Қазақ халқының тәрбиесі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК
УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА, БАСҚАРУ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚҰҚЫҚТАНУ КАФЕДРАСЫ

БӨЖ
Пәні:Академиялық жазба
Тақырыбы: Тәрбие - тал бесіктен. Жастар арасындағы идеологияны қалыптастыру

Орындаған:Арыстанова Ақжан
Тобы:ЗХХ-311
Қабылдаған:Шамсеттин Ч.

Түркістан-2023

Мазмұны

Кіріспе
Негізгі бөлім
Қазақ халқының тәрбиесі
Қазіргі жастар
Жастар арасындағы идеологияны қалыптастыру
Қорытынды

Кіріспе
Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдыдтарихи өмірде жинаңталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.
Тәрбие - материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардық өмір сүру тәртібін меңгереді.
Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді. Тәрбие мен қоғам бір мезгілде пайда болды. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамымайды.

Негізгі бөлім
Қазақ халқының тәрбиесі
Қазақ халқы бала тәрбиесіне аса қатты мән береді. Тәрбие - тал бесіктен - деген нақыл сөздің мағынасы тереңде. Сәби шыр етіп өмірге келгелі, жасалатын салт-дәстүр нышандары тәрбиенің бастауындай. Дана қазақ тоғыз ай құрсақта жатқан сәбиді тербелген тал бесікке салған. Аяулы анасы бөбегін әдемі әлдиімен сусындатып, ардақты әженің ертегісін тыңдатып, әкенің қамқорлығына бөленген бала болашақта нағыз халқына қалаулы, еліне елеулі болады деп сенген. Іңгәлап, дүние есігін ашқан соң бала аппақ парақтай пәк болары анық. Ал сол ақ параққа Қазақ халқы Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы деп, атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келер ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеуге тырысқан. Атасы немересіне жылдың маусымы ауысымен көштің қалай, қайда көшуін, суды қайдан тауып ішетінін, жеті атасын білуі, елдің батыраларының ерлік хиқаяларын әңгімелеп, адамды жақсы ететін де, жаман ететін де тәрбие екенін жастайынан баланың бойына сіңіріп отырған.
Жас ұрпақты бұлай тәрбиелеудің маңыздылығын қазақ халқы ерте түсінген. Ешқандай жоғарғы білімсіз-ақ тәрбиенің небір оңтайлы әдістерін баласының бесігінен бастаған халқымыздың елден шыққан тентегіне де Сен оңбассың, адам болмассың дегенді тұқыртып бетін қайтарып айтуды жөн көрмеген. Адамдықтың парызын перзентінің көкірегіне құйып, іс-әрекетін қадағалап отырған. Қазақ баласының санасына қарнының қамын емес, халықтың қамын ойлауды о бастан-ақ сіңіріп өсірген. Осы қасиеттердің барлығын бала санасына ертеден құя білген қазақ халқы он бестегі ұланына ел басқартқан, шешендік сөз өнеріне қатыстырып тәлім берген.де маңызды мәселе. Бесікті тербете отырып ән айтып, тілге тарқан. Бұл - тәрбие басы. Бұл - халқымыздың сан ғасырдан бері баланы бағып-қағап, өсіріп, өнегелі азамат етіп шығару жөніндегі жинақтаған тәжірибесі. Ертеде қазақ баласының балалық шағы, тәрбиесі қандай болып еді?! Балалы үй - базар, баласыз үй - қу мазар демекші, сәбилі отбасы қашанда береке мен қуанышқа толы.
Халқымыз не ексең, соны орасың деп бекер айтпаса керекті. Сәби бала ошақ қасында қандай тәрбие көрсе өскенде де солай болатыны ақиқат. Егер бала отбасында мейірімге толы дінге қанық, салт-дәстүрмен тәрбиеленіп өссе болашақта еліне, жеріне қызмет ететін жақсы азамат болатыны анық. Ұл бала өсірсе баланың тәрбиесіне әкесі немесе ағалары көңіл бөлген, ұл баланы тәрбиелеген кезде де дұрыс мәміле құрып, баланы төзімділікке және еңбекке баулып өсірген. Өтірік айтпауға, біреудің ала жібін аттамауға, ұрлық жасамауға баулыған. Қыз баланың тәрбиесіне анасы, жеңгесі немесе әжесі көңіл бөліп ибалы, инабатты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене тәрбиесін жүзеге асыру
Ұлттық спорт түрлеріндегі ойын жаттығуларының маңызы
Ұлттық спорт пен ойындардың теориялық және педагогикалық негіздері
Отбасында халықтық педагогика құралдары арқылы қыз баланы тәрбиелеудің мүмкіндіктерінің теориялық негіздері
Оқушыларға еңбек және дене тәрбиеін беруде халық педагогикасының озық үлгілерін пайдаланудың педагогикалық – психологиялық сипаты
IX-XII ғасырлардағы қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуы
Қазақ халқының еңбек тәрбиесі дәстүрлерін үздіксіз білім беру жүйесінде пайдалану тұжырымдамасы
Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні
Дене шынықтыру сабақтарында оқушылардың бойында патриоттық қасиеттерді қалыптастыру
Казақ спорт және туризм академиясы
Пәндер