңдейді және мұндай тұқымдар көктемейді, температура төменділігін оңай көтеріп, салмағын аз жоғалтады. Жоғары ылғалдылықта тұқым көктей бастайды, бұл тыныс алуының қарқындылығымен байланысты. Осы кезде тұқым салмағы азайып, жылу бөлінуі жоғарлайды. Егер тез арада әрекет етпесе, мұндай тұқымдар қамбада өздігінен қызуы мүмкін. Егер ылғал дәннің жоғарғы қабатында температура екі - үш тәулікке +60ºС және одан жоғары көтерілсе, бұл дәннің құруына соқтырады: оларды егістікке де, диірменге де пайдалануға болмайды [14]

1. 3 Морфологиялық және физиологиялық мазмұндағы сабақтарды жүргізудегі сабақтан тыс жұмыстардың орны

Морфологиялық және физиологиялық мазмұндағы сабақтарды оқушыларға толық меңгертуде сабақтан тыс жұмыстардың алатын орныерекше. Сабақ барысында үлгерілмеген тапсырмаларды орындау, тәжірибе қою оған бақылау жүргізу және оны қорытындылау сабақтан тыс жұмыстар арқылы жүзеге асады. Морфологиялық және физиологиялық процесстерді түсіндіруде тақырыпқа сай кинофильмдердің, бейнероликтердің алатын орны жоғары. Мысалы, «Тұқымның көктеуі» кинофильмінен үзінді немесе сәйкесінше тәжірибе көрсету арқылы экспериментті қоюға болады. К. Паустовскийдің "Қара теңіз" повестіндегі, бөріген бұршақтың пароход түрмесін бөліктерге жарғаны сипатталған жағдайдан үзінді оқушыларға эмоционалды әсер етеді.

Бірінші тарау бойынша қорытынды

Білім беру жүйесіндегі сабақтардың педагогикалық шарттары негізінде оқу үрдісіндегі морфологиялық және физиологиялық сабақтардың негізгі сипаты анықталып, морфологиялық және физиологиялық мазмұндағы сабақтарды жүргізу ерекшеліктері, морфологиялық және физиологиялық мазмұндағы сабақтарды жүргізудегі сабақтан тыс жұмыстардың алатын орны туралы мәліметтер қарастырылды.

2 ӨСІМДІКТАНУ САБАҚТАРЫНДА ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

2. 1 Морфологиялық мазмұндағы сабақтарды өткізу әдістемесі

Атақты ағылшын ғалымы Ч. Дарвиннің айтуы бойынша, ол «табиғат тарихының жаны» деп аталған. Ал кейіннен атақты биолог Э. Синнотт өзінің «Өсімдіктер морфогенезі» деген еңбегінде: «Әуелі биолог болу үшін біз бәріміз де морфолог болуымыз керек», - деген. Шындығында, организмдердің және оның жеке бөлімдерінің қызметі, құрылысын білмей, оның даму заңдылығын, органикалық дүниенің тарихи жер бетінде даму жолдарын түсіну қиын. Бұл тарауда өсімдіктердің морфологиялық органдардың дамуына жеке - жеке тамыр, сабақ, жапырақ, гүл шоғыры, жеміс және тұқымдарына тоқталамыз. Әсіресе ткандердің құрылысы мен қызметіне оның ішінде меристемаға, себебі өсімдіктердің өсуі мен морфологиялық үдерісі осыған байланысты [39] .

Морфологиялық және физиологиялық мазмұндағы сабақтардың ерекшелігі оқу бағдарламасына сәйкес жүргізілуі арқылы сабақтардың негізгі орнын мұғалім анықтап, алдын-ала орындалатын жұмыстың мақсаты бойынша жоспар құру қажет. Сабақ жоспарына сай құрал-жабдықтар, нұсқау материалдары, көрнекіліктер даярланып жүргізіледі. Морфологиялық мазмұндағы сабақтарға «Микропрепарат дайындау», «Өсімдік ұлпаларының жетілуі », «Өткізгіш және бөліп шығарушы ұлпалар», «Тамырдың өсуі», «Бүршіктің ішкі құрылысы», «Өсімдіктердің гүлденуі мен тозаңдануы», «Фотосинтез процесі кезіндегі оттегінің бөлінуі», «Өсімдіктердің тыныс алуы», «Өсімдіктердегі су айнылымы», «Өсімдіктердің жас өркендері арқылы көбейюі» жатады [40] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биологияны оқытудағы пәнаралық байланыстар
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІМ САПАСЫН ОҚУ ПӘНДЕРІН ИНТЕГРАЦИЯЛАУ НЕГІНДЕ АРТТЫРУ ТИІМДІЛІГІ
Семинар сабақтарын өткізу формалары
Математика мен информатиканы интеграциялап оқыту мүмкіндіктерін анықтау
Оқушылар білімін тексеру
«Биологияны оқыту әдістемесі» пәннің оқу-әдістемелік кешені
Математика сабақтарында пәнаралық байланыстарды арттыру
Қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру әдістемесін жасау
Биология сабағында салауаттылық өмірге тәрбиелеу
«Бастауыш мектепте дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы» пәнінің әдістемелік кешені
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz