МЫСАЛ ЖАНРЫН МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ЖАМБЫЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ



Курстық жұмыс
Тақырыбы:Бастауыш сыныпта мысал жанрын оқытудың әдістемесі

Мамандығы:0105000 Бастауыш білім беру
Біліктілігі:0105013 Бастауыш білім беру мұғалімі
Б-1-20 тобының студенті:Сайлаубек Ақнұр Күмісбекқызы

Ғылыми жeтeкші:Шәлібекова Ғ.М


ТАРАЗ қ., 2023

МAЗМҰНЫ

КІPІСПE

1.МЫСАЛ ЖАНРЫН МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ.
1.1. Мысал жанрының тарихы және зерттелу жолы.
1.2. ХХ ғасыр басындағы ақын.жазушылардың мысал жанрына қосқан үлесі.

2 . БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МЫСАЛ ЖАНРЫН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1. Ахмет Байтұрсыновтың мысал жанры.
2.2.Мысал жанрын оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер,ерекшеліктері.
2.3.Ахмет Байтұрсынұлы Өгіз бен бақа, Егіннің бастары мысалдарын меңгерту.
ҚОPЫТЫНДЫ

ПAЙДAНЫЛҒAН ӘДEБИEТТEP ТІЗІМІ

КІPІСПE
Зepттeудің өзектілігі. Орта мектепте қазақ əдебиетіндегі мысал жанрын оқыту - рухани құндылықтарды дəріптеуде, жақсы мен жаманды айыра білуде алар орны ерекше. Оқушы жақсы мен жаманды айыра білуге, қоғамдағы мəселелерге өзіндік көзқараспен қарай алуға үйренеді. Сонымен қатар тұлға психологиясы, əлеуметтану теориясы, когнитивті лингвистика, рухани-моральдық аспектілер, таным теориялары сынды əлемдік деңгейдегі факторлар, мысал жанрында қамтылады. Демек, осы ауқымды мəселелерді оқытудан тыс қарастырмай, керісінше мысал жанрымен тұтастықта қарастыру маңызды. Тағы бір ескеретін дүние, біз өзге көркем шығармалардың тəрбиелік не болмаса дамытушылық маңызын жоққа шығармаймыз. Біз мысалдың көркем шығармаларды оқытуда негізгі қаңқа болуы себебінен, оның дұрыс əрі мықты қалануына жағдай мен басымдылық жасалу қажет деп есептейміз. Біріншіден, мысалдың тұлға психологиясы тұрғысынан мəні мен пайдасына тоқталсақ. Ағылшын ғалымдары Бартлетт Стив, Бертон Диана Білім берудегі зерттеулер. Кіріспе атты еңбекте Жеке жетістіктер: негізгі психологиялық теориялар атты 8-тарауында: адамның білімі жоғары деңгейде болуын қаласақ, оны қоғам, қоршаған орта контексінде қарастыру керек. Бұған қоса, əлеуметтік таным мен мотивация мəселелерін қарастыру маңызды екендігін көрсетеді [1,258]. Мысал сюжеті арқылы - оқушы бойында, қоғам жайлы, қоршаған ортадағы мəселелер туралы ақпараттар мен көріністердің іргетасы қаланады. Маңыздысы да осы. Мектеп бағдарламасында оқытылатын Ахмет Байтұрсыновтың Егіннің бастары, Өгіз бен бақа, Аққу, шортан, һəм шаян сынды мысалдар қазақ халқының табиғаты мен қазақ өміріне сай жазылған, төл туынды қатарына жатады. Оқушы бұл мысалдарды оқу арқылы - өзімізге тəн мəдениет, рухани құндылықтар мен салт-сана жайлы түсініктер мен мағлұматтар алады. Қазақ қоғамында бар не болуы ықтимал проблемалар мен жат мінез-құлықтарды əшкерелейді. Оқушы көтерілген қоғамдық мəселелерді саралап бағалайды. Алайда, осы саралау мен бағалау процестері кезінде барлық оқушы өзгеге ұқсамайтын, ерек жауап нұсқаларымен, өзіндік шешім шығару мен көзқарастарының алуандығымен таңдандырады. Себебі, тұлға психологиясы оқушыларда əртүрлі, тіпті, мінез-құлықтың өзгеше болуы, ойлау процесінің əртүрлігі. Сол себептен де, мысал жанрында орын алатын түрлі өмірлік жағдаяттар мен оқиғаларға оқушылардың қабылдауы, шешімі мен қорытындылары бірдей болмауы ықтимал. Осы кезде, ұжымдық талдау жүргізу, əрбір оқушы көзқарасын сұрау арқылы тұлғаның позициясын, қоршаған орта жайындағы түсініктерінің қалыптасуына ықпал етеміз. Расыменде, үлкен маңызға ие - мысал жанрының оқу бағдарламасында аз қамтылуы, өз кезегінде оның практикалық маңызын төмендетеді. Тағы бір ескеретін жағдай, мысалдағы мораль мен ғибрат жан-жануарлар бейнесі арқылы ұсынылады. Ол бастауыш буын оқушылары үшін өте қызықты, жаңаша мазмұнға ие шығарма ретінде қабылданады.Əртүрлі жан-жануарларға жан бітіре сөйлету, белгілі бір іс-əрекеттер мен оқиға жүйесін құрастыру оқушы қызығушылығын арттыратыны сөзсіз. Оқушылардың жас ерекшелігін ескеретін болсақ, бұл кезеңдегі оқушылар барлығын тез қабылдап, тез меңгеретін уақыт болып табылады. Сондықтан, мықты тəрбие мен білімнің іргетасын осы кезеңде қалаған дұрыс. Aтaлғaн мәсeлeнің өзeктілігі курстық жұмыстың тaқыpыбына: Бастауыш сыныпта мысал жанрын оқытудың әдістемесі дeп тaңдaуымызғa нeгіз болды.
Зepттeу мaқсaты: Білім беру мазмұнына зер салсақ, күн сайын жаңа толықтырулар мен жаңа өзгерістер орын алуда. Бұл өзгерістер қазақ əдебиетін оқыту əдістемесіне де өз ықпалын əкелуде. Қазақ əдебиетін оқыту əдістемесі жаңа технологиялар мен жаңа оқыту əдіс-тəсілдерімен ерекшеленеді. Бүгінгі таңда қазақ əдебиетін оқытудағы басты міндеттердің бірі - адамды зерттеу, адамды тану, адамды ізгілендіруге бағыттау. Бұл міндеттерді іске асыру үшін заманауи оқыту технологиялары бізге көмекке келеді. Біздің ойымызша, мысал жанрын басқа əдеби жанрларға қарағанда мəн беріп оқыту маңыздырақ. Себебі, мысал жанрын оқыту - оқушы бойында ізгі қасиеттерді қалыптастыруға, жақсылық пен жамандықтың ара-жігін ажыратуда үлкен септігін тигізеді. Жоғарыда атап өткендей, адамды тану мен ізгілендіру міндеттерін мысал жанры арқылы оңайырақ жүзеге асыра аламыз. Əуелі, мысал жанрында міндетті түрде тəлім мен ғибрат белгілері жинақталған. Осының өзі мысалдың оқырманға берері молдығын көрсетеді. Бұл басқа жанрларда бірде болса, бірде болмайтын белгі. Ал мысал жанрында ол міндетті түрде кездеседі. Аталған белгі оқушылардың ойлау процесіне əсер етіп, анализ бен саралай алу қабілеттерін жақсырақ қалыптастырады. Екіншіден, мысал жанры арқылы оқушы қоғамда орын алатын түрлі жағдаяттармен танысады, оларды оқып өскен оқушы жамандықтан жиреніп, жақсылыққа ұмтылуға тəрбиеленеді. Үшіншіден, мысалдағы ұнамсыз кейіпкерлер өздерінің жасаған ісəрекеттеріне өкініп, одан сабақ алуы ашық көрсетіледі. Ғибратты ашық көрсету, өз тарапынан оқушыға пайдалы болмақ. Дəл осы белгі оқушыға көмекші құрал болатындығы. Осы себептен де, мысалды өзге жанрларға қарағанда оқыту əлдеқайда тиімдірек. Біздің байқағанымыздай, мысал - тəрбие құралы.Мысал жанрын мектепте оқытудың ерекшелігі яғни, оқушылардың сабақ барысында ақпаратпен жұмыс жасай алу жəне оны өмірде қолдану жолдары айтылады. Мысал жанрының оқушыға тигізер маңызы - тұлға психологиясы, əлеумет-тану теориясы, когнитивті лингвистика, рухани-моральдық аспекті жəне таным теориялары бағыттар тұрғысынан қарастырылады. Талдау барысында жаңаша көзқарастар мен теорияларды жинақтаған еңбектер пайдаланылды. Оқушылардың мысал жанрын оқу барысында таным жəне ақыл-ой процесі дағдыларын дамыта отыра білім алуы, оны өңдеу, талдау жұмыстарын іске асыруы жəне түрлі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен əдіс-тəсілдерді ұтымды қолдану маңыздылығы өзекті болып отыр.
Зepттeу объeктісі: Мектепте мысал жанрын оқытудың мəні тұлға психологиясы, əлеуметтану теориясы, когнитивті лингвистика, рухани-моральдық аспектілер, таным теориялар.Мысал жанрындағы кейіпкерлердің образы арқылы оқушылар өздерінің іс-əрекеттерін, мінез-құлқы мен жүріс-тұрысы жайлы ой қозғайды. Мысал мінез-құлықтың өзгеруіне не дамуына əсер ете алады, оны өмірлік жағдаятқа сай шешім шығаруға итермелейтін қозғаушы болады. Мектептегі оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу міндеттері:қазіргі білім беру мазмұнындағы жаңаша технологиялар мен əдіс-тəсілдерді қолдана отырып, мысал жанрын оқыту əдістемесі сөз етіледі. Мысалды көркем шығарма ретінде талдау жолдары баяндалады. Талдау барысында А.Байтұрсынұлының Қырық мысал жинағындағы мысалдар пайдаланылды. Мақалада, мысалды тереңірек оқытудың оқушыға тигізер пайдасы мен маңызына мəн беріліп, қарастырылды.
Зерттеу пәні: мысалдар арқылы оқушылардың дүниетынымын қалыптастыру және тілін дамыту процесі.
Болжамы : мектепте мысалдарды оқыту арқылы балалардың сабаққа қызығушылығын арттыруға, сол арқылы тілін дамытып, сөздік қорын молайтуға қол жеткізуге болады.
Міндеттері:
1.Түрлі әдебиеттерді пайдалана отырып қазақтың мысал жанрының қалыптасуы мен даму тарихы туралы қысқаша мағлұмат беру;
2.Мысалдардың тәрбиелік мәніне шолу;
3.Оқушылардың тілін дамытуда мысалдардың рөлін сипаттау;
4.Оқушылардың тілін дамытуда мысалдарды пайдаланудың әдістемесін ұсыну;
5. Ахмет Байтұрсынов мысалдарын оқытудың тиімді тәсілдерін ұсыну.

Зерттеу әдістері:
-Талдау;
-Жинақтау;
-Салыстыру;
- Зерттеу;
-Эксперимент;т.б.
Зерттеудің практикалық маңызы: зерттеу жұмысында қарастырылған әдіс-тәсілдерімен болашақ әдебиет пәні оқытушылары танысып, қолдана алады.
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы: қазіргі кезде қолданысқа ие жаңа әдіс - тәсілдер мен қалыптасып кеткен әдіс-тәсілдердің нәтижелілігі мен тиімділігі жағынан салыстыру.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Жұмыс кіріспеден, негізгі және тәжірибелік бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлімде түрлі пікірлерге шолу жасалып, қалыптасу тарихы сараланады; әдебиет сабағында қолданысқа ие жаңа әдіс-тәсілдер қарастырылады. Тәжірибелік бөлімде зерттеу жұмысының өңделген талдауы мен нәтижесі көрініс табады. Жұмысты қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі аяқтайды.

1.МЫСАЛ ЖАНРЫН МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

1.1. Мысал жанрының тарихы және зерттелу жолы.Кез келген елдің ойының, көркем сөзiнiң тәуелсiздiгi алдымен әдебиетiнен көрiнедi. Соның iшiнде сатира жанры рух тәуелсiздiгiн танытатыны белгiлi. Ғалымдар сатиралық жанрларды мынадай екі салаға топтастырып қарастырып жүр: сатираның поэзиялық жанрларына: мысал, эпиграмма, пародия, сықақ, өлең, шарж, карикатураны жатқызса, сатираның прозалық жанрларына: фельетон, памфлет, сатиралық әңгіме, юморлық әңгіме, сатиралық повесть, сатиралық роман топтастырады. Сатираның өзіндік табиғаты жағынан әдебиеттегі жанр ұғымынан әлдеқайда аясы кең екендігі туралы таным бар. Бұл бағыттағы ғалымдар сатираның жеке жанр бола алмайтынын, оның тәсіл, стиль сондықтан барлық жанрларда көрініс табатын көркемдік құбылыс екендігін айтады. Сатира тұтас күлкі мәдениетінің феномені ретінде қарастырылады: Мәдени-философиялық сөздікте сатираға мынандай қысқаша анықтама берілген: Сатира (лат. Satura - қосынды) - болмыстағы жарамсыз құбылыстарды сықақ етіп, әшкерелеп көрсету және сол жанрда жазылған шығарма. Сатира алғашқыда антик дәуіріндегі халықтық күлкі мәдениетінің шеңберінде дүниеге келген[1,228-б]. Сатиралық сынау, сатиралық әжуаның бастауы халықтық күлкіге барып ұласады. Сатира мен юмор - халық мәдениетінің көрінісі. Әр дәуір, әр кезең өз күлкісін, сатирасын тудырып отырған. Ал қазақтың сатирасы да әр жанрда көрініс тапқаны әдебиеттану тарихынан белгілі. Сатиралық жанр фольклорда, ауыз әдебиетінде, кейінгі ғасырлардағы әдебиетте дәстүрлі жалғасын тауып келіп, әсіресе әдебиет классиктерінің шығармаларында айырықша көрініс тапқан. Сатира ең алдымен поэзиялық жанр ретінде әлемдік әдебиет тарихында белгілі. Мысал-шағын көлемді , тәрбиелік, тағлымдық мәні бар шығарма. Көбінесе аң, xайуанаттар,жәндіктер туралы жазылады. Сол арқылы адам бойындағы мін,әлеуметтік ортадағы кемшіліктерді кекесін ретінде жазады.Мысалдар жай мәтін ғана емес, әңгімелер де емес. Әр мысал бір нәрсе бере алады, бірдеңе үйрете алады, онда белгілі бір шындық, белгілі бір сабақ, біз өмір сүріп жатқан әлемнің кіші немесе үлкен заңы бар. Мысалдар арқылы жұмбақ әлемнің заңдары туралы білім алуға болады.Сонымен қатар, мысалдарда қол жетімділік жеңілдетілген, өйткені мысалдар бұл жүрекке тікелей енетін сөздер жиынтығы. Абул Фараж ақыл-ойды сергітетін, қайғы мен қасіретті жүректен шығаратын ертегілерді мысалдар деп атады. Олар қайғы-қасірет шеккендерге жұбаныш, жүрегі жараланған адамдарға арналған емдік май, тәлімді жақсы көретіндерге нұсқаулық және күлкілерді білетіндер үшін жақсы дос болсын-деп жазды.Сатираның поэзиялық жанрлары: мысал, эпиграмма, пародия, сықақ, өлең, шарж, карикатура. Мысал - тұспалмен, ишарамен айтылатын жанр. Мұндағы ой астармен, жұмбақпен беріледі. Мысалдың басқа жанрлардан, мысалы ертегіден ерекшелігі оған адам қатыспайды. Мысал жанрына аң, құс, өсімдік бейнесі алынады. Әдебиетті оқу бағдарламасында мысал жанрын оқыту көбіне бастауыш буындарында беріледі. Мысал жанры сонау Эзоп заманынан бастау ала отырып, қазақ топырағында да дамыған. Жазба әдебиетінен бұрын қазақ ауыз әдебиетінде де осы жанрдың элементтері кездесіп отырған. Ақын-жыршылардан бастап, мысал жанрына ықылас білдірген әдебиет ӛкілдері мол болған. Мәселен, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Д.Бабатайұлы, А.Байтұрсынов, С.Дөнентаев, С.Көбеев секілді қаламгерлер өздерінің төл шығармалары мен аударма мұраларында мысал жанрына ерекше көңіл бӛлген. Зерттеуші М.Әуезов: Тегінде, қазақ әдебиеті тарихына Крылов мысалдары жалғыз Абайдың 1534 аудармасынан емес, одан бұрын да кіре бастаған. Бұл және де бір Крылов емес, орыс көркем әдебиетінің өлең сөз, қара сөздегі әр алуан үлгісін өз жазған оқу кітабына кіргізіп, алғаш аударған Ыбырай Алтынсарин болатын. Абай Алтынсариннің еңбегін жақсы білген де, зор бағалаған[2,243-б], - дейді. Зерттеуші Абайдың Крылов мысалдарынан оның заманындағы әлеуметтік, саясаттық ерекшеліктерінен туған әжуа, сатира жақтарын кӛп алмай, оның орнына өз оқушысына оңай, ұғымды боларлық мысалдарды алғанын айтады. Мәселен, Есек пен бұлбұл мысалында Крылов бір ауыз сөзбен ғибрат айтса, оны Абай төрт жол өлеңмен көрсетеді.
1.2. ХХ ғасыр басындағы ақын.жазушылардың мысал жанрына қосқан үлесі.ХХ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасыр басындағы позиялық сатираның тақырыптық-жанрлық ерекшелігіне келетін болсақ, бұл бағытта қазақ сатирасы аса қарқынды дамыды. Тақырып аясы да кең, жанрлық ізденіс те мол. Сатираның басты табиғаты адамзат қоғамындағы түрлі құбылыстарды сынға алу. Бұл аса биік танымдағы мақсат. Қалай адамзат қоғамын, оның ішіндегі адамның бойындағы кемшіліктерді жоямын деген мәңгілік арманның көрінісі. Қазақ әдебиеті, Жас алаш басылымдарындағы сатиралық шығармаларға назар аудару барысында ақын-жазушылар Мыңбай Рәш, Оспанхан Әубәкіров, Үмбетбай Уайдин, Ғаббас Қабышұлы, Қажытай Ілиясұлы, Көпен Әмірбек, Толымбек Әлімбекұлының сатирасы шын мәнінде жанрлық жағынан да, тақырыптық жағынан да кең арналы екеніне көзіміз жетті. Академик Зейнолла Қабдолов мысал жанры турасында мынандай пікір ұстанған: Мысал- эпостық шығармалардың ішіндегі ең қысқа түрі. Әрқашан сатиралық сипатты, көбіне аң, хайуанат, кейде зат түрлері жазылады да сол арқылы адам бойындағы мін, әлеуметтік ортадағы кемшілік, күлкіге, келекейге, мазаққа айналдырып, сықақпен саналады. Мазмұны бүкпелі болғанымен, идеясыз, астарсыз, ашық, тура, тілі мірдің оғындай өткір, шымшыма, шымыр келеді. Ежелгі Грециядағы аты шулы Эзоп (б.э.б. VІғ.) шығармаларын өз алдына қойғанда, мысал көне дүниеден күні бүгінге дейін көбіне өлеңмен жазылып келеді: Италияда Федр, Францияда Лафонтен, Германияда Геллерт, Англияда Мур, Россияда Крылов, қазақта Абай - бәрі солай жазған. Біздің тұсымыздағы мысалшылардан Сергей Михалков пен Асқар Тоқмағамбетовты бөліп айтуға болады,-дейді [3, 312].
Орыстың ұлы сыншысы В.Г.Белинский бұл жанрды: Сатираға суғарылған поэзияның нағыз ерекше жанры десе [2, 300], академик З.Қабдолов Мысал адамгершілік мұқтаждығын өтеу мақсатында жанр ретінде әдебиет арнасына тоғысты,- дейді [3, 300].
С.И. Радцигтың Көне грек әдебиетінің тарихы атты оқулығында мысалға мынадай түсініктеме берілген: Мысал − көне халық ауыз әдебиетінің жанры болып есептеледі. Себебі, мысалдардың мазмұнында хайуанаттар эпосының сарқыны сақталып қалған. Дегенмен тарихи тұрғыдан алғанда мысал жанры күнделікті өмірдегі келеңсіз жағдайлар мен адамгершілік, ізгілік мәселесін насихаттауға арналған [4, 300].
Кейіннен жарық көрген доцент М.М. Иманғазиновтың Антика әдебиеті атты еңбегінде автор: Мысал - әріден келе жатқан, эпостың шағын да өткір жанры. Мысал жанры көне дәуірден біздің заманымызға дейінгі әлемнің іргелі ақын жазушыларының назарында болған, қызықты форма, ұғымды идея, халық тұрмысына ет жақын суреттеулерге толы әдеби жанр [5, 251] деген тұжырымдама ұсынады.
Десек те, ауыз әдебиетін оқытуда мысал жанры қарастырылмай келеді. Бұл жөнінде Ш.Ыбыраев былайша жазады: Шынын айту керек, қазақ ауыз әдебиетіне арналған зерттеулер мен оқулықтарда айтыс пен шешендік сөздерден басқа аты аталып, ел танығаны жеті сегіз жанрлар болса, ол Еуропа халықтарының фольклорында кездесетіндері. Ал мұның сыртында аты аталмай, аталса да қатарға кірмей, күні бүгінге дейін халық жадында сақталып келген ондаған жанрлар мен жанрлық түрлердің не зерттеушілер, не жинаушылар тарапынан ілтипат көрмей келгенін немен түсіндіруге болады? [5, 424]. Фольклортанушы осылай дей келе, ауыз әдебиетіндегі зерттелмей келе жатқан жанрдың бірі мысал екендігін атап көрсетеді де, қазақ ауыз әдебиетін жіктеудің жаңа түрлерін ұсынады:салтқа қатысты фольклор;салтқа қатыссыз фольклор.
Салтқа қатыссыз фольклорды әрі қарай рим цифрларымен атап көрсетеді.
ІІ. Эпикалық прозалық жанрлар;
ІІІ. Эпикалық жанрлар;
ІҮ. Кіші жанрлар;
Ү. Шешендік сөздер;
ҮІ Мысал.
Ғалымның бұл дәлелді тұжырымдары мысал жайындағы ұғымымызды кеңейте түседі. Міне, осы бағытта мысалдың түрлерін анықтап, оларды жинастырып, топтастыру, жанрлық ерекшеліктерін айқындау шын мәнінде зерделі зерттеуді күтетіні анық.Жоғарыдағы қос ғалымның ауыз әдебиетін жіктеуі бір-бірімен бағыттас, үндес келеді. Тек басты айырмашылық жанрлық атауларда сияқты. Ахмет Байтұрсынұлының сауықтама (барша сауық үшін айтылатын сөздер) деп отырғаны Ш.Ыбыраев еңбегінде салтқа қатысты фольклор деп аталса, сарындама салтқа қатыссыз фольклор, яғни жұртта келе жатқан салт сарынмен айтылатын сөздер. Екі ғалым да мысал жанрын соңғы топқа жатқызады.Мысал жайында сөз қозғау барысында жанрдың шығу тегі қандай?, қалай қалыптасқан?, қайдан бастау алады? деген сұрақтар туады.Ахмет Байтұрсыновтың бұл орайда: Арнайы әдебиеттегі мысалдар былай шыққан: ...алғашқы адамдар басқа мақұлықтардан ұзап жарымаған. Олар түрлі табиғат, түрлі тәсілмен тіршілік ететіндерін көріп, олар да адамша ойлайды, сөйлеседі, кеңеседі, бірін бірі аңдиды, арбайды деп білген... Сондықтан адамның ісін әңгіме қылған сияқты, олардың да істерін әңгіме қылған. Одан хайуандар турасындағы ертегілер шыққан. Онан бері келе, хайуандар тіршілік еткенмен нақ адамша ойласып, сөйлесіп, кеңес етпейтіндігіне көз жеткендігінен кейін мақұлықтар турасындағы ертегілер өтірікке саналып, бірте бірте жоғалып, тек мысалдар қалған [1, 40], - деген тұжырымын негізге аламыз.Мәселен, Сырттандар ертегісінде адамға жерік болған жалмауыз қасқыр біреудің жалғыз баласын аңдиды. Баланың әке шешесі, ауыл аймағы қатты сасады. Сол кезде бала өзімен бір күнде туған тұлпарына мініп, қасқырдан қаша жөнеледі. Құтқарам деп тұлпар тартады: Қайтсе де жеймін, деп жалмауыз қасқыр қуады. Осы тұста адамның досы тұлпар мен қасқырдың сырттаны жарысқа түседі. Сол жерде иттің сырттандары қасқырға қарсы ұмтылады, қасқырды өлтіреді [6, 26].. Мұнда жалмауыз қасқыр адам баласына қастық ойлаушы мол жауыздықтың бейнесінде алынса, ит пен жылқы жақсы жақтарынан дәріптеледі.
Бергі заманда шығарылған халық ертегілерінде хайуанаттар бұрынғы керемет бейнесінде алынбай, жаңа кейіпте, реалистік болмысқа байланысты алынады. Осы ретте хайуанаттар жайы екі түрде алынып, қазақ ертегілеріне қосылады. Онда хайуанаттардың бір тобы (төрт түлік мал, үй хайуанаттары) шаруашылыққа келтіретін пайдасы, атқаратын қызметімен суреттеледі. Хайуанаттардың екінші тобы (жыртқыш аңдар) адам баласына жасаған жауыздығы, қаскүнемдігімен бейнеленеді. Бұл соңғысы уақыт өте келе халықтық сатираға айналып, сол арқылы қоғамдық жайлар, үстемдік еткен қауымның жағымсыз қылықтары әңгімеленеді; бұлар халықтың ащы мысқылы, келеке-күлкісі түрінде келеді; таптық тартыс, күрес жайы сөз болады. Мұны біз Алтын сақа, Тепең көк, Бозінген, Жақсылық пен жамандық т.б. ертегілерден көре аламыз. Сонымен қатар, Қотыр торғай ертегісінде кекшілдікті, бірбеткейлікті, араға іріткі салуды меңзесе, Мақта қыз бен мысық ертегісінің жасөспірімдерге беретін тағылымы мол.
Халық ертегісінде жыртқыш аңдардың әрқайсысына лайықты мінездеме береді. Арыстан - асқан күштің, зорлықтың, қасқыр - қомағайлық пен қорқаулықтың иесі болып кейіптеледі. Ал түлкі - айла мен аярлықтың, бірді бірге соғып, пайдасын тауып жүрген қу, өзінен басқаға дұшпандық жасаушы, сырттай дос, іштей қас болып келеді. Айналасындағы аң атаулыны алдаушы да, өсек таратып күндеуші де, жоқ жерде пәле бастаушы да - түлкі. Бұлармен қатар, қазақ ертегілерінде ожарлық, аңқаулық кескінімен аю жүреді. Жұрттың бәріне мазақ, күлкі ретінде маймыл қатысады. Мәселен, Маймыл мен түлкі, Түлкі мен бөдене, Түлкі, тасбақа, кене, Түлкі, аю, қойшы т.б. ертегілер.Өзімізге таныс қазақ мысалдарында да түлкі - қулық, айлакерліктің, қасқыр - қатыгез, қарақшылықтың, мысық - жалқаулықтың, есек - ақымақтықтың т.б. қызметін атқарады.Шынында да, мысал жанры қазақ халқының ойлау өрісінің дамуымен, сана эволюциясымен тығыз байланысты, айналадағы тіршілік иелерін танып білумен қатар, олардың айрықша қасиеттерін айқындап, адамды бейнелеудегі олардың түрлі мінезін әрқилы іс-қылықтарын тұспалдап көрсетуде шебер пайдалана білген. Әрқашан сөзге ұста қазақ халқы осы мәндегі астарлы әңгіме туғызып оған мысал деп айдар таққан.Осындай арғы тегі хайуанаттар жайлы ертегіден өрбіп, өріс алған мысал жанры көбінесе, нақтылай айтсақ, оның бір тармағы мысал ертегілер апалог деп зерттеушілер тарапынан анықтамаға ие болып жүр. ХІХ ғасырға дейін апалог және мысал бір-біріне синоним ретінде қолданылған. Апалог көбінесе қара сөзбен жазылады. Ішінара өлең сөздері кездескенімен, өлең түріндегі апалогтар біздің әдебиетімізде тек жазбаша түрде кең дамыған. Ал өлең үріндегі апалогтың жеке жанр ретінде толық қалыптасуын ғалым С.Қасқабасов ХІХ-ХХ ғасыр әдебиетінің жедел дамуы мысал жанрын әдеби арнаға бағыттады деп түсіндіреді.

2 . БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МЫСАЛ ЖАНРЫН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1. Ахмет Байтұрсыновтың мысал жанры.XX ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық-саяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті. Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге ұмтылған зиялы топ қалыптасты. Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан осы топтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов еді. Қазақ ауыз әдебиетінің зерттелуі А.Байтұрсынов пен Х.Досмұхамедовтан бастау алары сөзсіз. Аталмыш ғалымдардың ауыз әдебиеті жайлы алғашқы пікір-пайымдаулары кейінгі фольклорист-зерттеушілерге сара жол салды. Осы орайда аталған ғалымдардың назарынан тыс қалмаған мысал жанры да ауыз әдебиетінен бастау алғандығына көз жеткізуге болады.Әрине, фольклорды зерттеп, жанрлық жағы сараланған еңбектерде көбінесе мысал жанры қалыс қалып жатады, дегенмен мысал жеке түр ретінде қарастырылмаса да, ол жайында азды-көпті пікірлер бар. Мысал - айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, көбіне өлең түрінде келетін сюжетті, шағын көлемді көркем шығарма [1, 36] деген анықтамаға ие мысалдың түп төркіні хайуанаттар туралы тұспалды мағынасы бар ертегі, қысқа әңгімелер нұсқаларымен жалғасып жатыр. Бұның қаншалықты дәлелді екенін қазақ ғалымдарының осы жанрға байланысты ой-пікірлерімен нақтылай түсейік.Қазақ әдебиетінің көшбасшысы, ұлы ғалым Ахмет Байтұрсынов қазақ фольклорын сұрыптап, саралауда мысал жанрын назардан тыс қалдырмай, біраз ой толғап, анықтама береді.Ғалым жалпы ауыз әдебиетін жұмсалуына қарай екіге бөледі:сауықтама;сарындама. Сарындаманы үшке бөледі:салт сөзі;ғұрып сөзі;қалып сөзі:Мысалдарды ғалым салт жолымен айтылатын сөздер тобына жатқыза отырып,мынадай анықтама келтіреді: Адамның ғамалын, мінезін, құлқын жанды, жансыз нәрселер арқылы салт-санасына сәйкес көрсетіп өнегелеу мысалдау болады [1, 37]. Сонымен қатар ғалымның біз үшін маңызды ескертуі де бар: мысалдар көбінесе хайуандар шыққан ертегілерден алынады. Ондай ертегілерде хайуандарға адамша тіл бітіріп, адамша мінездеп, іс еткізіп, түрлі өнеге боларлық сипаттанған. Одан әрі ғалым пікірі келесідей: Мысалда аңдар, құстар, хайуанаттар, өсімдіктер іс-әрекеті, мінезі арқылы адам бойындағы мінді, кемшілікті тұспалдап, әжуә күлкі етеді... Осындай шағын көлемді, оқиғалы, адамға сабақ болатын тағылымдық шығарманы мысал дейді [1, 37], - деп түйіндей түседі.

2.2. Мысал жанрын оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер,ерекшеліктері.

Мысал - аллегориялық жанр. Айтылатын ой ашық берілмейді. Астармен, меңзеумен беріледі. Жануарлар әлемі, құс, өсімдік, тағы басқа мысалдар бас кейіпкер ретінде алынады. Өткір сын да, ащы сатира да, байсалды юмор, келемеж, мысқыл да осы мысал жанрында, әдебиеттегі оқу бағдарламасында мысалдар көбінесе оқытудың бастауыш буынында беріледі. Ең алдымен, мысал жанры, оның өзіндік ерекшелігі туралы әдеби-теориялық ұғымнан мағлұмат, түсінік берген жөн. Яғни мысалда ойдың ашықайқын берілмейтіні, жорамал, меңзеу астарлы түрде берілетіні, кекесін, мысқыл, әжуа, юмор, ащы сатира оның негізі көркемдік тәсілі екендігін оқушыларға әңгімелеу, баяндау әдісімен жеткізген дұрыс. Мысалдарды оқу, талдау барысында бұл түсініктерге қайта оралып, осы ұғымдарды оқушыларды өзіне аңдатып, түйіндетіп отыру керек. Алдымен, әдеби-теориялық ұғым беру, оқушыларды оқығалы отырған көркем шығарма ерекшелігін аңдауларына, ары қарай оны талдау белсенділіктерін арттыруға жетелейді. Оқығалы отырған мысалды алдын ала үйде оқып келу тапсырылса, оның тиімділігі тіпті зор болмақ (мұғалім мысал жанры туралы кіріспе түсінікті сол тапсырманы беру алдында айтуы керек). Мұғалім ол үшін оқушыларға мынадай үлестірме-көмек нұсқау таратып, өз беттерімен оқу, түсіну, талдау жасауға жетелейді. Мысалы, 5-сыныптағы И.Крыловтың Есек пен бүлбүл мысалын алайық (Абай аудармасы).Есек пен бұлбұл туралы не білесіңдер? Есек қандай
хайуан, бұлбұл қандай құс?(Өздеріңе арнап көгілдір экраннан беріліп жүрген әр түрлі хабарларды, өздерің оқыған ертегілерді еске түсіріңдер).Есектің өтініші, яғни бұлбұлға ән салып бер деуіне көңілқой.Бұлбұл әнінің мың түрлі күйге салған құдіретісипатталатын шумақтарды тап. Адам, жан-жануар, табиғаттың сол кездегі қалпын көңіліңе тоқы.Есектің бұлбұл еніне берген бағасы, сыны айтылатыншумақты тауып, назар аудар.Әтештен үйрену керек деген ақылға қосыласың ба?Қосылмасаң, себебін дәлелдеуге тырыс.Ең соңғы шумактың мазмұнына ой жүгірт:
а) Қалай ойлайсың, неге ақын Мұндай сыншыдан құдайым бізді сақтасын деп, қорытындылайды.
ә) Өзің осы қорытындыға келісесің бе?
б) Қорытындыға автордың көңіл күйі туралы не айтар едің?
Осы мысалда есек, бұлбұл, әтештер арқылы ақын не
айтпақшы болған деп ойлайсың?
Өзің сабақта осылардың қайсысының сөзін мәнерлеп
оқып едің?
Мысалдарды талдаудың ең тиімді әдісі - рөлге бөліп оқу, инсценировка-көрініс жасау. Көрнекіліктің де маңызы зор. Сурет бойынша немесе басқалай ойластырып, қарапайым ғана қатты қағаздан макеттер жасап (оған бұлбұл, есек, әтеш мүсіні), мысал оқу барысында оқиға көз алдында етіп жатқандай көрініс берілсе, оқушылардың ынтасы, қызығушылығы артар еді.
Сабақтың кіріспе бөлімінде мұғалім мысал жанры туралы тағы да қайталап, өздері үйден танысып келген Есек пен бұлбұлды жазған орыс жазушысы И.Крылов, оны аударған Абай аталары туралы шағын әңгіме, дерек береді. Мысал алдын ала оқуға тапсырылғаны себепті, мынадай сұрақтармен оқушыларды шкірлесу, әңгімелесуге шақыруға болады.Балалар, мысал деген не, кім айтып береді?Өздерің оқыған мысалдың мазмұнын, болған оқиғасынқайсың әңгімелер едің?Бұл мысалдағы кейіпкерлер кімдер? Олар арқылы ақын нені, кімдерді сөз етпек болған. Мысал жанрына тән Есек
пен бұлбұлда қандай астарлы ой бар деп ойлайсың?Өзің кімді құптайсың, ақын кімді құптайды деп ойлайсың? Ойымды мысалдан үзінді ала отырып, дәлелдеуге тырыс.Осы мазмұнда әңгімелесу оқушылардың мысалды қай дәрежеде оқып, меңгергенін білдіреді, әрі өз пікірлерін айта білу, өз беттерімен көркем мәтінді талдау, сөйлей білу, тілін дамытуға игі ықпалын тигізеді. Алдын ала осындай шағын пікірлесу арқылы балалардың қаншалықты өз беттерімен оқып, меңгергенін білгеннен кейін, мысалды мұғалім мөнерлеп оқып (мұғалім оқып тұрғанда, макеттерден көрініс берілсе), оқушыларды рөлге бөлгізіп оқытып, мәтінмен жұмыс істету керек. Түсініксіз сөздерге түсіндірме жасау да аса қажетті мәселелердің бірі. Мәтінмен жұмыстан соң мұғалім өзі сұрақ койып, әрі жауап бере отырып, әрі окушылар пікірін толықтырып, мысалға талдау жасайды.Балалар, Есек пен бұлбұл мысалы арқылы ақыннендей мәселелер көтерген? Мысалдың негізінде қандай астарлы ой айтылған? Ең алдымен кімдерді тыңдағың келеді?Неге осы мысалда бас кейіпкерлер етіп есек, бұлбұл,әтеш алынған?
Олар арқылы қандай адамдар, нелер айтылмақ болған?Мысалдағы негізгі ойды беру үшін, ақын қандай әдіс-тәсіл пайдаланған?Есек пен бұлбұлда мысал жанрына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әңгіме жанрын оқытудың негізгі әдістері
Ахмет Байтұрсыновтың мысал жанрын оқыту
МЫСАЛ ЖАНРЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазақ әдебиетіндегі мысал жанрының дамуы
Ертегілерді оқыту
Мысал жанрын оқыту
Қазақ әдебиетіндегі мысал жанрының маңыздылығы мен оның зерттелу жолы
Әңгіме жанрының жалпы сипаты мен ерекшеліктері
Эпикалық шығармаларды оқыту
Әңгіме - эпикалық шығарма
Пәндер