Қазақ театрының қалыптасуы мен дамуындағы актерлік өнердің маңызы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ
Т.Қ.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ
Өнертану факультеті
Театр өнерінің тарихы мен теориясы кафедрасы

Білім беру бағдарламасы: 6В02195 - Өнертану
Бейіні: Театртану

СТУДЕНТТІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Қазақ актерлік өнерінің даму контекстіндегі
Дархан Сүлейменовтің шығармашылық жолы

Дайындаған: Шеріхан Ұлпан
2 курс студенті
Ғылыми жетекшісі: Меруерт Жақсылықова
Театр өнерінің тарихы мен теориясы кафедрасының профессоры,
өнертану кандидаты

Алматы - 2023 жыл

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
І. Қазақ театрының қалыптасуы мен дамуындағы актерлік өнердің маңызы
1.1. Ұлттық актерлік мектептің негізін салушылар мен дамытушылардың шеберлік негіздері
1.2. Қазақ жаңа буын актерлерінің ізденістері мен ерекшеліктері

ІІ. Қазіргі театр өнерінің дамуындағы Д.Сүлейменовтың орны
2.1. Актердің замандас бейнесін жасаудағы ізденісі
2.2 Д.Сүлейменов сомдаған Треплев бейнесінің ерекшелігі
.

ҚОРЫТЫНДЫ:

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі:
Зерттеуге алынып отырған Қазақ актерлік өнерінің даму контекстіндегі Дархан Сүлейменовтің шығармашылық жолы атты ғылыми жұмысы қазіргі театрлық үдерісте өзінің орнын алған сахнагер Д.Сүлейменовтың шығармашылығына арналған. Актердің рольмен жұмыс жасаудағы, бейне сомдаудағы ізденістері зерттеуге арқау болмақ. Жас та болса бас болып жүрген Д.Сүлейменов шығармашылығының театртану ғылымында аз қарастырылғанын ескерсек, бұл тақырыптың өзекті екені талас тудырмайды.

Зерттеудің нысаны: Қазақ актерлік өнерінде өзіндік орнын алған сахнагер Дархан Сүлейменовтың сомдаған бейнелері мен шығармашылығы.
Зерттеу пəні: Бүгінгі қазақстандық театрлық процесс.
Ғылыми жұмыстың мақсаты: Жас буын актерлер легіне жататын Дархан Сүлейменовтың шығармашылық жолын зерттеп, актерлік болмысын сипаттап, өзіндік даралығын анықтау болып табылады.
Ғылыми жұмыстың міндеттері:
Қазақ актерлік өнерінің қалыптасуы мен дамуына тарихи-теориялық шолу жасау;
Жас буын актер Д.Сүлейменовтың рольдеріне театртанушылық талдау жасау;
Д.Сүлейменовтың актерлік тәсілін қарастыру, ерекшелігін айқындау.
Актердің кейіпкерлердің психологиясымен жұмыс жасау әдісін талдау.

Зерттеу əдістері: Театрдағы қойылымдарын көру, сұхбаттар алу және архивтік материалдарды жинақтау, бүгінге дейін зеттеу жұмыстарымен айналысқан ғалымдардың мақаласымен танысу негізінде салыстырмалы, театртанушылық зерттеу жүргізу.
Зерттелу деңгейі: Театр мамандары мен ғалымдарының еңбектерінде актерлік өнер туралы ақпараттар молынан ұшырасады. Актерлік өнердің теориялық тарихи даму кезеңдері әлемдік деңгейде зерттеген Станиславский, Мейерхольд, Брехттың еңбектерінен, қазақ театр тарихындағы театртанушылар жазған кітаптар мен зерттеулерден және қазіргі таңдағы актерлік өнерді талдап, зерттеп зерделеп жатқан театртанушылардың еңбектерінен танысуға болады. Зерттеу негізіне шетелдік, отандық зерттеушілердің еңбектері басшылыққа алынады. Әдебиеттермен танысу барысында актер Д.Сүлейменов туралы жазылған мақалалардан басқа терең талдаулар жазылған материалдарды кезікпегенін айта кету керек.
Ғылыми жұмыстың жаңалығы: Жас буын актер Дархан Сүлейменовтың шығармашылығы ғылыми театртанушылық зерттеуге алынып, сахнагердің тың рольдері алғаш рет талданды. Оның Махаббат қызық мол жылдар драмасындағы - Ербол, Шағала спектакліндегі - Треплев сынды үздік рольдерінің көркемдік ерекшеліктері анықталып, театртанушылық баға берілді.
Зерттеу нəтижелерінің шынайылық деңгейі: Алынған зерттеу нәтижелері бұрындары ешқайда жарияланбаған тың деректер негізінде алынды. Актердің сұхбаттары мен рольдерін зерттеу негізінде жүзеге асты.
Зерттеу құрылымы: Зерттелу жұмысы кіріспеден екі тарау және әр тарау екі тараушадан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспе жұмысында тақырыптың мақсаты, міндеттері қарастырылды.

І. Қазақ театрының қалыптасуы мен дамуындағы актерлік өнердің маңызы
1.1. Ұлттық актерлік мектептің негізін салушылар мен дамытушылардың шеберлік негіздері

Актер өнері - жанды өнер. Ол өсіп-өніп немесе керісінше тоқыруға, дағдарысқа ұшырау сәттерін бастан кешіреді. Актердің ізденістерге баруы өзін өзі жетілдіруге деген қадамы деп тануға болады. Өнер - адам бойындағы талант пен ізденістерден өрбейді. Жалпы театр әлемінде өз орнын, атын тарихта қалдыру әрбір сахнагердің арманы. Бүкіл әлем - театр, ал ондағы адамдар - актер, - деп У.Шекспир айтқан болатын. Демек, актерлер өз заманының суреткерлері десек, олардың шығармашылығын қарастыру арқылы біз заманды танимыз. Грекияда б.з.д 497жылы Дионис құдайының құрметіне мереке ұйымдастырылып, Афина театры жарық көрді. Грек мифологиясынан пьессалар сахналанып, ән-күй шырқау үрдісі қалыптасты. Алғашқыда бір ғана актер сахнада маскамен өнер көрсеткен болса, бірте-бірте екі немесе одан көп актерлерге лайықты шығармалар жазыла бастады. Драматургия сол кезеңнің айнасы болды, халықтың әл-ауқатын, салт-дәстүрін шығармалары арқылы тарихта қалдыруды мақсат етті. Эсхил жазған 70 трагедия мен 20 сатиралық драмадан, бізге 7 драманың ғана толық нұскасы жеткен. Сонымен қатар, Софокл, Еврипид, комедиограф Аристофан, Менандр секілді драматургтерден әлем театр тарихы бастау алды. Осылайша, мыңдаған жылдардан соң, қазақтың өнері кең даласында дамып, бес аспап бабаларымыздың шабыт теңізі толасты. Әр кезеңде шығармашылықтың даму сатысы жоғармаласа, төмендемейтініне нық сенімдіміз. Өйткені, даралар салып кеткен сара жолда жүрудеміз. Қазақтың басына біткен бақтары, сахнагерлері Қ.Қуанышбаев, С.Қожамқұлов, Қ.Жандарбеков, Ж.Шанин, Қ.Бадыров, С.Телғараев, Қ.Қармысов, т.б. басталған десек, осы майталмандардың ізінен Ә.Мәмбетов, М.Құланбаев, А.Әшімов, Р.Сейтметов, М.Байсеркенов, Ә.Молдабеков, Ж.Омаровтар секілді дүлдүлдері еріп, қазақ сахна өнерін одан әрі дамытты. Бастапқыда, театр сахнасында қойылатын қойылымдар, дамыған жанрлар ретінде саналып трагедия немесе комедиядан тұрушы еді. Бертін келе, басқа да түрлі спектакльдер жарық көрді. Мәселен: хоррор, драма, траго-комедия,мелодрама, оперетта және бір ғана кейіпкерден тұратын моно спектакльдер.Мұнымен барлық театр жанрлары тоқтап қалды деуден аулақпыз. Сахнада басқа да күнделікті өмірді жаңа формада қояатын жанр көргіміз келеді. Заманында оза шапқандарды Бағыбек Құндақбаевтың Театрда туған толғамдар, Заман және театр, Әшірбек Сығайдың Сахна саңлақтары, Актер әлемі, т.б. сыншыларымыздың еңбектерінен жақсы білеміз. Бүгінде театрда ізденімпаздар қатарын жас буын өкілдері еңсеріп жүр.

Қазірде орта буын актерлер туралы айтып кетсек: Бекжан Тұрыс, Болат Абдильманов, Ерлан Біләл, Дуылға Ақмолда, Нүркен Өтеуіловтерден соң, Азамат Сатыбалды, Асан Мәжит, Берік Айтжанов, Әділ Ахметов, Дәурен Серғазин және тағы басқа сахнагерлерді театрдың дамуына еңбек етіп жүр, театр сахнасында ойып алар орны бар, деп айта аламыз.

1.2.Қазақ жаңа буын актерлерінің ізденістері мен ерекшеліктері

Театр өнерінің жүрегі - актер. Осы жайлы Ә.Сығайдың Актер әлемі атты еңбегінде[ 1.196.б] Халықта инемен, құдық қазғандай деген бейнелі сөз бар.Өз табиғатын түгелдей ұмытып, бөгде бір жанның мінез құлқына кіріп,сол кейіпкердің ішкі-сыртқы әлпетін өз деңгейінде, дәл ме - дәл кескіндеп беру үшін ине мен құдық қазбасаң да, басқаның бәрін жасарсың-деген екен. Расымен, бүгінде бейне сомдаушылар, тума талантпен алысқа шаппайтынына куәміз. Есепсіз тер төгілмей, жауапкершілікті сезінбей сахнаға шыға алмайды.Мысалы, б.з.дейінгі халық өмірін сомдау керек болса, сол кезеңге саяхаттайды. Әдет-ғұрпын, тұрмыс - салтын зерттеп, алдымен өзін сендіре алса, содан соң ғана көріп отырған көрермен еңбекті саралайды. Шығармашылық жолда өз жолыңды, іс қимыл әдетіңді басқалар жадында ұстаса, бұның өзі актер үшін кішігірім маңдай тердің жемісі. Актердің басты қаруы- қиял. Қиялсыз актер жауға жалаң шапқан жауынгермен теңдей. Күні-түні ізденіс үстінде жүрген актердің тебіренісі, алаңдаушылығы сахнада сәтті шығып, көрушіге қуаныш әкеледі. Сонымен қатар, актердің жұлдызын жағатын және драматургияның өсуіне алғышат болатын - режиссер. Осы үш сала қатар жүрсе ғана, өсу мен жаңашылдық орын алады. Әйтпесе, кем-кетігі бетіне шығып, бір қайнауы аз болып тұратын сыңайлы. Қазіргі кезеңдегі театрдың берері бөлек дерсің , жастардың жиі баратын орнына айналуы да мәселелердің өзектілігінде. Бүгінде қойылымның тікелей қозғаушы күші - режиссер. Классиканы жаңашалап, өзгеше бояу беріп, тарих пен әдебиетке тіл тигізбестен өзгеріс еңгізу сәнде. Орыс классикаларына қазақи рең беріп әрлеуде. Және постдрамалық спектакльдер өз көрермендерін тауып үлгерді. Театрдағы постдраманың басты мақсаты-драматургия шектеген шекарадан шығу, көркем өнердің жаңа образын қалыптастыру. Бұл бағыттың ауқымы кеңейіп келеді. Актерлердің ізденістері артып, жаңа реформа келе жатқандай. Әдеттегі сахнаға сіңіп кеткен, мелодрама жанры болса, қазірде тақырыптарда еркіндіктің иісі шығады: ашық киімдер, заманауи гримдер, тарихтағы шындық, тәуелсіз жастар, сонымен қатар қоғамдағы алпауыт мәселелер көтеріліп жатыр. Мәселен, жас режиссер Өмәрбекұлы Әлібектің қазіргі таңдағы жасап жатқан жұмыстары ел ауызында. Дон кихоты, Қыз жібегі деп классиканы қозғаса, құйын, қораз деп елдің тарихындағы өзі зерттеген шындықтарды көтере отырып қойды. Біз ескі деп жатқан драматургия, өз заманның өзектісі болғандығы даусыз. Еврипид, Шекспир, Островский, Чехов драматургиялары: бір адамның ішкі қақтығыстары, психологиясы, және сонымен күресі. Бұл тақырып өлмейтін, мәңгілік өзектілігін жоғалтпайтын болғандықтанда классика.
ХХІ ғасырда театр өнері өзгеріске түсіп отыр, сондықтан жас буын актерлердің ойындары да трансформацияланып жүр.
Содан кейін жас буын өнерпаздарға ауысып, арасында Дархан Сүлейменов ерекшеленіп көзге түседі. Өзінің сахнаға сұранып тұрған келбетімен, бітімімен ғана емес, көрерменді баурап алатын харизмасы бар актер ... . дей келе келесі тараушада актердің шығармашылығын тарқата баяндайтын боламыз.

ІІ. Қазіргі театр өнерінің дамуындағы Д.Сүлейменовтың орны
2.1. Актердің замандас бейнесін жасаудағы ізденісі

Театр - әсемділікпен еңбекті талап ететін нәзік өнер түріне жатады. Актерлік өнер дегеніміз - адам бойындағы қабілетін пайдалана отырып, бейне жасау. Ерекше икемділікпен қатар тапқырлық бойынан табылса, және ізденімпаздық қасиетіне ие адам - актер. Мың ішінен бірі болып суырылып шығу, бағыңмен бабыңды қатар шапқызу қолыңнан келсе, сонда ғана өнер түбіне бойлап шыға аласың. Мәселен, сол ағысты бойлап келе жатқан Дархан Сүлейменов. Актер бала кезінде өнер саласына қызығушылығы ашыла қоймаған, деседе, домбырамен ән айтып, скетч ойнайтынын ауыл арасында білетіндер бар еді. Осылайша, үлкен ағасының жол сілтеуімен өнер ордасы Т.Жүргенов академиясына оқуға түсіп, Драма және кино актер мамандығы бойынша білім алады. 2010 жылы дипломдық спектакльді Талғат Теменов көріп, жұмысқа шақырды. Содан бері, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актер болып, табан аудармай еңбек етіп келеді. Актердің алғаш болып жұлдызын жаққан, театр және кинорежиссері-Талғат Теменов. Сонымен қатар, актердің алғашқы рөлдерінің бірі Теменовтің, қазақ ақындарының өлеңдерінен құрылған Махаббат сазы -поэзия кеші атты қойылымда поэзия оқып, би билеп, ән шырқап көзге түсті. Одан соң, көрермен жадында сақталатын, актердің тәжірбиесін арттыра түскен С.Сматаевтың Көгілдір такси мелодрамасындағы Нұрбақыт кейіпкерін сәтті сомдап шықты. Сүлейменовтің комедия жанрындағы бірқатар рольдері болды, олар : С.Ахмадтың Келіндер көтерілісі қойылымында - тілші жігіт болып ойнаса, Қара шекпенде - Кико атты жүгі ауыр, күлкілі есек образын алып шықты. Актер көбінесе театр сахнасында драмалық жанрдағы кейіпкерлерде бой көрсетті. Нақтырақ айтқанда, Ғ.Мүсіреповтің Қозы Көрпеш-Баян сұлуында - Айдарды, Ш.Айтматовтың Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет қойылымында балықшы жігітті, Т.Теменовтің Карменситасында - Хосені, Шығыс сазында - Ғабиденді, М.Әуезов Ай-Қарагөзінде - Сырымды ойнап, көрермен көзайымына айналды. Қазіргі таңда актердің танымалдыққа ие болуы мен қатар, театр сахнасында тәжірбиесінің артуына арқау рольдерінің бірі, Ә.Нұршайықовтың Махаббат қызық мол жылдарындағы кейіпкері Ербол. Режиссері- Фархат Молдағали, актерді көптеген ізденіске итермелеген, және заманауи үлгідегі жаңа қырын аша білген режиссер. Актер үшін үлкен жеңіс ол, шығармашылыққа жаңа тыныс бере алатын режиссерді табу. Осындай тағы бір сәтті кейіпкермен, сәйкесінше епті режиссерді кездестірді. Ол А.П.Чеховтың- Шағаласындағы - К.Треплев атты жас драматург жігіт. Қоюшы-режиссері - Елік Нұрсұлтан. Спектакль желісі - бәрімізге белгілі: артист, өнер, шығармашылық, махаббат жайында. Актер қазіргі таңда театрмен қатар кино саласында бақ сынап жүр. Соған қарамастан өзінің театрдағы шығармашылығын алдыға қояды. Айта кетсек: 2015 жылыАқылдың кілті, 2019 жылыДулати, Тасөткел, Тар заман,2020 жылы жарық көрген Абай, секілді фильмдерде бой көрсеткен болса, Кейкі мерген атты тариxи-драмалық телеxикаясында батырдың рөлін Дархан Сүлейменовке сомдау бұйырыпты. Шығыс Қазақстан облыстық бағдарламасына берген сұхбатында Кейкі мерген фильмі туралы қысқаша айта кетті: Бұл фильмді әр қазақ көруі тиіс. Олай дейтінім, 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілісінде Амангелдінің сенімді серігі кім? Әрине Кейкі. Міне, рухани жаңғыру деген осы, барлығын кино арқылы жеткізіп ұлт, ұрпақ тәрбиелеу жауапкершілік. Кішкентай балалар да шетелдің паугіне еліктегенше, қазақтың батырларына еліктесін!-деді.Бұл далада жеті атамның қураған сүйегі жатыр. Естеріңде болсын, кім-көрінгенге таптатпаймын! Фильмдегі Кейкінің сөзі.
Режиссерлердің көзіне Сүлейменов әсте шығармадағы, махаббат үшін құрбан болып жүретін, кейіпкерді жақсы алып шығатындай көрінетін сияқты, олай деудің де өз себебі бар. Мәселен, Махаббат қызық мол жылдарда ойнаған кейіпкері Ербол, Дарханға мүлде жат адам емес. Өз ішінен шыққан образ. Десекте, кейіпкер Ерболдың барлық болмысы, Сүлейменовке ұқсайды деуде әбестік болар, шығарма авторы бейнелеуі бойынша жазылған тұспа-тұс келген мінездері бірең-сараң.
Дидар атты Шығыс Қазақстан обылыстық газетіне [2.7] берген сұхбатындағы өз сөзін арқау етсек: Актер өзіне берілген образды ішкі жан дүниесінен тапқаны дұрыс қой. Болмаса, онда ол шынайы шықпайды- деді. Яғни жоғарыда айтып кеткендей, өзінен таба алған қасиеттерінің арқасында болар, осы спектакль қазіргі таңдағы Ғ.Мүсірепов театрының аншлагпен жүретін қойылымдар қатарын толықтырып жүр. Станиславскийдің жүйесі бойынша ойнайтын, кейіпкердің орнында мен болсам не істер едім ? деп, өзіне сұрақ қою арқылы образдарды тудыратын актерлер қатарына жатқыза аламыз. Сахнадағы әдіс-тәсілдері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ ұлттық драма театрының қалыптасуы мен дамуы
Режиссуралық жұмыстың теориялық негіздері
ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде Батыс өнерінде дүниеге келген түрлі бағыт - ағымдар
Актерлік өнердің тарихы
Қазақ театр режиссурасының жаңа белестері
Театрдың пайда болу сипаты
Дінмен ымыраға келмейтін күрес саясаты
Өнер және эстетикалық дәстүрлер
ЕРТЕ ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ТЕАТР ӨНЕРІ
Қазақ театрының шығу тарихы
Пәндер