ЕАЭО - ның құрылу себептері


Кіріспе:
1991 жылы Кеңестер Одағының ыдырауы Еуразияда көптеген саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени өзгерістер әкелгені белгілі. 70 жылга жуык Кенес одагынын курамында омыр сурген республикаларыдын кобынде саяси - экономикалык дагдарыстар орын алды. Дағдарыстардың басты себебі қалыптасқан экономикалық байланыстардың күрт үзілуі.
Қазақстанның тұнғыш президенті Н. Ә. Назарбаев 1994 жылы Маскеуде посткенестык елдер арасында интеграциялык экономикалык одак куру идеясын котерды. 1995 жылы Казакстан РесейФ Беларусь республика арасында кеден одағы құрылды. Ал 2000 жылы 10 қазанында Астанада Беларусь, РФ, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан Республика Президенттері Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты (ЕурАзЭҚ) құрды. Уақыт өте келе 2010 жылыдан бастап бірыңғай кедендік тариф, Ресей Федерациясы, Беларусь және Қазақстан мемлекеттері арасында жұмысын бастады. Сәйкесінше ішкі шекараларда серіктес елдердің өнімдері үшін кез келген кедендік кедергілерді жойылды.
Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа 2014 жылғы 29 Мамырда Беларусь, Қазақстан және Ресей басшылары қол қойды. Армения мен Қырғызстан кейінірек қосылды, Армения 2015 жылы мүше болды, одан кейін 2015 жылы Қырғызстан қосылды. ЕАЭО ресми түрде 2015 жылғы 1 қаңтарда күшіне енді.
Одақтың мақсаты-тауарлардың, қызметтердің, капиталдың және жұмыс күшінің еркін қозғалысын көздейтін мүше мемлекеттер арасында Бірыңғай экономикалық нарық құру. Бұл сонымен қатар энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және көлік сияқты экономиканың негізгі салаларында үйлестіруді қамтиды.
ЕАЭО-ның Мәскеуде штаб-пәтері бар және өз қызметін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесті, Еуразиялық үкіметаралық кеңесті және Одақтың атқарушы органы болып табылатын Еуразиялық экономикалық комиссияны қоса алғанда, әртүрлі басқарушы органдар арқылы жүзеге асырады.
Тақырыптың өзектілігі: Еуразиялық экономикалық басты мақсаты ұлттық экономикаларды жан-жақты жаңғырту, кооперациялау мен олардың бәсекеге қабілеттігін арттыру және мүше мемлекеттер халқының өмір сүру деңгейін арттыру, яғни мүше мемлекеттердің экономикасын дамыту болып саналады. Сол себепті, бұл курстық жұмыс бұл экономикалық одақтың Қазақстан экономикасына қаншалықты әсерін ететінің талдаймыз
Жобаның мақсаты: ЕАЭО құрамындағы елдермен өткізілетін ҚР экономикалық байланыстардың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтау және талдау. Зерттеу жұмысын сапалы және құрылымды жүргізу мақсатында мынадай сұрақтар қарастыралатын болады:
- ЕАЭО-ның құрылу себептері?
- Еуразиялық экономикалық одақтың Қазақстан үшін маңызы қандай?
- Интеграциялық одақтың Қазақстан экономикасына жалпы әсері қандай?
Негізгі бөлім
А) Зерттеу сұрақтары
Қазақстан үшін интеграцияның өзектілігі, ең алдымен, КСРО-дан мұраға алған экономикасы, республика біртұтас кеңестік экономикалық кеңістіктің ыдырауын қатты бастан өткергендігімен байланысты болды. [1] . Сәйкесінше, интеграцияның қажеттілігі туындады Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуының алғашқы қадамдары 1995 жылы Қазақстан, Ресей мен Беларусь кеден одағы құрылуымен басталады. Кейінірек, 2000 жылы мемлекет аралық кеңесте интеграциялық қарым-қатынастарды кеңейту мақсатында халық аралық беделі бар жаңа өзгерістер енгізу жайлы шешім қабылданады. 2004 жылы ЕАЭҚ өзінің мүше мемлекеттерінің ішкі нарығын қорғау мақсатында комиссия құрылды. Кейін, 2006 жылы Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының бірлесумен Еуразиялық даму банкі құрылды. Сонымен қатар, EAЭҚ -қа мүше мeмлeкeттepдiң интeгpaциялaнғaн валюта нарығын ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастық туpaлы кeлiсiмгe, EAЭҚ-қа мүше мeмлeкeттepдiң нapығындa өнім айналымының бipыңғaй белгісін қолдану туpaлы кeлiсiмгe қол қойылды. 2010 жылы РФ, РК және Беларусь мемлекет арасында біріккен кеден одағы құрылды. 2011 жылы осы 3 мемлекеттердің басшылары бірігіп, Еуразиялық экономикалық интеграция жайлы декларияция қабылдайды. Нәтижесінде, осы декларацияға негіздей отырып Біріңғай экономикалық кеңестік құрылады. 2014 жылы мамыр айында осы кеден одағын құрған 3 мемлекет яғни Қазақстан, Ресей және Беларусь президенттері ЕАЭО-ның құрылғандығы жайлы келісімге қол қояды. Еуразиялық экономикалық одақ өз жұмысын 2015 жылы 1-ші қантардан бастап күшіне енді.
ЕАЭО-ның Қазақстан үшін өте маңызды. Өйткені, бұл интеграциялық одақ Қазақстанның экономикасына өте көп мүмкіндіктер ашады. Солардың бірі логистика. Қазақстан экономикасының өсуі мен оны континенттік "тұйық" жағдайында экономиканың диверсификациясы маңызды жүйелік аспектісі көлік шығындарының төмендеуі болып табылады. ЕАЭО шеңберінде серіктес елдердің инфрақұрылымға және жүк тасымалдарының ішкі тарифтеріне қол жеткізу мүмкіндігі туралы келісімдер қазақстандық бизнеске көлік шығындарын төмендетуге мүмкіндік берді. Тиісінше, қазақстандық өнімнің сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігі артты. [2] . Одан бөлек, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтарына және бизнеске жұмыс күштің еркін қозғалдылу. Одақ елдерінің қатардағы азаматтары еңбек қызметті жүзеге асыруға рұқсат алмай кез келген мүше мемлекеттерде қызмет ете алады, білім туралы құжаттарды тану рәсімін өтпей пайдалана алады.
Ал ЕАЭО-ның жалпы экономикасына әсерін айта кетсек. ЕАЭО қабылданбай бұрын ЕАЭҚ одақ арасындағы мемлекеттер экономика өсімі болды. Мәселен, 2013 жылы 2000 жылмен салыстырғанда ЕурАзЭҚ бойынша ЖІӨ орташа есеппен 1, 8 есе, өнеркәсіптік өндіріс - 1, 7 есе, ауыл шаруашылығы өндірісі - 1, 5 есе, негізгі капиталға және бөлшек сауда айналымына Инвестициялар - 3, 1 есе, тауарлармен өзара сауданың құндық айналымы - 4, 5 есе өсті. 2019 жылғы қаңтар-қарашада Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 1 18, 6 млрд-тан асты (+2, 1 %) . Бұл ретте экспорт 5 5, 5 млрд. астам (+0, 4 %), ал импорт - 1 13, 1 млрд. (+2, 95%) құрады. [3] . Алайда, соның 70% импорттан, сәйкесінше, бұл Қазақстан үшін теріс сальдоға әкеп соқтырды. Оған қарамастан, тұтастай алғанда Одақ бойынша әріптестермен сауда өте тиімді қалыптасуда. Дегенмен, Еуразиялық экономикалық одақ сауданы дамытуға ғана емес, ең алдымен өнеркәсіптік кооперацияны және жылдар бойы қалыптасқан инфрақұрылымдық байланыстарды қалпына келтіруге бағытталған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz